Коммерциялық банктердің несиелеу жүйесіне жалпы сипаттама


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

I бөлім. Коммерциялық банктердің несиелеу жүйесіне жалпы сипаттама

1. 1. Банк қызметтерінің сыныптамасы . . . 7

1. 2. Несие саясатының түсінігі және құрамды элементтері . . . 16

1. 3. Ғалымдар мен тәжірибешілердің ой - пікірлері . . . 20

II бөлім. «Альянс Банк» АҚ-ның ұйымдық - экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысы

2. 1. «Альянс Банк» АҚ ның даму тарихы және ұйымдық басқару құрылымы . . . 28

2. 2. «Альянс Банк» АҚ ның қаржылық-экономикалық көрсеткіштері . . . 33

III бөлім: «Альянс Банк» АҚ-ның заңды және жеке тұлғалармен несие операциясы және жетілдіру жолдары

3. 1. «Альянс Банк» АҚ- ның жеке тұлғаларға несие операцияларын ұсыну және есептеу тәртібі . . . 51

3. 2. «Альянс Банк» АҚ -ның заңды тұлғаларға несие ұсыну операциясы және есептелу тәртібі . . . 57

3. 3. «Альянс Банк» АҚ -ның несиені жетілдіру жолдары . . . 63

Қорытынды мен ұсыныстар . . . 66

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 71

Кіріспе

Банктік жүйе- нарықтық экономикада ең маңызды құрылым. Қазақстандағы банктік сфераның жаңа кезеңі- экономикада тез түрде ең жылдам дамып келе жатқан сектор.

Қазіргі банктер клиенттерге жаңа технологиямен банктік операцияларды кең көлемді қызмет көрсетеді және жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Банктің басты экономикалық қызметі- несиелендіру. Несиелік операцияларды белгілі реттері бойынша жіктеуге болады

Банк қызметтерінің мәні оларды басқа органдардан өзгешелігін көрсететін белгілі бір функцияларды орындағанда анықталады

Халық жинақтарын тарту қазір банк жүйесіндегі ең бір маңызды операция түріне айналды. Осы операциялардың көмегімен жүйелендірілген қаржылар халық шаруашылық салаларын қаржыландыру үшін колданылады. Пассивтік операцияларға басқа банктерден алынған несиелер жатады - тартылған қаражаттар. Операцияның бұл түрі бастамасы банктен тарайтын қарапайым несие мәмілесі болып табылады.

Бүгенде әмбебап банктер қаржылық қызметтердің және банк қызметтерінің бүкіл аспектісін қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Сонымен қатар басқа банктер бәсекелестік артықшылықта нық тұру және жаулап алу мақсатында қатар анықталған қызмет түрлерін көрсету үшін мамандануға ұмтылады.

Коммерциялық банкткер өз клиенттерінің шаруашылық қызметіне қызмет көрсетумен байланысты несиелік, есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Коммерциялық банктің несие саясаты» және дипломдық жұмысқа алынған объекті «Альянс Банк» АҚ-ы.

Дипломдық жұмыстың мақсаты несиелендіру бағытын таңдау; несиелік операцияларды қалыптастыру технологиясы; және несиелендіру үрдесін бақылау жатады.

Несие мақсаты қосымша ақша қаражаттарының түсуінде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыру бағытында банк қызметінің соңғы қорытындысын көрсетеді. Банк өзінің клиенттерінің болашақ серіктестіктері болып, жаңа өнімдердің өндірісіне, жаңа және әрекет етуші ұйымдардың дамуына, жаңа өндіріспен аймақтардың, халық шаруашылығының салаларының дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламаның дамуына көмектеседі. Бұнда банктер Коммерциялық кәсіпорын ретінде өздерінің жеке мақсаттары - пайда табу мүддесін жүзеге асырады.

Коммерциялық банктерді басқарудың басты тапсырмасының бірі болып өтімділігі (ликвидтілігі) мен оның операцияларының табыстылығы мен кірістілігінің қатынасын сақтау оптимальды болып табылады.

Дипломдық жұмыстың тапсырмалары:

  • Банк қызметтің сыныптамасы
  • Несие саясаты және құрамды бөліктері
  • Ғалымдар мен тәжірибешілердің ой-пікірлері
  • Альянс Банктің ұйымдық - экономикалық құрылымы
  • Банктің қаржылық көрсеткіштері
  • Жеке тұлғалармен несиелік операциялар жіргізу тәртібі
  • Заңды тұлғалармен несиелік операцияларды есептеу жолдары және банктің жетілдіру жолдары

Дипломдық жұмысқа қолданылған әдістер: монографиялық, статистикалық, жалпы-ғылыми қаржылық-экономикалық талдау, эконмикалық-матеметикалық модельдеу әдістері қолданылды.

Дипломдық жұмыста қолданылған мәліметтер: Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік және заңдылық актілері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік қызметтерді реттеу туралы, Қазақстан Республикасының статистикалық агентінің статистикалық мәліметтері, заңнамалары қолданылды және Альянс Банктің 3 жылдық балансы, 3 жылдық экономикалық қаржылық көрсеткіштері көрсетілді.

Банк бұл- ақшалай қозғалыспен қатысты өнім шығаратын кәсіпқой экономикалық институт.

Дипломдық жұмысты жазу мақсаты Қазақстан Республикасының Коммерциялық Банктерінің несиелік операцияларын оқып үйрену. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, 7 суреттен, 5 сызбадан және корытынды, қолданылған әдебиеттерден тұрады.

I бөлім. Коммерциялық банктердің несиелеу жүйесіне жалпы сипаттама

  1. Банк қызметтерінің сыныптамасы

Банк қызметтерінің мәні оларды басқа органдардан өзгешелігін көрсететін белгілі бір функцияларды орындағанда анықталады.

Банк қызметін банктің клиент мүддесіне көрсететін белгілі қызметі ретінде сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыру міндеті жатыр.

Казіргі уақытта негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдарды тарту мен қарызды ұсыну жатады. Осы қызметтердің пайыздық айырмашылығынан банктер біршама түсім мөлшерін алады. Тіпті тек қана осы екі қызмет шеңберінде банкілік өнімдердің көптеген түрлі формалары пайда болуы мүмкін.

Бүгенде әмбебап банктер қаржылық қызметтердің және банк қызметтерінің бүкіл аспектісін қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Сонымен қатар басқа банктер бәсеклестік артықшылықты нық тұру және жаулап алу мақсатында қатар анықталған қызмет түрлерін көрсету үшін мамандануға ұмтылады.

Коммерциялық банктер жүйесі экономикалық негізі заңды және сонымен қатар мемлекеттік тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражаттары болып табылатын және олардың экономика мен халықтың қысқа мерзімді қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолдану арқылы қаржы нарығының құрылуына септігін тигізеді.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің шаруашылық қызметіне қызмет көрсетумен байланысты несиелік, есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

1995жылыдың 31 тамызындағы «Банктер және Қазақстан Республикасындағы банк қызметтері туралы» заңына сәйкес банктер келесі қызметтерді орындай алады.

  • Ақылы негізде депозиттерді тарту
  • Клиенттер шоттарын және банк корреспонденттерін жүргізу, оларға кассалық қызмет көрсету
  • Заңды және жеке тұлғаларға қайтарымдылық, жеделік және ақылы шартта қыска мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер ұсыну
  • Иелерінің немесе инвесторлық қаржыларды реттеушілердің тапсырыстары бойынша капиталдық салымдарды қаржыландыру
  • Заңмен қарастырылған тәртіпте жеке құнды қағаздарды (чектер, векселдер, аккредетивтер, депозиттік сертификаттар, акциялар және басқа қарыздық міндеттемелер) шығару
  • Төлем құжаттарын және басқа құнды қағаздарымен олармен болатын операцияларды сату, сатып алу және сақтау
  • Ақшалай формада орындалуын қарастыратын тапсырыстарды, гарантияларды және басқа үшінші тұлғаларға міндеттемелерді беру
  • Тауарды жеткізіп беруді талап ету және қызмет көрсету құқын алу, осындай талаптардың орындалу тәуекелін және осы талаптардың инкасациясын қабылдау
  • Банк операциялары бойынша брокерлік қызмет көрсету, Клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенті ретнде көріну
  • Клиенттер үшін құжаттар мен құндылықтарды сақтау қызметтері (сейфтік бизнес)
  • Коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, соның ішінде сату құқысыз(форфейтинг)
  • Клиенттердің тапсырмасы бойынша сенімділік операциясы (қаржыларды тарту мен тарату, құнды қағаздарды басқару)
  • Банк қызметтеріне байланысты кеңес қызметін көрсету
  • Лизингтік операцияларды жүргізу

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің арнайы лицензиясының қолда барында банктер басқа банктік операцияларды жүргізе алады, соның ішінде шетел валютасындағы операцияларды жүргізу, халықтың ақшалай қаражатын тарту, ақша аудару қызметін (инкассация) .

Коммерциялық банктердің осы операцияларын топтастыра келе олардың орындайтын негізгі функцияларын қалыптастыруға болады:

  • уақытша бос ақша қаражатын, жинақтар мен қорларды (депозиттік операциялар) шоғырландыру
  • Экономика мен халыққа несие беру (активті операциялар)
  • Қолма - қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу және ұйымдастыру
  • Инвестициялық қызмет
  • Клиенттерге басқада қаржылық қызмет көрсету

Банк ресурстары жеке, тартылған және айналысқа шығарылған қаржылардың есебінен қалыптасады. Жеке қаржыларға акционерлік және резервтік капитал, сонымен қатар таратылмаған түсім жатады. Жеке қаржылар банк ресурстарының аз ғана бөлігін құрайды, ресурстардың негізгі бөлігін салымдар (депозиттер), сонымен қатар корреспонденттік шоттар түрінде тартады.

Депозитке банк клиенттерінің жинақтан барлық жедел және жедел емес салымдар жатады. Депозиттің екі түрі болады: талап етілген салымдар және жедел салымдар. Талап етілген салымдар - бұл клиенттердің ағымдағы шоттарындағы қаражаттары, олар кез-келген сәтте талап етілуі мүмкін, оларға төмен пайыз төленеді және олар ағымдағы шоттарға арналған.

Депозиттің екінші формасын жедел салымдар құрайды. Бұл салымдар ағымдағы салымдарға қарағанда ұзақ уақытқа салынады. Салымшыға жоғары пайыз мөлшері төленеді, банк осы салымға берілген қарыздың пайыздық есебінен алынған табысты үлкейтіп сол қаржыны пайдаланады. Халық жинақтарын тарту қазір банк жүйесіндегі ең бір маңызды операция түріне айналды. Осы операциялардың көмегімен жүйелендірілген қаржылар халық шаруашылық салаларын қаржыландыру үшін колданылады. Пассивтік операцияларға басқа банктерден алынған несиелер жатады, -тартылған қаражаттар. Операцияның бұл түрі бастамасы банктен тарайтын қарапайым несие мәмілесі болып табылады.

Несиелік операцияларды белгілі реттері бойынша жіктеуге болады. Несие берілетін мерзімі бойынша қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қарыз байланысты бланктік () және қамтамасыздандырылған болады. Тауарлар түрінде, бағалы қағаздар түрінде берілген вексельдер болады. Ссудаларды өтеу сипаты бойынша бір мезгілде өтелген және уақытн ұзарту бойынша өтелген деп бөлінеді. Несие өтеу уақытында немесе ссуданы беру уақытында ұсталатын пайыз салу әдісі бойынша несие сыныпталады. Несие көлеміне сәйкес ұсақ, орта және ірі болып бөлінеді.

Соңғы жылдары лизинг және факторинг сияқты банк операциялары өте кең тараған.

Лизинг - бұл құралдарды ұзақ мерзімге пайдалану үшін жалға беру.

Оперативтік лизингте жалға келісімге отырғанда қысқа мерзімге (3-5 жыл) отырады және жалға алушы кез-келген уақытта келісімді бұза алады. Лизинг жалға алушыға өзінің меншікті қаражаттарын жинауға көмектеседі, жалдап отырған обьектіні пайдаланып отырған табыстардан лизингтік төлемдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді, лизингтік төлемдерді салық салудан босату сияқты артықшылықтары бар.

Факторинг операциясына фактор, алғашқы кредитор және төлемін артқа қалдыру арқылы клиенттен алған борышқор. Факторлық компания немесе фактор алғашқы несие берушіден талаптарды сатып алады және соңында солар бойынша төлемдерді өзі алады.

Банк операциясының келесі түрі банктік қызметтер. Банктер үшін жарнаманың басты бөлігі болып табылады. Банк қызметтерінің үш түрі қалыптасқан: мүлікті басқару (трасталық немесе сенімді операциялар) ; бағалы қағаздарды сақтау және орналастыру, шығару бойынша операциялар; сонымен қатар оларды басқару; векселдер мен чектерді инкассациялау, қымбат бағалы металдармен және валюталармен байланысты операциялардың төлем айналымы. Төлем айналымы - бұл банк арқылы клиенттердің есебінен олардың жеке шоттары арқылы қолма-қол және қолма -қол емес төлемдерді қалыптастыру.

Қазіргі жағдайда андеррайтинг банк операциясы кең тараған. Андеррайтинг - бұл арнайы сыйақыға эмитентпен келісілген акциялар пакеті немесе нарықта облигациялардың қарыздарды кепілдендіріп орналастыру.

Банктер өздерінің операцияларын жүргізгенде өзінің жалпы табысынан құралған операциялық табыстарын алады

Жалпы табысқа келесілер кіреді

  • Есепті - ссудалық операциядан табыстар(пайыздар)
  • Бағалы қағаздарға салымнан девиденттер және пайыздар
  • Есеп айырысу, ауыстыру және басқа да операциялардан комиссондар
  • Құрылтайшылықтан, биржалық мәмілелерден табыстар
  • Сенімді операциялардан табыстар
  • Сыртқы операциялардан табыстар (валюталық мәмілелер, шетелдік несиелер)

Жалпы табыстан келесідей шегерімдерді алып тастағаннан кейінгі операцияларды жүзеге асыру бойынша шығындар: банктің қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу, салымшыларға пайыздар төлеу және басқа да шығындардан банктің таза табысы қалыптасады. Бұл шығындардан салықтар, дивиденттерді, төлемді резервтік капиталға қаражатты бөлу. Банктің меншікті капиталына таза табыстың қатынасы банктің табысының мөлшерін көрсетеді.

Коммерциялық банктерді басқарудың басты тапсырмасының бірі болып өтімділігі (ликвидтілігі) мен оның операцияларының табыстылығы мен кірістілігін оптимальды қатынасын сақтау табылады.

Банктер өзінің төлем қабілеттілігін сенімсіздікке қалдырмау үшін өтімділіктің белгілі бір деңгейін әр уақытта қамтамасыз етуі керек.

Өтімділік түсінігі бағалы қағаздарға, инвестицияға тығыз байланысты.

  • Бағалы қағаз эмитенттері
  • Бағалы қағазбан операция кезінде делдал
  • Өз шотынан бағалы қағаз алып инвестор ретінде

Коммерциялық банктер шығаратын бағалы қағаздарды екі негізгі топтарға бөлуге болады.

  • Акциялар мен облигациялар
  • Жинақтық және депозиттік сертефикаттар, векселдер

Коммерциялық банктер меншікті акциялар шығара отырып қаржы несиелік қоғам емес, акционерлік қоғамдар ретінде шығады.

Акцияларын шығарушы кәсіпорынның тапсырмасы бойынша Коммерциялық банктер жинақтық және депозиттік сертификаттарды, вексельдерді (эмитенттеу) беру және қызмет көрсету арқылы оларды сатады, қайта сатады, сақтайды, дивидендтер алады.

Комиссиондық сыйақыларға басында коммерциялық банктер облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды шығаратын ұйымдармен келісімі бойынша оларды сатуды, қайта сатуды немесе олар бойынша табыс алуды өзіне алуға болады.

Банктер борышқордан алған ссудасына кепіл ретінде бағалы қағаздарды ала алады.

Кепілдің әрекет ету мерзімінде бағалы қағаздар бойынша (табыстардың) кірістердің түсуі ретінде банкпен ссуданы қарызға алушы арасында болған несиелік келісімде анықталады.

Әртүрлі инвестициялардың негізінде банктердің инвестициялық портфелі қалыптасады.

Банктің инвестициялық портфелі- бұл банктердің активтік операцияларын жүргізгенде алынған бағалы қағаздарының жиынтығы. Оған жыл мерзімінде төменгі тәуекелмен және жоғары өтімділікті ақша нарығының құралдары.

  • Капитал нарығының құралдары (мерзімі жылдан жоғары, табыстылығы жоғары)
  • Жаңа қаржылық құралдар және тағы басқалары кіреді

Ірі банктер жергілікті билік органдарының жеке тұлғалардың қағаздарына, шетелдің қағаздарына назар аударады.

Ұсақ банктер мемлекеттік қағаздарға негізделеді.

Инвестициялық портфельден табыстар өзіне келесілерді жатқызады.

  • Пайыздық төлемдер түріндегі түсім
  • Қағаз портфеліндегі қағаздың капиталдық құнын өсіруден табыс
  • Инвестициялық қызметтерді көрсетуге комиссия
  • Спрэд-диллерлік операция кезінде сату және сатып алу курстары арасындағы айырмашылық.

Бағалы қағаздармен операциялардан әсер алу үшін банктік инвестицияның стратегиясын өңдеу қажет. Пассивтік және агрессивтік стратегия деп бөлінеді.

Әр кәсіпорын өзінің қызметінде басқа шаруашылық субьектілерімен, мемлекетпен, банктермен,, қызметшілермен және жұмысшылармен үздіксіз байланыста болады.

Кәсіпорынның мұндай қатынастары ақшаның көмегімен қалыптасады, елдің масштабында олардың жиынтығы ақша айналымын көрсетеді.

Ақша айналымы екі нысанда қалыптасады

  • Қолма- қол ақша айналымы
  • Қолма - қол ақшасыз есеп айырысу нысанында

Қолма - қол ақшасыз есеп айырысу төлеушінің шотынан ақша қаражаттарын шығару және алушының шотына есептеу, сонымен қатар кездесетін міндеттемелерді есептеу жолдарымен қалыптасады

Қолма - қол ақшасыз есеп айырысу пайдалану арқылы айналым шығындарын көп жұмсамауға көмектеседі, есеп айырысуды жеңілдетеді және жылдамдатады, ақша қаражаттарының сақталуы қамтылады, ақша айналымын ұйымдастыру жақсарады.

Республиканың ұлттық төлемдер жүйесінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу банктердегі есеп айырысуды ұйымдастыруға және бірдей құжат айналымының жалпы әдістерін анықтайды: жеке тұлғалармен барлық ұйымдық - құқықтық формалардың заңды тұлғалар қолданатын есеп айырысу формасын қарастырады.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары :

  • Төлем тапсырмасы
  • Акцептелген төлем тапсырмасы
  • Төлем -талап тапсырмасы
  • Аккредитив
  • Чек
  • Инкассалық тапсырма

Төлем тапсырмасы- қызмет көрсетуші банкке төлеушінің бенефециарға белгіленген ақша сомасын аудару тапсырмасы.

Акцептелген төлем тапсырмасы- төлеушінің банк төлеушіге жеке ақша қаражатты арналған азаматтардың атына пошта арқылы белгілі бір ақша сомасын аудару тапсырмасы

Төлем-талап тапсырмасы -төлеушіге жеткізілген өкімнің, көрсетілген қызметтер мен келісім бойынша басқа төлемдердің құны туралы құжаттардың негізінде төлеу үшін бенфециарға талабы.

Аккредитив - бұл белгіленген уақытта тауардың берілгендігін куәландыратын немесе көрсетілген көрсететін құжаттардың негізінде жіберілген тауар мен көрсетілген қызметтер үшін бенефециарға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктердің міндеттемесін көрсетеді.

Чек - чек ұстаушыға чекті көрсеткенде белгілі бір ақша сомасын төлеу үшін төлеушіге чек берушінің бұйрық беретін есеп айырысу құжаты.

Инкассалық тапсырма - қарсылықсыз жазу құқығы көрсетілген атқарушы құжаттармен немесе басқа да заңдық актілердің негізінде төлеушінің келісімінсіз шоттан ақша қаражаттарының белгілі бір сомасын қарсылықсыз жазуға бенефециарға тапсырма.

Клиринг, кәсіпорындардың арасындағы келісім бойынша банкте өзара бережақты есептеу жүргізіледі. Банкке өзара есептеу бойынша айырмашылық сомасында төлем тапсырмасы немесе чек беріледі.

Банктер клирингке көрсететін ағымдағы ақша операциялары мен қызметтермен басқа клирингке капиталды басқару сұрақтарына кеңес береді.

Клирингтердің тілектері мен сұрактары, олардың қанағаттануы - банк жұмысының басты аспектісі болып табылады.

Банктер оның қызметтері тек қаржы операциясының бірден бір қатысушысы (жағы) ретінде емес, сонымен қатар клиенттерді кеңесші ретінде болуы керек, олардың қаржы жағдайының жақсаруына, тұрмыс деңгейінің жақсаруына көмектесуі керек. Ол үшін потенциялды клиентке мүмкін болатын мәмілелердің түрлерін анықтап, оған ұтымды жағын ұсыну керек.

Мысалы, банк несие ұсынғанда өзі несиенің оптималды көлемімен оны өтеу уақытын талдайды және ұсынады.

Депозитке шот ашқанда банк қандай мақсатқа ашылып тұрғанын біледі және тағы басқаларда консалтинг болып айналысады.

Клиентпен қатынастың әр бір кезеңінде, соның ішінде келісімді жүргізу және өңдеу шегінде клиентке өзінің мүмкіндіктерін анықтап беруі керек, тиімді жолдарын көрсетіп отыру керек, барлық уақытта клиенттің тұрмыс жағдайы - бұл оның банкісінің тұрмыс жағдайы болып табылатынын ұмытпау керек.

Трасталық қызметтер - клиенттердің басқа активтеріне меншіктілікті басқару бойынша операциялар. Қазіргі уақытта трасталық операциялар басты болып табылады, банк нарық пен клиенттің арасында атқарушы делдалдар ретінде шығады және олардың жетілдірумен табыстар алады. Банктік трасталық операциялар келесідей түрлерге бөлінеді

  • Жеке төлғаларға трасталық операциялар
  • Коммерциялық операцияларға трасталық операциялар
  • Коммерциялық емес ұйымдарға трасталық операциялар

Коммерциялық кәсіпорындардың трасталық қызметтері агенттік және қамқорлық деп бөлінеді. Банктердің трасталық операциясы жұмыс фирмаларының огенттері ретінде жиі әрекет етеді. Бұл жұмысқа негізінен коммерциялық клиенттердің қызығушылығындағы бағалы қағаздарды шығару бойынша жұмыстар дивиденттерді төлеу және оны акционерлердің талабы бойынша қайта Инвестициялау және белгіленген уақыт аралығында бағалы қағаздарды өтеу жатады.

Қамқорлық операциясы ірі компанияның қамтылмаған коммерциялық қағазларды кепілге салу нарығындағы қызметтермен байланысты.

Банктердің трасталық бөлімі коммерциялық қағаздарды сатып алу есебін жүргізеді, инвесторлардың барлың шығарылған бағалы қағаздарының жеткізілуін қадағалайды және өтеу уақыты өтіп кеткен бағалы қағаздардың иесіне төлеу жүргізіледі.

1. 2 Несие саясатының түсінігі және құрамды элементтері.

Несие саясаты - бұл жеке және қоғамдық мүдделерге сәйкес ссудалық капиталды орналастыратын кредитор ретінде банктің қызметі.

Несие саясатының мақсаты мен тапсырмалары, несиелендіру бағытын таңдау; несиелік операцияларды қалыптастыру технологиясы; несиелендіру үрдесін бақылау жатады. Несие саясатының мақсаты қосымша ақша қаражаттарының түсуінде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыру бағытында банк қызметінің соңғы қорытындысын көрсетеді. Қайтару негізінде түскен бұл қаражаттар кәсіпорынның, ұйымның, басқа да заңды және жеке тұлғалардың өмірлік қызметін қамтамасыздандырады, өндірістік процестердің үздіксіздігіне жағдай жасау. Банк өзінің клиенттерінің болашақ серіктестестіктері болып, жаңа өнімдердің өндірісіне, жаңа және әрекет етуші ұйымдардың дамуына, жаңа өндіріспен аймақтардың, халық шаруашылығының салаларының дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламаның дамуына көмектеседі. Бұнда банктер Коммерциялық кәсіпорын ретінде өздерінің жеке мақсаттары - пайда табу мүддесін жүзеге асырады.

Несие саясатының тапсырмалары :

Банктік несие құрамының жақсаруымен байланысты болуы мүмкін, айналымдылық жылдамдығының қажеттілігіне қамтылғани ссудалардың үлесінің көлемінің өсуі және т. б.

Несиелендіру бағытын таңдау несие саясатының мақсатынан шығады, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл элемент банк стратегиясының бөлігі болып табылады. Банктер халық шаруашылығының белгілінген салаларыны, ұйымдарының несие қызметіне өз күшін салады, несиелендіруде негізінен жеке тұлғалар мамандандырылуы керек, банк аралық несиелерді, соның ішінде халықаралық несие операцияларын және т. б дамуы керек.

Несие саясатында несие операциясын жетілдіру технологиясыда басты орын алады. Тәжірибе көрсеткендей банктер белгіленген ережелерді бұза алмайды, экономикалық және заңдық нормалардың қатынасында қателіктерді жібермеу керек, бұл негативті жағдайларға әкеліп соқтырады.

Банктер бұндай жағдайда өздерінің несиелерін талап ете алмайды, ссудалық пайызды өз уақытында ала алмайды және т. с. с.

Несие саясатында тағы бір маңызды элемент болып несиелендіру үрдісінде банктердің жүргізетін бақылауы табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктердің атқаратын қызметтеріне баға беру
Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Қысқа мерзімді қарыздар және оны ұйымдастыру
ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫН ҚҰРУ
ҚР банк жүйесі элементтерінің функциялары. Даму жолдары
Коммерциялық банктер қызметтері
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының банк жүйесін ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz