Түркістан қаласы тарихы


КІРІСПЕ
Орта Азия мен Қазақстан аумағында тарих түкпірінде пайда болып, түрлі шапқыншылық кезеңдерде басқа елді-мекендер сияқты өшіп кетпей, қазіргі уақытқа дейін өмір сүріп келе жатқан саусақпен санарлық қалалардың бірі - Түркістан.
Қазіргі Түркістан қаласының байырғы тарихын зерттеу тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Әуелі Иасы, кейін Түркістан атанған қаланың тарихы тереңде жатыр. Ертедегі Иасының орны - Күлтөбе, қазіргі Түркістан айналасындағы басқа да көне және ортағасырлық мекен құлаңдылары: Сидақ ата, Шойтөбе, Қарашық I, II, Төрткүлтөбе I, II атты ескерткіштер археологиялық тұрғыдан зерттелу үстінде. Осымен қатар Иасы - Түркістанның XV-XVIIІ ғасырлардағы тарихын зерттеу өте қажет. Себебі бұл кезеңде қала айтулы өзгерістерге тап болған. Қазақ хандығы тұсында Иасы бір аудан орталығы дәрежесінен Түркістан атты тарихи аймақтың астанасына, ал кейін Қазақ хандығының бас қаласына айналды. Қаланың осы кездегі тарихын зерттеу арқылы ортағасырдағы төл мемлекетіміздің тыныс-тіршілігшің қыр-сырларын тануға болады.
Мұнда ел тағдырын шешкен мәслихаттар өткен, хан сайлаған құрылтайлар болған. Әйгілі Абылайдың бүкіл қазақ ханы болып сайлануы, Шәді төре айтқандай, осы қалада өткен:
"Бәрінің Туркістанда басын қасып,
Қазақтың қамын жеген кеңес құрды
Ақыры Абылайдың хан болуын.
Бәрі де бір ауыздан қабыл қылды.
Әкеліп ақ киіді жазып салып
Үстіне отырғызды ханды апарып. "
Қазақтың Есім, Жәңгір, Төуке, Абылай, басқа белгілі хандары, батырлары, билері Ахмет Иасауи кесенесінде және оның айналасындағы мазаратта жатыр. Түркістан қаласының Қазақ хандығының негізгі саяси, діни, сауда орталығы болды. Яғни Түркістанның XV-XV1II ғасырлардағы тарихын зерттеп-танымай Қазақ хандығының, Қазақстанның тарихын білеміз деп айтуға болмайды.
Түркістан оазисіндегі археологиялық ескерткіштердің зерттеле
бастағанына 130 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында
ондаған археологиялық ескерткіштер табылып, есепке алынды.
Есепке алынған археологиялық ескерткіштер әртүрлі археологиялық
дәуірлерді қамтыды, олардың ішінде тас, қола, темір дәуірлеріне,
ортағасырларға жататын ескерткіштер бар. Осы өңірдегі Шоқтас,
Қошқорған ескерткіштерінің аты дүние жүзіне белгілі болса ал
Сауран, Түркістан, Күлтөбе, Шойтөбе, Төрткүл 1, 2 қалалары жазба
деректерде ортағасырдан бастап кездеседі. Шойтөбе, Түркістан,
Күлтөбе қалаларында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба
жұмыстары барысында осы оазистегі қала мәдениетінің қалыптасуы, дамуы және оның әртүрлі кезеңдеріне қатысты өте құнды деректер алынуда.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты Түркістан қаласының Қазақ хандығы тарихында алатын орнын зерттеу және қала тарихын көрсету болып табылады.
Түркістан аумағындағы ортағасырлық қалаларды зерттеу жұмыстары 19 ғ. басталады. Жалпы осы зерттеу жұмыстарын үш кезеңге бөлуге болады. Атап айтсақ:
І кезең 19 ғасырдан ХХ ғ. 17 жылына дейінгі уақыт мерзімін қамтиды.
ІІ кезең 1917 жылдан 1991 жылға дейінгі уақыт мерзімін қамтийды.
ІІІ кезең Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан басталады.
Түркістан әуесқой археология үйірмесінің құрылу қарсаңында орыс нумизматикасы саласында И. Н. Березин, В. В. Вельяминов, Зернов, В. В. Григорьев, Б. А. Дорна, П. И. Лерх, В. Г. Лихачева, П. С. Совальева, О. И. Сенковский, Г. С. Каблукова, В. Г. Тизенғаузен, Н. В. Ханыкова, Х. Д. Френ т. б. іргелі еңбектері жарық көрген еді /1/.
А. Л. Кун 1865 жылы Петербург университетін тәмамдап Орынборға қызмет етіп жүрген тұсында В. В. Григорьевтің ұсынысымен Ресей ғылыми қоғамдары үшін деректер мен коллекция жинауға тапсырма беріліп Орта Азияға жіберіледі. 1868 жылы ол Түркістанға келіп, содан 80-ші жылдардың бас кезіне дейін өз міндетін тамаша табыстармен атқарады. Оның жергілікті көне ескерткіштер жайлы мәліметтері ғалымдар мен қалың жүртшылықтың назарын өзіне аударды /2/.
В. В. Бартольд 1893-1894 жылдары Талас-Шу-Сырдария өңірі ескерткіштерін аралап, соның нәтижесінде «Есебін» жазды /3/.
Орта Азияға В. В. Бартольдтің келуі өлкетану жұмысын жандандырды. Бұған Түркістан археологиялық әуестенушілер үйірмесінің құрылуы көп әсер етті. Сырдария өзені бойындағы ескерткіштерді есепке алып, жоспар құрып жазуда В. А. Каллаурдың мақалаларының маңызы зор болды.
Түркістан өлкесінің археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде орыстың көрнекті ғалымы П. И. Лерх ерекше орын алады.
А. Ю. Якубовский: "Сырдарияның төменгі ағысын зерттеуді XIX ғасырдың талантты шығыстанушысы П. Лерх 1867 жылы бастаған болатын" деп жазды /4/.
1860 жылдан бастап П. И. Лерх Ресей археология қоғамының мүшесі, ал 1873 жылдан бастап, оның хатшысы болып тағайындалды. Орта Азияға ол 1867 жылы Сырдария бойындағы Жанкент тағы басқа қираған ескерткіштерді зерттеуге жіберіледі. Бұл сапардың материалдары 1870 жылы басылымдарға шықты /5/.
ІІ кезең қазан төнкерісінен кейінгі ұйымдастырылғын археологиялық-өлкетанулық экспедициялардың жұмыстарымен басталады. Түркістан өлкесінде осы кезде кеңес дәуірінің атақты археологтары М. Массон, А. Н. Бернштам секілді ғалымдары еңбек жасайды. Осының нәтижесінде бірнеше ғалыми мақалалар жарық көрпеді.
Әсіресе А. Н. Бернштамның «Проблемы древней истории и этногенеза Южного Казахстан» деп аталатын ғылыми еңбегі өте құнды болып есептеледі. /6/.
1946 жылы Қазақ ССР-нің ғылыми академиясының ашылуы және оның құрамында тарих, археология және этнография институтының құрылуы Түркістан аумағының археологиясын зерттеуге өте маңызды түрткі болды. Осы кезеңге жататын Е. И. Агеева мен Г. И. Пацевичтің. А. Г. Максимованың еңбектерін атап өтуге болады /7/.
Ал Отырар жұртының зерттелуінің басталуы бүкіл Оңтүстік Қазақстанның археологиялық зерттеу жұмыстарының қарқынды дамуына негіз болып келді. 70-шы жылдары жарық көрген К. А. Акишевтің, Л. Б. Ерзаковичтың, К. М. Байпаковтың еңбектері өте маңызды болып табылады /8/.
ІІІ кезең Қазақстанның тәуелсіздігін алуымен басталады. 90 жылдары экономикалық тоқырауға ұшыраған мемлекет ғалымдардың зерттеу жұмыстарына айтарлықтай көмек көрсете алмады. Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен Түркістан оазисінің археологиялық картасын жасау мақсатымен Тұран археологиялық экспедициясы ұйымдастырылады. Соның нәтижесінде ғылымға белгісіз бірнеше жүз археологиялық ескерткіштер ашылады /9/.
2004 жылы тұнғыш президентіміз жариялаған «Мәдени мұра» бағдарлмасының ашылуы Түркістан аумағындағы археологиялық ескерткіштерінің зерттелуіне жаңа мүмкідік тұғызады. Осы кезде жаңа ғылыми жаңалықтар ашыла бастайды /10/.
Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттелу хронологиялық шеңбері біздің жыл санаусыздың шеңберінен кейінгі ортағасыр дәуіріне дейінгі уақыт мерзімін қамтиды.
1 ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТАРИХЫ
1. 1 Түркістан қаласының ежелгі тарихы
Археологиялық зерттеулер Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын көрсетіп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта табылған тас дәуірі ескерткіштері - Шоқтас I, II, Қосқорған I, II бұл өңірді әуелгі адам 500 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетті /11/. Түркістан қаласы төңірегінде қола дәуірінің қонысы, құрал-саймандары да табылып отыр. Яғни б. з. б. 2 мың жылдықтан бастап бұл аймақта Қазақстанның басқа да жерлеріндегідей андронов мәдениеті кең тараған.
Темір дөуірінде Түркістан қаласы орналасқан Сырдың орта ағысы аймағын көне парсы деректерінде "сака" аталған, ал - "Авестада" - "тура" деп аталған тайпалар мекен еткен. Осыдан сақ-тұр тайпалары мекен еткен өлке Тұран деп аталған. Түркістан қаласының әуелгі атауын осы сақ тайпасының атауымен байланысты деуге негіз бар. Себебі, XVII ғасырдың белгілі тарихшысы Махмуд ибн Уәлидің "Бахр ал-асрар фи манахиб ал-ахиар" атты кітабында мынадай мәлімет бар: "Қазіргі Түркістан - бұл Сакси қаласы, қара халық оны Иасы деп атайды" /12/. Қаланың ежелгі Сакси атауының, сақ атауымен үндестігін байқауға болады. В. И. Абаевтың пікірінше, "сака" атауын "тура" терминінің баламасы деп қарастыруымыз қажет, тіпті, бұл тайпалар "тура-сақтар" деген біріккен атаумен де аталған. Қаланың ежелгі атауы, бұл елді мекеннің тарихының терендігін көрсетеді.
Ертедегі Сакси-Иасының орны қазір Күлтөбе деп аталатын ескерткішке телінеді. Бұған қоса Түркістан қаласы төңірегінде біздід заманымыздың басында негізі қаланған Сидақ ата, Шойтөбе, Қарашық, Төрткүлтөбе атты көне қоныс-қалашық орындары бар. Түркістан аумағында орналасқан осы қалашықтар тарихтың түрлі кезендерінде алма-кезек осы аймақтың бас қаласы міндетін атқарған.
Тарихи деректерге қарағаңца VIII-XII ғасырларда бұл өңірдің бас қаласы Шауғар болды. "Шауғардың" қазіргі қазақ тіліне аудармасы Қаратау. Шауғар-Қаратау-Қарашоқы сөздері бір-бірінің баламасы. Сондықтан бұл қала қазіргі Түркістан қаласы шетінен ағып жатқан Қарашық (Қарашоқының өзгерген үлгісі) өзені бойында болуы тиіс. Шауғар қазіргі Шойтөбе деген пікір дәлелсіз. Шауғар мен Фараб өңірлері Тарбад деп аталған бір иелікгің құрамдас бөлімі еді. Сондықтан Махмуд Қашқари "Дивани лұғат ат-Түрік" атты еңбегінде "Карачук-Фарабтың басқа аты" деп жазады. Бұл иелік түркі қағанаттарына қарады.
IX ғасырда Шауғар қарлүқ, оғыздар қол астыңда болды. Хорасан
әкімі Әл-Мамұн (809-818жж) кезінде Фараб-Шауғар иелігіне жорық
ұйымдастырылып, қарлүқтардың шекаралық басшысы өлтірілді,
джабғудың әйелдері мен ұлдары тұтқынға алынды. X ғасырдын
аяғыңда саманилік Насыр ибн Ахмед (864-892жж. ) Шауғарға үлкек
өскермен жорық жасады. Дерекгерге қарағанда осы жорық кезінде
Шауғар өңіріңце мыңцаған түркілер қаза тапты.
Араб географы әл-Макдисидің сипаттауынша X ғасырдың аяғында: "Шауғар айналасында елді мекендері бар, қорғанмен қоршалған үлкен қала. Мешіті базар шетінде". Араб деректері бұл қаланы Шауғар десе, түркі деректері Қарашық деген. "Оғыз қаған" дастанында Салар Қазанды "Қарашықтың қабланы" деп жырласа, қазақ жыр-дастандарында, аңыз-әфсаналарында "Қырық қақпалы Қарашық" деп атайды. Бұл түркі халықтарының тарихи тағдырында Қарашық орнының қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.
X ғ. аяғы - XI ғ. басында Шауғар-Қарашық қарахандықтарға
қарады. XII ғасырдан бастап ортағасырлық жазба деректерде Шауғар
атауы кездеспейді де, тек Қарашық атауы қалады.
XII ғасырда түркі халықтарының пірі, шайқы Қожа Ахметтің Қарашыққа жақын жерде орналасқан Иасы елді мекеніне орнығуы, осы қалашықтың дәрежесін өсіріп, оның бірте-бірте осы өңірдің діни, экономикалық, саяси орталығына айналуына септігін тигізді.
Иасыда Қожа Ахмет қылуеті, мешіті бой көтерді. Қожа Ахмет дүние салған соң XIІг. оның қабірі үстінен сәулетті кесене тұрғызылады. Кесененің сыртқы беті оюлы қыштармең әрленген . Көп уақыт өтпей-ақ Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің айналасына атақты адамдарды жерлеу дәстүрі қалыптасып, басқа да діни құрылыстар бой көтерді. Бұған осында табылған XII-XIV ғасырларға тән сырсыз және шыңылтырланған терракоталар куә бола алады. Олардың кейбіреулерінің теріс жағыңда сирек кездесетін құрылыс жазулары бар. Жарияланып отырған терракоталар 90-шы жылдардың басында Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің төбесін жөндеу жұмыстары кезінде археолог А. Мырзабаев тапқан.
XIII ғасырдың басында-ақ Иасыда күміс теңге соғылды. 1255 жылы армян патшасы Гетумның моңғол хаңдары Бату мен Мөңке қабылдауына барған жолсапары жөніндегі жазбасында Сауран мен Отырар арасында Харчух, Асон, Саври атты үш елді мекен аталады. Бұл жердегі Харчух - Қарашық қаласы, Асон - Иасы, Саври - Сүйірі.
Бұл елді мекендер атауы Қожа Ахмет Иасауиге қатысты аңыздарда айтылады. Хафиз Таныш "Шараф-наме-и шахи" кітабында Абдаллах ханның Түркістанға жасаған жорығын суреттегенде Сүйірі туралы айтып кетеді. Әскердің Халадж-Қарасманнан (қазіргі Арыс бойындағы Қараспан төбе) шығып, жолда Сүйіріге келгенін ескерсек, бұл мекен Түркістанның оңгүстігінде болған болу керек. Түркістан қаласының. XX ғасыр басында жасалған картасында қаланың оңтүстік шетінде Сүйірі каналы көрсетілген. Сондықтан біз Сүйіріні қазіргі Сор-төбемен байланыстыруға негіз жоқ деп санаймыз. Қожа Ахмет Иасауи туралы бір аңызда оның баласын Сүйірі тұрғындары егістік суына талас кезінде өлтіргені айтылады. Осыған қарағанда Иасы мен Сүйірінің суландыру жүйесі ортақ болған деуге болады.
Иасы қаласы өмір Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы соғыстар барысында аталады. Екі жақта Сырдың орта ағысындаіы қалаларды жүргізеді. 1388 жылы Тоқтамыс Сауран қаласын басын ала алмаған соң, Иасыны тонағаны жөнінде хабар бар.
1397 жылы Темір Иасыдағы Ахмет Иасауи қабіріне зиярат етуге барады. Темірдің осы сапарын жазған Шараф ад-дин Иезди Иасыны шағын елді мекен деп атайды. Осыған қарағанда Иасының әлі қорған-қамалы болмаған сияқты.
Ең алдымен "XV-XVI ғасырлардағы Йасы -Туркістан тарихын танып білу үшін қала атының өзгеру себебтерін қарастыру қажет деп білеміз. XVII ғасырдың белгілі тарихшысы Махмуд ибн Уәлидің "Бахр ал-асрар фи манахиб ал-ахиар" атты еңбсгінде мынадай аса қызық мәлімет жазылғанды: "Қазіргі Түркістан - бұл Сақси қаласы, қара халық оны Иасы деп атайды". Қала есімінің өзгеру себебтеріне қатысты алғаш жорамал айтқан академик В. В. Бартольд болды. Шығыстанушы "Ислам энциклопедиясында" жарияланған "Түркістан" атты мақаласында түркі елінің пірі Қожа Ахмет Иасауидің бір атағы Әзіреті Түркістан болғандықтан қаланың жаңа аты осыдан туыңдаған болса керек деген пікір айтқан /12/. Ортағасырлық қала мәдениетін зерттеген археологтар Е. И. Агеева мен Г. И. Пацевич жазба дерекгерді таңдай келе, қаланы Иасы орнына Түркістан деп атау XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап кездесетініне анықтаған. Зерттеушілердің пікірінше, қала атының өзгеруі, бұл аймақтың қазақтарға өтуіне байланысты болған /13/. Ал Е. А. Смагүловтың пікірінше, "Шейбани хан жорықтарынан Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға келген туркі экспансиясының кезекті толқыны түркі әулиесінің тұлғасы мен Иасыдағы оның кесенесін әдеттен тыс танымал ету нәтижесінде, қаланың байырғы есімі жаңа атпен ауысты" /14/.
Түркістаи археологиясына арналған кітапта XVI ғасырдың аяғында Түркістан қаласының қазақ билеушілеріне түбегейлі өтуін әңгіме еткен Е. А. Смагүлов пен Ф. П. Григорьев "осы кезден Иасы қаласының аты мен дәрежесі өзгерді. Ол Түркістан деп атала бастады» деп көрсетеді /15/.
Алайда, жоғарыда келтірілген тұжырымдардың барлығының дәлелдері жеткілікті, уәждері орынды деп айта алмаймыз. Мысалы, Иасы қаласының атының өзгеруі Қожа Ахметгің танымалдылығына байланысты болды деу негізсіз. Әулие ныспысы "Иасауи" болуы қаланың ескі атынан туындағаны мәлім. Иасауы Қожа Ахметпен бірге аталады, оның толық есімінің ажырамас бөлігі. Тарихи, діни шығармаларда шайқының есімі осы үлгіде жазылған. Айталық, Қожа Ахмет Иасауидің шәкірті Сүлеймен Бақырғанидың өлеңдерінде әулеинің төл аты ныспысымен бірге жазылады /16/.
Қала атының өзгеруі Е. Смагүлов аитқандай "Оңтүстік Қазақстанға келген түркі экспансиясының кезекгі толқынымен байланысты болды" деуге біздің пікірімізше негіз жок. . Сырдарияның орта ағысының аймағы, шайбанилер келмей-ақ немесе бұл аймақтың Қазақ хандығы құрамъша түбегейлі өтпей тұрған кезде де, . Түрқістан деп аталғаны белгілі.
Жазба деректерде Иасы қаласының жаңа аты -Түркістан XVI ғасырдың 70-80-ші жылдардағы оқиғаларымен байланысты атадады. Мысалы, Абдаллах хан жорықтарын сипаттай келе, Хафиз Таныш "Шараф-наме-и шахи" атты еңбегідде Иасыны бірде "Иасы қамалы", бірде "Түркістан қамалы" деп атайды. Қаланың жаңа есімі тарихи жазбаларға бірден түспеген болу керек. Сондықтан қала атының өзгеруін Иасының қазактарға, болмаса шейбанилерге өткеніне байланыстыруға негіз жоқ.
Иасы қаласының атының өзгеруі, біздің пікірімізше, ең алдымен қала дәрежесінің өзгеруімен байланысты. Сондықтан біз Иасы қаласы қашан және қандай жағдайда Түркістан билеушілерінің астанасына айналғанын қарастырумыз қажет.
XIV ғ. екінші жартысында Сырдарияиың орта аймағы Ақ Орда құрамында еді. "Шыңғыс-намеде" Орыс хан "ұлы хан болды, Түркістанның уәлаяттарын басқарды", - деп жазады Өтеміс қажы. Ақ Орда билеушілері әдетте Сығнақта, кейде Сауранда орналасқан болатын. Ал Иасы XIV ғасырдың аяғында шағын қалашық болған. XIV ғасырдың соңы ширегінде Темір Сырдария бойындағы бір топ жерлерді өзіне қаратты. Оның әкімдері Отырарда отырған.
Отырар қаласының орталығындағы археологиялық қазбалар және оларды жазба деректер мен жергілікті аңыздармен сәйкестендіру нәтижелері әкім сарайы орналасқан орынды анықтауға мүмкіндік берді. XV ғ. басындағы Түркістан әкімінің аты-жөні де белгілі болып отыр. Уәйіс ханның Түркістан уәлаятына баруын әңгімелей отырып Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати: "Бұл кезде Темірдің ең әйгілі қолбасшылары қатарында болған әмір Сары Бұға Қыпшақидың ұлы әмір Шайх Нұраддин Түркістан билеушісі еді" /17/ - деп жазады. Бабыр оны "Темір бектің рақымы түскен, Түркістан өлкесінің қыпшақ бегі" деп атайды.
Әмір Шайх Нұраддиннің темірлігтерге қарсы шыққканы да белгілі. 1411 жылы Ұлықбек әскерлері әмір Шайх Нұраддинге қарсы жорық ұйымдастырғаны баршамызға мәлім. Археологтар дәл осы уақытқа сәйкес келетін Отырарда бүкілкалалық өрт болғанын анықтады /18/. Осы мезгілде Отырардың орталығы және билеушілер тұратын қамалы талқандалды деуге негіз бар. Жазба деректер бойынша 1455 жылы Отырарда темірліктерге қарсы жаңа көтеріліс болған. Оны Әбу Саидтың өзі басты. Қазба барысында осы мезгілге сәйкес келетін бүкілқалалық өрт іздерін осы жорықпен байланысты деп есептейміз. Бұдан кейін Отырарда теңге мүлдем шығарылмайтын болды. Ең соңғы Отырарда соғылған теңге 1415-16 жылдарға жатады. Мұның барлығы Отырар енді Түркістан уәлаятының орталығы болудан қалды дегенді білдіреді.
Дәл осы уақытта, XV ғасырда Иасыда арк-қамал тұрғызылды. Иасыда теңге соғу басталады. Иасының аты жазылған XV ғ. Аяғы - XVI ғ. басына жататын мыс теңгелерді Б. Д. Кочнев жария етті. Шәдидің "Фатх-намесі" мен Бинаидың "Шейбани-намесіндегі" мәліметтерге сүйенсек, темірлік Сұлтан Ахметтің әкімінің ордасы Иасыда болды. XVI ғ. басыңда Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханидід көрсетуінше әулиенің кесенесі орналасқан Иасы қаласы - кең және құнарлы жер, Түркістан уәлаятының астанасы. Осыған байланысты, Иасы астаналық дәрежеге XV ғасырдың екінші жартысыңда ие болды деуге негіз бар. Иасының жаңа астаналық дәрежесі оның осы аймақтың экономикалық, сауда орталығына айналуына себебкер болды. Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханидің айтуъшша: "Иасы қаласына тауарлар мен асыл бұйымдар әкелінеді. Және онда сауда жасалады. Ол саудагерлер жүктерін түсіретін және түрлі елдерге саяхатшылар аттанатын орын".
Сырдарияның орта ағысындағы қалалардың XV ғ. бастап құлдырауы жүріп жатқан кезде Иасының Түркістан аймағының саяси, әкімшілік және шаруашылық орталығы ретінде дәрежесі өсті. Енді Иасыны иеленуге жасалған әрекет - күллі Түркісған аймағын иеленуге бағыгталған әрекет болын табылды. Түркістан атауы астаиа атауымен пара-пар бола бастады. Осыдан барып қаланың екінші аты пайда болып, бірде Иасы, бірде Түркістан деген атаулар қатар жүрді, кейіннен Иасы орнына Түркістан атауы түпкілікгі еніп кетті.
Яғни, Иасының Түркістан уәлаятының астанасы болуына, осының арқасында Түркістан аталуына ең алдымен осы аймақтың бұрынғы астанасы Отырарды 1411 мен 1455 жылдары темірлікгер әскерінің талқандауы себеп болды. Отырардағы Түркістан әкщцерінің резиденциясы - Бердібек сарайы талқандадды. Отырар төңірегіндегі мекен-жайлар, шеберханалар барлығы қаңырап, бос, иесіз қалды. Иасьгны астана етіп, әкімдер орныққан соң, Түркістан өщрінің халқы, оның ішінде отырарлықтар да жаңа астанаға көшіп, қоныстана бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz