Екi тумас ер ақын



Әлемдi билейтiн - сөз, сөздi билейтiн - ақын. Талантпен, талғаммен қоса табандылықты, азаматтықты қажет ететiн ақын болу - қиынның қиыны. Азаматтық жоқ жерде ақындық та жоқ. Төлеген Айбергенов:
Ақын болу оңай деймiсiң, қарағым,
Аузында болу бұл өзi дүниедегi барлық жараның, - деп бекер айтпаса керек.
«Дүниеге бiр жарықшақ түссе алдымен жүрегi жараланатын» (Гейне) аймүйiз айтулы ақынның бiрi - Сәкен Иманасов. Ол ақындық философиямен:
Хан қызығып қарағандай,
бай күндеп,
Ақындар ек,
Арыстандай айбатты ек.
Қынабынан суырылған қылыштай,
Өлең жазу болды қашан жай мiндет?! - деп жырлайды. «Ұлықтың сөз ұқпайтынын бiлсе де, естi бiрi ойланар ма?» деген оймен ел iшiнiң аужайын айта алған «кермедегi асаудай аласұрып жүрегi», ылғи да «ауылды аңсап тұрады». Сұңқар қиясын, торғай ұясын сағынады. Сенка айтқандай, туған жерiн ұлы болғандықтан емес, отаны болғаны үшiн сүйедi». Расул Ғамзатов былай дейдi: «Ұлтын ойламаған адамның қамын ұлты да ойламас болар». Сәкен Отанын сүйетiн ұлтжанды ақын. Содан да Сәкен ақынның тұрақты тақырыбы - ауыл, ең көп жырлағаны - туған жер, оның сұлу табиғаты.
Алакөл ана-көлiн ертегiден жаралған жүрегiнiң желкенiне теңеген ақын: «Армысың, атамекен, ақ самайым қолаңшаш қарағайлар, патша қайың» деп шалқиды. Өлеңнiң мазмұнын қарасөзбен баяндау қандай қисынсыз болса, жұлдызды жұлмалап, үзiк үзiндiмен шектелу де сондай қиянат. Ұнатқаныңды тұтас көшiру де әбестiк болар. Осының бәрiн салмақтап, саралай келе, Сәкен ақынның ауыл жайлы жұлдызды жырларының бiреуiн үзiп-жұлмай бiрге оқып, бiрге тұшынайық қадiрлi оқырман.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Екi тумас ер ақын

Сәкен Иманасовтың өлеңдерiн оқудан өрбiген ой

Әлемдi билейтiн - сөз, сөздi билейтiн - ақын. Талантпен, талғаммен
қоса табандылықты, азаматтықты қажет ететiн ақын болу - қиынның қиыны.
Азаматтық жоқ жерде ақындық та жоқ. Төлеген Айбергенов:
Ақын болу оңай деймiсiң, қарағым,
Аузында болу бұл өзi дүниедегi барлық жараның, - деп бекер айтпаса
керек.
Дүниеге бiр жарықшақ түссе алдымен жүрегi жараланатын (Гейне)
аймүйiз айтулы ақынның бiрi - Сәкен Иманасов. Ол ақындық философиямен:
Хан қызығып қарағандай,
бай күндеп,
Ақындар ек,
Арыстандай айбатты ек.
Қынабынан суырылған қылыштай,
Өлең жазу болды қашан жай мiндет?! - деп жырлайды. Ұлықтың сөз
ұқпайтынын бiлсе де, естi бiрi ойланар ма? деген оймен ел iшiнiң аужайын
айта алған кермедегi асаудай аласұрып жүрегi, ылғи да ауылды аңсап
тұрады. Сұңқар қиясын, торғай ұясын сағынады. Сенка айтқандай, туған жерiн
ұлы болғандықтан емес, отаны болғаны үшiн сүйедi. Расул Ғамзатов былай
дейдi: Ұлтын ойламаған адамның қамын ұлты да ойламас болар. Сәкен Отанын
сүйетiн ұлтжанды ақын. Содан да Сәкен ақынның тұрақты тақырыбы - ауыл, ең
көп жырлағаны - туған жер, оның сұлу табиғаты.
Алакөл ана-көлiн ертегiден жаралған жүрегiнiң желкенiне теңеген ақын:
Армысың, атамекен, ақ самайым қолаңшаш қарағайлар, патша қайың деп
шалқиды. Өлеңнiң мазмұнын қарасөзбен баяндау қандай қисынсыз болса,
жұлдызды жұлмалап, үзiк үзiндiмен шектелу де сондай қиянат. Ұнатқаныңды
тұтас көшiру де әбестiк болар. Осының бәрiн салмақтап, саралай келе, Сәкен
ақынның ауыл жайлы жұлдызды жырларының бiреуiн үзiп-жұлмай бiрге оқып,
бiрге тұшынайық қадiрлi оқырман.

Ел жаққа кетiп барам де...
Сәлем айт онда бәрiне.
Өзi де келiп қалар де,
Жолыққан жасқа, кәрiге.

Достарға жете қағынып,
Саласыңдар-ау бiр гөләйт.
Менi де бәрi сағынып,
Сағынып қатты жүр деп айт.

Арнайы сәлем ауылға,
Айта бар осы барғанда.
Тұрған шығар да тауым да,
Шалқая қарап жалғанға.

Қарттарым қанша бар елде,
Тартпаған менсiз таңда дәм.
Бәрiне менен сәлем де,
Сағынып жүр деп жан балаң.

Сәлем айт көрсең қылаң
Жазатын сирек хат қана.
Көтерiп менi ызғыған,
Сәлем айт ақбоз атқа да.

Ақбозым жүзiп су iшкен,
Өзенге сәлем Тентектей.
Сәлем айт досқа туыс пен,
Әр сөзi болған ертектей.

Сәлем айт туған далама,
Теңiзге табан тiреген.
Көзiңдi қырға қада да,
Оқып бар менен бiр өлең.

Сағынып қанша өртенгем,
Жайым жоқ шалқып, шалқаяр.
Барып та қалам ертеңдер,
Бәрiне сәлем айта бар.

Өзi де мұнда құмар де,
Кетпейдi деп айт тегi елден.
Осында келiп құлар де,
Айырса құдай өлеңнен!..

Ауылға сәлем айтты осы бiр жыр жолдары сезiмнiң нәзiк пернелерiн
шебер шертiп тұрған жоқ па? Ақын Сәкен: Ол жақта өзгешелеу атады таң,
әйтеуiр өзгешелеу батады айың деп суреттеген ауылға, неткен кербез өңiр,
керiм аймақ деп таңғаласың. Атын алсақ аударып демейтiн жаны жомарт, жалы
биiк адамдарға таңдай қағып тамсана қарайды. Ақын айшықты сезiмдермен
ажарлы айт¬қанындай:

Сол жақта ғой, жаным-ау,
Серi жiгiт, перi қызы.
Сол жақта ғой пейiш те,
Перизат та, бекзат та!

Тақырыбым - махаббат елге деген деп ақынның өзi айтқандай елi мен
жерiн емiрене сүйiп, егiле, төгiле жырлаған, адам атын асқақтатқан
замандастар бейнесiн сымбаты бөлек сұлу сөзбен сомдапты. Соның мықты бiр
мысалы деп ақынның Халқыма, Iңiр, Жаулауда, Басқадан орны бөлек бiр
тұлғасың, Ағам бар едi т.б. көптеген көркем туындыларын айтар ек.
Арнау өлеңдер де ақын шеберлiгiне сын. Құрғақ мақтау, құр даттаумен
кейiпкер портретi жасалмайды, жалаң сөзбен оның жан дүниесi ашылмайды.
Сәкен Иманасов өзi өлең арнаған кiсiнiң сыртқы тұлғасы мен жан дүниесiн
жарыстыра суреттеп, бүкiл бiтiм-болмысын өлеңнiң өн бойына он алты өрiм
қамшыдай жымдастыра өредi. Бiр ғана мысал: Жақсылықтың барлығы болсын
дейтiн өзiме, сөйте жүре кiсiнiң несiбесiн қызғанбас ақын аға, жанымызға
жақын аға Тұманбай Молдағалиев жайлы:
Өмiрi де жайдары, көңiлi де жайдары,
Келе жатыр килiкпей кикiлжiңге қайдағы.
Жауына да жұдырық сiлтеп
көрген жерi жоқ,
Ақ қағаздың үстiнде аяқталып майданы, - деп басталатын жыр:

Өкiне ме, кiм бiлген,
Текке бiр күн өттi деп.
Өлең-жырдың нөсерiн
күркiрете төктi-ау кеп,
Үлгi бола бастаған ұлыға да, кiшiге
Өзi де бiр асқақ ән,
Өзi де бiр тектi әулет!

- деп аяқталыпты. Бiз бiлетiн, ел бiлетiн Тұмағаң ақын ажарлы
айтқандай, аңқылдап жүрген өлең жазып, жыр арнапты.
Сәкен Иманасовтың ақындық ерекшелiгi, бәлкiм, көп қаламдастарынан
артықшылығы деп оның өлеңдегi, өмiрдегi өзгеше өрлiгi мен батылдығын,
батырлығын айтар ем.

Ар алдында мен өзiмдi әрдайым,
Дар алдында тұрғандай-ақ сезiнем,

- деп жан дүниесiн жайып салған ақын:

Шындық үшiн шайқасудан бiр талмай,
Айтарымды айтам елге бұлтармай.
Бас кетсе де тұра алмадың үндемей,
Жалғандықты жалға өзiм құртардай.
Ендi осылай өтер өмiр, өтер күн.
Шындық үшiн не болса да көтердiм,

- деп жырлайды. Ақын жыры - жан сыр. Ең бастысы, бұл қыздырманың қызыл
тiлi емес, ақын Сәкен Иманасовтың кредосы, керек десеңiз бұл оның стихиясы,
жаратылысы. Содан да өмiрдiң күнгейiн сүйе бiлген ақын оның Ұлығы да
сұйылып, сыйқыңды алып, Қылығы да барады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері
Абай өлеңдеріндегі нақыл сөздер
Хан баласы ханға ұқсар, Биік - биік шыңға ұқсар
Бұқар өлеңдерінің көбі арнау
Біржан салдың лирикалық өлеңдері
Бұқар жырау жырларының көркемдік қуаты
Жыраулар поэзиясындағы тұлпар бейнесі
Бұқар жырау шығармашылығындағы заман бейнесі
Шәңгерей Бөкеев
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Пәндер