Жамбыл - әлем түркілері поэзиясының алыбы



1 Әлем түркілерінің мақтанышы
2 ХУІ.ғасырда өмір сүрген түріктің көрнекті ақыны
3 Жамбыл поэзиясы
Түрік әдебиетінің мақтанышы Мехмет Юрдақұл:
…Мен түрікпін, дінім, ұлтым ұлы ғой,
Өне бойым жанған отқа толғандай…-деп жырласа, қазақ түркісінен шыққан ақын Жұбан Молдағалиев:
"…Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген…"-деп жырлады.
Ал, Мағжан әлем түркілерін өзінің поэзиясымен былайша асқақтатты:
…Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял,
Түріктің ерлеріне ер жеткен бе?…
Әлем түркілерінің мақтанышы ХУІ-ғасырда өмір сүрген Көроғылы ақын, 1785-1868-жылдары өмір сүрген Дадалоғлы ақын, Мехмет Емін Юрдақұл, Қожа Баходи Нақшбанди, әйгілі имәм Мұхаммед Исмайыл Бұхари, бүкіл әлемнің екінші ұстазы болған, ғылымның барлық түрін игерген қазақ түркілері Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұт (Мұхаммед) Қашғари, Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы, Жүсіп Баласақғұн (Баласағұн емес,М.Ә.), Қожа Ахмет Жасауи, Ахмет Жүйнеки,Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, өзбек түркілері Лүтфи,Саккаки, Атай, Дүрбек, Бабыр, Ағаки, Мукуми, Фурқат, Әлішер Науайы, Ниязи, Қадри, Айбек, Әлімжан, Ғафур Ғұлам, Қаһар, Ұйғын, Яшен, Зұлфия, Міртемір, Шайыхзада, қарақалпақ түркілері Бердақ (Бердімұрат) Қарғабайұлы мен Әжінияз, Жиен жырау, түрікмен түркісі Мақтымқұлы, қырғыз түркісі Халық Ақиев, әзірбайжан түркілері Низами, Физулли, Молла Панах Вагиф, Хуршудбану Наватан, Расул Ғамзатов,Ғұмар Қараш, түріктер Зия Гокалып, Омер Сейфеддин, Хамдолла Субхи, Сыдық Қарашев, Әбу Мансұр Матариди т.б. өздерінің поэзиялық туындыларымен түркілерді әлемге танытты.
1.М.Жолдасбеков, "Жамбыл және оның ақындық ортасы", кітапта: "Асыл арналар", "Жазушы" баспасы, 1986-жыл, 140-бет.
2." Күлтегін" жазуы,"Ежелгі дәуір әдебиеті", құрастырып, алғы сөзін жазған: Алма Қыраубаева, Алматы, "Ана тілі" баспасы, 1991-жыл, 5-6-беттер.
3.Бұл да сонда, 6-18-беттер.
4.Бұл да сонда, 21-бет.
5. "Тоныкөк" жазуы,"Ежелгі дәуір әдебиеті", құрастырып, алғы сөзін жазған: Алма Қыраубаева,
6.Бұл да сонда, 11-бет.
7.Бұл да сонда, 11-бет.
8.Жамбыл Жабаев, "Өтеген батыр", екінші нұсқасы, кітапта: "Өтеген батыр", құрастырған Айзада Сейітқызы, Алматы, "Мерей" баспасы, 1994-жыл, 53-бет.
9.Бұл да сонда, 53-бет.
10.Бұл да сонда, 54-бет.
11. "Күлтегін" (үлкен жазуы),"Ежелгі дәуір әдебиеті", хрестоматия, екінші кітап, Алматы, "Ана тілі" баспасы, 1991-жыл, 12-бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ӘӨЖ 894.342.35
Ә 20
ЖАМБЫЛ - ӘЛЕМ ТҮРКІЛЕРІ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АЛЫБЫ

Меңдібай Әбілұлы
А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз
институты, Тараз қаласы.

Түрік әдебиетінің мақтанышы Мехмет Юрдақұл:
...Мен түрікпін, дінім, ұлтым ұлы ғой,
Өне бойым жанған отқа толғандай...-деп жырласа, қазақ
түркісінен шыққан ақын Жұбан Молдағалиев:
"...Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген..."-деп жырлады.
Ал, Мағжан әлем түркілерін өзінің поэзиясымен былайша асқақтатты:
...Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял,
Түріктің ерлеріне ер жеткен бе?...
Әлем түркілерінің мақтанышы ХУІ-ғасырда өмір сүрген Көроғылы ақын,
1785-1868-жылдары өмір сүрген Дадалоғлы ақын, Мехмет Емін Юрдақұл, Қожа
Баходи Нақшбанди, әйгілі имәм Мұхаммед Исмайыл Бұхари, бүкіл әлемнің
екінші ұстазы болған, ғылымның барлық түрін игерген қазақ түркілері Әбу
Насыр әл-Фараби, Махмұт (Мұхаммед) Қашғари, Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы,
Жүсіп Баласақғұн (Баласағұн емес,М.Ә.), Қожа Ахмет Жасауи, Ахмет
Жүйнеки,Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, өзбек
түркілері Лүтфи,Саккаки, Атай, Дүрбек, Бабыр, Ағаки, Мукуми, Фурқат,
Әлішер Науайы, Ниязи, Қадри, Айбек, Әлімжан, Ғафур Ғұлам, Қаһар, Ұйғын,
Яшен, Зұлфия, Міртемір, Шайыхзада, қарақалпақ түркілері Бердақ
(Бердімұрат) Қарғабайұлы мен Әжінияз, Жиен жырау, түрікмен түркісі
Мақтымқұлы, қырғыз түркісі Халық Ақиев, әзірбайжан түркілері Низами,
Физулли, Молла Панах Вагиф, Хуршудбану Наватан, Расул Ғамзатов,Ғұмар Қараш,
түріктер Зия Гокалып, Омер Сейфеддин, Хамдолла Субхи, Сыдық Қарашев, Әбу
Мансұр Матариди т.б. өздерінің поэзиялық туындыларымен түркілерді әлемге
танытты.
ХУІ-ғасырда өмір сүрген түріктің көрнекті ақыны Көроғылы шайқас
кезінде қолына сазын (қобызын,М.Ә) алып, атқа мініп, қалың қолдың алдына
шығып өлең-жырларымен қайрат берген, сарбаздарды шайқасқа бастап, ұраншы
болған. ХУІ-ғасырда жорық жыршысы Доспамбет, ХУІІ-ғасырда Марғасқа, ХУІІІ-
ғасырда Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, ХІХ-ғасырда Махамбет қолына
домбырасын алып, сарбаздарды көтеріліске үндеген.Мұндай жорықшы
жыраулардың дәстүрін кешегі екінші дүниежүзілік соғыста қазақ түркілері
Мәскеу түбінде Бауыржан Момышұлы, Жамбыл Жабайұлы жалғастырды.
Жамбылды қазір әлемнің миллиондаған түркілері (Әлемде қазіргі таңда
160 миллион түркі халықтары бар) жыр алыбы деп мақтаныш етеді.
"ХХ-ғасырымыздың аса әйгілі ақыны шын мәнінде аты аңызға айналған
замана жаршысының өткір де, асқақ үні - бір ғана қазақ халқы емес, осы
күнгі түркі тектес барлық халықтар поэзиясының арсеналындағы ең озық
игілік болып отыр..."-деп жазды заманымыздың заңғар жазушысы қырғыз
түркісі Шыңғыс Айматов.Шын мәнінде Жамбыл әлем түркілері поэзиясының алыбы
болды, бүкіл түркі халқы поэзиясының, соның ішінде қазақ поэзиясының
шоқтығын биікке көтерді.
Ал, Мырза Тұрсын-заде "Ең биік шың- адамның жүрегі.Жамбыл өзінің
поэзиясымен сол шыңға жол таба білді және ол шыңды бағындырды..."-деп жазды.
Қазақ түркілері ежелден жырды рухани азығына айналдырған, жыр арқылы
ұрпақ тәрбиесіне аса көңіл бөлген халық.Шешендіктің сан қырлы сырларын жас
ұрпаққа үйрете отырып, адам жанының рухани байлығын кемелдендіріп отырған.
Қазақ түркілерінен шыққан Сыпыра жыраудан бастап Жамбылға дейінгі
әдебиетіміздің даңғыл жолы қазіргі кезеңде қазақ түркілерінің поэзиясын
бүкіл әлемге танытты.
Қазақ түркілерінен шыққан белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков былай
деп жазған еді:"...Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа мирас болып келе
жатқан қазақ сөз өнерінің екі үлкен айшықты мектебі бар тәрізді.
Бірі - өмір, замана жайында терең толғанатын шешендік, фәлсафалық,
данышпандық мектеп.Мұның аты сақталып бізге жеткен түпкі атасы Асан қайғы,
одан бұл өнер ғасырлар аттап кешегі ұлы Абайдың қолына тиді.
Екіншісі- өле өлгенше көмейі күмбірлеп, жағы талмаған дария- даңғыл
жыраулар мектебі.Мұның әзірге біз білетін аты мәлім түпкі атасы- Сыпыра
жырау.Оған іліктес Шалкиіз, Бұқар, Шөже, Майкөт жыраулар аталады.Сондай
жыраулардың ең соңғы үздігі-Жамбыл..." (1).
Қазақ түркілерінен шыққан халық ақындары Шашубай,Нұрпейіс, Кенен,
Нартай,Орынбай, Омар, Доскей ,Қалқа, Қуат, Үмбетәлі, Нұрхан, Саяділ Жамбыл
дәстүрін дамытушы әрі жалғастырушылар болса Өтім Балтуғанұлы, Омар
Сейілұлы, Бекенқұл Ақымбетұлы, Ұлжан Бекенқұлқызы, Қанышбек Назарұлы сияқты
майталман жыраулар Жамбылдың ақындық-жыраулық дәстүрін қадірлеп өткен.
Жамбыл поэзиясының ежелгі түркі поэзиясының көшбасшыларының бірі
Иоллықтегіннің поэзиясымен рухани байланысын сөз етер болсақ мұнда әлі
талай біз білмейтін құпиялар баршылық.Иоллықтегін мен Жамбыл поэзиясының
үндестігі арадан сан ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтқан емес.Жамбыл да
Иоллықтегін сияқты елін бірлік-ынтымаққа шақырады.
Күлтегін жырында (УІІ-ғасыр):
Сөзімді түгел естіңдер:
Бүкіл жеткіншегім, ұланым...(2)-деп жырланса, Жамбыл
Жабайұлы:
...Балалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым...-дейді.
Күлтегін жырында:
"...Біріккен әулетім, халқым...
...Бұл сөзімді мұқият тыңда,
Терең ұқ...
...Біріккен халықты от-су қылмадым...("От-су"-"өштестірмеді"-
деген мағынада),(3).
-деп жырланса,
Жамбылда:
...Кімде кім бірлік бұзса-халыққа қас...-деп жырланады.
Екеуінде де негізгі мақсат- халық бірлігі.Иоллықтегін мен Жамбыл
Жабайұлы шығармалары арасындағы рухани байланысты осыдан сезуге болады.
Күлтегін (үлкен жазуында):
...Алып кісілер бізге шабуыл жасады,
Сол мезетте өкініп,
Күлтегінді шағын қолмен жібердік.
Жойқын соғыс жасапты.
Алып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл Жабаев өлеңдерін мектепте оқыту
Жамбылдың Жабаевтың дастандары
Мектепте Жамбыл Жабаев өлеңдерін оқыту жолдары
Жамбыл және оның ақындық ортасы
Жамбыл жырлары - теңіздің терең түбінде жатқан тұңғиық сырдай қол жетпес асыл қазына
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы жайлы
Жамбыл - жүз жыл өмір сүрген ақьн
Поэзия- тіл патшасы
Жамбыл - айтыс өнерінің шебері
Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері
Пәндер