Тұлғаның жеке және мәртебелік жиынтығы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Пән : Әлеуметтану

Тақырып: Тұлғаның жеке және мәртебелік жиынтығы

Орындау жолы: Эссе

Тұлға, индивид, адам әлеуметтану ғылымының негізгі зерттеу объектілері болып табылады. Көбінесе бұл ұғымдар синонимдер ретінде қолданылыды, бірақ бұл түсініктерге анықтама берер болсақ, оларда айтарлықтай мағыналық айыармашылық бар екенін көруге болады.

Адам Жер бетіндегі өмір эволюциясының ең жоғарғы сатысын білдіретін түр болып саналады. Адам туралы айтқанда, біз көптеген басқа организмдер арасынан бір нақты организм түрін бөліп алғандай боламыз деуге болады. Негізгі белгілеріне ағзаның ерекше құрылысы, сана, байланысқа қабілеттілік жатады және әлеуметтік қасиеті жоқ адам тұлға бола алмайды.

Әр адам - индивид, ол адамның қайталанбас өкілі. Егер тұлға ұғымы көптеген адамдарға тиесілі әлеуметтік қасиеттерін зерттеуге пайдаланылса, индивид ұғымы білгілі бір нақты адамның әлеуметтік қасиеттерін зерттеуге қолданылады.

Ал, тұлға дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың әлеуметтік мәні. Тұлға туралы сөз қозғағанда, біз әлеуметтік құрылымның бірнеше элементтерінен белгілі бір элементті бөліп аламыз. Бұл элемент (тұлға) барлық әлеуметтік құрылымға тән әлеуметтік қасиеттер иесі болып табылады. Барлық түгел қоғамның ең негізгі белгілерін білдіреді деп айтуға болады. Адам социализация процесінде әлеуметтік қасиеттерге иеленіп, тұлғаға айналады. Егер адам бұл қасиеттерді игере алмаса (мысалы, психикалық ауруы бар адам) немесе ондай мүмкіндігі болмаса (мысалы, қоғамнан бөлек өскен бала), олар тұлға ретінде саналмайды.

Тұлға болу үшін адам белгілі даму жолынан өтуі керек. Мұның міндетті шарттары болып биологиялық, генетикалық берілген алғышарттар және индивид өзара әрекеттесетін әлеуметтік ортаның, адамдық мәдениет әлемінің болуы.

Тұлға құрамында биогендік, психогендік және социогендік компоненттерді көрсетуге болады. Биогендік компонент құрамына табиғи, тегі жағынан жалпы қаситтер кіреді (ағза құрылысы, темперамент, т. б. ) . Психогендік компонент эмоциядан, еріктік ұмтылыстардан, жадыдан, қабілеттерден және т. б. тұрады.

Ал социогендік компонент келесі элементтерден тұрады:

-тұлғаның объективті әлеуметтік қажеттіліктері; -шығармашылық, білім, машықтану қабілеттері; -қоғамның мәдени құндылықтарын игеру деңгейі; -тұлға басшылыққа алатын адамгершілік нормалар принциптер.

Әлеуметтiк статус (мәртебе) - қоғамдағы жеке түлғалар мен әлеуметтік топтардың қандай да бір қүқықтар мен міндеттер жиынтығымен байланысты жалпы жағдайы. Әлеуметтiк статус- жеке түлғаның немесе әлеу¬меттік топтың Р. Мертон "статустық жиынтық" деп атаған қоғамдағы дәрежесінің, кәсібінің, білігінің, лауазымының, материалдық жағдайының, саяси ықпалының, партиялық және кәсіподақтық мүшелігінің, іскерлік байланыстарының, үлтының, діншілдігінің, жасының, отбасылықжағдайының, туыстық байланыстарының интегралды көрсеткіші. Әлеуметтiкстатус таңылған, яғни, субъектінің әз қалауынсыз, әдетте, туа бітті (нәсіл, жыныс, жас, үлты) және жеке түлғаның өз күшімен қол жеткізген табыстары болып екіге бөлінеді. Сондай-ақ жеке түлға аралас, яғни, жоғарыда аталған екі түрінен қүралған Әлеуметтiк статусқа ие болуы мүмкін. Әдетте жеке түлғаның бір мезгілде бірнеше әлеуметтік статусы болады, бірақ соның ішінде біреуі (мысалы, қызметі) негізгі болып табылады.

Дәрігер маманының жеке және мәртебелік жиынтығы

Дәрігер бүркіт көзді, жылан мінезді, арыстан жүректі болуға міндетті деп Ибн Сина айтып кеткендей медицина қызметкерлерінен сезімталдық, ықыластылық, қайырымдылық, ақпейілділік, мейірімділік, қамқоршылық және жоғары кәсіби мәдениеттілік сияқты адамгершілік қасиеттер талап етіледі. Дәрігердің негізгі міндеті ауру адамды науқасынан айықтыру, оның қал-жағдайын жақсарту, аурудан сақтап, оның алдын алу жақтарымен шұғылдану болып табылады. Міне осы міндеттерді орындау барысында дәрігермен ауру адамның арасында күрделі қарым-қатынас туады. Осы қарым-қатынастың дұрыс өзекке түсуі үшін дәрігер бойында көптеген жақсы қасиеттердің болуы өте қажет. Бұл қасиеттердің бәрін бір сөзбен сипаттасақ, жақсы дәрігерде маманына сәйкес «медициналық» мінез қалыптасуы керек. Әрине, мамандық білімін жетілдіру қай салада болмасын керекті жәйт, бірақ дәрігерлік қызметте оның маңызы ерекше. Өйткені, біріншіден сіздің мамандығыңыз адамның денсаулығын және өмірімен тікелей байланысты, ал бұл өмірде олардан артық байлық жоқ екені белгілі. Екіншіден, басқа салалардан гөрі медицинада болатын өзгерістер мен жаңалықтар, жоғарыда айтылғандай, жиі болып тұрады. Сондықтан өз қызметінің жоғарғы шыңына жетемін деген үміті бар әр дәрігердің өзінің мамандығы бойынша жарыққа шыққан жаңа әдебиет сөздерін жақсылап оқып, өз саласында болып жатқан емдеу немесе диагностика жаңалықтарын өзінің күнделікті тәжірибесінде кеңінен қолданып отыруы керек А . П. Чехов былай деп жазған екен: « Дәрігердің ақыл - ойы ашық, адамгершілік жағынан таза, физикалық жағынан ұқыпты болуы керек». Осы тура айтылған ұғымды ашып қарасақ, дәрігердің білімі, тәжірибесі мен жоғары сапалы қызметіне деонтологиялық қырағылық (сақтық) қатарлас болуы қажет. Ауру адамға көмектесуде, аурудың аяғы құтты болатынына сендіру негізіндегі әңгімелерде, прогностикалық қорытындылар мен кеңес беруде сөз арқылы ауру адамға зиян келтірмеу үшін өте сақ болу керек. Дәрігерлік практика дәрігерге медико - психологиялық баға беруде көп мәлімет береді. Сау адамға қарағанда ауру адамның келбеті өзгереді және ауру тудыратын ерекшеліктерімен толықтырылады. Сондықтан да дәрігер тек медик - маман ғана емес, сонымен бірге азамат, қоғамдық қызметкер, ол тек қана медицинада емес, сол сияқты мемлекеттің барлық сұрақтарынан жан - жақты білімді болуы керек.

Ежелгі грек философы Сократ айтқан екен:
«Жанды емдемей, тәнді емдей алмайсың» деген ұлағатты ойы есіме түседі осындайда.
Маман иесі өте көп, алайда өз ісіне мығым, ойы мен ісін шеберлікпен ұштай алатын нағыз мамандар саусақпен санарлық.
Сол кезде жүрек сыздап, көңіл құлазитын кездер де кездесіп тұрады. Үстіне ақ желең киіп отырып, есіктен енді еніп үлгірмеген сырқатты сыздана қарсы алып, ызғарымен ықтыратын дәрігерлер де кездеседі:
-Алатыным аз айлық. Сенің асты-үстіңе түсіп бәйек болатын уақытым жоқ. Тезірек ауыратын жеріңді айт, - деп дікеңдейтін де дәрігерлер бар.
Науқас адам сенен тән саулығын жазар деп үмітпен келгенде, сен оның жан дүниесін де ауыртып жіберетін кездер кездесіп жатады. Сондықтан әрбір дәрігер жақсы маман болумен қатар, жан дүниесі де рухани бай, психолог болу қажет деп ойлаймын.
Әр адамның мүддесі болады. Адам болған соң оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ол тілеуінің жолындағы амалы да адамына қарай түрлі болады. Неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мақсаты да зор болады. Сол секілді науқас адамның бойындағы жігерлікті, қайраттылықты жүрегіне ұялата алсақ, қажеттілікті сезіндіре білсек, психикалық тіршілігінің маз-мұнын байытатын қозғаушы күш болып табыламыз.
Әрбір науқас қуанышқа жетуге, ауруынан айығуға ұмтылады. Оған жетудің сенімді жолы - ойлау жүйесін бақылай білу. Ол сыртқы факторлар мен жағдайларға да байланысты, әрі қасында жүрген адамдардың да қарым-қатынасына да байланысты.
Науқас адамдарға көңіл бөлу - бүкіл дәрігерге ортақ парыз. Өз қызметін дамыту үшін әр дәрігер өзінің түрлі қасиеттері мен қылықтарын талдай алатын, қоғам мен ұжым қоятын талаптарды ескере отырып, бұларға сын көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы тиіс. Кім жақын адамдарына бақыт әкелгісі келсе немесе еңбекте табысқа жеткісі келсе, сол адам өз бетімен өзін-өзі тәрбиелеу жолында еңбегін сарп еткені жөн.
Адам - ақыл ойы бар қоғам мүшесі. Сондықтан оның психикалық қасиеттері қоғамдық тұрмыс жағдайларының шешуші әсері арқылы қалыптасады. Оның іс-әрекеті белгілі бір мақсатқа бағынады. Қазіргі күрделі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін көп біліп қана қоймай, сонымен бірге адамдардың түбірлі мүддесі мен заман талабына сай дұрыс шешімдер қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай білу қажет.
Адамдармен қарым-қатынасты орнықтыру үшін мәдениеттілікті басты назарда ұстау қажет. Адамдардың ішкі рухани әлемінің маңыздылығын, адамгершілікті жетілдіру қажеттілігін жете түсіну де керек. Ал дәрігер клиникада коммуникативтік дағдыларды тиімді пайдаланғанда ғана философиялық концепцияларды терең түсінуге жол ашады. Дәрігер науқастардың әрқайсысына дұрыс қарым-қатынас орнату үшін жоғарыда айтылған дағдыларды ескеру қажет.
Ибн Синаның дәрігерлерге айтқан төмендегі сөзін
«Ақ халатты абзал жан» атанамын деген әрбір дәрігер өз ұстанымы ретінде қабылдаса нұр үстіне нұр болар еді.
Дәрігер қыран құстай қырағы,
Қыз баладай епті,
Жыландай ақылды,
Арыстандай жүректі болуы тиіс».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси шиеленістер мен дағдырыстар
Тұлғаның жеке және мәртебелік жиынтықтары
Адамның әлеуметтік мәртебесі: сөйлеу әдебінің ерекшеліктері
Маркетинг салаларының философиямен байланысы
Криминалдық психологияның пәні мен міндеттері
Қылмыскердің жеке тұлғасы туралы
Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер
Әлеуметтану бойынша дәрістер
Тұлға ұғымының мәні, түсінігі
Қоғамның құрылымы өте күрделі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz