Мәдениеттің түрлері мен нысандары: элитарлы, халықтық, бұқаралық, субмәдениеттер және Шығыс-Батыс типологиясы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Пән : Әлеуметтану

Тақырып: Мәдениеттің жекеленген түрлеріне шағын талдама.

Орындау жолы: эссе

Мәдениет - ұрпақтан ұрпаққа берілетін жинақталған, қол жеткізілген тәжірибе, адамға өмір үшін қажетті, генетикалық тұрғыда берілмейтін, бірақ үйрену мен тәрбиелеу арқылы берілетін білімдер мен мінез-құлық үлгілерімен қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, мәдениет «адамзат тарихының кесіндісі», ол тарихи даму барысындағы адамдағы өзгерісті көрсетеді. Мәдениет оның әлеуметтенуінің құралы болып табылады, яғни оның қоғамдық тұтастықпен қарым-қатынасын, қоғам мүшесі болып қалыптасуын білдіреді.

Мәдениет әлеуметтану үшін маңызы қоғамнан кем емес түсінік. Егер қоғам - адамдар жиынтығы болса, мәдениет - олардың іс-әрекеті қорытындысының жиынтығы.

Кең тараған түсінік бойынша мәдениет негізінен материалдық және рухани болып өзара қарым-қатынасты бірлікте өмір сүреді. Мәдениеттің бұл екі түрі адамның рухани дүниесін, әлеуметтік өмірді өзгертуімен байланысты. Осы мағынада материалдық мәдениетті рухани мәдениеттің нақты көрінісі ретінде қабылдауға болады. Материалдық мәдениет адамның табиғатқа қатысымен, оны өзгерту, қайта құру үдерістерімен және өз әлеуметтік ортасымен өзара қарым‑қатынасын, өз мұқтажын қанағаттандырумен байланысты болады. Бұған материалдық игіліктерді өндіру мәдениеті (өндірістегі сапалы құрал-саймандар, техника, құрылымдар, т. б. ) жатады. Рухани мәдениетке ғылым, өнер, әдебиет және адамдарды тіршілікке бағдарлайтын идеялар, құндылықтар, нормалар, салт‑дәстүр, ойлау әдістері және т. б. жатады. Мәдениетті материалдық және рухани деп бөлу шартты, өйткені олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар, соның нәтижесінде олар бір-біріне тұрақты әсер, ықпал етіп отырады. Мысалы, адам ойындағы ғылыми идеялар мен тұжырымдар, техникалық жобалар өндірістік өмірде жаңа техникалық құрал-саймандар мен жабдық түрінде жүзеге асып жатса, ал осы техникалық жаңалықтар келесі теориялық ойлар мен жаңа идеялардың, тұжырымдардың тууына ықпал етеді.

Социологтар мәдениеттің үш нысанын - элитарлы, халықтық және бұқаралық; екі түрін - субмәдениет және контрмәдениетті деп бөледі.

Элитарлы мәдениет. Элитарлы мәдениет қоғамның артықшылыққа ие болған бөлігінің мәдениеті. Ол әсем өнерді, салмақты музыканы және жоғары интеллектуалды әдебиетті қосады. Мыс. : Пикассо салған суретті, не Моцарт әуенін дайындалмаған адамның түсінуі қиын. Ал ондай дайындыққа екінің бірінің қолы жете бермейді. Олар орта білімді адамның қабылдау деңгейінен 20-30 есе озық отырады. Ол мәдениеттің тұтыну шеңбері - қоғамның өте білімді бөлігі. Элитарлы мәдениет формуласы «өнер үшін өнер».

Халық мәдениеті. Халық мәдениеті кәсіби дайындығы жоқ, белгісіз жасампаздар қолымен құрылады. Халық шығармаларының авторы белгісіз. Ол аңыздарды, ертегілерді, эпос, ән, жыр, билерді қосады. Орындалуына сәйкес халық мәдениеті элементтері даралық (аңыз айту), топтық (би не ән орындау) және көпшілік (карнавалдық шеру) болып бөлінеді. Фольклор - сол жердің дәстүріне байланысты және оны жасауға көңілі соққандардың бәрі қатысады.

Бұқаралық мәдениет. Ол ақсүйектердің әсемдік ұнамын не халықтың рухани ізденісін білдірмейді. Оның пайда болу уақыты XX ғасырдың ортасы, яғни бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, баспасөз, теледидар, магнитофон) барлық әлеуметтік топ өкілдерінің қол жеткізуіне мүмкіндік туғызған уақыт. Поп не рок музыка, не көше қойылымдары - бұқаралық мәдениет үлгісі. Ол білім деңгейіне және т. б. қарамастан барлық адамдарға түсінікті және оны бәрі тамашалай алады.

Бұқаралық мәдениет элитарлық не халықтық мәдениетпен салыстырғанда шамалы көркемдік мәнге ие. Ол адамдардың сол қысқа уақыттағы сұранысын қанағаттандырады және кез-келген жаңа оқиғаға қарай ауытқып отырады. Сондықтан бұқаралық мәдениет үлгілері мыс. шлягерлер тез ескіріп, ұмытылады. Элитарлық не халық мәдениеті шығармалары мұндай жағдайға ұшырамайды. Поп мәдениет - бұқаралық мәдениеттің символдық аталуы, ал КИТЧ - оның бір түрі.

Субмәдениет. Қоғамның көпшілік мүшесі басшылыққа алатын салт-дәстүр, сенімдер, құндылықтар жиынтығы доминант - мәдениет деп аталады. Бірақ қоғам әр түрлі топтардан ( ұлттық, демографиялық, әлеуметтік, кәсіби) тұратындықтан, олардың әрқайсысында өз жеке құндылықтар жүйесі мен мінез-құлық ережесі, яғни өз мәдениеті қалыптасады.

Субмәдениет - жалпы мәдениеттің бір бөлігі, белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілі мәдени элементтер жүйесі. Жастар субмәдениеті, ұлттық азшылық субмәдениеті, кәсіби субмәдениет сияқты түрлері бар. Субмәдениет бір-бірінен тілі, өмірге көзқарасы, мінез-құлық мәнері, киінуі және т. б. ерекшеленеді. Субмәдениет пен доминант мәдениет арасындағы айырмашылық үлкен болуы мүмкін. Бірақ субмәдениет доминант мәдениетке қарсы тұрмайды, ол оны толықтырады

Әлеуметтанушылар кейінгі жылдары жастар субмәдениетіне көп көңіл аударып жүр. Ол түсінікті де. Өйткені ұзақ жылдар бойы әлеуметтік біркелкілікке жетекші болған социалистік коғамда жастарда ерекшелікті кұндылықтар болған емес және болмайды да деп есептелді. Ешкімге ұқсамайтын өзіндік, әдеттенбеген мінез-құлық формаларының көрінуі аномалия, әлеуметтік ауытқушылық, Батысқа еліктеушілік деп бағаланды. Келесі бір ұстанымда бұл ауытқушылықтар адамның өзін-өзі көрсетуі тәсілі ретінде, қоғамға өзі туралы білдіру, өзіне көңіл аударту мүмкіндігі ретінде қарастырылды. Осымен байланысты «формальды емес жастар бірлестіктері» деген ұғым қалыптасып, ол ғылыми және көпшілікке арналған әдебиеттерде, сонымен катар күнделікті қолдану аясында орын тепті. Батыс әлеуметтануында осы құбылысты белгілеу үшін «пе ер гроуп» деген ұғымды қолданады. Бұл ұғым жас мөлшерімен қатар әлеуметтік статустағы, көзқарастағы құндылықтарға, мінез-құлық нормаларына тендікті айқындайды.

Жастардың субмәдени белсенді бірқатар алғышарттарға байланысты болады: 1) білім деңгейіне байланысты. Білім деңгейі темен адамда бұл белсенділік білім деңгейі жоғарылардан әлдеқайда жоғары; 2) жас мөлшеріне байланысты. Мұндай белсенділіктің шарықтау биігі 16-17 жаста болады, ал 21-22 жаста ол әлдеқайда төмендейді; 3) мекен-жайына байланысты. Формальды еместерді қозғалысы ауылға қарағанда қалада басым орын алып отыр, өйткені қалада әлеуметтік байланыстардың ете кәп болуы құндылықтарды және мінез-құлық формаларын таңдауға нақты мүмкіндік береді.

Формальды емес жастар бірлестіктері әлеуметтік бағыт-бағдарының сипатына орай, топтық құндылықтар типі бойынша, демалыс уақыттарын еткізу ерекшеліктеріне қарай бөлінеді. Бұлардың арасында кеңінен танымал болғаны қазіргі музыка, би, әр түрлі спорт түрлерінің әуесқой топтары. Қоғамдық пайдалы кызметпен, яғни мәдениет ерекшеліктерін қорғау, қоршаған ортаны қорғау, т. б. айналысатын топтар да бар, бірақ олардың саны онша кеп емес. Мінез-құлқы әлеуметтік патогендік немесе қылмыстық сипаттағы топтар бар: нашақорлар, токсикомандар, т. б. Әлбетте, әр түрлі субмәдениет топтарын бөліп көрсету шартты ғана, өйткені олар бір-біріне өте алмайтындай қоршаумен қоршалмаған. Металлисттердің арасында, айталық, токсикомандар, нашақорлардың арасында жезөкшелер кездеседі, өйткені олар денесін сатып, анашаға, т. б. ақша табады. Бұл жерде әңгіме мұндай топтардың әр түрлі типтері туралы болып отыр. Рок ерлер, металлисттер, футбол финдері ортақ қызығушылыққа біріккен және онысын сыртқы символдармен көрсететін топтар. Ал әлеуметтік кереғар мінез-құлық үлгілері, айталық, нашақорлық немесе жезөкшелік топтасудан гөрі жекелік деңгейде жүзеге асады. Әрекеттің мұндай сипаты оларды біріктіріп, топтастырудан гөрі оқшаулап, жеке әрекет еткізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буржуазиялық бұқаралық мәдениеттің теориясы мен тәжірибесіне критикалық талдау
Әдет-ғұрыптар - халықтық мәдениеттің феномені
Шығыс және қазақ емшілігінің мәдени үйлестігі: халықтық емдіктің сипаты мен түрлері
Тұлға типологиясы: батыс теориялары мен Қазақстандық көзқарастар
Мемлекеттің құқықтық табиғаты: генезисі, нысандары және типологиясы
Мәдениет социологиясы: ұғымы, элементтері және субмәдениеттер
Мемлекеттің мәні, нысандары және типологиясы: құқықтық табиғаты мен саяси режимдері
Қазақстандағы мемлекеттік билік тармақтары мен халықтық билікті жүзеге асыру нысандары
Мәдениет пен өркениет: теориялық тұжырымдар мен Шығыс пен Батыс өркениеттерінің салыстырмалы талдауы
Батыс Еуропаның ортағасырлық тарихи дереккөздері: типологиясы мен сенімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz