Ерте ортағасыр соңындағы батыс европа


Жоспар
- ІХ-ХІ ғғ. Франция.
- ІХ-ХІ ғ. басындағы Германия.
- ХІ ғ. ортасына дейінгі Англия.
- ҮІІІғ. - ХІ ғ. ортасындағы Испания.
Француз корольдінің бастапқы қалыптасу сатысы.
843 жылы каролинг империясы ыдырағаннан кейін және 870 жылғы Мерсен бітіміне сәйкес Францияны Германия мен Италиядан бөліп тұрған оның шығыс шекарасы негізінен үлкен өзендердің бойымен Маастың төменгі жағалауымен, Мозельмен және Ронамен өтті. Кейін IX ғасырдың ақырында Сона мен Ронаның шығысында екі Бургунд корольдігі - X ғасырда (933 ж. ) бірыңғай Бургундия (Арелат) корольдігіне біріккен Жоғарғы және Төменгі Бургунд корольдіктері қ±рылды. Аквитания тағы да іс жүзінде тәуелсіз болды да, Нейстрия мен Бургундияның солтүстік батыс бөлігі - IX ғасырда қ±рылған Бургундия герцогтығы (Луара мен Сона арасындағы) Франциядағы соңғы Каролингтердің қол астында қалды.
X ғасырда б±л аймақтардың жағдайы тым ауыр болды. Неміс және француз Каролингтерінің арасында өз ара қырқысқан соғыстар жүріп жатты. Тұрғындарын талан-таражға салып, қырғынға ұшыратқан үздіксіз нормандар шапқыншылықтары ұшан теңіз шығынға душар етті. Соларға қарсы кескілескен ұрыста бірінші шепке - б±л уақытта әбден әлсіреп, өзінің барлық жерінен айрылған каролингтерге қарама- қарсы Париждің бай да ықпалды графтары шықты. Олар аса қауіпті жаудан өз қалалары - Париж бен Орлеанды сәтті қорғады. Орталық және Оңтүстік Нейстрияны сақтап қалды, бірақ X ғасырдьщ басында Сена сағасына іргелес жатқан солтүстік батыс аймаққа ірге тепкен Нормандия герцогтігін норманндарға беруге тура келді. X ғасырда Париж (Робертиндер) бен соңғы каролингтер графтықтары арасында тәж үшін күрес жүрді. Робертиндердің кейбіреулері король болып сайланды, бірақ кейін олардың тағына Каролингтер ауысып отырды. Ақыры 987 жылы аса ірі ақсүйек және дін феодалдары «Францияның ±лы герцогың деп аталған Робертин Гугоқапетті король етіп сайлады, сөйтіп, осы уақыттан бастап XVIII ғасырға дейін француз тәжі капетингтер мен солардың руынан тараған басқа ағайындарында (Валулар мен Бурбандарда) қалды.
Біржолата ыдыраған Каролинг империясынан Франция корольдігінің бөлініп шығуы - осы ел өміріндегі жаңа да өте маңызды сатының басталғанына айғақ болды. X ғасырда феодалдық қатынастардың орнауына әкеп соқтырған әлеуметтік-экономикалық процестер аяқталды, әр түрлі этникалық элементтер сіңісіп бітті. Германдықтармен араласып кеткен галлорим халқының негізінде жаңа тілі мен территориясы жағынан бір біріне туыстас феодалдық халықтар: солтүстік француз және провансаль халықтары қалыптасты. Олардың өз ара шекарасы Луара ағысьшан біраз оңтүстікке қарай өтті. Б±л халықтар болашақ француз ұлтының негізі болды. X ғасырда ел өзінің қазіргі атьн алды. Ол Галлия немесе БатысФраңк корольдігі емес, енді Франция деп (Париж айналасындағы Ильде-Франс аймағының атымен) аталды.
Феодалдық бөлшектену. Франциядағы ірі феодалдық иеліктер .
Солтүстік француз халқы мекендеген территорияда бірнеше ірі феодалдық қ±рылды. Ла-Манштың бүкіл жағалауын Норманд герцогтығы алып жатты. Оның негізін қалаған норманндар солтүстік француз халқының тілі мен француз феодалдық мекемелерін тез қабылдады. X ғасыр менXI ғасырдың басы аралығында норманд герцогтары Ла-Манш жағалауларындағы иеліктерін батыста Бретанияға дейін, шығыста Соммаға дейін кеңейтті, сондайақ Мэн графтығын өздеріне қаратты. Луараның орта және төменгі жағалауларында Блуа, Турень, Анжу графтықтары; Луарадан біраз оңтүстікте -Пуату орналасты. Капетингтер жері ("король домені) Париж бен Орлеан айналасына топтасты. Оның шығысында Шампань графтығы, оңтүстік-шығысыңда Бургунд герцогтығы жатты. Қиыр солтүстік батыста Кельт тұрғындары мекендеген Бретань, қиыр солтүстік шығыста - Фландрия герцогтығы болды. Солтүстік француз халқының тілі Б±л графтықтың тек оңтүстік бөлігіне ғана тарады, солтүстігінде фламандықтар өмір сүрді. Провансаль халқының территориясында да ірі иеліктер орналасты. Пуату және Гаронна графтықтарының арасында Аквитания герцогтығы, Гаронна мен Пиреней аралығында - Гаскон герцогтығы, оның шығысында - Тулуз графтығы орналасты. Тулуз графтығы мен Бургунд герцогтығы арасындағы Орталық таулы аймақты Овернь графтығы иемденді. Француз корольдігінің қ±рамына, соныменқатар Пиренейдің оңтүстік бөктеріне араб иеліктерімен шекаралас орналасқан, Испан маркасы деп аталғаннан IX ғасырда бөлініп шыққан Барселон графтығы да кірді. X-XI ғасырларда ірі феодалдар - герцогтар мен графтар бүтіндей тәуелсіз болды. Алайда олар феодалдық иерархияның басында т±рған корольдің вассалы болып есептелді. Ірі феодалдарқаншама жекедара және тәуелсіз болғанымен, король басқарған бүкіл иерархия жүйесі феодалдарға белгілі дәрежеде топтасудықамтамасыз етіп, оларғақаналушы шаруаларды бағыныштылықта ±стауға көмектесетіндіктен, олар мен корольдің арасындағы вассалдық байланысты үзуге әсте болмайтын еді. Соныменқатар, король өкіметі ез вассалдарын шеткі жаулардан және бір бірінен қорғауға тиісті болды. Феодалдық бөлшектену кезінде вассалдардың өз арақатынастарын тиімді реттеу үшін король өкіметі әзірге тым әлсіз еді. Францияда тіл жағынан туыстас болғанымен, екі халықтың орналасуы феодалдық бөлшектенуді үдете түсті. Оңтүстік аймақтар XIII ғасырға дейін Франция қ±рамына тек шартты түрде ғана кірді. Король негізінен солтүстік француз халқы территориясының жоғарғы сюзерені (феодалдық иерархияның басшысы) болды.
Король доменіКороль домендерінің асақұнарлы аймақтарға стратегиялық жағынан маңызды пункттер - аса ірі екі кезен - Сена мен Луараның орта ағыстарына, сондайақ оңтүстіктен солтүстікке апаратын құрылықтағы жолдарға үстемдік ететін Париж бен Орлеанда орналасуының Франция тарихы үшін маңызы зор болды.
Капетингтер үйінен шыққан алғашқы корольдердің ірі феодалдардан айырмашылығы шамалы болды. Олардың тұрақты тұрағы да болмады. Өзінің нөкерлерімен бір иеліктен екіншісіне көшіп жүрді де, сонда жиналған қорды тұтынды. Корольдерге тіпті өз домендерінде де әскеріне сүйенігі жолдарда қарақшылық жасаған вассалдармен күресуіне тура келді. XI ғасырларда Капетингтер негізінен өз жерлеріндегі, яғни тәуелді және крепостной шаруаларды тікелей қанау арқылы табыс түсіріп, баяу да болса иелік жерін ұлғайта бастады.
Шаруалар жағдайы.
Х ғасырда француз шаруаларының басым көпшілігі крепостнойландырылып, ауыр феодалдық қанауға түсті. Басыбайлы (серв) жеке басы, жері және соттық жағынан сеньорға, яғни өзі тұратын жеке меншік сеньориясыңа (Францияда феодалдық иеліктерді әдетте осылай атаы) тәуелді болды. Тәуелділіктің осы үш түрінің әрқайсысына байланысты белгілі бір айыптар мен төлемдер болатын Серв жеке басы тәуелді адам ретінде жан басы салығы (сараілсит), егер ол еркін адаммен некеге отыратын болса немесе басқа сеньордың сервіне үйленетін болса неке салығын өлім салығы, яғни оның заттары сеньордың меншігі болып есептелетіндіктен, мұра салығы деп аталатын салықтарын төледі. Шаруа егер мұрагер ретінде зат алғысы келсе, осы төлемдерді (көбіне тұқымы жақсы мал түрінде) төлеуге тиісті болды. Ең ақырында, сеньор сервтен шектелмеген айыптар мен төлемдер (еркін айналым) талап ете алды.
Шаруа жер учаскесінің мұрагер ±стаушысы ретінде сеньорға жүмыс істеуге:қанаудың ең басты түрі болған егістік барщинасын өтеуге (әдетте аптасына үш күннен кем емес) қ±рылыс, транспорт және басқа да айыптарды орындауға, сол кезеңде онша кµп емес заттай және ақшалай алым төлеуге тиісті болды.
Шаруа соттық жағынан тәуелді адам ретінде өзінің даушарларын көтеріп, сеньор куриясында (иелік сотта) соттасуға тиісті болды. Б±л үшін одан сот алымдары мен айыптар ±стады. Б±ларға қоса ол сеньорға рынок, кәпір, паром салу, жол және басқа да алымсалықтарды төледі. Сеньор диірменге, пешке және жүзім сыққышқа (баналитеттер деп аталатындарға) монополиялық ерікті болғандықтан, шаруалар астықтарын соның диірменінде тарттыруға, соның пешінде нан пісіруге және жүзімді соның жүзім сыққышында сығып алуға міндетті болды, бұл үшін заттай және ақшалай ақы төледі.
Шаруалардың бір бөлігі жеке бастарының бостандығын сақтағандарымен (вилландар), бірақ феодалға жер, ал кейде сот жағынан тәуелді болды.
Феодалдық қатынастардың түпкілікті қалыптасуы қанаудың өсе түсуін күшейтті. Ескі айыптарға қоса сеньордың пайдасына барған сайын жаңалары қосыла берді, қосыла берді. Шаруалар помещикке б±рын шаруалар қауымына жатып, X-XI ғасырларда феодалдар басып алған ормандарды, сулар мен шабындықтарды пайдаланғаны үшін қосымша ақы төледі. Феодалдар салықтары мен шаруашылықты күйзелте түскен феодалдық үздіксіз соғыстар шаруалар түрмысын қайыршылықтың шегіне жеткізді. Аштық әдеттегі құбылысқа айналды. Астық нашар шыққан немесе сол кездегі тым әлсіз ауыл шаруашылық техникасы құтқара алмайтын кездейсоқ басқа да апаттар жағдайында тұрғындар ешкімнен де көмек ала алмайтын, сондық тан аштықтан өлушілік өлшеусіз көп болды.
Шаруалар көтері лістері
. Шаруалар өздерінің қанаушы феодалдарын жеккөрді және олардың талаптарына әр түрлі қарсылықтар көрсетіп отырды. 997 жылғы көтеріліс бүкіл Нормандияны қамтыды. Шаруалар өздерінің б±рынғы қауымдық жерлерді еркін, тегін пайдалану праволарын қалпына келтіруді талап етті. Көтерілісті норманд феодалдары асқан қаталдықпен басты.
1024 жылы Бретанда шаруалар көтерілісі б±рқ ете түсті. Шаруалар көтеріліске, шежірелерге қарағанда, «көсемдерсіз және қаружарақсызң шықты, дегенмен феодалдар б±л көтерілісті зорға басты. Шаруалар рыцарьлар отрядтарына ерлікпен қарсылық көрсетті. Шаруалар сеньорларға қарсы көтеріліске шығып және өз праволарын талап етуде көбіне тұтасқауым болып қимылдады. Қауым езілгендердің қолындағы қаруы болды, ол шаруаларға «орта ғасырлық аса қатал крепостнойлық тәртіптер жағдайының өзінде жергілікті тұтастық пен қарсыласу қ±ралын берді. Шаруалардың батыл қарсылықтары феодалдарды өздерінін, талаптарын біраз шектеуге мәжб±р етті. Шаруалар мен сеньорлар арасындағы үздіксіз таптық тартыстың нәтижесінде сеньориядағы қатынастарды белгілі дәрежеде реттеп отыратын және феодалдық рентаның артық не кем деңгейін бекітетін «әдеттер» туа бастады. Феодалдар Б±л «әдеттердің бұзудан онша үяла бермегендерімен, ол қалайда белсілі дәрежеде қанаушылықты шектей түсіп, шаруаға өзінің жеке шаруашылығында жүмыс істеуге көбірек уақыт берді және оның мұрагерлік жеріне деген правосын нығайтты. Сөйтіп, шаруалар бүқарасының өз қанаушыларына қарсы күресі шаруаның өзінің жеке шаруашылығындағы праволарын кеңейтіп, нығайта түсті де, соның нәтижесінде феодалдық қоғамдағы өндірістік күштердің мейлінше тезірек дамуына қолайлы жағдай жасады.
XI ғасырдың ақырына дейінгі Италия
Феодалдық бөлшектену. Көптеген жүз жылдықтар бойы Италия не әлеуметтік-экономикалық, не саяси жағынан бір тұтас ел бола алмады. Орта ғасырларда ол бірыңғай мемлекет болмады. Онда тарихи негізгі үш аймақ өз кезегінде жекелеген феодалдық мемлекеттерге бөлшектенген Солтүстік, Орта және Оңтүстік Италия қалыптасты. Осы үш негізгі аймақтың әрқайсысы бүкіл орта ғасырлар бойына өздерінің ерекшелік белгілерін сақтап қалды. Б±л өзгешеліктер Апенин түбегі жеке бөліктерінің экономикалық, саяси және географиялық ерекшеліктерінен келіп туды. Солтүстік Италияның үлкен бөлігін - VI-VIII ғасырларда лангобардтардың қол астында болып (оның Ломбардия деген атауы осы лангобардтардан шыққан), ал VIII ғасырдан бастап каролинг империясының қ±рамына кірген По өзені алқабындағы құнарлы жерді - Ломбардия алып жатты.
Орта Италияның басым бөлігін Папа аймағы, орталығы Римді қосып дүния папалар мемлекеті (оны «Қасиетті Петр вотчинасы» деп атады) және лангобард иеліктерінің қалдықтары - бірде папаға, бірде каролингтерде вотчиналық тәуелділікте болған Беневент және Сполето герцогтықтары иемденді. Рим папасы иелігінен солтүстікке қарай Тоскана герцогтығы жатты.
Солтүстік және Орта Италия 843 жылғы Верден бітімінен кейін каролинг империясының бір бөлігі болудан қалды да, IX ғасырдың ортасынан бастап олардың жоғарғы сюзерені Павияда (Италия корольдігінің сол кездегі астанасы) Лангобард корольдерінің темір тәжін кигізгеннен кейін, король атағын алған Италия королі болды. Бірақ бұл шын мәнісінде тек атаққана еді. Шындығында, Солтүстік Италияда да, Орта Италияда да өкімет жекелеген феодалдардың қолында болды.
Оңтүстік Италия мен Сицилия аралы да XI ғасырдың ақырына дейін жекелеген феодалдық иеліктерге бөлінді және жиі-жиі шетел басқыншыларының қолына ауысумен болды. VI ғасырдан бастап ұзақ уақыт бойы елдің оңтүстік бөлігіне Византия империясы үстемдік етті. Апулия, Калабрия, Неаполь мен Сицилия Византия провинциялары еді. IX ғасырда мұнда жаңа басқыншылар - арабтар (сарациндер) басып кірді. Олар бүкіл Сицилияны жаулап алып, онда Палермоны орталық етіп эмиратқұрды; арабтар уақытша Апулияны да өздерінеқаратты.
Үздіксіз феодалдық алауыздықтар мен византия және араб басқыншылары арасындағы шиеленіскен күрес Оңтүстік Италияға нормандардың (Нормандиядан келген) басакөктеп кіруіне жағдай жасады. Нормандар бүкіл Оңтүстік Италия мен Сицилияны жаулап алып, М±нда XII ғасырдың басында (1130 ж. ) бүкіл оңтүстік Италия жерін енгізген Сицилия Корольдігінің негізі қаланды.
Солтүстік және Орта Италияда феодалдық қатынастардың дамуы.
Италия саяси картасының ала-ќ±ла болуы феодалдық қатынастардың дамуын қиындата түсті. Лангобардтар, тұсында VI-VIII ғасырлар бойы Солтүстік және Орта Италияда феодалдық қатынастардың қалыптасу процесі жүрді. Б±л процесс М±нда бір сыдырғы өзгеше болды. Көп күшпен Италияға басакөктеп кірген лангобардтар жерлерді басып алып, Римқұл иеленушілерін өлтірді, қуып жіберді. Олар өздері басып алған жерлерге жергілікті тұрғындардан бөлек қоныстанды; “фара” деп аталған (3тараудықараңыз) рулық қауымдарға, қандас рулық топтарға қарай қоныстанды. Бағындырылған Рим тұрғындарынан, негізінен колондар мен басқа да жер өңдеушілерден олар астықтың 1/3 көлемінде заттай салық алып түрды.
Үздіксіз соғыстар мен лангобард ақсүйектерінің жерді басып алуына байланысты, сондай ақ Римдегі жеке меншік ықпалымен ерікті қауымдықтар арасында тапқа бөліну және лангобард фараларының ыдырауы басталды. Б±л процестің ең басты нәтижесі жерге жеке меншіктің шығуы болды. VII ғасырдың ақырында-ақ лангобардтардың егістік учаскелері аллодқа айналып, жердің қолдан қолға өтуіне және ірі жер иеліктерінің тууына жағдай жасады. Бұл ең алдымен король жасақшыларының - гезиндтердің, әскер басшыларының - герцогтардың, графтар мен корольдердің өздерінің ірі жер иеліктері еді. Сондайақ шіркеулік және монастырьлық жер иеліктерінің ұлғая түсуінің де маңызы зор болды. IX ғасырға қарай дүнияи және діни ірі жер иеленушілерден негізінен феодалдар табы қалыптаса бастады.
Ірі жер иеліктерінің өсуімен қатар жер шонжарларынан (патронат пен коммендация) қамқорлық іздеуге мәжб±р болған, сөйтіп, бірте-бірте тәуелді жер иеленушілерге айналып, өз жер учаскелеріне иелік ету правосынан айрылған ерікті село түрғындарының жүдеп жадауы басталды. Лангобард үстемдігінің алғашқы кезеңінің өзінде ақ Рим құлдары мен колондарының негізгі бұқарасы лангобардтардағы құлдар мен жартылай еріктілерге сіңісе бастады. Кейін тәуелді түрғындар -құлдар, колондар, жартылай еріктілер жүдеп жадаған еріктілермен түгелдей сіңісті де, олар бірте-бірте феодалдық тәуелді шаруалар тобына айналды.
Алайда лангобардтардың Италиядағы мекендерінің оқшау болуы, қауымдық ұйымның, рулық қатынастардың ұзақ уақыт сақталуы және т. б. себептерден мұнда феодалдандыру процесі баяу дамыды. VIII ғасырдың аяғында Италияны Франктердің жаулап алуы феодалдық қатынастардың дамуын жеделдете түсті. IX-XI ғасырларда ерікті егіншілердің жүдеп жадауы және олардың тәуелді шаруа жер ±стаушыларға айналу процесі күшейді. М±ндай шаруаны ±стау заң бойынша келісім жасап, жерді 29 жылға арендаға алуға право берді. Б±л аренда либелла деп аталды да, іс жүзінде феодалдық қанаудың бір түрі болды: шаруа либеллярий шыққан өнімінің үштен бір немесе төрттен бір бөлігін феодалға берді және оған барщинада жұмыс істеді. IX-XI ғасырларда шаруаларды ±стаудың либеллярлық түрі басым болды. Шаруалар көбіне жерді прекарий жағдайында да, салық төлеп, барщинаны орамдап ±стады. Сондайа. қ ±стаудың мынадай эмфитевзис формасы да кең тарады. Б±л - жер учаекесін пайдаланудың кейбір праволары жағдайында (оны иелік көлемінде шеттетуге де мүмкін болды) натуральды немесе ақшалай салық төлеп мәңгі мүрагерлік арендаға алу.
IX-X ғасырларда либеллярлар мен прекаристердің басым бөлігі феодалдарға тікелей тәуелді болды да - крепостнойға айналды. Шаруалар крепостнойлыққа қарсылық көрсетті, жер иеленушілермен соттасып көрді, жиі-жиіқолдарынақару алып, өз еркіндіктерінқорғады немесе жаңа орындарғақашты, алайда жер иеленушілердің күшіне төтеп бере алмады.
Крепостной шаруалар айыдтарының ішінде барщинаға үлкен орын берілді. Крепостнойлар барщинада жылына 2ден 12 аптаға дейін, толып жатқан монастырь шаруашылықтарында көктемгі егіс және егін жинау науқандарында - аптасына 3-5 күнге дейін жүмыс істеді. Көптеген жергілікті жерлерде шаруалар қосымша натуральды салық төледі. Мұның сыртында олар қ±рылыс және жол жүмыстарын атқарды, соттық және базарлық салықтарды төледі, қосымша салықтар шығатын мырзаның баналитеттік праволарын сақтауға міндетті болды. Барщинамен қатар өнімдік рента да айтарлықтай орын алды. VIII ғасырдан бастап шаруалар ақшалай төлемдер де түсіре бастады. Сөйтіп, Италияда ақша рентасы анағұрлым ерте дамыды.
Крепостнойлармен қатар феодалға жерлік тәуелділікте болған және оның пайдасына белгілі міндетті қызмет атқаратын жеке басын еркін ±стаушылар тобы да сақталды. Жер учаскелеріне меншік ететін, ерікті шаруалардың да біраз бөлігі сақталды, бірақ феодалдандыру процесінде шаруалар қауымдары сеньорфеодалға бағындырылды. Италияда шіркеулік жер иелігі аса зор роль атқарды; VIII-IX ғасырларда М±нда көптеген тәуелді және крепостной шаруалар жүмыс істеген ірі монастырь шаруашылықтары қ±рылды.
Оңтүстік Италия мен Сицилияда Оңтүстік феодалдандыру процесі. Италия өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінен Солтүстік және Орта Италиядан көп өзгеше болды. Италияның Оңтүстігі мен Сицилия остгот және аз үшырады; олар үзақ уақыт бойы М±нда құл иеленушілік тәртіпті сақтауға тырысқан Византияның қол астында қалды, оларды жат жер басқыншылары талантаражға салумен болды, сөйтіп осының бәрі бұл аймақтардың анағұрлым арттақалуына себепкер болды. IX-XI ғасырларда олар феодализмнің алғашқы баспалдағында тұрды. М±нда феодалдық иеліктер әлі де толық қалыптаса қойған жоқты, негізгі жұмысшы күші крепостной шаруалардан емес, колондардан, құлдар мен ұсақ ерікті арендаторлардан қ±рылды. Бірыңғай феодалдық тәуелді және крепостной шаруалар табы әлі қалыптаспады.
Солтүстік пен Орта Италияда алғашқы қалалардың пайда болуы .
Феодалдық қатынастардың ерте қалыптасуы жєне
шаруаларды ±стаудың либеллярлық түрінің тарауы ауыл шаруашылығында өндіргіш күштердің даму дәрежесін едәуір көтеруге жєне Солтүстік пен Орта Италияда анағүрлым ерте товар аќша қатынастарының тууына жаңа экономикалық орталықтар - қалалар пайда болды. Олар Италияда Европаның басқа елдерінен б±рын, IX-XI ғасырларда туа бастады. Көбіне сонау Рим кезінен сақталған көптеген Италия қалаларының көне дуалдары мен үйлері қолөнер мен сауданың негізінде өсіп өркендеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz