Банк менеджменті, оның мазмұны және ерекшеліктері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 тарау. Банк менеджменті, оның мазмұны және ерекшеліктері
1.1. Банктік менеджменттің мәні, түрлері және
негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру . банк менеджментінің
негізгі мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджмент ... ... ... ... ... ...

2 тарау. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалында банк менеджментін талдау
2.1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.ның басқару жүйесін
сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.ның менеджментін талдау ... ... ... ..

3 тарау. Банк менеджментін жетілдіру
3.1. Банк менеджментін ұйымдастырудың шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2. Стратегиялық банк менеджментін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ...
3.3. Банк менеджментін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің экономикаға тигізетін әсері зор. Олар нарықтық қатынастарды дамыта отырып, мемлекеттің экономикасын дамытады және жандандырады.
Сондықтан коммерциялық банктердегі менеджмент бүкіл банктің дамуын, оның болашақтағы табысы мен алатын орнына қатысы бар.
Дамыған елдерде банктік менеджментті өндірістің тиімділігін көтерудегі маңызды факторларға жатқызады.
Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарланумен қатар, олардың менеджменттік, маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Жалпы айтқанда, «Менеджмент» деген ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі. Осыған байланысты банктік менеджмент деген сөз, банктің және оның ұжымының қызметтерін ұйымдастыру және басқару жүйесі деуге болады.
Қазақстан Республикасындағы банк секторының дамуы нарықтық механизмінің ең табысты және тұрақты элементтерінің бірі болып табылады. Біздің банк жүйеміз ТМД елдерінің ішінен алдыңғы қатарлы деп саналып, Ресейдің банк жүйесінен кейбір көрсеткіштер бойынша озып шығады. Сондықтан банк менеджментінің проблемаларын ашып көрсету өзекті болып саналады.
Банк менеджменті басқарудың ерекше ортасы ретінде тек дамыған нарықтық экономика жағдайында ғана пайда болады. Банк операцияларының өркениетті елдерде қабылданған деңгейге дейін жетуі келесі қызметтердің болуымен сипатталады: бағалы қағаздармен, несиелік карточкалармен, валютамен жүргізілетін операциялар, басқа банктер мен коммерциялық құрылымдардың акцияларын тарату мен үнемдеуге көмектесу, клиенттерге олардың қаражаттарын рационалды түрде салуға, инвестициялық жобаны бағалауға көмектесу, лизинг, факторинг басқа да қызметтер. Нарықтық экономика несиелік мекемелер арасындағы қаржылық нарықтағы нақты бәсекеге негізделген, кәсіпорындарды мемлекеттік қаржыландыруға көшетін, инфляцияға әкелетін, нақты инвестициялық жобалар мен бизнес – жоспарларды нарықтық механизммен несиелендіру, жаңа тауар массасын құруға көзделген банк менеджментісіз болуы мүмкін емес.
1991 жылы Қазақстан халқының тарихи тағдырында өзгерістер болды. Ел нарықтық экономикалық қайта құрулар жолында халық бірлігіне, әлеуметтік әділеттілігін және қоғамның барлық күштерінің бірігуінің принциптеріне негізделген тәуелсіз, егеменді мемлекет құруға бет алды. Бұл баламасы жоқ, революциялық қадам болды: социалистік әкімшіл - әміршіл басқару негізінде экономикаға пара – пар жаңа шаруашылық жүйесін құру.
14 жыл ішінде егеменді Қазақстан терең экономикалық дағдарысты және сонымен байланысты халықтың өмір сүру деңгейін елеулі төмендететін барлық қызметтер мен тауарлар бағаларының күрт өсуі, бұрын байқалмаған жұмыссыздықты басынан кешірді.
«Бүгінгі таңда көптеген қиыншылықтар артта қалды» деп қанағатпен айтуға болады. Реформалардың таңдалған бағыттарын тұрақты сақтаудың нәтижесінде дағдарыс бағындырылды. Соңғы жылдарда өнеркәсіптік және ауылшаруашылықтық өндіріс көлемінің өсуі байқалды; жекеленген кәсіпорындар өздерінің өндірістік күш – қуатын қайтадан қалыптастыруда; шағын және орта бизнес дамуда; басқа да өмірлік маңызы бар орталарда жұмыстар жақсартылуда. Осыған байланысты төлем балансының оң сальдосына қолымыз жетті, инфляция деңгейі біршама төмендеді, ұлттық валюта – теңгенің бағамы тұрақталынды, мемлекеттің қаржылық жағдайы жақсарды. Нарықтық инфрақұрылым жетілдірілгендіктен ақша – несие операцияларында, банктік жүйесінде банк менеджментінің қажеттілігі артты.
Бұл жұмыстың мақсаты болып дамудың қазіргі кезеңінде банк менеджментінің дамуын көрсету болып табылады. Жұмыстың обьектісі - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Ал диплом жұмысының тапсырмалары – банк менеджментінің түсінігін қарастыру, шетел мемлекеттеріндегі банк менеджментінің ұйымдастыру шарттарын анықтап, тәжірибесін үйрену, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалында банк менеджментін талдау ретінде қойылған.
Бірінші бөлімде банк менджментінің мәні мен ерекшеліктері қарастырылады.
Екінші бөлімде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның басқару жүйесі мен банк менджментінің ұйымдастырылуы туралы баяндалады.
Үшінші бөлімде банк менджментінің шетелдік тәжірибесі зерттеледі. Сонымен қатар банк менеджментін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар бар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Банковское дело. Под ред. О.И.Лаврушина. Издание второе, переработанное и дополненное. Москва «Финансы и Статистика», 2000.
2. Банковское дело/ Под ред. д-ра экон.наук Г.С. Сейткасымова. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.
3. Банковское дело: Стратегическое руководство. – Под ред. В. Платонова, М. Хиггинса. – Издательство АО «Консалтбанкир», 1998.
4. Банковская система за десять лет независимости. Авторский коллектив под руководством Н.К. Абдулиной. Алматы 2001.
5. Волынский В.С. Кредит в условиях современного капитализма. – М.: Финансы и статистика, 1992.
6. Голубович А.Д., Ситник А.В., Хенкин Б.Л. Управление банком. – М.: 1992.
7. Долан Э.Д; Колин Д и Розмари Дж.Кэмпбеллы. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. – М.: СПб, 1994.
8. Капиталистическая система управления банком: сокращение издержек, минимизация риска, система мотивации всех подразделений. Повышения эффективности работы банка с помощью технологии Business Unit Management // Лунин В.Г.// Банки Казахстана, №9 2004.
9. Колесников А.И. Банковское дело. 1993, СПб
10. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы/ - Алматы: Экономика, 2000.
11. Менеджмент банков: Организация, стратегия, планирование М: 1997.
12. Миловидов В.Д. Современное банковское дело (Опыт США). – М.: 1992.
13. Мотовилов О.В. Банковское и коммерческое кредитование и финансирование инноваций. СП-Б, 1994.
14. Некоторые аспекты современного кадрового менеджмента в банке// Лисак Б.И.// Банки Казахстана №2 2002.
15. Некоторые аспекты упраыления персоналом и банковское образование// Захаров В.С. // Банки Казахстана №3 2004.
16. Роджер Лерой Миллер, Дэвид Д. Ван-Хуз. Современные деньги и банковское дело: Пер. с англ. – М.: ИНФРА-М,2000.
17. Риск-менеджмент и управление ресурсами коммерческого банка //Смирнов А.В. //Банки Казахстана №11, 2002.
18. Саниев М.С. Ақша, Несие, Банктер. Оқу құралы – Алматы: Алматы экономика және статистика институты, 2001.
19. Сарчев А.М. Ведущие коммерческие банки в мировой экономике. – М.:Финансы и статистика, 1992.
20. Современный маркетинг. Под ред. В.Е. Хруцкого. – М.: Финансы и статистика.
21. Взгляд с Севера // Четвериков В.//Эксперт-Казахстан №5 (31) от 14 марта 2005 года.
22. www.halykbank.kz.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 тарау. Банк менеджменті, оның мазмұны және ерекшеліктері
1.1. Банктік менеджменттің мәні, түрлері және
негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..
1.2. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру – банк менеджментінің
негізгі
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
1.3. Коммерциялық банктердегі қаржылық
менеджмент ... ... ... ... ... ...

2 тарау. Қазақстан Халық Банкі АҚ мысалында банк менеджментін талдау
2.1. Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның басқару жүйесін

сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның менеджментін талдау ... ... ... ..

3 тарау. Банк менеджментін жетілдіру
3.1. Банк менеджментін ұйымдастырудың
шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2. Стратегиялық банк менеджментін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ...
3.3. Банк менеджментін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің экономикаға
тигізетін әсері зор. Олар нарықтық қатынастарды дамыта отырып, мемлекеттің
экономикасын дамытады және жандандырады.
Сондықтан коммерциялық банктердегі менеджмент бүкіл банктің дамуын,
оның болашақтағы табысы мен алатын орнына қатысы бар.
Дамыған елдерде банктік менеджментті өндірістің тиімділігін көтерудегі
маңызды факторларға жатқызады.
Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын
қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарланумен қатар, олардың менеджменттік,
маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Жалпы
айтқанда, Менеджмент деген ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі.
Осыған байланысты банктік менеджмент деген сөз, банктің және оның ұжымының
қызметтерін ұйымдастыру және басқару жүйесі деуге болады.
Қазақстан Республикасындағы банк секторының дамуы нарықтық механизмінің
ең табысты және тұрақты элементтерінің бірі болып табылады. Біздің банк
жүйеміз ТМД елдерінің ішінен алдыңғы қатарлы деп саналып, Ресейдің банк
жүйесінен кейбір көрсеткіштер бойынша озып шығады. Сондықтан банк
менеджментінің проблемаларын ашып көрсету өзекті болып саналады.
Банк менеджменті басқарудың ерекше ортасы ретінде тек дамыған нарықтық
экономика жағдайында ғана пайда болады. Банк операцияларының өркениетті
елдерде қабылданған деңгейге дейін жетуі келесі қызметтердің болуымен
сипатталады: бағалы қағаздармен, несиелік карточкалармен, валютамен
жүргізілетін операциялар, басқа банктер мен коммерциялық құрылымдардың
акцияларын тарату мен үнемдеуге көмектесу, клиенттерге олардың қаражаттарын
рационалды түрде салуға, инвестициялық жобаны бағалауға көмектесу, лизинг,
факторинг басқа да қызметтер. Нарықтық экономика несиелік мекемелер
арасындағы қаржылық нарықтағы нақты бәсекеге негізделген, кәсіпорындарды
мемлекеттік қаржыландыруға көшетін, инфляцияға әкелетін, нақты
инвестициялық жобалар мен бизнес – жоспарларды нарықтық механизммен
несиелендіру, жаңа тауар массасын құруға көзделген банк менеджментісіз
болуы мүмкін емес.
1991 жылы Қазақстан халқының тарихи тағдырында өзгерістер болды. Ел
нарықтық экономикалық қайта құрулар жолында халық бірлігіне, әлеуметтік
әділеттілігін және қоғамның барлық күштерінің бірігуінің принциптеріне
негізделген тәуелсіз, егеменді мемлекет құруға бет алды. Бұл баламасы жоқ,
революциялық қадам болды: социалистік әкімшіл - әміршіл басқару негізінде
экономикаға пара – пар жаңа шаруашылық жүйесін құру.
14 жыл ішінде егеменді Қазақстан терең экономикалық дағдарысты және
сонымен байланысты халықтың өмір сүру деңгейін елеулі төмендететін барлық
қызметтер мен тауарлар бағаларының күрт өсуі, бұрын байқалмаған
жұмыссыздықты басынан кешірді.
Бүгінгі таңда көптеген қиыншылықтар артта қалды деп қанағатпен айтуға
болады. Реформалардың таңдалған бағыттарын тұрақты сақтаудың нәтижесінде
дағдарыс бағындырылды. Соңғы жылдарда өнеркәсіптік және ауылшаруашылықтық
өндіріс көлемінің өсуі байқалды; жекеленген кәсіпорындар өздерінің
өндірістік күш – қуатын қайтадан қалыптастыруда; шағын және орта бизнес
дамуда; басқа да өмірлік маңызы бар орталарда жұмыстар жақсартылуда. Осыған
байланысты төлем балансының оң сальдосына қолымыз жетті, инфляция деңгейі
біршама төмендеді, ұлттық валюта – теңгенің бағамы тұрақталынды,
мемлекеттің қаржылық жағдайы жақсарды. Нарықтық инфрақұрылым
жетілдірілгендіктен ақша – несие операцияларында, банктік жүйесінде банк
менеджментінің қажеттілігі артты.
Бұл жұмыстың мақсаты болып дамудың қазіргі кезеңінде банк
менеджментінің дамуын көрсету болып табылады. Жұмыстың обьектісі -
Қазақстан Халық Банкі АҚ. Ал диплом жұмысының тапсырмалары – банк
менеджментінің түсінігін қарастыру, шетел мемлекеттеріндегі банк
менеджментінің ұйымдастыру шарттарын анықтап, тәжірибесін үйрену,
Қазақстан Халық Банкі АҚ мысалында банк менеджментін талдау ретінде
қойылған.
Бірінші бөлімде банк менджментінің мәні мен ерекшеліктері
қарастырылады.
Екінші бөлімде Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның басқару жүйесі мен банк
менджментінің ұйымдастырылуы туралы баяндалады.
Үшінші бөлімде банк менджментінің шетелдік тәжірибесі зерттеледі.
Сонымен қатар банк менеджментін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар бар.

1 тарау. Банк менеджменті, оның мазмұны және ерекшеліктері
1.1. Банктік менеджменттің мәні, түрлері және негізгі бағыттары
Қазақстанда 1996 жылдың аяғына қарай банк жүйесінің кризисі пайда
болды. Банктің капиталының жеткіліктілігінің 20-25% төмен коэффициентте
болды және 13 банкте теріс капитал болды. Бұл мағлұматтар банктің пайда
болған жағдайда дұрыс бағыт таба алмағандығын және банк менеджментінің
әдістерін білмегендігін көрсетеді.
Дамыған елдерде банктік менеджментті өндірістің тиімділігін көтерудегі
маңызды факторларға жатқызады.
Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын
қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарланумен қатар, олардың менеджменттік,
маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Тікелей
айтқанда, Менеджмент деген ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі.
Осыған байланысты банктік менеджмент деген сөз, банктің және оның ұжымының
қызметтерін ұйымдастыру және басқару жүйесі деуге болады.
Банк менеджментінің негізгі мақсаты басқарудың ең оңтайлы жүйесін
қолданып, пайда табу. Бірақ, бұл банк менеджментінің жалғыз ғана мақсаты
болуға тиіс емес. Пайда табуға тырысумен қатар, менеджмент қоғамдық тұтыну
қажеттігін қанағаттандыруға тырысуы керек. Бұл банктің халыққа керекті
тауарларды өндіру және қызметтерді көбейтуге көмек көрсетуі керек деген
сөз.
Банктік менеджменттің басты бағыты - банктердің активтері мен
пассивтерін, оның меншікті қаржысын басқару және де банк қызметіндегі
қауіптерді азайту болып табылады. Соңғы айтылған сөйлемнің маңызы зор.
Өйткені, қауіп банктің қызметімен әрқашан да қатар жүреді. Жоғарғы
деңгейде пайда табу, әрқашан да, жоғарғы деңгейде тәуекелдікпен байланысты.
Көп пайда табудың мүмкіншілігі өскен сайын, қауіптілік те өседі. Банк
менеджменті осындай жағдайда қауіп пен пайданың өзара қатынасының ең
оңтайлысын табу керек.
Банк менеджментінің негізін қалаушы жағдай – ала қойған мақсатын
анықтау және де оған жетудің керекті құралын дұрыс сайлау.[1]
Банк менеджменті банктік сферадағы персоналды басқару мен банк ісін
басқарудың ғылыми жүйесін білдіреді. Ол банк ісін жүргізгендегі тәжірибелі
ғылыми басқарудың әдістеріне негізделген. (Кесте - 1)
Банк қызметі ойлаудың ерекшеліктері мен қызметкерлердің жүріс-тұрысын
анықтайтын арнайы бизнес сферасын көрсетеді, ал ол міндетті түрде банк
менеджментінде көрсетіледі.
Банк менеджментінің құрамы перспективті және ағымдық жоспарлаудан,
талдау, реттеу және бақылаудан тұрады.

Кесте - 1. Банктік менеджмент мазмұны
Тапсырмалар Шешілетін есептер мазмұны
Банктік саясат 1. Басты тапсырманы қою, банктік өмірдің
негізгі мақсатын ерекшелеу
2. Кешенді бағдарламасы және жобаны өңдеу,
банктің негізгі мақсатына жетудегі жетістігін
қамтамасыз ету
3. Банктік қызметті басқару әдістемесін өңдеу
4. Банктің ұйымдық құрылымын өңдеу банктік
саясаттың дамуына сәйкес таңдалған
5. Банк персоналын басқару стратегиясы:
- персоналдың аймақты ұйымдастырылған жұмысы;
- персонал жұмысының тиімділігін анықтау аймағы;
- персоналдың мотивизация аймағы;
- персоналдың инновациялық жаңашыл потенциялы
аймағы;
- персоналдың өсу аймағы.
Банктік маркетинг Банк қызметі потенциалдық рынокта қызмет етуін
бекіту
2. Нақты рынокта таңдау және банк клиенттерінің
қажеттілігін айқындау
3. Ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарды даму үшін
бекіту және банктік қызметтің жаңа түрін құру
4. Тәжірибеге қызмет көрсетудің жаңа түрін
енгізу және банктің бағдарламасын таратуды бақылау
Банктік өнімді 1. Жағдайдың өзгеру әдісін, қасиетін, ақшалай
құру қаржы формасын, банктік қызмет процесі кезінде
өңдеу, банктің потенциалды клиенттерінің
қажеттіліктерін қанағаттандыру
2. Клиенттерді қамтамасыз етуде жаңа банктік
технологияны енгізу
Банктің клиенттік 1. Нарықтық сегментте назар аударатын клиент
базасын тобына (шаруашылық субъектісі, мемлекеттік мекеме,
қалыптастыру, сатужеке тұлға) банк қызметінің қасиетін бекіту
қызметінде позициясы (несие, операциялық инвестиция, трасттық)
клиенттерге қызмет
көрсету
2. Жаңа рынокта банктік қызметтерді жеңіп алу
3. Бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы, банктің
ресурстық базасын дамыту, қосымша табыс әкелетін
ақшалай ағымды құру
4. Табысты алу
Экономика және 1. Қордың өсуі
қаржы
2. Табыс пен ыдыратушылықты басқару
3. Басқару максимизациясын марапаттау
4. Банктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету
5. Қаржылық шешімді тұрақтау
6. Банк қалдығын басқару
Ақпараттық – 1. Ақпараттық – аналитикалық жоспарлау жүйесін
аналитикалық құру және қаржылық операцияларды тарату
қамтамасыз ету
Әкімшілік 1. Банктің ұйымдық құрылымын келтіру,
персоналды сәйкес келетін банктің даму стратегиясына
бөлу және біліктілігін көтеру.
Ескерту-автормен құрастырылған: Банковское делоПод.ред. д-ра экон.
наук Г.С. Сейткасымова.-Алматы: Қаржы-қаражат,1998. негізінде жасалған.

Жоспарлау арқылы банктер перспективаға мақсат, сфера, масштаб және
қызметтің нәтижелерін құрайды, оларды құралу көздермен және шығындармен
өлшейді, салыстырады. Бұлардың бәрі қызметкердің жұмыс істейтін шекарасын
анықтайтын ағымды және перспективті жоспар-болжауларды құрудың көмегімен
іске асырады.
Жиынтық көрсеткіштердің көмегімен банк қызметінің барлық тараптары
өзара байланысады, ақша нарығындағы бәсекелестік шарттарға байланысты жаңа
сфераны іздеудің бағыттары мен қызметтерінің әдістері анықталады.
Банктің барлық бөлімшелерін қамтитын және банктің дамуының жалпы және
локальды перспективасын анықтайтын жоспарлаудың нәтижесі банктің бизнес
жоспарын құру, сонымен қатар жеке бағыттар, яғни: несиелік, депозиттік,
пайыздық, кадрлық, инвестициялық және басқа саясат бойынша оперативті
жоспарлар құру болып табылады.
Талдау банктің қызметтерін жалпы және жеке бағыттар бойынша бағалау
үшін өткізіледі. Ол нақты орындалған нәтижелерді болжанған нәтижелермен
салыстыру арқылы іске асырады. Талдаудың материалдары банктің дамуындағы
кері және оң тенденцияларын, қолданбаған резервтерді, жоспардағы
жетіспеушіліктерді және шешім қабылданғандағы дұрыс емес шешімдерді
шығаруға көрсетеді.
Белгілі ракурста өткізілген баланстың мәндерінің талдауы банктің
жиынтық аналитикалық жұмыстардың негізін құрайды. Талдаудың басты бағыттары
болып табылады:
- Банк қызметтерінің көлемді көрсеткіштерінің динамикасын
бағалау. Оған активтер, депозиттер, банктің меншікті капиталы,
несиелер, пайда жатады. Бұл бағалау басқа банктердің аналогтық
көрсеткіштерімен салыстыру арқылы өткізіледі. Ол қазақстандық
коммерциялық банктердің жүйесінде осы банктің қай орнын
алатынын көруге мүмкіндік береді. Осындай аналитикалық
жұмыстардың нәтижесі нақты банктің даму стратегиясын дайындауға
көмек береді;
- Ресурстық базаны бағалау: көлемі, құрылымы және оның құрамды
бөліктерінің дамуының негізгі тенденциялары (меншікті капитал,
депозиттер, банкаралық несие). Талдау банк ресурстарының жеке
баптарын классификациялау, құрылымдық көрсеткіштерді есептеу,
оларды динамикада және басқа банктердің көрсеткіштерімен
салыстыру негізінде жүзеге асырылады. Ресурстық базаны бағалау
банктің депозиттік саясатын жасау үшін қолданады;
- Банктің өтемпаздығын бағалау қаржылық коэффициенттерді есептеу
негізінде, оларды динамикада критериалды деңгейлермен
салыстыру, көрсеткіштердің деңгейінің өзгеруіне әсер еткен
факторларды көру үшін жасалынады. Талдаудың материалы
өтемпаздықты басқару ауданында банктің стратегиясын және
тактикасын анықтауға көмек береді;
- Банктің табыстылығын бағалау баланстың мағлұматтарын бағалау
және пайда мен шығындардың есептемесі негізінде іске асырылады.
Талдау кезінде банктің пайдалылығы мен табыстылығын білдіретін
сандық және сапалық көрсеткіштердің жүйесі, активті қолдану
тиімділігі, банктің табысы мен шығысының құрылымы есептелінеді.
Осы талдаудың негізінде банктің пайдалылылығын басқару
механизмі жасалынады;
Жиынтық аналитикалық көрсеткіштердің бағыттарымен қатар коммерциялық
банктер жеке бағыттар бойынша банктің несиелік портфелін талдау, бағалы
қағаздар портфелін талдау, клиенттің несиелік қабілетін талдау, меншікті
капиталдың жеткіліктілігін талдау және т.б. аналитикалық жұмыстар жүзеге
асырылады. Көрсетілген аналитикалық жұмыстардың материалдары банк тәуекелін
басқару облысында саясатты жасау үшін қолданылады.
Банк менеджмент жүйесіндегі реттеу коммерциялық банктерді мемлекеттік
қадағалаумен берілген шарттардың ерекшелігімен анықталынады. Банк қызметі
өзге ақшаларды қамтып, тәуекелі көп болатындықтан мемлекеттік реттеу
банкті лицензиялауға қағидалы талаптар қатарын, олардың қызметтерінің
сферасын шектеу, капитал жеткіліктілігін, өтемпаздығын міндетті резервтер
құрауын қарастырады.
Осы байланыста өзін -өзі реттеу жүйесі, яғни банк ішіндегі реттеу
бірінші кезекте мемлекеттік қадағалау органдарымен бекітілген міндеттер мен
нормативтерді орындауға бағытталады. Банк ішінде реттеу жүйесі келесі
дербес бағыттардан тұрады:
• Банктің ұйымдастырушылық құрылымын жаңарту, яғни банктің болашақтағы
дамуын қамтамасыз ету үшін ескі бөлімшелерді жаңарту және жаңаларын
ашу, мысалы, жоспарлау және маркетинг ревизиондық және аналитикалық
қызмет бөлімдері;
• Банктік қызметті басқару сапасын көтеретін шешім қабылдау
процедурасын, нұсқаулық және методикалық материалдарды жасаумен
жаңарту;
• Нақты қалыптасқан жағдайды еске ала отырып, бантік саясатты жүзеге
асырудың әдістері, мақсаттары мен басымдылықтарын дұрыстау;
• Қызметтің жеке бағыттары бойынша тәуекелдің көлемін шектеу бойынша
немесе тәуекелден қорғау үшін қосымша кепілді жүйе құрау бойынша нақты
өлшемін қабылдау;
• Кадрлық саясатты, персоналды оқыту жүйесін, банкішіндегі бақылауды
ұйымдастыруды жаңарту;
Банктік қызметті бақылау ішкі және сыртқы болып 2-ге бөлінеді:
Сыртқы бақылау Ұлттық Банкпен және сыртқы аудиторлармен жасалынады.
Банк ішіндегі бақылауды банк ұйымдастырады. Банк ішіндегі бақылау банк
менеджментінің бөлігі болып табылады. Оның функцияларын менеджерлер өз
өкілеттілігі бойынша және ішкі аудит органдары орындайды. Банктің
жұмысындағы жетіспеушілік пен кері тенденцияларын табу үшін құрылатын жедел
жүйені құру және оларды жою үшін әрекет жасау банк ішіндегі бақылаудың
басты мақсаты болып табылады.
Сыртқы және ішкі бақылаудың арақатынасы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің нормативтік актілері мен заңдылықтарын, банкаралық
ережелерді, сыртқы бақылаушы органдардың жазылымдарын орындаудан тұрады.
Банк менеджментінің құрамы басқару сферасының жұмысында нақты көрініс
табады. Банк менеджментінің сферасы 2 блоктан тұрады: қаржылық менеджмент
және персоналды басқару.
Қаржылық менеджмент ақшалай өнімдердің қозғалысын басқарудан, нақты
банктің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оны құралудан және
орналастырудан тұрады. Қаржылық менеджменттің негізгі бағыттары болып
табылады:
❖ Банк қызметінің жеке сфералары бойынша нақты банктік
саясатты жасау (депозиттер, несиелер, қызмет көрсетулер,
инвестициялар және т.б.);
❖ Банктік маркетинг;
❖ Активті басқару;
❖ Пассивті басқару;
❖ Өтемпаздықты басқару;
❖ Табыстылықты басқару;
❖ Меншікті капиталды басқару;
❖ Несиелік портфелдерді басқару;
❖ Банктік тәуекелді басқару.
Бірыңғай банктік жүйе шегінде банк процедурасын ұйымдастыру мен
экономикалық процесстерді басқарудың біркелкілік технологиясының болмауы
қаржылық менеджменттің ерекшелігі болып табылады. Әр банк ақша нарығында
өзінің жеке стратегиясын және тактикасын жасайды; тұрақты өзгеріп тұратын
экономикалық жағдай банк ісін жүргізудегі қалыптасқан әдістерді жаңарту мен
түзетуді талап етеді.
Банк менеджментінің екінші сферасы – персоналды басқару банк
қызметкерлерінің тәжірибесіне және білімді оңтайлы пайдалануға
бағытталынады. Ол еңбекті мотивациялаудан, кадрларды орналастырудан,
қызметкерлердің еңбегін ұйымдастырудан, кадрларды дайындау мен қайта
дайындау жүйесінен, еңбекті төлеу механизмінен, ынталандыру мен көтермелеу
қызметі бойынша көтерілу жүйесінен, бақылау ұйымынан, ұйымда араласу
қағидаларынан тұрады. Персоналды басқарудың ғылыми негізі болып психология
және іскерлік этика табылады, олардың көмегімен әр жұмыскерге деген
тәсілдемені дифференциациялауға, жұмыс карьерасын жоспарлау мен материалды
және моральды ынталандыруды ұйымдастыруға болады.
Шетел тәжірибесінде банкті басқару сапасына үлкен көңіл бөлінеді,
себебі оған нақты банктің және жалпы банк жүйесінің сапасы тәуелді.
Көп көңіл бұрыс менеджменттің факторларын табуға бөлінеді, оған
басшылық пен қызметкерлердің жеткіліксіз құзірет әсерінен болатын басқару
процесіндегі техникалық қателер, банкте қалыптасқан қиын қаржылық
жағдайларды әрекетті көлегейлеу, есептемені бұрмалау, тікелей алдау мен
алаяқтық жатады. Уақытында табылған бұрыс менеджменттің факторларын
мемлекеттік құзірет органдары анықтап, осындай банктерге әсер ете алады,
тіпті басшылықты жұмыс орнынан босатуға, банкті таратуға дейін барады.
Банк менеджментінің құрамы сонымен бірге банктік ұйымдардың қағидаларын
ашады. Банкті ұйымдастыру қағидаларымен оның жұмысын ұйымдастырудың
бастапқы жағдайлары, олардың функциялары мен операцияларын орындау
түсіндіріледі.
Функцияналдық қағида банкті ұйымдастырудың басты қағидасы болып
табылады. Банк ірі несиелік мекеме болып табылатындықтан оның басқару
аппараттарында несиелік бөлімшелер болуы керек, өйткені банк қолма-қолсыз
есеп айырысумен айналысады, сонымен қатар оның құрамына операцияларды
басқару кіреді. Банктің масштабы, функциялары және операциялары банктің
басқару жүйесін құрауды анықтайды.
Банкті ұйымдастырудың келесі қағидасы - оның жеке бөлімшелерінің
билікті өкілеттерінің иерархиясы. Биліктің 2 эшелоны бар. Бірінші эшелонға
банктің Басқармасы мен Кеңесі, ревизиондық комиссия мен несиелік комитеті
жатады. Ревизиондық комиссия банктің жұмысын басқарудан тұрады. Мысалы,
банкте және оның бөлімшелерінде шығыстар сметасын орындау және т.б.
Несиелік комитет банктің дербес бөлімшесі болып табылмайды, оның құрамына
банк бөлімшесінің лауазымды тұлғасы, сонымен қатар банктің Кеңесімен
бекітілген кандидатуралар кіреді. Комитет басқарушылық шешімдердің
сапасының жақсаруы мен деңгейінің көтерілуіне жауап береді; несиелік
операциялар сферасында стратегияны анықтау несие саясаты үлестіреді және
қағидалы сұрақтар бойынша шешім қабылдайды. Комитет өз қызметінде несиелік
операцияның дамуының стратегиялық және тактикалық міндеттерін анықтайды,
несиелік операцияларды есептеу мен жүргізу бойынша негізгі нормативті-
методикалық құжаттарды қарастырады, банктің филиалына қаржылай көмек беру
туралы, ірі несиені беру туралы шешім қабылдайды, несиелік операциялар
бойынша пайыздық мөлшерлемелердің деңгейін бекітеді.
Президенттік сарапшы кеңесі биліктің бірінші эшелонына жатады, бірақ
ешқандай биліктік өкілеттігі жоқ. Оған білімнің әртүрлі салаларының
өкілдері кіреді. Сарапшы кеңес экономиканы дамытудың ірі сұрақтары бойынша,
банктің және мемлекеттің саясаты бойынша консультация береді,
пропорционалды даму концепциясын жасағанда іске араласады, ғылыми шара
дайындауға, персоналдық квалификациясын жоғарлатуды ұйымдастыруға көмек
көрсетеді.
Банктің бөлімшелерінің бағынышты жүйеде екінші эшелонға банктің
клиентіне қызмет көрсететін барлық басқарма мен бөлімшелер және барлық
службалар жатады (әкімшілік-шаруашылық бөлім, заңды бөлім, кадрлар бөлімі
және т.б.).
Банктің жұмысын ұйымдастыру басқа қағидаларға да сәйкес келу керек –
қойылған мақсатқа сәйкес келу қағидасы. Банктің мақсаты өзімізге белгілі
максималды пайда табу болып табылады. Сондықтан кез-келген банктің жұмысы,
банктің табысы әрқашан шығыстан жоғары болатындай ұйымдастырылуы қажет. Бұл
жаңа клиенттерді тартумен, банктік операцияларды орындаумен және т.б.
айналысатын басқару аппаратының қызметкерлердің топтарымен жүзеге асырылуы
банк үшін сыртқы орта шартын сәйкес және банктің жақсы қызмет істеуін
қамтамасыз ететің ұйымдастырушылық құрылымын құру өте маңызды.
Басқарудың оңтайлы қағидасы банктің дамуын қамтамасыз етуін білдіреді.
Мысалы, жаңа қызмет көрсетулерді енгізу, нарықты зерттеу, шығындарды
қысқарту және т.б.
Банкті ұйымдастыру жүйесі бақылауды ұйымдастыру қағидасына сәйкес келу
керек. Мұнда міндетті элементі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің
нормаларына сәйкес операцияның заңды орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін
ішкі және сыртқы аудит болып табылады.
Банк бөлімшелерінде ішкі бақылауды қамтамасыз ету қағидасы
қызметкерлердің қызметтерін регламенттеу арқылы іске асырады. Ол үшін
банктер белгілі нұсқамалары болады. Мысалы, жарғы, бөлімшелер мен службалар
туралы ереже, лауазымды нұсқаулықтар. Банктің барлық жұмыстары құжаттарда
көрсетілген ережелерді орындауы және өз міндетін орындауы керек.
Сонымен қатар банк несиелік мекемені және тұрақты қамтамасыз етуде
шешім қабылдау үшін жедел және жеткілікті информациясы, оны жаңа
тәсілдермен өңдеуі керек.
Дамыған мемлекеттерде менеджмент өндірістің тиімділігін көтеретін
маңызды факторлардың біріне жатады. Менеджменттің негізгі мақсаты –
басқарудың ең рационалды жүйесінің жолымен пайда алу.
Банктік менеджменттің белгілі-бір спецификасы бар. Банк қоғамның
капиталын сақтайды және жұмсайды және иеленушінің алдында клиенттің ақша
қаражатының сақталуына жауап береді және сонымен бірге өзінің жеке
мүддесімен қатар қоғамның да мүддесін көрсетеді. Бұл байланыс әрқашанда
банкке тән болған.
Жеке және коллективті мүдделерінің бірігуі банк менеджментінің
құрамында көрінеді және банк менеджментінің мақсатының спецификасын
анықтайды. Ол келесіден тұрады:
- ақша нарығының шарттарына жауап беретін банктті шаруашылық субьект
ретінде рентабельді жұмыспен қамтамасыз ету;
- банктің балансының өтемпаздығын банктің сенімді кепілі ретінде
қамтамасыз ету, кредитор мен салымшылардың мүдделерін орындау;
- серіктестік байланыстың тұрақтылығы мен ұзақтылығын қамтамасыз
ететін банктің клиенттерге қызмет көрсету көлемінде, құрылымдарында
және сапасында туатын қажеттіліктерді максималды қанағаттандыруы;
- берілген коллективтің өнімдерін, коммерциялық және әлеуметтік
проблемаларын табысты шешу;
- мамандарды дайындау қайта дайындау және орындау жүйесінің
тиімділігін жасау, бұл олардың потенциалды мүмкіндіктерін толық
өткізуіне көмек береді.
Көрсетілген мақсаттар банктік менеджментті сандық, сапалық және
әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағытталады.
Банктің қызметінің жалпы нәтижесін бағалау және талдау үшін сандық
көрсеткіштер қолданады. Оларға банктің клиенттерінің және олардың
шоттарының саны, банкпен көрсетілетін операциялар мен қызметтердің көлемі,
депозиттердің, несиелік салымдардың және инвестициялардың көлемі жатады.
Сапалық көрсеткіштерді бірнеше түрге бөлуге болады. Бірінші топ табыс
пен шығыс көрсеткіштері көмегімен банктің рентабельділігін басқару
жүргізіледі. Айналым құралдарының жылдамдығы, операцияны жүзеге асыруға
кететін шығындардың еңбек сиымдылығы, құжаттарды өндірудің жылдамдығы – бұл
көрсеткіштер екінші топқа жатады. Үшінші топқа клиенттердің қызмет қөрсету
сапасы, құрылымы және көлемі, информацияның сақталуы, іскерлік
келіссөздердің құпияда сақталуын қамтамасыз ету бойынша сұрауларын
қанағаттандыру деңгейінің көрсеткіштері кіреді.
Әлеуметтік көрсеткіштер коллективтің мүшелерінің профессионалды
дайындығының дамуынан, олардың еңбекке қатынасынан және әлеуметтік
проблемаларды шешу деңгейінен тұрады.
Банк менеджментінің басқа ерекшелігі ақшалай қаражаттың иеленушінің
мүддесін қорғау мақсатында банктің қызметін мемлекет тарапынан реттеуімен
байланысты. Сондықтан ұйым бойынша басқару жеке өзі шешім қабылдағанда
шекті шекарасы болуы керек.
Банк қызметі басқарушының ерекшелігі басқару сферасының кеңдігі,
ақшалай операцияларды орындауда маңызды тәуекелдің болуы болып табылады.
Осы тәуекелге бармау үшін банкте жауапкершілігі жоғары шешімді қабылдағанда
коллективті шешім қабылдау қағидасы қолданылады.
Қазіргі замандағы шарттар тек қана өте жақсы экономикалық білімді ғана
емес, сонымен қатар психология, құқық, іскерлік этиканың негізін білуді
қамтамасыз етуді талап етеді.
Банк менеджментінің құрамының белгілі ерекшеліктерінің болуы
қызметкерлердің негізгі контингентін әйелдер құрайтындықтан туады. Осыған
байланысты коллективтің әлеуметтік проблемаларын шешу, жақсы өндіріс
сферасын қамтамасыз ету, конфликтілі жағдайларды туғызбау маңызды орын
алады.

1.2. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру – банк менеджментінің негізгі
мақсаты
Банктің активтер мен пассивтер портфелі – жоғары пайда табу үшін
қолданылатын бірегей.
Активтерді басқару – меншікті және тартылған қаражаттардың орналастыру
тәртібі мен жолдары. Қаражаттарды орналастыруда үлкен көңіл ссудалық
операциялар мен инвестицияларға бөлінеді.
Активтік операциялардың көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды
пайда табу үшін және де өздерінің өтемпаздығын қолдауды қамтамасыз ету үшін
орналастырады.
Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз
ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды.
Бұған жататындар:
- Шаруашылық жүргізуші субьектілерге әр түрлі
қажеттерін қанағаттандыру үшін қысқа, орта, ұзақ
мерзімді несие беру;
- Халыққа тұтынушылық несие беру (үй құрылысын
жүргізу, пәтер, үй және басқа да ұзақ
мерзімде
пайдаланыла алатын мүліктерді сатып алуға);
- Құнды қағаздар сатып алуға несие беру;
- Лизингілік операцияларға несие беру;
- Факторингілік операцияларға несие беру;
- Басқа банктерге несие беру.
Көрсетілген активтік операциялардың ішіндегі ең бастысы қайтарымдылық,
мерзімділік және ақылық негізінде несиелеу операциясын жүргізу болып
табылады. Кейбір банктердің несиелеуден табатын табысы, барлық табысының
80%-нан асып кетеді. Соңғы жылдары несиенің дәстүрлі түрлерімен қатар
көптеген жаңа түрлері пайда болды. Олар пәтер, үй сатып алуға берілетін
несие, сақтандыру қағазын кепілзатқа алып беретін несие, фермерлерге жер
телімін жақсартуға берілетін несие, оқуға және сынақ мерзімін өткізуге
берілетін несиелер. Сонымен қатар заңды тұлғаларға кәсіпкерлік
ұйымдастыруға, басқа фирмалардың активін сатып алуға несие берілетін
болды.[2]
Актив операциялары негізінен 4 топқа бөлінеді:
1. Несие-есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелік портфелі
қалыптасады;
2. Инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін құрайды;
3. Кассалық және есептесу операциялары – банктің клиенттерге көрсететін
қызметтерінің бірі;
4. Басқа операциялар.
Несие-есептеу операциялары – ол банктің несие ресурстарын орналастыру
қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы
операцияларды жүргізуден түседі. Несиелеу операциялары қарызгерге
қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізінде қаржы беру операциялары.
Вексельдерді сатып алу (есептеу) немесе вексельдерді кепілзатқа қабылдаумен
байланысты несиелеу операциялары да есеп операцияның қатарына кіреді.
Есеп айырысу операциялары – қаржыны клиенттің есеп шотына есептеу
немесе оны шоттан шығару, оның ішінде клиенттің контрагенттерінің алдындағы
міндеттемелерін өтеумен байланысты операциялар.
Бос қаржыны депозитке жұмылдырумен қатар несиелеу және есеп айырысу
операциялары банктің өте маңызды операциялары болып табылады.[3]
Кассалық операциялар – қолма-қол ақша беру немесе оларды қабылдаумен
байланысты операциялар. Кеңейтіп айтқанда бұл қолма-қол ақшаның
қозғалысымен, қаржыларды қалыптастыру, орналастыру және пайдаланумен
байланысты операциялар деуге болады.
Инвестициялық, қорлық операциялар – банктің күрделі қаржысын құнды
қағаздарға салу және басқа құрамдармен бірігіп шаруашылық жүргізу үшін
жарнаға салумен байланысты операциялар. Бұл жерде ескеретін нәрсе
Қазақстандағы банктер және банк қызметтері туралы Заңның сегізінші бабына
сәйкес, Қазақстандағы банктерге пайда табу үшін, басқа шаруашылықтардың
негізгі капиталына жарна салуына болмайды.
Кепілді операциялар – кепілдеме беру, белгіленген жағдай болғанда,
клиенттің үшінші тұлғаға берешегін өтеу операциялар. Сонымен қатар,
банкінің активтік операциялары: қауіптілік дәрежесіне қарай – қауіпті және
қауіпті – бейтарап операциялары; орналастыру түріне қарай: бірінші және
екінші; пайдалылық дәрежесіне қарай: пайда келтіруші және пайда келтірмеуші
операциялар болып та бөлінеді.[4]
Коммерциялық банктердің активін 4 категорияға жіктеуге болады:
▪ кассадағы қолма-қол ақша және оған жатқызылатын қаражаттар;
▪ бағалы қағаздарға салынған инвестициялар;
▪ ссудалар;
▪ ғимараттар мен құрал-жабдықтар.
Активтердің құрылымы тек қана активтер көлемі мен сыртқы жағдайлармен
ғана емес, сонымен бірге нақты банкінің активтерінің сапасын жоғарлату
бағытындағы банктің саясатымен де анықталады. Бұнда активтерді брутто-
активтері және нетто-активтеріне бөледі.
Брутто-активтерінің құрылымы:
❖ Табыс әкелмейтін активтер – басқа біреудегі корреспонденттік шоттар,
ақшалай қаражаттар, негізгі қорлар, материалдық емес активтер,
дебиторлар, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын
қолдану, капитал салымдарын қаржыландыру, капиталдық шығындар, ағымдық
шығыстар, болашақ кезеңдегі шығыстар, бағалы қағаздар мен валюталар
қаражаттарды қайта бағалау, есепті жыл мен өткен жылдардың шығындары.
❖ Табыс әкелетін активтер – клиенттердің, банктердің, халықтың ұзақ
мерзімді, қысқа мерзімді, орта мерзімді ссудалары, ссуда мен пайыз
бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар, факторинг, клиринг, қатысу,
бағалы қағаздар, берілген кепілдер.
❖ Брутто-активтерінің барлығы – нетто балансының құрылымында активтер,
реттеуші, жинақтаушы және транзитті шоттарының көлемінде қысқартылады.
Нетто-активтерінің құрылымы:
➢ Табыс әкелмейтін активтер – басқа банктердегі корреспонденттік
шоттар мен ақшалай қаражаттар, қалдық құны бойынша материалдық
емес активтер мен негізгі құралдар.
➢ Табыс әкелетін активтер – клиентке, банктерге және жеке
тұлғаларға берілген ссуда бойынша шығындарды жабатын резервтерді
шегеріп тастағандағы ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді
ссудалар алдын-ала құрылған резервтің есебінен бағалы қағаздардың
құнсыздануын шегеріп тасталған факторинг пен лизинг. Бағалы
қағаздар да осылай есептелген.
Нетто-активтерінің брутто-активтеріне қатынасы бірінші орында активтер
сапасына тәуелді рационалды активтерінің құрылымы туралы мәлімет береді.[5]

Коммерциялық банктердің клиенттеріне беретін қарызын біраз белгілерге
байланысты топтастыруға болады:
• Борышқордың типіне байланысты – кәсіпорынға, үкіметке және жергілікті
үкімет органдарына, халыққа, басқа банктерге берілетін қарыз;
• Пайдаланылатын мерзіміне байланысты – қысқа мерзімді (1 жылға дейін),
орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан
жоғары);
• Қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілген қарыз және
айналыс аясына берілген қарыз;
• Борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай - өнеркәсіпке, саудаға,
ауылшаруашылығына, транспортқа берілетін қарыз;
• Қамтамасыз етілу бойынша – кепілді, қорғаулы, қауіпсіз және қамтамасыз
етілмеген;
• Өтеу тәсіліне қарай - бір уақытта және бөлшектеп өтелетін қарыз.
Несиені банктер несиелеудің мына негізгі принциптері сақталғанда ғана
береді: қамтамасыздық, қайтарымдылық, мерзімділік, төлемділік және
мақсаттылық.
Көптеген мемлекеттерде қарыз белгілі бір несиелік шектеумен (лимит)
несие линиясын ашумен беріледі. Мысалы, АҚШ-та, Германияда. Голландияда,
Бельгияда борышқорға ашылатын контокорренттік шот бойынша лимит бекіту
формасы кең тараған. Контокорренттік шот деген несиелік шотпен ағымдағы
шоттың біріктірілу. Бұл шот бойынша дебиттік сальдо клиентке несие беруді
көрсетсе, ал кредиттік сальдо шотта өзінің қаражаты бар екенін көрсетеді.
Несиенің бұл түрі қысқа мерзімді ағымдағы қажеттілікке беріледі. Ал кейбір
мемлекеттердің банктері несиені шектеуді овердрафт бойынша жүргізеді.
Овердрафт – клиентке чек бойынша банктің қысқа мерзімді несие беруі немесе
оның банкке берген шоттарын ағымдағы шотындағы қалдықтан артық болса да,
бекітілген лимит шегінде банктің төлеуі. Нәтижесінде ағымдағы шотта
дебиттік қалдық қалады. Овердрафттың жоғары соммасы ағымдағы шот ашылғанда
шартпен анықталады. Несиелеудің бұл формасы – контокоррентті шотпен
берілетін несиенің түрі. Ол – клиенттің ағымдағы есеп айырысуына қаражат
жетіспестігін қанағаттандыруға берілетін несие. Несие үшін ақы жұмсалған
нақты қарыз бойынша алынады.
Берілетін несиенің көлемі көптеген мемлекеттерде несие линиясының
мөлшерін бекіту арқылы реттеледі. Бұл жағдайда банк пен клиент арасында
келісім бекітіледі, ол бойынша банк борышқорға келісілген мерзім аралығында
белгілі бір соммаға несие беруге міндетті. Несие линиясы 1 жылға ашылады.
Келісілген мерзім аралығында борышқор қайтадан келіспей-ақ және қосымша
рәсімдемей-ақ қажет кезде несие алуға мүмкіндік алады. Әйтсе де, егер
клиенттің қаржылық жағдайы нашарлап кетсе, онда келісімнің аяқталуы
мерзіміне дейін оны жою құқы банкте болады. Несие линиясы банк жоғары сенім
көрсеткен бірінші класты борышқорға қолданылады. Келісім бекіткенде
клиенттің несие линиясы лимитінің 20-30% көлемінде орнын толтыратын аз
қалдық сақтау жағдай көрсетілген құжат қоса тіркеледі.
Банктік несиелеуді ұйымдастырудың келесі бір түрі – несиелік шотты
пайдалану арқылы несие беру. Бұл жағдайда берілетін несие соммасы несиелік
шоттың дебитінен клиенттің ағымдағы шотының кредитіне аударылады. Есеп-
төлем құжаттары борышқордың несиелік шотынан тікелей төленуі мүмкін.
Ағылшын және швейцария банктерінің тәжірибесінде банк топтарының
көлемді сомма беретін синдикаттық несие формасы қолданылады. Бұл жағдайда
қатысушы – банктің біреуі басқарушы және төлеушінің өкілі қызметін
атқарады. Германия мен Жапонияда консорциумдық несие де кең дамуда. Ол
синдикаттық несиеден 2 және одан да көп несие беруді ұйымдастырушысы және
басқарушысы болуымен ерекшеленеді. Консорциумдық несие әдетте өте ірі
соммаға (30 млн АҚШ долларынан жоғары) беріледі. Бұндай қарыз несие көлемін
ұлғайтып, банктің несиелік қауіпін төмендетеді. Келісімде несие өкілінің,
басқарушының және басқа несие беруші мен борышқордың құқы мен міндеттері
көрсетіледі.
Банктердің несие беру операциялары тобына факторинг және лизинг
операциялары да кіреді. Факторинг деген өнімдерді сату процесінде
контрагенттердің арасында туындайтын төленбеген қысқа мерзімді қарыз
тапсырысын банкке сату. Бұл жағдайда банк өнімді сатып алушыдан төлеуді
талап ететін құқыққа ие болады. Сонымен қатар банк клиенттің айналмалы
капиталын несиелеп, оның несиелік тәуекелін өзіне алады.
Қарыз беру мәселесін шешерде банк жеткізушінің несие қабілеттілігін
талдап, оған қарыздардың жағдайы туралы хабарлармен танысады. Төлей алмау
қауіпін банк өзіне алатындықтан, ол жеткізушіге шоттың жалпы сомасының 80-
90% бірден өзі төлеп, ал қалғанын дебитор қарыздың барлық сомасын өтегеннен
кейін ғана қайтарады. Коммерциялық банктер несиенің осы түрін дамытып, өз
операцияларын кеңейтуге қосымша мүмкіндік алып, табысын ұлғайтуға және
клиенттермен байланысын нығайтуға қол жеткізеді.
Лизинг операциясы деген жалдаушы кәсіпорындардың ұзақ мерзімге
машиналарды, жабдықтарды қозғалмайтын мүліктерді және негізгі капиталдың
басқа элементтерін жалға бергенде жүргізілетін операциялар. Банктер лизинг
компанияларына несие беру арқылы лизинг операциясына қатысады. Сонымен
қатар банктер жалға беретін машиналар мен құралдарды шығарушы –
кәсіпорындарды да несиелеуі мүмкін. Шарт мерзімінің соңында жалдаушы лизинг
обьектісін қалған құны бойынша сатып алуына болады. Банк лизинг операциясын
жүргізу арқылы клиенттің төлем қабілетсіздігінен туындайтын шығын қауіпін
төмендетеді. Оған қоса, банк жалға берілетін мүлікке амортизациялық төлемді
қосуға құқы бар. Ондай жағдайда сол мүліктен салық төленбей, ол сома жабдық
алуға жұмсалуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің келесі маңызды операциясы бағалы қағаздармен
жүргізіледі: банк өз портфелі үшін бағалы қағаздарды сатып алу, жаңадан
шығарылған бағалы қағаздарды ұстаушылар арасында алғашқы орналастыру,
клиенттің тапсыруы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу және сату, бағалы
қағаздар шығаруға қарыз беру. Ондай бағалы қағаздар жай және артықшылықты
акциялар, облигациялар, мемлекеттік қарыз міндеттемелері, вексельдер және
т.с.с қағаздар болуы мүмкін. Мысалы, банктің вексельдермен жүргізген актив
операциялар: есептеу және қайта есептеу операциялары, несие беру, акцепт
бойынша операциялар, инкассациялау, вексельдік кепілдік беру және т.с.с.
операциялар.
Банктердің бағалы қағаздарды инвестициялауының басты мақсаты – дивидент
және процент түрінде қосымша пайда табу. Бағалы қағаздардың табыстылығы
оларды өтеу мерзіміне тікелей байланысты. Бағалы қағаздарды өтеу мерзімі
қысқа болса, оның нарықтық бағасы тұрақты болады. Ал мерзімі ұзақ болған
сайын бағалы қағаздардың курсы жиі өзгереді. Сондықтан коммерциялық банктер
үшін қысқа мерзімді бағалы қағаздарға ақша жұмсау ұзақ мерзімді қағаздарға
ақша салудан гөрі тиімділеу.
Сонымен коммерциялық банктердің активінің бұрыннан қалыптасып және
қазіргі кезде өрістеп келе жатқан негізгі бағыты – несие беру операциясы
және бағалы қағаздармен операция. Бұл операциялар банк балансының 80%
құрайды. Бұдан басқа банктер кассалық, акцептік, шетел валютасымен,
қозғалмайтын мүліктермен, сондай-ақ делдалдық операциялар жүргізеді. Олар
бір-бірімен тығыз байланысты. Әсіресе актив және пассив операциялары бір-
біріне тәуелді. Себебі коммерциялық банктер негізінен өзгенің капиталымен
қызмет жасайды, сондықтан банк қаражатын несиеге беру және инвестициялау
масштабы көбіне банктің уақытша бос капитал мен жинақтарды тарту қабілетіне
байланысты.[6]
Активтерді орналастыру проблемасыны шешу жолы - жоғары табыс әкелетін
активтерді сатып алу болып табылады.
Банкті ақылды басқарушының шарты клиенттің талаптарын қанағаттандыра
алатын қаражаттардың болуы және оны қанағаттандыра алу қабілеті болып
табылады.
Қаражаттарды орналастыруда банктің алдында өтемпаздық пен пайдалылық
арасындағы конфликтіні шешу мәселесі тұрады.
Өтемпаздық-пайдалылық дилеммасын шешу үшін активті басқарудың 3
тәсілі бар. Бұлардың әрқайсысының оң және теріс жақтары бар. Коммерциялық
банктің нақты мәселесін шешкенде менеджерлер активті басқарудың әдістерінің
элементтерін пайдалана алады. Қаражаттың артық болуы кезінде қаражаттын
ортақ қор әдісін қолдана алады. Екінші әдіс – активтерді бөлу немесе
қаражаттың конверсиясы, үшіншісі – ғылыми басқарумен байланысты және ЭЕМ-ны
қолданумен байланысты. Әдістердің кез-келгенін орындағанда қаражаттарды
тарту бойынша шығындарды активтік операциялардан алатын табыстармен
сәйкестендіру керек.
Ортақ қаражаттар қоры әдісінің негізінде барлық ресурстардың біріктіру
қағидасы жатыр. Банкке қаражаттар талап етілгенге дейін салымдарды, жинақ,
мерзімдік салымдарды және банктің меншікті капиталын қоса есептегенде
әртүрлі көздерден түседі. Кейіннен бұл қаражаттар сәйкес келетін активтер
түрлеріне бөлінеді. Бұл модельге қаражаттар қай көзден келіп түскені
маңызды емес. Активтерді басқару тәсілі келесі 1-схемада көрсетілген.
Бұл әдіс менеджерлерден өтемпаздық пен пайдалылық қағидаларын орындауды
талап етеді. Қаражаттарды осы қағидаларға сәйкес келетін активтік
операцияларға орналастырады.
Банкирлер несиеге деген сұрауларды қанағаттандыруға және алынған
салымдарды төлеуге қолданған бірінші активтерге ерекше көңіл бөледі. Бұл
банктің өтемпаздығының басты көзі. Бірінші резервтерге сейфтегі және
чектегі қолма-қол ақшалар, инкассалау кезіндегі төлем құжаттары, басқа
банктегі корреспонденттік шоттағы қаражаттар, Ұлттық банктің резервтік
шотындағы қаражаттар жатады.
Екінші резервтерге қолма-қол ақшаға айналдыруға болатын жоғары
өтемпазды табысты активтер жатады. Оларға ссудалық шоттағы қаражаттар мен
бағалы қағаздар портфелін құрайтын активтер жатады.
Бірінші және екінші резервтердің көлемін анықтағаннан кейін банк
клиенттерге ссуда бере алады. Ссудалар – бұл банк активтерінің ең басты
бөлігі, ал ссудалардан түскен табыстар – банктің пайдасының ең ірі бөлігі.
Активтерді бөлу әдісі банкке қажетті өтемпазды активтік көлемі
қорлардың тарту көздеріне тәуелді екенін бекітеді (Схема - 2).
Осы әдістің көмегімен міндетті резервтер нормасы мен олардың айналу
жылдамдығына сәйкес қаражаттардың көздері шектеледі. Мысалы, талап
етілгенге дейінгі салымдардың міндетті резервтер нормасы мен айналым
жылдамдығы мерзімді салымдарға және басқаларға қарағанда жоғары.
Бұл модель бойынша банктің ішінде банктер болады – талап етілгенге
дейінгі салымдар банкі, жинақ салымдар банкі, мерзімді салымдар банкі және
негізгі капиталдың банкі. Бұл жерде әр орталықтан қаражаттардың қозғалысы
ерекшеленеді. Талап етілгенге дейінгі салымдар өтемпазды активтер ең
жоғарғы жабылуды қажет ететіндіктен, талап етілгенге дейінгі салымдар
орталығынан қаражаттардың маңызды бөлігі бірінші резервтерге, қалған бөлігі
мемлекеттік бағалы қағаздарды инвестициялау жолымен екінші резервтерге, ал
қалған аз бөлігі қысқа мерзімді ссудаларды беруге жөнелтіледі. Бұл әдістің
оң жағы - өтемпазды активтердің үлесін азайту және қосымша қаражаттарды
ссуда мен инвестицияларға салу болып табылады, ал ол пайда нормасын
үлкейтеді.
Екі әдіс те қолда бар қаражаттарды оларды пайда әкелетіндей етіп
орналастыруды көрсетеді.

Қаржаттардың құралу көздері
Қаражаттарды орналастыру

Сурет - 1. Активтерді басқару тәсілі

Ескерту-автормен құрастырылған: Общая теория денег и кредита: Учебник
для вузовПод.ред.проф.Е.Ф.Жукова.-2-е издание., перераб.и доп.-М.: ЮНИТИ,
2000 негізінде жасалған

Қаражаттардың құралу көздері Қаражаттарды
орналастыру

Сурет - 2. Активтерді бөлу әдісі

Ескерту-автормен құрастырылған: Общая теория денег и кредита: Учебник
для вузовПод.ред.проф.Е.Ф.Жукова.-2-е издание., перераб.и доп.-М.: ЮНИТИ,
2000 негізінде жасалған.

Ғылыми басқару әдісі банктің экономикалық қызметінің проблемасын шешуге
күрделі тәсілді талап етеді. Мұнда ЭЕМ мен математикалық әдістерді
қолданумен проблеманы шешуге бірнеше жолдар беріледі және оның ішінен ең
оптималдысын таңдау болады. Бұл тәсіл мақсаттарды анықтауды, проблеманың
әртүрлі элементтер арасында байланысты бекітуді, өзгертулердің,
идентификациясын талап етеді.[7]
Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып,
басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және сол
сияқты басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және
оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі.
Пасcив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда
алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір
қор мөлшері қажет.
Пассив операцияларына мыналар жатады:
• Салым қабылдау (депозиттер);
• Клиенттерге шоттар (оның ішінде корресподенттік банктерге) ашу
және оларды жүргізу ;
• өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік
және жинақ сертификаттары);
• банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие
ресурстарынан;
• репо операциялары;
• еуровалюталық несие алу.[8]
Коммерциялық банктердің пассивті операцияларының 4 формасы бар:
➢ жарғылық капиталдағы жарна (бірінші иеленушілерге пайлар мен
акцияларды сату);
➢ банктің пайдалылығынан қорларды қалымтастыру мен ұлғайтуға аударулар
жасау;
➢ депозиттік операциялар (клиенттен алынатын қаражаттар);
➢ депозиттік емес операциялар;
Пассивті операциялардың алғашқы екеуімен қаржылық ресурстар құрылады.
Қалған екеуімен ресурстардың екінші ірі тобы – заемдық және тартылған
несиелік ресурстар құрылады.[9]
Банктің капиталы өз қаражаты, тартылған қаражат және эмиссияланған
қаражаттардан құрылады. Банктің өз қаражатына акционерлік және резервтік
капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе
жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастру арқылы
жинақталады. Жарғылық қордың мөлшері, оны қалыптастыру және өзгерту банктің
жарғысында көрсетілген. Жарғылық капиталдың сомасы заңмен шектелмейді,
дегенмен банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық банк оның төменгі
аз мөлшерін бекітеді. Батыс елдерінің коммерциялық банктерінің жарғылық
капиталы 10-15 млн. ЭКЮ болады. Жарғылық қорды ұлғайту акционерлер қаражаты
есебінен, сондай-ақ өз қаражаты, акционерлердің дивиденттері және пайда
есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Банктің резерв капиталы ағымдағы пайдадан бөлінген соммадан тұрады. Ол
ойда болмаған шығындарды және бағалы қағаздар курсының төмендеуінен болатын
шығындарды жабуға арналады. Оның мөлшері жарғы қорына байланысты пайызбен
белгіленеді.
Бөлінбеген пайда шоты деген – ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер
арасында дивидент түрінде бөлінбеген және резервке түспеген пайда
жинақталады. Пайданы резервке бөлу төлейтін салықты төмендету әдісіне
жатады, себебі резервтердің көп түрі салықтан босатылады. Қазіргі
коммерциялық банктердің ресурс қорында өз қаражатының үлесі 10% шамасында.
Коммерциялық банктердің өзгешелігі – олардың өзгенің қаражатымен қызмет
жасауы. Банк капиталының 90%-ке жуығы тартылған қаражат. Тартылған
қаражаттың ең үлкен мөлшері банктің өз капиталына байланысты анықталады. Әр
елде өз капитал мен тартылған капиталдың арасындағы арақатынас әртүрлі
болады. Ол нормативтер 1:10 қатынасынан 1:100 қатынасына дейін ауытқиды.
Мысалы, Швейцарияда ол 1:12 қатынасы болса, ал Жапонияда 1:83 қатынасына
тең.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың
және басқа банктердің қаражаттарын тартуы мүмкін. Тартылған ресурстар
белгіленген мерзіміне қара басқарылатын ресурстар және ағымдағы пассивтер
болып бөлінеді.
Басқарылатын ресурстар банкке тартылған мерзімдік депозиттерді және
банкаралық несиелерді біріктіреді.
Ағымдағы пассивтер есептесу, ағымдағы және корреспонденттік шоттардағы
қалдықтардан құрылады
Салым – ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған ақша
қаражаты. Ол қолма-қол ақша немесе ақшаның қолма-қол емес формасында,
ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін.
Ақша қаражаттарын салымға тарту депозиттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Банктік менеджмент және оның ерекшеліктері
Банк менеджменті және оның даму ерекшеліктері
Коммерциялық банктердегі қаржы менеджменті
Банктің несиелік ресурстарын қалыптастырудың теориялық негізі
«ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесі (банк мысалында)»
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
Тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі тиімділігін жоғарылату
Кәсіпорынның қаржылық менеджменті және тәуекелділігін басқарудың экономикалық негіздері
Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және төмендету әдістері
Пәндер