«Моншағымның әр тасы бiр өлеңдi»
Сөз өнерi қазақпен егiз. Қызыл тiлдiң майын тамызып, қара сөздiң құдiретiн асқақтатқан ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан Ақтамбердi, Мұрын, Бұқар секiлдi жырауларды айтпағанда, Ақаны мен Бiржаны, Сегiзсерiсi мен жаяу Мұсасы бар қазақтың ауыз әдебиетiнiң қатарында үкiлi бөрiктi, бүрмелi кәмшатты қыздары қаншама? Бұл қатарда «таңдайында өлеңнiң ұясы бар» екенiн дүйiм қазақ тамсана айтқан Ұлбике есiмi ерекше аталады.
Ұлбике Жанкелдiқызы қазiргi Қызылорда облысына қарасты Тереңөзек өңiрiнде 1825 жылы дүниеге келген. Кейiнiрек әке-шешесiнiң қоныс аударған жерi Жамбыл өңiрiнiң Талас бойы болғандықтан, оның айтыстарының көбi Талас маңында айтылғанын деректер растайды. Ұлбикенiң ақындық өнерiнiң биiктiгi ата-анасына да қатысты болса керек. Себебi, әкесi Жанкелдi де, анасы Жаңыл да қара жаяу емес, өлең мен сөздiң қасиетiн бiлетiн ауызекi өлеңге жүйрiк жандар болған. Осындай тәрбие көрiп өскен Ұлбике өз бетiнше оқып бiлiп, бiлiм, ғылымға да кенде емес екенiн айтыстарынан байқатқан.
Тарихтан бiзге жеткен жаухар жырлардың иесi Күдерi қожа бiрде «осы ел Ұлбике, Ұлбике дейдi, сол өзi кiм екен? Ақындығы асқан деушi едi, мен барып айтысып шамасын көрейiн» деп домбырасын сайлап, Таласқа аттанбақ болғанда, әкесi Еркөшек қожа: «балам, Ұлбикемен айтысу кез келген ақынмен айтысу емес, ол үшiн Бұқараға барып үш жыл оқып бiлiм жинап дайындал»-деп, тоқтатса керек. Айтса айтқандай, Ұлбикенiң ақындық қабiлетi орасан, ол тiптi кәдiмгi ауызекi тiлдiң өзiн қара сөзбен емес, өлеңмен айтатын дарын иесi болған. өйткенi, туылғаннан бастап мылқау болған, он екi жасқа дейiн тiлi шықпаған Ұлбике сөзiн бiрден өлеңмен айтып кеткен көрiнедi.

Моншағымның әр тасы бiр өлең-дi
Сөз өнерi қазақпен егiз. Қызыл тiлдiң майын тамызып, қара сөздiң
құдiретiн асқақтатқан ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан Ақтамбердi, Мұрын,
Бұқар секiлдi жырауларды айтпағанда, Ақаны мен Бiржаны, Сегiзсерiсi мен
жаяу Мұсасы бар қазақтың ауыз әдебиетiнiң қатарында үкiлi бөрiктi, бүрмелi
кәмшатты қыздары қаншама? Бұл қатарда таңдайында өлеңнiң ұясы бар екенiн
дүйiм қазақ тамсана айтқан Ұлбике есiмi ерекше аталады.
Ұлбике Жанкелдiқызы қазiргi Қызылорда облысына қарасты Тереңөзек
өңiрiнде 1825 жылы дүниеге келген. Кейiнiрек әке-шешесiнiң қоныс аударған
жерi Жамбыл өңiрiнiң Талас бойы болғандықтан, оның айтыстарының көбi Талас
маңында айтылғанын деректер растайды. Ұлбикенiң ақындық өнерiнiң биiктiгi
ата-анасына да қатысты болса керек. Себебi, әкесi Жанкелдi де, анасы Жаңыл
да қара жаяу емес, өлең мен сөздiң қасиетiн бiлетiн ауызекi өлеңге жүйрiк
жандар болған. Осындай тәрбие көрiп өскен Ұлбике өз бетiнше оқып бiлiп,
бiлiм, ғылымға да кенде емес екенiн айтыстарынан байқатқан.
Тарихтан бiзге жеткен жаухар жырлардың иесi Күдерi қожа бiрде осы ел
Ұлбике, Ұлбике дейдi, сол өзi кiм екен? Ақындығы асқан деушi едi, мен барып
айтысып шамасын көрейiн деп домбырасын сайлап, Таласқа аттанбақ болғанда,
әкесi Еркөшек қожа: балам, Ұлбикемен айтысу кез келген ақынмен айтысу
емес, ол үшiн Бұқараға барып үш жыл оқып бiлiм жинап дайындал-деп,
тоқтатса керек. Айтса айтқандай, Ұлбикенiң ақындық қабiлетi орасан, ол
тiптi кәдiмгi ауызекi тiлдiң өзiн қара сөзбен емес, өлеңмен айтатын дарын
иесi болған. өйткенi, туылғаннан бастап мылқау болған, он екi жасқа дейiн
тiлi шықпаған Ұлбике сөзiн бiрден өлеңмен айтып кеткен көрiнедi.
Ұ. Жанкелдiқызы жиырма төрт жыл ғана өмiр сүрдi. Сол өмiрiнде қазақ
айтысының қайталанбас үлгiсiн жасады. Атап айтсақ, орақ тiлдi, айтыста
алдына қара түсiрмеген Күдерi, Мәделi, Серәлi, Таспақожалармен сөз
қағыстыруы оның сөзбен салған, мәңгi өлмейтiн бiр-бiр пирамидалары едi.
Сара мен Бiржан салдың айтысынан хабары бар жан Бiржан сөзден тосылған
кезде Сарадай сұлудың бүкiр, кемтар жiгiтке ұзатылғалы жатқанын айтып
сөзден жеңетiн тұсын жақсы бiледi. Ұлбикенiң де осал тұсы ерi болса керек.
Атап айтсақ, сөзбен сурет салған ақын қызды он жетiге толған кезде Бойтан
атты әумесерлеу, ақымақтау жiгiтке ерiксiз ұзатып салады. өйткенi, бұл
екеуi бесiктен атастырылған болатын. Бiрақ Бойтанда қолына қонған құсының
өнерпаздығын көре алатын көз болмайды. Оның айтысқанын, өлең айтқанын, той,
аста жүргенiн қаламай, ұрып, соғып өз дегенiне көндiргiсi келедi.
Жастайынан домбыраны серiк етiп, елiне еркелеп өскен қыз мұндай бұғауға
көнсiн бе? өлеңiн тастамай, халықтың құлақ құрышын қандыруын тоқтатпапты.
Дегенмен де, ол өзiнiң ажалы әумесер ерiнен келетiнiн болжап бiлген.
Сондықтан да Күдерi қожамен айтысқан кезде:
Сендер де солқылдаған шығарсыңдар,
Шынарларым,
Сыңсымай сынарсыңдар!
Дос-жақын бауырларым!
Жыларсыңдар.
Ақыныңның қадiрiн ұғарсыңдар.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz