Қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастырудағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік-саяси идеялары


Тақырып: «Қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастырудағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік-саяси идеялары»
ЖоспарI Кіріспе
II Негізгі бөлім:
1) Қазақ философиялық ойының қалыптасуының ерекшеліктері мен дамуының тарихи кезеңдері.
2) Қазақ хандығы қалыптасуы қарсаңындағы қазақ философиясының мазмұны ХҮ-ХҮІІІ ғғ қазақ ақын-жырауларының көзқарастары
3) Абай мен Шәкәрімнің философиялық ойлары.
Қазақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастары. Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және т. б.
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ философиясы - халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және тағы басқа пайымдау мүмкін емес.
Қазақ философия тарихы туралы жазылған еңбектер ерте заманнан белгілі. Ұлы ғұлама ойшылдардың шығармашылық мұраларын, олардың философияға қосқан үлестері, көтерген өзекті мәселелері жайлы әр елдің, әр заманның тарихшылары айқындап кеткен тұжырымдар, келелі ақын мен сезімге негізделген ойлары баршылық. Оларда философияның қоғамдық сананың ерекше түрі ретінде дүниеге келуіне басқадай алғышарттардың бастысы болып, мифологияның, діннің халықтың қарапайым санасының, ғылымның тигізген әсерлері толыққанды да ерекше сипатталған.
Халық философиясы тарихының тәуелсіз мемлекет үшін маңызы аса зор. Өйткені өзінің жеке философиясы болмаған елдің дербес рухани тұрмыс пен өркендеуге мүмкіндігі болмай, бөгде тектік факторларға тәуелділігі күшейе түседі. Ұлттық философия тарихы - жүйелілік ілім, ол философияның бір бөлігіне дәлірек айтқанда, тарих философиясына жатады.
Қазақ философиясының ерекшеліктері
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақатар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы, тағы басқа мәселелері болды.
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер - бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді.
Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, тоқыраушылыққа, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталды. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі.
Қазақ философиясының ойының тағы бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмі, халқына сүйіспеншілігін, оның бағыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік.
Бұл айтқандардан қазақ философиясы басынан-аяқ тік тұрған, бірден қалыптасып жеткен жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып білу, оның заңдылықтарын, таным процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау - ол соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың жыраулық, ақындық шығармашылығынада қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың біршама жиынтығы болды. Негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік сипатына қарамастан онда адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын көрсететін философиялық мән бар еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз мәдениетіне сай, оны есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей, жоғалтпай, «ұрламай» жеткізу - бұл философия тарихындағы ғажап құбылыс.
Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын, өскелең талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер - адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері. Ауызша халық мәдени ескерткіштерімізді зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік-тәрбие және дүниеге көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.
Табиғи және әлеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы түсінік - бұл қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі еді. Ол кезде жүйелі және негізделген көзқарас болған жоқ., сондықтан ол философияның басты бағыттары да айқындалмаған еді.
Қазақ философиясының тарихы - халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің ірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Халықтың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге ат салысқандығымен, өзініңі жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді.
VI ғасырдан бастап Қазақстанның қазіргі аумағында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап оның орнына феодалдық әлеуметтік-экономикалық формация орныға бастады.
Философияның пайда болуының тарихи алғышарты - миф. Бірақ оны философия эпос арқылы өзгерген және жүйелеген кезінде ғана пайдаланды. Әрбір заманға байланысты эпос мифтің түрін өзгертіп отырды және сонымен қатар өнер мен бастапқы ғылым элементтерінің әсерімен философияның шығу процесін, оның қоғамдық сананың шығу және жаңа бір түрі ретінде қалыптасуын жеделдетті.
Мифологиялық көзқарас пен табиғат және қоғам туралы жаңа дамып келе жатқан ғылым элементтерінің арасындағы қайшылықтарды шешу философияның пайда болуының жолы деген де қалыптасқан тұжырымдар бар. Философия мифке тән, дүниеге тұтас көзқарастың бағытын сақтауға тырысады. Соның негізінде мифологиялық не аллегориялық - көркем, не символикалық - діни, не нақты - ғылыми ойлау, бірақ олардың әрқайсысынан қабылданған түрлеріне сыймайтын, жаңа түсініктегі ойлау нысандарын құрайды.
Белгілі дүниені түсіндіруге тырысудан одан да белгісіздігі мол дүниені танып-білуге ұмтылу, егер де ол дүние, тіпті, танып- білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау - мифтің өзіне тән ерекшелігі. Адамға әлеуметтік басқару жүйесін танып, оны түсініксіздеу әлдебір күштің әсерімен түсіндіру ғылым мен дамудың барысында оған сенбеушілік пайда болған жағдайда жеке адамға өзінің дүниеге көзқарасын өзгертіп, мүмкіндігін жетілдіру - бұл миф пен философияның салмағын ажыратудың бір жолы. Ақылмен ой қозғау, табиғаттың өзіне бет бұру, дұрыс көзқарастың қалыптасуы философияның пайда болуындағы диалектикалық синтез, бастапқы қайшылықтардың шешілу процесі.
Қазақ философиясының пайда болуы туралы тек ойшылдардың дүниеге көзқарасы жалпылықты, көзқарастың әмбебеап принциптерін немесе «бастауларды» анықтаудағы заңды бағыттары болған кезде ғана айтуға болады. Діни - мифологиялық тұжырымдар әдет-ғұрып пен беделге бой ұрса, философия заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың мәнін ашуға, пікір-сайыс ретінде қолданылатын рационалды ойлауға, дүниені танып-білудегі қайшылықтарды аңғару мен шешуге тырысады. Бұл әрекет адамның жан-жақты ойлауы және оның интеллектуалды интуициясымен бірегей қабысқан нәтижесінде туады.
Қазақ тарихында көп кездесетін «рулық» генетизм осы қоғамның әлеуметтік, таптық бөлінуі және «ақсүйекті рулар пайда болған кезінде күшейеді. Соңғылардың қоғамдағы «заңды» орындары олардың төркіні құдайдан немесе батыр бабаларынан басталады деп түсіндірілді. Сөйтіп, олардың әлеуметтік дүниенің қажетті және заңдастырылған бөлшегі ретінде қоғамдағы белсенді ролі бекітілді. Осы рулардан шыққан ойшылдардың әлеуметтік идеялары қоғамның даму үрдісін біршама дұрыс бейнеледі. Осыдан келіп олардың көзқарасы, қоғамның тарихи дамуының мүддесіне сай келгендіктен, қоғамдық пікір ретінде қалыптасты. Мәселен, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы басқа ой жүйесі, олардың ақыл кеңесі, айтқан тұжырымдары осыған дәлел.
Жалпы дүниежүзілік тарихтан белгілі болғандай, қоғам дамуының көп сатыларында экономикалық мүдделер мен саяси қызметке қарағанда философиялық, этикалық, діни және тағы басқа мәселелер алдыңғы орынға шығады. Олар - азаттық және адам еркіндігі, діни сенім және ақыл-ой, өмір сүру және адамгершілік қасиеті, бостандық пен құлдық керек болса «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған», «алтын ғасыр» және «ақыр заман» туралы және басқа мәселелер.
Қоғамдық ойдың көптеген мәселелері өзінің ауқымы жағынан ұлттық шеңберден асып жатады. Мәселен, ағартушылық бағыты таза ұлттық қасиетке ғана ие емес. Оның түрлі ұлттық ерекшеліктері әлемдік жалпылықпен астарланып жатады. Қазақ ағартушылығының ерекшелігі - ұлттық мәселені басты проблема етіп қоюы, қоғамдық практикамен тығыз байланысы. Соңғысы жалпы ағартушылықтың әлеуметтік табиғатына сай. Жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ буржуазиясының ой-өрісін көрсете отырып, бұл ағартушылық халықтың ұлттық сана-сезімін оятуға, оның бостандыққа, рухани азаттыққа жетуіне жәрдемдесті.
Қазақ философиялық ойының қалыптасуының ерекшеліктері:
· Философиялық ойлау әрбір халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақ философиясының қалыптасуының өзіндік ерекшелігі қазақ халқының өмір-тіршілігінің ерекшелігімен көрінді. Әсітесе көшпелі тұрмыс тіршілігінен және менталитетінен, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени ортаның тигізген әсері қатты байқалады.
· Қазақ жерінде ең тиімді шаруашылық көшпелі мал шаруашылығы борлды. Осымен байланысты ата-бабаларымыз табиғат ырқына көніп, оған табынды.
· Қазақ философиясының ерте кезеңіне тән сипат ретінде синкретизмді («синкретизм» - «өзара кірігу») қарастыруға болады. бұл дүниегекөзқарастық принциптердің өзара кірігіп кетуімен сипаталады. Ол ауздан ауызға тараған ауыз әдебиетінен көрінді.
· Шешендер, ақын-жыраулар, батырлар мен қолбасшылар, хандар мен билер - өзінше ерекше ойларды беріп, онда объективті дүние туралы көзқарастарын түйіндеді. Бірақ олар нақты философиялық мектептерін қалыптастыра алмаса да, өз замандарының қоғамдық дамуының негізгі тенденцияларын көрсетіп, ойтұжырымдап отырды.
Қазақ философиясының 3 негізгі тарихи кезеңнен тұрады:
алғы философия (ерте кезеңнен IX ғ. дейін) :
- қазақ халқына тән аңыздардағы дүниегекөзқарастар;
- Анахарсис, Төныкөк, Күлтегін жырларындағы философиялық ойлар
Ұлттық философия (XIғ. - XIXғ. ) :
- ортағасырлық философия: әл-Фараби, Қорқыт, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Дулати, Яссауи;
- ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Жыраулар дүниетанымы: Сыпыра жырау (ХІҮ ғ. ), Асан қайғы, Қазтуған Сүйінішұлы (ХҮ ғ. ), Доспанбет, Шалкиіз (ХҮІ ғ. ), Жиембет, Марғасқа (ХҮІІ ғ. ), Ақтамберді, Тәтіқара, Бұқар жыраулар мен Шал ақын (ХҮІІІ ғ. )
- ХІХ ғ. ағартушылық философия: Шоқан уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев
- ХХ ғ. философиясы: Шәкәрім Құдайбердіұлы;
- ХХғ ағартушылық-демократиялық философия: Жүсіпбек Аймаутов, ахмет Байтұрсынов, Әлиххан Бөкейханов, Мыржақып дулатов, Халел Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев. Ұлттық демократиялық қозғалыстың жетекшілері, „Алаш" партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық сана-сезімін оятуға тырысқан.
- Кеңестік дәуірдегі отандық философия: Ж. Әбдилдин, А. Нысанбаев, М. Хасанов, М. Сәбитов, З. Мұқашев, А. Балғанбаев, В. Зорин, М. Изотов т. б.
Қазақ хандығы қалыптасуы қарсаңындағы қазақ философиясының мазмұны
ХҮ-ХҮІІІ ғғ қазақ ақын-жырауларының көзқарастары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz