Инвестицияның теориялық негізі және инвестицияларды тартудағы әлемдік тәжірибе


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .1. ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУДАҒЫ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕИнвестицияның әлеуметтік-экономикалық мәні, құрылымы, түрлері . . .Дамыған елдердің инвестициялық саясатының ерекшеліктері ….Дамушы елдердің капитал тарту саясаты2. БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ2. 1. Шетелдік инвестицияларды тартудың Қазақстан үшін маңызы … . . .2. 2. Ел экономикасына инвестиция тартудағы кедергілер. ……. . …… . . .2. 3. Қазақстан Республикасы инвестициялық климатының мәні және негізгі факторлары.3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ШАРАЛАР3. 1. Қазақстандағы инвестициялық ахуал. . .3. 2. Қазақстан Республикасында тікелей шетел инвестициясын салалық және аймақтық қолдау .3. 3. Тікелей шетел инвестициясының Қазақстан Республикасына тартудың ұйымдық нысаны. .ҚОРЫТЫНДЫ . . .ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…. .:

КІРІСПЕ . . .

1. ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУДАҒЫ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ

  1. Инвестицияның әлеуметтік-экономикалық мәні, құрылымы, түрлері . . .
  2. Дамыған елдердің инвестициялық саясатының ерекшеліктері ….
  3. Дамушы елдердің капитал тарту саясаты

2. БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ

2. 1. Шетелдік инвестицияларды тартудың Қазақстан үшін маңызы … . . .

2. 2. Ел экономикасына инвестиция тартудағы кедергілер. ……. . …… . . .

2. 3. Қазақстан Республикасы инвестициялық климатының мәні және негізгі факторлары.

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ШАРАЛАР

3. 1. Қазақстандағы инвестициялық ахуал. . .

3. 2. Қазақстан Республикасында тікелей шетел инвестициясын салалық және аймақтық қолдау .

3. 3. Тікелей шетел инвестициясының Қазақстан Республикасына тартудың ұйымдық нысаны. .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…. .

357122237414858667579:

3

5

7

12

22

37

41

48

58

66

75

79

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының экономикасын реформалау күрделі мәселелермен жүргізілуде. Шаруашылықтың тоқырауы көптеген кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуға немесе бонкротқа алып келді. Жекешелендіру жүргізілсе де өндірістің өсуіне әсерін тигізбей отыр.

Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдік капиталды тарту негізгі мәселе болу да, себебі инвестиция қазіргі таңда тоқыраудан шығудан жалғыз шынайы ұтқы болып отыр.

Инвестиция саясаты экономикалық стратегияның негізгі элементі, ол оның нысаны мен мақсатын анықтайды. Шетелдік капиталы мен инвестицияны тарту мемлекеттік саясат, бұл логикалық экономиканың рефомасынан шығады. Бұл өндірісті қайта құру және жоғары инфляция мен күресу үшін керек. Сонымен қатар нарықтық жаңаруды дамыту мен мемлекеттік инвестицияның өсуі және жеке инвесторларды көбейту мәселесін қарастырады.

Батыс эксперттерінің айтуы бойынша: Қазақстандағы инвестиция жағдайы қазіргі кезде жақсы деңгейде. Бірақ бұл үлкен бюрократиялық шектеулерге шектелуде, сонымен қатар қаржылық тәуекелділік пен салықтық заңдардың жетіспеушілігі және сақтандыру сферасындағы заңдардың жетіспеушілігінен туындап отыр. Осының бәрі шетелдік капиталды экономикаға тартудағы негізгі мәселе болды. Қазіргі таңда осы шетелдік капитал экономиканың өсуіне бірден бір әсерін тигізді. Шетелдік капитал мен инвестицияны тарту мемлекеттік деңгейде қалмауда. Шетелдік капиталды тарту және оны пайдалану жеке түрде жүргізілуде және «берсе - ал» деген саясат пен жүргізіледі.

Сонымен қатар шетелдік елдердің тәжірибесі бойынша шетелдік капитал мемлекеттің экономикасына кері әсер тигізеді. Оны айтатын болсақ, ол мемлекетті қарыз дағдарысына алып келеді. Қазақстан капиталды - Латын Америка, Шығыс европа, Қытай, Оңтүстік шығыс Азия елдеріне қарағанда өте аз мөлшерде тартуда.

Дегенмен қазіргі кезде Қазақстан экономикасының дамуы тартылған инвестиция деңгейі мен оны рационалды қолдануына тәуелді. Сондықтан таңдап алынған диплом жұмысының тақырыбы қазіргі кезеңде өзекті болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты - инвестицияның әлеуметтік-экономикалық мәнін, құрылымын, түрлерін және инвестицияларды тартудағы әлемдік тәжірибені зерттей отырып, Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдайға талдау жасау, сондай-ақ инвестицияларды тартуды жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.

Мақсатқа жету келесідей міндеттерді шешуді қажет етеді:

  • Инвестицияны тартудың әлемдік тәжірибесін зерттеп, олардың тиімді жақтарын ұсыну;
  • Қазіргі инвестициялық саясаттың ерекшеліктерін зерттеу;
  • Инвестицияны тартудағы кедергілерді айқындау;
  • Қазақстан Республикасына инвестицияны тартуды жетілдіру жолдарын анықтау және олардың тиімділігін бағалау.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда инвестицияның теориялық негіздері және инвестицияны тартудағы шетел тәжірибесі қарастырылған.

Екінші тарау Қазақстанның инвестициялық саясатына арналған.

Үшінші тарауда Қазақстандағы инвестициялық ахуал және оны жетілдірудегі мемлекеттік шаралар қарастырылған.

Қорытындыда диплом жұмысы бойынша жалпы қорытындылар мен ұсыныстар жасалған.

Мемлекеттің инвестициялық жағдайы оның таңдаған инвестициялық саясатына байланысты болады. Сондықтан, мен Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі инвестициялық жағдайына талдау жасалды, қандай заң негіздерінде қызметтер атқырылып жатыр, инвестицияларды мемлекетке тарту үшін қандай шаралар атқарылып жатыр және де қаржылық тұрақсыздық жағдайдағы жақсарту үшін қандай инновациялық құралдар қолданып жатқандығы қарастырылды.

Кез-келген істі бастау үшін немесе кәсіпкерліктің жұмысын ары қарай дамыту үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.

1 тарау. Инвестицияның теориялық негізі және инвестицияларды тартудағы шетел тәжірибесі

  1. . Инвестицияның әлеуметтік-экономикалық мәні, құрылымы, түрлері

“Инвестициялар” түсінігі - көп қырлы құбылыс, оның бірнеше мағыналық анықтамасы бар:

  • ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, құрал-жабдық, технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс жүзеге асырылады;
  • соңғы кездері бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алу жөнінде сөз болады;
  • мұндай анықтама бірнеше шектеуші сипатта болады, өйткені кең мағынада алғанда, ол әр алуан текті операциялардың тізбектеп орындалуы бар белгілі бір процесс болып табылады;
  • осы процестің әлеуметтік-экномикалық салдары бойынша оны экономиканың дамуын қамтамасыз ететін белгілі бір механизм ретінде бағалауға болады.

Экономикада “капитал” түсінігі синоним ретінде қолданылады. Бұл мағынада, халықаралық экономикалық қатынастардың формасы ретінде халықаралық капитал қозғалысы динамикалық категория қызметін атқарады. Халықаралық капитал өз қозғалысында әр түрлі факторлармен және себептермен байланысты, әр түрлі мақсаттарды көздейді. Бұлардың ішінде жоғары пайда алу ерекше орын алады, ол әр алуан формада болуы мүмкін: өнеркәсіптік, банктік, ссудалық займдар бойынша проценттер, жер өсімі және т. б.

Әлемдік аренада капитал әр түрлі институционалдық инвесторлар арқылы екі формада болады:

  • кәсіпкерлік капитал;
  • ссудалық капитал.

Кәсіпкерлік капиталдың өзі халық шаруашылығының кез-келген саласына салынуы мүмкін, ол мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: бағалы қағаздарды немесе қор құндылықтарын сатып алу және сату; шетелдерде өздерінің кәсіпорындарын сату, төл компаниялар мен филиалдарды құру, аралас типтегі кәсіпорындарды құру және басқалар.

Салу формалары бағалы қағаздарды немесе мүлікті меншіктену құқығының болуына байланысты ерекшеленеді. Барлық жағдайларда инвестицияланған капиталдың қолданылуына бақылау жүргізудің белгілі дәрежесі айқындалған.

Бақылау қызметін жүзеге асырудың толықтығы дәрежесіне байланысты ол екіге бөлінеді: тікелей немесе жанама (портфельдік) инвестициялар. Тікелей инвестициялар шетелдік кәсіпорындарды тікелей басқаруға құқық береді және инвестор өндірісті басқару процесіне тікелей қатысады.

Екінші жағдайда, шетелдік кәсіпорындарды бақылау құқығы едәуір тарылады және оның айрықша құзыреті - пайданың белгілі бөлігін алумен шектеледі. Тікелей және портфельдік шетел инвестицияларын шектеудің маңызды әдістемелік мәні бар, алайда олардың арасындағы шекаралар шартты түрде белгіленген.

Дегенмен, маңызды айырмашылық төмендегі белгілерде айқын көрініс тапқан: қолданылу мерзімі бойынша портфельдік инвестициялар уақытша болып есептеледі және алып-сатушылық сипатта болады. Ал тікелей инвестициялар экономиканың дамуын қаржыландыруға ұзақ мерзімде әсер етеді.

Табыс алу ауқымы бойынша, портфельдік инвестициялар банктік проценттен артық болатын, капиталдың тұрақты табысын алу мақсатын көздейді. Тікелей инвестициялар инвесторға табыс алуға мүмкіндік береді. Олар: капиталға кіретін табыс, толық кәсіпкерлік пайда, қызметтердің барлық бағыттары бойынша фирманы бақылаумен қамтамасыз етілетін барлық пайдалар (сауда, инвестициялау, қаржыландыру, кооперация, ғылыми-техникалық қызмет көрсету және т. б. ) .

Пайданы алу ауқымы мен оның тиімділігі бойынша тікелей инвестициялар жанама инвестициялармен салыстырғанда жоғары тиімділікке қол жеткізумен ерекшеленеді.

Инвестициялардың экономикадағы рөлі мен орны бойынша тікелей инвестициялар ішкі нарық жағдайына тікелей түрде әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, басқару мен маркетингтің жаңа формаларының жедел түрде енуін және т. б., сонымен бірге ұлттық экономиканың құрылымын өзгертеді.

Елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіп бойынша ұлттық меншік шетелдік инвестор полюсіне қарай ығысуын туындатады. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы түбегейлі өзгерістер 80-жылдар аяғында болды.

Зерттеулер көрсетіп отырғанындай, инвестициялық ресурстардың ағымын екі себеп ынталандырады: жекелеген елдердің дамуының біркелкі еместігі және индустриалдық елдердің жедел өсуі. Капитал импортының жоғары деңгейі өндірістік саламен салыстырғанда әлемдік сауданың жедел өсуіне ықпал етті.

1. 2. Дамыған елдердің инвестициялық саясатының ерекшеліктері

Ғылыми-техникалық революция жағдайында инвестициялық ағымдардың өсуіне ықпал етуші факторларды дамыту белсенді түрде жүргізілуде. 60-80 жылдары өндіріс пен сыртқы саудаға қарағанда капитал ағымы өте жоғары қарқынмен дамыды.

Мысалы, егер 1960 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 66 млрд. $ болса, онда 80-жылдары олар 8 есеге өсті. Бұл жиырма жылдық кезең дамыған елдер экономикасын инвестициялауға дамушы елдер экономикасынан шығатын шетел капиталының қозғалу векторларын түбегейлі өзгертті.

Бұл бәсекелестік күресті қатаң жүргізудің негізі болып табылады. Осы мезетте жаңа халықаралық экономикалық жағдайды қалыптастыру бойынша іс-қимылдар белсенді түрде жүріп жатты. Бұл құбылыс сөзсіз, үйлестіру императивтерін, экономикалық және саяси ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін туындатты.

Халықаралық капитал қозғалысының тарихында аталған кезең былайда ерекшеленеді, яғни капиталды шетке шығарудағы күштердің өзгерісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Салыстыру үшін төмендегідей мысал келтіруге болады:

Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында Ұлыбритания капиталының ірі экспортері болды, оның үлесінде жалпы көлемнің 40%-тен астамы болды, ал АҚШ үлесі 20% және 55% болды.

АҚШ-тың алдыңғы қатарлы рөлі 60-жылдардың ортасына дейін байқалды, бірақ та осы уақытқа дейін АҚШ-тағы шетел активтерінің барлық түрлері едәуір көп болды.

Сонымен бірге, соғыстан кейінгі жылдары АҚШ-тың инвестицияландыруының басты формасы ретінде мемлекеттік және жеке меншік саудалық капитал экспортында АҚШ елеулі үлес алады және олар көп жағдайда дамушы мемлекеттер әлеміне бағытталады. Бұл жердегі мақсат - сол елдерде американдық ықпал ету орбитасын енгізу.

Сөзсіз түрде мынаны атап өту керек, яғни шетелдік жеке меншік инвестициялардың ірі формаларының бірі ретінде тікелей шетел инвестициялары қарастырылды. Бұл кезде статистикалық мәліметтер көрсеткендей, кәсіпорындар мен объектілердің акцияларының басым көпшілігі американдық капиталдық толық меншігінде болады.

Бұл американдық корпорацияларға, бәсекелестерге қарағанда өте жоғары көрсеткіштерге ие болуға мүмкіндік береді, ал алынатын пайдалардың басым көпшілігі елдің төлем балансындағы пассивтің белгілі бір үлесінің орнын толтырады және шетел экспансиясын қаржыландыруға арналған ресурстарды толықтырады.

Енгізілген американдық капитал дамушы елдердің жұмысшылары мен қызметкерлерінің мынандай санын тұтынады, яғни оның шамасы АҚШ-тағы өңдеу салаларының жартысына жуығын құрайды.

АҚШ капиталды шетке шығарудан мынандай экономикалық тиімділік алады, яғни АҚШ-тан шығатын капитал көлемімен салыстырғанда әлемдік нарықтағы тауарлар қозғалысы 5 есеге көп болады.

Біздің ойымызша, шетелдегі американдық кәсіпорындар кешенін АҚШ-тың екінші экономикасы деп есептеу өте дұрыс. Елдердің қаржылық ресурстарын капиталды тартушы елдер үкіметінің басқару және ынталандыру тәжірибесінің жеткіліксіздігі ықпал етеді.

Импорттық капиталды қабылдау, сонымен бірге оларды тарту стратегиясына деген мемлекеттердің позитивтік қатынастары мынаған ықпал етті, яғни американдық капитал халық шаруашылығының жетекші салаларының 25%-нен астамын құрайды.

Сонымен бірге, Батыс Еуропадағы АҚШ-тың тікелей инвестицияларының аймақтық кесіндісі барлық инвестициялардың 40%-не жуық болады. Осы кезде олар дамыған өндірістік инфрақұрылымы бар, өнеркәсіптік өндірістің жоғары деңгейі бар және қолайлы инвестициялық климаты бар өнімді өткізудің сыйымды нарықтарын іздестіреді.

Американдық капиталды қолдану жүйесінің салалық палитрасы сан қырлы: коммуникация, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, химия, дәрі-дәрмек, мұнай химиясы, әскери өнеркәсіптік салалары.

Әлемдік аренада 60-жылдардың соңында күштерді орналастыру күрт өзгерді, ол төмендегі сәттермен анықталды.

Көптеген дамыған елдерде энергия ресурстары болмады да, белгілі бір шикізаттық тәуелділікте болды. Сонымен бірге 60-жылдары доллар бағамының төмендеуі орын алды, батыс-еуропалық және жапондық кәсіпорындардың мүмкіндігін арттыру жеделдетілді, ол әлемдік аренада американдық капиталдың жағдайының нашарлауына әкеп соқты.

70-жылдардың басына қарай көптеген аметикандық өндірістер Батыс Еуропадағы өз қызметін тапты және 80-жылдардың ортасына қарай АҚШ-тың тікелей инвестицияларының өсу қарқыны батыс-еуропалық және жапондық капиталдар ағымынан артта қалды.

Сонымен бірге айта кететін жайт, американдық капитал негізінде құрылған көптеген дамушы елдер экономикасы ЖИЕ және мұнайды экспорттаушы мемлекеттер тобын туындатты, олардың өз елдерінен капиталды шығарудың маңызды себептері бар.

Капиталдың күшті экспортерлерінің бірі ретінде Жапония ерекше орын алады, ол әлемде бұрын болмаған ұзақ мерзімдік салымдар құнын жинақтады. Егер 60-жылдары тікелей инвестициялардағы Жапонияның үлесі 0, 5%-ті құраса, 1985 жылы ол 10-11%-ке жетті.

Соның арасында, Жапонияның өз капиталын орналастырудың негізгі аймақтары - бірінші ретте дамушы елдер, соның ішінде ЖИЕ болып табылды. Бірақ, дамыған әлемдегі оның үлесінің кеңейгендігін атап өтпеуге болмайды.

1985 жылы Жапония мен АҚШ-тың тікелей инвестициялары 10 млрд. доллардан асты, ол жалпы көлемне тең, Жапон капиталының шетке шығарылуының мұндай қарқыны «АҚШ - Жапония - Батыс Еуропаң үшбұрышында өткір қақтығыстарды туындатты.

70-жылдардың басына қарай тікелей инвестициялар 725 млрд. $-ға жетті, қазіргі кезде Жапония капиталдың өте белсенді экспортеры бола отырып, шетел тауарларына «ашық есіктерң саясатын жүргізбей отыр. Өйткені, соғыстан кейінгі Жапония өзінің даму моделіне АҚШ-қа әскери тәуелділігі жағдайында жетті, АҚШ пен Батыс Еуропаның ықпалы әсерінен Жапония капитал импортын ырықтандыруға тырысуда.

1980 жылғы жапондық мысал, ауыл шаруашылығы, мұнай және газ өнеркәсібіне шетел инвестицияларын енгізуге толық тыйым салуды көрсетіп отыр. Экспансия құралдарының күрделі байланысуында ТҰК өзінің енгізілу аймағын едәуір кеңейтті. Бұл тікелей американдық инвестициялардың интенсивті өсуін көрсетеді.

Шетелдерден капиталдың ағылып келуіндегі түбегейлі өзгеріс 1984 жылы болды, яғни осы кезде АҚШ-тың күшті ықпалымен шетелдің қаржылық ұйымдарының енуі үшін жағдайлар жасады. Осылайша, қысқа мерзімдік капиталдың импорты және ұзақ мерзімдік капиталдың экспорты ырықтандырылды.

Капиталдың әлемдік экспортына Батыс Еуропа ерекше орынды алған және алып отыр, оған үш масштабты фактор ықпал етті:

  • екінші дүниежүзілік соғысты қаржыландыру:
  • Ұлыбритания, Франция, Голландия және Бельгия капиталы ұмтылатын Азия мен Африка территориясында отарлау режимінің болуы;
  • Батыс Еуропа интеграциясының күшеюі.

Соғыстың аяқталуы және ықпал ету сферасы батыс-еуропалық капиталдың инвестициялық байланыстарындағы күрделі өзгерістерді туындатты.

Еуропалық Одақ елдеріндегі сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру процесі еуропалық компаниялардың елеулі қаржылық ресурстарының, сонымен бірге долларлық

резервтердің үлкен сомаларының жинақталу жағдайларында жүрді.

70-жылдардың ортасынан бастап Еуропаның өнеркәсіптік саясаты бірқатар құрылымдық проблемаларды шешуге мүмкіндік берді. Олар өнімнің техникалық деңгейі, ғылыми салаларының өсуі негізінде капитал экспортын интенсификациялауға мүмкіндік береді.

АҚШ-тың, сонымен бірге Жапонияның экономикасы басымды бағыт болып табылады. Дегенмен, Еуропа терең энергетикалық және шикізаттық тәуелділікте бола отырып, өз мүдделерінің сферасында үшінші дүние елдерінің қазба өнеркәсібін сақтауы тиіс.

Соғыстан кейінгі Еуропада елдердің дамуы әр түрлі жылдамдықтарында болды. Бұрын топ жарып, алда жүретін Ұлыбритания, Франция, Бельгия сияқты елдер дамудың жоғары қарқыны бар елдерге, соның ішінде Германияға өз позициясын ұсынуға мәжбүр болды.

Соғыстан кейін, күйреген Германияға 1948 жылы дамыған мемлекеттердің қатарына кіру үшін 10 жылдай уақыт қажет болды. Германдық капиталды талқылау нәтижесі, егер 1946 жылы оның бастапқы деңгейі нөлдік капиталмен анықталса, ал 1985 жылы тікелей инвестициялар бойынша ол ірі экспортерлер арасында 4-орынға көтерілгенін көрсетті.

Капиталдың салынған жері бойынша Швейцария мен Голландия едәуір өзгерістерді жүзеге асырды.

80-90 жылдарда Канада елеулі инвестор болып отыр, ол шетел инвестициялары ағымының масштабы мен географиясын арттырды. Оның айрықша белгілерінің бірі мынау: шетелдердегі канадалық банктер өз кәсіпорындарына және капиталды қабылдайтын елдер кәсіпорындарына несиелік қызмет көрсетеді.

Көптеген шетел фирмаларының жарғылық қорларына канадалық капиталдың қатысуы айқын көрсетілген.

Осылайша, әлемнің саяси картасының басым бөлігі Жапония, Батыс Еуропа және Солтүстік Америка банктерінің қатаң бәсекелестіктерімен толықтырылған. Осы елдердің банктік жүйелері шетелдегі тармақталған жүйені тормен орап тастады. Тармақталған жүйенің едәуір бөлігі халықаралық валюталық-қаржылық орталықтарға негізделген.

Олардың дамуының қазіргі таңдағы кезеңінің ерекшелігі мынада: яғни банктік институттар шетелдегі белгілі бір банктерді сатып алуда. Бұл құбылыста араб елдерінің қаржы институттары ерекше рөлде.

Бәсекедегі маңызды рөлді 1978 жылғы АҚШ-тың федералдық заңы ойнады.

Мынаны зор сенімділікпен атап өтуге болады, яғни осы заңды қабылдау - барлық шетел банктерінің ынтымақтастығы тенденциясын күшейте отырып, бәсекелестік күреске жаңа импульс берді.

1. 3. Дамушы елдердің капитал тарту саясаты

70-жылдардың басында-ақ көптеген экономистер Чили өнеркәсібінің әлемдік деңгейден артта қалғандығын анықтады. Чилидің экономикалық саясатындағы күрт өзгерістер елеулі болды және жоспарлық модельдің орнына реттелетін модельдер қолданылды.

Осылайша, Чилидегі реформалардың бірінші кезеңі сыртқы саудамен салыстырғанда капитал нарығын қажетті ырықтандырумен қамтамасыз етпеді. Мұның дәлелі ретінде мыналар қарастырылады, 70-жылдары ұсақ кәсіпкерлерге, инвесторларға, фермерлерге бұрын-соңды жеңілдікпен берілген қарыздар (преференциалдық заемдар) жүйесі едәуір тарылды.

Дегенмен, капитал нарығын ырықтандыру жолындағы кейбір қадамдардың болып жатқандығын атап өту керек. Оған елдегі масштабты жекешелендіру ықпал етті, ол коммерциялық банктердің кезеңдік жекешелендірілуіне өз әсерін тигізді.

Проценттік мөлшерлемелер, банктік депозиттердің шарттары мемлекеттік бақылау шеңберінен шыға бастады, ал елде туындап жатқан жаңа қаржылық институттар іскерлік белсенділікті күшейтуге мүмкіндік алады.

Шетелдік банктер белгілі бір жеңілдетілген шарттарға ие болды және шектеулер тізімі едәуір қысқарды. Осы кезде мемлекет ауыл шаруашылығының кейбір дәстүрлі салаларына іріктелген қолдау жасады. Бірақ бұл кезең елге келіп жатқан инвестициялық ағым 60-жылдар деңгейіне жетпей тұрды.

Саудалық ырықтандыру бірқатар жағдайлар жасағаннан кейін, реформаның екінші кезеңінде инвестициялар деңгейінде біртіндеп даму (өсу) байқалды. Өзіміз білетіндей, бюджеттік тапшылық белгілі бір деңгейде тұрды, ал инфляция қарқындары бақылау аймағында болды, инвестиция көлемі маңызды фактор болып табылды.

Бірақ өсіп бара жатқан қарыздық міндеттемелер реформалардың осы кезеңінде жылына 1 млрд. $-ға жетті және 1989 жылы жиынтық қарыз ағымдағы жылдың жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) 80%-не жуық болды.

Бұрын айтылғандай, Чилиде елеулі күрделі салымдарды талап етпейтін модель қолданылған еді және тиісінше, шетел капиталы ағымын белсенді жүргізу 80-жылдардың аяғында дами бастады.

Елдің экспорттық саясаты күрделі салымдар қажеттілігінің белгілі құрылымын алдын ала анықтады және экспортқа бағытталған өндіріс саласында жұмыс істейтін инвесторларды марапаттау (қолдау) жүйесін, яғни қосымша жеңілдіктер мен кепілдемелер беру жүйесін енгізу қажеттілігіне бағыттады.

Шетел инвесторларды өз капиталын экономиканың кез-келген саласына енгізу мүмкіндігін алды, ал пайданы шетелге аудару белгілі бір дәрежеде шектелді. Инвесторлар құрылып жатқан валюталық нарықтық толық құқылы субъектісі болуға мүмкіндік алды, сонымен бірге 10 жыл ішінде кепілденген тұрақты салық салу жүйесіне ие болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тиімділігі
Қазақстанның инвестициялық саясаты туралы
Қазақстан Республикасындағы инвестиция жүйесінің дамуы
Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы
Тікелей шетел инвестициялары
Қазақстанның инвестициялық саясаттары
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау
Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция тартудың тиімділігі
Инвестициялық саясатты қаржыландыру көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz