Компьютерлік графика бойынша


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе 3
І. Негізгі бөлім 4
1. Компьютерлік графика 4
2. Компьютерлік графиканың салалары 6
3. Компьютерлік графиканың түрлері 8
4. Программалары 12
Қорытынды 28
Әдебиеттер тізімі 29
КІРІСПЕ
Жұмыстың мақсаты: Комьпютерлік графика графика ұғымымен танысып және оның классификациясымен, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерді қалыптастыру. Растрлық және векторлық кескін ұғымдарын, олардың ерекшеліктерін түсініп, компьютерлік графикамен жұмыс істеуді үйрену арқылы теориялық білімді, ой-өрісті, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Жұмыстың көкейтестілігі: ЭЕМ-ның құрылуынан кейін оған тиісті компьютерлік графика да пайда болды, ол қазір әлемдік технологиялардың бірден-бір бөлігі болып табылады. Бастапқыда ол векторлық графика болды - бұл қағазда не болмаса экранда нүктелердің орналасу ретін анықтайтын «вектор» деп аталып кеткен функциялар арқылы кескінді құрастыру болып келеді. Мысалға графигі шеңбер, түзу сызық және т. б. болып келетін функциялар. Осындай «векторлардың» қосылуынан векторлық суреттер пайда болады.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Курстық жұмыстың негізгі бөлімінде компьютерлік графика, сол компьютерлік графиканың салалары мен түрлері және де осы компьютерлік графиканың түрлерін қандай программалармен жүзеге асырылатыны туралы қарастырылған.
І. Н Е Г І З Г І Б Ө Л І М
1. Компьютерлік графика
Графика - (гр. graphein , тырнау, жазу, салу дегеннен)
- Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы.
- Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
- Тырнайтын, жазатын, грифель құралының көмегімен салынатын өнер түрі.
Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. 19 ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке - қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т. б. жатқызады. [1]
Графика - бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр. graphein гр. grapho - жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады.
Графикаға гравюраның барлық түрлері (литография, линогравюра, ксилография), плакаттық, сатиралық сурет түрлері жатады. Бейне қарындашпен, көмірмен, бормен, қаламұшпен тікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға (гравюра) немесе тасқа (литография) бедерленіп, қағазға содан басылады, кейде баспалық-механикалық әдіс арқылы көбейтіледі. Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен әрі көп таралыммен басып шығаруға ыңғайлылығымен графика бұқаралық байланыс, ақпарат саласында (плакаттар, пошта маркалары, экслибристер, газет - журналдар), кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатура, шарж, жалпы нобай, композициялық эскиздер салу үшін, т. б. заттарды көркемдеуде кеңінен қолданылады. Графикада кескіндеме жанрындағыдай акварель, гуашь, пастель пайдаланылады. Графиканың көп ғасырлық тарихы бар. Батыс Еуропаның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт, орыс халқының Орест Кипренский, Карл Брюллов, Василий Перов, Илья Репин сынды суретшілері өздерінің графикалық туындылары арқылы әлемдік бейнелеу өнері қорын байытты. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі (палеолит дәуірі) үлгілеріне Балқаш, Түркістан, Маңғыстау, т. б. жерлерде жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930 - 50 жылдары аралығында қалыптасты. [2]
ЭЕМ-ның құрылуынан кейін оған тиісті компьютерлік графика да пайда болды, ол қазір әлемдік технологиялардың бірден-бір бөлігі болып табылады. Бастапқыда ол векторлық графика болды - бұл қағазда не болмаса экранда нүктелердің орналасу ретін анықтайтын «вектор» деп аталып кеткен функциялар арқылы кескінді құрастыру болып келеді. Мысалға графигі шеңбер, түзу сызық және т. б. болып келетін функциялар. Осындай «векторлардың» қосылуынан векторлық суреттер пайда болады.
Компьютерлік техника мен технологиялардың дамуымен бірге графикалық объектлерді құрастырудың көптеген тәсілдері пайда болды.
Ақпараттың әртүрлі көлемін адам көру мүшелері арқылы жақсы анықтап-зерттейді. Былай қарағанда адамға кішкентай кезінде-ақ суреті бар кітаптар ұнаған. Ақпараттың үлкен көлемін басқадай зерттеу мүмкін емес. Мысалы мемлекет бюджеті туралы үлкен таблицаны алайық. Оны оқығанша диаграммасын қарай салған жөн деп санаймын, осы диаграмма арқылы ол адам есінде қалуы мүмкін. Сондықтан кез-келген мамандар арасында графикалық мәліметтер қолдану көлемі ұлғаюда. Бұл ізденіс жұмыста компьютердің графикалық құрылысы туралы қысқаша мәліметтер беріледі. Өйткені қазіргі уақытта графикалық құрастыру өте қарқынды дамуда. Және қазіргі кезде программалық құралдар нарығы графикалық суреттер арқылы жұмыста автоматизациялауды қолданып белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Компьютерлік графика
Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.
Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.
Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екі талай.
Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.
Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.
2. Компьютерлік графиканың салалары
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
Ғылыми графика
Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар - графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.
Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
Іскерлік графика
Іскерлік графика - қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т. б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.
Контрукторлық графика
Контрукторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың(систем автоматизации проектирования- жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.
Суреттеу графикасы
Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.
Жарнамалық графика
Жарнамалық графика - теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. Осы графикалық пакеттердің басты ерекшелігі ретінде олардың шыншыл кескіндер мен «қозғалатын суреттерді» жасау мүмкіндігін айтуға болады. Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, аластату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді. Мысалға, объектінің жарықтылық деңгейін сол объектіге түсіп тұрған жарық көзін, оны қоршаған заттардың, олардың көлеңкелерін есепке ала отырып бейнелеу үшін оптиканың заңдарын есепке алатын күрделі есептеулерді жүргізу қажет.
Компьютерлік анимация
Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.
Мультимедиа
Мультимедиа деп - компьютер экранындағы жоғары сапалы кескінді дыбыстық сүйемелдеумен біріктіруді айтады. Мультимедиа құралдары оқу-ағарту саласында, электронды ақпарат құралдарында және т. б. мақсатта қолданылады. Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.
3. Компьютерлік графиканың түрлері
Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.
Растрлық графика
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады.
Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.
Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде - кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан) .
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі - файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады) .
Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.
Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.
Растрлық графика
Растрлық графика кескінді торда орналасқан пикселдер деп аталатын түсті нүктелер арқылы белгілейді. Мысалға алғанда ағаш жапырағының суреті тордың әр нүктесінің түсін нақтылы орналасуы арқылы белгіленеді, бұның нәтижесі суретті мозаикадағы сияқты көрсете алады.
Растрлық графикада редактрлеу кезінде нүктелер емес пиксельдерді редактрлеу керек. Растрлық графика өзінің көлеміне тәуелді болып келеді, өйткені бұл оның белгілі өлшемдегі торда орналасуына байланысты болып табылады. Растрлық графиканы редактрлеу кезінде оның көрсетілу сапасы өзгеруі мүмкін. Жеке қарағанда растрлық графикада көлемді өзгерту ондағы суреттің қырларының бұзылуына әкеп соқтырады, себебі пиксельдер тордағы орналасу ретін өзгертеді. Растрлық графиканы көлемі кіші құрылғылардан шығару, оның суретінің сапасының нашарлауына себепші болады. Растрлық форматта негізгі элемент болып түсі берілген нүкте, яғни пиксель болып табылады. Мысалы ақ түсті фондағы қызыл эллипсті сипаттағанда эллипс пен фонның әр нүктедегі түсін көрсету қажет. Сурет көп нүктелер түрінде көрсетіледі - олардың көп болуы суреттің визуальдік сапасының артық болуына және де файл көлемінің ұлғаюына әкеледі. Яғни бір сурет нүктелердің санына байланысты жақсы не болмаса нашар сапалы түрде көрсетілуі мүмкін. Одан басқа суреттің сапасы әр нүктедегі түстердің мөлшеріне де байланысты.
Растрлық графиканы көп бөлшектреден және түстерден тұратын фотографиялық типті суреттерді көрсетуде қолданады. Бұндай суреттерді масштабтау көп жағдайда сапаны төмендетеді. Нүктелердің азаюы кезінде кішкентай бөлшектері жоғалып, жазулар деформациялануы мүмкін. Пикселдерді еңгізу суреттің нашарлауына әкеледі, өйткені жаңа нүктелер қосымша түс береді.
Кең таралған форматтар: . tif, . gif, . jpg, . png, . bmp, . pcx және т. б. Қосымша плагиндерсіз ең көп таралған броузерлер . gif, . jpg, . png растрлық форматтарын ғана түсіне алады. Векторлық редакторды қолдану көп сұранысқа ие болмай тұр, бірақ жаңадан бастау алған суретшілерге векторлық ортада оңайлау болып келеді. Мұндағы элемент оңай түзетіледі. Растрлық режимде сурет салғанда түзете алмайтын қателер кетуі мүмкін.
Растрлық және векторлық графиканың ұқсастықтары да бар -файлдарды әртүрі форматтарда ашу мүмкіндітері, бірдей құрал-саймандар мен функциялардың қолданылуы. (қарындаш, қалам; бөліп алу, орын ауыстыру, масштабтау т. б. ), керек түсті таңдау. Бірақ та редактрлеу мен сурет салуды іске асыруда айырмашылықтар болады.
Мысалы растрлық редактордағы бөіп алу десек- күрделі форма облысы түрінде нүктелер бірігуі айтылады. Бөліп алу өте қиын да, көп уақыт алатын іс болып табылады. Векторлық редакторда объект графикалық примитивтердің бірігуі болып келеді, және оны бөліп алу үшін әрқайсысын тышқанмен шерту жеткілікті.
Осыған қарамастан олардың ұқсас болып және де бір-бірімен сәйкес болуына көптеген жағдайлар әсер етеді. Жаңа заманға сай көптеген векторлық редакторлар растрлық суреттерді фон ретінде қолдана алады, ал кей жағдайларда олар растрлық суреттер бөлігін векторлық форматқа ауыстыруы да мүмкін. (трассировка) Алынған фондық кескінді редактрлеу үшін орнатылған немесе еңгізілген арнайы құрылғы фильтрлердің көмегі болуы мүмкін. Illustrator’дың 8-ші бөлімі Photoshop’тың psd-дің файлдарын еңгізуі мүмкін және де алынған қабаттарды пайдалана алады. Ал кейбір растрлық редакторлар векторлық редакторлардың кей файлдарын алуы мүмкін не болмаса оларды редактрлеу мүмкіндігі болуы үшін растрға ауыстыра алады.
• Векторлық форматта-басы мен соңы координаттары, түсі және қалыңдығы берілген.
• Растрлық форматта - кескінге тиісті әр нүкте координаты мен түсі берілген.
Векторлық кескіндер
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады. Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.
Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру. Салыстыру критерийлері Растрлық графика Векторлық графика
Кескіндерді ұсыну әдісі Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады. Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді. Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі Растрлық кескіндер шынайы суреттерді айқын бейнелей алады. Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді. Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады. Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады.
Векторлық графика кескінің (суретті) вектор деп аталатын түзу және қисық сызықтар арқылы, түсі мен орналасуын көрсететін параметрлер арқылы салады. Мысалға алғанда ағаш жапырағының суреті ең алдымен нүктелер арқылы белгіленеді содан кейін нүктелер арасы қосылып ағаш жапырағының кескіні пайда болады.
Векторлық графика элементтерін редактрлеу кезінде сол элементтердің кескінің белгілейтін түзулер мен қисық сызықтар параметрлерін өзгертесіз. Сіз мынадай өзгертулер еңгізе аласыз: элементтерді тасымалдау, өлшемдерін, түсін, формасын өзгерту- бірақ бұл олардың визуалдық көрсету сапасына әсер етпейді. Векторлық графика кескін элементтерін түсі берілген математикалық қисықтар арқылы көрсетуге негізделген. Мысалы:ақ түсті фондағы қызыл эллипс тек екі математикалық формулалар-тікбұрыш және эллипстің сәйкес түстері, өлшемі және орналасуы арқылы көрсетіледі. Бұл алдыңғы жағдайға қарағанда едәуір аз орын алады. Тағы бір артықшылығы - кез-келген бағытта сапалы масштабтау болып табылады. Объектлерді кішірейту және үлкейту үшін математикалық формуладағы коэфиценттерді сәйкесінше кішірейту немесе үлкейту керек.
Өкінішке орай көптеген түстерден немесе кішкентай элементтерден құралған суреттерді жіберу кезінде векторлық форматтың пайдасынан гөрі зияны көп болады. (фотография және т. б. ) Өйткені бұл суреттерді құрастыру кезінде күрделі болып келетін математикалық формулаларды қолдану қажет болады, және де қате кетсе оны түзетудің өзі көп уақыт алады, сондықтан бұл жағдайда векторлық формат тиімсіз болып табылады. Суретттің күрделі болуы файл көлемінің ұлғаюына әкеп соқтырады. Одан басқа суреттерді растрлық форматтан векторлыққа көшіру (мысалы Adobe Strime Line немесе Corel OCR-TRACE программалары арқылы) олардың векторлық форматтағы үлкен бағытта масштабтау мүмкіндігінен айырады. Сызықтық өлшемдер үлкеюінен бөлшектер мөлшері немесе түс қосымшалары бірлік ауданға ұлғаймайды. Бұл шектеуді еңгізу құрылғылары қойып отырады. (мысалға алғанда сканерлер, цифрлік фотокамералар және де т. б. ) Векторлық формат пен растрлық формат айырмашылығына тоқталсақ: Векторлық форматта кескін матаематикалық жолмен жеке объектлердің біріктірілуі арқылы көрсетіледі, ал растрлық форматта болса ол кескіндеу нүктелер арқылы жүргізіледі, мозаика сияқты.
Фракталды графика
Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.
4. Программалары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz