Іс құжаттары қарым қатынас жасаудың кепілі



Жоспар

Кіріспе

1. Іс құжаттар

2. Іс құжаттары қарым қатынас жасаудың кепілі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Құжаттау дегеніміз кез-келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау және толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.
Республика мемлекеттік органдар іс қағазын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл үлкен істің өзінен-өзі жолға түспейтіні әбден белгілі. Одан шығудың жолы - орыс тіліндегі нұсқаларды негізге ала отырып, ана тіліміздің заңдылықтарын сақтап, ұлттық іс-қағаздарымызды жүргізуді қалыптастыру.
Кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды басқару – мәліметтерді қабылдап алу және өңдеу, шешім қабылдап оны орындау сияқты белгілі бір дәрежедегі ақпараттық процесс болып табылады.
Дұрыс шешім қабылдау үшін толық түрдегі жедел және ақиқат мәліметтер керек болады. Құжат ақпараттың осы талабына жауап беруі тиіс. Дегенмен хабардың толықтығы оның көлемімен ғана емес, сонымен бірге оның мәнді де басты мәселелерін көрсетумен бағаланады. Яғни, ақпаратың көптігі оны өңдеуді талап етеді, оның маңызды, жедел орындауды қажет ететін жақтарын айқындап, оны қабылдап – түсінуге ыңғайлы күйге түсіруді керек етеді. Осы жұмыстың бәрін құжатты толтырушы атқаруы тиіс.
Құжаттың сапасы оның толықтығы, оралымдылығы, анықтылығымен ғана емес, сондай-ақ оның ықшамдылығымен, көрнетілігімен және қолайлығымен айқындалады.
Сондықтан құжаттар тікелей қатынас жасаумен тиімді ұштастырыла жүргізілсе, техникалық жағынан жақсы жабдықталып, нақты мақсаттарға жұмсалса, онда олар іс-әрекеттің табысты болуына жағдай жасайды. Іс жүргізу құжаттары сонымен қатар хабар мәліметтің қайнар көзі және таратушысы, заң арқылы қорғалатын істі белгілеудің тәсілі де болып табылады.
Басқарудың құралы ретінде құжаттар жоспарлауда, қаржыландыруда, несие беруде, бухгалтерлік есептеу мен есеп беруде, оперативті басқаруда, ұйымның қызметін кадрлық жағынан қамтамасыз етуде т. б. қолданылады.
Құжаттарда мемлекеттік құрылым белгіленеді, олар мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар және азаматтар арасындағы, заңды және жеке тұлғалар арсындағы қатынастар үшін қызмет етеді. Материалданған ( құжат түріндегі ) заңды күші бар мәліметтер төрелік сотта бизнес бойынша әріптестерімен шаруашылық дауларын немесе халықтық сотта еңбек тартыстарын шешуде қандай бір фактінің негізгі дәлелі ретінде қызмет етеді.
Кәсіпорындардың, ұйымның, мекеменің құжаттары белгілі бір мәдени – тарихи құндылыққа ие, мемлекеттің архив қорының бөлігі болып табылады. , сондықтан олар мемлекеттік архивтерге тапсырылуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер

1.Ресми қарым-қатынас және іс-қағаздарын жүргізу. А. Жапбаров,
Г.Ө. Танабаева, Т.Қ Сариева. Шымкент 2001.

2.Іс-қағаздарын жүргізу. В.Салагаев, Б.Шалабай Алматы 2002.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Іс құжаттар

2. Іс құжаттары қарым қатынас жасаудың кепілі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Құжаттау дегеніміз кез-келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін
құжаттарды жасау және толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме
ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу,
ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау,
архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.
Республика мемлекеттік органдар іс қағазын мемлекеттік тілде жүргізуге
бет бұрды. Бұл үлкен істің өзінен-өзі жолға түспейтіні әбден белгілі. Одан
шығудың жолы - орыс тіліндегі нұсқаларды негізге ала отырып, ана тіліміздің
заңдылықтарын сақтап, ұлттық іс-қағаздарымызды жүргізуді қалыптастыру.
Кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды басқару – мәліметтерді қабылдап
алу және өңдеу, шешім қабылдап оны орындау сияқты белгілі бір дәрежедегі
ақпараттық процесс болып табылады.
Дұрыс шешім қабылдау үшін толық түрдегі жедел және ақиқат мәліметтер
керек болады. Құжат ақпараттың осы талабына жауап беруі тиіс. Дегенмен
хабардың толықтығы оның көлемімен ғана емес, сонымен бірге оның мәнді де
басты мәселелерін көрсетумен бағаланады. Яғни, ақпаратың көптігі оны
өңдеуді талап етеді, оның маңызды, жедел орындауды қажет ететін жақтарын
айқындап, оны қабылдап – түсінуге ыңғайлы күйге түсіруді керек етеді. Осы
жұмыстың бәрін құжатты толтырушы атқаруы тиіс.
Құжаттың сапасы оның толықтығы, оралымдылығы, анықтылығымен ғана емес,
сондай-ақ оның ықшамдылығымен, көрнетілігімен және қолайлығымен
айқындалады.
Сондықтан құжаттар тікелей қатынас жасаумен тиімді ұштастырыла
жүргізілсе, техникалық жағынан жақсы жабдықталып, нақты мақсаттарға
жұмсалса, онда олар іс-әрекеттің табысты болуына жағдай жасайды. Іс жүргізу
құжаттары сонымен қатар хабар мәліметтің қайнар көзі және таратушысы, заң
арқылы қорғалатын істі белгілеудің тәсілі де болып табылады.
Басқарудың құралы ретінде құжаттар жоспарлауда, қаржыландыруда, несие
беруде, бухгалтерлік есептеу мен есеп беруде, оперативті басқаруда, ұйымның
қызметін кадрлық жағынан қамтамасыз етуде т. б. қолданылады.
Құжаттарда мемлекеттік құрылым белгіленеді, олар мекемелер, ұйымдар,
кәсіпорындар және азаматтар арасындағы, заңды және жеке тұлғалар арсындағы
қатынастар үшін қызмет етеді. Материалданған ( құжат түріндегі ) заңды күші
бар мәліметтер төрелік сотта бизнес бойынша әріптестерімен шаруашылық
дауларын немесе халықтық сотта еңбек тартыстарын шешуде қандай бір фактінің
негізгі дәлелі ретінде қызмет етеді.
Кәсіпорындардың, ұйымның, мекеменің құжаттары белгілі бір мәдени –
тарихи құндылыққа ие, мемлекеттің архив қорының бөлігі болып табылады. ,
сондықтан олар мемлекеттік архивтерге тапсырылуы тиіс.

Іс құжаттар

Күнделікті өмірге қажеттілік туған жағдайда әкімшілікке, сотқа,
нотариусқа, пошта бөліміне, банкке, тағы да басқа қызмет көрсету орындарына
қайсысымыздың болмасын ісіміз түсуі мүмкін. Ресми құрылымдар мен ондағы
лауазымды адамдарға біздің көзқарасымыз да әр түрлі болады: оларға
құрметпен, күдікпен немесе сақтана қарауымыз мүмкін. Соған орай ауызекі
тілдесуде әр қалай қатынас орнап жатады. Алайда мәселені дұрыс шешу үшін,
қызмет әдебін сақтап, жазбаша түрде қалыптасқан қатынасқа жүгінгеніміз жөн.

Егер, мысалы, ресми о рганнан бір нәрсе жөнінде сұрайтын болсақ, арыз
жазамыз. Басқа адамның бір нәрсені істеуіне тапсырыс беретін болсақ,
сенімхат жазамыз.
Басқаша айтқанда, алдымен құқықтық және этикалық жағынан жағдайда сәйкес
келетін белгілі бір құжат түрін таңдаймыз. Одан кейін құжатты қарай толтыру
керектігін, яғни, оның қандай деректерден (мағыналық бөліктерден) тұратыны,
ойды қандай реттілікте, қандай сөздермен беру керектігін ойланамыз. Бір
сөзбен айтқанда, құжат толтырудың үлгісін жақсы білуіміз қажет.
Қызметтік қарым-қатынастағы сияқты, жеке адамның ұйымдармен қарым-
қатынасында да (немесе керісінше) құжат жанрларының белгілі бір түрлері
бар. Оларды жеке құжаттар деп атау қалыптасқан. Жеке деп аталатын себебі-
олар жеке адамның атынан жазылып, жеке адамға арналады, немесе соған
тиесілі болып келеді.
Азаматтардың заңды тұлғаларға көбірек жазатын құжат түрлері:негізінен
арыз, сенімхат, қолхат, тапсырма хат болып келеді. Әр түрлі ресми шешілетін
жағдайларға сәйкес олардың түрліше формалары мүмкін.
Бұл жағдайда құжаттағы баяндау стилі оның жанрлық және тілдік
ерекшеліктеріне сәйкес болады. Жанрлық стиль құжаттың тізбелер құрамын,
олардың орналасу ретін, мәтіннің жалпы мағыналық құрылымын, сақтауды талап
етсе, тілдік норма сөз қолданудағы дұрыстықты (әдеби нормаға сәйкес
келуін), қисындылықты, анықтықты, қысқалықты, қарапайымдылықты, сөздің
эмоцияға құрылмауын т. б. талап етеді.
Кез келген құжаттың біз шынайылықты ( ол басқа құжаттарға сілтеме жасау
арқылы дәлелденеді) және онда берілетін мәліметтер толықтығын талап етеміз.
Бұл жерде толықтық аз сөздің көп мағына сыйғыза алу қабілетін жоққа
шығармайды. Сөйтіп, жеке құжат түрінің құрылу тәртібі мынадай болып келеді:
жағдайды бағалау - құжат жанрын (түрін) таңдау- мазмұны және оның дұрыс
орналасуын қадағалау – ресми іс-қағаз стилі нормасына сәйкес жазу.
Іскерлік хаттар осы кезде дейін байланыстың ең көп тараған түрі болып
келді. Телекс, телефон, компьютерлік байланыс өте тез, жылдам іске асады,
бірақ хаттың да өз артықшылықтары бар.
Оның сыртқы түрі кәсіпорының, мекеме, ұйымның өзіндік бет-бейнесін
береді, сондықтан оны безендіру ұсақ-түйегіне дейін ойластырылып жасалады.
Ішкі, тысқы ақпараттық-анықтамалық қатынас хаттар басқару құжаттары
көлемінің 80 % құрайды.
Әрбір қызметкер, мейлі ол қатардағы, не жоғары лауазым иесі болсын,
мемлекеттік не мемлекеттік емес болсын құжаттарды – хат, арыз, сенімхат т.
б. жазылу, толтыру үлгісін білуі қажет.
ҚР ІІМ Академиясының іс жүргізу заңға сәйкес жүргізіледі. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдары жүйесінде, ақпараттық-анықтамалы
құжаттарды техикалық және қаржылық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және
орыс тілінде қамтамасыз етіледі.
Департаменттегі актілерінің тілі де заңға сәйкес. Актілер мемлекеттік
тілде әзірленіп, қабылданады , қажет болған жағдайда, мүмкіндігінше, басқа
тілдерге аударылуы қамтамасыз етіле отырып, оларды әзірлеу орыс тілінде
жүргізілуі мүмкін.
ҚР ІІМ Академиясының ақпараттық- анықтамалық құжаттарына ақпаратты
байланыс жүйесі арқылы жеткізілетін хаттардың әр түрі жеделхат,
телефонограмма, актілері, анықтама, баяндау хат, түсініктеме хат, өтініш т.
б. жатады. ҚР ІІМ Академисының ұйымдастыру жұмыстары бөлімі жүзеге
асырады, ҚР ІІМ Академиясы келіп түскен құжаттарды, корреспонденцияларды
тіркеу мен жеткізу және басшының тапсырмаларын орындалуын бақылауды
жүргізеді.
Бақылауға алынған құжаттарды уақтылы және сапалы орындау департамент
бастығының орынбасарларына, басқарма, бөлім бастықтарына және тікелей
орындаушыға жүктеледі.
ҚР ІІМ Академиясының ұйымдастыру жұмыстары бөлімі өз құзыры шегінде ic-
құжаттарды жүргізу, басшының тапсырмасы мен бақылауға алынған құжаттардың
орындалу тәртібі мен мерзімін белгіленген нұсқаулыққа сәйкес бақылайды,
сонымен қатар түскен құжаттардың сапасын және сипаттамасын талдап,
департаменттегі құжатпен қамтамасыз ету, құжат айналымын қысқарту,
оңтайландыру бойынша шараларды қабылдайды.
ҚР ІІМ Академиясының келіп түскен барлық корреспонденциялар күнделікті
департамент бастығының қабылдау бөлмесінің іс жүргізушісі қабылдап, кіріс
корреспонденцияларды тіркеу кітабына тіркеуге алады, ал тескішпен тігілген,
шимай парақтарда және мемлекетік органдар бланклерінің көшірмелерінде
орындалған құжаттар қабылдауға жатпайды.
Таратылуы шектелген құжаттарды, істердің басылымдарды, ұйымдастыру
жұмыстары бөлімі қабылдап, таратылуы шектелген құжаттарды, істерді,
басылымдарды тіркеу кітабына тіркеуге алады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктерде несиелік процесті ұйымдастыру («Қазақстан Халық Банкі» АҚ тәжірибесінен)
Қарыз алушының анкетасы
Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Банктің несиелік саясаты және несиелік механизм
Нарық жағдайларына сай коммерциялық банктердің клиенттермен арадағы қарым-қатынасының нығаюына ықпал ететін оңтайлы несиелік саясат қалыптастыру және оны іске асырудың теориялық және әдістемелік аппаратын жасау
Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру және оның ерекшеліктері
Жеке құрам бойынша негізгі құжаттардың ережелері, нұсқаулықтары
Ресми және жай сөздерді орыс тілінен қазақ тіліне аударма және қазақ тілінен орыс тіліне аударуда кездесетін стильдер
Коммерциялық банктердегі несиелік процесс және оның негізгі кезеңдері
Екінші деңгейдегі банктер жайлы
Пәндер