Домбырамен сүйемелдеудегі дәстүрлі ән айту арқылы жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру



ДОМБЫРАМЕН СҮЙЕМЕЛДЕУДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ӘН АЙТУ АРҚЫЛЫ ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

М.К. Жантаева, С.Ә.Жантаев
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Өткен ғасырдың аса құндылы ән-күйлері, термесі, жыры, қисса мен халықтың музыкалық шығармашылығының негізінде жас ұрпақты адамгершілік рухта, музыкалы-эстетикалық нәзік сезімге тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып отыр.
«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...»,
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойныңа кірер денең...», - деген жолдарында, ұлы Абай әннің өмірдегі орнын нақ суреттегендей, қазақ халқы ән-күйді жанындай жақсы көріп, рухани жан-дүниесін ән арқылы шебер бейнелей білген.
Ән - поэзиялық шығарма мен музыкалық әуеннен туған вокалды музыкалық шығарманың сазы. Ерте заманнан бері халық арасына кең таралып, халықтың өмірін, қуанышын, мұңын, табиғат құбылысы мен махаббатты жырлайтын ерекше жанр.
Әншілік өнер мен музыкалық өнері, әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамының бір арнаға құйылып, асқақты күйімен дамып отыратын көптеген ғасырлар үнінің жемісі.
Әншілік – жалпы өмірдің бүкіл дүниенің қимыл іс-әрекетін, образды бейнелейтін диалектикалық құбылыстарды адам сезімімен қабыстырып, өмір қайшылықтарының, әсерлі дыбыстарының, әуендерінің жиынтығы.
Әннің қоғамдық әлеуметтік сипаты, тәрбиелік мәні елдің санасының бір сәт тысқары қалмаған. Кең далада желдей есіп, ауыздан-ауызға тарап, толассыз кезіп жүретін ән мен күйді халық жан дүниесінің ең асыл мұраттарын дәріптеп, таратып отырған. Халықтың рухани байлығы, ғасырлық мәдениетіміздің көркем формасының бірі, заманымыздың тарихи шежіресі.
Әнді, негізінде, шығарушы да, шырқатып салушы да – халық. Әннің қасиетін қазақ халқы қадірлей біліп:
«Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер»,
«Ақылың болса жыр тыңда...» - деген сөздер арқылы жақсы айтқан.
Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата-баба сұлу ән, асыл сөздің кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой санасын игі адамгершілікке жетеледі. Сондықтан кең байтақ ата жұртта буыннан-буынға жалғасып, ұят-аят, әдет көрген, мейірім-шарапат салтанат құрды. Ең кереметі сол, ән қанатында халық ойының тереңдігі, шексіз қиялы, кестелі, орамды шешен тіл берік сақталып заманның алдын орап, кейінге тарады. Мұның өзі отбасынан отантұтастығына дейін тамырын үзбеген дәстүрге айналды.
Академик Б.Асафьев айтқандай екі өнер саласы ән мен өлеңнің бірлестігінің арасында ән табиғаты өмірде кең тараған өнердің біріне айналып отыр. Ән айтпайтын, құлақ қойып тыңдамайтын адам болмайды. Ән тыңдап, дауыстап айту адамға біткен табиғи керектілік. Ол адамның дүниеге келген кезеңінен бастап, сөйлей білуден бұрын үлкендердің көмегімен санадан орын алатын табиғи құбылыс. Анасы нәрестесін бесігіне бөлеп: «Әлди, әлди ақ бөпем, ақ бесікте жат бөпем» - деп бесік жырын айтқан. Анасының сазды әуені баланың денесін балқытып, ұйқыға келтірген. Бала талпына келе оның бойына ана тілі арқылы ғана дүниені, өмірді танып, біле бастайды. Оның буыны бекіп, санасы қалыптаса бастағанда-ақ күнделікті күйкі тіршілікпен қатар, халықтың тамаша әуен-сазы оған игілікті әсерін тигізіп, өзінің көркемдігі мен маңыздылығымен баланың жанын баурап, ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп, жақсы мінез-құлықтарының біртіндеп қалыптасуына әсерін тигізіп, рухын байыта түседі.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ӘОҚ 371:78.01:943.42

ДОМБЫРАМЕН СҮЙЕМЕЛДЕУДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ӘН АЙТУ АРҚЫЛЫ ЖАС ҰРПАҚТЫҢ
ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

М.К. Жантаева, С.Ә.Жантаев
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Өткен ғасырдың аса құндылы ән-күйлері, термесі, жыры, қисса мен халықтың
музыкалық шығармашылығының негізінде жас ұрпақты адамгершілік рухта,
музыкалы-эстетикалық нәзік сезімге тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып отыр.
Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...,
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойныңа кірер денең..., - деген жолдарында, ұлы Абай әннің
өмірдегі орнын нақ суреттегендей, қазақ халқы ән-күйді жанындай жақсы
көріп, рухани жан-дүниесін ән арқылы шебер бейнелей білген.
Ән - поэзиялық шығарма мен музыкалық әуеннен туған вокалды музыкалық
шығарманың сазы. Ерте заманнан бері халық арасына кең таралып, халықтың
өмірін, қуанышын, мұңын, табиғат құбылысы мен махаббатты жырлайтын ерекше
жанр.
Әншілік өнер мен музыкалық өнері, әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени
талғамының бір арнаға құйылып, асқақты күйімен дамып отыратын көптеген
ғасырлар үнінің жемісі.
Әншілік – жалпы өмірдің бүкіл дүниенің қимыл іс-әрекетін, образды
бейнелейтін диалектикалық құбылыстарды адам сезімімен қабыстырып, өмір
қайшылықтарының, әсерлі дыбыстарының, әуендерінің жиынтығы.
Әннің қоғамдық әлеуметтік сипаты, тәрбиелік мәні елдің санасының бір сәт
тысқары қалмаған. Кең далада желдей есіп, ауыздан-ауызға тарап, толассыз
кезіп жүретін ән мен күйді халық жан дүниесінің ең асыл мұраттарын
дәріптеп, таратып отырған. Халықтың рухани байлығы, ғасырлық
мәдениетіміздің көркем формасының бірі, заманымыздың тарихи шежіресі.
Әнді, негізінде, шығарушы да, шырқатып салушы да – халық. Әннің қасиетін
қазақ халқы қадірлей біліп:
Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер,
Ақылың болса жыр тыңда... - деген сөздер арқылы жақсы айтқан.
Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата-баба сұлу ән, асыл сөздің
кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой санасын игі адамгершілікке жетеледі.
Сондықтан кең байтақ ата жұртта буыннан-буынға жалғасып, ұят-аят, әдет
көрген, мейірім-шарапат салтанат құрды. Ең кереметі сол, ән қанатында халық
ойының тереңдігі, шексіз қиялы, кестелі, орамды шешен тіл берік сақталып
заманның алдын орап, кейінге тарады. Мұның өзі отбасынан отантұтастығына
дейін тамырын үзбеген дәстүрге айналды.
Академик Б.Асафьев айтқандай екі өнер саласы ән мен өлеңнің
бірлестігінің арасында ән табиғаты өмірде кең тараған өнердің біріне
айналып отыр. Ән айтпайтын, құлақ қойып тыңдамайтын адам болмайды. Ән
тыңдап, дауыстап айту адамға біткен табиғи керектілік. Ол адамның дүниеге
келген кезеңінен бастап, сөйлей білуден бұрын үлкендердің көмегімен санадан
орын алатын табиғи құбылыс. Анасы нәрестесін бесігіне бөлеп: Әлди, әлди ақ
бөпем, ақ бесікте жат бөпем - деп бесік жырын айтқан. Анасының сазды әуені
баланың денесін балқытып, ұйқыға келтірген. Бала талпына келе оның бойына
ана тілі арқылы ғана дүниені, өмірді танып, біле бастайды. Оның буыны
бекіп, санасы қалыптаса бастағанда-ақ күнделікті күйкі тіршілікпен қатар,
халықтың тамаша әуен-сазы оған игілікті әсерін тигізіп, өзінің көркемдігі
мен маңыздылығымен баланың жанын баурап, ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп,
жақсы мінез-құлықтарының біртіндеп қалыптасуына әсерін тигізіп, рухын
байыта түседі.
Сондықтан, дәстүрлі айтыстар, Тойбастар, Беташар, той-думандардағы
қыз-жігіттердің ән-күй сайысы, лирикалық, тұрмыс-салт жырлары, аспаппен
сүйемелдеп айтылатын аңыз-ертегілер - халықтың ежелгі мәдениетінің осынау
баға жетпес мұрасы - жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру үшін
таптырмайтын құнды материал деуге болады. Кеңес өкіметі жылдарында бұл
қазынаны барша қауым жинастырылып, осы заманғы дыбыс техникасының барлық
түріне салды. Осының арқасында сонау тұңғиық заманында жарық көрген ән,
өлең мен жыр қазақ халқының күнде көріп, қалауынша естіп, рухани ляззат
алып отыратын асыл қорына айналды.
Сонау Сыр бойынан Алтайға дейін, Алатаудан Жайыққа дейінгі ұшан-теңіз
даланы жайлаған қалың халық ғасырлар бойы жасаған музыка мұрасын ұрпақтан-
ұрпаққа жалғастырып, байыта берді, олардың мәдениеті алдағы елдердегідей
нотаға жазылып, дыбыс құралына түспей-ақ халықтың ауыз әдебиеті сияқты
біреуден онға, оннан мыңға тарап, өлмес-өшпес халық хазынасына қосылып
жатты.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа халқымыздың рухани мұралары арқылы әлемнің
тынысын байқау, баланың сана-сезіміне әсер етіп, оларды білгірлікке,
тапқырлыққа, өнерге деген сүйіспеншілігін одан ары тереңдетіп, адамгершілік
тұрғыдан тәрбиелеп, өмір шындығын сезінуге, елін, жерін, отанды сүю
сезіміне баулу мәселесі бүкілхалықтық іс болып отырғаны баршамызға мәлім.
Сондықтан, жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруды, іс жүзінде асыруда
домбырамен дәстүрлі ән айтудың үлкен маңызы бар. Ән айтудың ерекшелігі -
балалардың санасына ғана емес, сезіміне де, ой-өрісіне де әсерін тигізетіні
анық. Ән үйренер кезде өлеңнің мазмұнын түсінуге, тәрбиелік мәнін саналы
түрде меңгеруіне мүмкіндік беріледі. Қазақ халқының ән айту мектебі бүгінгі
күні де жалғасын тауып келеді.
Халқымыздың дәстүрі бойынша әнді домбыраның сүйемелімен және сүйемелсіз
жеке де немесе бірнеше кісі қосылып та орындаған. Әсіресе домбырамен жеке
ән салу дәстүрі мол тарап, ғасырдан-ғасырға, атадан-балаға жалғасып тауып,
дамып келеді.
Домбыра – ертеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы, қазақтың
қасиетті дүниесі. Өскелең ұрпақтың жан-жақты білімді болуы, эстетикалық
талғамының жоғары болуына, жалпы адамгершілік, имандылық қасиетінің
дамуына бұл аспаптың тигізетін әсері мен рөлі өте зор. Оны тарта алмаса да,
қадірлей білу керек. Себебі, баланың бойына халықтың рухани байлығын,
дүниетанымын сіңіру домбырадан басталады.
Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала, уызына жарымаған көтерем
қозыдай болады - деген қазақта сөз бар.
Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын
білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең.
Ондай ағаш жапырақ жайып сая да болмайды, жеміс те бермейді, - деген
Бауыржан Момышұлы сөзінің мәні тереңде жатқанын ұғуға болады. Балалардың
жалпы музыканы қабылдау ерекшелігі, өмірге деген көзқарасы, мінез-құлқы,
білімі, жалпы мәдениеті, музыкалық қабілеті, ой-өрісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық қызметтің түрлері
Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық аспаптарға үйретудің мәні мен мазмұнының теориялық негіздері
Дәнеш Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасының жалпы сипаттамасы
Балалар бақшасындағы балалардың музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптасу моделі
Балалардың бос уақытын ұйымдастыру
Көркемөнер үйірмелері – балалардың бос уақытын ұйымдастырудағы рөлі
Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
Музыка мен әдебиеттің байланысы
Қазақтың ұлттық ойындары және оларды насихаттау
Қазақ тележурналистикасындағы ұлттық тәрбие насихаты
Пәндер