Топтық психотерапия
Қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістер республикамыздың білім беру жүйесіне де оң ықпал етіп, бұл салада да көптеген реформалар жүргізілуде. Қоғамдағы өзгерістер мен әлеуметтік жаңа жағдай, әлемдік мәдени білім беру кеңістігіне шығу, ғылым мен білім беру жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары - осынша барша жағдайлар мамандарды даярлаудың мақсатын, міндеттері мен мазмұнын қайта қарау қажеттілігін тудырады .
Соңғы уақытта психолог жұмысының практикасында топтық тренинг әдісі де қолданысқа ие бола бастады. Студенттер оқу барысында жұмыстың белсенді әдістеріне арналған, психологиялық тренинг әдісімен жиі кездеседі. Бұл әдебиеттердің көпшілігінде кездесетін тренинг әдістері кәсіби психологтардың тәжірибесінде емес, тек ғана оқыту процесінде қолдануға жарамды. Осындай түсініксіз мәселелердің туындауынан және оқу пәндерін әдістемелік жағынан қамтамасыз етудің аса қажеттілігінен оқу құралы жарық көрді.
Еңбекте негізінен психологиялық тренинг туралы, оның түсінігі, тарихы, міндеттері, ұстанымдары, мақсат-мұраттары, негіздері, нәтижелері жөнінде жүйелі ой-пікірлер талданады. Осы салаға саналы ғұмырын арнап, елеулі ғылыми еңбектер жазған ғылым қайраткерлерінің ой үзіктерінен дәйектеме келтіре отырып, дәлелді пікірлерге жол салу бұл оқулықтың мәні мен маңызын арттыра түскен. Сондай-ақ, еңбекте жұмысқа қабілеттілікті арттыруға көңіл-күй деңгейін көтеруге, шаршағанды басуға, адамға эмоциялы жігер беруге бағытталған әр түрлі психогимнастикалық жаттығулар берілген. Бұл – оқу құралының ғылыми сипатына практикалық салмақ артып, құндылығы мен маңыздылығын арттыра түскен. Оқу құралы бірнеше жылғы педагогикалық қызмет пен ғылыми ізденістерінің нәтижесі деуге әбден болады.
Практик психологтардың тәжірибесінде топтық тренинг психотерапияның әдісі ретінде қолданылады. Топтық тренингтің теориясы және практикасының негізгі мәселелеріне арналған, бұл оқу құралында жарық көрген материалдар шетелдік және ресейлік әдебиеттерді талдаудың негізіне сүйене отырып жазылды. Қазақстанда психологиялық қызмет жаңа пайда болып келе жатқандықтан, қолданбалы саласы әлі қалыптасқан жоқ. Бірақ бұл - болашақтың ісі. Оқу құралында берілген нақты жаттығулар практикалық сабақтардағы дағдылар мен біліктерді игеруге арналған.
Ендеше, оқырмандар назарына ұсынылып отырған осынау оқу құралы психологтарға және жоғарғы оқу орындарының психолог мамандығында оқып жатқан студенттерге, магистранттарға және психология саласымен айналысатын барша оқырмен қауымға арналған.
Бұл оқу құралы студенттерге , жас мамандарға алдына қойылған мақсаттары мен міндеттерін шешуге өз көмегін тигізе алады деп сенемін.

1.Битянова М. Р. Система развивающей работы школьного психолога.
Курс лекций. Лекция седьмая. Психологический тренинг как форма развивающей работы // Школьный психолог . 2004, № 46.
2.Вачков И.В. Основы технологии группового тренинга.Психотехники. Глава 1.2; 1.3; 1.5; -М., 2000.
3.Зайцева Т.В. Виды и цели тренинга в современной психологии / /Зайцева Т.В. Теория психологического тренинга . –СПб.;М., 2002.
4. Коттлер Дж., Браун Р. Психотерапевтическое консультирование Спб.,с.229-238.
5.Лебедева Н.М., Лунева О.В., Стефаненко Т.Г. Межкультурный тренинг: задачи и модели // Лебедева Н.М.,Лунева О.В., Стефаненко Т.Г. Тренинг этнической толерантности для школьников.-М., 2004.
6.Петровская Л.А.Компетентность в общении. Социально- психологической тренинг.-М.,1989.
7. Тренинг // Психологическая энциклопедия / Под. ред.Р. Корсини, А.Ауэрбаха.-СПб., 2003.
8.Тренинг межличностных отношений. Тренинг руководителей.Тренинг социальных навыков //Психотерапевтическая энциклопедия /Под.ред.Б.Д. Карвасарского.-СПб.,1998.
9.Ситников А.П. Акмеологический тренинг: теория, методика, психотехнологии .- М . , 1996.

ЖІГІТБЕКОВА БАҚЫТ ДАСТАНҚЫЗЫ
Топтық психотерапия
Алматы- 2008
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің
ОӘБ шығаруға ұсынды
Пікір жазғандар:
психология ғылымдарының докторы ,
профессор Намазбаева Ж. Ы .
психология ғылымдарының кандидаты ,
әль-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Көмекбаева Л. К.
Бұл оқу құралында топтық тренингтің қазіргі теориясы және практикасының
тәжірибесі жүйелі түрде берілген. Топтық тренингтің теориясы және
практикасының негізгі мәселелеріне арналған, оқу құралында жарық көрген
материалдар шетелдік және ресейлік әдебиеттерді талдаудың негізіне сүйене
отырып жазылды.
Практик психологтардың қызметінде топтық тренинг психотерапияның әдісі
ретінде қолданылады. Әр түрлі психотерапиялық бағыттарды талдаудың анық
жүйесі және оларды практикада қолданудың жолдары берілген.
Ендеше, оқырмандар назарына ұсынылып отырған осынау оқу құралы
психологтарға, психотерапевтерге және жоғарғы оқу орындарының психолог
мамандығында оқитын студенттерге, магистранттарға және психология саласымен
айналысатын барша оқырман қауымға арналған.
Алғы сөз
Қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістер республикамыздың білім
беру жүйесіне де оң ықпал етіп, бұл салада да көптеген реформалар
жүргізілуде. Қоғамдағы өзгерістер мен әлеуметтік жаңа жағдай, әлемдік
мәдени білім беру кеңістігіне шығу, ғылым мен білім беру жүйесінің дамуының
қазіргі тенденциялары - осынша барша жағдайлар мамандарды даярлаудың
мақсатын, міндеттері мен мазмұнын қайта қарау қажеттілігін тудырады .
Соңғы уақытта психолог жұмысының практикасында топтық тренинг әдісі
де қолданысқа ие бола бастады. Студенттер оқу барысында жұмыстың
белсенді әдістеріне арналған, психологиялық тренинг әдісімен жиі кездеседі.
Бұл әдебиеттердің көпшілігінде кездесетін тренинг әдістері кәсіби
психологтардың тәжірибесінде емес, тек ғана оқыту процесінде қолдануға
жарамды. Осындай түсініксіз мәселелердің туындауынан және оқу пәндерін
әдістемелік жағынан қамтамасыз етудің аса қажеттілігінен оқу құралы жарық
көрді.
Еңбекте негізінен психологиялық тренинг туралы, оның түсінігі,
тарихы, міндеттері, ұстанымдары, мақсат-мұраттары, негіздері, нәтижелері
жөнінде жүйелі ой-пікірлер талданады. Осы салаға саналы ғұмырын арнап,
елеулі ғылыми еңбектер жазған ғылым қайраткерлерінің ой үзіктерінен
дәйектеме келтіре отырып, дәлелді пікірлерге жол салу бұл оқулықтың мәні
мен маңызын арттыра түскен. Сондай-ақ, еңбекте жұмысқа қабілеттілікті
арттыруға көңіл-күй деңгейін көтеруге, шаршағанды басуға, адамға эмоциялы
жігер беруге бағытталған әр түрлі психогимнастикалық жаттығулар берілген.
Бұл – оқу құралының ғылыми сипатына практикалық салмақ артып, құндылығы мен
маңыздылығын арттыра түскен. Оқу құралы бірнеше жылғы педагогикалық
қызмет пен ғылыми ізденістерінің нәтижесі деуге әбден болады.
Практик психологтардың тәжірибесінде топтық тренинг психотерапияның
әдісі ретінде қолданылады. Топтық тренингтің теориясы және практикасының
негізгі мәселелеріне арналған, бұл оқу құралында жарық көрген материалдар
шетелдік және ресейлік әдебиеттерді талдаудың негізіне сүйене отырып
жазылды. Қазақстанда психологиялық қызмет жаңа пайда болып келе
жатқандықтан, қолданбалы саласы әлі қалыптасқан жоқ. Бірақ бұл -
болашақтың ісі. Оқу құралында берілген нақты жаттығулар практикалық
сабақтардағы дағдылар мен біліктерді игеруге арналған.

психологтарға және жоғарғы оқу орындарының психолог мамандығында оқып
жатқан студенттерге, магистранттарға және психология саласымен айналысатын
барша оқырмен қауымға арналған.
Бұл оқу құралы студенттерге , жас мамандарға алдына қойылған мақсаттары
мен міндеттерін шешуге өз көмегін тигізе алады деп сенемін.
Автор.
I. ТОПТЫҚ ТРЕНИНГТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Психологиялық тренинг түсінігі және тарихы
Топ – әлеуметтік психологияның негізгі түсініктерінің бірі. Зерттеу
тақырыбы және нысаны ретінде ол көптеген белгілі ғалымдардың және
практиктердің назарында болып келген. Бірақ бұл құбылысты белсенді түрде
зерттеу ХХ ғасырдың екінші жартысында жүзеге асырыла бастаған еді. Дәл осы
кезеңде психологияның қолданбалы және тәжірибелік салаларында тренинг
түсінігі пайда болды және кеңінен қолданыла бастады.
Бүгінгі күнде тренинг түсінігінің нақты бір анықтамасы жоқ,
сондықтан бұл термин психологиялық практикада әр түрлі іс-әрекеттердің,
әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылады.
Тренинг термині (ағылшынның train, training сөздерінен) оқыту,
тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты бірқатар мағынаға ие. Мұндай көп
мағыналық тренингтің ғылыми анықтамасына да тән. Ю.Н. Емельянов (1)
тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін
дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді .
Тренинг адам бойында қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді
басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру тәсілі ретінде қолданылады (2)
және тренингке ұйымның жоспарлы белсенділігін арттыра түсу үшін оның
мүшелерінің кәсіби білімі мен қабілеттілігін көтеруге бағытталған, сондай-
ақ тренингті жеке адамның әлеуметтік мінез-құлқын ұйымның мақсаты мен іс-
әрекеттерінің талаптарымен сәйкес тәсілдерге сай өзгертудің бір бөлшегі деп
қарастыруға болады . (3)
Ресейлік психологияда тренингті оқытудың немесе әлеуметтік -
психологиялық тренингтің белсенді тәсілдерінің бірі деген ұғым кең
таралған. Л.А. Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті өзара
қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені
дамытуға бағытталған әсер ету құралы, қарым-қатынаста жетіктілікті дамыту
құралы, психологиялық әсер ету құралы ретінде қарастырады (4).
Г.А. Ковалев әлеуметтік-психологиялық тренингті белсенді түрде
әлеуметтік-психологиялық білім беру әдістемесінің кешенді әулеметтік-
дидактикалық бағыты ретінде қарастырады (5).
Б.Д. Парыгин топтық кеңес беру тәсілі жөнінде, оларды өмірде және
жалпы қоғамдағы қатынас дағдыларына белсенді түрде топтық оқыту ретінде
яғни, кәсіби пайдалы дағдылардан Мен - тұжырымдамасы мен өзін-өзі бағалауға
сәйкес жаңа әлеуметтік рөлге бейімделуге дейін оқыту деп бейнелей айтады
(6).
Бүгінгі күнде тренингті анықтау үшін көп жағдайда психологиялық әсер
ету термині қолданылады. Ал, С.И. Макшанованың жұмыстарынан бұл терминнің
тренингті әдіс ретінде дәл толықтай бейнелемейтінін байқауға болады, яғни
бұл термин тек бір адамнан екінші адамға әсер ететін ақпараттардың алмасу
процесін бейнелейтін түсінік ретінде ғана бола алады. Процессуалдық
мінездемеге ие әсер ету түсінігі өзгеріс категориясының көмегімен
анықталатын оның мақсаты мен нәтижесін толықтай ашпайды. Негізінен әсер
етудің нәтижесін күтетін тренингтің және оны қолданушылардың негізгі
мақсаты тек ғана әсер ету бола алмайды.
С.И.Макшанов ұсынып отырған мақсатты түрде өзгерту термині адам мен
топ феноменінің психологиялық динамикасына жататын көптеген құбылыстарды
бейнелеуге мүмкіндік береді. Тренингтің процессуалдық және өнімдік
мінездемесін ашып, тренингтің субъект- субъекті мінездемесін айқындайды,
оның тиімділігі тренингке сұраныс берушілер мен оған қатысушылардың және
оны ұйымдастырушы мамандардың жауаптылығын сезінуімен байланысты.
Осыған байланысты тренингті адамның жеке тұрмысы мен кәсіби
үйлесімділігінің мақсаты болып табылатын жеке адамның, топтың және ұйымның
психологиялық феноменін мақсатты түрде өзгертудің көпқырлы әдісі деп
анықтауға болады (7).
Қатынастың тиімділігін арттыруды көздеген тренинг оқытулар алғашқы рет
Бетеледе (АҚШ) К. Левиннің оқушыларының ұйымдастыруымен өткен және олар Т-
топ деген атқа ие болған (8). Оның негізінде адамдардың көпшілігі топтасып
өмір сүреді және жұмыс атқарады, алайда олар көп жағдайда осы топтың
жұмысына өзінің қандай деңгейде ықпал жасайтындығына, басқа адамдар оған
қалай қарайтындығына, айналасындағылардың бойында оның мінез-құлқының
қандай әсер тудыратындығына есеп бермейді деген ой жатты. К.Левин
адамдардың мінез-құлқымен бойындағы бейімділіктердегі тиімді өзгерістер
негізінде жеке контексте емес, жалпы топта бой алады, сондықтан да өзінің
бейімділіктерін байқап, өзгерту үшін, мінез-құлқында жаңа формаларды
қалыптастыру үшін адам өзінің жекешеленуін жеңіп, өзіне басқалардың
көзқарасымен қарауға үйренуі тиіс деген ұстанымда болған.
Т - топ өзара қарым-қатынас әсерінен бой алдырған қатынас пен топтық
динамиканы зерттеуді мақсат ету үшін жиналған геторогендік индивидтердің
жиыны ретінде болды.
К.Левинің оқушыларының топаралық қатынас шеберханасындағы нәтижелі
еңбектері АҚШ-дағы Ұлттық тренинг зертхананың негізін қалады.
Бұл зертханада тренингтік топтарының негізі қаланды. Нәтижесінде,
оның жұмысының қорытындысы Т-топтың тәжірибесінде қолданылды.
Т-топтарында басқарушы қызметкерлерді, менеджерлер мен саяси
көшбасшыларды өзара тиімді қарым-қатынасқа, ұйымдардағы қақтығыстарды
шешуге, басқару шеберлігіне, топтық бірлестікті нығайтуға оқытты. Кейбір Т-
топтарындағы оқытулар адам өмірінің құндылықтарын анықтауға, өзінің жеке
жетілу сезімін күшейтуге бағытталған еді. Мұндай топтар 1954 жылы құрыла
бастады және сенситивті топ деп аталған еді.
60 жылдардың аяғы мен 70 - жылдардың басында Т - топтары мен
сенситивті топтар көптеп бой алды. Олардың негізгі мақсаты жұмысшы
топтарындағы қақтығыстарды шешу және жұмысшы мен қызметкерлер арасындағы
кәсіптік қарым- қатынасты нығайта түсу болды. 1964 жылы Т- тобының
дамуындағы 17 жылдық тәжірибенің нәтижесі көрініс тапқан жинақ жарық көрді.
Онда негізінен төрт мәселе: жаттықтырушылардың кәсіби деңгейі, Т-тобының
әдістемесін жаңарту, зертханалық емес жағдайларда зертханалық әдістерді
қолдану және теориялық зерттеу мен дамудың шыңдалуы жан-жақты қарастырылды.
60 - жылдары менеджерлердің кәсіби дайындығын арттыру үшін
психологиялық қолдау көрсету мақсатында гуманистік психология дәстүріне
сүйенген К.Роджерстің әлеуметтік және өмірлік қабілеттіліктердің
(sociallife skills training) тренингі қозғалысы пайда болды.
Өмірлік қабілеттіліктер тренингінде негізінен тренингке қатысушыларға
өзіндік жол таба білуді айқындайтын үш модель пайдаланылды.
Бірінші модель өмірлік қабілеттіліктің жеті категориясына яғни:
мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың
сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және Мен - тұжырымдамасын
дамытуға сүйенді.
Екінші модель тренингтің мақсаты болып табылатын өмірлік
қабілеттіліктің төрт категориясын, яғни: жеке адамдар арасындағы қатынас,
денсаулықты қолдау, жеке ерекшелікті дамыту, шешім қабылдау мен мәселелерді
шешу айқындалды.
Үшінші модельге эмоциялық өзін-өзі бақылау, жеке адам аралық қатынас,
өзін-өзі тану, қаржылық өзін-өзі қаржылай қамсыздандыру, өзін-өзіне қолдау
көрсету және тәжірибені тұжырымдамалау жатады.
70-жылдары Лейпциг және Йенск университеттерінде М.Форвергтің
басқаруымен әлеуметтік-психологиялық тренинг атты әдіс жетілдірілді.
Тренингтің құралы ретінде тиімді қатынастық дағдыларды қалыптастыруға
жағдай тудыратын драматизация элементтері бар рөлдік ойындар қолданылды.
М.Форверг ұсынған әдістердің практикалық қосымшасы ретінде өндірістік
кәсіпорындардың жетекшілерін әлеуметтік-психологиялық дайындау болды.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг Ресейлік психология практикасында да
кеңінен таралды. Әлеуметтік-психологиялық тренинг теориялық және
әдістемелік аспектілеріне арналған алғашқы монографиялық еңбек 1982 жылы
жарық көрген Л.А. Петровскаяның монографиясы болды (4).
Бұл әдіс балалармен, ата-аналармен, әлеуметтік топтардың кәсіби
мамандарымен, кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілерімен жұмыс істеуде
белсенді түрде қолданылып келеді. Әдісті пайдалану тәжірибесі Ю.Н.
Емельянованың, В.П. Захарованың, Г.А. Ковалеваның, Х. Миккинаның, Л.А.
Петровскаяның, Т.С. Яценконың және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің жалпы мақсаты - қатынастағы
тиімділікті арттыру- міндетті түрде қатынастағы мінез-құлықты, адамның
перцептивті қабілеттілігін, жеке адамның қатынас жүйесін шындай түсу және
дамытумен анықталатын білімді меңгерумен, қабілеттілігі мен дағдыларын
қалыптастырумен байланысты түрлі кескіндегі бірқатар міндеттермен нақтылана
түседі, өйткені жеке тұлғалық өзгешелік адамның іс-әрекетін және оның
вербальді және вербальді емес әрекеттерін әр түрлі түспен әрлендіретін
бейне болып келеді (9).
Тренинг топ жұмысының нәтижелі болуының бір талабы оқыту барысында
шешімін табуы тиіс міндеттерге жүргізушінің ықпал ете алуы болмақ. Ықпал
ету белгілеулер деңгейінде немесе қабілеттер мен дағдылар, немесе
перцептивті қабілеттер және т.б. деңгейлер негізінде жүзеге асады. Бір
тренингтік топтың жұмысы барысында әр түрлі міндеттерді пайдалану дұрыс
емес, өйткені мұндай әрекет бір жағынан әсер етудің тиімділігін төмендетуі
мүмкін, ал екінші жағынан этикалық мәселелердің орын алуын тудырады,
сондықтан да тренинг барысында міндеттерді тек топтың келісімен ғана
өзгертуге болады.
Адамдарға психологиялық көмек көрсету тәсілі ретінде топтық тренинг
алғаш рет шет ел психологиясында қолданылды. К. Левин қалыптастырған
негізгі ой: Адамдар өздерінің бойындағы адекватты емес белгілерді анықтау
және мінез-құлықтың жаңа түрлерін қалыптастыру үшін өздерін басқалардың
көзқарасымен көре білуді үйренуі қажет - деген мазмұнда болды (10).
Алғашқы тренингтік топты (Т- тобын) жаратылыс ғылымдары саласының
бірнеше мамандары құрды. Олар 1946 жылы негізгі әлеуметтік заңдарды
(мысалы, жұмысқа алу заңы) зерттеу, шешімдердің оңтайлы варианттарын іздеу
үшін қолданылды. Оларды қолданумен байланысты әртүрлі жағдайларды ойнату
үшін іскер адамдар мен кәсіпкерлерді жинаған. Нәтижесінде, алға қойылған
мақсаттармен бірге, топтың әрбір мүшесі кері байланыс алу көмегімен өз-
өзін жаңа қырынан ашу және өз-өзін түсіну тәжірибесін игерді.
Адамдардың кез-келген тобы шынайы өмірді, қарапайым адамдардың
өмірінде бар қарым-қатынастарды бейнелейді. Алайда, жасанды түрде құрылған
зертхана шынайы өмірден келесі белгілерімен ерекшеленеді:
Психологиялық тәжірибе саласында белгілі мамандар Т -тобының басқа
түрдегі топтардан айырмашылығы қалай үйрену қажеттілігін баулуға
негізделеді деп жазады. Мұнда топтың мүшелерінің барлығы жалпы өзара
үйрену процесіне тартылады және сондықтанда олар әдетте жетекшіге емес бір
біріне сенім артады. Т-тобында оқыту жетекшінің түсіндіруі және
нұсқауларынан бұрын, топтың өз тәжірибесінің нәтижесі болып келеді.
Т- тобының басқа да басымдық жағы:
• өз-өзін таныстыру;
• кері байланыс;
• эксперименттеу (11).
сияқты элементтерді шамалаған процестің сипаттамасына байланысты.
Топтық психологиямен және топ нәтижесін жеке адамға арнайы әсер ету
құралы ретінде пайдалануға байланысты нәтижелі жұмыстар қатарына көп
жағдайда А.Адлердің, К.Левиннің, Дж. Мореноның, Дж. Праттаның, К.Роджерстің
еңбектері жатады.
Топтың жеке адамға кәсіби әсер ету құралы ретінде, отандық
психологиялық көмек тәжірибесінде, ХХ ғасырдың басынан бері қолданылады деп
айтуға болады. Топтық жұмыстар әдістемелеріне деген ғылыми және
тәжірибелік қызығушылық таныту Ресейде тек осы ғасырдың 90- жылдарында
ғана арта бастады. Ресей ғалымдарының арасынан топтық жұмыстардың
мәселелерін теориялық және әдістемелік тұрғыда талдаған алғашқы ғалым
ретінде Лариса Андреевна Петровскаяны атауға болады. Оның монографиясы 1982
жылы жарық көрді. (4). Өзінің еңбектерінде ол тренингті (нақтырақ
айтқанда, әлеуметтік-психологиялық тренинг ӘПТ) қатынас саласындағы білімге
және жеке қабілеттерге үйретудің өзіндік түрі және оларды түзетудің сәйкес
формасы ретінде қарастырды. Бұл формалардың алуан түрі үлкен екі класқа
бөлінеді:
а) арнайы қабілеттерді дамытуға бағытталғандар;
б) қатынас жағдайында талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталғандар;
Әрине, отандық тренинг мектептерінің көбі батыстан келген теориялық
тұжырымдамаларға сүйенеді. Топтық психологиялық жұмыстардың формаларының
өзі бүгінгі күнге дейін шетелдік үлгілердің өзгертілген нұсқасы болып
табылады.
Топтық психологиялық тренинг практикалық психологияның өзін-өзі тану
және өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында қолданылатын
белсенді әдістерінің бірігуі болып табылады. Сонымен бірге, автор
тренингтік әдістердің клиникалық психотерапия аясында неврозды,
алкоголизмді және бірқатар соматикалық ауруларды емдеу барысында
қолданумен қатар, психикалық жағынан сау, алайда жеке басында психологиялық
проблемалары бар адамдармен жұмыс істеу кезінде, оларға өзін-өзі
жетілдіруде көмек көрсету мақсатында қолданылатындығын баяндайды (12).
Психологиялық тренинг – топтық жұмыстың кез-келген түрі емес. Бұл
өзінің мүмкіндіктерімен, шектеулерімен, ережелері және мәселелерімен
айқындалған топтық жұмыстың ерекше түрі. Тренинг оқытудың түрі, жаңа
дағдыларды игеру, өзінің бойынан жаңа психологиялық мүмкіндіктерді ашуды
білдіреді. Оқытудың бұл түрінің ерекшелігі дәріс алушылар онда белсенді
бағыт ұстанады. Дағдыларды игеру өмір сүру барысы, мінез-құлқының,
сезінулерінің, әрекеттерінің жеке тәжірибесі процесінде жүзеге асады.
Жоғарыда аталған автор екі түсінікті: психологиялық тренинг және оқыту
іс-әрекеті аясында жүргізілетін тренингтік дәрістер деп, бөлетіндігін
ескерейік.
Оқыту іс-әрекеті барысындағы тренингтік дәрістер - (мектепте,
колледжде, жоғары оқу орнында):
а) барлық оқу тобына;
б) міндетті тәртіпте;
в) аптасына бір рет қысқа кездесулер тәртібінде;
г)оқу орындарына тән өте төмен психологиялық қауіпсіздік жағдайында -
тренингті қолдануға болатын тренингтік әдістемелердің маңызды өзгертулері
(13).
Тренингтің мәніне түсінік беретін көзқарастарға шолуды түйіндей келе,
аталмыш ұғымға жалпылама анықтама берілетін тағы да бір көзқарасқа
тоқталайық. Этностық толеранттықтың және осы контексте тренингтік топпен
жұмыс жүргізу әдістері мен шарттарын ұйымдастыру мәселелерін шеше келе Н.М.
Лебедева, О.В. Лунаева, Т.Г. Стефаненко тренингті белгілі бір мақсатқа
жетуге бағытталған арнайы үлгіде ұйымдастырылған топтық жұмыс ретінде
қарастырады. (14).
Жоғарыда келтірілген көзқарастарды және анықтамаларды жалпы
қорытындылау бізге практикалық психологияның бұл түріне келесі сипаттама
беруге мүмкіндік тудырады.
1.2.Топтық терапия мен топтық тренингтің бірлігі және айырмашылығы.
Топтық тренингтің мәнін және өзіндік ерекшеліктерін терең түсіну үшін
оның практик психолог жұмысының басқа тәсілдерінен өзгешелігінің
сипаттамасын көрсету маңызды.
И.В.Вачковтың пікірі бойынша, топтық психологиялық тренингтің
терапиядан, түзету және оқытудан негізгі айырмашылығы:
топтық психологиялық тренингте де, топтық психотерапияда да бір
процедуралар жиі қолданылады. Тренинг психотерапияда (психокоррекцияда
және оқытуда да) қолданылатын әдістердің бірі болып табылады деп дәйекті
түрде айтуға болады. Топтық психологиялық тренингті психолог
(психотерапевт) жұмысының басқа әдістерінен өзінше дербес бағыт ретінде
жеке алып қарастырған дұрыс. Бұл топтық психологиялық тренингтің
терапиядан, түзету және оқытудан маңызды ерекшеліктерінің болуымен
байланысты.
Біріншіден, психотерапиядан өзгешелігі тренингтік жұмыстардың мақсаты
емдеумен байланысты емес. Тренингті жүргізуші емдік әсер көрсетуге емес,
психологиялық көмек көрсетуді көздеген. Әрине, бұл сауықтыру
процедураларын қолдану мүмкіндігін шектемейді. Тренингке тек толықтай сау
адамдар ғана емес, сондай-ақ, жүйкелері тозғандар және шектеулі психикалық
қалыптағы адамдарда қатыса алады. Соңғы жағдайда практик психологқа
(дәрігерлік білімі жоқ болса) клиникалық психотерапевтпен бірлесіп жұмыс
жүргізуге нұсқау етіледі.
Екіншіден, тренингте ішкі әлемнің сипаттамасына, жеке психологиялық
құрылымдарынан бұрын жеке адамның жалпы өзіндік жетілу дағдыларын
қалыптастыруға назар аударылады. Бұған қоса, түзету көзделген психикалық
даму нормасы түсінігімен тікелей байланысты болады. Тренингтің кейбір
түрлерінде норма категориясы мүлде қолданылмайды.
Үшіншіден, тренингтік жұмысты тек оқытумен ғана түйістіру мүмкін емес.
Өйткені когнитивтік бөлік барлық жағдайда тренингтің негізі бола бермейді,
кейде мүлде болмауы да мүмкін. Мамандардың бір тобы тренингке қатысушылар
үшін ең алдымен эмоциялық тәжірибе құнды деп санайды. Психологиялық
тренинг дамыту оқытуымен тығыз байланысты.
Сонымен бірге, тренингте психотерапиялық , түзету және оқыту әдістері
қолданылуы мүмкін. Бұл кей жағдайларда топтық жұмыстың түрін бірдей
анықтауға мүмкіндік бермейді (12).
Тәжірибеші психолог жұмысының басқа түрлерінің арасынан тренингтің
орнын анықтауға тырысқан автор, клиенттердің сұраныстары бойынша (бала және
ересек адамның) тәжірибелік психологиялық іс-әрекеттің негізгі төрт
мақсатын және соған сәйкес, оларға жетудің психолог іс-әрекетінің әдістері
ретінде белгіленуі мүмкін болатын төрт тәсілін ерекшелеп көрсетті:
1) ақпараттандыру;
2) кеңес беру;
3) интервенция;
4) тренинг.
Психологиялық жұмыстың алғашқы үш әдістері клиенттің өзекті
мәселелерін шешуге арналған . Ал тренингтің төртінші әдісіне қатысын
айтсақ, оның басқа әдістерден ұстанымды түрдегі ерекшелігі қатысушылардың
тек сол сәттегі мәселелерін шешуге ғана емес, сонымен бірге олардың
болашақта қайта туындауын, нақты айтқанда, оларға мәселелерді шешуді үйрену
үшін берілетін мүмкіндіктердің есебінен, алдын-алуға негізделеді. (12).
1.3.Топтық тренингтің мақсаттары, тақырыбы және міндеттері
Топтық психологиялық тренинг мәселелері бойынша әр алуан жұмыстардың
талдауы бұл феноменнің ең маңызды аспектілерінің қатарында мақсаттарының,
тақырыбы мен міндеттерінің ерекшеленетіндігін көрсетті.
Топтық жұмыс құрылымының аталмыш бөлшектерінің мағынасын бағалау қиын.
Сондай-ақ, тренингтік жұмыстың мақсаты, тақырыбы және міндеттерінің
арасында тығыз мазмұндылық және қызметтілік байланыс бар екендігін түсіну
маңызды. Кез-келген тренингтің бағдарламасын құру тақырыбы мен мақсатын
анықтаудан басталады. Ал олар өз кезегінде топ жұмысының нақты мақсаттарын
құрастыруға мүмкіндік береді.
Аталмыш сұрақты қарастыра келе, топтық тренингтің жалпы мақсаттары,
тақырыбы мен міндеттері және жұмыс күнінің әр бөлігінің жеке мақсаттары,
тақырыбы мен міндеттері деп бөлу қажет.
Тренингтің нақты міндеттерін ерекшелеп көрсету құрылатын бағдарламаның
жүзеге асырылуының тиімділігін анықтайды: әрекеттердің ілеспелілігі айқын
болуын тапсыру, әр дәріске жаттығулар таңдап алу, тарататын сәйкес
материалдар дайындау және т.с.с.
Топтық тренингтің пайда болуы және даму кезінен бастап, мақсаты
топтың жеке қатысушыларға ықпал етуі феноменінің призмасы және осы ықпал
етуге баулу арқылы қарастырылған болатын.
Нақтырақ айтсақ, Эллиот Аронсон тренингтік топтардың басты мақсаты -
өзінің мінез-құлқын зерттеуге дайындығының дамуы, өзара жеке адамдық қарым-
қатынастардағы әлеуметтік жетіктілікті және ашықтылықты жетілдіру,
әріптестікке және келіспеушіліктерді біріге шешуге баулу деп санайды.
Кьелл Рудестам топтық жұмыстың мақсаты әр алуан болуы мүмкін екендігін
атайды. Олар сырттан міндеттелуі және қатысушылардың қажеттілігімен
анықталуы мүмкін. Бұл ретте, бір жағдайда бір топ адамдардың өздерінің
көңіл –күйлерін көтеру, ал басқа жағдайда-өзін-өзі жетілдіру сияқты белгілі
тілектері мақсат ретінде болуы мүмкін.
И.В.Вачков тренингтің мақсаты- қатысушыларға қандай да бір іс-әрекетті
игеруге көмектесу деп санайды. Әрі ол жаңа іс-әрекеттерді игеруді қандай
шарттар қамтамасыз етілетіндігіне назар аударады. Оның пікірі бойынша
тренингке қатысушы: 1) оны жүзеге асыруды қалауы; 2) қалай жүзеге асыруды
білуі; 3) жүзеге асыра алуға тиіс.
Тренингтің жалпы мақсаттарының ішінен ол келесілерді ерекшелейді:
• топ қатысушыларының психологиялық мәселелерін зерттеу және
оларды шешуге көмек көрсету;
• субъективті хал-жағдайын жақсарту және психикалық саулылығын
нығайту;
• психологиялық заңдылықтарды, адамдармен тиімді және үйлесімді
қатынастың негізін құрау үшін жеке адамдар арасындағы өзара іс-
әрекеттердің механизмдерін және тиімді тәсілдерін зерттеу;
• ішкі және мінез-құлықтық өзгерістер негізіндегі эмоциялық
бұзылударды алдын-алу немесе түзету үшін қатысушылардың өз-өзін
түсінуін және өз-өзін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz