Кәсіптік оқыту сабақтарында автоматты жобалау жүйесі элементтерін пайдалану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1-тарау. Оқушыларды ақпараттық технологияға оқытудың педагогикалық негізі . . .

1. 1 Ақпаратты технологияларды оқытудың қазіргі жағдайы . . .

1. 2 Ақпаратты технологиялардың автоматты жобалау жүйесінде пайдаланылуы . . .

2-тарау. Автоматты жобалау жүйесін ақпаратты технологиялар арқылы оқытуды жүзеге асыру әдістемесі . . .

2. 1 Кәсіптік оқыту бағдарламасы мазмұнындағы ақпараттық оқыту мәселелері . . .

2. 2 Автоматты жобалау жүйесін ақпаратты технологиялар арқылы оқытудағы сабақтар жүйесі . . . 2. 3 Автоматты жобалау жүйесін математикалық қамтамасыз ету…… . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Қосымша . . .

3

8

8

23

31

31

40

77

88

90

93

Кіріспе

Жұмыстың көкейкестілігі: Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құндылықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі атап көрсетілген. Бұл мақсатқа жету үшін педагогика теориясы мен оқу -тәрбие үрдісінің нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамыту, мұғалім іс - әрекетінде жаңашылдықты қажет етеді .

Қоғамдағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болады.

Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеті тұр. Оның негізіне оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне тез бейімделуге ықпал ететін ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану жатады (ҚР Білім беру туралы заңы 2007 ж. 15 тамыз) .

Сол себепті жалпытехникалық және кәсіптік білім беру жаңа оқу принциптері, оқу мазмұнын саралау, ықпалдастыру және кәсібилендіру негізінде жүргізілуі тиіс. Қазіргі кезде мектепте кәсіптік білім беру қызметінің негізгі бағыты білім алушылардың жаңа технологиялар талаптарының деңгейінде және еңбек рыногының дамуына сәйкес білікті кәсіптік даярлығын қамтамасыз ету үшін жәткілікті және қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Техникалық және кәсіптік білім берудің мақсаты жеке тұлғаның және жекелеген әлеуметтік топтардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, қоғам мен еңбек рыногының техникалық және кәсіби біліктілігі жоғары жұмысшы кадрлары мен мамандарына деген қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

Кәсіптік білім берудің мазмұны жалпы кәсіптік және арнайы пәндердің кәсіптік білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгеруге жетекші болып саналатын жалпы білім беретін, әлеуметтік - экономикалық пәндер бойынша ықпалдастырылған курстарды зерделеуді және қалаған мамандық бойынша жұмыстың кәсіби дағдыларын меңгеруді көздейді .

Кәсіптік білім беруде технология курсында жоба - оқушылардың өз бетінше белгілі бір жүйедегі интеллектуалды және практикалық ептілігін қалыптастыра отырып, қандай да бір бұйымды құжаттары арқылы жоспарлаудан, дайын бұйым әзірлеумен аяқталатын шығармашылық жұмыс. Жоба жұмыстарын орындау барысында еңбек және оқу іс - әрекеттері байланысының екі кезеңі - тұтас бір іс - әрекет ретінде ұсынылады. Еңбек іс - әрекеті жобаны орындау барысында маңызды рөл атқарады. Бұл педагог қызметкердің біліктілігі мен шеберлігі ғана емес оның жаңа технологияларды игеруге, ғылыми - зерттеу жұмыстары мен жаңа шығармашылық жоба жұмыстарын жүргізуге құлшынысына байланысты болады .

Жоғарыда атап айтқанымыздай қазіргі қоғамда ақпараттық және жоғары технологиялар әрбір салаға толығымен еніп, қалыптасуда. Жоғары технологиялар күннен күнге қарқынды дамып, жаңара түсуде. Әрине бұл өзгерістер білім беру саласына да терең енді. Осыдан келе автоматты жобалау дегеніміз жоба этаптарын түрлі, көптеген функциялы ЭЕМ көмегімен орындауды айтуға болады. Автоматты жоба оқушылардың жұмыс істеу ерекшеліктеріне, жас ерекшеліктеріне назар аудара отырып, мұғалімге жаңашыл тәжірибелерді жеке әдістемелерде кеңінен пайдалануға, кәсіи шеберлігін арттыруда оқушыларды жаңа технология үрдісінде оқытуға мүмкіндік береді.

Мұғалім ақпараттық технологияларды сабақты ұйымдастыру барысында орынды, оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ мазмұнымен ғана емес жан - жақты пәнаралық байланыстарды ескере отырып пайдалана алса оқытудың дамытушылық нысандары орындалады.

Ақпаратты технологиялар көмегімен білім беруді дамытудың аспектілерін педагогика - психологиия ғылымдарында жетістікпен зерттелініп қарастырылуда. Бұл тақырып технологялар пайда болған мезеттен бастап зерделеніп келе жатқанмен өзінің актуалдылығын жоғалтқан жоқ. Бұл мәселе аспектілері бірқатар еңбектерде ашылып көрсетіліп, зерделенді. Атап айтқанда Комиссаров О. Ю., Скирута М. А., «Одежда и компьютер», Бескровайная Г. П., Куренова С. В., «Проектирование детской одежды», «Констуирование одежды с элементами САПР» т. б. көрсетуге болады.

Бұл еңбектерді ашып қарастыра отырсақ мұнда күделікті оқу еңбегіне қарағанда ақпараттық технологияларды, яғни автоматты немесе жартылай автоматты машиналар мен құрылғыларды, сонымен қатар модельдеу және конструкциялау үшін қолданылатын компьютерлік бағдарламалардың функциялары мен қолдану әдістері қарастырылған.

Біздің зерттеу жұмысымызда киімді конструкциялау және моделдеу элементтері де қарастырылғандықтан Шершнева Л. П. «Әйел және бала киімін конструкциялаудың негіздері», Бағжаева С. Қ. «Әйелдер мен балалар киімдерін сәндеу технологиясы», Литвинова И. Н., Шахова Я. А. «Әйел сырт киімін әзірлеу» және тағы басқа оқулықтарынан алған мәліметтермен зерттеу жұмысымызды толықтырдық.

Зерттеудің маңыздылығы өмір талабынан туындап отырғандықтан оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін қарастыру қажеттілігінен қазіргі нарық экономикасы жағдайында жазылған еңбектерге назар аудардық. Педагогика саласында Қоянбаев Ж. Б зерттеулерінен мағлұмат алсақ, информатика саласында Балапанов Е. К., Бөрібаев Б және тағы басқа зерттеушілер еңбегімен зерттеу жұмысымыздың мазмұнын байыта алдық. Себебі бүгінгі күнніңталабы оқушыларды оқыту барысында білім беру мазмұны қоғам талабына сай адам тәрбиесіне, яғни оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, теориялық білімдерін практикада оңтайлы қолдана алуын да көздейді. Осыдан келе біз жұмысымызды әзірлеуде технология бағдарламалармен қатар Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын басшылыққа алдық

Сондай - ақ еңбек технологиясы кәсіптік оқыту мамандығына баулуда Беспалько В. П., Еримбетова С. К., Маджута А. Г., Ахметжан Б. С., Жұмағұлов Б., Шалабаева А. еңбектерінен құнды мағлұматтармен жұмысымызды жандандыра алдық.

Біз жұмысымызды әзірлеу барысында «Кәсіпке баулудың теориясы және әдістемесі» кафедрасы - профессор-оқытушы құрамының бірқатар еңбектерін пайдаландық. Атап көрсетсек: Ұзақова А. С., Камалов Ю. Н., «Оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісінде пайдалану», Жолдасбекова С. А. «Костюм композициясы» оқулығы және тағы басқалар.

Жоғарыда аталғандарды саралай отырып, біз зерттеу тақырыбын «Кәсіптік оқыту сабақтарында автоматты жобалау жүйесі элементтерін пайдалану» деп алдық.

Зерттеудің мақсаты: Кәсіптік оқыту сабақтарында автоматты жобалау жүйесі элементтерін ақпараттық технологиялар арқылы жүзеге асыруды педагогикалық және әдістемелік негізде зерделеу.

Зерттеу нысанасы: кәсіпке оқыту сабақтарында оқушыларға ақпараттық технология негізінде автоматты жобалау жүйесін оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: кәсіптік оқыту сабақтары барысында ақпараттық технологияларды пайдалану.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Автоматты жобалау жүйесін ақпаратты технологиялармен орындау тиімді болады егер де:

Оқушылардың автоматты жобалау жүйесі бойынша алған теориялық білімдері олардың қабілеттеріне байланысты оқытудың инновациялық технологиясы мен жеке танымдық әрекеттеріне тән қалыптастырылатын дағдылары айқындалса, онда автоматты жобалау жүйесін ақпаратты технологиялар арқылы жүзеге асыру, оқушының білім сапасын арттырады.

Зерттеу міндеттері:

1. Ақпараттық технологияларды оқытудың қазіргі жағдайына талдау жасау.

2. Автоматты жобалау жүйесін ақпараттық технологиялр негізінде оқыту әдістемесіне талдау жасау

3. Кәсіптік оқыту бағдарлама мазмұнындағы ақпараттық оқыту мәселелерін зерделеу.

4. Ақпаратты технологияларды мектептің оқу үрдісінде оқытудағы сабақтар жүйесін ұсыну.

Зерттеудің әдістемелік жаңалығы: Оқушылардың автоматты жобалау жүйесі бойынша алған теориялық білімдері олардың қабілеттеріне байланысты оқытудың инновациялық технологиясы мен жеке танымдық әрекеттеріне тән қалыптастырылатын дағдылары айқындалып, автоматты жобалау жүйесін ақпаратты технологиялар арқылы жүзеге асыру оқушының білім сапасын арттыра түсетіндігінде.

Практикалық мәнділігі: Автоматты жобалау жүйесін ақпаратты технологиялар арқылы жүзеге асыру арқылы мұғалім іс - әрекеті нәтижелі болуында.

1-тарау. Оқушыларды ақпараттық технологияға оқытудың педагогикалық негізі

1. 1 Ақпаратты технологияларды оқытудың қазіргі жағдайы

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңге енді. Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғалған адам - ол технология ауысына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан - жақты адама. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру - адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан - жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі - «Білім - бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің құрылымдарын іздеу болып табылады.

Кәсіптік оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.

Бүгінгі таңдағы инновациялық білім берудің мәні - білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілеттерді дамытады. Мұндай жағдай абсолюттық білім беру мұратынан бас тартуға мәжбүр етіп, жаңа мұратқа өзін - өзі басқаратын және өздігінен білім алатын адамның қабілеттерін барынша дамытуға итермелейді.

Ол үшін білім беру парадигмасын өзгерту қажеттілігі туындап отыр. «Парадигма» грек тілінде [PARADIGMA] - үлгі (эталон) деген түсінікті береді. Яғни практикалық және теориялық проблемаларды шешуге басымдық көрсететін теория жайындағы ұғым. Сондықтан классикалық сабақ беру идеяларын шығармашылықпен дамыта отырып ұдайы жетілу үстіндегі жүйе.

Қазіргі таңдағы оқушы - ақпаратпен қаруланған, жан - жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін мұғалімдер жан - жақты қаруланған болуы қажет.

«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек.

Дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістері.

Дәстүрлі оқыту үлгісіндегі Инновациялық оқыту үлгісіндегі

моделі моделі

Сурет 1. Дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістері.

Қазіргі таңдағы мультимедия технологиялары - бұл оқу үрдісінде жаңа ақпаратты технологиялардың кеңінен дамып жатқан бағытының болуы. Мультимедия технологиялары оқу үрдісін байытады, оқытуды тиімді етуге мүмкіндік береді.

Бағдарламалы және әдістемелі жақсартылуы, сонымен қатар, оқытушылар құрамының квалификациясының жоғарылатуында, білім беруде қазіргі ақпаратты технологиялардың қолданылуы көрінеді. Мәтіндік ақпаратпен, графикалық бейнемен, дыбыспен, анимациялы компьютерлік графикамен бір кешенде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалы орталар мультимедия ортасы, бейнелеудің компьютерлік және бейнекомпьютерлік ортасы болып табылады.

Мультимедия және гипермедия - технологиларында күшті орналастырылған бөлімдік ресурстар бар, олар кілттік компетенциялардың қалыптасу және шығу орталарын қамтамассыздандыруы мүмкін. Оларға ақпаратты және комуникативтік технологиялар жатады. Мультимедия және телекомуникационды технологиялар жалпы білім жүйесінде жаңа әдістемелік жолдарды ашады.

Мультимедия (multimedia - көп орталы) - бұл әр түрлі физикалық көрсетілімі бар (мәтін, графика, сурет, дыбыс, анимация, видео) және әр түрлі тасушыларда орналасқан (магниттік және оптикалық дискілер, аудио және видеолениалар) ақпаратты өңдеумен байланысқан компьютерлік технологиялар ауданы.

Мультимедия құралдары - бұл әртүрлі орталарды қолданып (дыбысты, видео, графиканы, мәтінді, анимацияны) адамға компьютермен араласуынамүмкіндік беретін ақпаратты және прогрммалы құралдар комплексі. Мультимедия пайдаланушыға фантастикалық әлемде (виртуалды шындық) болуға, осы әлеммен интерактивті араласуына мүмкіндік береді.

Виртуалды шындық - бұл иллюзиялы дүние, адам оған кіріп (еніп), сонымен ара қатынас жасайды.

Виртуалды шындық жүйесі - бұл осы енумен ара қатынасты қамтамасыздандыратын иммитациялық программалар мен техникалық құралдардың жиынтығы. Мультимедия - бұл қазіргі техникалық және бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы интерактивті бағдарламалық қамтамасыздандыруды басқарумен орындалатын визуальді және аудиоэффектілердің өзара әрекеті. Олар бір цифрлік көрсетілмде мәтінді, дыбысты, графиканы, фотосуретті және бейнені біріктіреді.

Гипермедия - бұл мультимедиялық объектілер арасында ауысу үшін гипермәтіндік сілтемелер арқылы байланысқан компьютерлік файлдар.

Барлық бағдарламалар құралдар, соның ішінде дайын электронды оқулықтар мен кітаптар, сонымен қатар, өзіндік деп шығарылған құралдар оқытушыға оқыту тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда оқытушының ақпаратты өңдеу және алуда көмекшісі Интернет болып табылады. Оқу орындарында ақпаратты экранды түрде беруді жаңа әдістер немесе бөлек оқыту әдісі ретіндегі бейнені айтуға болады. Бейне әдісі білімді беру үшін бақылауды, қайталауды, бекітуді талдап қорытындылауды ұйымдастыру үшін қолдануға болады.

XXI ғасыр табалдырығын білім мсн ғылымды инновациялык технология бағытымен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халыктың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа сапалы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор. Кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігі жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Осы айтылған міндеттер - мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарының алдында тұрған негізгі мәселелер. Өйткені халыкка білім беру реформасы «ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгеймен камтамасыз етуді» міндеттеп отыр .

«Инновациялық технологияны меңгеру қабілеттерін дамытсам» деген ізгілік ниетімен бірігіп жатыр. Қалай десек те, ізденіспен жаңалық дөңгеленген дүние тіршілігінің бойында айналған канмен тең.

• Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кіру білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Білім беру сапасы негізінен 10 тарауды камтиды. Яғни баланы дүниеге келгеннен бастап тәрбиелейтін орталарының казіргі қоғам талабына сай жүйеленуі, барлык салаға тиісті материалдык базаның кеңеюі және кәсіби біліктілігі жогары дамыған шебер маман жетілдіру; т. б. болып табылады.

XX ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау бағытында Қазакстан жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлемге танылуы тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін шәкірттер мен мамандарды қазіргі қоғам үрдісіне сай инновациялық технологияларымен білім беру негізінде меңгерту қажет.

«Инновация» түсінігін ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу», «жаңашылдық» ұғымды білдірген. Ал тамыры тереңде жаткан термин латын тілінің «жаңару», «өзгеру»сөздерімен баламаланы. «Бұдан бұрын болмаған жаңалық», қоғамдық қажетіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсініктерді білдіреді. Ол ең алғаш рет XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінде пайда болған (бір мәдениеттен екінші мәдениетке өту элементтерінің жаңашалануы) . Одан кейіи инновациялык процестің толық түсінігі XX ғасырдың басында экономист И. Шумпегер ұсынды. Ғалым экономикалык жүйенің дамуындағы өзгерудің "жаңа комбинациясын" талдады. 30-шы жылдары И. Шумпегер, Г. Мемш "инновация" терминін ғылымға енгізді. Себебі жаңа технологияның және заттың, ғылыми тұтас жаңалығын ашты. Осы кезден бастап "инновация", "инновациялык процесс". "инновациялык потенциал" терминдері жалпы ғылымдардың терминологиялык жүйесін байытты. Инновациялық жалпы ғылыми түсінігі жүйе кызметінің тұтастай өзгеруін анықтайды. Ол жүйе элеметтерінің және әртүрлі сфералардың сапалық және сандық өзгеруі .

Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде теориялық және практикалық жұмыстарда әртүрлі педагогикалық инновация технологияларының нұсқаулары қолдануда. Ауқымды инновациялық технология нақтылы жүйе мен жіктелуді керек етеді. Осы мәселемен А. Я. Савельев. В. М. Максимов, Г. К. Селевко, т. с. с. ғалымдар айналысты.

В. М. Максимов өзінің зерттеулері бойынша келесі жіктелулерді ұсынады: құрылымдық логикалық технология, интеграциялық технология (әртүрлі пәндік білімдердің бір-бірімен байланысты) . Ойындар технологиясы, тренингтік технология, ақпараттық техология. Диалогтық технология.

Осы жіктелулер қазіргі кезде кең қолданылуда. Себебі білім берудің негізгі жолы - оқыту. Оқыту-ұстаз бен оқушы белгілі бір мақсатты жүзеге асыратын біртұтас педагогикалық процесс. Ал белгілі бір мақсатты толық жүзеге асыру оқытуды тиімді ұйымдастырумен сипатталады. Оқытудың білім беру тәрбиелік, дамыту функцияларын кеңінен қолдану қажет.

Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективті әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар кажет:

- оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

- оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді

түрде карастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, окыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау:

- жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жеке танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы окушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге кол жеткізу;

-оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыкка алу .

Әрбір ұстаз осындай шарттарды игеріп, ескеріп жаңаша оқытуға бетбұрыс жасауы керек. Себебі бүгінгі педагогика ғылымы жаңа технологияны тиімді пайдалануымен ерекшеленеді.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеу жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты мақсаты болып табылады. Жаңа технология оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын окушылардың өздігінен танымдык іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі.

Гуманитарлық пәндер жүйесінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттарына: инновациялық ізденіс қажеттілігі, инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім, инновациялык әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру, инновациялык әдістерді меңгеру, инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары, инновациялық әдіс-тәсілдердің нәтижесінің болуы, инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады.

XVIII ғасырдың аяғында өмір сүрген шведтік педагог Иоган Генрих Песталоцци "оқыту кезінде бас, жүрек, қол бірге карастырылуы қажет" деп айтып кеткен. Сол үшім білімгерлер баспен ойлап, жүрекпен түсініп, қолдарымен істеуі керек. Бүл үшін әр ұстаз төменгі қағидаларды ескеруі кажет:

- баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждыктарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;

Соңғы жылдары «компьютерлік технологиялар» деген ұғым «ақпараттық технологиялар» терминімен алмастырылуда. Бүкіл ақпараттық технологиялар компьютерлік оқытумен байланысты. Қазіргі күннің қажеттілігі - қарқыңды күшейте (интенсивті) оқытудың ашық жүйелерін жасау және қолдану. Бұл жүйелер студентке өзіне тиімді оқыту технологиясын таңдап алуына және жеке даму бағдарламасын құруына мүмкіндік береді. Бірақ, қарқынды күшейте оқытудың ашық жүйелерін синтездеуді іске асыру төмндегідей шарттарды орындағанда ғана мүмкін болады:

* Оқыту үрдісі жүргізілетін ортаның сипаттарын жан-жақты есепке алу: педагогикалық ортаның мазмұндык сипаты студенттердің білім, білік, дағдыларымен, танымдық және мәдени потенциалымен, оқуды және өздігінен жұмысты ұйымдастыруының әдістерімен және формаларымен анықталады;

* Оқыту үрдісінің студент жеке тұлғасына қатысты бейімделу принципінің ұсталуы: бұл принцип практикада студенттің пәнді игеруінің тармақталған бағдарламасын жасау арқылы іске асады (пәннің ішкі және сыртқы модульдерін құрастыру) ;

* Студенттің жалпы ғылымдық және арнаулы білімдерді қысқаша түрде, базалық білімдер берілген пәннің «логикалық конструкциясын» жобалау арқылы жеке игеруін жылдамдату принципі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның дүниетанымын еңбек қызметі арқылы қалыптастыру жолдары (Автоматика негіздері бойынша)
Бастауыш сынып оқушыларына робототехника курсын оқыту әдістері
Бастауыш сынып оқушыларына робот техникасы пәнін оқытудың әдістемесін оқыту процесі
«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Бастауыш мектепте математика пәнінде жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың тәжірибесі
«Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Педагогикалық технологияның құрылымы
Орта мектепте факультатив курстарында электротехниканы оқыту
Қазіргі кезеңдегі жалпы орта білім беретін мектепте сызуды оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Физика оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды пайдаланудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz