Халықтың сел, қар көшкіні, сырғыма мен опарылма пайда болу кезіндегі іс-әрекеті



Жоспар


І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

А) Жер сілкінісі кезіндегі адамның іс.әрекеті

Б) Сел, опырмалар, қар көшкіні

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер


Ғаламтордан алынған ақпарат
Халықтың сел, қар көшкіні, сырғыма мен опарылма пайда болу кезіндегі іс-әрекеті
Қазақстанда таулы жерлер және тау бөктерінің аумағы селдің, қар көшкіннің, сырғыма мен қопарылманың әсеріне жиі ұшырайды. Олар республика аумағының 13,3% немесе 360000 ш.м. ауданын алып жатыр. Мұнда үлкен ауылшаруашылық жайылымдары, көптеген шаруашылық объектілері мен коммуникация желілері, сондай-ақ халқының жалпы саны 5 миллионға жуық Алматы, Шымкент, Тараз сияқты ірі қалалар мен бірқатар басқа да елді мекендер орналасқан.
Сел – тау өзенінің арналарында 3-5 м/с жылдамдықпен биіктігі 10-20 м дейін (кейбір жағдайларда 40-50 м дейін) жекелеген толқындармен қозғалатын, су мен үгілген материалдар қоспасындағы қасқағым сәтте өтетін тау тасқыны, ол салмағы 300 тонна үлкен тастың өзін оңай дөңгелетіп әкетеді.
Сел тасқындары өзен арналарындағы үлкен еңістердің болуынан, борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдың көптігінен, ұзақ нөсерден, қар мен мұздақтың тез еруінен, биік таудағы өзендерді бұзып шығуынан пайда болады. Селдің алапат талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барлық гидротехникалық ғимараттарды қиратып, жазық пен өзен сағаларын бүлдіреді.
Селдердің қуаты мен қиратушылығы бойынша Қазақстан ТМД–да алғашқы орындардың бірін алады. Республикада 300-ден астам белсенді сел бассейіндері бар. Онда әртүрлі сипаттағы 600 астам сел белгілері тіркелген. Сел көбінесе қатты нөсерден пайда болады – 80% шамасы, мұздақтардың еруінен болған сел оқиғалары – 15% жуық, қар тез еріген және жер сілкінісі кезінде сел сирек пайда болады.
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай – ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қаупі күшті аудандар болып табылады.
Жылдың жылы мерзімінде (мамыр-қыркүйек) Қазақстанның таулы аудандарында сел пайда болады.
Сел қаупінің белгілері:
- сел қаупі күшті аудандарда қатты нөсердің ұзақ жаууы;
- биіктегі сел қаупі бар өзендерде ауа температурасының күрт көтерілуі, бұл морендік өзендердің суға толып, арнасын бұзып шығуын тудырады;
- өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі немесе оның жоғарғы жағында өзен бөгеті бұзылуын көрсететін шұңқырдың пайда болуы;
-өзен бөгетінің бұзылуына алып келетін жер сілкінісі.
Сел тасқынының тікелей және жақын қаупінің белгілері:
- морендік-мұздақ кешендегі судың толғандығын айғақтайтын сел қаупі бар арнадағы ағынның тоқтауы немесе күрт бәсеңдеуі;
- биіктегі сел қаупі бар арнадан күшті гуілдің естілуі;
- сел айдаған тастың соққысынан топырақтың дірілдеуі;
- сел толқындарының соққысынан шаңдақ бұлттың пайда болуы;
- судың қатты лайлануын сипаттайтын сел алдындағы тасқынның пайда болуы;

Сел қаупі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіздік шаралары:
1. Таудағы жағдай туралы баспасөз хабарларын ұдайы қадағалаңыз.
2. Сел қаупі бар биіктікте қатты нөсер жауа бастаса жылдам кетіңіз.
3. Сел тасқынына 50-70 м артық жақындамаңыз.
4.Тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамаңыз, өйткені тасқынның соққысынан сырғыма мен опарылма түсуі мумкін.
5. Сел араларымен жүрген кезде адамдардың арасындағы қашықтық кемінде 20-30 м болға тиіс.
6. Сел қаупі бар арналардың, өзен бөгеттерінің жанына демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз.
7. Сел тасқынының белгісін сезген бойда арнадан қашығырақ кетіп тау беткейі бойынша мүмкіндігінше жоғары көтеріліңіз.
8. Сел тасқыны өткеннен кейін селдік арнаға түспеңіз, өйткені ол қайталануымүмкін.
9. Арнаға төмен түскен кезде және онымен жүрген кезде әсіресе ой-шұңқырдан аса сақ болыңыз.
10. Морендік – мұздақтық кешенде және оның бойымен сел тасқыны қаупі болмайтын немесе өте сирек болатын кезеңде, ең жақсысы, ауа температурасы қалыпты кезде жүру ұсынылады.
11. Үйінділер бейберекет жатқан, сондай-ақ мұздақтан немесе қар көшкінінен пайда болған кедергілері бар өзен бөгеттерінің жанынан жүрмеңіз.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды ұйымдастыру үлкен әсер етеді.
Көп жағдайда халық сел қаупі туралы ондаған минут бұрын, кей жағдайда 1-2 сағат бұрын естуі мүмкін. Осындай тасқынның жақындауын дөңгеленіп және бір-біріне соқтығысып үлкен жылдамдықпен келе жатқан гүрілден естуге болады.
Сейсмоқауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерді ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ кранын жауып, жарықты өшіріп, электрприборларын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қауіпті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.
Сел қаупі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балалардың шығуына көмектеседі. Бірінші кезекте аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады.

Халықтың сел, қар көшкіні, сырғыма мен опарылма пайда болу
кезіндегі іс-әрекеті
Қазақстанда таулы жерлер және тау бөктерінің аумағы селдің, қар
көшкіннің, сырғыма мен қопарылманың әсеріне жиі ұшырайды. Олар
республика аумағының 13,3% немесе 360000 ш.м. ауданын алып жатыр.
Мұнда үлкен ауылшаруашылық жайылымдары, көптеген шаруашылық
объектілері мен коммуникация желілері, сондай-ақ халқының жалпы саны 5
миллионға жуық Алматы, Шымкент, Тараз сияқты ірі қалалар мен бір қатар
басқа да елді мекендер орналасқан.
Сел – тау өзенінің арналарында 3-5 мс жылдамдықпен биіктігі 10-20 м
дейін (кейбір жағдайларда 40-50 м дейін) жекелеген толқындармен
қозғалатын, су мен үгілген материалдар қоспасындағы қасқағым сәтте өтетін
тау тасқыны, ол салмағы 300 тонна үлкен тастың өзін оңай дөңгелетіп
әкетеді.
Сел тасқындары өзен арналарындағы үлкен еңістердің болуынан,
борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдың көптігінен, ұзақ
нөсерден, қар мен мұздақтың тез еруінен, биік таудағы өзендерді бұзып
шығуынан пайда болады. Селдің алапат талқандағыш күші өзінің жолында
кездескен барлық гидротехникалық ғимараттарды қиратып, жазық пен өзен
сағаларын бүлдіреді.
Селдердің қуаты мен қиратушылығы бойынша Қазақстан ТМД–да
алғашқы орындардың бірін алады. Республикада 300-ден астам белсенді сел
бассейіндері бар. Онда әртүрлі сипаттағы 600 астам сел белгілері тіркелген.
Сел көбінесе қатты нөсерден пайда болады – 80% шамасы, мұздақтардың
еруінен болған сел оқиғалары – 15% жуық, қар тез еріген және жер сілкінісі
кезінде сел сирек пайда болады.
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай – ақ Қаратай,
Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қаупі
күшті аудандар болып табылады.
Жылдың жылы мерзімінде (мамыр-қыркүйек) Қазақстанның таулы
аудандарында сел пайда болады.
Сел қаупінің белгілері:
- сел қаупі күшті аудандарда қатты нөсердің ұзақ жаууы;
- биіктегі сел қаупі бар өзендерде ауа температурасының күрт көтерілуі,
бұл морендік өзендердің суға толып, арнасын бұзып шығуын тудырады;
- өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі немесе оның жоғарғы жағында өзен
бөгеті бұзылуын көрсететін шұңқырдың пайда болуы;
-өзен бөгетінің бұзылуына алып келетін жер сілкінісі.
Сел тасқынының тікелей және жақын қаупінің белгілері:
- морендік-мұздақ кешендегі судың толғандығын айғақтайтын сел қаупі
бар арнадағы ағынның тоқтауы немесе күрт бәсеңдеуі;
- биіктегі сел қаупі бар арнадан күшті гуілдің естілуі;
- сел айдаған тастың соққысынан топырақтың дірілдеуі;
- сел толқындарының соққысынан шаңдақ бұлттың пайда болуы;

- судың қатты лайлануын сипаттайтын сел алдындағы тасқынның пайда
болуы;
Сел қаупі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіздік шаралары:
1. Таудағы жағдай туралы баспасөз хабарларын ұдайы қадағалаңыз.
2. Сел қаупі бар биіктікте қатты нөсер жауа бастаса жылдам кеті ңіз.
3. Сел тасқынына 50-70 м артық жақындамаңыз.
4.Тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамаңыз, өйткені
тасқынның соққысынан сырғыма мен опарылма түсуі мумкін.
5. Сел араларымен жүрген кезде адамдардың арасындағы қашықтық
кемінде 20-30 м болға тиіс.
6. Сел қаупі бар арналардың, өзен бөгеттерінің жанына демалуға
тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз.
7. Сел тасқынының белгісін сезген бойда арнадан қашығырақ кетіп тау
беткейі бойынша мүмкіндігінше жоғары көтеріліңіз.
8. Сел тасқыны өткеннен кейін селдік арнаға түспеңіз, өйткені ол
қайталануы мүмкін.
9. Арнаға төмен түскен кезде және онымен жүрген кезде әсіресе ойшұңқырдан аса сақ болыңыз.
10. Морендік – мұздақтық кешенде және оның бойымен сел тасқыны
қаупі болмайтын немесе өте сирек болатын кезеңде, ең жақсысы, ауа
температурасы қалыпты кезде жүру ұсынылады.
11. Үйінділер бейберекет жатқан, сондай-ақ мұздақтан немесе қар
көшкінінен пайда болған кедергілері бар өзен бөгеттерінің жанынан
жүрмеңіз.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне
зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы
хабарлауды ұйымдастыру үлкен әсер етеді.
Көп жағдайда халық сел қаупі туралы ондаған минут бұрын, кей
жағдайда 1-2 сағат бұрын естуі мүмкін. Осындай тасқынның жақындауын
дөңгеленіп және бір-біріне соқтығысып үлкен жылдамдықпен келе жатқан
гүрілден естуге болады.
Сейсмоқауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс
жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға
тиіс.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда,
сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте ғимараттан
тез шығып, бұл туралы төңіректегілерді ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек.
Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ кранын жауып,
жарықты өшіріп, электрприборларын ажырату қажет. Егер уақыт болса,
қауіпті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан
уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.
Сел қаупі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден
қарттар мен балалардың шығуына көмектеседі. Бірінші кезекте аурулар мен
өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл

халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазу ға
міндетті.
Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек
көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ немесе арқан
болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның ішіне біртіндеп жа қындай
отыра
тасқынның
бағыты
бойынша
шығару
керек.
Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам
лықсуы.
Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы
геоморфологиялық және топырақтық-ботаникалық жағдайлары бар Батыс
Тянь-Шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында.
Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60º–пен, көшкін қар жа ңа
жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауыншашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір
айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше
метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 мc дейін жетеді. Барлық
көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық
объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін
қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.
Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшуіні болып табылады. Ол
негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты. Қар көшкіні
болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, биік тауда қазан-мамыр.
Көшкін қаупінің белгілері:
1. Көшкін апаттарының деректері адамдардың қаза болуына алып
келетін лықсулардың көпшілігінің адамдардың кінәсінен болатындығын
көрсетіп отыр. Автомобиль жолымен немесе жаяу соқпақпен келе жат қан
адамдардың көшкіннің астында қалуы өте сирек. Көшкіннің лықсуы оның
қозғалысының үлкен жылдамдығынан бірнеше секундпен өлшенеді. Мұндай
жағдайда адамның қауіпсіз орынға жету мүмкіндігі жоқ. Бұдан шығатын
қорытынды - қарлы тік жартасқа шықпаңыз, тек жолмен және тапталған
сүрлеумен жүріңіз.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының таудағы жағдай туралы
хабарларын
үнемі
қадағалаңыз,
Қазгидрометтің
көшкінұстау
станцияларының мамандарымен кеңесіңіз.
3. Қалың қар жауғаннан кейін 2-3 күн бойында тауға шықпаңыз.
4. Қар қалың жауып, бұрқасын болғаннан кейін тік жартастардың қиылысын
айналып өтіңіз, сондай-ақ олардың ирек тұстары мен қардың еруімен жүруге
болмайды. Мұндай жағдайда тек су ағатын жиектің бойымен ғана көтеріліп,
төмен түскен жөн. Егер аяқ астынан қардың отыруынан сықыр естілсе
қозғалысты бірден тоқтатыңыз. Бұта, қалың орман өскен ірі тастар жатқан
беткейлер қауіпсіздеу.
5. Қар суланып, беткейлерден оңай сырғитын көктем кезінде түстен
кейін аса сақ болыңыз. Күн жылып қар еріген кезде (наурыз-с әуір) тау ға
шығудан немесе көшкіндер жасанды жолмен түсіріліп жатқан аудандарда
демалудан бас тартыңыз.

6. Қозғалыс кезінде тәулік уақытын ескерген жөн. Көктемде көшкін
қауіпі қар суланып беткейден оңай сырғитын мезгіл тал түсте байқалады.
7. Тауда төңірек жақсы көрінетін кезде жүріңіз. Тұман әрдайым көшкін қаупін
күшейтеді.
8. Көшкін қаупі бар жерлерден өткен уақытта айқайлап шуламаңыз.
9. Көшкін қаупі бар жерлерден бір-бірлеп өтіңіз.
10. Қарлы беткеймен көтерілген кезде айналсоқтамай тік жүріңіз.
11. Қар жапқан тік таулы беткейге жақын жерде демалуға тоқтамаңыз
және шатырлы лагерь құрмаңыз. Түнейтін жерді дұрыс анықтау аса маңызды.
Мұнда жазықтың екі жағындағы беткейдің қар көшкіні қаупі ескерілуге тиіс.
Бағытты жоспарлағанда қауіпті учаскілер кездескен жағдайдағы қосымша
нұсқаны міндетті түрде межелеген жөн. Сөйтіп жорықты тоқтатпай және
өзіңізді төтенше қауіпке ұшыратпай басқа қауіпсіздеу жолмен жүрген дұрыс.
12. Қар көшкіні лықсыған кезде оның ықтимал жолынан кетіп жер
бедерінің, жартастың бұрышын паналаңыз.
13. Тауға еш уақытта жалғыз бармаңыз. Топпен жүрген кезде қауіпке
бірден ұшырамайтындай болып жүрген жөн.
Осы тәртіптерді сақтамау көп жағдайда қайғылы оқиғаларға алып
келеді.
Қар көшкініне тап болған кездегі өзін-өзі құтқару әдістері:
- көшкін сырғыған жағдайда жүктерді лақтырып тастап бірінші кезекте
мұзұрғыштан, қапшықтан, шаңғы мен таяқтан босаныңыз;
- көшкіннің шетіне шығуға талпынып, негізгі қар массасын өзіңізден
өткізіп жіберіңіз;
- шаң тәріздес көшкінге тап болған жағдайда (құрғақ қар) одан
тұншығып қалмау үшін ауыз бен мұрынды бас киіммен немесе б өкебаймен
жабу керек;
- қолдан келген барлық әдіспен (аяқ-қолды қозғалта) үстіңгі бетте
қалуға тырысыңыз.
Егер көшкін басыңыздан жоғары басып қалса, ол тоқтағанға дейін
тізені ішке бүгіп басты қозғалту арқылы демалу үшін беттің төңірегінен
үлкен кеңістік жасауға тырысыңыз; көшкін тоқтағаннан кейін төменгі жақ
пен үстіңгі беттің қайда екендігін анықтап, қолмен ауыздың төңірегіндегі
кеңістікті кеңейтіп, сілекейді түкіріп тастаңыз; көшкін кезінде айқайлау
пайдасыз, бұл тек күш пен ауа қорын шығын қылады, егер құтқарушылардың
қадамы естілсе ғана айқайлауға болады. Сабырлық сақтап ұйқымен күресіңіз.
Тыныс алу үшін қажетті ауаның қар арасынан өтетіндігін есте сақтаңыз.
Көшкін астынан 11 күннен соң адамдар тірі табылған оқиғалар да белгілі.
Алайда көшкін басқан адамның бетінің айналасынан тыныс алу кезінде су
буының жиналу нәтижесінде герметикалық мұз қыртысы пайда болады.
Сондықтан зардап шегушіні қар астынан мүмкіндігінше жылдам шығарып
алуға тырысу қажет.
Көшкін қаупі кезінде тауда қалған туристерге мынадай көрнекі
болжамдық белгілерді естерінде сақтау пайдалы, олар пайда бол ған с әтте тез
қауіпсіздік шараларын қабылдаған жөн:

- іле Алатауының ортатаулық белдігіндегі күзгі-қысқы кезеңдегі қар
көшкіннің лықсуы беткейдегі ескі қар биіктігінің 30-40 см деңгейінде
басталады. Бұл жағдайда көшкіннің лықсуы үшін 20-25 см жаңа жауған қар,
ал аязды күні өте жеңіл үлпілдек қар жауса, онда 10-15 см жеткілікті;
- қатты қар жауған кездегі жаппай көшкіннің пайда болуы қарашаның
өзінде болуы мүмкін;
- қар жиі жауған кездегі ( сағатына 3 см) қар көшкініні ң қауіпті ахуалы
3-4 сағаттан кейін тууы мүмкін, сондықтан бұл уақытты қауіпті аймақтан
шығу үшін пайдалану керек;
- қысқы-көктемгі кезеңде үстіңгі бетте қар жамылғысы жоқ жағдайда
теңіз деңгейінен 1800 м жоғары аймақтағы алғашқы ылғалды көшкін
жылынғаннан бастап 18-24 сағаттан кейін лықси бастайды;
- егер жылы күні жауын-шашын түсе бастаса қауіпсіз аймаққа тез
шығуы қажет.
- төзімді (адам салмағын көтеретін) және қуатты (20 см жуық) мұз
қыртысы (қар бетіндегі қатқан түйіршік) тек таңертеңгі сағаттарда сенімді
бола алады, ал онымен жүрген кезде (қажетті жағдайда) жүрушілер тобында
үлкен арақашықтықты сақтай отыра қозғалу қажет.
- егер аз жауған қар жаяу бұрқасынға ұласса, онда 4-6 сағаттан соң
дауылды көшкін болуы мүмкін, ал желдің жылдамдығы 15 мc болса 2-4
сағаттан кейін болуы мүмкін.
Қар көшкіні басып қалған адамдарды іздестіру және көшіру.
Тауда болған кез келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, барша ж ұрт
сақтауға
тиіс
сақтандыру
шараларын
білуге
міндетті.
Қазақстанда адамдар көшкіндерге тек, егер олар қыстың суық мезгілінде
тауда болса ғана тап болуы мүмкін. Ал шыңдар мен асуларға шы ғатын
альпинистер мен туристер бұған жыл бойы әзір болуға тиіс. Тау
әуесқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25%-іне жуығы
көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс уақытын дұрыс та ңдай
алмаудан, көшкін қаупі бар беткейлерден ебедейсіз өтуден, көшкіннің пайда
болу
табиғаты
туралы
білмеуден,
тәртіп
бұзудан
болады.
Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы
хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар көшкінні ң ы қтимал
лықсуын алдын-ала сезіп қауіпті аймақтан кетеді), сондай-ақ беткейдегі
қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет. 15 градустан
тігірек беткейлер қауіпті болып табылады, солай болса да көшкінні ң одан да
жазығырақ беткейлерде лықсу оқиғалары белгілі. Беткей тік болған сайын
көшкіннің лықсу ықтималдығы арта түседі, алайда 50 градустан тігірек
беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы жинақталмайды, әрбір қар
жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады.
Іле Алатауына қыста барушыларға мынадай ақыл-кеңесті ұсыну ға
болады:
- қысқы жорық пен өрмелеу үшін желтоқсан-ақпан айлары аса қауіпсіз
мерзім болып табылады, бұл уақытта жауын-шашын аз, қар жамылғысының

биіктігі аласалау. Жаяу соқпақ пен автожолдар өтетін жазыққа дейін жететін
үлкен көлемдегі көшкін лықсуы сирек байқалады;
- 1600-3500м аймағындағы алапатты көшкін белсенділігі наурызсәуірде байқалады, ол жылдың салқын мерзіміндегі жауын-шашынны ң
көптігіне байланысты. Қар қалың жауатын жылдың осы мезгілінде жалпы
тауға шығуға болмайды;
- 3500 м биіктікте орналасқан аймақтағы ең жоғарғы көшкін
белсенділігі жылдың жылы мерзімінде болады (мамыр-шілде). Жорық пен
өрмелеу үшін аса қолайлы уақыт тамыз-қыркүйек. Бұл айларда тіпті 4000
метр биіктіктегі қар жамылғысының өзі елеусіз;
- тау шаңғышыларының жаттығулары мен жарыстары қарашаның
аяғына – желтоқсанның басына белгіленеді және сәуірдің ортасына дейін
сақталады, бұл үшін 2000-3000 м аймағындағы қар жамылғысы жеткілікті.
Көшкін қаупі кезінде тауға шығу қажет жағдайда кезек күттірмейтін
жұмыс үшін, атап айтқанда құтқару жұмысы үшін тік жартастан, оның биік
бөлігінен немесе жартасқа жақын тар жерден өту қажет. Бұл беткейде
шамалы сілкінтеді. Одан сақтандыру арқанының, шаңғының бүкіл
ұзындығын пайдаланып отыра, бір-бірлеп өтіп, шаңғы таяғынан немесе мұз
ұрғыштың ілегінен бос ұстау керек. Топтың жекелеген мүшелері арасындағы
арақашықтық кемінде 20-30 м болуға тиіс. Топтың барлық мүшелері
ұзындығы 20-30 м ашық боялған көшкін бауын белдеріне таңып, негізгі
арқанға екі-екіден байлаулы болуы керек. Егер көшкін аяқ астынан лы қситын
болса, оған бүкіл топ тап болмайды және сонымен қатар құлаған уақытта
қандайда бір кедергіге ілуге болады. Арқан тарту құлаған кезде зардап
шегушіге
қардың
бетінде
қалуға
үлкен
мүмкіндік
береді.
Топ мүшелерінің бірі қауіпті жерде қалған кезде қалғандары оны мұқият
қадағалауға және қажет жағдайда айқайлап ескертуге тиіс.
Қар көшкіні басып қалған адамды іздеу кезіндегі қажетті іс-әрекет:
1. Көшкіннің қайталану қаупінің жоқтығына көз жеткізу. Бір адамды
беткейдің үстіңгі бөлігін қарау үшін қалдыру, көшкіндегі жолдасының жоғалу
нүктесінен тез белгілеу.
2. Зардап шегушіні табу немесе іздеу үшін бағдар беруі м үмкін қандай
да бір затты табу үмітімен осы нүктеден төмен көшкін конусын мұқият қарау.
Көмілген адамның, әдетте, жоғалу нүктесі мен оның жарықтарының аса
жеңіл заттары жатқан жердің арасында болатындығын есте ұстау керек.
3. Көшкін бауын немесе сақтандыру арқанын тапқан кезде зардап
шегушіні табу қиынға соқпайды. Ең бірінші кезекте қардан оның басын
босатып, содан кейін ғана алғашқы дәрігерлік көмек көрсету қажет.
4. Егер зардап шегушіні өз күштеріңізбен табу мүмкіндігі болмаса,
құтқару отрядын шақыру қажет. Оған қатысушылар күрделі ауа райы
жағдайындағы ұзақ жұмысқа әрдайым дайын болуға тиіс.
5. Егер бақытсыздықтың тікелей куәгері жоқ болса, зардап шегушіні ң
жатқан жерін тау бедерінің нысанына, көшкін түріне, оның сырғу бағытына
қарай анықтайды.

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
А) Жер сілкінісі кезіндегі адамның іс-әрекеті
Б) Сел, опырмалар, қар көшкіні
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Ғаламтордан алынған ақпарат

Тік құлама беткейде бірінші кезекте жайпақ учаскелерде көшкін
жылдамдығы баяулайтындықтан қашатты тексереді және онда қар көп
қалады. Егер көшкін жолында жекелеген ағаш, жартастың ұшы, жол кездессе,
зардап
шегушіге
осы
кедергілерге
аялдауға
болады.
6. Қозғалыс жылдамдығы 160 кмс асатын құрғақ үлпілдек қар көшкініне тап
болған адамды шетке лақтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда көшкін конусы
алдындағы
едәуір
кеңістікті
қарау
қажет.
7. Аймақты анықтағаннан кейін бағдарлауға көшеді. Көшкін бұрғысы
серпілмелі металл шеңберінен тұратын бірнеше бұралмалы секциядан
тұрады.
8. Құтқарушылар бір-бірімен аралық сақтап беткейге қарсы тұрып, бұрғыны
қарға 3 м тереңдікке енгізеді. Содан соң беткейдің үстімен 10 см жоғары
көтеріліп оны бағыт бойынша іздеуді қайта жалғастырады. Зардап шегушіні
осындай
әдіспен
жылдам
табу
ықтималдығы
-70%.
9. Екі мәрте сәтсіз бағдарлаудан кетіп әрбір 25 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері
Апаттардың табиғи сипаттамасы
Табиғат апаттары және олардың түрлері.
Төтенше жағдай
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: сырғымалар, сел, тастың құлауы
Сұрапыл апаттардан тұрғындарды қорғау
Қазақстанның таулы және тау бөктерлеріндегі табиғи қауіпті құбылыстардың қалыптасу негізін қарастыру
Зілзала. Төтенше жағдай
Халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау
Төтенше жағдай, туындау себептері
Пәндер