Кінәсіздік презумпциясы және алдын ала тергеудегі дәлелдеу міндеті


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 109 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

МАГИСТРАТУРА

Сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы

МАГИСТЕРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

КІНӘСІЗДІК ПРЕЗУМПЦИЯСЫ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ МІНДЕТІ

Орындаушы Абдықалықов Аркен « » маусым 2010 ж.

Ғылыми жетекші з. ғ. к., доцент

Нұралиева Ақмарал Сағиқызы « » маусым 2010 ж.

Қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі з. ғ. д., профессор

Алауханов Есберген Оразұлы « » маусым 2010 ж.

Алматы, 2010 ж.

МАЗМҰНЫ

Белгілеулер мен қысқартулар . . . 3

Диссертациядағы кейбір ұғымдардың түсіндірмесі . . . 4-5

Кіріспе . . . 6-16

1 Алдын ала тергеудегі конституциялық қағида ретіндегі кінәсіздік презумпциясының мәні мен маңызы

1. 1 Конституциялық қағида ретінде кінәсіздік презумпциясының мәні . . . 17-27

1. 2 Кінәсіздік презумпциясы алдын ала тергеудегі айыпталушының құқығы мен заңды мүддесін қамтамасыз етудің кепілі ретінде . . . 27-34

2 Алдын ала тергеудегі конституциялық қағида ретінде кінәсіздік презумпциясын дәлелдеу арқылы іске асыру

2. 1 Алдын ала тергеу органдарына жүктелген дәлелдеу міндеті кінәсіздік презумпциясының бірден-бір көрінісі ретінде . . . 35-41

2. 2 Алдын ала тергеудегі айыптау мен қорғаудың процессуалдық функциялары мен дәлелдеу міндеті . . . 41-57

2. 3 Алдын ала тергеудегі айтысушылықтың өркендеуі мен дәлелдеудегі тергеуші мен айыпталушының мүмкіндіктерінің нақты байланысы . . . 57-66

3 Алдын ала тергеудегі кінәсіздік презумпциясы принципінің жүзеге асырылуының өзге кепілдіктері

3. 1 Сот бақылауының кінәсіздік презумпциясы принципінің жүзеге асырылуының құралы ретінде маңызы . . . 67-76

3. 2 Алдын ала тергеу сатысындағы прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың өзекті мәселелері . . . 76-86

Қорытынды . . . . 87-91

Қолданылған әдебиет тізімі . . . 92-97

Қосымша . . .

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҚР Конституция - Қазақстан Республикасы Конституциясы

РФ - Ресей Федерациясы

ҚР ҚК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

ҚР ҚІЖК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі

БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы

ІІМ - Ішкі істер министрлігі

ІІО - Ішкі істер органдары

ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ЖІҚ - жедел-іздестіру қызметі

УҰИ - уақытша ұстау изоляторы

ҚазКСР - Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы

КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

ГФР - Германия Федеративтік Республикасы

РКФСР - Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы

КОКП - Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы

ОК - Орталық комитет

т. б. - тағы басқа

т. с. с. - тағы сол сияқты

КІРІСПЕ

Диссертацияның жалпы сипаттамасы. Диссертацияда кінәсіздік презумпциясы қылмыстық процестің маңызды қағидасы ретінде қарастырылып, қылмыстық процесте кінәсіздік презумпциясы принципін жүзеге асырудың құқықтық құралдары, яғни конституциялық және қылмыстық-процесуалдық кепілдіктері зерттелді. Бұл принципті қылмыстық іс жүргізу барысында қамтамасыз етудің ғылыми және тәжірибелік мәселелері қарастырылып, алдын ала тергеу кезінде кінәсіздік презумпциясы принципінің қылмыстық процестің міндеттерін тиімді орындауға үлкен әсер ететіндігі дәлелдеп көрсетілді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында», халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі мойындалады деп белгіленсе [1], Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасында ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген [2, б. 4] .

Ол туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» Стратегиясында: «Мемлекеттің басты бағыты - адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және оны қамтамасыз ету, сондықтан да адам мен азаматтардың конституцияда көрсетілген құқықтарын өте жоғарғы дәрежеде кепілдендіру қажет, өйткені тұлғаның құқықтары мен бостандықтары әлемдік өркениеттің құндылығы болып саналады», - деп атап өткен /3, б. 15/.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз, егеменді ел болып жарияланғанына 15 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында елімізде бірнеше күрделі жұмыстар атқарылды. Соның ішінде республикамыздың құқықтық жүйесі қалыптасып, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Ал қазіргі кезде, құқықтық мемлекет болғаннан кейін, сол құқықтық жүйені одан әрі жетілдіріп, дамытуымыз керек.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» делінген Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәрінен бұрын, құқық қорғау жүйесін оңтайландырып, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін түзу керек.

Біздің заңдарымызды ізгілендіріп, олардың сапасын арттыру қажет. Құқық қорғау жүйесінің қызметінде екпін ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқы мен мемлекеттің мүддесін қорғауға қарай ауыстырылуы тиіс» - деп атап көрсетеді /4, б. 22/.

Жүргізіліп жатқан құқықтық реформа аясында шешімін таппаған мәселелер қазіргі таңда әлі де кездесуде. Солардың бірі - қылмыстық іс жүргізу заңнамасын азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жетілдіру болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану барысында қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың, соның ішінде сезікті мен айыпталушының, конституциялық құқықтары толық кепілдендірілуі тиіс.

Ол туралы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Қ. А. Мами: «Қылмыстық іс жүргізудің қатысушыларының құқықтарын қорғау - өзекті де, толғақты мәселелердің бірі болып саналады. Тұлғаның құқықтарын шынайы түрде қамтамасыз ету - қылмыстық сот ісін жүргізу аясындағы демократияны, ізгілікті бағалаудың өлшемі. Бұл үшін тек қылмыстан зардап шеккен адамдардың құқықтары мен бостандықтарын ғана қорғау емес, сонымен қатар қылмыстық ізге түсуге тартылған адамдардың да құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажет. Кінәсіздерді соттау, негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тарту мүлдем жойылу қажет», - деп атап кеткен /5, б. 15/.

Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізудің маңызды мәселелерінің бірі болып есептелінетін Қазақстан Республикасының Коституциясында бекітілген кінәсіздік презумпциясы принципінің орны ерекше.

Кінәсіздік презумпциясы кінәсіз деп жорамалдау туралы маңызды демократиялық ережеден тұрады. Кінәсіз деп жорамалдау әр айыпталушының кінәсінің сотта бұлтартпайтын дәлелдермен дәлелденуін білдіреді. Осылай болмаса ол кінәсіз деп есептеледі. Адамды қылмыс жасады деп күдіктену және алдын ала тергеу органдарының оған айып тағуы кінәлі деп тану үшін жеткіліксіз. Осы айып сотта толық және бұлтартпайтындай болып расталғанша адамды кінәлі деп тануға жол берілмейді.

Кінәсіз деп жорамалдау институты асығыс, негізсіз дәлелдемелердің, тұжырымдар мен бағалаулардың орын алмауына қарсы бағытталған және заңды, негізді үкім шығаруға қызмет етеді.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 14-бабында кінәсіз деп жорамалдау қағидасы бекітілген. Оған сәйкес «Қылмыс жасады деп айыпталған әр айыпкердің, оның кінәсі заңға сәйкес дәлелденгенше, өзін кінәсізбін деп есептеуге құқығы бар» [] .

Егеменді мемлекетімізді құқықтық мемлекеттер қатарына қосу мәселесінің маңыздылығын ескере отыра, қылмыстық іс жүргізу барысында заңдылықты қамтамасыз етудің, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, осы орайда алдын ала тергеу кезінде заңдылықты қатаң сақтау мәселелерін теориялық жағынан зерттеудің маңызы зор.

Қазіргі уақытта азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерінің бірінші кезекке шығуы - елімізде рухани мәдениеттілік пен өнегеліктің елеулі өзгерістерге ұшырап отырғанына байланысты. Бұл процестің маңызы әсіресе Қазақстан Республикасы өзін құқықтық және демократиялық мемлекет деп жариялағаннан кейін арта түсті.

Заңдылықты нығайтуда, құқықтық нормаларды жетілдіруде, соның ішінде қылмыстық іс жүргізу нормаларын жетілдіруде белгілі жетістіктер бар екендігін айта кету қажет. Осы жетістіктерге Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қабылдануы жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі іс жүргізу қызметінің құқықтық тәртібінің дұрыс жүргізілуіне негіз болатын бірқатар маңызды қағидаларды негіз ретінде қабылдады. Осылардың ішінде ерекше орын алатыны - кінәсіздік презумпциясы қағидасы. Жалпы кылмыстық процестің принциптерінің маңызы сол, оларды бұзу, оның сипаты мен мәніне қарай іс бойынша болған іс жүргізуді жарамсыз деп тануға, мұндай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдардың дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады.

Қазақ ССР ҚІЖК-де сот әділдігін тек соттың жүзеге асыруы принципінің құрамдас бөлігі ретінде көрініс тапқан кінәсіздік презумпциясы [Қазақ ССР Қылмыстық іс жүргізу кодексі. - Алматы: Қазақстан: «Баспагер» концерні, 1994. - 240 б. ] Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде дербес қағида ретінде белгіленіп, мазмұны, ережелері нақтыланды [Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. - Алматы: ЮРИСТ, 2010. - 232 б. ] . Қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы шеңберінде кінәсіздік презумпциясы, оның мәні және мазмұны ғылыми тұрғыдан әлі дұрыс деңгейде зерттелмеген. Бүгінгі таңда жарық көрген ғалымдардың еңбектерінде кінәсіздік презумпциясы қылмыстық процестің принципі ретінде қаралғанның өзінде де, жалпылама түсіндіріліп, қылмыстық процесс принципі ретінде дербес түрде зерттелмеген. Осыған байланысты құқық қорғау органдарының соттың тәжірибесінде де кінәсіздік презумпциясы принципін қамтамасыз етуде әлі де болса көптеген қателіктер жіберіліп келеді.

Аталған жағдайлар, сонымен қатар қылмыстық процестегі кінәсіздік презумпциясын қамтамасыз ету механизмдерін одан әрі жетілдіру қажеттігі магистерлік диссертацияның тақырыбының өзектілігін анықтайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Магистерлік диссертация отандық ғалымдардың қылмыстық іс жүргізудің қағидаларын зерттеуге арналған ғылыми еңбектерінің негізінде дайындалды. Олардың қатарына: Е. Е. Ерешев, Ғ. С. Сапарғалиев, Б. Х. Төлеубекова, Г. Ж. Сүлейменова, А. Н. Ахпанов, С. Қ. Жүрсімбаев, З. О. Ашитов, Е. І. Қайыржанов, Е. О. Алауханов, С. М. Жалыбин, А. С. Нуралиева, Д. Қ. Қанафин сияқты ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады.

Сонымен қатар зерттеу жұмысын жазу барысында Кеңес Одағы мен Ресей Федерациясының ғалымдары, соның ішінде: С. С. Алексеев; М. С. Строгович; В. А. Кучинский; А. М. Ларин; Я. О. Мотовиловкер, П. А. Лупинская; И. Л. Петрухин, А. М. Чельцов, Ю. Д. Лившиц сияқты заңгер ғалымдардың ғылыми еңбектері зерделеніп, тиісті бағасын алды.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Осы диссертациялық зерттеудің мақсаты - кінәсіздік презумпциясын қылмыстық процестің маңызды қағидасы ретінде қарастырып, қылмыстық процесте кінәсіздік презумпциясы принципін жүзеге асырудың құқықтық құралдарын, яғни конституциялық және қылмыстық-процесуалдық кепілдіктерін зерттеп, аталмыш принципті қылмыстық іс жүргізу барысында қамтамасыз етудің ғылыми және тәжірибелік мәселелерін қарастырып, алдын ала тергеу кезінде дәлелдеу міндетін жүзеге асыру мен кінәсіздік презумпциясының өзара қатынасын зерттеу, қылмыстық іс жүргізу құқығының маңызды қағидасын одан әрі дамыту жөніндегі ғылыми тұжырымдар ұсыну, соның нәтижесінде қылмыстық іс жүргізуге қатысушы сезікті мен айыпталушының құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін тиімді қорғаудың жолдарын анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері. Қойылған мақсаттарға жету үшін автор өзінің алдына мына міндеттерді қойды:

- конституциялық қағида ретінде кінәсіздік презумпциясының мәнін анықтау, мазмұнына талдау жасау және оның маңызын ашып көрсету;

- кінәсіздік презумпциясын алдын ала тергеудегі айыпталушының құқығы мен заңды мүддесін қамтамасыз етудің кепілі ретінде қарастыру;

- алдын ала тергеу органдарына жүктелген дәлелдеу міндетін кінәсіздік презумпциясының көрінісі ретінде зерттеу;

- алдын ала тергеуде дәлелдеуді жүзеге асыру барысында тергеуші мен айыпталушының мүмкіндіктерінің нақты байланысын зерттеу;

- сот бақылауының, прокурорлық қадағалаудың кінәсіздік презумпциясы принципінің жүзеге асырылуының құралы ретінде маңызын анықтау;

- кінәсіздік презумпциясын қамтамасыз етуге бағытталған қылмыстық іс жүргізу заңдарын толықтыру мен өзгертуге қатысты ұсыныс жасау және қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде кінәсіздік презумпциясы принципінің толық жүзеге асырылуына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін құқықтық нормаларды ұсыну;

Зерттеу объектісі. Зерттеудің объектісі болып қылмыстық іс жүргізу кезінде кінәсіздік презумпциясы қағидасының жүзеге асырылуына байланысты және алдын ала тергеудегі дәлелдеу міндетін жүзеге асыруға байланысты туындайтын құқықтық қатынастар табылады.

Зерттеудің пәні. Зерттеудің пәні болып қылмыстық процестің принциптері мәселелері бойынша, кінәсіздік презумпциясын қылмыстық іс жүргізу барысында қамтамасыз ету мәселелері бойынша теориялық зерттеулер, кінәсіздік презумпциясын реттейтін қылмыстық іс жүргізу құқығының нормалары және осы бағыттағы алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының қызметі табылады.

Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізі. Диссертацияда қылмыстық іс жүргізу құқығының институттарын одан әрі жетілдіру мен дамуына логика және философия заңдарын ескере отырып зерттеуге қарасты диалектикалық, жалпы және жеке ғылыми әдістері қолданылды.

Қойылған мәселелерді зерттеуде сонымен қатар, логикалық, формальды-құқықтық, аналитикалық, зерттеудің пәнінің сапалы сипаттамасын ашушы, зерттелуші институттың мәнін анықтауға, Қазақстан Республикасында заңдылық және құқықтық тәртіп жағдайына конституциялық және салалық заңдардың жүйелі әсер етуіне мүмкіндік беретін функционалды әдіс қолданылады.

Зерттеудің теориялық негізін құқықтың жалпы теориясы, конституциялық және қылмыстық-процессуалдық құқықтың теориясы, криминалистика аясындағы ғылыми еңбектер; қылмыстық-процессуалдық ғылымын, сондай-ақ кінәсіз деп жорамалдау институтының дамылу мәселелері бойынша теоретик және практиктердің, заңгер ғалымдардың еңбектері құрады. Атап айтқанда, кеңестік дәуір кезіндегі және ресей авторларының еңбектері: С. С. Алексеев; М. С. Строгович; В. А. Кучинский; А. М. Ларин; Е. А. Лукашева; Я. О. Мотовиловкер; П. А. Лупинская; И. Л. Петрухин; А. М. Чельцов; Ю. Д. Лившиц және т. б.

Сондай-ақ, бірқатар қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері қызығушылық танытқан: Е. Е. Ерешев; Ғ. С. Сапарғалиев; Б. Қ. Төлеубекова; Г. Ж. Сүлейменова; А. Н. Ахпанов; С. Қ. Жүрсімбаев; К. Ж. Капслямов; З. О. Ашитов; Е. И. Қайыржанов; Е. О. Алауханов; С. М. Жалыбин; А. С. Нұралиева; Д. Қ. Қанафин және т. б.

Теориялық-құқықтық негізді сонымен бірге тарихи маңызға ие халықаралық құқық нормалары, соның ішінде: Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы; Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенция және т. б. толықтырды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Магистрлік диссертацияның белгілі бір дәрежедегі ғылыми жаңашылдығы - оның отандық заң ғылымдары әдебиетінде аз зерттелген тақырыпқа арналғандығында жатыр. Зерттеудің нәтижесінде Қазақстан Республикасында демократиялық құрулардың негізін қамтамасыз етуде кінәсіздік презумпциясы принципінің алдын ала тергеудегі айыпталушының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің кепілдіктері және жүзеге асырылуы саласында теориялық ережелер жүйесі негізделген.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы осы диссертациялық жұмыста соңғы он, жиырма жылдықта зерттелуі бізбен қойылған тақырыптың тек жекелеген фрагменттерін көрсететін мәселелер жинақталып және талданғанынан көрінеді. Бұл, бізбен зерттеліп отырған тақырыптың маңыздылығы, «өтпелі кезең» жағдайындағы аса өзектілігімен және ең алдымен қоғамның әлеуметтік-құқықтық өміріндегі ұдайы өзгерістерімен, демократиялық институттардың өсуімен және нығайтылуымен байланысты ғылыми ізденулерге, көптеген және уақытша өзгертулерге ұшырап отыруымен түсіндіріледі.

Автордың ғылыми талдау жасау талпынысында кешенділік (конституциялық құқық ретінде кінәсіздік презумпциясын зерттеу) және жүйелілік (қылмыстық процестің принципі) принциптері жүйелі жүзеге асырылуы үшін қылмыстық-процессуалдық мүмкіндіктерін жетілдіру мәселелерін аса толық ғылыми өзекті етуге жол ашады.

Адамның кінәсіздік презумпциясы принципінің жалпы теориялық және практикалық сипаттамасы алдын ала, сот-тергеу практикасы саласының, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары статистикалық есептерінің жаңа мәліметтерінің ескерілуімен толықтырылған.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы - автор империкалық ғылыми материалдарды қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінде қылмыстық процесс аясына түскен, яғни алдын ала тергеудегі айыпталушының заңды құқықтары мен бостандықтарын анықтау, тергеу, прокуратура органдары және басқа да құқық қолдану субъектілері тарапынан қол сұғылмаушылығынан қорғаудың барабар қамтамасыз етілуінің жолдарын негіздейді.

Осы жерде жоғарыдағы қазақстандық ғалымдардың, практиктердің зерттеулері бізді күнделікті қызметімізде қоғамның демократиялық құрылысының қауіпті жаңалықтарына, құқықтың және басқа да мемлекеттік және қоғамдық категориялардың жойылып кетуіне душар етуі, өзіміздің қателерімізді айқын білуімізге жетелейді деп айта кету қажет.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдамалар:

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы. Диссертацияда берілген ұсыныстар, тұжырымдар немесе қорытындылар алдын ала тергеудегі кінәсіздік презумпциясын дәлелдеу және сезікті, айыпталушы тұлғасын зерттеудің мәселелерін одан әрі өңдеудегі ғылыми зерттеу жұмысында; оқу үрдісінде, қылмыстық іс жүргізу құқығы курсын оқытуда және жоғарғы оқу орындарында «Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Прокурорлық қадағалау», «Адвокаттық қызмет», «Дәлелдеу теориясы» арнайы курстары бойынша дәріс немесе семинарлық, тәжірибелік сабақтар өткізуде, осы мәселе бойынша оқу құралдарын әзірлеуде, сонымен қатар, алдын ала тергеу мен анықтау органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіруде қолданылуы мүмкін.

Бұған қоса, зерттеуде берілген ұсыныстар мен тұжырымдар алдын ала тергеу сатысында қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асырушы органдардың қылмыстарды тергеу, ашу барысында олардың қызметін жетілдіруде қолданылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертациялық зерттеу - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетінің Сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасында дайындалды.

Зерттеудің негізгі теориялық тұжырымдары мен ұсыныстары, ғылыми көзқарасы мен ережелері келесі мақалада баяндалды: «Сезікті мен айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету».

Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы мен көлемі зерттеудің мақсаты мен міндеттерімен байланыса отырып, диссертацияны орындауға қойылатын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Қадағалау және аттестаттау жөніндегі комитетте көзделген талап деңгейіне сәйкес орындалған. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, жеті тараушыдан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қысқартулардан және диссертациядағы кейбір ұғымдардың түсіндірмесінен тұрады.

1 АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУДЕГІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚАҒИДА РЕТІНДЕГІ КІНӘСІЗДІК ПРЕЗУМПЦИЯСЫНЫҢ

МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

  1. Конституциялық қағида ретінде кінәсіздік презумпциясының мәні

Конституциялық қағида ретінде кінәсіздік презумпциясы (ҚР ҚІЖК 19 б. ) қазақстандық қылмыстық сот өндірісінің бірден-бір маңызды басшылыққа алатын бастама болып табылады. Мемлекеттік органдардың қызметінің сипаттамасы, яғни оларға тапсырылған қылмыстарды ашу, іздеу мен кінәлілерді әшкерелеу және оларды тиесілі жазаға тарту, көбінесе осы қағидамен анықталады.

Қоғамдық өмірде кінәсіздік презумпциясының рөлі белгілі бір мемлекетте үстемдік етуші саяси режимге байланысты болып келеді, бұл дегеніміз әлеуметтік-саяси тамырлардың тереңдігін растайды. «Тура демократиялық құқықтық мемлекетте ең жоғары әлеуметтік құндылық ретінде, адамгершілік тұлғасына ізетті қарым-қатынасты белгілейтін қылмыстық әділеттің негізгі идеясы болып табылады» /7, б. 43/.

«Кінәсіздік презумпциясы айыпталушының құқықтық жағдайына белгілі бір ықпал етуді білдіреді және қылмыстық іс бойынша өндірістің барлық жағына белсенді әсер етеді» / 8, б. 32 / . Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғаның құқықтық мәртебесін анықтайды; қылмыстық-процестің қатысушыларының арасындағы дәлелдеу бойынша қылмыстық жүктемені бөлуге ықпал етіп, айыпталушыдан оны алып, қылмыстық істі тергеу мен шешуге жауапты мемлекеттік органдарға жүктейді; кінәсі дәлелденбеген тұлғалардың толық ақталып шығуына негіз болып қызмет етеді; сейілмеген күдікті айыпталушының пайдасына түсінік беруді талап етеді; істелінген қылмыста тұлғаны (тек соттың үкімі бойынша) кінәлі деп тануға жеткілікті процессуалдық кепілдіктердің көлемін анықтайды, демек, алдын ала тергеу мен сот талқылауы арасындағы нақты айырмашылықты жүргізеді.

Кінәсіздік презумпциясы азаматты негізсіз айыптаудан қорғап, кез-келген айыпталушыға тағылған айыптан белсенді түрде қорғануына мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның бостандығы мен қадір-қасиетіне маңызды кепіл болып қызмет етеді. Кінәсіздік презумпциясы істің шешілу барысында соттың қателік жасамауына көмектесетін және істің затын айқындайтын, айыптау мен қорғау арасындағы айтысушылықты (полемика) ынталандырады.

Кінәсіздік презумпциясын тек заңның нормасына ғана телу қажет емес. «Кінәсіздік презумпциясы - қылмыстық процеске қарағанда, бұл анағұрлым жоғары дәрежелі жүйенің компоненті (бөлігі) . Ол қылмыстық сот өндірісіндегі айыпталушының жағдайын сипаттамайды, ол - азаматтардың жалпы құқықтық мәртебесінің элементі» / 9, б. 64/.

Кінәсіздік презумпциясы бір мезгілде объективті құқықтық қағида, конституциялық қағида және қылмыстық процестің қағидасы болып танылады.

Қағидалар арқылы құқық қоғамның терең процестерімен және қоғамдық өмірдің заңдылығымен тығыз байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдын ала тергеудегі конституциялық қағида ретіндегі кінәсіздік презумпциясы
Кінәсіздік презумпциясы принципінің ерекшелігі
Қамауға алуды заң талаптарына сәйкес заңды және негізді болуын қатаң көрсету
Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы
Қылмыстық процесте қорғау құқығын қамтамасыз ету қағидаты
Қылмыстық процесс принциптерін жіктеу
Бұлттартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу
Адвокат-қорғаушының алдын-ала тергеуде дәлелдемелерді жинауға қатысу мәселелері
Адвокат-қорғаушының сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға білікті заң көмегін көрсетуі
Қылмыстық іс жүргізу принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz