Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесін реформалудың теориялық негіздері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесін реформалудың теориялық негіздері
1.1 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Нарықтық экономика жағдайындағы халықты зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Жинақтаушы зейнет ақы жүйесінің дамуының шетел тәжірибесі ... ... ... ... 13

ІІ БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы халықты зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін аналитикалық бағалау.
2.1. Халықтың әлеуметтік . экономикалық жағдайының анализі ... ... ... ... ... ... 18
2.2Қазақстанда зейнет ақы қорларының құрылуы мен
экономикада пайдаланылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.3 Қазақстандағы зейнетақы қорлрының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында зейнет ақы қамтамасыз ету жүйесінің реформасы салыстырмалы аз уақыт ішінде басталып өз дамуын алды . Жаңа зейнет ақымен қамтамамсыз етудің жүйесі бір орында тұрып жатқан жоқ – ол үздіксіз даму процесінің үстінде екенін атап айтқан жөн. Ұсынылған еңбекте жинақтаушы зейнет ақы қорының не екенін біліп, оны жан-жақтан зертей аламыз.
Осындай көлемдегі зейнет ақы реформасы ТМД елдер кеңістігінде Қазақстан Республикасында бірінші жүргізілді. Қазіргі кезде де ТМД мен Балтық елдерінің мемлекеттерінің бірде-біреуінде зейнет ақымен қамтамасыз етудің осындай реформасы әлі іске асқан жоқ.
Осы дипломдық жұмыстың тақырыбы зерттеушіні өзінің жаңалығы мен жылдамдығымен және зерттеу ойының кеңістігінің үлкендігімен қызықтырады, ол терең ойлануға, соның ішінде, өз кәрілігіңді зейнет ақымен қамтамасыз ету жөнінде толғануға мүмкіндік береді.
Соныме қатар, осы дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тек қызықтығымен шектелмейді, олар тағы қазіргі таңда өте актуалды. Ұсынылған еңбектің тақырыбының үлкен актуалдығы бірінші кезекте зейнет ақымен қамтамасыз ету мәселесінің зор әлеуметтік маңыздылығымен көрінеді.
Зейнет ақымен қамтамасыз етудің деңгейі мен саласы республика халқының экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құрамдас бөлігі.
Ауқатты кәрілікті материалды жағынан қамтамасыз ету мәселесі әлемнің барлық елдеріне актуалды, бұның ішіне экономикалық жағынан жағдайы жақсы елдер де кіреді. Бұл халықтың жалпы санының ішінде қарт азаматтардың үлес салмағының табиғи өсуімен байланысты, ал бұл мемлекет пен азамат, жұмыс беруші мен жұмысшы, ата-ана мен баланың және т.б. әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастарының эволюциясының нәтижесінде болған нәрсе.
Ұсынылған дипломдық жұмыс алдымен оқырманды Қазақстан Республикасында зейнет ақы жүйесін реформалаудың теориялық негіздерімен, ал екінші бөлімде Қазақстан экономикасында зейнет ақы қорларының даму жағдайымен таныстырады.
Жоғарыда көрсетілгеннен осы дипломдық жұмыстың мақсаты шығады. Ол – теориялық асепектіде және Қазақстан мысалында зейнет ақы қорларын зерттеп оқу.
Қойылған мақсаттан келесі жұмыс мәселелері туындайды:
1) Зейнет ақы активтерін басқарудың мәні мен функциясын танып білу
2) Зейнет ақы активтерін басқару механизмін сипаттау
3) Қазақстан Республикасында зейнет ақы салымдарының қалыптасу процессі мен даму мәселелерін қарастыру.
4) Қаржы нарығында зейнет ақы активтерінің рөлін анықтау және олардың тиімділігін бағалау.
5) Қазақстан Республикасында зейнет ақы активтерінің даму бағыттарын айқындау.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі
1998 жылдың 1 қазанынан бастап зейнетақы мөлшерін индекстеу туралы: Қаулысы//
ҚР-ның Президенті мен ҚР-ның Үкіметінің Актілер жинағы. – 1998. - №35 – 5-6 бет
2. Қазақстан Республикасының Заңы
ҚР-да зейнетақымен қамсызданыдыру туралы ҚР-ның Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы// Егемен Қазақстан. – 1999ж. – 7 сәуір
3. Қазақстан Республикасының Заңы
“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” ҚР-ның Заңына
толықтыру енгізу туралы// Егемен Қазақстан. – 2002ж. - 8 қаңтар
4. Қазақстан Республикасының Заңы
“ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы” ҚР-ның Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы: 2002ж. 29 желтоқсан №369 – ІІ ҚРЗ// Егемен Қазақстан. –
2003ж. – 7 қаңтар; Заң газеті. – 2003ж. – 15 қаңтар
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан
төленетін зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыру туралы: Қаулысы// Егемен Қазақстан. –
2002. – 18 қаңтар
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 1 қаңтарынан бастап зейнетақыны төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан
төленетін зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыру туралы: 2003 жылы 14 қаңтардағы №6
қаулысы// Ресми газет. – 2003ж. – 25 қаңтар, -17 бет
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004ж. бастап зейнетақыны төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы
төлемінің мөлшерін арттыру туралы: 2003 жылы 29 желтоқсандағы № 1337 қаулысы//
Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер
жинағы. – 2004. - №48 – 71 бет
8. Қазақстан Республикасы Үкіметі
Жинақтаушы Зейнетақы Қорынан төлемдерді жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы:
Қаулысы// Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Актілер жинағы. – 1997. - №43. -2-5 бет
9. Қазақстан Республикасы Үкіметі
Жинақтаушы Зейнетақы Қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы
төлемін жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау туралы ережесін бекіту туралы:
Қаулысы// Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Актілер жинағы. – 1997. - №44. -17-23 бет
10. Қазақстан Республикасы Үкіметі
Жинақтаушы Зейнетақы Қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесін бекіту туралы:
Қаулысы// Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Актілер жинағы. – 2003ж. - №6. -83-84 бет
11. Қазақстан Республикасы Үкіметі
Зейнетақы жинақтарының нақты құны азайған жағдайда корпоративтік жинақтаушы
зейнеақы қоры акционерлерінің инвестициялық кіріс шығынын өтеу ережесін бекіту
туралы: 2004ж. – 29 қаңтар №103 қаулысы// Қазақстан Республикасы Президенті мен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы. – 2004ж. - №4. -56-61 бет
12. Қазақстан Республикасы Үкіметі
Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталықтан әлеуметтік жеке код берудің тәртібін бекіту туралы: Қаулысы// Қазақстан
Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы. –
1997ж. - №41. -17 бет
13. Қазақстан Республикасы Үкіметі
Қазақстан Республикасының зейнетақы қорына қаражат төлеудің, оны есепке алудың
және есептеудің тәртібі туралы: Қаулысы// Қазақстан Республикасы Президенті мен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы. – 1997ж. - №34. –54-59 бет
14. Қазақстан Республикасы Үкіметі
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының жабық акционерлік қоғамын құру туралы:
Қаулысы// Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Актілер жинағы. – 1997ж. - №43. –24-25 бет
15. Айтуған А.А. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық менеджменті: шетелдік
тәжірибелерді қолдану мүмкіншіліктері// ҚазЭУ хабаршысы. – 2004ж. №4 – 216-222 бет
16. Ақатаев М. Зейнетақы реформасы: бағыты, бағдары, болашағы: Заман және заң//
Қазақстан Республикасының заңдары. 1998ж. №6 – 25-37 бет
17. Әбділда Ж. Қазақстанның зейнетақы жүйесі: сөз бен іс// Түркістан. – 2001ж. 23 маусым
18. Әйімбетов С., Рахымжанұлы С. Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары// Қаржы – қаражат.
1996ж. -№10 – 14-17 бет
19. Батайқызы Г. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің жетістіктері мен
проблемалары// Рынок ценных бумаг Казахстана. – 2000г. №12 с.19-22
20. Бекбердиев Б.Л. Қазақстан экономикасын қаржыландыруда мемлекеттік емес зейнетақы
қорларының ролі// ҚазЭУ хабаршысы. – 2001ж. №4. -46-52 бет
21. Есали А. Көшбастаушы: Қазақстан Халық банкісінің зейнетақы рыногында дербес
басқаруға қолы жетті// Егемен Қазақстан. 2003ж. 12 қараша
22. Ешімханова Ә. Әлеуметтік жеке код: зейнетақы қоры туралы//
Егемен Қазақстан. 2001ж. 15 мамыр
23. Жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарнасының
сомасы туралы хабарлама нысанын бекіту туралы: ҚР-ның Қаржы министірлігі салық
комитетінің 2003ж. 28 тамыздағы №347 бұйрығы// Ресми газет. – 2003ж. қараша
№42. -1бет
24. Жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі
компаниясының 2001ж. 3 тоқсанындағы есебі// Егемен Қазақстан. 2001ж. 2 қараша
25. Жолдасбекова Г. Зейнетақы жүйесінде реформа жүргізудің шетелдік тәжірибесі//
Вестник КазЭУ. – 2003г. №1. с.92-97
26. Жұмабайқызы Г. Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының құқықтары// Жас
Алаш. – 1999ж. 21 желтоқсан
27. Әлеуметтік қамсыздандыру саясаты// Қаржы – қаражат. – 1997ж. №10. – 35-39 бет
28. Зейнетақы Активтерін Басқару жөніндегі компанияға арналған пруденцияалдық норма
туралы: ЕРЕЖЕ// Рынок ценных бумаг Казахстана. – 1997г. №7-8. с.91-95
29. Зейнетақы Активтерін Басқару жөніндегі Компанияның инвестициялық қызметі туралы:
ЕРЕЖЕ// Рынок ценных бумаг Казахстана. – 1997ж. №7-9. с.101-103
30. Қарабеков Б. Үш деңгейлі жаңа зейнетақы жүйесі: әлеуметтік жағдайлар және зейнетақы
қоры// Қаржы – қаражат. –1997ж. №3. –31-34 бет
31. Карагулова Б. Үміт пен күдікке толы зейнетақы: зейнетақы қоры туралы//
Ана тілі. – 2001ж. 2 тамыз
32. Құнанбай Ә. Зейнетақы қорына салынған жарна елге де, өзіңізге де пайда әкеледі//
Егемен Қазақстан. – 2001ж. 21 шілде
33. Оспанов М. Зейнетақы реформасы: сұрақтар мен жауаптар: зейнетке шығуға қажетті
құжаттар мен жолдары туралы// Алматы Ақшамы. – 2000ж. 17 сәуір
34. Саттар А. “Ұлар-Үміт”: болашаққа деген сенім// Алматы Ақшамы. – 2002ж. 30 қараша
35. Төлеу Ж. “Ұлар” мен “Үміт”: зейнетақы қорлары тепе-теңдік негізінде қосылатыны
туралы мәлімдеді// Түркістан. – 2001ж. 28 шілде
36. Статистический ежегодник Казахстана: статистический сборник /
под редакцией К.С.Абдиева – Алматы: Агенство РК по Статистике, 2004г. с.598
37. Қазақстандағы халықтың өмір сүру деңгейі. Статистикалық жинақ
(А.А.Смаилованың басқаруымен). А. 2000ж.
38. Алибаев А.Б. Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі. А. 2000ж.
39. Нурмуханбетов Е. Накопительная пенсионная система в 2002 году//
РЦБК, 2003г., январь, с.23-29
40. Отчет накопительных пенсионных фондов и КУПА за 4 квартал 2003г.//
Панорама, №4 30 января, с.8
41. А.Умбетов. Накопительная пенсионная система Казахстана// Рынок ценных бумаг
Казахстана, 2001г. №3, с.30
42. Сведения о долях финансовых институтов в накопительной пенсионной системе на
01 января 2002г.// Рынок ценных бумаг казахстана, 2002г., №1, с.54
43. Краткий статистический ежегодник Казахстана: статистический сборник/ под редакцией
А.А.Смаилова, Алматы,2003, с.28
44. Краткий статистический ежегодник Казахстана: статистический сборник/ под редакцией
К.С.Абдиева, Алматы, 2004, с.40

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесін реформалудың теориялық
негіздері
1.1 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Нарықтық экономика жағдайындағы халықты зейнетақымен қамсыздандыру
жүйесін мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .10

1.3 Жинақтаушы зейнет ақы жүйесінің дамуының шетел
тәжірибесі ... ... ... ... 13

ІІ БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы халықты зейнетақымен қамсыздандыру
жүйесін аналитикалық бағалау.

2.1. Халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайының
анализі ... ... ... ... ... ... 18

2.2Қазақстанда зейнет ақы қорларының құрылуы мен

экономикада
пайдаланылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .29

2.3 Қазақстандағы зейнетақы қорлрының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .44

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 53

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында зейнет ақы қамтамасыз ету жүйесінің реформасы
салыстырмалы аз уақыт ішінде басталып өз дамуын алды . Жаңа зейнет ақымен
қамтамамсыз етудің жүйесі бір орында тұрып жатқан жоқ – ол үздіксіз даму
процесінің үстінде екенін атап айтқан жөн. Ұсынылған еңбекте жинақтаушы
зейнет ақы қорының не екенін біліп, оны жан-жақтан зертей аламыз.
Осындай көлемдегі зейнет ақы реформасы ТМД елдер кеңістігінде Қазақстан
Республикасында бірінші жүргізілді. Қазіргі кезде де ТМД мен Балтық
елдерінің мемлекеттерінің бірде-біреуінде зейнет ақымен қамтамасыз етудің
осындай реформасы әлі іске асқан жоқ.
Осы дипломдық жұмыстың тақырыбы зерттеушіні өзінің жаңалығы мен
жылдамдығымен және зерттеу ойының кеңістігінің үлкендігімен қызықтырады, ол
терең ойлануға, соның ішінде, өз кәрілігіңді зейнет ақымен қамтамасыз ету
жөнінде толғануға мүмкіндік береді.
Соныме қатар, осы дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тек
қызықтығымен шектелмейді, олар тағы қазіргі таңда өте актуалды. Ұсынылған
еңбектің тақырыбының үлкен актуалдығы бірінші кезекте зейнет ақымен
қамтамасыз ету мәселесінің зор әлеуметтік маңыздылығымен көрінеді.
Зейнет ақымен қамтамасыз етудің деңгейі мен саласы республика халқының
экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құрамдас бөлігі.
Ауқатты кәрілікті материалды жағынан қамтамасыз ету мәселесі әлемнің
барлық елдеріне актуалды, бұның ішіне экономикалық жағынан жағдайы жақсы
елдер де кіреді. Бұл халықтың жалпы санының ішінде қарт азаматтардың үлес
салмағының табиғи өсуімен байланысты, ал бұл мемлекет пен азамат, жұмыс
беруші мен жұмысшы, ата-ана мен баланың және т.б. әлеуметтік және
экономикалық қарым-қатынастарының эволюциясының нәтижесінде болған нәрсе.
Ұсынылған дипломдық жұмыс алдымен оқырманды Қазақстан Республикасында
зейнет ақы жүйесін реформалаудың теориялық негіздерімен, ал екінші бөлімде
Қазақстан экономикасында зейнет ақы қорларының даму жағдайымен таныстырады.
Жоғарыда көрсетілгеннен осы дипломдық жұмыстың мақсаты шығады. Ол –
теориялық асепектіде және Қазақстан мысалында зейнет ақы қорларын зерттеп
оқу.
Қойылған мақсаттан келесі жұмыс мәселелері туындайды:
1) Зейнет ақы активтерін басқарудың мәні мен функциясын танып білу
2) Зейнет ақы активтерін басқару механизмін сипаттау
3) Қазақстан Республикасында зейнет ақы салымдарының қалыптасу процессі мен
даму мәселелерін қарастыру.
4) Қаржы нарығында зейнет ақы активтерінің рөлін анықтау және олардың
тиімділігін бағалау.
5) Қазақстан Республикасында зейнет ақы активтерінің даму бағыттарын
айқындау.

1. ҚазаҚстан Республикасында ЗЕЙНЕТ АҚЫ жҮйесін РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі
бағыттары

1998 жылы Қазақстан зейнетақы жүйесін реформалауға және ұрпақтардың
ынтымақтастығы әлеуметтік қағидатынан дербес зейнетақы жинақтары қағидатына
кезең-кезеңімен өтуді жүзеге асыруға кірісті. Әлеуметтік қамсыздандыру
жүйелері қызмет етуінің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып жүргізілген
реформа нәтижесінде Қазақстанда базалық, міндетті (ынтымақты және
жинақтаушы) және ерікті зейнетақымен қамсыздандыру деңгейлерінен тұратын
көпдеңгейлі жүйе құрылып, қызмет көрсетеді;
- тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму негізінде зейнетақы бағдарламасын
қаржыландыру арттырылды. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері үздіксіз өсірілді.
14 жыл ішінде (1998-2012 жылдар) ең төменгі зейнетақы мөлшері 11 есеге
(2 440 теңгеден 26 211 теңгеге дейін) артты, орташа зейнетақы – 10 есеге
(3 964 теңгеден 38 765 теңгеге дейін), ең жоғарғысы – 7 есеге (7256-дан
56047 теңгеге дейін) артты.
- жинақтаушы жүйені енгізу және қызмет етуінің практикалық іс тәжірибесі
жинақталды;
- азаматтардың зейнетақы жинақтары өсуде. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай
бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 3183,2 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақының орташа
мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қосқанда) 41912 теңгені құрайды немесе
жалпы экономика бойынша орташа айлық жалақының 40% асады.
Келешекте ынтымақты жүйеден зейнетақы төлемдерінің мөлшері азаятын болады
(азаматтардың 1.01.1998 ж. дейін жинақталған еңбек стажы азаюына
байланысты). Бұл азаю жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін төлемдермен
өтелетін болады деп көзделген.
Алайда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ұзақ қызмет етпеуі зейнетақымен
қамсыздандырудың әлеуметтік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты, Мемлекет басшысы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан
халқына Жолдауына және ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген
отырысында ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкіне жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан
әрі дамыту шараларын қабылдауды тапсырды.
Қазіргі кезде ҚР базалық , міндетті және ерікті деңгейден тұратын
көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі қызмет етеді.
Базалық денгейде-зейнеткер жасына жеткен адамдарға базалық зейнетақы
төлемі (БЗТ) төленеді. Ол еңбек стажына және бұрын алған табысына
қарамастан, баршаға бірдей мөлшерде белгіленеді.
Міндетті денгейде - зейнеткерлерге бюджеттен ынтымақты (еңбек)
зейнетақы және жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақтаушы зейнетақы
төленеді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өткен кезде (1998 ж.) еліміздің
азаматтары үшін оларда 01.01.1998 ж. жағдайдай бойынша кемінде 6 ай еңбек
стажы және 1995 жылдан бастап қатарынан кез келген 3 жыл үшін жалақысы
болған кезде бюджеттен ынтымақты зейнетақы алу құқығы сақталды. Толық
зейнетақы тағайындау үшін міндетті еңбек стажы әйелдер үшін 20 жылды және
ерлер үшін 25 жылды құрайды.
Зейнетке шығар кезде еңбек өтілі болып, бірақ белгілі бір себептермен
табысы туралы мәліметтерді тапсыра алмаған жағдайда ең төмен зейнетақы
тағайындалады (ағымдағы жылы 19066 теңге).
Белгіленген жағдайларға қарай ынтымақты зейнетақыны тағайындау және
төлеу шамамен 2043 жылға дейін сақталады.
Алайда, әйелдер үшін 2018 жылдан бастап, ерлер үшін 2023 жылдан
бастап зейнетақыны есептеуге ұсынылатын еңбек өтілінің қысқаруына
байланысты зейнетақы толық емес және үнемі азайып отыратын мөлшерде
тағайындалатын болады.
Анықтама үшін: ынтымақты зейнетақы 2012 жылы тағайындалған ынтымақты
зейнетақы алушылардың саны 104 мың адамды құрады. Оның ішінде 91,2 мың
адамға зейнетақы толық мөлшерде, ал 12,7 мың адамға (жалпы санынан 12% )
толық емес мөлшерде тағайындалған.
ЖЗҚ төленетін жинақталған зейнетақы жалақыдан 10% мөлшерде міндетті
зейнетақы аударымдарын жүзеге асырған жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
қатысушыларына төленеді.
Зейнетақы жинақтарының мөлшері зейнетке шыққаннан кейін 18 жыл ішінде
(халықаралық стандарт) зейнетақы төлемдерін ең төмен мөлшерде зейнетақы
төлеуге жететін болса, әйелдер 50 жаста, ал ерлер 55 жаста зейнетақы алуға
құқылы.
Егер жинақтың мөлшері аз болса, жинақтау жүйесінің қатысушылары
өздерінің жинақтарын аннуитет (сақтандыру) компаниясына ауыстырумен
зейнетақы аннуитетін сатып ала алады. Зейнетақы аннуитетінің иесіне
зейнеткер қайтыс болған жағдайда мирасқорлық құқығынсыз ең төмен зейнетақы
мөлшерінде өмірлік зейнетақыға кепілдік беріледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан және сақтандыру компаниясынан
(аннуитет бойынша) төленетін төлемдер арасындағы айырмашылық ЖЗҚ төленетін
төлемдер мирасқорлық құқығын бере отырып, сол құқық аяқталғанға дейін, ал
екінші жағдайда – өмір бойы мирасқорлық құқығынсыз жүзеге асырылуынан
тұрады.
Қазіргі кезде зейнетақы жинақтарының орташа мөлшері 376 мың теңгені
құрайды. Зейнетақы төлемдері орташа 4000 теңге мөлшерімен (тұтастай
экономика бойынша орташа айлық жалақыдан шамамен 3-6%) шамамен 901 мың
зейнеткерге төленді.
Сарапшылардың есебі бойынша кемінде 30 жыл жинақтаушы зейнетақы
жүйесіне қатысу өтілі болған және зейнетақы жарналарын тұрақты аударған
(жылына 12 рет) кезде барабар зейнетақы (жалақыдан кемінде 40% шердмөле)
алуға болады. Осындай стандарттармен салыстырғанда жинақтаушы зейнетақы
жүйесінен төленетін бұрынғы төлемдер аз, бұл екі түрлі себеппен:
жүйенің сәйкесінше жас болуы (оған небары 15-ақ жыл) және
зейнетақы жинақтарының инвестициялық табыстылығының төмен болуымен
түсіндіріледі.
Бірінші себепке келетін болсақ, онда уақыт жүйені кемелділікке
әкеледі, екінші кедергі күрделілеу және ол сақталған жағдайда, осылайша
болашақ зейнеткерлердің зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне теріс әсер ететін
болады.
Басқаша айтқанда – зейнетақы активтерін тиімді орналастыру және
олардың табыстылығын арттыруға қажетті жағдайлар жасау есебінен жинақтаушы
зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру – уақыт бұйрығы.
Қазақстанда зейнетақы жүйесін жаңғырту бір жағынан, ол болған уақытта
макроэкономикалық жағдайлардың өзгеруімен
екінші жағынан - ынтымақты зейнетақы жүйесінің ауысуымен байланысты
зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі алдағы өзгерістермен байланысты.
Жұмыспен қамту серпінділігі, оның ішінде әйелдерді жұмыспен қамту ЖЗЖ
дамуына әсер ететін факторлардың бірі болып табылады. Егер 1998 жылы
халықты жұмыспен қамту деңгейі экономикалық белсенді халықтан 86,9% құраса,
бүгінде ол 94,7 % тең, ал абсолюттік әлпетте жұмыспен қамтылған халық саны
осы кезеңде 2,4 млн. артты және 8,5% млн. адамды құрайды.
Жұмыспен қамтылған халықтың табысы да артты. Бір қызметкердің орташа
айлық жалақысы экономика бойынша соңғы 15 жылда 8 есеге артты және ағымдағы
жылғы ақпанда 98 736 теңгені құрады.
Егер 2001 жылға қарай жинақтаушы зейнетақы жүйесіне шамамен 3 млн.
жұмыспен қамтылған адам қатысып, олардың ЖЗҚ зейнетақы аударымдары 53
млрд. теңгені құраса, 2012 жылы белсенді қатысушылардың саны 5,7 млн.
адамға, ал зейнетақы аударымдары 507 млрд. теңгеге жетті.
Қазіргі кезде жылына кемінде бір рет МЗЖ аударатын шамамен 50% өз
бетінше жұмыспен айналысатын халық ЖЗЖ қатысушысы болып табылады.
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы
мөлшері 3,2 трлн. құрады, алайда, зейнетақы жинақтарының орташа мөлшері бір
қатысушыға небары 376 мың теңге.
2018 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің енгізгеніне 20 жыл толады.
Осы уақытта зейнеткер жасына жеткен зейнетақы жүйесіне қатысушылардың
олардың жүйеге қатысу өтіліне және зейнетақы аударымдарын жүзеге асырған
табыстарына барабар зейнетақы алуға құқығы бар. Осындай жағдайда 20 жаста
ЖЗҚ төленетін жаңа зейнетақы төлемдеріне қатысу өтілі болған кезде толық
ынтымақты зейнетақы тағайындау тәртібі қолданатын ойлау инерциясы да
сақталады.
Өкінішке орай, ЖЗҚ төленетін зейнетақы төлемдерінің деңгейі ағымдағы
жылдың басында экономика бойынша ОАЖ шамамен 4% ғана құрады. Қалыптасқан
жағдайдың себептері зейнетақы жүйесінің жетілдірілмеуі шеңберінен шығады.
Бұрынғы табыстарын алмастырудың осынша төмен деңгейі көбінесе қор
нарығының дамымағандығына және зейнетақы активтерін тиімді инвестициялау
мүмкіндіктерінің шектелуіне негізделген.
Қазақстанның дамыған қор нарығы қабылдауға және зейнетақы активтері
өспелі ағымын тиімді орналастыруға дайын болмай шықты (МЗЖ жыл сайынғы
сомасы шамамен 2,5 млрд. АҚШ $құрайды).
Қолданыстағы шектеу зейнетақы активтерін инвестициялық пайдалануда
минималды қатермен, бірақ инфляция деңгейінен төмен табыстылықпен
байланысты мемлекеттік құнды қағаздарға (ағымдағы жылдың басында 45,3%)
салу қайта иемденуге әкелді.
Анықтама үшін: Латын Америкасы елдерінде (Чили, Бразилия, Аргентина) ЖЗЖ
қызмет еткен алғашқы жылдары салушылардың зейнетақы активтері
инфрақұрылымдық жобаларда – аэропорттар, автомобиль және темір жолдар,
теңіз порттарын салуға инвестицияланды, 10-15 жыл ішінде олардың құнының
орны толтырылды.
инвестициялық портфельдерді әртараптандыруға жеткілікті ынта
болмаған, ЖЗҚ пайдаланылған инвестициялық стратегиялар да аяқталмаған болып
қалды.
Зейнетақымен қамсыздандырудың ынтымақты жүйесін ауыстыруға қатысты
Ол уақытқа дейін зейнеткер болғандарға және зейнеткер жасына жеткен
және 1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек өтілі бар (кемінде 6 ай) адамдар үшін ЖЗЖ-
ға қалыпты көшуді қамтамасыз ету үшін ынтымақты жүйе сақталғанын атап өткен
жөн.
Бұл ретте толық зейнетақы тағайындау үшін әйелдер үшін 20 жыл, ерлер
үшін 25 жыл міндетті еңбек өтілі белгіленді.
1998 жылдан бастап ынтымақты зейнетақы 930 мың адамға (зейнеткерлердің
жалпы санынан 53%) тағайындалды, олардың 95% толық еңбек өтілінің бар
екенін растады, 5% толық емес еңбек өтілі бар. Соңғы жылдары толық емес
еңбек өтілі бар зейнеткерлер санының артқаны байқалады: мәселен 2006 жылмен
салыстырғанда жаңадан қосылған зейнеткерлердің жалпы санындағы олардың үлес
салмағы екі еседен артық артты: 5%-дан 12% дейін.
Ынтымақты зейнетақы мөлшерінің кемуі 2018 жылға дейін білінер-білінбес
болады, одан кейін зейнеткер жасына жеткен барлық адамдарда толық ынтымақты
зейнетақы тағайындауға қажетті еңбек өтілінің болуымен байланысты ол өте
елеулі болады.
Қазіргі кезде ынтымақты зейнетақының кемуі болжанған жинақталған
зейнетақымен емес, көбінесе базалық зейнетақымен өтеледі.
Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың мақсаты мен ерекшеліктері:
Зейнетақы төлемдерінің алдыңғы табыс пен еліміздегі өмір сүру деңгейіне
сәйкестігін қамтамасыз ету.
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Жаңғырту зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесін сақтай
отырып жүзеге асырылады. қажетті және өзара байланысты өзгерістер базалық
деңгейде жүргізілетін болады, ал міндетті деңгейде – ынтымақты және
жинақтаушы, және ерікті құрамдас бөліктерде жүргізіледі.
Өзгерістер кезең-кезеңімен кең талқылаулар және ашықтық қағидатында
жүргізіледі.
Алдағы өзгерістер тұрғындар мен зейнеткерлердің қандай топтарына
бағытталатын болады?
Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінің ерекшелігі бүкіл және әрбір
адамға қатысты болатындығында: бүгінгі зейнеткерлерді де, зейнетке шығу
құқығына әлі еңбек сіңіретіндерге де, әйелдер мен ер кісілерге; жұмыс
істейтіндер мен жұмыссыздарға, азаматтық тұрғындар мен әскерилер және т.б.
қатысты болады.
Осыған орай, алдағы өзгерістер мемлекет, жұмыс беруші және тікелей
азаматтардың арасында қарттық туындаған кезде қажетті қамтамасыз етуге
жауапкершілікті бөлуді көздейтін адам мүддесінде жүзеге асырылады.
Жаңа тәсілдер үстіртін мағынада өз бетінше жұмыспен айналысатын халықты,
әйелдерді, еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы адамдарға;
жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушыларына қатысты әзірленеді.
Зейнетақы жүйесін жаңғыртуға жауапты мемлекеттік органдар. ҚР Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру
бағыттарын әзірлеу, оларды іске асыру тетігін, іс-әрекеттерді реформалау
және түзету қорытындыларына талдау жүргізу, жаңа тәсілдердің енгізілуін
бақылауды әзірлеу бөлігіне.
ҚР Президентінің жанындағы кеңес (ҚР Үкіметінің, ХБ өкілдері, қаржылық
нарық қатысушылары мен тәуелсіз сарапшылар) – инвестициялық стратегиялар
және инвестициялауға арналған тиімді құралдарды таңдап алу жөнінде
ұсынымдар әзірлеу саласында.
ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін басқаруды және инвестициялауды,
зейнетақы активтерін басқару жөніндегі ұйымдардың инвестициялық
стратегияларды іске асыруын бақылауды жүзеге асыратын болады.
Жаңғырту бағыттары
ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілген Зейнетақымен қамсыздандыру туралы
заң жобасы шеңберінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру және
жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру көзделді.
Бұдан басқа ҚР Үкіметі жанындағы ведомоствоаралық комиссияның талқылауына
мынадай мәселелер шығарылды:
тұрғындарды ЖЗҚ қызметтерімен қамтуды кеңейту;
зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдіктері жүйесін өзгерту;
зейнетақы жасын біріздендіру;
еңбек жағдайлары ерекше жұмыстарда істейтін азаматтарды зейнетақымен
қамсыздандырудың міндетті кәсіптік жүйесінен ерікті жүйеге өту.

1.2. Нарықтық экономика жағдайындағы халықты зейнетақымен қамсыздандыру
жүйесін мемлекеттік реттеу.

Мемлекеттік зейнетақы жүйесін жеке зейнетақы жүйесіне трансформациялау
мемлекеттің қатаң және мөлшерлі бақылауынсыз мүмкін емес, себебі әрбір жеке
зейнетақы қоры өзінің ережелеріне сәйкес әрекет етеді және өзінің
құрылтайшыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейтін дербес заңды ұйымы
болып табылады, бірақта, зейнетақы қорларының қазіргі кезең қоғамы мен оның
өмірдегі ойнайтын ролін ескерсек, олардың ұлттық экономикада алатын
орынымен іс әрекеттерінің бірталай жақтарын мемлекетке қадағалау қажет.
Сонымен қатар, қордың міндеттерін анықтау әдістері мен қаржылық есеп
берулері стандартталуы мен регламентталуы, инвестициялау үшін объектілер
сапасына деген талаптар айтылып өтуі керек және т.б. Зейнетақымен
қамсыздандырудан мемлекеттің бас тартуы зейнеткерлерді экономикалық
қорғаудың тиімсіздігіне, реформалаудың либералды әдістеріне әкеліп
соқтырады. Мемлекет зейнетақылық реформаның ұйымдастырушысы мен инициаторы
болып табылады, сондықтан, ең бастысы, жекеменшік зейнетақыны қамтамасыз
етуді ұйымдастырудың іс әрекетіндегі оның реттеу аясын нақты анықтап алу
қажет. Мемлекеттің атынан әдістемелік, үйлестірушілік, мөлшерлі
шығармашылық функциялары тіркелген. Нарықтық экономикадағы зейнетақы
саясатының басты ориентирлерінің санына мемлекеттің ролі жинақтаушы
зейнетақы қорларының іс-әрекетін реттеуге бағытталған.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекеті қатаң түрде заңмен
реттеледі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушыларының – кастодиан-
банктерінің, зейнетақы активтерін басқару бойынша компанияларының және
жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекеті қатаң түрде үш мемлекеттік
реттеу органдарымен реттеледі – Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісімен, құнды қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық
комиссиясымен және жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекетін реттейтін
Комитетпен. Енді ҚР-ң Ұлттық банкісінің ішінен біртұтас бақылаушы орган
құрылған. Бұл зейнетақы жарналарының сақтығы мен зейнетақы алушылар мен
салымшылар мүддесін қорғау үшін, салымшылар бір қордан екіншісіне өздерінің
зейнетақы жарналарын еркін аудару мүмкіндігі мен олардың мақсатты емес
пайдаланылу мүмкіндігін болдырмау үшін, қорлар жұмыстарының бұқаралығы мен
ақпараттарының мөлдірлігі үшін қажет. Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі
зейнетақы қорларының іс-әрекетін реттеу бойынша департаментіне “ҚР-ң
зейнетақымен қамсыздандыру туралы” ҚР-ң заңына сәйкес өзінің әрекеттерін
іске асыратын өкілетті органының ролі берілген. Берілген органның
міндеттеріне зейнетақылық жарналарды қорғау мақсатындағы зейнетақымен
қамтамасыз етудің жинақтаушы жүйесінің тұрақты іс-әрекетін қамтамасыз ету,
жинақтаушы зейнетақы жүйесі аймағындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
және де жинақтаушы зейнетақы қорларының алымшылары мен салымшыларын қорғау
кіреді.
База заңдары немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының заңды қоршаған
ортасы уақыт өте ескіреді, ал реттеуші орган әрдайым оны қолдап отыруы
қажет. Реттеуші органнан басқа нормативті құқықтық құжаттарды әзірлеуде
қорлардың өздері де қатысады. Нормативті құқықтық актілерді дайындау
жеткілікті мөлдір жағдайларды өтеді – олар ҚР-ң халықты әлеуметтік қорғау
мен еңбек Министірлігінде, ҚР-ң әділет Министірлігінде, ҚР-ң қаржы
Министірлігінде және ҚР-ң экономика Министірлігінде келісуден өтеді, содан
кейін ғана мемлекеттік тіркеу алады. Реттеуші орган қорлармен салымшылар
мүддесі мен құқығын қорғауға негізделген зейнетақылық заңдардың қатаң
орындалуын қадағалауға міндетті. Осындай мақсатпен ол лицензиялауды және
қорлармен лицензияланған ережелердің үзіліссіз бақылауын жүзеге асыруын
іске асырады.
Тиімді бақылау мынаны рұқсат етуі керек:
- себебін уақытылы орнату мен жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақылық
заңдардың бұзылуының алдын алу;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының бар және пайда болып келе жатқан
қиыншылықтарын айқындау;
- кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша адекватты шаралар қолдану.
Техникалық қадағалау екі түрлі әдіспен іске асырылады:
- дистанционды, жинақтаушы зейнетақы қорларының есеп берулерін әрдайым
зерттеу жолымен;
- инспекционды, орындардағы іс-әрекеттерді тексеру жолымен.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекеті лицензияланған әрекеттерге
жатқызылады. Жинақтаушы зейнетақы қорларын лицензиялау зейнетақылық
төлемдерді іске асыру мен зейнетақылық салымдарды тарту бойынша әрекеттерін
мемлекеттік қадағалау мен реттеу мақсатында болады. Жинақтаушы зейнетақы
қорларының іс-әрекетін лицензиялау 1995ж. 1 ақпанына №2200 “Лицензиялау
туралы” ҚР-ң заңымен және сәйкес нормативті-құқықтық актілермен реттеледі.
Дистанционды бақылау жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайынғы, квартал
сайынғы және жыл сайынғы есеп беруіне негізделеді. Жинақтаушы зейнетақы
қорларының есеп берулер жүйесінің негізін қаржылық есеп беру формасында
берілген бухгалтерлік ақпарат құрайды:
- өз қаражаттарына бухгалтерлік баланс;
- қаржылық-шаруашылық іс-әрекеттерінінің нәтижесі туралы есеп беру;
- өз қаражаттары бойынша ақша қозғалысы туралы есеп беру;
- айналыстан тыс активтердің қозғалысы туралы есеп беру;
- өз капиталының қозғалысы туралы есеп беру;
- зейнетақылық жинақтаулар қозғалысы туралы есеп беру;
- жекеменшік зейнетақы активтері туралы есеп беру;
- жекеменшік активтердің өзгерістері туралы есеп беру.
Дистанционды бақылау инвестициялық табыс пен зейнетақы салымдарынан
комиссиондық сыйақыларды аударуды тексерулер, зейнетақылық жинақтаулардың
қозғалысын анализдеу жолымен іске асырылады. Жинақтаушы зейнетақы
қорларының қаржылық инвестициялары тексеріледі (екінші деңгейлі банктер
депозиттеріндегі зейнетақы жарналарын орналастыру мен басқа да қаржылық
құрал-жабдықтардың заңдылығы). Инспекторлық тексерулердің міндеттері –
болашақтағы қорлар жұмысындағы қиыншылықтардың туындау ықтималдылығы мен
нақты кездегі олардың іс-әрекеттерін нақты бағалау жолымен жинақтаушы
зейнетақы қорлары жағынан мүмкін бұзушылықтардың алдын алу.
Зерттеулер Қазақстанда реформаларды іске асыру біріншіден қаржылық, ал
содан кейін ғана әлеуметтік мақсатарға жетуді көздейді деген тұжырым
жасауға мүмкіндік береді.
2002ж. 27 шілдесінен ҚР-ң Үкіметінің қаулысымен мақұлданған №886 ҚР-ң
халқын әлеуметтік қорғау Концепциясы әрекет етіп тұрған әлеуметтік қорғау
жүйесін жетілдіруге негізделген. Концепциямен халықты әлеуметтік қорғау
жүйесін жетілдіру бойынша екі кезеңді шаралар жүргізу қарастырылған.
Бірінші кезең 2001-2002ж., ал екінші кезең 2003-2005ж. бөлінген. Жинақтаушы
зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер бірінші кезеңде шешілулері керек.
Зейнетақы активтері шеттен алып пайдаланудың ішкі қайнар көзі болып
табылады. Бұл ұзақ мерзімді қарызды қаражаттар мемлекетпен отандық тауар
өндірушілерді қолдауға бағытталуы қажет. Бұл үшін жинақтаушы зейнетақы
қорларының қарыздық қаражаттары есебінен бюджет арқылы нақты ғылыми сыйымды
инвестициялық проектілерді іске асыруды қарастыру қажет. Яғни, үкімет
зейнетақы қорларынан қарызға ақша алады да, оны отандық проектілер мен
бағдарламаларды іске асыруға жұмсайды. Және де зейнетақы қорларына
қаражаттардың қайтарылуы бюджетпен кепілденеді.
Зейнетақы жүйесінің дамуы үшін негізгі әлеуметтік субъектілердің
(жұмыс берушілер, қызметкерлер мен мемлекет) мақсатты функциялары
қатынастардың нарықтық типіне келуі керек.
Зейнетақы нарығының ірі проблемаларының бірі болып ең бастысы салымшылардың
пассивтілігі болып табылады, олардың көбі әлі де зейнетақы жарналарын “өз”
ақшалары ретінде қарастырмайды. Мемлекетпен қатар зейнетақы жүйесіндегі
тәртіп пен ұйымдастыруды қызметкерлердің өздері мен жұмыс берушілер де
қамтамасыз етуге шақырылған. Зейнетақы салымдарының персонифицирленген есеп
жүргізілуі бұл бағыттағы алғашқы және маңызды қадам. Және де сенімді,
табысты, тартымты зейнетақы бағдарламаларын (схемаларын) құру қажет,
осылайша міндетті зейнетақы салымдарының мөлшерін қайта қарастыру, тез
арада қажетті резервтерді құру мен зейнетақы қорларының табысты бөлігін
толтырудағы еңбекке қабілетті халықтың қатысу бөлігін ұлғайту болып
табылады. Сонымен қатар, зейнетақы қорларының табысын құрудағы кәсіпкерлік
іс-әрекет пен индивидуалды еңбекпен қамтылған тұлғалар бөлігін ұлғайту. Бұл
категория үлкен және тез ұлғаюда, бірақта оның өкілдері не салымдарды
жасамайды, не өте аз мөлшерлерде жасайды.
Осылайша, берілген материал қазіргі жағдайдағы зейнетақы реформаларын
жүргізуге мемлекеттік әсердің мазмұны мен негізгі бағыттарын анықтауға
мүмкіндік береді.

1.3 Жинақтаушы зейнет ақы жүйесінің дамуының шетел
тәжірибесі

Радикалды экономикалық реформаға кірісе отырып шығыс еуропа елдері
әлеуметтік еңбек схемасына көз-қарасты өзгерту қажеттілігін түсініп отырды.
Өмір деңгейінің күрт төмендеуіне байланысты әлеуметтік наразылықтың ұлғайу
мүмкіндігінен әлеуметтік саясаттың тиімді және салықты болуы қажет еді.
Барлық дерлік әлем елдерінде демографиялық процестер жұмысшылар саны
зейнеткерлер санына жақындағанына алып келді, ол бұл экономикалық және
әлеуметтік тәуекелді шиеленістіреді.
Мемлекеттік зейнет ақылар үкіметтің мойнына ілінді, Жұ¤-гі зейнет ақы
мөлшері әлі өсуде.
ОЭСР болжамы бойынша Францияда активті халықтың жалпы санындағы (15-
65жас) 65 жастан жоғары тұлғалардың үлесі 1990 жылы 20,9%-дан 2010 жылы
24.5% және 2040 жылы 38,2%-ға дейін өседі. Бұндай бағыт басқа елдерге де
тән: 2040 жылға Италияда 41,1%, Нидерланды – 42%, Германияда 48,5%,
ұлыбританияда – 33,1%.
Бір зейнеткерге шаққандағы жұмысшылар саны ақырандап төмендеп келе
жатыр, сөйтіп бүгінгі таңда Жапонияда – 2,6, АҚШ – 2,5, Францияда - 2,5,
Германияда – 2,4, Швецияда – 2,1, Ресейде – 1,8.
Басқа еледрдің экономикасында зейнет ақымен қамтамасыздандырудың даму
тарихы бойынша келесі моменттерді атап кетуге болады. Зейнет ақы ретінде
мемлекетпен кепілденген бірінғай минималды табыспен қамтамасыз ету идеясы
II Дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды және Берверидж деген атқа ие
болды. ұлыбританияда ол 1946 жылы қолданыла бастады. АҚШ-та кейбір фирмалар
зейнет ақымен қамтамасыз етуді ғасыр басында енгізген, бірақ шынайы кең
масштабты зейнет ақы төлемдерінің басы 1949 жылы қаланды, бұл кезде
қорғасын құюшылар кәсіподағы қорғасын құю компанилардың контрактісіне
зейнет ақы жөнінде пунктті қосуына қол жеткізді. Бұл мысалға басқа да
солалар ере бастады, сөйтіп зейнет ақымен қамтамасыз ету тең прогрессивті
өсе бастады. Көбіне компания қызметкерлер зейнетке шыққаннан кейін белгілі
бір төлемдер төлеуге міндеттенеді. Бұндай зейнет ақы төлемдері фирмалардың
міндеттемелері болып табылады, ал жұмыс беруші зейнет ақы қорын құруға және
қажетті көлемде зейнет ақыны төлеу үшін жеткілікті құралдарға ие болу үшін
жыл сайын қордан аударымдар жасауға міндетті.
Сонымен, шетел мемлекеттерінің зейнет ақы жүйелері өзінің әлсіздігі мен
шектеулігін көрсетті. Қаржылық қиыншылықтардан және халықтың қартаюымен
байланысты, проблеманы шешу мүмкіндігінің жоқтығынан басқа бұл жүйенің
кемшіліктері ол әлеуметтік иждивенттікті және елдегі жалпы жинақтар
деңгейіне кері әсерін күшейтеді, себебі азаматтар мемлекеттік зейнет ақыға
үміттеніп, болашаққа ақша жинауға ынтасы болмайды. Сонымен қатар, экономика
ғылым кандидаты, РҒА аға қызметкері Л. Зубченко атап айтқандай,
экономикалық қиындықтардың шиеленісуі кезінде үкімет зейнет ақы мөлшерін әр
түрлі шаралар арқылы шектеуге тырысады. Бұның орын алу себебі мемлекеттік
жүйенің монопольді болуы, осыдан зейнеткерлердің таңдау құқы болмайды.
Мұндай әлеуметтік-экономикалық жағдай көптеген елдерді іске асып жатқан
зейнет ақымен қамтамасыз етудің либералды моделі деп аталатын элементтер
жүйесін еңгізуіне алып келді. Ол капитализация немесе сақтандыру принципіне
негізделген, болашақтағы зейнеткерлер өзінің активті өмірі бойы жинақтаушы
зейнет ақы салмдар салады. Мемлекет әлеуметтік зейнет салымдар салады.
Мемлекет әлеуметтік зейнет ақыларды тек жағдайы нашарларға ғана төлейді.
Зейнет ақы жүйелерінің әлемдік дағдарысының салдары келесі сипаттамаға
тән:
1) өсіп тұратын дефицит
2) аударымдар мен күтілетін зейнет ақы төлемдері арасындағы әлсіз
байланыс
3) салым мөлшерінің өсуі
4) жәрдем ақы мен зейнет ақы көлемінің қысқаруы
5) аударымдар мен зейнет ақы төлемдерінің тұрақсыздығы
6) тиімсіз мемлекеттік реттеу, әлсіз бөлу жүйесі
7) әлеуметтік наразылық.
Халықты әлеуметтік қамтамасыз етудің бұндай жағдайы мәнді және
макроэкономикалық проблемалардың пайда болуына алып келді.
Кез-келген ел азаматын зейнет ақымен қамтамасыз ету жүйесінің алдында
келесі мәселелер тұрады:
1) зейнет жасына жеткен әр бір азаматқа әлеуметтік минималды төлем
деңгейінде жәрдем ақы қамтамасыз ету
2) әр-бір жұмысшыға қосымша зейнет ақы құралдар жинақтауға мүмкіндік
беру, және соңғы нәтеже табыс деңгейінің бейнесі болып табылу керек
3) жағымды салық шарттарының көөмегімен әлеуметтік қмтамасыз ету
бойынша әр түрлі қызметкерді сатып алу мүмкіндігін.
Шетел мемлекеттерінің зейнет ақы жүйесінің дамуының жаңа бағыттарын реформа
сипаты бойынша сипаттауға болады:
1. Радикалды реформалар: ескі қоғамдық бөлу жүйесін индивидуалды зейнет
ақы жоспарлар жүйесіне ауыстырудан тұрады. Ол жеке меншік және
міндетті болып табылады. Буған Баливия, Чили, Сальвадор, Мексика
елдерін мысалға келтіруге болады.
2. Аралық реформалар: міндетті жеке жинақтаулар жүйесін қоғамдық бөлу
жүйесімен үйлестіріп дамыту. Мысалы: Аргентина, Колумбия, Внгрия,
Перу, Польша, Уругвай.
3. Басқа реформалар: радикалды реформаларсыз мамандық бойынша зейнет
ақы реформалар жүйесін және қоғамдық бөлу жүйесінің ауыртпашылығын
жұмсарту мақсатында еркін жинақтарды күшейткен елдер. Мысалы:
Австрия, Бразилия, Коста-Рика, США, Испания, Ресей, ұлыбритания,
Швейцария. 8
Жоғарыда аталған зейнет ақымен қамтамасыз ету жүйесінің мәселелерін
шешу, ең алдымен зейнет ақымен қамтамасыз ету жөніндегі бағдармалар мен
заңдарды жүзеге асыру арқылы іске асады.
Мысалы Францияда әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асуда,
одан басқа 1972 жылы бастап еңбек келісімдірінде міндетті түрде енгізілетін
қосымша зейнет ақы бағдарламасы бар. ұлыбританияда 1978 жылы бастап, жал
ақы көлемімен зейнет ақы көлемін байланыстыратын зейнет ақы қамтамасыз
етудің мемлекеттік бағдарламасы іске асады.
Шетел мемлекеттік емес әлеуметтік бағдарламалардың қазіргі құрылымын
келесі түрде көруге болады:
1) белгілі бір кәсіпорын шегіндегі құрылған бағдарлама
2) сала деңгейінде іске асатын бағдарлама
3) жалпы ұлттық масштабта.
Бірінші түрдегі бағдарлама барлық елде кездеседі, бірақ олар АҚШ-та,
Канадада, ұлыбританияда, Жапонияда көбірек тараған. Салалық бағдарламалар
Франция Бельгиямен Голландияға тән. ¤ндірістік зейнет ақы қамтамасыз ету
ұлттық масштабта Скандинавия елдерінде қолданылады, бұл жерде Жалпы ұлттық
деңгейде орталық зейнет ақы қорлары құрылған.
Әртүрлі елдердегі зейнет ақы қорларының ұйымдастыру-құқықтық нысандары
да түрлі. Мысалы АҚШ, Ирландия және ұлыбритания зейнет ақы қорлары көбіне
активтермен сенім хат арқылы басқару жүргізетін траст компаниялар нысанында
құрылады: Нидерландыда, Швейцарияда, Бельгия мен Португалияда құратын
кәсіпорынды заң жүзінде тәуелсіз акционерлік компанилармен ассоциациялар
нысанында; Германияда көптеген кәсіпорындар өз жұмысшыларын зейнет ақымен
қамтамасыз ету мақсатында арнайы резервтік шоттар, сонымен қатар автономды
зейнет ақы кассалары немесе көмек қорлары құрылады. Әр түрлі елдердегі
зейнет ақы жүйелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерінің бірі зейнет ақы
қорытындыға млрд.долл. активтер көлемі, оснымен қатар бір адамға шаққандағы
Жұ¤-нің зейнет ақы активтерінің %-к үлес салмағы. Жекеленген елдердің
зейнет ақы қор активтер көлемі және ұлттық экономикадағы олардың алатын
орны 1 кестеде көрсетілген.
Соңғы жылдарда зейнет ақы қор активтерінің орта жылдық өсу қарқыны
барлық айтылған елдерде жоғары болы: көп елдерде олар 7-11%-ды құрады,
соның ішінде АҚШ – 12%, ұлыбритания - 16%, Нидерланды – 15,6%.
Қазақстанда Құнды қағаз бойынша ұлттық Комиссияның Есебінің мәліметтері
бойынша 1999 жылы 1 қантарына зейнет ақы қорларының
активтер көлемі 23527734,0 мың теңгеден тұрды, оның ішінде мемлекеттік емес
зейнет ақы қорларының активтері – 5581047,4 мың теңге. Инвестициялық табыс
үлесі 1998 жылы 6,79%-н, 1999 жылы – 13,13%-ға өсіп тұр.

Кесте 1. 2001 жылы ОЭСР елдеріндегі зейнет ақы
қор активтерінің көлемі*

Ел Активтер, млрд. Активтер, % Жұ¤ Жан басына
долл. шаққандағы
активтер
АКШ 2908 49 12
Япония 1752 42 14
Великобритания 726 77 13
Германия 254 15 3
Нидерланды 216 68 14
Швейцария 195 83 28
Канада 162 29 6
Австралия 122 43 7
Швеция 62 25 7
Норвегия 31 27 7
Ирландия 14 28 4
Бельгия 6 3 1
Португалия 2 3 -

Осыдан, зейнет ақы активтер көлемі мен олардың активті халық бөлігін
қамту көрсеткіштеріндегі ел арасындағы айырмашылық келесі себептермен
анықталады: қорға міндетті емес қатысу, кәсіпорын көлемі (ірі кәсіпорында
жұмыс істейтіндер зейнет ақы бағдарламаларымен көбірек қамтылған), белгілі
бір салаға жатқызылуы, жұмысшалардың әлеуметтік-кәсіби және жиынтық
құрылымы (әйел адамға қарағанда, ер адамның зейнет ақы бағдарламаларына
қатысуға ынтасы көбірек), кәсіпорынның жеке немесе мемлекеттік секторға
жатқызылуы (соңғысында жұмыс істейтіндер зейнет ақы бағдарламасымен көбірек
қамтылған).
ОЭСР елдеріндегі зейнет ақы қоры активтерінің тез өсу факторының ішінен
мамандар келісін атап көрсетеді:
1) олардың қатысушыларына берілетін салық жеңілдіктері,
2) өз активтер орналастыратын кезде қорға арналған жеңілдіктер,
3) қаржы нарықтарында операциялардың табыстылық деңгейінің салыстырмалы
жоғарлығы.
Көптеген елдерде жекешелендіру процесстерін қаржыландыру үшін зейнет
ақы қорлары қаржы көзі болып табылады. Мемлекеттік зейнет ақымен қамтамасыз
ету бағдарламасын осы еледердің үкіметтің алдын ала салынған салымдарына
негізделген, жеке меншік зейнет ақы бағдарламамен ауыстырып, ірі капитал
қорларын жаңадан жекешелендірілген компаниялардың ақшаларын сатып алу үшін
құрады.
Жеке инвесторлар құқықтарын кеңейту жеке меншік зейнет ақымен
қамтамасыз ету бағдарламасына салымдардың өсуіне және ұжымды инвестиция
нарығының активтенуіне оң ықпалын тигізеді. Салым салушының құқықтарын
кеңейту салдары АҚШ-тағы тұрақты зейнет ақыны төлеуді көздейтін
бағдарламадан, инвестордың зейнетке дейінгі салымдардан сәйкес табысына
қарай негізделген зейнет ақы төлеу бағдарламасына көшу болып табылады.
Зейнет ақы және бірлескен қорлар тәжірибесі шетел капитал құюдан табыстар
өсуі мүмкін, ал егер құнды қағаз портфельдерін нарыққа дұрыс орналастырсақ
инвестициялық тәуекел мөлшері азаятынын көрсетіп тұр.
Англия, Германия, Канада, Жапония, АҚШ және басқа да кейбір дамушы
елдер шетел құнды қағаз нарықтарына шыға отырып үлкен пайда алды.
Чилидегідей Қазақстандағы басқару компаниялары коммерциялық ұйым
ретінде құрылады, яғни осы құрған құрылтайшылардың мақсаты – табыс табу.
Компаниялар акционерлік қоғам ретінде құрылады. Чилидің зейнет ақы компания
басқарушылары резервті қор ретінде барлық зейнет ақы қорының 1%
эквивалентті сомманы инвестициялауға міндетті. Қазақстанда басқаруға
қабылданған зейнет ақы активтері бойынша міндеттемелерді дер кезінде іске
асыруды қамтамасыз ету үшін зейнет ақы активтерін басқару Компаниясы да
негізгі және резервті капитал құрады. Резервті капитал өз қаражаттар
есебінен құрылады және басқаруға қабылданған зейнет ақы активтерінің өсуіне
пропорционалды ұлғайту керек. Негізгі резервті капитал қойылым мөлшері
зейнет ақы активтер көлеміне байланысты және 0,25 тен 0,1%-ды құрайды.
қосымша резервті капитал қызмет көрсетуінің тек 2 жылында құрылады және
компания үлкен табыс алғанда зейнет ақы активтерін басқару Компаниясы үшін
пруденциалды нормативтер туралы Қаулы қолданылады.
2 Қазақстан Республикасындағы халықты зейнетақымен
қамсыздандыру жүйесін аналитикалық бағалау.

2.1 Халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайының анализі.

Қазақстан тәуелсіз болғалы бері жүргізілген ұйымдастырушылық
түрлендірілулердің негізгі мақсаты болып нарықтық институттар және оларға
сәйкес әлеуметтік - экономикалық дамуды реттеудің әдістері мен формаларын
құруға бағытталған күш – жігер табылады. Сонымен қатар, халықты әлеуметтік
қамсыздандырудың қажетті деңгейін қолдаумен байланысты әлеуметтік
аспектілер толығымен қарастырылмаған.
Жұмыс бастылық проблемаларын, әлеуметтік міндеттерін шешу мен халықтың
әлеуметтік қорғанбаған қабатының жағдайын жақсарту үшін зейнетақы реформасы
жүргізілген болатын. Берілген міндеттерді шешудің оңтайлығы мемлекеттің
жалпы экономикасының әлеуметтік - экономикалық жағдайына әсерін тигізді.
Статистикалық берілімдерден көруімізше, экономикалық белсенді халық
саны жұмыс бастылармен қатар экономикада өсіп отыр. Бұл фактіні жинақтаушы
зейнетақы қорларының алдында тұрған міндеттерді шешу үшін оңтайлы деп
айтуға болады, өйткені әрбір жұмысшы өзінің жалақысының есебінен өзінің
зейнетақысын қамтамасыз етеді (Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның
22-1 бабы).
2002 жылы 2000 жылмен салыстырғанда экономикалық белсенді халықтың
саны 76400 адамға өсті, жұмыс бастылар саны – 234300 адамға өсті. Сонымен
қатар, егер өзімен-өзі жұмысбасты жұмыскерлердің саны төмендесе (2002 жылы
2000 жылмен салыстырғанда 9200 адамға), онда бұл кезең аралығында жалдамалы
жұмысшылар саны өседі (43500 адамға). Жұмыссыздар мен жұмыссыздықтың
деңгейі (157900 адамға немесе 2,3%-ке) төмендеді.
Берілген жағдай жинақтаушы зейнетақы жүйесі үшін оңтайлы болып көрінеді.
2002 жылғы Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігінің
материалдарына сәйкес, 15 жастан жоғары экономикалық белсенді халықтың саны
7,4 млн. адамнан, 2003ж.-7,6 млн. адамнан, 2004ж.-7,8 млн. адамнан асқан,
олардың ішінде экономикада жұмыспен қамтылғандар – 6,7 млн. адам, 2003ж.-
6,98 млн. адам, 2004ж.-7,18 млн. адам, бұл алдыңғы жылдарға қарағанда 10,7
мың адамға көп (0,2%). Жұмыссыздар саны 690,7 мың адамды, 2003ж.-672,1 мың
адамды, 2004ж.-668,2 мың адамды құрады, бұл 2001 жылға қарағанда 88,5 мың
адам немесе 11,3%-ке аз. Жұмыссыздық деңгейі 2002 жылдағы 9,3%-ке қарсы
8,8%-ті құрады. ҚР-ң Еңбек пен әлеуметтік қорғау министірлігінің
материалдары бойынша 2002ж. уәкілді құрылымдарына жұмысбастылық сұрақтары
бойынша жұмыс іздеп жүрген 362,8 мың адам өтініш білдірген, бұл 2001ж.
қарағанда 30 мың адамға көп (0,9%). Жұмыссыздар есебіндегі жұмыспен қамту
органдарының есебінде тұрған азаматтардың саны 2002 ж. желтоқсанының аяғына
193,7 мың адамды құрайды, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 9,6 мың адамға аз
(4,7%) және 2001ж. желтоқсанының аяғына қарағанда 22,4 мың адамға аз
(10,4%).
№1 кесте. Еңбекке қабілетті жастағы экономикалық белсенді мен белсенді емес
халық саны*
Көрсеткіштер 2000 2001 2002 2003 2004
1 2 3 4 5 6
Экономикалық белсенді 7107,4 7479,1 7399,77657,3 7840,6
халық,
соның ішінде:
Экономикадағы жұмыспен 6201,0 6698,8 6708,9 6985,2 7181,8
қамтылғандар 3504,4 3863,3 4030,2 4229,6 4469,9
жалдамалы жұмысшылар
өз бетінше жұмыспен 2696,6 2835,5 2678,7 2755,6 2711,9
қамтылғандар 906,4 780,3 690,7 672,1 668,2
жұмыссыздар
жұмыссыздық деңгейі, 12,8 10,4 9,3 8,8 8,4
процентпен алғанда
Экономикалық белсенді емес 3655,2 3175,8 3155,3 3278,6 3384,4
халық:
оқушылар, студенттер 856,0 857,4 970,7 1156,5 1259,8
(күндізгі оқу формасы) 2008,2 1584,2 1565,6 1461,9 1425,1
зейнеткерлер
басқа себептерге байланысты
белсенді емес тұлғалалар. 791,0 734,2 619,0 262,2 273,3

Ескертпе - * Пайдаланылған әдебиеттер:
Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник Под
редакцией А.А.Смаилова, Алматы,2004, 168с., с.16
Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник Под
редакцией К.С.Абдиева, Алматы,2005, 116с., с.15

Экономикалық белсенді халық санының ішінде тіркелген жұмыссыздардың үлесі
2003ж. 1,8%, бұл 2002 қарағанда аз. 2003 жыл аралығында 154,6 мың адам
жұмыспен қамтылған, бұл 2002ж. қарағанда 6,0 мың адамға немесе 4,2% көп.

Көрсеткіштер 2000 2001 2002 2003 2004
1 2 3 4 5 6
Жыл басынан жұмысқа
орналастыру сұрақтарымен
өтініш білдірген азаматтар
саны, 368,2 332,7 362,8 273,5 282,0
олардың ішінен жұмысқа
орналасқандар 127,7 143,1 148,6 154,6 167,5

Жыл аяғына жұмыспен қамту
органдарында жұмыссыз
ретінде тіркелген азаматтар
саны 231,4 216,1 193,7 142,8 117,7

Экономикалық белсенді халық
санында тіркелген
жұмыссыздардың үлесі, % 3,7 2,9 2,6 1,8 1,5
Ескертпе - * Пайдаланылған әдебиеттер:
Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник Под
редакцией А.А.Смаилова, Алматы,2004, 168с., с.20
Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник Под
редакцией К.С.Абдиева,
Алматы,2005, 216с., с.9-15.

№2 кесте. Жұмыспен қамтылған және жұмыссыздар есебінде тіркелген азаматтар
саны,
мың адам
Жұмыссыздардың ең көп саны 25-54 жас аралығындағы азаматтарда байқалады
(ерлер арасында 59,3%, әйелдер арасында 68,5%). Бұл жинақтаушы зейнетақы
жүйесін тежейтін және беделін түсіретін себептердің бірі, өйткені
жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларының негізгі массасы осы жас
аралығына тап келеді.

№3 кесте. Жасы мен жынысына қарай жұмыссыздар санын бөлу*

Соның ішінде
Көрсеткіштер Барлығы
Ерлер әйелдер
2003 2004 2003 2004 2003 2004
Жұмыссыздар, барлығы
мың адам 672,1 658,8 281,4 281,1 390,7 377,7
Соның ішінде жасына
қарай:
15-24 188,5 191,6 91,8 96,3 96,8 95,3
25-54 467,1 434,4 169,1 162,6 276,4 253,8
55-64 26,5 30,9 14,0 15,2 12,5 15,7
65-тен жоғары 0,4 3,2 0,3 1,5 0,1 1,7
Ескертпе - * Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник Под
редакцией А.А.Смаилова, Алматы,2004, 168с., с.19
2. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник Под
редакцией К.С.Абдиева,
Алматы,2005, 216с., с.16.

Сонымен қатар жұмыс күшінің сұраныстан жоғары болу тенденциясы, экономика
қажеттіліктеріне кадрлардың дайындықтарының сәйкес келмеуі, халықтың жеке
топтарын жұмысқа орналастыру кезіндегі туындайтын қиыншылықтары (әйелдер,
жастар, зейнеткерлік жасқа келіп қалған тұлғалар, мүгедектер), аймақтық
еңбек нарығының үлкен саралануы, депрессиялық, еңбек артықшылық, ауылдық,
аудандардағы, кішігірім қалалардағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталып
отыр.
Және де жұмыссыздар арасында әйелдердің ерлерге қарағанда көптігін айта
кеткен жөн. Зейнеттегі әйелдердің жасы ерлерге қарағанда ұзағырақ болатынын
ескеретін болсақ, әйелдердің мұндай жағдайда зейнетақы шоттарында көбірек
жинақтаулары болу керек, яғни зейнетақы салымдары да көбірек болу керек,
бірақ та әйелдер жұмыссыздығының жоғары болуына байланысты жинақтаушы
зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде ауыр сұрақ туындайды және де
республикамыздағы әйелдердің саны ерлер санына қарағанда көптігін айта
кеткен жөн.

№4 кесте. Ерлер мен әйелдер саны*

Көрсеткіштер 2000 2001 2002 2003 2004
Халықтың барлығы, мың
адам 14901,6 14865,6 14851,1 14866,8 14951,2
соның ішінде:
Ерлер 7177,5 7159,7 7153,5 7160,2 7199,0
әйелдер 7724,1 7705,9 7697,6 7706,6 7752,2
Барлық халыққа
процентпен алғанда
ерлер 48,2 48,2 48,2 48,2 48,1
әйелдер 51,8 51,8 51,8 51,8 51,9

1000 ер адамға келеді 1076 1076 1076 1076 1077
әйел
Ескертпе - * Пайдаланылған әдебиеттер:
Женщины и мужчины Казахстана. Гендарная статистика Под редакцией
К.С.Абдиева, Алматы,2004, 116с., с.4

Социологиялық зерттеулердің берілімдері бойынша Қазақстан тұрғындарының
қартайуы жалғасып барады. Халықтың табиғи өсімі 2001ж. бастап жылда 100,0
мың адамнан аспайды, ал еңбекке қабілетті халық 2001ж. 6,33 млн. адамнан
2003ж. бірінші жарты жылдығындағы 1,35 млн. адамға қысқарған.
Негізінен мұндай жағдай ынтымақтылық жүйесіне кері әсерін тигізер еді,
бірақта осы күнгі жүйеге ол әсерін тигізбейді.

№5 кесте. Халық саны*

Көрсеткіштер 2001 2002 2003 2004 2005
1 2 3 4 5 6
Халық саны:
барлығы, мың адам 14865,5 1485,1 14866,8 14951,2 15074,8
қалалық 8413,4 8429,4 8457,2 8518,2 8614,7
ауылдық 6452,2 6421,7 6409,6 6433,0 6460,1
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында зейнет ақы жүйесі
Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесінің теориялық негіздері
Зейнет ақы активтерін басқару механизмін сипаттау
Қазақстан Республикасында зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелерін реформалаудың теориялық негіздері
Қазақстанда зейнет ақы қорларының дамуын талдау
Халықты әлеуметтік қорғау түсінігі және әлеуметтік қамсыздандыру құқығымен қатысы
Қазақстан Республикасында зейнет ақымен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы мен оны жетілдіру мәселелері
Қазақстандағы және дамыған елдердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту және кедейшілікті төмендету бағыттары
Әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң мазмұны мен талдауы
Пәндер