Мұсылман мәдениетінің қалыптасуы, халифаттық кезең орнауы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
МҰСЫЛМАН МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ,
ХАЛИФАТТЫҚ КЕЗЕҢ ОРНАУЫ.
І тарау. Ислам дінінің пайда болуы , оның арабтар мәдениетіне әсері ... ... ..6 ІІ тарау. Араб халифатына кірген халықтардың мұсылман
мәдениетінің жасалуындағы үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
ІІІ тарау.Аббаситтер халифатының орнауы,оның саяси құрылымы ... ... ... .19
ІV тарау. Рухани мәдениеттің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Тақырыптың өзектілігі. Ұлан-ғайыр Аравия жері - әлемдік тарихтың ажырамас бөлігі екені сөзсіз. Бүкіл мұсылман қауымының, ислам дінінің қасиетті діңгегі орнаған жер. Араб қоғамы мен рухани әлемі, мәдениеті ислам дінімен тығыз байланысты. Ал саяси тарихына көз салар болсақ, арабтар шығыстағы тіпті әлемдегі десем қателеспегендігім болар, жаңа мемлекеттік ұйым, бірлестік-халифаттың негізін қалады. Қазіргі күнде жылдам өзгеріске ұшырап отыратын әлемде дін беделді және ықпалды қоғамдық құбылыс. Әлемдік діндердің ішіндегі ислам-тек сенім мен салт-жоралар ғана емес, сонымен қатар өмір сүру салты.
Бұрынғы Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасының төрағасы муфтий Мухаммед-Садық Мухаммед-Юсуф былай дейді: “Ислам-барлық кезеңде және әр түрлі халықтарда адамзаттық негізгі сұраныстарына жауап береді. Біздің басқа діндерден айырмашылығымыз өмір діни және әлеуметтік болып бөлінбейді. Ислам дегеніміз-әрі сенім, әрі өмір сүру түрі. Исламды уағыздай отырып біз қоғамымыздың барлық проблемаларын шешуге жетістікпен қатынаса аламыз”/1/.
Ислам өркениет тарихында маңызды рөл атқарады және дүние жүзіндегі көптеген елдер өмірінің әртүрлі сферасына маңызды ықпал етуші күш ретінде қалып отыр. Бұл тұрғыдан алып қарағанда исламды және оның жеке жақтарын зерттеу күн тәртібінен түспейді.
КСРО-ның ыдырауымен барлық бұрынғы кеңестік елдердегідей, Қазақстанда, халықтың көпшілік санасындағы ұқсас белгілерді өзгертуге бағытталған сарын байқалды. Кешегі әлеуметтік, дәрежелік этатистік теңестірулердің жаңа шындық жағдайға сәйкес келмеді, тұрақты тепе-теңдікті ұстау үшін өзекті негіздерді іздеумен қатар, көпшілік санасының маргиналдандыруын тудырды. Мұндай жағдайда тепе-теңдікті нығайтудың және қалпына келтірудің ең бір жан-жақты және жақындастырушы факторы ретінде этномәдени қайта жаңару идеясы қалыптасты.
Тақырыптың зерттелуі. Философ ғалым А.Қасымжанов былай деп көрсетеді: “Қайта жаңару уақыты туды. Ол рухани тамырларымызды зерттемей, ұғынбай іске асуы мүмкін емес. Іздену, ұғыну-өткенге құрметпен қарау. Бұл халықтың іштей түлеп, өзін-өзі тану жолына түсуі, өркениетті қоғамдағы озық халықтардың қатарына терезесі тең қосылу” /2/.
Ислам, оның генезисі, мәні және араб жаулап алушылығына байланысты ғылыми зерттеулер аз емес. Бұл мәселені зерттеу 1917 жылы Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде, соның ішінде Түркістанда да басталып, бұл күнде исламтану әртүрлі методологиялық көзқарас тұрғысынан жазылған мұраға бай болып отыр. Бұл зерттеулер арасында шетелдік исламтанушы ғалымдар еңбектерінің аудармалары да кездеседі.
Исламның пайда болуы, оның мәні және оның әлемдік дінге айналу жағдайлары туралы мәселелер В.В.Бартольд /3/,Гольдциер И./4/ , А.Массэ /5/, Д.Еремеев /6/, еңбектерінде арнайы зерттеу объектісі болып табылады. Исламның тарихнамасында мұсылман дәуіріндегі рухани және материалдық мәдениет “Очерки истории арабской культуры Ү-ХҮвв.”, “Арабы, ислам и арабский халифат в раннем средневековье”/7/, және Т.А.Чистякованың “Арабский халифат (ҮІІ-Хвв)” еңбектерінде кеңінен баяндалады/8/.

1. Мухаммед-Садық Мұқаммед Юсуф. //Қазақстандағы Құрылтай жиналыс материалдары. –Алматы, 1992
2. Қасымжанов А.Х. Әбу-Наср әл-Фараби. Алматы, 1997. 127 б
3. Бартольд В.В. Культура мусульманства. П., 1918. –112 с.
4. Гольдциэр И. Лекции об исламе СПб.,1912. 714 с.
5. Массэ А. Ислам. М., 1963.
6. Еремеев Д.Е. Возникновение Ислама //Азия и Африка сегодня. –1991. –№ 1. –18 с.
7.Тәжікова К. Ислам, дүниетаным, идеология, саясат. –Алматы, 1989. 174 б.
8. Заходер Б.Н. История восточного средневековья (Халтфат и Ближний Восток).- М., 1944.
Деректер.
1.Ат-Тараби Мухаммед “история” ат-Табари. Избаранные отрывки. Пео с араб., предис В.И.Беляева Ташкент. 1987.
2.Усама ибн Мулкыз. Книга назидания. Пер с арабского М.А.Сапье. М., 1958.
3.Абу Иусуф. Книга о харадже. Ал-Балазури. Книга завоевание стан Ибн Мискавайха. Книга опыта народов // Хрестоматия по ситории Халифата Составил и перевел Л.И.Надирадзе. М., 1968 г.
4.
Зерттеулер.
1.Али-заде Элмар қызы. Восстание зинджей в Аббасидском Халифате (869-883). –Баку, 1986.
2.Беляев Е.А. Арабы, ислам и арабский халифат в раннем средневековье.- М., 1965 .
3.Большаков О.Г. История халифата. І. Ислам в аравии (570-633). М., 1989.
5.Васильев Л.С. история Востока. В 2т. т.1.-М; 1998.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Халықаралық қатынастар факультеті
Халықарлық қатынастар және ҚР сыртқы саясат кафедрасы
МҰСЫЛМАН МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ХАЛИФАТТЫҚ КЕЗЕҢ ОРНАУЫ.
(курс жұмысы)
Оқытушы: Т.ғ.к. Жүніс Қ.Ә.
Студент: Масанов
Т.
Мамандығы:
аймақтану
Тобы: АТ 51-к
АЛМАТЫ-2007ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
МҰСЫЛМАН МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ,
ХАЛИФАТТЫҚ КЕЗЕҢ ОРНАУЫ.
І тарау. Ислам дінінің пайда болуы , оның арабтар мәдениетіне әсері
... ... ..6 ІІ тарау. Араб халифатына кірген халықтардың мұсылман
мәдениетінің жасалуындағы үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
ІІІ тарау.Аббаситтер халифатының орнауы,оның саяси құрылымы
... ... ... .19
ІV тарау. Рухани мәдениеттің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ұлан-ғайыр Аравия жері - әлемдік тарихтың
ажырамас бөлігі екені сөзсіз. Бүкіл мұсылман қауымының, ислам дінінің
қасиетті діңгегі орнаған жер. Араб қоғамы мен рухани әлемі, мәдениеті ислам
дінімен тығыз байланысты. Ал саяси тарихына көз салар болсақ, арабтар
шығыстағы тіпті әлемдегі десем қателеспегендігім болар, жаңа мемлекеттік
ұйым, бірлестік-халифаттың негізін қалады. Қазіргі күнде жылдам өзгеріске
ұшырап отыратын әлемде дін беделді және ықпалды қоғамдық құбылыс. Әлемдік
діндердің ішіндегі ислам-тек сенім мен салт-жоралар ғана емес, сонымен
қатар өмір сүру салты.
Бұрынғы Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасының
төрағасы муфтий Мухаммед-Садық Мухаммед-Юсуф былай дейді: “Ислам-барлық
кезеңде және әр түрлі халықтарда адамзаттық негізгі сұраныстарына жауап
береді. Біздің басқа діндерден айырмашылығымыз өмір діни және әлеуметтік
болып бөлінбейді. Ислам дегеніміз-әрі сенім, әрі өмір сүру түрі. Исламды
уағыздай отырып біз қоғамымыздың барлық проблемаларын шешуге жетістікпен
қатынаса аламыз”1.
Ислам өркениет тарихында маңызды рөл атқарады және дүние жүзіндегі
көптеген елдер өмірінің әртүрлі сферасына маңызды ықпал етуші күш ретінде
қалып отыр. Бұл тұрғыдан алып қарағанда исламды және оның жеке жақтарын
зерттеу күн тәртібінен түспейді.
КСРО-ның ыдырауымен барлық бұрынғы кеңестік елдердегідей, Қазақстанда,
халықтың көпшілік санасындағы ұқсас белгілерді өзгертуге бағытталған сарын
байқалды. Кешегі әлеуметтік, дәрежелік этатистік теңестірулердің жаңа
шындық жағдайға сәйкес келмеді, тұрақты тепе-теңдікті ұстау үшін өзекті
негіздерді іздеумен қатар, көпшілік санасының маргиналдандыруын тудырды.
Мұндай жағдайда тепе-теңдікті нығайтудың және қалпына келтірудің ең бір жан-
жақты және жақындастырушы факторы ретінде этномәдени қайта жаңару идеясы
қалыптасты.
Тақырыптың зерттелуі. Философ ғалым А.Қасымжанов былай деп көрсетеді:
“Қайта жаңару уақыты туды. Ол рухани тамырларымызды зерттемей, ұғынбай іске
асуы мүмкін емес. Іздену, ұғыну-өткенге құрметпен қарау. Бұл халықтың іштей
түлеп, өзін-өзі тану жолына түсуі, өркениетті қоғамдағы озық халықтардың
қатарына терезесі тең қосылу” 2.
Ислам, оның генезисі, мәні және араб жаулап алушылығына байланысты
ғылыми зерттеулер аз емес. Бұл мәселені зерттеу 1917 жылы Қазан төңкерісіне
дейінгі Ресейде, соның ішінде Түркістанда да басталып, бұл күнде исламтану
әртүрлі методологиялық көзқарас тұрғысынан жазылған мұраға бай болып отыр.
Бұл зерттеулер арасында шетелдік исламтанушы ғалымдар еңбектерінің
аудармалары да кездеседі.
Исламның пайда болуы, оның мәні және оның әлемдік дінге айналу
жағдайлары туралы мәселелер В.В.Бартольд 3,Гольдциер И.4 , А.Массэ 5,
Д.Еремеев 6, еңбектерінде арнайы зерттеу объектісі болып табылады.
Исламның тарихнамасында мұсылман дәуіріндегі рухани және материалдық
мәдениет “Очерки истории арабской культуры Ү-ХҮвв.”, “Арабы, ислам и
арабский халифат в раннем средневековье”7, және Т.А.Чистякованың
“Арабский халифат (ҮІІ-Хвв)” еңбектерінде кеңінен баяндалады8.
Сондай-ақ, Араб халифатындағы исламның идеялық мазмұнын және оның
ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан қарастыру, оның араб халифатындағы елдер
мәдениетіндегі орнын анықтау үшін қажет, себебі ислам идеологиясы көп
ғасырлар бойы араб халифатындағы елдер тарихында маңызды рөл атқарып
келеді. Бағдат халифатының құлдырау кезеңіне байланысты аса қөнды
деректердің бірі Ибн Мискавайханың “Китаб таджариб ал-Уман” (Книга опыта
народов) еңбегі болып есептеледі. Бұл еңбектің авторы жоғары билік
орындарында қызмет еткен және мемлекеттік мұрағатқа кіруге мүмкіндігі
болған адам. Дерек Бағдат қаласын Буидтардың алуы мен сол кездегі
қалыптасқан жағдайға маңызды мәлімет береді. Зерттеу еңбегіне тоқталар
болсам, Бағдат халифаты туралы ғылыми-танымдық әдебиеттер өзінің сапасына
қарай әртүрлі болып келеді. Солардың ең маңыздысы ол А.Кремердің
“Культурное история Востока при халифах” еңбегі. Бұл еңбекте қазіргі
уақыттың өзінде өзінің танымдық мәнін жоғалтпан халифаттың экономикалық
және әлеуметтік мәселелері жоғары деңгейде баяндайды. Сонымен бірге
Е.А.Беляевтың “Арабы, ислам и арабский халифат в раннее средневековье”
көлемді еңбегінің маңызы өте зор. Аравияның Армениядағы саясаты жайлы қөнды
мәлімет беретін еңбек ол А.Н. Тер-Гевондияннның “Армения и Арабский
халифат” кітабы. Араб мемлекетінің құрылуы мен исламның пайда болуынан
бастап, VII-X ғасырларда Арабтардың мәдениетімен аяқталатын кітап, зерттеу-
еңбегі ол Т.А. Чистякованың “Арабский халифат” еңбегі. Шетелдік
монографиялық еңбектердің ең қөндысы А.Кремердің “О бюджетных доходах
госудасртво Аббасидов” еңбегі жатады.Мұсылмандардың әдет-ғұрыптар жүйесі
және діни ұйымдар, мұсылман діндарларының модернистік саясаттары туралы
мәселелер, К.Х.Тәжікова9, Д.Кішібеков10 еңбектерінде әртүрлі дәрежеде
қарастырылған. Сондай-ақ біз жұмысты жазу барысында Е.Қартабаеваның зерттеу
еңбегін басшылыққа алғанымызды ерекше атап өткіміз келеді. Автор мұнда араб-
мүсылман мәдениеті жөнінде кең зерттеу жұмысын жүргізген.
Аталмыш мәселелерге қатысты белгілі мұсылман теологтары да өз
еңбектерінде кең тоқталған. Солардың қатарына Мұхаммед ибн Джамиль Зину,
Абул әл-Аля әл-Маудиди еңбектерін атауға болады.
Тұрмыстық ислам мәселелері аз зерттелмеген. Себебі исламның норамалары
және идеяларымен қатар, кез-келген халықта жергілікті ежелгі зерттеулерге
жататын, исламның ықпалына ұшыраған, күнделікті санада мұсылмандық деп
қабылданатын кең түсініктер мен салт-дәстүрлер сақталынған. Қазақтардың
ежелгі діни нанымдары зерттеушілердің назарын өзіне ертеден аударған. Қазан
төңкерісіне дейінгі кезеңде бұл нанымдарға бірнеше авторлар өз еңбектерінде
анықтама беріп кеткен. Араб мемлекетінің орта ғасырлардағы шырқау шегіне
жеткен жері Аббасидтер әулетінің тұсында болды. Аббасидтер халифаты тарихта
Бағдат халифаты деп те аталады. Бағдат- аббасидтер әулетінің 762 жылдан
бастап орталығы, яғни астанасы болған шығыста ең ірі гүлденген қала. 750
жылы елді билеген Омеядтар әулетінің соңғы халифы тақтан құлайды. Омеядтар
немесе Дамаск халифаты 661-750 жылдары аралығында өмір сүрді. Бұл кезде
халифаттың иелігі орасан зор ұлғайды. Аббасидтерге құрамында Солтүстік
Африка, Арвия, алдыңғы Азия, Ирак, Иран, Закавказье мен Орталық Азияның
маңызды бөліктері кірген үлкен мемлекет мұра болып қалды. Бірақ Аббасидтер
Испаниядан айрылып қалды.
756 жылы Омеядтар Испанияда өздерінінің эмираттарын құрды да, ол Х
ғасыр халифаттыққа айналды. Аббасидтер халифатының саяси күшейген уақыты
VIII ғасырың ІІ жартысы мен ІХ ғасырдың І жартысы болып есептеледі. Ал
кейінгі уақыттарда жеңілген халықтардың тәуелсіздік үшін күресі көптеген
шаруалар және халық қозғалысы, қала көтерілістері Бағдат халифатының саяси
және әскери күш-қуатын әлсіретіп жіберді. Соңғы шешуші рөлді, яғни
Аббасидтер халифатының биліктен айрылуы ол 945 жылы Бағдат қаласын ирандық
рудан шыққан Буидтердің басып алуымен аяқталды.
Бағдат халифаты өте күшті орталықтанған мемлекет құра отырып, шығыс
елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық, әсіресе мәдени дамуына зор үлесін
қосты. Қазіргі уақыттағы Араб мемлекеттерінің негізгі қалыптасу тұсы осы
Араб халифтынын бастау алды.
Сондықтан да орта ғасырлардағы өмір сүрген Бағдат халифатының тарихын
жан-жақты зерттеу бүгінгі күнде маңызда мәселе болып табылады.
І Тарау. Ислам дінінің пайда болуы және оның арабтардың мәдени дамуына
ықпалы
Ислам Арабстан түбегінің солтүстік-батыс облысында, Хиджаз арабтарының
арасында пайда болды. В.В.Бартольд айтқандай: “Әлемдік діндердің ең соңғысы
және үшіншісі, алдыңғы екі дінге қарағанда, басқаша жағдайда пайда болып,
тағдыры басқаша болды” 3,110.
Ү-ҮІІ ғасырларда Арабстан халқының көпшілігін көшпелі малшылар құраған
еді. Оларды тарихта арабтар: араб, урб, урбан деп атаған еді. Тек ҮІІ
ғасырдан соң ғана бұл этноним исламды қабылдап, біртіндеп араб тіліне
көшкен елдердің отырықшы халықтарына тарала бастайды. Арабтардың
шаруашылығындағы басты рөлді көшпелі малшылықтың алуы, географиялық
климаттың жағдайларымен түсіндіріледі, түбектің кей жерлері, негізінен
оңтүстік, мысалы, Имен жері ғана егіншілікке қолайлы, қалған территорияның
бәрін сирек кездесетін оазистері мен шөл дала алып жатты. Өсімдігі аз сусыз
даланың иелері-бедуиндер болды. Бедуин сөзінің мәні де, “шөл дала тұрғыны”
дегенді білдіреді. Бедуиндерде патриархалдық қатынастар рулық-тайпалық әдет-
ғұрыптар көп сақталды, бұл жағдай әлсіз әлеуметтік бөлінуі бар қоғамға тән
еді 9,178.
ҮІ ғасырда Аравияның оңтүстігінде ертеде салынған ирригациялық жүйелер
құлдырауға ұшырайды. Тарихшылар оны белгілі бір дәрежеде табиғат
катаклизмінен, “су тасқындарынан, жаңбырлы маусым салдарынан, жер
сілкінісінен” 6,15 көреді.
Екінші жағынан, ирригация системаларына жау шапқыншы-лықтарының, атап
айтқанда эфиоптар мен ирандықтар шапқын-шылықтарының зардабы тиді.
Нәтижесінде, оңтүстіктегі отырықшы өткениет жойылды. Осы ғасырда Солтүстік
Арабстанда орналасқан мемлекеттік бірлестіктердің кейбірі ыдырап, кейбірі
Иран және Византия провинцияларына айналды. Бұл жағдайда көшпелі бедуиндер
солтүстік және орталық Арабстанда шексіз билік жүргізуге құқық алды.
Мемлекеттік саяси бірліктің жоқтығы тайпалардың өзара қақтығыс соғыстарына
әкеліп соқтырды. Бұл қырқыс соғыстар жалпыарабтық саяси, мемлекеттік
биліктің тууына кедергі келтірді. Бір жағынан тайпалардың идеологиялық
түсініктері тайпааралық бірлік идеясына тікелей қарама-қарсы болды. Исламға
дейінгі арабтар негізінен пұтқа табынушылар болды. Тарихшы Л.И.Климовичтің
көрсеткеніндей, “мұсылмандыққа дейінгі Арабстанның діні ежелгі арабтардың
табиғатпен күресіндегі әлсіздігін сипаттап, ру ақсақалдары мен тайпа
көсемдерінің билігін ақтау мен мадақтауға бағытталды” 6,15.
Әрбір тайпаның тас, не ағаш, не басқа түрдегі өз құдайы жекеленген өз
мәдениеттері өмір сүрді. Әр түрлі құдайлар мен культтердің өмір сүруі
тайпаларды бір-біріне қарсы қойды. Арабтардың түсінігінше, құдайлар да
өздеріне сыйынған тайпалар сияқты өзара бақталас болып, жауласып кетті,
бұндай сенім арабтардың нанымдарына мықтап орныққан еді.
Тайпааралық соғыстар араб қоғамындағы дағдарыстың тағы бір ерекшелігін
тудырды. Дағдарыс кезеңінде Арабстанның батысында, Хиджазда, Мекке
қаласында орналасқан құрайыш тайпасы күшейе бастайды. Мекке ірі
экономикалық орталыққа айналды, оның саяси ықпалы да күннен күнге өседі.
Меккенің күшеюіне “жаңа идеялар жасаумен, әлеуметтік қайшылықтарды
жұмсартумен” 3,45 ғана шешуге болатын еді. Ортағасырдың тарихи жағдайында
бұл мәселені жаңа діни идеология шешетін еді, бұндай идеология ислам болды.
Р.Мавлютов былай деп көрсетеді: “біріктіруші мақсатқа лайық идеологиялық
құрам ислам болды. Оның қатаң, жүйелі монотеизмі, тайпалық текке
байланыссыз “бауырластық” уағызы уақыт талабына жауап береді” 5,7.
Жаңа дін исламның негізін қалаушы Мұхаммед болды. В.В.Бартольд
көрсеткендей, “Мұхаммед тек діннің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің де
негізін қалады, және ислам өзінің негізін қалаушының көзі тірісінде буддизм
Шакьямуниден Ашокаға, христиандық Христен Ұлы Константинге (дейінгіні
басынан кешкен) даму процестерін басынан кешірді 3,64.
Мұхаммед құрайыш тайпасының хашым руынан шықты, ол өзінің рулық
шежіресі бойынша Мекке қаласының негізін қалаушылармен байланысы бар еді.
Мұхаммедтің өмір баяны туралы деректер Құранда, хадистерде, ҮІІ ғасырдың
соңында араб тарихшылары жаза бастаған, “Алла елшісінің өмірбаянында”
қысқартып айтқанда сүреде, ат-Табаридің “Тарихында”, Вакыдидің “Әскери
жорықтар кітабында” кездеседі. Мұсылман тарихнамасында исламға дейінгі араб
тарихы жахилия, яғни надандық кезеңі деген ат алды. Мұхаммед арабтар
арасындағы надандықты жаңа дін уағызы арқылы жойып, тайпалық алауыздықты,
қанды экономикалық және саяси себептерден басқа, идеологиялық факторлар да
қолайлы жағдай туғызды. Бұл қалада арабтардың аңызы бойынша, аспаннан
түскен “қара тас” жатқан Қағбаның орналасуы оған ерекше діни мән берді.
В.В.Бартольд былай деп көрсетеді: “Меккеде өмір сүретін құрайыш тайпасы,
өзінің храмының арқасында тынымсыз ауданда ерекше жағдайда тұрды” 3,19
өйткені “харам қажылық орны болды, ...ол орналасқан қала әскери шаралар үшін
жабық саналды” 5,78. Қағбаны құрмет тұтудың белгісі ретінде, тайпалар мен
рулар өз құдайларының идеалдарын әкеліп қойды, оның саны 360-тай болды.
Күшті әлеуметтік жіктелулер нәтижесінде құрайыш тайпасы арасынан омайя
руы ерекше орын алды, себебі бұлар Қағбаның маңайындағы үйлерде өмір сүріп,
оның кілтіне ие болған, оларды “орталық құрайыштары” деп құрметтеген. Бұл
әлеуметтік қайшылықтар кедейленген бөліктің наразылығын тудырды.
Сөйтіп, Ү-ҮІІ ғасырларда Арабстан саяси, әлеуметтік, идеологиялық
дағдарысты бастан кешірді. Елде жалпы жұрт таныған саяси орталық болмады,
ал көшпелілердің рулық құрылысы ыдырап жатты. Тайпа ішіндегі әлеуметтік
қайшылықтар әсіресе, қала халқының, мысалы Меккеде қатты өршіді. Жекелеген
тайпалық культтер тайпаларды бір халыққа біріктіруге кедергі келтірді. Бұл
дағдарысты тарихшылардың дәлелдеуіне қырқыстарды тоқтатып, исламның аясында
жалпыарабтық бірлікті орнатқысы келді. Жахилия кезеңінде пұтқа табынушы,
көпқұдайлы Арабстан түбегі монотеистік діндердің жинақталған жері сияқты
болды. Христиандықты тек Месопотамия, Ирак, Сирия және Палестина жерінде
орналасқан араб тайпалары ғана емес, сол сияқты Солтүстік-Батыс Арабстан
тайпаларының арасында да ұстанушылар болды. Иудаизм христиан дінінің
бақталасы бола отырып, Иасрибте және Солтүстік-Батыс Арабстанның кейбір
оазистеріне таралды. Ал, Йеменде ҮІ ғасырдың басында иудаизм мемлекеттік
дін болып жарияланды. Осы діндердің ықпалымен, екінші жағынан араб
тайпаларының саяси бірігуге ұмтылуы нәтижесінде Арабстанда ҮІ ғасырдың
өзінде бір құдайлықты насихаттаушылар-ханифтер пайда болған еді. Бұлар бір
құдай Рахманға бас иді. Мұхаммед исламды уағыздаудың бастапқы кезеңінде
ханифтерден айырмашылығы аз болып, тыңдаушыларды арабтардың ежелгі діні-
Ыбырайым дініне оралуға шақырды. Құранда “...бір бағыттағы Ыбырайым (Ғ.С)
жолына еріңдер, ол ортақ қосушылардан емес еді” делінген . Кейіннен
Мұхаммед Ыбырайымды Қағбаның негізін қалаушы деп есептеді, американдық
шығыстанушы Массэнің атап көрсеткеніндей, “...бұл негізгі идея, исламды
тудырған идеялардың бірі болды, өйткені ол жаңа діннің иудаизмнің пұтқа
табынушылығына қатынасына мынадай тәуелсіздік орнатты” 5,79.
Бір құдай Рахман есімін Мұхаммед бір эпитетіне айналдырады.
Әрбір уағыз енді “бисмиллахи-р-рахмани-рахим”, “Аса мейірімді, рахымды
алланың атымен” сөзімен басталады. Арабтарды монотеизмге жақындатқан тағы
бір жағдай болды, ол олардың түсініктерінде бейнесі әлі айқын
қалыптаспаған, жоғары құдай Алланың өмір сүруі еді.
631 жыды, немес хиджраның 9-жылын тарихшылар “елшілік жылы” деп атайды.
Мұсылмандыққа бағынған тайпалары елшілері Мұхаммедке үздіксіз келіп жатты.
Пайғамбардың қуаты күннен-күнге арта түст. Мұхаммедтің сол кезеңдегі
Арабстандағы тарихи рөлі туралы француз ғалымы А.Массэ былай деп жазады:
“Мұхаммедтің діни және саяси көрегендігінің, адамдарды біріктіре алатын
қабілеттілігінің арқасында, арабтар өзін өзі танып, надандық, анархия
жағдайынан шығып, әлемдік өркениет жағдайында өз орнын батыл түрде алуға
дайын тұрды” 5,67.
Ислам Арабстанда өршіген әлеуметтік қайшылықтарды жұмсарта алды, ол
барлық мұсылмандардың Алла алдындағы теңдігі және әлеуметтік әділеттілік
принципі арқылы көрінді. Әділеттілік принцип шеттен тыс байлықты айыптаумен
ғана емес, Ұмманың ауқатты бөлігіне ерекше салық салумен де жүрді. Сонымен
қатар ислам өзінің партиархалдық-феодалдық қанау системасын құрды, ол
алдымен Арабстанда кейін жаулап алынған Таяу Шығыста болды.
Сонымен, исламның пайда болу тарихи заңдылық болды: қарадүрсін
политеизді ескі патриархалдық қоғам қирады, сөйтіп, ескі идеологияның орнын
жаңасы басуға тиіс болды. Ортағасырлық қоғам “тек идеологияның: дін және
теология сияқты бір формасын ғана” білгендіктен, жаңа идеология да жаңа
діни жүйе болуға тиіс еді.
Бір құдайға негізделген жаңа монотеистік діннің артықшылығы-оның барлық
мұсылмандардың діни бірлігі мен “бауырластығын” нығайту жөніндегі идеясы.
Алайда, барлық мұсылмандардың бауырластығы мен теңдігі идеясы шын мәніндегі
әлеуметтік теңдік дегенді білдірген жоқ, соған қарамастан мұсылмандардың
теңдігі идеясы барлық арабтардың саяси бірігуінің маңызды алғышарттарына
айналды 4,78.
Арабтардың ислам туының астына саяси бірігуі біртұтас
орталықтандырылған мемлекет-әлеуметтік-саяси құрылымы жаңа, бір құдайлық
діннің талаптарына сай келетін Араб халифатының өмірге келуінің негізін
қалады. Бұл талаптар мынаған сайды: мешіт пен мемлекеттік орындардың
арасында ешбір айырмашылық болмауға тиіс. Билеуші құдайлық биліктің жеке
иесі болады, ал мұсылман дінбасыларының қызметі халықты халифатқа
бағындырып ұстауға бағытталып, феодалдық езгіні ақтап алуға тиіс.
Біз жоғарыда исламның шығуы Мұхаммедтің атымен байланысты деп атап
көрсеттік. Оны исламшылар құдайдың елшісі, пайғамбар ретінде көрсетуге
тырысты. Алайда, көптеген діни ілімдік және ғылыми әдебиеттер негізіне
сүйенсек, бұрынғы тегі бай болған, кейін кедейленген хашимид руының құрейіш
тайпасынан шыққан Мұхаммед өмірде шын болған тарихи бейне. Ол Арабстанның
ірі саяси және идеологиялық орталығы Мекке қаласында дүниеге келген. Әдетте
Мұхаммедтің туған жылы біздің дәуіріміздің 570 жылы болып есептеледі. Анық
белгілі болған жәйт: ол ерте жетім қалған, әкесі Әбдаллах Мұхаммед тумай
тұрып қайтыс болған, шешесі Әминадан ол алты жасында айырылды, әкесінің
інісі Әбу Тәлібтің қолында тәрбиеленді. Мұхаммед жиырма бес жасында өзінен
он бес жас үлкен бай, жесір әйел Хадишаға үйленеді. Осы некесі арқылы
Мұхаммед өзінің тек материалдық жағдайын ғана түзеп алған жоқ, сонымен
бірге әйелі оның рухани ізденісін құптаған бірден-бір адам болды.
Мұхаммедтің Хадишадан өрімдей кезінде көз жұмған екі ұлы және Зейнеп,
Рукайя, Умм Кульсум және Фатима деген қыздары дүниеге келген еді.
Мұхаммедтің діни қызметінің басталуы 610 жылға, оған қырық жас толған
кезге жатқызылады. Мұхаммед 632 жылы 63 жасында қайтыс болған.
Қоғамның әлеуметтік теңсіздігі жағдайында бір рулар байып, қуаты арта
берді, ал екіншілері кедейленіп, басқаларға тәуелді бола бастаған еді.
Бұдан олардың арасында өздерінің әлеуметтік жағдайларына наразылығы
күшейді. Бұл наразылықты Мұхаммед жақсы түсініп, қолдау көрсетті. Сондықтан
да, ол бастаған ислам туы арасындағы қозғалысты “Мұхаммедтің діни
революциясы” деп атады. 7,345
Мұхаммедтің өз миссиясын қалай түсінгенін өзінің алдына қойған
міндеттерінен аңғаруға болады: ол-өз халқына күнәдан арылу жолын, елес
түріндегі шындықты көрсету болды. Бұл жағдай Арабстан түбегіндегі ҮІІ
ғасырдағы діни дүниетаным үстем болған білім деңгейімен түсіндіріледі.
Мұхаммед өз қауымына құдай идеясын реформалаудан басқа ешнәрсе ұсына
алмады, бірақ сол идеяның өзі арабтардың өміріндегі маңызды тарихи бетбұрыс
болды. Бұл бетбұрыстағы Мұхаммедтің атқарған рөлі туралы австриялық белгілі
шығыстанушы Г.Э.фон Грюнебаум былай деп жазды: “Мұхаммедтің пайда
болуындағы терең мағына жаңа түсініктегі құдайды жасауы болды. Бұл оны
қолдаушыларды жаңа үлгідегі қауымдастыққа біріктіреді. Ең маңызды қорытынды
мынада: Мұхаммед ұстаған құдай туралы ұғым оның замандастарының ойынан
шықпаған жағдайда, оның жолын қуушылар болмас еді және құдай туралы жаңа
ойлар айтқан басқалар сияқты көп ұзамай-ақ Пайғамбар да, оның уағызы да
ұмыт қалған болар еді. Алайда, Мұхаммед және оның ісі мұндай сынға төтеп
берді, себебі ол, егер осылай айтуға болса, құдай атынан ғана емес, сонымен
бірге арабтар атынан немесе, өзі айтқандай, ол өз халқына араб пайғамбары
ретінде келді” 8,95.
Араб руларын біртұтас мұсылман мемлекетіне біріктіру ісіндегі
Мұхаммедтің өзі мақсат етпеген саяси біріктіру идеясын оның саяси табыстары
деп айту орынсыз, өйткені Мұхаммед бұл жөнінде ойлаған жоқ. Оның ойында
басқа мақсат-барлық араб тайпалары үшін ортақ бір дін жасау мақсаты болды.
Руаралық бірліктің жолындағы және ішкі араздықтарды Мұхаммед пұтқа
табынудан көргендіктен, ол “Ыбырайм рухындағы” біртұтас құдай туралы идеяны
ұстанды. Таңдау неге дәл Ыбырайымға (Авраам) түсті? Себебі Мұхаммед оған
дейін Мұса (Мойсей) арқылы –Тораны, Дәуіт (Давид) арқылы- Псалтирді, Иса
(Иисус) арқылы-Інжілді жіберді, бірақ адамдар бұл ілімдерді бұрмалады деп
есептеді. Міне, енді Алла соңғы пайғамбар Мұхаммедті қолына Құран беріп,
бұрмаланған дінді қалпына келтіру үшін адамдарға жіберді. “Араб пайғамбары,-
деп атап көрсеткен еді И.Гольдциер өзінің “Ислам туралы лекцияларында”,-
Ыбырайымның теріске шығарылған және бұрмаланған дінін қалпына келтіруші
болып келді”4,682. Нақ осы себептерден де Құранның мазмұны, әсіресе оның
мадиналық сүрелері, көне өсиеттік және жаңа өсиеттік аңыздар мен
әңгімелерді мазмұндалаудан тұрады. Мұхаммед өзін соңғы бес таураттық
пайғамбардың қатарына қосады: Адам, Авраам (арабша-Ыбырайы), Ной (Нұх),
Мойсей (Мұса), Иисус (Иса). Бұл пайғамбарлар шоғыры Құранда “пайғамбарлар
мөрі” деп аталған Мұхаммедпен бітеді 7,76.
Құранда таураттық пайғамбарлардың өмір-тарихы едәуір кең түрде
баяндалуы, оған иудаизм мен христиандықтың елеулі әсері болғаны сезіледі.
Француз зерттеушісі Анри Массэ: “Құранның өлеңдерінің саны Жаңа өсиет
өлеңінің шамамен үштен екісін құрайды”5,19,-деп көрсетеді.
Шындығында да, Құранның текстін оқи отырып, мұсылманның “қасиетті
жазуының” мазмұнынан таураттық сюжеттердің күшті әсерін байқауға болады.
Құранда Адам-ата мен Хауа-ананың жұмақтан қуылғаны жөніндегі таураттық аңыз
былай беріледі: “Адам-ата! Сен де тұра бер, сенің әйелің де жұмақта және
онда қай жерді қаласаң да сол жерде ішіп-жей бер, бірақ кәпір болмау үшін
мына ағашқа жақындама”. “Олардан жасырылған құпияны ашу үшін оларға сайтан
былай деп сыбырлады: “Сіздің Аллаңыз бұл ағаштағы алманы жемеуге тыйым
салған себебі-сендерді періштелерге айналмасын немесе мәңгілік болмасын
деген... Ол оларды осылай қызықтырды. Ал олар ағаштан алма алып жегенде,
олардың алдына жексұрын келіп, олар өздері үшін жұмақтың жапырақтарынан
киім тіге бастады... Ол (құдай) былай деді: “Кетіңдер бұл жерден! Сіздердің
біріңіз біріңізге жаусыздар. Сіздер үшін тұратын орын жер ғана...”.
Құранда Адам-атаның екі ұлы Қайың мен Әбіл де ұмыт қалмаған. Құранда
да, Таураттағыдай ағайындылардың бір-бірін өлтіруі үлкен күнәһарлық ретінде
қарастырылады: “Және оларға Адам-атаның екі ұлы туралы хабарды оқып бер...
Оның (Қайыңның) жаны оған ағасының жеңіл өлімін берді, сөйтіп ол оны
өлтірді де, шығынға батқандардың арасынан бір-ақ шықты”. Мәрия қыздың
бүлінбестен екіқабат болуы және Иисус Христосты тууы, сондай-ақ оның
құдайлық табиғаты жөнінде әңгімелейтін таураттық аңыз Құранда дәлме-дәл
қайталанады: “Міне, деді періштелер: “О, Мәриям! Мәриямның әлемдегі соңғы
және жақын-жуықтардың арасындағы даңқты және жанына жақын ұлы Иса
пайғамбардың сөзін жеткізіп, хабар беріп, Алла сені қуанышқа бөлейді. Ол
адамдармен бесікте жатып-ақ сөйлесіп, есейе берді және тақуалардың бірі
болды. Ол (әйел) айтты: “Құдайым-ау! Адам баласы маған жақындап көрмесе
менде бала қайдан пайда болды? Ол (құдай) айтты: “Солай екені рас! Бірақ
Алла не қаласа, соны жасайды ғой... Ол оны жазу мен даналыққа және Тора мен
Інжілге үйретеді, сөйтіп, Ысмайылдың ұлының өкілі етеді...).
Мұхаммед таураттық пайғамбар исламды уағыздаушылар болған және исламды
сатып кеткен, олардың арасында Ыбырайым (Авраам) патриархы болған деп
есептейді: “Ыбырайым иудей де, христиан да болған жоқ,-дейді Құранда, -ол
сатып кеткендердің ханифы болды және көп құдайшылардың бірі болған жоқ”.
Құранда исламды уағыздау Мұхаммедтің атынан ғана емес, сонымен бірге көне
өсиеттік пайғамбарлар атынан да айтылады: “Ыбырайым өз ұлына... және де өсиет
етті...: “О ұлым менің! Ақиқатында, Алла сіз үшін дінді таңдады; сіз сатып
кеткен болмас үшін онсыз өлмеңіздер!”. Жалпы алғанда “Пайғамбарлар”
тарауында таураттық пайғамбарлар Нут, Сүлеймен, Дәуіт, Жақып, Ысқақ, Нұқ,
Мұса, Нарун және басқалары дінді таратушылар болып табылады, өйткені
исламды қабылдаған олар өз халқының арасында уағыздай бастады, шындығына
келсек, аса табысқа жете қойған жоқ, бірақ Құранда айтылғандай, өздері де
“тақуалар қатарында” болып шықты: “Біз Мұса мен Нарунды ажырату, жарық және
құдайдан қорықатындар үшін ескерту жасадық... және оған Ысқақ пен Жақыпты
сыйлық ретінде тартуладық, сөйтіп, бәрін де тақуа етті... Нутқа біз даналық
пен білімді сыйладық... және Дәуіт пен Сүлейменге... біз даналық пен білім
сыйладық... және Ысмайылға, және Ыдырысқа, және Зу-л-кифлаға... және біз оларды
біздің қамқорлығымызға алдық: өйткені олар тақуалар қатарында” 7,125.
Жаңа идеяны насихаттауда Мұхаммедтің қызметінің табысты болуына оның
Арабстанның ескі салт-дәстүрлерін пайдалана білгендігі көп көмегі тигені
байқалды. Оның мысалына көне пұт ғибадатханасы-Қағбаның қасиеттілігін тану
бола алды, Мұхаммед Мадинада болған кезде бұрынғы Иерусалим жаққа бетін
бұрып, сиыну талабын бұзып, ендігі жерде бетін Қағбаға қарай бұрып намаз
оқуды бұйырды.
Халықтық салт-дәстүрлерді пайдалана білген Мұхаммед өз идеологиясын
белгілеуде жаңашыл болды: ол мемлекет басшысы және діни ұстамдылық сияқты
Арабстан үшін мүлдем жаңа міндетті өзіне ала отырып, бұрындары жекелеген
адамдар арасында бөлініп атқарылған қызметті өз қолына шоғырландырды. Жаңа
мұсылмандық нанымға назар аударуы оның барлық өмірлік проблемаларды шешуге
тиісті беделді көреген адам екенін мойындатты. “Мұхаммедтің арабтардың
пайғамбары бола алуының, өз соңынан бүкіл Араб түбегінің халқын ерте
білуінің себебі,-деп жазды М.Б,Пиотровский,-жергілікті салт-дәстүрлерден не
сақталып қалған болса, солардың арасынан нені алуға болса, соның бәрін де
пайдаланды... Салт-дәстүрлерге сүйене отырып, Мұхаммед өзінің бүкіл қызметі
арқылы қоғамдық дамудың жаңа сипаттарын бейнеледі, білдірді және өмірге
енгізді. Ескі мен жаңаны шебер үйлестіре отырып, ол көпшілік таныған
“Алланың елшісі” болды...”.
Исламда қасиетті кітаптар үшеу: Құран, Суннан және Шариғат екені
белгілі. Бірақ “кітаптардың кітабы” Құран болып табылады. Дін ілімі
бойынша, Құран-Алланың “сөзі”, Алла тағының астына сақталған, “көктен
түскен” кітап, ол онда жазылғанды “қаласа өшіреді, нені қажет деп тапса
бекітіп отырады”.
Құран-арабтардың діни-әдеби ескерткіші. “Ол әлемдік мәдениет тарихында
Таураттың Көне және Жаңа өсиеттерімен бір қатарда тұрады, ал Шығыс
халықтарының рухани және қоғамдық дамуына әсерінің ауқымы жағынан Құран
бүкіл адамзаттың мәдени мұасына жатады”.
Құранда догмат, табыну және жоралар, моарльдық нұсқаулар, құқықтық және
тұрмыстық тәртіп мәселелері қамтылған. Құран қара сөзбен ұйқасқан өлең
түрінде жазылған, 114 тараудан (сүреден) тұрады, оның әрбірі өлеңдерге
(аяттарға) бөлінген.
Құраннан кейінгі екінші маңызы бар кітап Сунна (арабша-жол, өнеге,
үлгі) болып табылады. Исламда Суннаның пайда болуын халифатта мемлекеттік,
әлеуметтік және жеке қатынастарды реттеп отыруға Құранда бар нұсқаулардың
жеткіліксіз болғандығымен түсіндіреді. Суннаның мәні жөнінде Әли айтты
дейтін мына сөздер оның қаншалықты маңыздылығын білдіреді: “Бүліншілік
жасаушылармен, Құранмен күреспе, өйткені оны әр түрлі түсіндіре беруге
болады, ол көп мән-мағынаға ие; олармен Суннамен күрес: одан олар үшін
құтылар жол жоқ”.
Сунна жинақтары хадистерден тұрады. “Ас-Сахих әл-Бұқари” және “Ас-Сахих
әл-Мүсілім” ең беделді жинақтар деп есептеледі. Хадистердің негізгі идеясы
сол-олар барлық кезде және барлық уақытта Мұхаммедтің беделімен нығайтылып
отырады.
Суннаның пайда болуымен мұсылмандар арасында: “Сунна Құрансыз да өмір
сүре алады, ал Құран Суннасыз өмір сүре алмайды” деген қанатты сөз дүниеге
келді, сондықтан да ондай сенімдегі діншіл мұсылмандар “ахль ас-Сунна”
(Сунна адамдары) деген ат алды. Осы уақыттан бастап феодалдық-теократиялық
мемлекеттік үстем идеологиясы сунниттік ислам болып қалыптаса бастады.
Исламның “Қасиетті” кітаптарының бірі-Шариғат-жүйеге түсірілген
мұсылмандық заңдар жинағы. Кеңестік белгілі ислам зерттеушісі Г.М.Керимов
Шариғатта “шаруашылық өмірді зерттеуші, мораль мен этиканың нормаларын,
мұсылмандық жоралар мен мейрамдардың және басқа да діншілдердің мінез-құлқы
мен бүкіл мұсылман қауымының өмір тәртібін белгілейтін заңдар бір жүйеге
келтірілген. Шариғатта тыйым салулар егжей-тегжейлі мазмұндалып, рұқсат
етілетін, мақұлданатын және жазаланылатын іс-әрекеттер белгіленген”,-деп
көрсетеді.
Шариғаттың қайнар көзі Құран мен Сунна болып табылады. Бірақ Шариғаттың
Суннадан айырмашылығы онда азаматтық та, діни сипаттағы да кең ауқымды
мәселелер қамтылады, әсіресе таза азаматтық проблемалар Шағиғатта дін
позициясы тұрғысынан қарастырады.
Ислам тараған дәстүрлі аймақтарда тарихтың ұзақ кезеңі бойында Шариғат
мұсылман қоғамының өмірін реттеуші бір ғана заңдар жинағы болды, ал
шетелдік Шығыстың жекелеген елдерінде бүгінгі күнге дейін шариғат соттары
жұмыс істейді. Бұл-Судан Арабстаны, Араб әмірлігі, Зия-уль-Хак басқарған
кездегі Пәкістанда осылай болып отыр 1,78.
Біздің елімізде шариғат соттары жойылған, алайда, кейбір адамдардың
санасында бұрынғысынша Шариғаттың жекелеген ережелері сақталып отыр: садақа
үлестіру, тамақтық тыйымдарды сақтау (шарап ішпеу, шошқа етін жемеу),
сүндетке отырғызу жорасын жасау және басқалары, бұларды жергілікті халықтар
көбіне ұлттық салт-жоралар ретінде қате түсінеді.
Құран, Сунна және Шариғат мұсылмандар үшін басшылыққа алынатын үш негіз
болып есептеледі. Нақ осы үш “қасиетті жазуларда” исламның дін ілімі, жеке
адамның және жалпы алғанда барлық мұсылман қоғамының өмірін реттейтін
моральдық және құқықтық нұсқаулары мазмұндалады.
ІІ Тарау. Араб халифатына кірген халықтардың мұсылман мәдениетін жасауы
Араб шапқыншылығынан соң, ислам Азия, Африка, Еуропа халықтарының
көпшілігінің арасында тарады. Тарихшылар былай деп жазды: “ҮІІІ ғасырдың
ортасында араб халифтері батыста Атлантика мұхиты жағалауынан және Оңтүстік
Франциядан, және Шығыста Индия және Батыс Қытайға дейін созылған орасан зор
территорияға үстемдік етті” 1,1,67.
Сөйтіп, осыдан ХІҮ ғасыр бұрын Мұхаммед пайғамбар жариялаған жаңа дін-
исламмен біріктірілген арабтар Аравия түбегінен кең тарихи сахнаға шықты.
Пайғамбарлардың ізбасарлары, яғни халифтер тұсында олар Пиреней тауларынан
Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор мемлекет құрды. Бұл мемлекетте
Ұлы Македондық Александр заманынан кейін алғаш рет Шығыс пен Батыс эллиндік
Жерорта теңізі елдері, Үнді, Иран және Түркі әлемі бірікті.
Бастапқыда халифат ішіндегі әрбір өз бетінше, бұрынғы қалпымен өмір
сүре берген еді, жағдай Аббасилер (750-1258) әулетінің билікке келуімен
өзгерді. Осы кезде барлық мұсылмандардың құқықтық жағынан теңестірілуіне
байланыста халифаттың барлық аймақтарында ислам діні қарқынды түрде тарап,
“Қасиетті Құран” мен пайғамбар хадистерінің тілі-араб тілі кеңінен
енгізілді. Халифаттың батыс бөлігінде-Месопотамия, Сирия, Египет пен
Солтүстік Африкада ол бірте-бірте халықтың ана тіліне айналды. Сөйтіп,
Аббасилер халифатының ыдырауы қарсаңында, яғни ІХ ғасырдың екінші
жартысында оның батыс бөлігі біржолата арабтандырылды. Жаулап алушылардың
аз ғана тобы аса көп жауланып алынған халықтардың арасына сіңісіп кетпегені
былай тұрсын, керісінше оларды өз этнографиялық ықпалына бағындырды. Оның
үстіне араб тілінің жеңісі араб үкіметі шараларының нәтижесінде емес,
керісінше оның еркіне қарсы іске асты. Жауланып алынған халықтар арасында
ислам дінінің таралуы халифаттың бүкіл қаржы жүйесін бұзды: үкімет мұсылман
емес халықтардың арасында мелекеттік тілдің тарауын тіпті де қаламаған еді:
христиандарға арабша сөйлеуге және өз балаларын мұсылман мектептерінде
оқытуға тыйым салынды 3,74.
Соған қарамастан ислам орасан көп халықтың дініне айналды, және
халықтың ислам дінін қабылдамаған бөлігінің өзі араб тілін қабылдады.
(Мысалы: Ал-Андалустағы мосарабтар). Араб тілі сондай-ақ біртұтастықтың
басқа да түрін қалыптастырды: ІХ ғасырдың өн бойында барлық ислам дінін
қабылдаған халықтардың бірден бір әдеби тілі бола отырып, ол осы
халықтардың жақындасуына және “араб-мұсылман мәдениеті” деп аталатын
туысқан мәдениеттер кешенінің пайда болуына әсер етті. Әрине бұл
мәдениеттің жасалуына тек ортақ әдеби тіл мен және дінмен қамтамасыз
етілген халықтар арасындағы өзара түсіністік немесе халифат ішінде еркін
жүріп-тұру қауіпсіздігі ғана ықпал еткен жоқ.
Араб мұсылман мәдениетінің, әсіресе ғылыми жетістіктері аса зор маңызға
ие болды. Араб тіліндегі аудармалардың арақасында халифат ғалымдары өз
еңбектерінде эллинизм мұрасы мен бұрын Жерорта теңізі елдеріне белгісіз
болған үнді ғылымының жетістіктерін біріктіре алды. Осы негізде
математиканың жаңа бөлімдері (алгебра мен тригонометрия) жасалды, аспан
денелері ғылымы, химия, медицина мен философия (ұлттық маңызға ие
гуманитарлық ғылымдарды қоспағанда) айтарлықтай дамытылды.
ХІ ғасырдың екінші жартысына дейін араб тіліндегі ғылым әлемдік
мәдениеттің ең алдыңғы қатарында тұрды, бірақ осыдан кейін оның дамуы күрт
баяулап кетеді. Уақыт жағынан бұл Европаның экономикалық көтерілуімен және
крест жорықтарымен сәйкес келтірілді. Алайда тап осы кезде, арабтарды
Сицилия мен Испанияның айтарлықтай бөлігінен қуып шыға отырып, Европа араб
мұсылман әлемін ығыстырған кезде араб ғылымы Испания арқылы, бұл мәдениетті
қабылдауға енді ғана дайын болған Батыс Европаны жаулап алды. Европа
тарихында “мүлгіген дәуір” болған ортағасырлар мен өркендеу дәуірі арасында
“ұлы аудармашылық дәуірі” жатты, дәл осы дәуірде европалықтар мұсылман
ғұламаларының шығармаларын оқып, білім жинақтай отырып, жаңа заманға
секіріс жасады 7,45.
Араб мұсылман мәдениетінің европалықтарға ықпалының айтарлықтай
болғандығын және Европа ғылыми дүниетанымының қалыптасуының өзі осы
мәдениеттің ықпалымен іске асқандығын европалық шығыстанушылардың өзі
мойындап отыр.
Қоғамдық өмір деңгейлеріндегі айтарлықтай айырмашылыққа, жергілікті
халықтардың дәстүрлері мен тарихи тағдырына қарамастан, ұзаққа созылған
күрделі өзара ықпалдастық процесі нәтижесінде, ал соңғы нәтижеде ислам
иіріміне тартылған халықтардың мәдениеттерінің синтезі нәтижесінде
халифатқа кірген елдерде біртұтас жалпы мұсылмандық мәдениет қалыптасты.
Бұл мәдениет оны тұтынған халықтардың дүниетанымын, олардың мұраттарын,
психологиясын, қоғамдық мекемелері мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz