Қазақ ойшылдарының қоғам және тұлға дамуына әлеуметтанулық көзқарастары жайлы



I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
1. Қазақ ауыз әдебиетіндегі әлеуметтік көзқарастар
2. Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастыары
3. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
4. Шәкәрім Құдайбердіұлының әлеуметтік көзқарастары
5. Абайдың әлеуметтік көзқарастары
6. Ә. Бөкейхановтың саяси.әлеуметтік көзқарастары
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты, ең алдымен, оның «халық психологиясын», «халықтың арман-мүддесін, тілегін» қалай суреттеп көрсеткендігіне байланысты деп түсінуіміз керек. Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты деген мәселені біз оның таптық сипаты деп ұғынамыз. Сондықтан бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Марксизм-ленинизм классиктері: «Таптық қоғамда таптан тысқары, қоғам өмірінен, тап күресінен бөлек тұратын әдебиет болмайды, әдебиет әрқашан да белгілі бір таптың идеясын, көзқарасын білдіреді», - деп үйретеді.
В.И. Ленин «Партиялық ұйым мен партиялық әдебиет» дейтін тамаша еңбегінде әдебиеттінң таптық және партиялық сипатын айта келе, таптық қоғамда әдебиеттің алатын орнын, әдебиеттің тап құралы екендігін айқындап берді.
Әдебиеттің таптық сипаты туралы марксизм-ленинизм классиктерінің даналықпен айтқан пікірлерін ауыз әдебиетіне де қолданамыз. өйткені ауыз әдебиеті де белгілі бір таптың таптық тілегін, мүддесін жырлайды және оған қызмет етеді.
Ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің қандай түрін алсақ та, онда белгілі бір таптың идеясы, көзқарасы жататындығын ап-айқын көруге болады. Мәселен, еңбекші халық өзінің ауыз әдебиетін қанаушыларға қарсы жүргізген таптық күресінің құралы етті. Онда – еңбекші халық қанаушы таптың зұлымдығын, жауыздық іс-әрекетін, езуші тап өкілдерінің мансапқорлығын, басқыншылық шабуылдарын әшкерелеп отырады, олардың жиренішті образын жасайды. Халықтың ертегі, әңгіме, жырларында кездесетін Қарабайлар, Мыстандар сол қанаушы таптың, хандар мен феодалдардың өкілдері болып бейнеленеді. Олардың жауыздық іс-әрекеттерін сынға алады, әшкере етеді. Сондай-ақ , мақалдардағы «Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді», «Сопы сұмнан шығады», «Төреге ерген ер-тоқымын арқалар», «Қойды құртаң бүлдіреді, елді сұлтан бүлдіреді» деген халықтың даналық сөздері еңбекші бұқараның қанаушы тапты жек көргендігінің айғағы. Бұл келтірілген мысалдардың қайсысы болса да ауыз әдебиетінің таптығын, таптық тілектен туғандығын көрсетеді. Демек, еңбекші халық тудырған ауыз әдебиеті қалың бұқараның қоғамдық-таптық көзқарасын, сана-сезімін білдіріп отырады.
Мұнымен қатар, еңбекші бұқара тудырған ауыз әдебиетінің халықтық сипаты – халықтың тұрмыс-тіршілігін, қоғамдық өмірін, арман-мүддесін, дүние танудағы көзқарасын т.б. суреттеуінен де байқалады. Халықтың адал еңбекті, достық-татулықты, жақсы шат өмірді аңсап арман еткендегі оның ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы, идеялық нысанасы болып келеді және бұл жолда халыққа қызмет еткен қарапайым еңбек адамдары ардақталады, олардың ісі, мінезі сүйкімді түрде жырланады, оларды үстем тап өкілдеріне қарама-қарсы қойып әңгімелейді. Мысалға «Аяз би» ертегісін алайық. Бұл ертегіде халық өз ортасынан шыққан қарапайым шаруа адамын, оның ақылын, адамгершілігін, тапқырлық ісін ардақтайды және оны қанаушы тап адамдарына қарсы қояды. Бүкіл материалдық және рухани байлықты жасаушы да, қоғам өмірін алға бастаушы негізгі күш те халықтың өзі екендігін елестетеді.
1. Садырова.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер/ М. С. Садырова. -Алматы: Эверо, 2011. -284 б.
2. Социология: оқулық/ ред.: Ә. Нысанбаев. - Алматы, 2009. -222 б.
3. Қарабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері: оқу кұралы/ Ш. К. Қарабаев. - Алматы: Экономика, 2008. -640 б.
4. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: оқу кұралы / Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов. -2-ші бас., толық. - Алматы: Қарасай, 2012. -384 б.
5. Исаев Б.А. Социология: учебное пособие/ Б. А. Исаев. - СПб.: Питер, 2010. -224 с.
6. Козырев Г.И. Социология: 100 вопросов- 100 ответов/ Г. И. Козырев. - М.: ВЛАДОС, 2007. -190 с.
7. Кравченко А.И. Социология: учебник/ А.
8. http://e-history.kz/kz/contents/view/425

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Пән: Әлеуметтану
Тақырып: Қазақ ойшылдарының қоғам және тұлға дамуына әлеуметтанулық көзқарастары

Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
1. Қазақ ауыз әдебиетіндегі әлеуметтік көзқарастар
2. Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастыары
3. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
4. Шәкәрім Құдайбердіұлының әлеуметтік көзқарастары
5. Абайдың әлеуметтік көзқарастары
6. Ә. Бөкейхановтың саяси-әлеуметтік көзқарастары
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Өзектілігі
Әлеуметтік-саяси идеялары қазақ халқының түрлі тарихи даму кезеңдеріндегі, мысалы: қазақ халық ауыз әдебиеті тұлғаларынан бастап қазіргі кезге дейінгі қазақ ойшылдарының шығармаларында орын алған еді. Оның ішінде көптеген әлеуметтік пайымдаулар XIX-XX ғасырларда орын тапқан.
XIX ғасырдың 60-шы жылдарында патшалық Ресей қаақ даласын толығымен отарлауды іске асырған еді. Жүргізілген отарлау саясаты қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық, мәдени-құқықтық және тағы басқа да өмір салаларында айтарлықтай ықпал етті. Сол тұста қазақ даласына демократиялық көзқарастағы орыс ойшылдары әр түрлі себептермен келе бастаған еді. Олар қазақ ойшылдарының саяси-әлеуметтік тұжырымдамаларының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.Солардың қатарында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев және т.б. болды. Кейін Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы және т.б. қазақ ағартушылары өздері өмір сүрген тұстағы қоғамның тыныс-тіршілігін зерттеп, оның әлеуметтік мән-мазмұнын ашып, тағы басқа да мәселелерін терең пайымдаулардан өткізді. Енді сол пайымдауларға тоқталамыз.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі әлеуметтік көзқарастар
Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты, ең алдымен, оның халық психологиясын, халықтың арман-мүддесін, тілегін қалай суреттеп көрсеткендігіне байланысты деп түсінуіміз керек. Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты деген мәселені біз оның таптық сипаты деп ұғынамыз. Сондықтан бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Марксизм-ленинизм классиктері: Таптық қоғамда таптан тысқары, қоғам өмірінен, тап күресінен бөлек тұратын әдебиет болмайды, әдебиет әрқашан да белгілі бір таптың идеясын, көзқарасын білдіреді, - деп үйретеді.
В.И. Ленин Партиялық ұйым мен партиялық әдебиет дейтін тамаша еңбегінде әдебиеттінң таптық және партиялық сипатын айта келе, таптық қоғамда әдебиеттің алатын орнын, әдебиеттің тап құралы екендігін айқындап берді.
Әдебиеттің таптық сипаты туралы марксизм-ленинизм классиктерінің даналықпен айтқан пікірлерін ауыз әдебиетіне де қолданамыз. өйткені ауыз әдебиеті де белгілі бір таптың таптық тілегін, мүддесін жырлайды және оған қызмет етеді.
Ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің қандай түрін алсақ та, онда белгілі бір таптың идеясы, көзқарасы жататындығын ап-айқын көруге болады. Мәселен, еңбекші халық өзінің ауыз әдебиетін қанаушыларға қарсы жүргізген таптық күресінің құралы етті. Онда - еңбекші халық қанаушы таптың зұлымдығын, жауыздық іс-әрекетін, езуші тап өкілдерінің мансапқорлығын, басқыншылық шабуылдарын әшкерелеп отырады, олардың жиренішті образын жасайды. Халықтың ертегі, әңгіме, жырларында кездесетін Қарабайлар, Мыстандар сол қанаушы таптың, хандар мен феодалдардың өкілдері болып бейнеленеді. Олардың жауыздық іс-әрекеттерін сынға алады, әшкере етеді. Сондай-ақ , мақалдардағы Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді, Сопы сұмнан шығады, Төреге ерген ер-тоқымын арқалар, Қойды құртаң бүлдіреді, елді сұлтан бүлдіреді деген халықтың даналық сөздері еңбекші бұқараның қанаушы тапты жек көргендігінің айғағы. Бұл келтірілген мысалдардың қайсысы болса да ауыз әдебиетінің таптығын, таптық тілектен туғандығын көрсетеді. Демек, еңбекші халық тудырған ауыз әдебиеті қалың бұқараның қоғамдық-таптық көзқарасын, сана-сезімін білдіріп отырады.
Мұнымен қатар, еңбекші бұқара тудырған ауыз әдебиетінің халықтық сипаты - халықтың тұрмыс-тіршілігін, қоғамдық өмірін, арман-мүддесін, дүние танудағы көзқарасын т.б. суреттеуінен де байқалады. Халықтың адал еңбекті, достық-татулықты, жақсы шат өмірді аңсап арман еткендегі оның ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы, идеялық нысанасы болып келеді және бұл жолда халыққа қызмет еткен қарапайым еңбек адамдары ардақталады, олардың ісі, мінезі сүйкімді түрде жырланады, оларды үстем тап өкілдеріне қарама-қарсы қойып әңгімелейді. Мысалға Аяз би ертегісін алайық. Бұл ертегіде халық өз ортасынан шыққан қарапайым шаруа адамын, оның ақылын, адамгершілігін, тапқырлық ісін ардақтайды және оны қанаушы тап адамдарына қарсы қояды. Бүкіл материалдық және рухани байлықты жасаушы да, қоғам өмірін алға бастаушы негізгі күш те халықтың өзі екендігін елестетеді.
Бұл айтылғандардан халықтың ауыз әдебиетінде әр түрлі қайшылықтар, теріс ұғымдар, тіпті еңбек адамының мүддесін жанаспайтын көзқарастар жоқ деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиеті ауызша айтылып тарағандықтан және әр дәуірдің, әр бір қоғамдық тілектің әсерін көргендіктен онда әр түрлі қайшылықтардың кездесетіні де болады. Екіншіден, экономикалық және қоғамдық дамуларға адамның сана-сезімі әрқашан да ілесе бермейді, кейде сананың кейін қалып қоятыны да белгілі. Мұның өзі ауыз әдебиетіне ықпал жасамай қоймайды. Солай бола тұрса да, халықтың ауыз әдебиеті жоғарыда айтылған халықтық сипатын, оның белгілерін сақтап отырады.
Әрине, ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығын халық тудырған және оның бәрін халықтық шығармалар деуге болмайды. Олардың ішінде үстемдік еткен қанаушы тап тудырған шығармалар да бар. Сол шығармалары арқылы қанаушы тап өзінің таптық идеясын, халыққа жат іс-әрекетін, көзқарасын білдіріп отырған. Үстем тап өзінің ауыз әдебиетінде: ел талауды, еңбексіз мал табуды, халықты езіп ұстауды, еңбек адамдарын кемітіп қорлауды жырлайды және бұл жолда ерлік жасаған адамдарын үлкен дәрежеге көтеріп ардақтай суреттейді. Екіншіден, үстем тап халыққа жат, кертартпа идеясын өзінің шығармалары арқылы бейнелесе, сонымен қатар, халықтық ортада туған әдебиет үлгілерін де өңдеп пайдаланғандығы байқалады. Мұның мысалын батырлар жырынан көруге болады.
Сондықтан өткендегі ауыз әдебиетін түгелінен халықтық тілектен туған және халықтық сипаты бар шығармалар деп қарауға болмайды. Біз оларды таптық тұрғыдан қарап бағалауға тиістіміз. Бұл жөнінде В.И. Лениннің ...біз әрбір ұлттық мәдениеттен тек оның демократиялық және социалистік тектерін аламыз, оларды тек және сөзсіз әрбір ұлттың буржуазиялық мәдениетіне, буржуазиялық ұлтшылдығына қарсы қою үшін аламыз деген даналық пікіріне сүйене отырып, ауыз әдебиетінің ішінен шын мәнінде халықтық сипаты барларын, халықтың бұқарашылдық, прогрестік арман-мүддесін көрсететіндерін ғана таңдап алуға тиістіміз.
Халықтық ортада туған ауыз әдебиетінің мәні өте зор. Ез алдымен ол халықтың өткендегі өмірі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, дүние танудағы көзқарасы, арман-мүддесі, таптық күресі т.б. жайлары қандай болғанымен таныстырады, бұл жөнінде көптеген мәлімет береді. Бұларды ол әдебиеттік суреттеу арқылы елестетеді.
М. Горький Совет жазушыларының бүкілодақтық бірінші съезінде жасаған баяндамасында: Халықтың ауыз әдебиетін білмейінше еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес, - дейді. Халықтың өткендегі тарихын түсінуіміз үшін ауыз әдебиетінің мәні зор екендігі атап көрсетеді. Демек, ауыз әдебиеті өткен өмірді, халықтың психологиясын, оның арман-мүддесін білуімізге аса керекті материалдың бірі болып табылады.
Халық ауыз әдебиетінің өз кезінде, жастарға идеялық ертегілері аңыз-әңгімелері, мақал-мәтелдері, басқыншы жаудан ел қорғау жолында ерлік жасаған батырлар жайында шығарған жырлары т.б. адал еңбекті, халыққа қызмет етуді, халықтың жауларына қарсы күресуді, езілген еңбекшіге болысып жәрдемдесуді жырлайды. Бұл жолда халыққа адал ниетімен қызмет атқарған адамдарды ардақтайды, олардың ісін кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге етеді. Осы идеясын жүзеге асыру үшін ауыз әдебиетін аса зор мәні бар құрал ретінде пайдаланады. Мұнымен қатар жағымссыз мінез-құлық, іс-әрекеттерді халықтың ауыз әдебиеті жиренішті түрде суреттей отырып, олардан безуді, жек көре білуді үйретеді.
Революцияшыл ұлы демократтар еңбекші халық тудырған ауыз әдебиеті - қоғамдық, таптық сананың жемісі, онда еңбекші бұқараның тұрмыс-тіршілігі, дүниеге көзқарасы, таптық күресі суреттеледі деп қарады. Халықтың ауыз әдебиеті әлеуметтік теңсіздікке, құлдық өмірге қарсы күресу жөнінде еңбекші бұқараның сана-сезімін оятуға жәрдемдеседі, соны бейнелейді деп дәлелдейді. Мұнымен қатар олар ауыз әдебиетінің көркемдік қасиетін жоғары бағалады. Және де ауыз әдебиеті арқылы халықтың өткендегі өмірін, тарихын елестетуге болады дейді. Сондықтан да олар халықтың ауыз әдебиетін таптық тұрғыдан, қанаушы тапқа қарсы күресу тұрғысынан бағалауға айырықша мән береді.

Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастары
Ш.Уәлиханов қазақ қоғамындағы жағымсыз құбылыстардың тоқырауға себеп болғанын, қоғам дамуындағы жаңа бетбұрысқа бағыт алған еркін ағымды тоқтатқанын сынай келе, ендігі қазақ елінің өркендеу болашағын реформалармен тығыз байланыстырды. Шоқанның көзқарасы бойынша экономикалық және әлеуметтік реформалар шынайы қоғамдық прогреске жетуді мақсат етуі керек, ал, қоғамдық прогресс, өз кезегінде халықтың материалдық жағдайын жақсартуға қызмететуі тиіс. Халықтың пайдасы үшін іске асырылатын қоғамдағы өзгерістер материалдық қажеттілікке және ұлттық мазмұнына орайластырылған бірнеше талаптарды қанағаттандыруы керек.
Шоқан қазақ қоғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі ретінде қарастыра отырып, оның әлеуметтік-таптық құрамының қоғам дамуына сәйкес үлкен өзгерістерге ұшырап отыратынын көрсетті. Кейінірек Қазақстанның Ресейге қосылуы (бодан болуы), хандық институттың жойылуы, басқарудың жаңа жүйесінің енгізілуі және т.б. себептер де қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын біраз өзгеріске ұшыратты.
Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінің өршуін қазақтардың өз жерінен ығыстырылып, материалдық жағдайының күрт құлдырауынан деп білді. Шоқан өркендеудің қай сатысында тұрғанына қарамастан кез-келген халықтың өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі қорғауын, өзін-өзі басқаруын және өзін-өзі жазғыруын қоғамдық даму заңдылықтары ретінде қарастырып, олардың қазақ қоғамындағы әрекет ету көріністеріне тоқталады.Билер сотының сақталуын Шоқан халықтың өзін-өзі басқаруының маңызды буыны деп қарай отырып, патша үкіметі ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың мүддесіне сай өлкені басқару жүйесін орнатады деп сенген болатын. Алайда , оның үміті орындалмады.
Шоқанның әлеуметтік көзқарастары О.Конт, Г.Спенсер тәрізді Батыс әлеуметтанушыларының ой-пікіріне ұқсас. Алайда Шоқан олардың көзқарастарының төңірегінде қалып қоймады.
Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уәлиханов сияқты өзінің бар саналы өмірін елдің игілігі үшін сарп еткен, өз халқынның даңқты ұлы. Ы. Алтынсарин көрнекті педагог, ақын, ағртушы және ойшыл болған кісі. Ы. Алтынсарин қазақ халқының мақтан ететін белгілі қоғам қайраткері. Ы. Алтынсарин Қазақстанның Ресейге толық қосылып, кең қазақ даласын игеру мәселесі міндет етіп қойылған дәуірде өмір сүрді.
Ш. Уәлиханов ХІХ ғасырдың 50-ші және 60-шы жылдарында Ресейге крепостнойлық праовны жою үшін саяси және идеологиялық күрестің шиеленіскен дәуірінде қызмет етсе, Ыбырай Алтынсарин 70-80-ші жылдарында крепостнойлық право жойылып, Ресейде капитализмнің дамыған дәуірінде қызмет етті. Ы. Алтынсаринның туып-өскен жері Солтүстік Қазақстандағы капитализмнің ықпалына түскен аудандардың бірі еді.
Ыбырай Алтынсарин өз халқын орыстың өзоқ мәдениетіне жеткізудің ынталы жақтаушысы. Ол қазақ халқының экономикалық және рухани дамуын тездетудің негігі құралы етіп баолық қазақ ауылдарында орыс-қыпғыз мектептерін ашу міндетін қойды.
Ы. Алтынсарин орыс білімі қазақ халқының рухани дамуының жолы деп қана қараған жоқ, оны Қазақстанның өндірістік дамуына септігін тигізетін, яғни қазақтардың орыс халқынан ғылыми және практикалық білімін қабылаудың әдісі деп санады. Ы. Алтынсарин осы идеясын іске асыру үшін 1883-ші жылы Торғай қаласында қолөнер мектебін (ремесленная школа) ашты. Бұл мектептің ашылуын айрықша мәнді оқиға деп атап, оны қырғыздардың нақты білімінің бастамасы деп санады.
Ы. Алтынсарин ашылып жатқан орыс-қырғыз мектептерінде білім алудың өте пайдалылығын және қажеттілігін көпшілік бұқараға ұғындыру және жас балаларды білімге қызықтыру үшін Қырғыз хрестоматиясының бірінші беттерін білім үйрену, ғылым игері туралы жалынды өлең сөздерімен бастайды. Сауатсыз, білімсіз адамдар - қараңғылықта адасушы, көзі жоқ соқыр, ақылы жоқ надан, деп жазды Ы. Алтынсарин. Нағыз адамдар - ғылымды игеріп, біліммен қаруланған, дүниенің игілігін пайдалана білетін кісілер. Ғылым адамды надандықтың түнегінен шығарады, оның ой-өрісін шексіз кеңейтеді.
Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегеңін алдыңнан Іздеме-ақ табылар - деп жазды Алтынсарин.
Ы. Алтынсариннің түсінігі бойынша, білім дегеніміз, төңіректегі ақиқатты тану. Табиғи ақыл айналадағы бізді қоршағанды ғана қамтуға қабілетті, ал, оны дамытып, біздің көрмегенімізді де білуге қабілетті ететін дүниелік (светский) білім ғана деп көрсетті Ы. Алтынсарин.
Сонымен, Ы. Алтынсаринның ағарту идеясы қоғамда ғылым мен білімнің рөлін дәріптеуге бағытталған. әлбетте, бұл жерде қоғамдық өмірмен байланыстырылмай алынған ғылымның рөлін асыра дәріптегенін байқауға болады. Ы. Алтынсариннің орыс-қырғыз мектептерін ашуы, Қырғыз хрестоматиясын жазуы, қазақ ауылдарында орыс әдебиетін таратуы Қазақстан мәдениетінің дамц тарихында үлкен оқиға, революциядан бұрынғы дәуірде қазақ халқының рухани өміріндегі дамудың бастамасы болды.
Ы. Алтынсариннің ағарту қызметі оның демократиялық пікірлерінің айқын көрінісі еді. Ол еркі жоқ бұқараның қорғаушысы болып, езілген, сауатсыз халыққа жасаған қанаушылардың әділетсіздіктеріне, қастандықтарына, зорлық-зомбылықтарына, заңсыздықтарына қарсы шықты. Ол қоғам ауырпалықтарын, үстем таптар өкілдерінің ел үстінен күн көрген жарамсыз мінездерін өткір сынға алды.
Ыбырай Алтынсарин патша өкіметінің Қазақстанда жүргізген қлт саясатында сын көзімен қарады. Реседің үстем таптарының орыс ұлтына жатпайтын басқа халықтарға жүргізген ұлттық кемісітушілік саясатын көре білді. Орыс шенеуніктерінің қазақтарды төменгі нәсілдің адамдары деп санауы, қазақ халқына надан, тұрпайы көріп, жиіркенішпен қарауы Ы. Алтынсарин секілді халықтың адал ұлдарына өте ауыр тиді. Ы. Алтынсарин білімді орыстардың жергілікті халықты жек көре қарауын сынай отырып, мәдениетті адамдардың міндеті - қазақ халқын мешеусің деп қорламай оның мәдениетінің дамуына көмектесу деді.
Ол өз заманының қоғамдық-саяси тәртіптеріне де сын көзімен қарады. Бірақ, қоғамның ауыртпалықтарын, жергілікті өкімет орындарының өкілдерін, реакцияшыл қазақ феодалдары мен молдарын сынаса да, ол қоғамдық-саяси құрылысты тұтас сынауға өресі жетпеді.
Ы. Алтынсарин тарихты терең білмеуі әлеуметтік әділетсіздіктің түп-төркіні қоғамдық-саяси қатынастарда екенін түсінуіне мүмкіндік бермеді. Надақтықты жою үшін олардың экономикалық негізін құртып, қоғамды революциялық жолмен жақсартып, халықтың экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ету қажет.
Ы. Алтынсарин замандастарын гуманизм тәрбиелеуге тырысты, оларды кедейлерге, бақытсыздыққа ұшырған адамдарға жәрдем беруге шақырады. Бай таптардың өкілдерін кедейлерге жәрдемдесуге шақырғанымен, іс жүзінде байлардың кедейлерге рақымсыздығын, олардың қарапайым халыққа жасаған заңсыздықтарына, әділетсіздіктеріне, озбырлығына куә болды. Бұл жағдай мәңгі болуы мүмкін емес, арамза мырзаларды жазалайтын күн де туар, деген ой ұшқыны Ы. Алтынсаринде де болды.
Қазақ халқының мәдениетін дамытуға бағытталған Ы. Алтынсариннің ағарту қызметі, оның езілген еңбекшіхалықты ашық жақтауы, оларды зорлық-зомбылықтан қорғауы феодалдық үстем таптарға және ресми өкімет орындарына ұнамады.
Өз дәуірінде Ы. Алтынсарин Қазақстанның экономикалық даму келешегі, қазақ халқының болашағы, оның қандай жолмен алға басатыны туралы аса құнды, терең ой-пікірлер айтты.
Әлеуметтану мәселелері туралы арнайы еңбек жазбағанымен, ресми баспа орындарында басылып шыққан мақалалары оның әлеуметтанудан терең білімі барлығын байқатады және бұл еңбектерінде кейбір қоғам дамуының мәселелерін ғылыми пікірлерге сүйеніп шешуге тырысады.
Қырғыз хрестоматиясында басылған Қыпшақ Сейітқұл әңгімесінде революциядан бұрынғы Қазақстанда кең таралған барымтаны айыптайды, қазақ көшпелілерінің отырықшылдыққа өтіп, мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығымен айналасуын, қазақ ауылдарының арасында сауданың дамуын жақтайды. Сонымен бірге Ы. Алтынсарин Қазақстанның дамуын табиғи процесс ретінде қарады. Ы. Алтынсарин қазақ халқының бұдан былайғы дамуына қолдан жасалған сыртқы күш керек деуші пікірлерді қате деп санады. Ы. Алтынсариннің бұл ойлары осы күнде де маңыздылығын жоймаған.
Шәкәрім Құдайбердіұлының әлеуметтік көзқарастары.
Шәкәрімнің көптеген шығармаларында еңбек ету идеясы, іскерлік пен жаңашылдықтың пайдасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары.
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары жайлы
Қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастырудағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік-саяси идеялары
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Абайдың әлеуметтанулықой - пікірлері
Әлемдік әлеуметтану пәнінен дәрістер
Әлеуметтану пәнінен дәрістер жинағы
XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік ойлар
Қазақ ойшылдарының қоғам және тұлға дамуына әлеуметтанулық көзқарастары
Қазақстандағы социологиялық көзқарастардың қалыптасуы
Пәндер