Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Мәдениет және дін

1.1. Мәдениет ұғымы туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.2. Дін және мәдениет сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

ІІ. Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі

2.1. Ислам мәдениеті жалпыадамзаттық құндылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2.2. Қазақ мәдениетінің діни бастаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Рухани көкжиектері айқындалмаған кез келген ұлттың тарихтың қатал сынына төтеп бере алмасы ақиқат. Себебі, ұлттың өзін-өзі сақтау қабілеті мәдени болмысымен, ғасырлар бойы қалыптасқан ойлау жүйесімен тығыз байланысты. Қоғам мен мемлекеттің берік негізі, ең алдымен, сол мемлекетте өмір сүріп жатқан адам болса, (индивид) сол адамдардың біртұтастығына кепіл болатын мәдени кеңістікте ғұмыр кешуі де ең маңызды факторлардың бірі. Тарихты тек саяси оқиғалар немесе белгілі бір идеологияның қисынына қарай бейімдеп жазу үрдісі сан ғасырлық мәдени қабаттарымыздың ұстыны саналатын құндылықтарымызды құнсыз қылып келді. Осылайша, кезінде әлемдік өркениетке сүбелі үлес қосқан, мәдениет пен дін, өнер мен ғылым саласында жетекшілік роль атқарып келген халықты мүлдем қисынсыз тарихпен өзіне өзін таныту сол халықтың өз болмысын жатсынуына жол ашты. Тәуелсіздік алғалы бері рухани-мәдени тұрғыдан жаңғыруға деген халқымыздың бойында ерекше құлшыныстың туғаны да рас. Алайда осы игі мұраттарды тарихи сабақтастық тұрғысынан, ғылыми зерделеп барып іске асырмаса тағы да болмайды. Себебі алдымыздан, ақ пен қараны ажыратуда бізге таразы болар рухани өзегіміз бен мәдени бастауларымызды өз деңгейінде танып білу міндеті көлденеңдейді.
Мемлекеттік басқару жүйесі зайырлылық принципіне негізделген, көп ұлтты, көп дінді саналып жүрген елімізде тұрақтылық болу үшін ең алдымен мемлекет құрушы өзек ұлт қазақ халқының діни-рухани мәдени кеңістіктегі біртұтастығы аса қажет дүние. Осы тұрғыдан алғанда, мәдениет адамдардың рухани һәм материалдық қажеттіліктерін айқындайтын құбылыс болса, мәдениет өз кезегінде құндылықтық негізін діннен алады десек қателеспейміз. Атақты ағылшын этнографы Дж. Фрезер: «Барлық мәдениет шіркеуден бастау алады»,- деп, діннің мәдениет қалыптастырудағы орнын дәл анықтайды. Дін – мәдениеттің өзегі. Мәдениет – белгілі бір дінге қатысты ұлттардың сол сенім негізіндегі Құдайлық түсініктерінің қолданыстағы жанды көрінісіне айналуы. Адам әлемді мағнауи тұрғыдан танып білуге ұмтылады. Сыртқы дүниенің әсемдігі оны бір таңқалдырса, өзінің ішкі әлеміне бойлау оны тіпті ғажайып сезімдерге бөлейді. Осы ізденістердің өзегі ретінде дінді анықтауға болады. Кез келген діннің дүниетанымдық, моральдық және құқықтық негіздерінің болуы бұл сөзімізді нақтылай түседі.
Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеті. Бұл ғылыми жұмысты жазуда біз дәстүрлі діни таным-түсінігіміздің мәдени болмысымызды айқындаушы басты фактор екендігін қалыптасқан ғылыми теориялар негізінде түсіндіріп шығуды көздедік. Осы саладағы ғалымдардың еңбектеріндегі негізгі түйіндерді бір жерге шоғырландырып, ортақ қағида қалыптастыруды да мақсат еттік.
1. Ғабитов Т.Х., Мүтәліпов Ж.М., Құлсариева А.Т. Мәдениеттану: Жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Рарирет, 2004.
2. Културология: Учеб. Пособие для вузов/Под ред. проф. А.Н. Марьковой. .Н. Марьковой. 3-е изд.–М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2003.–319 с.
3. Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества. – М., 1977 г.
4. Кенжетай Д. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 360 бет.
5. Бес ғасыр жырлайды: Екі томдық. Құраст.: М. Байділдаев, М. Мағауин. – Алматы: Жазушы, 1989. Т 2. – 1989.–496бет.
6. Нуртазина Н.Д. Ислам в истории средневекового Казахстана (историко-культрологическое исследование): Монография. Алматы: «Фараб», 2000 г. 312 с.
7. XIX ғасыр әдебиеті. (Құр. Х.Сүйіншәлиев), Алматы, Ана тілі, 1992, - 224 бет.
8. З. Жандарбек. Йасауи жолы және қазақ қоғамы. Ғылыми зерттеу.
Алматы: «Ел-шежіре», 2006. – 256 бет.
9. Г. Көкебаева. А.Дж. Тойнбидің локальды өркениеттер теориясы және түркі ислам өркениеттік синтезі.,«Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» III халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, ғылыми жинақ, 2010. – 272 бет.
10. Нысанбаев Ә. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымындағы адам проблемасы. Түркістан тарихы мен мәдениеті. Ғылыми мақалалар жинағы. Түркістан: Қ:А: Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 2000. 216-б.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Мәдениет және дін

1.1. Мәдениет ұғымы
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...5

1.2. Дін және мәдениет
сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...8

ІІ. Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі

2.1. Ислам мәдениеті жалпыадамзаттық
құндылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2.2. Қазақ мәдениетінің діни
бастаулары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Кіріспе

Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Рухани көкжиектері айқындалмаған кез
келген ұлттың тарихтың қатал сынына төтеп бере алмасы ақиқат. Себебі,
ұлттың өзін-өзі сақтау қабілеті мәдени болмысымен, ғасырлар бойы
қалыптасқан ойлау жүйесімен тығыз байланысты. Қоғам мен мемлекеттің берік
негізі, ең алдымен, сол мемлекетте өмір сүріп жатқан адам болса, (индивид)
сол адамдардың біртұтастығына кепіл болатын мәдени кеңістікте ғұмыр кешуі
де ең маңызды факторлардың бірі. Тарихты тек саяси оқиғалар немесе белгілі
бір идеологияның қисынына қарай бейімдеп жазу үрдісі сан ғасырлық мәдени
қабаттарымыздың ұстыны саналатын құндылықтарымызды құнсыз қылып келді.
Осылайша, кезінде әлемдік өркениетке сүбелі үлес қосқан, мәдениет пен дін,
өнер мен ғылым саласында жетекшілік роль атқарып келген халықты мүлдем
қисынсыз тарихпен өзіне өзін таныту сол халықтың өз болмысын жатсынуына
жол ашты. Тәуелсіздік алғалы бері рухани-мәдени тұрғыдан жаңғыруға деген
халқымыздың бойында ерекше құлшыныстың туғаны да рас. Алайда осы игі
мұраттарды тарихи сабақтастық тұрғысынан, ғылыми зерделеп барып іске
асырмаса тағы да болмайды. Себебі алдымыздан, ақ пен қараны ажыратуда бізге
таразы болар рухани өзегіміз бен мәдени бастауларымызды өз деңгейінде танып
білу міндеті көлденеңдейді.

Мемлекеттік басқару жүйесі зайырлылық принципіне негізделген, көп
ұлтты, көп дінді саналып жүрген елімізде тұрақтылық болу үшін ең алдымен
мемлекет құрушы өзек ұлт қазақ халқының діни-рухани мәдени кеңістіктегі
біртұтастығы аса қажет дүние. Осы тұрғыдан алғанда, мәдениет адамдардың
рухани һәм материалдық қажеттіліктерін айқындайтын құбылыс болса, мәдениет
өз кезегінде құндылықтық негізін діннен алады десек қателеспейміз. Атақты
ағылшын этнографы Дж. Фрезер: Барлық мәдениет шіркеуден бастау алады,-
деп, діннің мәдениет қалыптастырудағы орнын дәл анықтайды. Дін –
мәдениеттің өзегі. Мәдениет – белгілі бір дінге қатысты ұлттардың сол
сенім негізіндегі Құдайлық түсініктерінің қолданыстағы жанды көрінісіне
айналуы. Адам әлемді мағнауи тұрғыдан танып білуге ұмтылады. Сыртқы
дүниенің әсемдігі оны бір таңқалдырса, өзінің ішкі әлеміне бойлау оны тіпті
ғажайып сезімдерге бөлейді. Осы ізденістердің өзегі ретінде дінді анықтауға
болады. Кез келген діннің дүниетанымдық, моральдық және құқықтық
негіздерінің болуы бұл сөзімізді нақтылай түседі.
Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеті. Бұл ғылыми жұмысты жазуда біз
дәстүрлі діни таным-түсінігіміздің мәдени болмысымызды айқындаушы басты
фактор екендігін қалыптасқан ғылыми теориялар негізінде түсіндіріп шығуды
көздедік. Осы саладағы ғалымдардың еңбектеріндегі негізгі түйіндерді бір
жерге шоғырландырып, ортақ қағида қалыптастыруды да мақсат еттік.
Кеңестік құрсаудан босаған мемлекетімізде діннің аксиологиялық
тұрғыдан маңыздылығын, қоғамдық қатынастар барысында мемлекеттік
тұрақтылықты айқындайтын құбылыс екендігін жете түсініп, орынды бағамдау
керек. Діни сананың аяусыз жанышталуы ұрпақтар сабақтастығының жойылуына
әкеп соқты. Тәуелсіздік алғалы бері дінге ерік берілген тұста
мәдениетіміздің өзегі болған дәстүрлі діни танымымыз тағы да жарамсыз дүние
ретінде қарастырылып, тіпті этномәдениет пен дінді бір-біріне керағар
құбылыстар ретінде түсіндіру белең алуда. Қазақ халқының ғасырлар бойы
қалыптастырған салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелігін айқындайтын
мәдени қазынасының барлығы да діннен бөлек құндылықтар болып көріне
бастауы бұл саладағы ғылыми байыптаудың кемшін екенін көрсетеді. Бұл ғылыми
жұмысымның маңыздылығы дін мен мәдениеттің өзара қатыстылығын зерделеу
болып табылады.
Ғылыми жұмыстың зерттелу деңгейі. Дін мен мәдениеттің байланысы,
біртектілігі мәселесі бірқатар Отандық және шетел ғалымдарының зерттеу
еңбектеріне арқау болған. Әсіресе бұл төңіректегі ғылыми ізденістер соңғы
уақытта кең серпін алып келеді. Бұл салада шетел ғалымы И.Г.Гердердің, орыс
зерттеушісі А.Н.Марькованың көзқарастарын әдістемелік, теориялық
негізімізге тұғыр етіп алдық. Ғылыми жұмыста сонымен қатар қазақ
мәдениеттанушылары Т.Х. Ғабитов, Г.Көкебаева сынды ғалымдардың
зерттеулеріне де иек арттық. Ясауи ілімі мен сопылық дүниетанымның қазақ
халқының тарихына, мәдени болмысына, дүниетанымына тигізген қолайлы әсеріне
қатысты ғылыми байламдарды Н. Нұртазинаның және осы салада тың
тұжырымдарымен танылып жүрген Д. Кенжетай мен З. Жандарбектің еңбектеріне
сүйене отырып қарастырдық.
Ғылыми жұмыстың құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, әр
бөлім екі тақырыпшадан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

І. Мәдениет және дін

1.1. Мәдениет ұғымы туралы

Мәдениет ұғымына дәл анықтама беру – оның жалпылық сипатын тарылтып,
адам табиғатындағы шексіз қабілет пен мүмкіндіктерді шектеулі аяда
түсіндіру болар еді. Мәдениет тұлғаның тіршілік барысында өзіне және оны
қоршаған әлемге қатысты іс – әрекеттерінің негізінде түзіледі. Оның ой-
cанасындағы өзгерістер міндетті түрде іс әрекетінде көрініс табады.
Сондықтан да мәдениетке адам әрекетінін, саналы қызметінің жемісі ретінде
анықтама беріліп жатады. Материалдық кұндылық ретінде мәдениет – адамның
ақыл ойының жемісі нәтижесинде қолға келтірген игіліктері яғни заттық,
бұйымдық жетістіктері болса, ал рухани тұрғыдан алғанда адамның жоғары
парасатқа жетуі, шығармашылық пен білімділікке ие болуы, моральдық тұрғыдан
кемелденуі т.б. болып табылады. Материалдық мәдениеттің өзі де ақыл ойдың
жемісі болғандықтан рухани мәдениеттің бөлшегі ретінде қарастырылуы тиіс.
Тілімізге енген Мәдениет сөзінің этимологиясына тоқталсақ, арабтың
маданият - қала, қалалық деген сөзінен шығады. Ортағасырлық мұсылман
мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан бұл ұғым жан-жақты жетілген
қоғамдық қатынастар мен адами құндылықтардың моральдық, эстетикалық,
шығармашылық көкжиектерін қамтыған. Мысалы, Адам табиғатын терең зерттеген
әл-Фараби өз еңбектерінде адамды хайуани ақли (ақылды жан) және Хайуани
мадани (мәдениетті жан) деп анықтаған. Мәдениетті адам өзінің
жаратылысындағы шынайы болмыстық мәніне тұтасқан жан. Оның табиғатында бұл
қасиет әзелден бар. Оның Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары
туралы, Бақыт жолын сілтеу, Ақылдың мәні туралы, Данышпандықтың інжу-
маржаны, Бақытқа жету жайында және т.б. трактаттарында мәдениетті адам
тәрбиелеу мәселелері жан-жақты талданған. Оның жиі қолданған ұғымы –
қала. Қаланы әл-Фараби жәй ғана қоныс, тұрғын жер деп түсінбей, оны
адамдардың мәдени топтары, мемлекет мағынасында қолданады. Ізгілер
қаласының тұрғындары, ұлы ұстаздың ойынша, өздерінің инабаттылығымен,
әділеттілігімен, білімділігімен, өнер сүйгіштігімен көзге түседі [1,
252б.].
Латын тілінен енген cultura сөзі, алғашында жерді өңдеу деген
мағынада қолданылып, адамның қоршаған ортаға әсерін білдірсе, кейінірек
философиялық ілімдердің дамуымен жанды жетілдіру деген ұғымды танытады.
Уақыт өте келе еуропалық халықтарда білім беру, даму, дарындылық
секілді мағыналарда қолданыла бастады.
Қазіргі таңда мәдениет ұғымы тарихи тұрғыдан қоғамның даму деңгейін,
адамның шығармашылық күші мен мүмкіндіктерін, түрлі үлгідегі ұйымдасқан
өмір сүру дағдысын, сонымен қатар қалыптастырған рухани және материалдық
құндылықтарын қамтиды [2, 7б.].
Мәдениетке тән белгілердің бірі ретінде ұрпақтан ұрпаққа беріліп
отыратын оның трансляциялық және мазмұндық түлеу арқылы жасалатын
транформациялық қасиетін атайды. Белгілі бір этностың өмір тәжірибесі мен
дағдысы кейінгі ұрпаққа беріліп отыруы заңдылық. Тіпті кейде революциялық
жолмен мәдени төңкерістер болып та жатады. Санадағы өзгеріс негізінен
танымның көптүрлілігіне байланысты. Мифологиялық дәуірдегі танымның
өзегінде түрлі мәдениеттердің қалыптасқаны белгілі. Кейіннен орта
ғасырларда діннің ықпалы өте күшті болды. Мемлекеттік құрылымның,
әлеуметтік қатынастар мен мәдени өмірдің бар саласы діннің қанатының
астында болды. Реформация кезеңінен Европадағы философиялық ілімдердің
қайта жандануын байқаймыз. Шіркеулік шектеуден адам еркіндігін алып берген
философия ғылыми танымның түрлі салада жетекші орынға шығуына, адамдардың
ақиқаттың өлшемі ретінде ғылыми көзғарастарды тануына жол ашты. Бірақ бұл
процесс адамның еркіндігін белгілі бір дәрежеде қамтамасыз еткендей
болғанымен, оның әлеммен тұтастықта, өзара гармониялық үйлесімділіктегі
өміріне нұқсан келтірді. Және адамзат қоғамының танымдық даму деңгейін
бұлай сатылап біркелкі түсіндіру, оны абсолюттендіру дұрыс емес. Себебі осы
танымдардың барлығының ықпалы қоғам өмірінде қазірдің өзінде айқын
көрінеді. Мәдени құндылықтарының архитептеріне өте берік Шығыс өркениетін
алмағанның өзінде секурализациялық дүмпудің орталығы іспеттес Батыс
қоғамында да керісінше сакрализациялық процестердің ішінара жүріп жатқаны
жасырын емес. Тіпті күнделікті өмірдің өзінде оккульттік танымның
көріністерімен жиі ұшырасамыз. Этностық ырымдардан бөлек глобализациялық
мәдениеттің ағысында жүрген фэн шуй, иога сынды магиялық түсініктер
көрініс тауып жатады. Бұл адам санасы мен ішкі дүниесінің сан
қатпарлылығын, оның метафизикалық әлеммен тығыз байланыстылығын білдіреді.
Мәдениеттің гносеологиялық қызметі оның қалыптасуы мен дамуында бастапқы
мәнге ие болғандықтан әлеуметтік тәжірбиелердің жиынтығы ретінде маңызға
ие. Кез келген мәдениеттің қуаты оның бұрыннан жалғасып келе жатқан
құндылықтарды қорыта білуінде. Адамзат қоғамының жеткен жетістіктерінде
ескіден үзілмей келген, сыннан өткен тәжірбиесі жатыр. Оның трасформацияға
ұшырауы танымдық мәселеге тікелей қатысты жүреді. Бұл өз кезегінде
мәдениеттің сапалық қырын танытады.
Мәдениеттіліктің өлшемі ретінде гуманизмді бағалайды. Мәдениеттің
негізінде адамды жан жақты дамыту мақсаты жатады. Егер адамшылық пен
қайырым болмаса, техникалық жетістіктер мен ғылыми жаңалықтардың қоғам
өмірінде ешқандайда мәні қалмас еді. Сол себепті мәдениеттің критерийі
қоғамның гуманды дамуы болып табылады. Неміс философы Кант Болмыстың
адамгершілік жағына ерекше мән бере отырып, ол мәдениетті адамды
айуандардан айыруға мүмкіндік беретін құдайдың адамға берген ерекше
қабілеті деп қарастырып, адам бойындағы қайырымдылық пен ізгілік
қасиеттерді басты орынға қойды. Канттың ұғымынша, мәдениет – табиғаттан
бостандық патшалығынаң барар жол. Кант ілімінің маңыздылығы сонда – оның
мәдениетті гуманистік тұрғыдан қарастыруында [1, 12б]. Рухани мәдениеттің
көпқырлы бөлшектері ретінде интеллектуалдылықты, философияны, мінез құлық
пен құқықтық сауаттылықты, тәрбие мен дінді т.б. қарастырамыз. Діннің басты
мәселесі адам мәселесі болғандықтанда оның мәдениет қалыптастырудағы орны
ерекше. Сондықтан дін мәдениетті адам тәрбиелеуде маңызды шарттардың бірі
болып табылады.

1.2. Дін мен мәдениет сабақтастығы

Дін мен мәдениеттің өзара қатыстылығы жайлы мәселе көптеген ойшылдарды
қызықтырып келген. Мәдениеттің ең көне архитептерінің бірі ретінде адам
өмірінде діннің алар ролі ерекше. Қоғам өмірінің әлеуметтік реттеуіші
ретінде де діннің маңыздылығы қашанда жоғары болған. Бұл діннің
аксиологиялық мәнін ашып көрсету арқылы мәдени өмірдің дінсіз
болмайтындығын, мәдениеттің күретамыры ретінде діннің ролінің ерекше
екендігін танып білуге жетелейді. Бірақ ақиқатқа жету үшін дін мен
мәдениеттің өзара қатыстылығы жайлы түрлі көзғарастарды саралап шығу
маңызды.
Шіркеулік шектеуден кұтылып, секуляризацияға бет алған ағартушылык
кезеңде дін мен мәдениет туралы философиялық тартыстар жандана түскені
белгілі. Мәдениетке қатысты пікірлерді қарастырғанда, бұл дәуірдегі
тұжырымдардың маңызы салмақты. Себебі адамзат қоғамынын кейінгі даму
үдерісінде осы кезеңдегі теориялык негіздемелердің маңызы ерекше болды.
Профессор А.Н.Марькованың Культрология оқулығында Фейербах, Гольбах,
Гелвециий, Дидро сынды философтарды атеистік таным өкілдері ретінде
танытады. Олар мәдениет түсінігінен дінді толықтай тысқары қарастырады,
тіпті ол екеуін екі түрлі, бір біріне қарама-қайшы құбылыстар ретінде
түсінеді. Аталмыш пікірлердің арнасы ағартушылық концепциясынан бастау
алады. Бұл көзғарас бойынша Дін рухани прогрестің ең үлкен кедергісі
болып саналады. Фейербахтың ойынша, Дін топастық пен қараңғылықта,
қайыршылықта, әлсіздікте, мәдениетсіздікте бой көрсететін құбылыс.
Сондықтан да ақиқатты перделеу үшін білім алуға қарсы элементтерге толы.
Ал, мәдениетке қатысты теологиялық концепцияның өкілдерінің пікірі
бойынша мәдениеттің өзегі – дін болып саналады. Бұл пікірді жан-жақты
дәлелдеуге тырысқан атақты ағылшын этнографы Дж. Фрезер болатын. Ол:
Барлық мәдениет – шіркеуден бастау алады деп айтқан еді
[2, 254б.].
Одан бөлек мәдениет бастауларын әр этностың салт-дәстүрлер жүйесінен
іздейтін қөзғарастар бар. Белгілі философ И. Гердердің пікірінше, Салт
дәстүр – тіл мен мәдениет бастауларының анасы [3, 252б.]. Егер байыптап
қарар болсақ, И. Гердердің түйіндеуі де Дж. Фрезердің дінді мәдениет өзегі
ретінде қарастыратын пікірінен алшақ емес. Себебі салт-дәстүрдің түбірін
іздеген адамның оның діни түсініктен туындағанына көз жеткізері анық.
Әлемдік діндерді айтпағанның өзінде алғашқы қауымдық кезеңдерде де адамдар
арасында діни түсініктің болғаны белгілі. Фетишизм, анимизм, тотемизм және
магия сынды алғашқы қауымдық діндердің ғылымда негізделгені белгілі.
Сондықтан да, салт-дәстүрлердің мәдениеттің архитепі ретіндегі негізі діни
ритуалдардан, тайпалық кезеңдердегі наным сенімдер түрі мен ырым-
жоралғылардан бастау алады деуге негіз бар.
Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар қай кезде де діни түсініктер арқылы
сапалық және формалық тұрғыдан өзгеріп отырған. Сонымен қатар оның
өміршеңдігін де діни мазмұнының тереңдігі айқындайды десек қателеспейміз.
Себебі, дін – Құдайлық аян мен адамның сеніміне негізделген оның саналы
тіршілігін тұтас қамтитын институт. Соңғы кемел дін Исламның бір ерекшелігі
ретінде оның адам дүниеге келгеннен бастап, өмірден озғанға дейінгі және
ақиреттік өмірінің бар қажеттіліктеріне толыққанды жауап беретін
қуаттылығын көрсетеді. Орта ғасырда Исламның өркениетті дін ретінде әлемдік
ғылым мен мәдениетке тигізген әсері осыдан болса керек. Сондықтан дін
мәдени өмірдің өзегі. Мәдениетке ықпал ететін танымның түрі. Бұл
сөзімізді профессор Д. Кенжетайдың: Дүниетанымның негізі ұстыны мәдениет
болса, мәдениеттің күретамыры оның тіршілігі мен қалыптасуына қажетті
құндылықтар жүйесін реттеуші күш — дін болып табылады. Басқаша айтар
болсақ, мәдениеттің дүниетанымдық құндылықтары тікелей трансцендентальды
киелілікпен, яғни Ұлы Тәңірмен үндестікте болғанда ғана тұрақты
құндылықтықтық сипатқа ие бола алады. Ал осы құндылықтарды тұтастандырып
реттеу, яғни үйлестіру қызметін сенімдік-діни институттар атқарады, -
деген тұжырымы нақтылай түседі [ 4, 35б.].
Діннің мәдениет өндіруші, құндылық жаратушы қызметін мойындамау тек
біржақты өрбіген ғылымның үлесі екені даусыз. Діни тіршілік адамды
шектеулермен шектеп, оның тұлғалық мүмкіндіктерін тұсайды деген пікірлердің
бар екені рас. Бірақ адамды сұлулыққа үндеп, оның әлеммен тұтастықта өмір
сүруін ислам діні ешқашан тыйған емес. Қоғам өміріне зиян келтіріп, рухани
азғындыққа бастайтын кез келген зиянды өнердің тыйым салынуы талассыз дұрыс
іс. Еркіндік, азаттық деген ұғымдарды ұран етіп, соның тасасында ешбір
адамшылыққа сыймайтын жыртқыш сезімдерді мәдениет деп боямалап, қоғамға
тарату қай жағынан алғанда да саналы адамды толғандыруы тиіс нарсе. Осы
күнге дейін өзінің құндылықтық салмағын жоғалтпай, керісінше уақыт өткен
сайын барша адам баласы сүйіп тұтынатын қазынасына айналған өнер туындылары
мен көркем шығармалардың барлығы да діни мазмұнының тереңділігімен
ерекшеленеді. Дін тағылымы ту еткен ар-ождан тазалығы мен ізгілікті
жырлаған шығармалар мәңгі өшпес мұраға айналды. Еркіндік, әділдік, махаббат
ұғымдарының өзегі діннен бастау алатындығы ең соңғы кемел дін Ислам
тудырған мәдениет арқылы дәлелденді. Сопылық әдебиет өкілдерінің
шығармалары адам өмірінің мұратын айқындап, оның саф таза рухани әлемін
жыртқыш сезімдерден қалай тазартудың емін ұсынды. Рухани бірліктің жаршысы
болған ақын-жыраулар мұрасы мемлекеттің әрбір өкілі патша, уәзір, бай-
бағыланнан бастап, кедей кепшік, қарапайым тұрғындарға дейінгілердің
тіршілігін Құран үйреткен, пайғамбар көрсеткен ұлағатты үлгіге бастады.
Егер адам рухын тәрбиелемесе, оның хайуаннан да ары азғындайтындығы
белгілі. Адам рухының түп тамыры оның жүрегінде. Жүрек тазалығы рухани
мәдениеттің бастауы. Дін тағылымы бойынша жүректі таза, арам пиғылдан ада
ұстау адамды Құдай алдында мәртебелі етеді. Меніңше, дін бойынша пайдалы
саналатын кез келген өнердің осы жүрек тазалығына қызмет етуі басты өлшем
ретінде қарастырылады. Ал, кіндіктен төмен жақтағы сезімге, нәпсәни
құмарлыққа бастайтын азғын өнер әмәнда сыналып отырған. Сонымен қатар,
дінді қасаң қағида деп түсінетін дүмшелердің заманның өзгеруімен қолға
келген игіліктердің барлығын, өнер туындыларының көпшілігін зиянды деп
айыптауын ең алдымен қараңғылықтан, надандықтан деп білуіміз керек. Бірақ
ол үшін тұтас дін атаулыға тас атуға, мәдениетті тоқыратушы фактор ретінде
қарауымызға болмайды. Кезінде маңғыстаулық атақты шайыр Қашаған
Күржіманұлының осындай кертартпа діндарларға айтқан жауабы бар:

Атамыз Адам пайғамбар,
Жеті сазбен жерге кеп,
Күй шертіпті деген бар.
Ол кездегі о да саз,
Бұл кездегі бұ да саз,
Сазды күнә деп жүрген ,
Молдеке сенің ақылың аз[5, 94б].

Саналы ғұмырын руханият жолына арнаған орыстың ұлы жазушысы Лев
Толстой европалық мәдениеттің тоқырау алдында тұрғанын аңдаған еді. Өз
еңбектерінде діннің ішкі мазмұны саналатын адамды сүю мәселесін қозғаған
ол, түсініксіз догматтарға шырмалған христиан дінін сынға алған болатын.
Жасандылықпен өзімшілдікке толы европалық мәдениеттің адамды шынайы
болмысына жат, өз табиғатына қарсы тәрбиелейтіндігін де өткір сынаған еді.
Дін мен мәдениеттің біртұтастығын бірін – бірі толықтырушы қызметін өте
қарапайым ұқтыра білген ойшыл күнделігінде: Мәдениет - жапырағы жайқалған,
жемісі тілді үйірген ағаш болса, дін - сол мәуелі бәйтеректің тамыры.
Ағаштың тамыры ұсқынсыз болғанмен оның жайқалған көрінісінің негізі сол
тамырға байлаулы. Сол сияқты діни тіршілік сырт адамдарға солғын
көрінгенмен кез келген халықтың мәдени өмірінің өзегі. Тамыры қырқылған
ағаштың жеміс бермегені сияқты дінсіз мәдениеттің тоқырауға ұшырайтыны
ақиқат, - деп жазған еді.
Мәдениеттің рухсыз тіршілік ете алмайтындығы, яғни дінсіз
болмайтындығы сияқты, қоғам да мәдениетсіз, тарихсыз өз дамуын баянды ете
алмайды. Мәдениет бір жағынан дін ұсынатын киелі мұраттарды адам болмысына
уақыт пен кеңістік тұрғысынан заман талабын ескере отырып жеткізуші
құбылыс. Әрі ұлттық ерекшеліктермен, тәжірбиелерді дін табиғатына тән
арлылық принціпіне сәйкес түлетіп, мазмұнын тереңдететін күшке ие.
Сондықтан кез келген діннің мәдениеті ол діннен бөлек құндылық ретінде емес
қайта сол діннің универсалды қырын толықтырушы бөлшегі ретінде
қарастырылғанда ғана діннің қоғамдық өмірдегі пәрменділігін шынайы
бағамдаған болар едік.

ІІ. Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі

2.1. Ислам мәдениеті жалпыадамзаттық құндылық

Мәдениеттің трансформациялық қызметі жайлы жоғарыда айтып өткен
болатынбыз. Қазіргі таңда жалпыадамзаттық құндылық ретінде тұтынатын мәдени
жетістіктеріміз бен этникалық шеңбердегі немесе өркениеттік өредегі
игіліктеріміздің қайсысы зайырлы мирас және қайсысы діни мұра екендігін
айыру қиын. Себебі, соңғы екі ғасырда жедел дамыған секурализациялық
процесстер көп жетістіктің өңін құбылтып жібергені белгілі. Десек те осы
тұрғыдан діннің мәдени өмірдегі құндылығын бағамдауға болады. Мысалы,
зайырлы білім беру ошақтарындағы кафедра, семинар, тілдік қолданыстағы
спасибо - Спаси – Бог, Рахмет сөзінің Рахым – ет, мейрамдардың
Рождество, Жаңа жыл, Наурыз, театр, хор, акапелла, опера және
алгебра, медицина ұғымдарының ислам ғылымымен байланыстылығын т.б.
айтуға болады.
Мәдениеттің жалпыадамзаттық игілігін сөз еткенде, өркениет ұғымына
соқпай кету мүмкін емес. Өркениет мәдениеттің синонимі бола тұра, оның даму
сатысын айқындайды. Ал соңғы кезде өркениет ұғымына мәдени дамудың
деңгейімен белгілі бір типтік жүйеде мәдениеттерді топтастыруды жатқызады.
Мысалы, батыс өркениеті, мұсылман өркениеті, түрік-ислам өркениеті
деген сияқты. Халықтардың діни мұралары Шығыстық немесе Батыстық
өркениеттің негізгі компоненттерінің бірі болып саналады. Әрине, Реформация
мен рационализмнің күрделі кезеңінен өткен батыс өркениетінде мәдениеттің
діни бояуы Шығыс өркениетіне қарағанда қанық емес. Ал, Шығыс мәдениетінде
діни және зайырлы мәдениет үлгілері бір бірімен біте қайнасып кеткен деуге
болады. Бұл әсіресе мұсылман мәдениетіне байланысты. Сонымен қатар
ортағасырда шарықтау шегіне жеткен мұсылман мәдениеті жалпыадамзаттық
құндылықтардың өркениеттілік сатысын айқындап, ғылым-білім, сауда-саттық,
өнер мен шаруашылық т.б. салалардағы жетістіктердің көптеген елдердің ортақ
игілігіне айналуына жол ашты.
VІІ-ІХ ғғ. исламның пайда болуы және мұсылмандық суперэтностың
қалыптасуы, өркениеттің дамуына әсерін тигізген әлемдік тарихтағы үлкен
оқиға болды. Араб халифатының үлкен территориясында Азия, Африка және
Европа мәдениеттерінің синтезі болған және адамзаттың мәдени дамуында жаңа
қадамы болған жаңа мәдениет пайда болып, қалыптасты. Жаңа мәдениетке
антикалық көптеген жетістіктер енді, әсіресе араб мәдениеті мен араб
халифатын мекендеген әртүрлі халықтардың мәдениеті. Араб тілі олардың
бірігуіне көмектесті де, онда жаңа өркениеттің жетістіктері қалыптасты.
Латын тілі батыс мәдениетінде қандай роль атқарса, Шығыста араб тілі сондай
роль атқарды.
Ислам әлемі материалды мәдениетке, грек және рим технологиясына
белгісіз және қол жетпес жаңалықтар алып келді: болаттан жасалған бұйымдар,
жібек, фарфор, химия саласындағы лабораториялық зерттеулердің техникасы.
Бұған қағаз өндірісін, канализация мен су құбырларының технологиясын, жерді
суару, күріш өндіру, мақта өндіру, фармацевтика және көптеген басқа да
өнімдерді қосуға болады.
Исламның рухани мәдениетке, ең бастысы ғылымға қосқан үлесі көп.
Мұсылман дінінде білім өте жоғары бағаланады. Зерттеушілердің айтуы
бойынша, Құранның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің мәдениет қалыптастырудағы орны
Дін мен мәдениеттің сабақтастығы
Мәдениет аясындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
Дәстүрлі діни түсінік
Ислам дінінің негізгі рухани құндылықтары
Философия дүниетаным ретінде
Діни философия мен таным негіздері және зайырлылық
Ясауи ілімінің негіздері және Мұхаммед пайғамбар
Ислам құндылықтарының философиялық аспектілері
Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары
Пәндер