Аграрлық өндірістік кешендегі шаруашылық құрылымдар


Аграрлық өндірістік кешендегі шаруашылық құрылымдар формаларының топтастырылуы
Елдің экономикасын реформалау процесінде шағын кәсіпкерлік өзекті орын алады. Осыған орай, экономиканың агроөндірістік секторында шаруашылық жүргізу формаларының экономикалық табиғаты мен жіктемесін айқындау қажеттілігі туындайды.
ҚР Конституциясында көрсетілгеніндей, елдегі меншік екі формада көрінеді: мемлекеттік және жеке [1] . Шаруашылық жүргізу формасы, экономикалық категория ретінде, меншік формасын, кәсіпорынның өндірістік мақсатқа арналуын және т. б. сипаттайтын ережелер жиынтығын қамтиды. Олар шаруашылық қызметінің себептерін, кәсіпорындар (бастауыш буындар) мен жоғары тұрған органдар арасындағы, сондай-ақ кәсіпорындар мен бастауыш өндірістік ұжымдар арасындағы өзара қатынастар сипатын айқындайды [2. 35] .
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формасы меншіктік қатынастардың нақты тұрпатын бейнелейді, ол түпкі нәтижесінде қайсыбір шаруашылық Қолданыстағы ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпорындардың келесідей ұйымдастырушылық-құқықтық формаларының жіктемесі қабылданған: барлық түрдегі шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік кәсіпорындар (республикалық, коммуналдық) [3] .
Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындардың осы ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын меншік түріне қарай екі топқа бөлген дұрыс:
1 топ - мемлекеттік меншікке негізделген ауылшаруашылық кәсіпорындарының ұйымдастырушылық-құқықтық формалары;
2 топ - жеке меншікке негізделген ауылшаруашылық кәсіпорындарының ұйымдастырушылық-құқықтық формалары.
Шаруашылық жүргізу формалары бойынша оларды өз кезегінде екі топшаға бөлуге болады:
- дербес шаруашылық жүргізу формасына сүйенетін ауылшаруашылық кәсіпорындарының ұйымдастырушылық - құқықтық формалары (Ш(Ф) Қ) мен ЖШҚ;
- ұжымдық шаруашылық жүргізу формасына сүйенетін ауылшаруашылық кәсіпорындарының ұйымдастырушылық-құқықтық формалары (шаруашылық серіктестіктері мен өндірістік кооперативтер) .
Ауыл шаруашылығында шаруашылық жүргізу мен меншік түрлерінің алуан түрлерін қалыптастыру негізінде басты қағидаттар жатыр:
- шаруашылық жүргізу мен түрлі меншік формаларының қажеттігі мен мүмкіндіктерін заңнамалық қамтамасыз ету;
- шаруашылық жүргізу мен түрлі меншік формаларының жұмыс істеуі үшін тең жағдай жасау;
- шаруашылық жүргізу мен меншік формаларын таңдау бостандығы;
- шаруа түріндегі әр субъектінің шаруашылық жүргізу мен меншік формаларын таңдау еркіндігі;
- шаруашылық жүргізу мен түрлі меншік формаларын біртіндеп қалыптастыру және дамыту;
- шаруашылық жүргізу мен түрлі меншік формаларын қалыптастырудың кешенділігі.
Осы қағидаттарға сәйкес ауылшаруашылық кәсіпорындарының ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын кеңейтілген жіктеу факторларымен төмендегіше топтауды ұсынуға болады (Кесте 1) .
А. Ясауи университетініњ хабаршысы, №1-2, 2010
Әлібекова А. Б., Әлібекова Н. Б. Аграрлық өндірістік кешендегі шаруашылық құрылымдар . . .
Кесте 1 . Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары
Де-факто- біріншісі
Де-юре- екіншісі
Коммерциялық басқару, ЖШС директоры қолында,
ауытқу келісім-шарт бойынша
Ауыл шаруашылығы дамуының қазіргі сатысы саналуан шаруашылық жүргізу формалары мен модельдерін қалыптастыру процесінің аяқталуымен сипатталады.
Ауыл шаруашылығындағы түрлі ұйымдастыру-құқықтық формалардағы шаруашылық кәсіпорындарының ерекшеліктері мен даму беталыстарын қарастырайық.
«Шаруа (фермерлік) қожалықтары» туралы ҚР Заңына сәйкес Ш(Ф) Қ субъектілері заңды тұлға құрмаған және заңды тұлға белгілері жоқ жеке тұлғалар болып табылады. Бірақ заңды тұлға болмай-ақ, кейбір Ш(Ф) Қ банктерде жеке шот ашу, өз мөрі болу, салық салудың патенттік негізінде жұмыс істеу мүмкіндігін иелене алады, бұл іс жүзінде заңды тұлға белгілерінің
А. Ясауи университетініњ хабаршысы, №1-2, 2010
Әлібекова А. Б., Әлібекова Н. Б. Аграрлық өндірістік кешендегі шаруашылық құрылымдар . . .
барлығын дәлелдейді. Оның үстіне Қазақстанда Ш(Ф) Қ заңнама бойынша жеке тұлға болып есептелгенімен, жер телімдерін пайдалануда заң жүзінде жүрсе де, іс жүзінде бұл жерді ипотекаға бере алмайтын, оған несие ала алмайтын, бір облыста сатып, басқасында жер телімін сатып ала алмайтын жағдайға қойылған.
Ауылшаруашылық кооперативі - бұл азаматтардың немесе заңды тұлғалардың өздеріне меншік, жалға алу құқығымен тиесілі немесе тегін пайдалануға берілген мүліктері арқылы тауарларды (қызмет көрсетулерді) бірлесіп өндіру үшін ерікті түрде бірігулері негізінде құрылатын кәсіпкерлік бағыттағы кәсіпорын.
Ауылшаруашылық кооперативінің негізгі ерекшелігі кәсіпорын өзінің негізгі қызметін кооператив мүшелерінің жеке еңбек етуі арқылы қатысуына сүйенеді. Олар өндірістік қызмет бағытын өздері айқындайды, өндіріс құрылымы мен көлемін жоспарлайды, өнімдерді (қызметті) еркін өткізеді.
Сондай-ақ кәсіпкер ретінде кооператив қызметінің еркіндігі, пайданы бөлу мен пайдалану процесіне ешқандай мемлекеттік және басқа органдар араласуға құқысыз екендігінен де көрінеді. Бұл құқық аталған өндірістік кооператив мүшелерінің жалпы жиналысына тиісті.
Өндіріс құралдарына және Қазақстан Республикасының айрықша меншігі болып табылатын жерді шартты бөлісу қағидасын қолдану арқылы жасалған өнімге және кәсіпорын мүшелері арасындағы пайлардың мүліктеріне ұжымдық-үлестік меншік кооперативтің (кәсіпорынның) экономикалық негізін құрайды. Кәсіпорынның жарғылық капиталы оған қатысушылардың пайларынан (үлестерінен) құралады.
Кооператив мүшелері тек еңбекшілер ғана емес, меншік иелері де, олар пайданы барынша көбейтуге, яғни еңбек өнімділігін арттыруға, өндіріс көлемін өсіруге жеке материалды түрде мүдделі. Жинақтауға жіберілетін қаражаттардың бір бөлігі кооперативтің барлық мүліктерінің құнын, сол арқылы бірге иеленушілердің пай көлемдерін арттырады.
Шаруашылық жүргізудің кооперативтік формасының елеулі болашағы бар, өйткені ол басқаларға қарағанда нарық жағдайларына анағұрлым бейімделген.
Капиталды молайту көздерінің бірі - құнды қағаздар, оның ішінде акциялар шығару бола алады. Бірақ кооператив акциялары құнды қағаздар нарығында жүре алмайды, тек кооператив мүшелері арасында бөлінеді, олар жеке пайдаларын молайта отырып, өз кәсіпорынының шаруашылық қызметіне аса мүдделі бола бастайды. Кәсіпорынның жалпы табысы жоғары болған сайын, оның әрбір мүшесі дивидент бойынша көбірек үлес алады.
АҚ кәсіпкерлік формасы ретінде. АҚ - азаматтар мен заңды тұлғалардың пайда табу мен қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында өз қаражаттары мен акцияларын (салымдарын) біріктіретін ерікті келісімі негізінде құрылатын кәсіпорын.
АҚ-ның заңды тұлға ретіндегі негізгі құқығы - бұл жарғылық қормен берілген мүліктерге меншік құқығы. Пай ретінде жарғылық қорға енгізілетін ақша сомалары мен мүліктік құндылықтар АҚ толықтай меншігі болып табылады, өйткені оның мүлкі нақты акционерлердің мүліктерінен толығымен оқшауландырылған. Осылайша, АҚ - бұл мүліктерді біріктірудің неғұрлым тұрақты формасы, өйткені одан кез келген акционердің шығып кетуі қоғамның өзінің тіршілік етуін тоқтатпайды.
АҚ басқару формасы, шаруашылық шешімдер қабылдау, өткізу, баға қою, еңбекақы төлеу, т. б. тәрізді мәселелерде толық дербестікке ие. Міне, әрекет бостандығына қатысты бұл қызметтер АҚ-ды халық шаруашылығының аграрлық секторындағы кәсіпкерліктің маңызды формаларының бірі ретінде сипаттайды.
АҚ-ның мынадай да оң фактісін атап өту керек: ауқымды құқық иелене отырып, ол өз қоғамының мүшесін еңбекші ретінде де, меншік иесі ретінде де қорғауды қамтамасыз етеді.
Егер АҚ-ды кәсіпкерліктің басқа формаларымен салыстырсақ, атап айтқанда кооперативтік формасымен, онда артықшылық АҚ жағында болады, өйткені АҚ шеңберінде іс-әрекеттің ең ұтымды нұсқасы туралы мәселені неғұрлым шұғыл шешуге болады. Бұл ең алдымен акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру ерекшеліктеріне байланысты (бір акция - бір дауыс) . Ал кәсіпорындарда тек пайшылардың жиналысының ғана келісімі емес, кәсіпорында өз пайы бар әр кооперативтің жалпы жиналысының келісімі де қажет.
АҚ ашық және жабық бола алады. Ауыл шаруашылығында ЖАҚ тұрпатты АҚ, әдетте, пайшылардың санын құрылтайшылармен және олардың мұрагерлерімен шектейді.
А. Ясауи университетініњ хабаршысы, №1-2, 2010
... жалғасыӘлібекова А. Б., Әлібекова Н. Б. Аграрлық өндірістік кешендегі шаруашылық құрылымдар . . .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz