Белинский төңкерісшіл демократтардың көш бастаушысы


ХІХ ғасырдың ортасында Ресейде азаттық үшін қозғалыстың буржуазиялық - демократиялық кезеңі басталды. 1861 жылы басыбайлық құқықтың жойылуына байланысты бұл қозғалыстың буыны бекіп, қанатын кең жая бастайды да, оның басына орыс қоғамының зиялылары келеді. Бұл кезеңде Ресейде кпаиталистік қоғамдық қатынастар қалыптасып, дами бастаған болатын. Осы кезде орыс мәдениеті, қоғамдық ой мен философия жаңа бағытқа бет алғанды. Бұл құбылыстың тарихи шығу тегі - Ресейдегі алпуаыттық қоғамының дағдарысқа ұшырауы және шаруалардың өз билеушілеріне қарсы бас көтеріп, әлеуметтік - қоғамдық өмірдегі қайшылықтардың тым шиеленісіп кетуінде еді. Бұл дағдарыстың себебі Ресейдегі капиталистік қатынастардың дами бастауы еді. Мысалы, 1825 - 1860 жылдары Ресейдің өндірістік кәсіпорындарындағы жұмысшылардың саны 2, 5 есе өсті, ал жалпы өндірістегі жұмысшылардың үлес салмағы 54 проценттен 87 процентке дейін өсті. Әйткенмен де басыбайлық құқық капиталистік қоғамдық қатынастардың өркен жаюына кедергі болды, орасан зор жұмыс күшін еңбек өнімділігі тым төмен алпауыттық шаруашылықтарда шідірлеп ұстады, ішкі рынокты ашуға мүкіндік бермеді, себебі шаруалар тұйықталған натуралыд шаруашылықпен айналысатын еді. Өндірістің нашар дамуы Ресейдің орыс - қырым соғысында (1853 - 1856) жеңіліске ұшырауына себеп болды. Бұл кезеңдерде шаруаларды қанау ісі адам төзгісіз сипатта болды да, шаруалардың заңды ашу - ызасын туғызды. Мысалы, 1855 - 1861 жылдар аралығында ғана 476 шаруалар толқулары орын алды. Бұл кезде Польшада, Финляндияда, Кавказда, ұлт - азаттық көтерілістер бұрқ ете түсті. Қазақстанда Ресей патшалығына қарсы Исатай - Махамбет, Кенесары - Наурызбай бастаған ұлт - азаттық сипатта, қарулы көтерілістер орын алды. Олардың бәрі зеңбіректің, мылтықтың күшімен асқан қатігездікпен аяусыз жанышталып, қанға тұншықтырылды, аман қалғандары үй ішімен қоса жазаланып, шаңырақтары шайқалып, мал - мүлікі талан таражға ұшырады, «көтеріліске қатысы болған» деген дерексіз күдіктің өзі - ақ тұтас ауылдарды қан қақсатып, өртеп жіберуге сылтау бола алғанды. Европаның жандармы атанған Ресей самодержавиесі от - қаруы жоқ еркіндікті аңсаған бодан елге қанды шеңгелін осылай салғанды.
Сонымен қатар, Ресейдің өз ішіндегі капиталистік өндіріс орындарындағы, мануфактуралардағы жұмысшылардың және студенттердің де қозғалысы барынша күшейе түскенді. Сөйтіп Ресейде 1850 жылдардың аяғында революциялық ситуация қалыптасты. Халық наразылығының дүмпуінен қатты қорыққан патша 1861 жылғы ақпан айында басыбайлық құқықтың жойылғаны туралы жарлық шығарды. Алайда ол еңбекші халыққа ешқандай жеңілдік әкелмеді және де бұл кезде патшалық дара билеушілікті құлатып, буржуазиялық - демократиялық тәртіп орната алатын күш шын мәнісінде жоқтың қасы еді.
Міне, осындай тарихи, әлеуметтік саяси жағдайлар аясында орыстың төңкерісшіл демократтарының философиялық көзқарастары қалыптасты. Олар негізінен батысшыл бағыттағы ойшылдар болатын.
В. Г. Белинский (1811 - 1848) зиялылар ортасынна шыққан уездік дәрігердің ұлы еді. Ол жастайынан халықтың ауыр тұрмысын көріп өсті және оның себебін басыбайлықтан іздеді. 1829 жылы ол Мәскеу университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, оның алғашқы курстарында - ақ айналасына алдыңғы қатарлы озық ойлы студенттерді жинап алғанды. Университетті үздіксіз бітірген соң, 1833 жылы ол Станкевичтің үйірмесіне қатысады. Алғашқы кезде әртүрлі баспаларда шағын сыни мақалалар жарық көрді. Кейінен, 1839 - 1846 жылдар аралығында «Отандық жазбалардың» жетекші сыншысы болып істеді де, 1846 жылдан бастап өмірінің аяғына дейін «Замандастар» да қызмет атқарды. Отызыншы жылдардағы Белинскийдің әлеуметтік - саяси, философиялық көзқарастары ағартушылық сипатта болды. Бұл кезде ол идеализмнің ықпалында болды да, қоғамдық дамудығ себебін «әлемдік ақыл - ойдың» заңдарынан іздеді. Бұл орайда оған Гегель философиясының ықпал жасағанын байқаймыз. Алайда, 1840 жылдың өзінде - ақ Белинский идеализммен біржола қоштасады да, материалистік бағытқа көше бастайды. 40 - жылдары Белинскийдің шығармашылық табыстары күрт өсті. Оның қоғамдық - саяси және әдеби қызметінің қорытындысы ретінде бағаланатын «Гогольге хаты» 1847 жылдың шілде айында жазылған еді,
Онда Белинский Гогольді аяусыз сынау үстінде Ресейдегі басыбайлық тәртіпті аймандай қылып, әшкерлейді де, демократиялық қайта құрудың бағдарламасын тұжырымдайды және орыс әдебиетінің халықты азат ету үшін аянбай қызмет етуі мәселесін ұлы міндет етіп қояды. Өз шығармаларында Белинский алпауыттық Ресейдің негізгі үш тірегіне қатты шүйлікті. Олар басыбайлық, самодержавие және шіркеу еді. ХІХ ғасырдың қырқыншы жылдары Белинскийдің жаңа философиялық көзқарастары қалыптасты. Ол Фихте философиясындаға сананың белсенділігін құптай отырып, субъективизмін сынады. Жас гегельшілердің «солшыл» қанатына философияны қоғамдық өмірдің мәселелерін шешуге қолдануға тырысқандығы үшін ризашылықпен қарады. О. Конттың дінге қарсы бағытталған идеяларын мақұлдағанымен, оны жаңа философияның негізін қалаушы деп, сірә есептемеді.
Ол Маркстің «Неміс - француз жылтізбегінде» жарияланған мақалалармен танысқанды, бұл жағдай Белинскийдің атеистік көзқарастарын нығайтуға әсер етті. Жаңа, шыл ойлау тәсіліне жан - жақтылық, барлық байланыстар мен қатынастар ескеріп, оқиғаларды тарихи тұрғыдан қарастыру тән болуға тиіс, Гиосеологияда Белинский агностицизм мен кертартпалыққа қарсы шықты да, ақиқаттың тарихи сипатын, сезімдік таным мен ақыл - ойдың ажырамас бірлігін уағыздады. Жеке адам мен қоғамның ара байланысын таразылай отырып, Белинский адамды өз дәуірінің перзенті деп тапты, тарихтың тәжірибелік - тәлімдік мәнін асыра бағалады,
Қоғамдық өмірді түсінуде Белинский идеалистік бағыттың ықпалынан шыға лаған жоқ. Атап айтқанда, тарихи дамудың қайнар көзін ол ақыл ойдың көркеюінен іздеді. Осы тұрғыдан ол халық бұқарасының тарихтағы рөлін айқындап бере алмады. Аладйа, бұл орайда сонымен қатар көптеген бағалы пікірлер де айтқан болатын. Мысалы, тарихи прогрестің шексіздігі, күні өткен қоғамдық құрылыстардың заңсыздығы, ұлттық және жалпы адамзаттық мақсат - мүдделерінің бірлігі туралы айтқан ойлары күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ол славяншыларды тар өрісітілігі үшін сынады, айталық олардың орыс ұлтын Батыс Европа елдеріне қарсы қоюға тырысуын Белинский тарихқа қарсы бағыттал, ан келеңсіз әрекет деп айыптаған еді. Ол капиталистік қоғамды демократиялық тұрғыдан сынады, ал социалистік қоғамды адамзаттың шынайы армандарына сай келетін, қанау мен теңсіздік сияқты жексұрын құбылыстардың тамырна балта шабатын әділетті құрылыс ретінде қарастырады. Мұндай қоғамға өту ісі қантөгіссіз жүзеге аспайтынын ол жақсы білді, бірақ та нақтылы қалай, қандай жолмен, кімдердің арқасында жүзеге асырылатынын пайымдай алмады.
Белинский - эстетика ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосқан ғұлама. Ол Гегель сияқты көркемөнерді логикадан кем санамады. Керсінше, көркемөнердің өмірімен тығыз байланысын, олардың бір - біріне нәр беретінін, сөйтіп қиындықты көркемдік образ арқылы бейнелеудің арқасында халыққа қызмет ету керектігін тұжырымдаған еді. Көркемөнердің халықтық сиаптын Белинский мынада көреді: 1) көркемөнер халықтың мақсат - мүддесін, арман - ойын шынайы бейнелей алуы керек; 2) халықтың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін көркемдей алуы тиіс; 3) халықтың шығармашылық рухының негізінде дамуы тиіс. Міне, көркемөнерге қойылған бұл талаптар орыс әдебиетіндегі сыни - шынайылық бағытты нығайтуға күшті ықпал жасаған еді.
Белинский төңкерісшіл демократтардың көш бастаушысы, аға буындарының қатарына жатады. Орыс халқының азаттық үшін күресінде оның алатын орны ерекше. Белинскийдің философиялық ойлары, өршіл, өткір мақалалары, ескі дүниені жаңа мазмұнда қайта құру ісіне шақыруы кейінгі ізбасарлар үшін ойтүрткі, демократиялық ақыл - ойдың өркендеуіне өзек бола алады.
Ресейдегі азаттық қозғалыстың көрнекті қайраткері Александр иванович герцен (1812 - 1870) ХІХ ғасырдың материалистік философияға өз үлесін қосқан ойшыл, революционер - жазушы, публист. Ол алпауыт И. А: Яковлевтің некесіз туған баласы болатын. Ақсүйектік тәрбие алған герцен жастайынан Радищевтің, декабристердің, Пушкиннің еркіндікке баулитын идеяларын бойына сіңірген еді. Философия саласында ХҮІІІ ғасырлық француз материализмінен, Гегель диалектикасынан және Фейербахтың материализімінен тағылым алғанды. Мәскеу университетінің физика - математика бөлімінде оқып жүрген кезінде (1829 - 1933) үйірме ашып ХҮІІІ ғасырлық қоғамдық - саяси ілімдерді және қияли социалистердің дүниетанымын зерттеумен шұғылдады. Қырқыншы жылдардың ортасында Герцен төңкерісшіл демократ ретінде қалыптасады. 1847 жылы саяси эмигрант ретінде Герцен шетелге кетеді де, Франциядағы 1848 жылғы революцияның және оның жеңіліске ұшырағанының куәсі болды. Герцен бұған қатты қамығып, біршама уақыт енжар күйге түсті. Ол 1849 жылы Женеваға көшіп келіп, Прудонның шығаратын «Халқы дауысы» газетінде қызмет етті. 1852 жылы Лондонға ауысып, 1853 жылы Ерікті орыс баспаханасын ашты. 1855 жылдан бастап «Темірқазаық» «Полярная звезда», ал 1857 - 1867 жылдар аралығында Огарев екеуі алғашқы орыстың төңкерісшіл үн жариясы «Қоңырауды» шығаруды ұйымдастырды. Алғашқы кезеңде «Қоңырауда» жалпы демократиялық бағыттағы мақалалар, үндеулер басылған болса, айталық, басыбайлықты жою, ұрып - соғу азаптауға тыйым салу, цензураны аластату т. б. сияқты, кейіннен революциялық сарынға бой ұрды, патшылық Ресейдің отарлау саясатын аяусыз әшкерледі. Атап айтқанда, Герцен қазақ даласындағы істелініп жатқан жүгенсіздіктерді, қамау - қанаудың сорақы да жексұрын түрлерінен әрі аса алмаған топаспатша чиновниктерінің іс - әрекеттерін батыл айыптады. 1863 - 1864 жылдардағы поляктардың көтерілісін жақтамағанымен, оның болашағына сенген жоқ еді, өйткені жеңіске жететініне күмәнданған болатын. Герценнің әдеби шығармаларынан басқа «Кім кінәлі» романы (1841 - 1846), «Доктор Крупов» атты повесі (1847) және «Өткендер мен ойлау» мемуарлары (1852 - 1868), философиялық тақырыптарға жазған еңбектері де баршылық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz