Жүннен жасалатын бұйымдар



Кіріспе

1. Жүннен жасалатын бұйымдар
2. Киіз басу
3.Сырмаққа қолданатын ою.өрнектер
4.Ою.өрнектердің қолданылуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қолөнер бұл халық қазынасы, ғасырлар мұрасы. Соған орай халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат ерекшелігімен эстетикалық толғанысына байланысты қолөнер өзіндік ерекшелігімен ғасырдан ғасырға сақталып, дамып, келер жас ұрпақтарға беріліп отырған.
Халық өнерін игеру – оқушыны еңбек сүйгіштікке, әсемдікке талаптандырып, халқының тарихын біліп, ұлтымыздың көнеден келе жатқан қолөнерін, салт-дәстүрін, халық мәдениетін терең жан-жақты үйренуге, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулу.
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар.
Қазақ халқының күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, олрады күнбе-күнге тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанатта құра білді.
Бұдан біз халық шығармашылығының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланыста екнін көреміз.
“Халықтың қолөнеріне әдеп-ғұрып жабдықтармен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көнен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп қолдан әр алуан ыды-аяқ, адалбақан, асадал, бесік, және т.б. Көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекелейтін болды.Қолөнерінде көңілге қонымды мәнерлер мен ондаған қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді. “Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі, діни әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер – халық – қолөнерінің тамаша туындылары.
1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері, А.,1987ж.
2. Ахметұлы Қ, Ахметова Ф. Өмір нәрі – ата кәсіп. Алматы,
3. Әбдуәлиева Ш. Халық қолөнері. А., 1991ж.
4. Әзірбаева С. Қолөнерінің тұрмыстық мәні “Мәдениет және тұрмыс” 1989ж.
5. Әбдіғаппарова Ұ. М. Қазақтың ою-өрнектері. А., Өнер 1999ж.
6. Джанибеков У. Культура казахского ремесла; Алма-Ата Онер, 1982.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Жүннен жасалатын бұйымдар
2. Киіз басу
3.Сырмаққа қолданатын ою-өрнектер
4.Ою-өрнектердің қолданылуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қолөнер бұл халық қазынасы, ғасырлар мұрасы. Соған орай халықтың
тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат ерекшелігімен эстетикалық толғанысына
байланысты қолөнер өзіндік ерекшелігімен ғасырдан ғасырға сақталып, дамып,
келер жас ұрпақтарға беріліп отырған.
Халық өнерін игеру – оқушыны еңбек сүйгіштікке, әсемдікке
талаптандырып, халқының тарихын біліп, ұлтымыздың көнеден келе жатқан
қолөнерін, салт-дәстүрін, халық мәдениетін терең жан-жақты үйренуге, мәдени
мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулу.
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,
тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер
жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай
ғасырлық тарихы бар.
Қазақ халқының күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-
кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, олрады
күнбе-күнге тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап,
өмірде сән-салтанатта құра білді.
Бұдан біз халық шығармашылығының қандай түрі болса да, халық
өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз
байланыста екнін көреміз.
“Халықтың қолөнеріне әдеп-ғұрып жабдықтармен қатар, аң аулауға, мал
өсіруге және егіншілікке қажетті жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі,
ағаш кереует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ алаша, ши, түрлі бау-
басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көнен және илеулі теріден қайыс, таспа
тіліп, өрім өріп қолдан әр алуан ыды-аяқ, адалбақан, асадал, бесік, және
т.б. Көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап,
түрлі нақыштармен әшекелейтін болды.Қолөнерінде көңілге қонымды мәнерлер
мен ондаған қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді.
“Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі,
діни әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-
өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер – халық –
қолөнерінің тамаша туындылары.

1. Жүннен жасалатын бұйымдар

Қырқылған қойдың күзем жүні бірнеше рет тоғытылып, кірінен,
шайырынан тазартып, киіз басылады. Киіз басылатын жүнді шаң
тозаңнан, шөп-шөгірден тазартып, жүннің білтеленіп, құйысқанын жазу
үшін сабаумен сабайды. Жүн сабау ісіне әйелдер мен бірге еркектер
де қатысады. Жүн сабау маусымды және көпке ортақ жұмыс болып
саналады. Жүн сабалап болған соң, “тулақ” шашу деген ырым бойынша
жастар жиналып тамақ ішеді, ойын кешін өткізеді.
Жүн сабау жұмысына керекті заттар – сабау мен тулақ. Сабауды
бұтақсыз түзу талдан, қара мойылдан, майысқсқ теректен, жыңғылдан
маусым – шілде айларында дайындап, қабығын алып кептіреді. Ұзындығы 1
метр 20 сантиметрдей етіп, екі ұшын тегістеп, тұжырады. Сабау жүн
сабаушылардың санына қарай әр кісіде екі-екіден болады. Жүнді екі
сабаумен қос қолдап сабайды. Сабайтын жүннің астына тулақ төселеді.
Ал тулақ деп әдетте өгіздің, сиырдың керіп кептірілген шикі
терісін айтады. Жүн сабау алдында тулақты аздап, сүт бүркіп,
шөптесінге төсеп жібітеді. Олай істемесе кеуіп тұрған тулақ сабауға
шыдамай сынып кетуі мүмкін. Киізді осы сабалған дайын жүннен
басады. Оған оралмаған ақ ши, ыстық су, шелек, шөміш қажет. 4 қанат
шиді екі қатар жарыстыра көктейді немесе шидің шет бауларын
байластырып қояды да үстіне екі қабат жүннен беттестіріле киіз
төселеді. Киіздің екі бетін асты мен үсті немесе киіздің өңі мен
теріскейі дейді.
Шидің үстіне яғни киіздің ішкі бетіне арналған жүн шабақталады,
яғни бұрын шабақталған үлпілдек жүнді шиге салып, екі адам
шыбықпен көпсіте шабақтайды. Шабақтау деп – шабақтап жаймалауды
айтады. Осыдан кейін киіздің оң жағына арналған таза, әдемі жүнді
сол қолымен уыстап алып, шабақталған жүннің үстіне салып отырып,
оң қолын қырымен басып қалып үзіп қалдырады. Үзілген жүн бірімен-
бірі жалғаса, бір тегіс болып төселе береді. Бұл істі бұрыннан
бет тартып машықталған, жүн тартудың шебері деп аталған бір адам
ғана орындайды. Себебі екі-үш адам болса, жүн ала-құла тартылады да
біркелкі шықпайды.
Егер басқалы отырған киіз сырмаққа арналса, онда оның астыңғы
бетіне бозғылт қызыл түсті жүндер шабақталады. Бетіне ең әдемі жүн
тартылады. Сырмаққа арналған киіз жұқа басылады. Егер қалың болса,
сырмақ астарланып сырыла келе өте ауырлап, ыңғайсызданып кетуі
мүмкін. Сөйтіп киіздің үстіңгі беті тартылған соң, жүннің
біркелкілігін байқау үшін тағы да бір-бір рет жүріп өтіп, киізді
алақанмен басып көреді. Жұқа жеріне жүн қосады, қалың жерін
жаймалап жұқартады. Содан кейін қайнап тұрған ыстық суды шелектеп
әкеліп, сүзгімен немесе шөміштің сырт жағымен шашыратып шидің бір
жақ шетінен бастап себелеп құяды. Жоғарыдан шашырап құйылған су өз
салмағымен жүнді басып, шабақталған жүнмен тартылған жүнді біріне-
бірін қосып жабыстырады. Ыстық су жүннің талшықтарын буландырып
жібітеді де, оның өзара кірігіп, тез киізденуіне жағдай жасайды.

2 Киіз басу

Киіз төсеніштер қойдың таза жүнінен басылып, пісіріліп, қарпылып,
бір түсті кесек киіз түрінде бетіне ою-өрнектер салынған гүлді
текемет түрінде , киіздерді біріне-бірін ойыстырып жасаған сырмақ
түрінде кезігеді.
Киіз төсеніштер ішінде сырмақ түрлері: асты-үсті не үсті
шымқай ақ киізбен жабдықталған, бетіне ақ шуда жіппен ғана ою-өрнек
түсіріле сырылған ақ сырмақ. Шымқай ақ киізбен жабдықталған бетіне ақ
, қара, қызыл,сары, көк , жасыл т.б. түсті жіптердің бірінен сыңар
жиек арқылы ою-өрнек түсіріле сырылған ақ сырмақтар. Асты-үстіне,
үсті шымқай қара киізбен көмкерілген , бетіне тек қара шуда жіппен
ғана ою-өрнек түсіріле сырылған қара сырмақ.
Шымқай қара киізбен қапсырылған, бетіне ақ, қара, сары, қызыл,
жасыл, көк түсті жіптердің бір түсінен сыңар жиек арқылы ою-өрнек
түсіріліп сырылған қара сырмақ.
Беті шымқай бір түсті киіз болса да, ортасына бір түсті
жиекпен ою-өрнек түсіріліп сырылған, жақтауы басқа түсті жиекпен, әр
түрлі ою-өрнекпен көмкерілген сырмақтар киіз өңіне қарай ақ немесе
қара сырмақ деп аталады. Бұлай аталу сырмақтың негізгі төсегіне
байланысты. Яғни беті шымқай ақ киіз, бетіне бір түсті матадан
ою-өрнек жапсырылған , ою шеттері бір түсті сыңар жиек жіппен
жиектеліп сырылған ақ сырмақ болса, керісінше беті шымқай қара
киіз болып, оған бір түсті матадан ою-өрнек жапсырылған, ою
шеттері бір түсті жиек жіппен жиектеліп, сырылған қара сырмақ. Кейде
сырмақтың ортасына бір түсті, жақтауына басқа бір түсті матадан
ойылған оюлар жапсырылады да ою шеттері жиектеледі. Киіз сырылады.
Мұндай сырмақтардың үстіне матадан ою жапсырылғанымен киіз өңіне
қарай ақ сырмақ, қара сырмақ деп аталады. Сырмақ киіз өлшемі
пішіліп алынған соң, сол киіз үстіне шақталған бір түсті матаға
басқа түсті матадан ою-өрнек ойылып жапсырылады да, осы матамен
киіз бетін тұтас қаптайды.Сонан соң ою шеттерін қуалай сыңар жиек
жіппен әрі жиектеліп, әрі сырылып шығарылады. Мұндай сырмақ үстіне
тұтас қапталған мата өңіне сәйкес түстеліп аталады.
Қара ала сырмақ. Шымқай ақ, шымқай қара екі түсті киізді
біріне-бірін ойыстыру арқылы шығарылған, түсіне қарай қара-ала сырмақ
аталады. Осы қара ала сырмаққа қазақы қойдың күзем жүні мен қозы
жүнінің шымқай ақ , шымқай қарасы іріктеліп алынады. Сырмақ үшін
арналған жүн тоғытылған қойдан қырқылып, үлпілдете сабалады да, ши
бетіне шабақталады. Осылайша дайындалған жүн басылып шыққаннан кейін
пісірілгенде қалыңдығы шынтақ елі мөлшерінде болады. Сырмақ киізі
қарпылмайды. Ақ, қара екі түсті киізбен жабдықталмаған қара ала
сырмақ ойыстырылуы жағынан бірнеше түрге жіктеледі.
Тұтас ою – сырмақ өлшеміне пішілген ақ, қара киіз оң- теріс (ақ
киіз өңін ішіне, қара киіз өңін сыртына) беттестіріліп, көктеледі.
Осының ақ бетіне бір ұғымды толық беретін ою-өрнек тұтас
түсіріледі де өрнек мәнері үзілместен ойылып шығарылады.
Шеттеп ою – сырмақ өлшеніп пішілген ақ, қара киіз оң-теріс
беттестіріліп көктелген соң бетіне бір ұғымдағы ою-өрнек сызылып ,
ойылады. Ойылған бөлшек сырмақтың ортасына салынады. Ал сырмақтың төрт
жақтауына өлшеніп пішілген ақ және қара киіз оң-теріс
беттестіріліп көктелген соң, жақтаудың ақ бетіне соған лайық бір
ұғымды білдіретін қалаған ою-өрнектің түрі сызылып түсіріледі де
ойылады. Сонда төрт жақтаудағы өрнек мәндері толық бір ұғымды беруі
тиіс.
Кейде екі ұзын жақтауы бір ұғым, ал екі қысқа жақтауы басқа
бір ұғымды білдіретін өрнекте түсіріледі. Ол да жоғарыда
айтылғандай, ортасы бір бөлек, жақтаулары бір бөлек айтылады. Соған
орай шеттеп ою деп аталған. Бұл тұтас оюдан жеңілдеу түседі.
Ортасы қара ала сырмақ. Ортасына ақ және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқы ою - өрнегінің ішкі мәні
Жүн талшығы
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері, бұйымдары
Табиғи талшықтар мен маталар классификациясы
Ұршықпен жіп иіру
Қазақтың ұлттық қолөнер тарихын оқыту әдістемесін зерттеу
Мектепте қазақ қолөнерін үйретудің тәрбиелік мәні және әдістемесі
Тоқыма өнерінің маңызы
Сәндік қолданбалы өнер
Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері
Пәндер