XIX - XX ғасырдағы Батыстық философиялық бағыттардың көтерген негізгі проблемалары
I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
1) Марксизм
2) ХІХ ғасырдағы бейклассикалық идеалистік философияның
3) Позитивизм және оның негізгі кезеңдері
4) Прагматизм
5) Феноменология
6) Герменевтика
7) Экзистенционализм
8) Неотомизм
9) Структурализм
10) Фрейдизм және неофрейдизм
11) Постмодернизм
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр Батыс философиясы өзгеше пайымдалған көп бағыттарға толған кезең. ХІХ ғасырда пайда болған бағыттар қатарына марксизм бейклассикалық философияның иррационализм мен өмір философиясын жатқызамыз. Кейін ХХ ғасырға жақындай келе философияның классикалық емес кезеңі дамыды. Оның құрамына неотомизм, экзестенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Әрбір аталған бағыттарының өз мағынасы мен ерекшеліктері бар.
Қазіргі батыстық философияда мынадай ағымдарды және олардың тармақтарын атауға болады: позитивизмнің қазіргі түрі - неопозитивизмнің тармақтары; экзистенциализм жөне иррационализмнің басқа түрлері; діни философияның түрлері — неотомизм, персонализм т.б. Бүлардан басқа тағы да прагматизм, философиялық антропология, феноменология деген түрлері бар. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, субъективтік және объективтік идеализмдердің бағытын ұстайды.

1.Алтай Ж. Философия тарихы: оқулық/ Ж. Алтай, А. Қасабек, К. Мұхамбетәли. - Алматы: Раритет, 2006. -312 6.
2.Ғылым тарихы мен философиясы: оқулық/ Ж. А. Алтай, Т. X. Ғабитов [и др.]. - Алматы: Раритет, 2008. -368 б.
3.Әбішев Қ. Философия: оқулық/ Қ. Әбішев. - Алматы: Эверо, 2014. -284 б.
4.Кішібеков Д. Философия оқулық Кішібеков Д. Сыдыков У. 10-шы бас. Алматы: Қарасай 2010. -360 б.
5.Мырзалы С. Философия: оқулық/ С. Мырзалы. - Алматы: Эверо, 2011. -672 б.
6.Нысанбаев Ә. Қысқаша философия тарихы/ Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов. - Алматы: Эверо, 2005. -272 б.
7.Сәрсенова Ж. Философия: оқу құралы/ Ж. Сәрсенова. - Алматы: Өлке, 2010. -232 б.

Тақырып: XIX - XX ғасырдағы Батыстық философиялық бағыттардың көтерген негізгі проблемалары.
Пән: Философия
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
1) Марксизм
2) ХІХ ғасырдағы бейклассикалық идеалистік философияның
3) Позитивизм және оның негізгі кезеңдері
4) Прагматизм
5) Феноменология
6) Герменевтика
7) Экзистенционализм
8) Неотомизм
9) Структурализм
10) Фрейдизм және неофрейдизм
11) Постмодернизм
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр Батыс философиясы өзгеше пайымдалған көп бағыттарға толған кезең. ХІХ ғасырда пайда болған бағыттар қатарына марксизм бейклассикалық философияның иррационализм мен өмір философиясын жатқызамыз. Кейін ХХ ғасырға жақындай келе философияның классикалық емес кезеңі дамыды. Оның құрамына неотомизм, экзестенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Әрбір аталған бағыттарының өз мағынасы мен ерекшеліктері бар.
Қазіргі батыстық философияда мынадай ағымдарды және олардың тармақтарын атауға болады: позитивизмнің қазіргі түрі - неопозитивизмнің тармақтары; экзистенциализм жөне иррационализмнің басқа түрлері; діни философияның түрлері -- неотомизм, персонализм т.б. Бүлардан басқа тағы да прагматизм, философиялық антропология, феноменология деген түрлері бар. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, субъективтік және объективтік идеализмдердің бағытын ұстайды.
Марксизм
Марксизм философиясын жасаушылар неміс ғалымдары Карл Маркс (1812-1883) және Фридрих Энгельс (1820-1895), В.И.Ленин болды.
Шығармалары: Карл Маркс Фейербах туралы тезистер, Капитал, 1844 ж. экономикалық-
Маркс
философиялық қолжазбалар Фридрих ЭнгельсТабиғат диалектикасы, Анти - Дюринг, Маймылдың адамға айналу процессіндегі еңбектің рөлі, Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы Маркс, Энгельстің бірлесе жазған еңбектері Коммунистік пратияның монифесі, Святое семейство, Неміс идеологиясы.
Марксизмнің пайда болуына алғышарттар:
- оларға дейінгі материалистік философия: Демокрит, Эпикур, Бэкон, Локк, Гоббс, француз ағартушылығы, Фейербахтың атеистік-материалистік философисы;
- ғылыми жаңалықтар: материя мен энергияның сақталу заңы, эволюция теориясы, клетка құрылымының ашылуы,
- әлеуметтік-таптық қайшылықтар: 1848-1849 жж. революция, 1871 Париж коммунасы
Марксистік философия материалистік сипатта. Екі бөлімнен тұрады: диалектикалық материализм және тарихи материализм.
Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірген. Оның мәні:
- қоғам дамуы өндірістік қатынасқа негізделеді (өз еңбегін сату, материалды өндіріс, үлестіру);
- өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің деңгейі мемлекет пен қоғамдық институтардың, қоғамдық қатынастардың базисі;
- мемлекет пен қоғамдық институтар қоғамдық қатынастар экономикалық базиске қатысты қондырма рөлін атқарады;
- базис пен қондырма бір-біріне өзара ықпал етеді;
- базис пен қондырманың типіне байланысты қоғамдық-экономикалық формациялардың түрлері пайда болады.
Қоғамдық-экономикалық формациялардың түрлері:
1. алғашқы қауымдық құрлыс
2. Құл иеленші қоғам;
3. Феодалдық қоғам;
4. Капитализм
5. Социалистік (коммунистік) қоғам.
- экономиканың, материалды өндірістің, өндірістік қатынастардың деңгейі мемлекеттің тағдырын, тарих барысын анықтайды.
Марксистік философияның негізгі ұғымдары: өндіріс құралдар; жаттану; қосымша құн; адамды адамның қанауы.
Марксистік философияның диалектикалық материализмінің мәні:
- философиняң негізгі сұрағы болмыс пайдасына шешіледі. Болмыс сананы анықтайды;
- сана - өзіндік мән емес, материяның өзін-өзі бейнелеу қасиеті ретінде түсіндіріледі;
- материя - тоқтаусыз қозғалыс пен дамуда болады;
- Құдай жоқ - ол адам қиялының жемісі;
- Материя мәңгі және шексіз;
- Дамудың маңызды факторы - практика. Адам қоршаған дүниені және өзін-өзі өзгертеді;
- Даму - диалектика заңдарымен жүзеге асады. Олар: қарама-қарсылықтардың өзара ауысу заңы, сан өзгерістерінің сапа өзерістеріне ауысу заңы, терістеуді терістеу заңы.
ХІХ ғасырдағы бейклассикалық идеалистік философияның
2. ХІХ ғасырдағы бейклассикалық идеалистік философияның 2 бағыты бар Олар: иррационализм, өмір философиясы.
Иррационализм - табиғатағы логикалық байланыстардың болуын, қоршаған дүниені тұтас және заңды деп қабылдауды терістеп, Гегель диалектикасын және ондағы даму идеясын сынады.
Иррационализмнің басты идеясы - қоршаған дүниенің тұтастығы, ішкі заңдылығы жоқ, ақыла емес аффектіге, ерікке бағынады, әлем түйдектелген хаос деп түсіну.
Иррационализмнің көрнекті өкілі Артур
Шопенгауер
Шопенгауэр (1788-1860) - волюнтаризмді негіздеуші. Волюнтаризм - қоршаған дүниедегі басты қозғаушы күш - ерік (воля) деп санайтын философиялық ағым. Дүние ерік және қабылдау ретінде атты шығармасында логиканың жеткілікті негіз заңын тұжырымдады. Онда философия материалистер сияқты объектіге де, идалистер сияқты субъектіге де емес, сананың акті болып табылатын қабылдауға сүйенуі қажет.
Субъективті қабылдаудың құрылымы күрделі емес, ол:
тікелей таным;
рефлективті таным;
интуиция
арқылы іске асады.
Шопенгауэр философиясының орталық ұғымы - ерік.
- Ерік - абсолютті бастама, барлық мәнді анықтауға және оған ықпал етуге қабілетті идеалды күш;
- Ерік - тіршілік негізінде жатқан космостық күш;
- Ерік сана негізінде жатады және заттардың ең жалпы мәні болып табылады. Әр адманың еркі әрекетерін анықтайтыны сияқты, бүкіл әлемдік ерік - дүниедегі сыртқы құбылыстардың пайда болуы мен заттардың қозғалысына себепші болады;
- өлі табиғаттың да бейсаналық, қалғып жатқан еркі бар;
- дүние - еріктің жүзеге асуы.
Шопенгауэрдің адам тағдыры мәселесінде пессимистік сипатта болды. Адам табиғатқа ғана емес, өзіне-өзі билік ете алу мүмкіндігіне сенбеді. Адам тағдыры бүкіләлемдік хаосы тізбегінде өтеді, бүкіләлемдік қажетілікке бағынышты. Жеке адам еркі қоршаған дүние еркіне бағынышты. Осындай ойларыменол өмір философиясының пайда болуына әсерін тигізді.
Өмір философиясының өзекті ұғымы - адам үшін басты және шынайылық - өмір ұғымы. Өмір философисының негізін салушы Фридрих Ницше (1844-1900). Оның ойыншанша, философиясының мақсаты - адамның қоршаған дүниеге бейімделіп, өзін барынша жүзеге асыруына көмектесу.
Қоршаған дүние мен өмір негізінде ерік жатыр. Ницще адам еркін бірнеше түрге болді:
1. өмірге деген ерік;
2. адамның өз ішіндегі ерік;
3. басқарылмайтын бейсаналық ерік - аффектілер;
4. билікке ерік.
Ницще еріктің соңғы түрі билікке ерікке көп көңіл болді, ол адамның бәріне тән. Билікке ерік табиғаты бойынша өзін-өзі сақтау инстинктіне ұқсас.
Вильгелм Дильтей (1833-1911) қоршаған дүниенің көптүрлігі мен адам өмірінің бірігейлігі туралы идеяны ұстанды. Гегель философиясын сынап, ойлаудың орнына өмір ұғымын қоюды ұсынды.
Өмір - адамның дүниедегі болмысының тәсілі.
Өмірдің белгілері:
1. тұтастық;
2. көптүрлі рухани бастамаға ие;
3. жоғарғы дүниемен ажырамас бірлікте.
Дильтейдің пікірінше, философия өмірді, оның барлық көріністерін айрықша құбылыс ретінде қарастыруға тиіс.
Дильтейдің пікірінше, тарих - прогреске апаратын айқын және заңды процесс емес, жеке адамды ғана емес, тұтас халықтарды иірімге тартатын хаос, кездейсоқтар тізбегі. Тарих барысын өзерту мүмкін емес.
Серен Кьеркегор (1813-1855) Данияның философы. Еңбектері: Немесе немесе, „Үрей мен қалтырау", „Ажалға бастайтын ауру". Ол Гегель философиясын сынға алды. әсіресе оның рационализмінің өз шегіне жетіп, панлогистік дәрежеге көтерілді. Гегель бойынша болмыс - ойлаумен тең, ал ақыл-ойдың шеңберінен шығатыннның бәрі ақиқат емес. Кьеркегор оған үзілді-кесілі қарсы тұрып, болмысты жүйелеу мүмкін емес.
Кьеркегордың тағы бір қарсылығы адамды объект ретінде қарап зерттеу. Оның ойынша адам - рухтың басшылығымен өмір сүріп жатқан жан мен тәннің бірлігі, ол - рух. Ал рух - ойлаумен тең емес, яғни ой логика заңдарына тәуелді емес.
Философияның негізгі мәселесі адамның өмірі, өзіндік санасы, ішкі рухани өмірі. Кьеркегор бойынша „Шындық - ол ішкі дүние. Менің өз Меніме деген қатынасым". Адамның ішкі өмірі объект бола алмағандықтан танылмайды. Оны тек тебіреністер арқылы ұғынуға болады. Сондықтан Кьеркегор адамның ішкі өмірін бейнелейтін жаңа катигорияларды ендірді. Олар. өмір сүру, үрей, сәт, шешім, шектілік және шексіздік, зардап шегу, қайталау, түңілу, өкіну, кінә және күнә, қайта туылу. Осы ұғымдар арқылы адам ішкі тебіреністерін беруге болады.
Кьеркегорда адам өмірінің үш сатысы көрсетілген, олар: эстетикалық - тікелей сезімдікпен байланысты саты; этикалық - адам өміріндегі ізгілік саты, эстетикалықта адам өзін-өзі қанағаттандыруға тырыса, этикалықта жалпылықты жүзеге асыруға тырысады. Екеуінің арасынан үлкен қайшылықтар пайда болады. Адам моралдық жағынан алып қарағанда өзіне-өзі жеткілікті пенде бола алмайды. Оның себебін, Августин сяқты, адамның туа күнәлігінен көреді. Бұл арада „немесе, немесе" принципі таңдау мәселесін шеше алмай, адам өмір сатысының үшіншісіне секіріс жасауға тырысыды. Бұл саты - діни саты. Адамдардың ғылыми танымның кереметігінен өз өмірінің мәнін, рухани тебіреністерінің мәселелерін ұмытқан, осы сатыда адам сол мәселелерге қайта оралады. Діни сатыда Құдаймен сұхбатқа түсіп, өз күнәларын мойындап, өзін-өзі табады.
Позитивизм және оның негізгі кезеңдері
Позитивизм (позитивті - оңды, дұрыс, жағымды деген мағыналарды береді) - парадигмалық танымдық әдіснамалық құрылым болып табылатын, нақты ғылымдарды шынайы білімнің көз деп есептейтін бағыт. Оның бастапқы идеялары Юмның, Даламбердің еңбектерінен көрініс тапқанмен, оның негізін салушылар ретінде - Конт пен Спенсер аталады. Ол жорамалды, теориялық спекуляцияны, идеализмді, спиритуализмді, рационализмді теріске шығара отырып, бұрынғы: болмыс, мән, себеп, рух сияқты ұғымдар мен түсініктер ғылыми тексерілуге жатпайтын, тәжірибеде айқындалмайтын болғандықтан, мәңгі шешімін тапппайтын жалған мәселелер немесе өзінің мағынасын жойған деп есептейді. Сондықтан оларды метафизикалық мәселелер деп жариялап, өзінің бағытын метафизикалық емес, дұрыс бағыт деп түсінеді. Бұны аймақ бойынша франциялық; Литтре, Тэн, Ренан; Ағылшындық: Милль, Спенсер; немістік: Дюринг, Шуппе т.б. деп ажырату дәстүрге айналған.
Осы ағым негізінде неопозитивизм пайда болып, бұлардың негізгі идеялары постпозитивизм ағымымен жоққа шығарылды. Сондықтан позитивизм эволюциясын: 1) бірінші позитивизм: Конт, Милль; Спенсер, Литтре; 2) екінші позитивизм немесе эмпириокритицизм: Мах, Авенариус; 3) неопозитивизм: Поппер, Айдукевич, Уисдом, Остин және логикалық позитивизм: Шлик, Карнап, Нейрат т.б; 4) постпозитивизм - әдіснамалық радикализмді жұмсартуға бағытталған түрі: Кун, Лакатос, Тульмин, Фейерабенд т.б деп ажыратуға болады. Демек, позитивизм тамырлары ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда-ақ қалыптаса бастаса, ол ХХ ғасырда неопозитивизмге өтті.
Позитивизмнің бірінші тарихи формасы Х1Х ғасырдың 30-40 жылдарында етек алды. Оның негізін салушы француз философы О.Конт (1798-1857ж.) болды. Конт бойынша, ғылымның ісі затты түсіндіріп беруде емес, бейнелеп беруде. Ғылым "Неге?" деген сұраққа жауап беруге дәрменсіз, ол барлық фактіні "Қалай?" деген сұрақтың маңайында өрбітуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана ғылым позитивті болалады. Бұл тек ғылымдарға ғана тиісті емес, философияғада қатысты. Философияның оңды міңдеті нақты-ғылыми білімдерді, ғылымдардың рационалды классификациялық негізінде жүйелендіру болып табылады.
Позитивизмнің екінші тарихи формасы эмпириокритицизм шетелде Х1Х-ХХ ғасырда пайда болды. Оның алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі австрия физигі Э.Мах (1838-1916ж.) және швейцар философы Р.Авенариус (1843-1896ж.) "Бірінші позитивизмнен" "екінші позитивизмнің" ерекшелігі ғылымның басын таным теориясына тіреп таным процесінің теориялық моделін құрастыруға тырысты. Эмпириокритицизм "әдісті сынау" дегенді білдіріп және метафизикалық табиғатты иеленген әдісті барлық жағдайларынан "тазартуды" ұсынды. Мах бойынша, әдіс, "әлемнің элементі" болып саналатын түйсіктен тұрады деді.
Позитивизмнің үшінші тарихи формасы неопозитивизм ХХ ғасырдағы философия бағыты болып саналады. Неопозитивизм - шындық туралы білімді күнделікті және нақты ойлау арқылы алуға болады, ал философия ойлаудың нәтижелерінен көрінетін тілді талдауды қолға алуы тиіс. Философиялық талдаулар объективті шындыққа таратылмайды, ол тек мәліметтермен, тәжірибемен, тілмен шектеліп отырылады. Ал тілдің объективті шындықты бере білу сәйкестігіне назар аудару керек. Сондықтан философияның міндеті күнделікті тілді зерттеумен айналысу деп біледі. Бұл бағыт жалпы неопозитивизм деп аталғанмен; логикалық атомизм, логикалық позитивизм, жалпы семантика, неореализм, аналитикалық философия, лингвистикалық философия, сыншыл рационализм сияқты салаларды қамтитын іргелі ағым ретінде пайда болады.
Философиялық-методологиялық актуальды мәселелерді шешуді және талдауды ұсынып, қазіргі ғылымдардың дамуымен қатар алға жылжыды: ғылыми ойланудың таңбалық құралын атқаруға, ғылымның теоретикалық аппараты мен эмпирикалық базисінің қатынастарын арттыруға, білімнің формалдануы мен математикалануының табиғаты мен функцияларында көріне бастады. Неопозитивизм ошақтары Х1Х ғасырдың 20-жылдарында бір сәтте Австрияда, Англияда, Польшада пайда болды. Олардың көрнекті өкілдері: М.Шлик, Р.Карнап, Г.Рейхенбах, Л.Витгенштейн. "Үшінші позитивизмнің" өкілдері философияның не қандайда бір ақиқат жөніндегі, не таным теориясы жөніндегі ғылым еместігін айтады. Философия табиғи және жасанды тілдерді логикалық талдаумен байланысты қызметтің ерекше түрі.
Позитивистік филоофияның мақсаты ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан былайша айтқанда,философиядан азат ету.Олардың пікірінше әр ғылым өз алдына философия.Сол ғылымдарды зерттеу қажет.Былайша айтқанда әр ғылымда пайдалы да пайдасыз да ойлар болады.Мақсат дейді позитивистер солардың тек дұрысын,пайдалысын қабылдап,пайдасызынан арылу.Ондағы мақсат- француз рефалюциясының теориялық негізі болған XYIII ғасырдағы француз философиясынан бас тарту.
Прагматизм
Прагматизм қазіргі заманғы субъективтік идеализмнің американдық түрі. Оның басты өкілдері Ч.Пирс (1839-1914), У.Джемс (1842-1910), Дж.Дьюи (1859-1952) т.б. Прагматизмді жақтаушылар дәстүрлі философиялар адамдардың күнделікті іс-ерекеті үшін пайдасыз, өйткені "болмыс", "сана", "материя", "идея" деген сияқты дерексіз үғымдармен айналысқандықтан, адамдардың мақсат-мүдделеріне қызмет етпейді, сондықтан ондай дерексіз жалпы проблемаларды, меселен обьективтік шындықтың мені, философияның негізгі меселесі жайындағы мәселелерді, т.б. лақтырып тастап, тікелей практикалық істермен айналысса ғана дағдарыстан шыға алады деп делелдеуге тырысады. Демек, философияның міндеті, дейді олар, дерексіз бос сөзбен айналыспай, адамдардың бақытты тұрмысқа жетуіне кемектесуде. Прагматизмнің негізін қалаушылар біз бүкіл ескі философиядан үзілді-кесілді бас тартып, жаңа философия жасадық деді кезінде. Өздерінің жаңа философиясының бастапқы негізі ретіңце олар адамды, адамның практикалық іс-әрекетін ұсынды, бірақ олар "практика" үғымының мәнін мүлдем басқаша түсінді -- прагматизм практика деп жеке адамдардың қара басының мүддесіне сәйкес пайда табуды, табысқа жетуді түсінді. Практиканың ғылыми-философиялық ұғымына қарама-қарсы прагматизм философияның негізгі мәселесін идеализм түрғысында шеше отырып, практика (пайда табу, табысқа жету) барлығының негізін құрайтын бірден-бір шындық деп есептейді. Практикадан тыс, тәжірибеден тыс ештеңе жоқ жене болуы да мүмкін емес. Олардың пікірінше, тожірибе материалдықты да, идеалдықты да, объективтікті де, субъективтікті де, бір сезбен айтқаңда дүниеде бардың бәрін қамтиды. Тежірибе, дейді Дьюи, түс керуді, есаландықты, ауруды, өлімді, еңбекті, соғысты, адасуды, жалғандықты және қателікті қамтиды; ол... сиқырлықты, жалған нанымды, сондай-ақ ғылымды да қамтиды. Бүкіл субъективтік және объективтік құбылыстардың берін тежірибе үғымымен қамти отырып, прагматистер оларды қарама-қарсы қою дұрыс емес екенін жариялайды, сөйтіп философияның негізгі мәселесін мойындамауға, материализм мен идеализмнен жоғары тұрып, философияда үшінші бір бағыт табуға ерекет жасайды. Прагматизм ілімі бойынша, тәжірибедегі шешуші фактор жеке адам, оның ақыл-ойы мен көңіл күйі, мақсаты мен іс-әрекеті, яғни субъективтік бастама болып табылады. Философияның негізгі меселесінің бүл субъективтік-идеалистік шешімінен практикалық қызметтің де идеалистік түсінігі келіп шығады. Бұл түсінік тұрғысынан алғаңда, адам өзінің практикалық іс-әрекетінде тек өзінің қалауын ғана басшылыққа алады, оның іс-әрекетіне ешқандай шек қоюға болмайды, ешқандай объективтік заңдылық тыйым сала алмайды, өйткені объективтік шыңдықтың заңдылығы деп саналатынның бәрі адам миының жасампаздық қызметінің нәтижесі, адамның қолымен жасалатын нәрсе болып табылады. Бұлардан шығатын қорытынды: адам өзінің іс-әрекетіңде ерікті, ол не істегісі келсе, не нәрсе оған пайда келтірсе, соны істеуге ерікті, оның еркі іс-әрекетін айқындаушы бастама болып табылады. Адамның міндеті -- дүниеде ең қолайлы түрде орналасу, ал прагматизмнің міндеті -- адамның осылайша орналасуына көмектесу. Қысқасы, прагматизм шынына келгенде бассыздықты ақтаушы философия болып табылады, сондықтан да кейбір буржуазиялық ойшылдардың өздерінің де оны қатаң сынға алуы тегін емес. Мысалы, Б.Рассел прагматизмді „ақылынан адасқандықтың бір түрі" деп сипаттады.
Постпозитивизм. ХХ ғасырдың 50-жылдарының аяғы 60-жылдарының басында неопозитивизм философиялық бағыт ретінде ғылыми зерттелуден тысқары қала бастады. Оның орнына "төртінші позитивизм" немесе постпозитивизм, яғни философия мәселесін қайта қарап, оның ғылымдағы, қоғамдағы және ғылыми зерттеулердің методындағы ролін анықтай бастады. Оның ең ірі өкілдерінің қатарына К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун жатады.
Постпозитивизмнің басты мәселесі ғылыми білімнің динамикасы мен дамуы. Оны алдымен жаңа теориялардың пайда болуы, оларды ойшылдардың бірлесе отырып қабылдауы, бәсекеге түскен ғылыми концепциялардың салыстырылуы мен таңдалу критерилері, жалпы ғылыми білімнің әлеуметтік-мәдени детерминациясы қызықтырады.
Постпозитивизм эмпирикалық пен теориялық білімдердің өзара қарым-қатынаста болатындығын айтады. Теорияның эмпирияға тигізер ықпалы зор екендігін нақтылайды. Фактіні тағайындау үшін теория қажет, сондықтанда фактілер белгілі бір анықталған кезеңде теорияға тәуелді одан қалды сонымен анықталады.
Постпозитивизмнің көптеген концепцияларының келесі ерекшеліктері ғылыми танымның дамуын түсіндіру барысында оларды кумулятивизмнен бас тартуға алып келеді. Олар ғылымның тарихы революциялық қайта қалыптасу кезеңінен ешқайда қашып құтылмайтындығын айтады. Ғылыми революцияның нәтижесінде ертеде мойындалған және санадан орын тепкен білімдер, тек теориялар ғана емес, сонымен қатар методтарда, фактілерде қайта қарастырылуға тура келеді.
Постпозитивизм ғылыми білім мен философияның арасын бөліп-жарудан бас тартады. Ол философиялық ойлардың озықтығын мойындай отырып, олардың ғылымнан ешқашан тыс қалмайтынын айтады. Постпозитивизмнің кейбір өкілдері ғылым, философия мен миф араларындағы қандайда бір ерекшелікті көруден бас тартады.
Феноменология
Феноменологияның сананың объектіге қатысын көрсететін басты түсінігі интенция. Феноменологияда санадан тыс өмір сүретін объективті шындықты бар деп тікелей мойындауға болмайды, таным субъектісінің өзін танымға бағытталған таза сана деп түсіну керек (трансцендентальдік редукция), себебі, ол - тәжірибе мен тарихтан тыс сана ретінде психологиялық толқулар мен тілдегі көрінетін идеалды мағыналарға сәйкес келеді, олай болса, философия таза мағыналарды зерттеуі тиіс.
ГуссерльЭдмунд (1859-1938 жж.) неміс философ-идеалисі. Негізгі шығармасы: Логикалық зерттеулер, Еуропалық ғылымдардағы дағдарыс және транс - цендентальді феноменология т.б.
Ол психологизм бойынша кез-келген танымдық акт өзінің мазмұны арқылы эмпирикалық сананың құрылымы болып анықталады, сондықтан танушының субъективтілігінен тәуелсіз болып табылатын қандай-да ақиқат туралы ешнәрсе айтуға болмайды дей келе, психологизмнің өрістеуін Локктан бастап, Юм, Дж. Милль арқылы Вундтқа дейінгі аралықпен дәектейді. Қазіргі заманғы психологизмнің нұсқасы натурализмде, тарихилықта деп білді, сондықтан табиғат пен тарих туралы ғылымдар белгілі бір деңгейде негіздеуге мұқтаж, бұны философия, нақтырақ айтқанда, қатаң ғылым ретіндегі сананың феномендері туралы ілім -- феноменология ғана бере алады деп байыптаған Гуссерль, сананы эмпирикалық мазмұннан тазартатын өзінен-өзі айқын логикалық қағидаларды табуға ұмтылды, бұл редукция арқылы ғана мүмкін болады деп түсіндірді. Философия бұрынғы барлық догматикалық тұжырымдаулардан азат болу керек, сондықтан бұл дәуірді қандай-ма болмасын шешімдерден қалыс қалу актісімен аяқтау қажет. Осыдан тек қана жалғыз санадан ажырағысыз бірлік -- интенционалдық қана қалады: жеке адамдық психологиялық, әлеуметтік, нәсілдік сипаттамалардан азат болған жағдайдағы нәрсеге бағытталған сананың таза құрылымын қарастыру қажет деп атап өтеді. Осы интенционалдық арқылы Гуссерль басты теориялық-танымдық мәселе субъект-объект арақатынасын шешуге ұмтылды; ол екі жақтылықтың көпірі іспетті -- жалпы адамзаттық сананың имманентті әлемнің өкілі болу мен болмыстың трансценденттік әлемінің аралғында дейді.
Гуссерль феномендегі әртүрлі қабаттарды көрсетеді: тілдік қабықша, әр түрлі психикалық толқулар, санадағы ойланылған заттар. Нәрселік болмыс санаға іштей тән болып табылады, ол санаға қатысу арқылы өзінің объективті мағынасын табады, сондықтан нәрселік болмыс пен сана бір-біріне өзара қатынасты (коррелятивті). Сана екі жақтылықтың бірлігі болып табылады: танымдық актілер -- ноэзис және нәрселік мазмұндар -- ноэма, бұлар идеалдық мағынаға сәйкес келеді. Сондықтан феноменологияның мақсаты -- нәрсе туралы әр түрлі айтылған пікірлердің, сөздер мен бағалаулардың күңгірттеген мағынасын ашу. Бұл бағыт материализмнің барлық формаларын және сананың тарихи түсінігін жоққа шығарады. Сондықтан феноменологияның пәні -- таза ақиқаттардың патшалығы, априорлы мағыналар. Гуссерль түсінігінде, бұл бағыт бірінші философия болып табылады. Таным сананың ағымы: іштей ұйымдасқан және тұтасқан, бірақ нақты психикалық актілерден, таным субъектісі мен оның қызметінен салыстырмалы түрде тәуелсіз. Сондықтан феноменологиялық редукция өзінің ішкі мәнінен тереңдеп, психологиялық транс жағдайындағы ештеңеге өту бойынша танымның қатпарларын зерделегісі келеді.
Герменевтика
ХХ ғасырдағы ғылым философиясы мен әдіснамасы: философиясы және әдіснамасы ретінде екі сала ретінде қарастырылғанмен, екеуін бір парадигмада зерделеу соңғы жылдары қолға алынған. Бұнда ғылыми білімдердің қалыптасуы, ғылыми таным әдістері мен әдіснамалары, жалпы ғылыми таным парадигмалары т.б. мәселелер сарапталады. Ғылым философиясының аясына ғылым тарихының философиялық мәселелері де енгізіледі. Осыған орай, ХХ ғасырда қалыптасқан және жалпы ғылыми танымның, әсіресе, қоғамдық ғылымдардың әдіснамасына айналып отырған философиялық бағыттар мәдени-рухани аймаққа да кеңінен әсер етті. Олар әуел баста философиялық ағымдар ретінде пайда болған болатын.
Соның бірі - герменевтика,кең мағынасында түсінуді әлеуметтік болмыстың шарты ретінде қарастыратын философиядағы бағыт. Тар мағынасында білім саласындағы мәтін мен форманы түсіндіру техникасы мен ережелері. Яғни, мәтіннің мәнін оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz