Семіру. Кахексия жайлы


Май тіні мен гипоталамус өзара сигналмен алмасып тұрады. Осыдан адамның тәбеті, тағамның бойға сіңуі, энергияның шығындалуы мен дене салмағының мөлшері байланысты болады.
Дене салмағын реттеуші жүйенің орталық тізбегі болып гипоталамус есептеледі. Оның вентролатералдық ядроларында аштық сезімінің орталығы, ал вентромедиалдық ядроларында тойыну сезімінің орталығы орналасқан. Тойыну сезімінің орталығы тәбеттің орталығына тежеуші әсер етеді. Жануарлардың вентролатералды ядроларын электр ағымымен бүлдіргенде тәбет жоғалып, олар қатты ариды және ашығудан өліп қалады. Ал, олдардың вентромедиалдық ядроларын бүлдіргенде тойыну сезімі болмайды да, олар тамақты көп жеп, қатты семіріп кетеді.
Ішек, әсіресе ұлтабардың гормондары тамақ қабылдауға жауап ретінде өндіріліп, адамның аштық сезімін басады. Ұлтабардың сығындысынан алынған зат осындай әрекет ететіні белгілі болды. Ол зат арэнтерин -деп аталады. Бірақ ол таза күйінде әлі алынған жоқ. Сондай-ақ холецистокиннен де аштық сезімді азайтып, тәбетті төмендетеді. Ол гипоталамустың вентеролатералдық ядроларына тікелей немесе ішек қарын жолдарындағы кезбе нервтің аяқшаларын қоздыру арқылы тежеуші әсер етеді. Біршама аздау болса да осындай әрекет бомбезиннің, соматостатиннің неротензиннің, кортиколибериннің, қан тамырларына белсенді ішектік пептидтің әсерлерінен де байқалады. Олар тойыну сезімінің орталығына әсер етеді. Эндорфиндер мен энкефалиндер және соматолиберин тәбетті ашады. Бұл келтірілген реттегіш заттар ішектерде және орталық жүйке жүйесінде өндіріледі.
Май жасушалары адипоциттер делінеді және олар фибробластардан тарайды. Адипоциттердің сыртқы беттерінде нейромедиаторларды, гормондарды қабылдайтын көптеген қабылдағыштар болады. Солар арқылы адипоциттер денедегі жүйкелік -эндокриндік өзгерістерге өте тез жауап қайтарып тұрады. Содан бұл жасушаларда май түзілуі мен оның ыдырауы аралығында қатаң тепе-теңдік сақталады. Адипоциттер көптеген гормондық заттар өндіріп шығарады:
Цитокиндер (Олардың ішінде қан өндіретін -гемопоездік жасушалардың өсу фактрын) өндіреді, олар сүйек кемігінде жасушалардың өсіп-өнуі мен нақтылануын қадағалайды;
«тоқтық» жағдайда, әсіресе ішкі ағзалардың адипоциттері, май түзілуін тежейтін кхексин (өсіп жоятын фактор-а) өндіреді, ол инсулинге қарсы әсер етеді. Инсулинге тәуелді қантты диабет кезінде осы кахексинді адипоциттер артық шығарады. Ол бауырға, гипоталамусқа әсер етіп, тәбетті төмендетеді және организмде ыдрау үрдістерін күшейтеді;
Семіру барлық зат алмасу бұзылыстарының ішінде ең жиі кездесетіні. Ересек адамдардың 30% -дан 60%-ға дейінгі артық салмағымен көзге түседі. Әйелдердің арасында семіздік ерлерге қарағанда үш есе жиі кездеседі. Жастардың арасында семірудің жиілеп бара жатқаны назар аударарлық. Мәселен, 33% ер адамдардың және 45%әйелдердің арасында семіру 20-35 жас аралығында кездеседі.
Семірудің жіктелуі.
Семіру-организмде триглицеридтердің тым артық жиналып қалуымен көрінетін дерттік жағдай. Ол біріншілік, салдарлық, гипертрофиялық, гиперплазиялық, андроидтық, гиноидтық және араласқан түрлерде болады.
Біріншілік семіру-май тіні мен гипоталамустың арасындағы гормондардың байланыстардың бұзылыстарынан липостаздық нүктенің жоғары көтеріліп кетуімен көрінетін дерттік жағдай. Бұл кезде қабылданған тағамның қуаттық құндылығы оның шығындалуынан басым болып кетеді. Өйткені организмдегі май тіні мен гипоталамустың арасындағы байланыстардың өзгерістерінен адамның тамақ қабылдау тәртібі, жан-дүниесі мен белгілі бір өмір салтты таңдауы өзгереді. Бұндай адамдар тамақты артық ішейін деп ішпейді, бірақ жоғарыда көрсетілген өзгерістердің нәтижесінде тәбеті жоғары болуынан, тойыну сезімінің аздығынан ішеді. Ол май жасушаларында өндірілетін лептиндердің аз өндірілуінен болады. Сонымен, біріншілік семіруді өз бетінше жүйкелік -эндокриндік дерттік жағдай деп қарастыру қажет.
Салдарлық семіру-бастапқы кездерінде адипоциттер мен гипоталамустың арасындағы байланыстарының қалыпты жағдайында организмде энергия шығындалуы азаюына және майлардың жиналуына әкелетін дерттік бұзылыстардың болуы салдарынан дамитын синдром. Ол әртүрлі эндокриндік аурулардың нәтижесінде байқалады.
Гипертрфиялық семіру-май жасушаларының жалпы саны өзгермей олардың іштеріндегі май тамшыларының көлемі ұлғайып кетуімен көрінеді. Қалыпты жағдайда олардың көлемі 0, 3 мкл шамасында болса, гипертрофиясы кезінде 1, 0 мкл-ге дейін ұлғаяды. Содан адипоциттердің көлденең диаметрі үлкейеді.
Гиперплпзиялық семіру-май жасушаларының жалпы саны қалыптыдан көбейіп кетуімен көрінеді. Бұл кезде дененің салмағы өте үлкен мөлшерлерге жетуі мүмкін. Семірудің бұл түрі, гипертрофиялық түріне қарағанда, тым ерте жағдайда байқалады. Ол іштегі бала туылмай тұрып және емшектегі балалық шақ кездерінде кездесуі ықтимал. Бұл түрінің дамуына тұқымқуалаушылықтың маңызы өте зор.
Андроидтық семіру-майдың дененің жоғары бөліктеріне, іште және іш құрылыстарында жиналуы. Ол еркектерге тән семіру.
Гиноидтық семіру-майдың бөкседе, жамбаста, санда және дененің төменгі жақтарында, негізіненәйелдерге тән жиналуы. Өйткені еркектер мен әйелдердің жыныстық гормондары май тінінің әр-түрлі бөліктерінде а 2 -катехоламиндік рецепторлардың бөлінуіне әрқилы әсер етеді. май тінінің әр-түрлі бөліктерінде әр-түрлі гормондар өндіріледі. Гиноидтық семіру жартылай гиперплазиялық түрде болады. Сондықтан оны емдәммен емдеу онша нәтижелі болмайды.
Араласқан семіру-андроидтық және гиноидтық түрлері біріккен түрде кездеседі және андроидтық түрге тән атеросклероз және оның асқынуларына көтеріңкі қауіп-қатер сақталады. Сонымен қатар майдың ішкі ағзаларда және тері сатында жиналуларын ажыратады. Бұлай семіруді висцералдық семіру дейді. Ол андроидтық семірумен қабаттасады және ішкі ағзалардың қызметтерінің екіншілік бұзылыстары дамуына ауыр қатер төндіреді. Өйткені ішкі ағзалардың май жасушалары катехоламиндердің әсерлеріне өте сезімтал болып келеді және инсулинге қарсы әсер ететін кахексинді көбірек болып шығарады. Сондықтан толық науқас адамдарда осы адипоциттер инсулинге төзімділік дамуына үлкен үлес қосады.
Гиперплазиялық, андроидтық және висцералдық семірулер гиноидтық, гипертрофиялық, теріастылық семірулерге қарағанда, организм үшін зияндырақ екенін көрсеткен жөн.
Семіруден алдын-ала сақтандыру мен емдеу тәслдерінің негіздері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz