Мемлекеттік басқарудың теориялық - әдістемелік негіздері
КІРІСПЕ
Өзінің гасырлар бойгы қоғамдық саяси даму үрдісінде адамзат бірнеше тарихи-әлеуметтік кезеңдерді бастан кешірді. Экономика мен қоғам дамуының ең басты алғышарты — өндіріс екенін ескерсек, онда оның да өркендеу дәуірін шартты түрде үш кезеңге бөлуге болар еді. Олардың біріншісінде адамзат өндірісті (әсіресе, өнеркәсіпті) шикізатпен қамтамасыз етуді ойластырумен болды. Басқаша айтқанда, материалдық фактор өндіріс өркендеуінің шешуші факторларының алдынғы қатарында болды. Бүл кезең ондаған ғасырларды қамтитын тарихи мезгілге созылды. Қогамның өндіргіш күштерінің толассыз дамуы келе-келе адам-дардың өндірістік қарым-қатынастарының өзгеруіне әкелгендіктен сол өндірісті материалдықжағынан қамтамасыз етуден гөрі еңбекті дұрыс та тиімді ұйымдастыру факторы шешуші рөл атқара бастады. Сөйтіп — ондаған жылдарды қамтитын кезең басталып, ол өндіріс дамуында жумыс күшін пайдаланудың тиімділігі деңгейімен сипаттапды. Енді үшінші кезеңнің басты сипатын келтірер болсақ, ол өндірісті (ақылы қызмет көрсетуді) тұрақты дамытуды және соның негізгі мақсаты болып табылатын қоғамның әлеуметтік жагдайын жацсартуды уйымдастырушылыц, әсіресе басқарушылық жағынан қамтамасыз ету маңызының арта түсуі дер едік.
Қазіргі заманғы мемлекеттер бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл айырмашылықтар өзіндік мәнге ие бола отырып, мемлекетті басқаруда көрініс табады.Сондықтан мемлекеттерді бір-бірінен ажырататын негізгі белгілерді қарастыру қажет. Аристотельдің жіктемесі бойынша мемлекеттер билік күшінін бастауы мен егеменді иесі бойынша монархиялық, аристократиялық және демократиялық болып бөлінеді. Бүгінгі күні сақталған монархиялар әр түрлі нұсқада және қатынаста монархиялық, аристократиялық жәие демократиялык белгілерді ұйлестірген констшуциялық (заңмен шектелген) монархияларға айналған.
Элитаның ұйымдастырушылық бірігуін күрделіше байланысты таза аристократиялык мемлекеттерді анықтау қиындық тудырады. Көбіне элита монархияның болмаса демокрагаяның атын жамылып басқарды және басқарады. «Біз, халық, бекітеміз және қабылдай-мыз» деп 1787 жылы АҚШ Конституциясында жазылғанмен де демократиялық мемлекеттін қадір-қасиеті мен болашағын мойындау өткен XX ғасырда жүзеге асты.Әрбір жоғары билік тұрпатына сәйкес мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру логикасы аныкталатынын ескерген жөн. Басқару нысаны жоғары және жергілікті мемлекеттік органдардың құрылу және олардың арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібін қамтитын мемлекетті ұйымдастыру ретінде қарастырылады.

Өзінің гасырлар бойгы қоғамдық саяси даму үрдісінде адамзат бірнеше
тарихи-әлеуметтік кезеңдерді бастан кешірді. Экономика мен қоғам дамуының
ең басты алғышарты — өндіріс екенін ескерсек, онда оның да өркендеу дәуірін
шартты түрде үш кезеңге бөлуге болар еді. Олардың біріншісінде адамзат
өндірісті (әсіресе, өнеркәсіпті) шикізатпен қамтамасыз етуді ойластырумен
болды. Басқаша айтқанда, материалдық фактор өндіріс өркендеуінің шешуші
факторларының алдынғы қатарында болды. Бүл кезең ондаған ғасырларды
қамтитын тарихи мезгілге созылды. Қогамның өндіргіш күштерінің толассыз
дамуы келе-келе адам-дардың өндірістік қарым-қатынастарының өзгеруіне
әкелгендіктен сол өндірісті материалдықжағынан қамтамасыз етуден гөрі
еңбекті дұрыс та тиімді ұйымдастыру факторы шешуші рөл атқара бастады.
Сөйтіп — ондаған жылдарды қамтитын кезең басталып, ол өндіріс дамуында
жумыс күшін пайдаланудың тиімділігі деңгейімен сипаттапды. Енді үшінші
кезеңнің басты сипатын келтірер болсақ, ол өндірісті (ақылы қызмет
көрсетуді) тұрақты дамытуды және соның негізгі мақсаты болып табылатын
қоғамның әлеуметтік жагдайын жацсартуды уйымдастырушылыц, әсіресе
басқарушылық жағынан қамтамасыз ету маңызының арта түсуі дер едік.
Қазіргі заманғы мемлекеттер бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл
айырмашылықтар өзіндік мәнге ие бола отырып, мемлекетті басқаруда көрініс
табады.Сондықтан мемлекеттерді бір-бірінен ажырататын негізгі белгілерді
қарастыру қажет. Аристотельдің жіктемесі бойынша мемлекеттер билік күшінін
бастауы мен егеменді иесі бойынша монархиялық, аристократиялық және
демократиялық болып бөлінеді. Бүгінгі күні сақталған монархиялар әр түрлі
нұсқада және қатынаста монархиялық, аристократиялық жәие демократиялык
белгілерді ұйлестірген констшуциялық (заңмен шектелген) монархияларға
айналған.
Элитаның ұйымдастырушылық бірігуін күрделіше байланысты таза
аристократиялык мемлекеттерді анықтау қиындық тудырады. Көбіне элита
монархияның болмаса демокрагаяның атын жамылып
басқарды және басқарады. Біз, х алық, бекітеміз және қабылдай-мы з
деп 1787 жылы АҚШ Конституциясында жазылғанмен де
демократиялық мемлекеттін қадір-қ асиеті мен болашағын мойындау өткен
XX ғасырда жүзеге асты.Әрбір жоғары билік тұрпатына сәйкес мемлекеттік
басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру логикасы аныкталатынын ескерген
жөн. Басқару нысаны жоғары және жергілікті мемлекеттік органдардың құрылу
және олардың арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібін қамтитын мемлекетті
ұйымдастыру ретінде қарастырылады.
I.МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ -
ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Мемлекетік экономикалық саясатын басқару дың
теориялық астары.
Мемлекеттік басқарудың теориялық астары Мемлекет қоғамның ажырағысыз
бөлігі болғаңдықтан бар-лық дерлік гуманитарлық ғылымдар мемлекеттік
басқару мәселелерін қарастырады. Сол сияқты мемлекетгік басқару ісінде де
және ол туралы ғылымды қалыптастыру процесінде де басқа да гуманитарлық
емес ғылымдардың әдістері мен мәліметтері қолданылады. Бірақ ғылымның әр
саласы мемлекеттік басқару мәселесін өзінің зерттеу тұрғысынан қарастырады.
Атап айтқанда мемлекет кызметін мемлекет және құқық теориясы, саясаттану,
әлеуметтану, философия және тағы басқа көптеген ғылыми пәндер зерттейді.
Философия - табиғат, қоғам және адам ойының дамуының жалпы заңдылықтарын
аша отырып, мемлекетті, мемлекеттік басқаруды қарастырғанда оның
мүмкіндіктері мен шегін, объекгивті және субъективті жақтарын қарастырады.
Әлеуметтану — қоғамдағы мемлекеттің рөлін және соған орай мемлекеттік
басқаруды халықтың әр түрлі элеуметтік, кәсіби және басқа да топтарымен
өзара байланыста және қарым-қатынаста қарастырады.
Саясаттану - мемлекетті ерекше саяси инстшут ретінде, ең алдымен
мемлекеттік басқарудың орнын көрсету тұрғысынан қа-растырады.
Экономикалық теория — мемлекеттік басқарудың рөлін экономикамен байланыста
қарастырады. Ал мемлекеттік басқару теориясы мемлекеттік басқарудың мәні
мен проблемаларын, оның заңдарын, қағидаларын, нысандары мен әдістерін,
сондай-ақ мемлекеттік басқарудың объектілері мен субъектілерінің
ерекшеліктерін қарастырады.Пәннің негізі саналатын концепция саясаттың,
құқықтың, басқару мен биліктің өзара байланысынан туындайды. Басқару арқылы
билік жүзеге асырылады, ол құқыққа және саясатқа сүйенеді.
Мемлекеттің әлеуметтік басқару саласындағы қызметі қоғамдық қатынастар мен
адамдардың іс-әрекетін құқықық реттеумен байланысты. Осыған мемлекеттік
басқарудың заңдық аспектісі туындайды. Бұл мағынада ол білімнің саяси-
заңдық саласы ретінде сипатталуы мүмкін.
Сондай-ақ жоғарыда айтылғандай мемлекеттік басқару мемлекеттің тұтас
қоғамға жалпы ықпалы және де оның элеуметтік жүйенің әр түрлі
элементтерімен өзара әрекеті қарас-тырылатындықтан, бұл әлеуметтік ғылым.
Осыларға орай мемлекеттік басқару теориясы - саяси-құқықтық және әлеуметтік
ғылым.
Сонымен, мемлекеттік басқару теориясының мазмұны -қоғамды басқару институты
ретіндегі мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды жүзеге асырудың
зандылықтары мен қағидаларын оқып-үйрену, басқарудың негізі ретіндегі
мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.
Мемлекеттік басқару теориясының пәні - қоғамды басқарудың саяси-кұқықтық
институты ретіндегі мемлекеттік билік орган-дарының қызметін және
қалыптасатын саяси-кұқықтық, әлеуметтік қарым-катынастарды талдау болып
табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесідей
ұғымдарды жатқызамыз: мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды
сипаттайтын жалпы ұғымдар: мемлекеттік басқару, басқару субъектісі
ретіндегі мемлекет (мемлекеттік орган, аппарат, мекеме), мемлекеттік
басқару объектісі (әлеуметтік топтар, қоғамдық процестер, әлеуметтік
институттар); мемлекеттік билік ( саяси. әкімшілік, экономикалық және
т.б.); басқарушылық кызмет (саяси жетекшілік, әкімшілік басқару, нормативті-
құқықтық реттеу); басқарудағы қатынастар (ұйымдық-экономикалық, әлеуметтік-
саяси, нормативтік-құқықтық);
- атқарымдык қызмет процесі ретінде мемлекеттік басқаруды бейнелейтін
ұғымдар: мемлекеттік басқару кызметі, басқару зандылығы мен қағидалары,
басқару ісінің нысаны, әдістері, құралдары, стилі;
- басқару процесінің негізгі элементтері мен кезендерін бейнелейтін
ұғымдар: мақсатты тұжырымдау, саяси стра-тегия, мемлекеттік шешімдер мен
қабылданған шешімдер;
- басқару қызметі мен қатынастардың қозғаушы күштерін және оларды шектейтін
факторларды сипаттайтын тұжырымдар: ұлттық-мемлекеттік мүдделер, әлеуметтік
топтар, саяси мүдделер, жалпы ұлттық және топтық құндылықтар;
- тұтастай мемлекеттік басқаруды сипаттайтын ұғымдар: мемлекеттік билік
(үш тармақ), басқару мен билік субъектілерінің деңгейі; билікті
орталықтандыру және орталык-сыздандыру және басқару;
- мемлекеттік басқару жүзеге асырылатын сыртқы ортаны сипаттайтын
ұғымдар: әлеуметтік, саяси, құқыктық, эконо-микалық және басқа кеңістіктер.
Мемлекеттк басқару теориясында философиялық-элеуметтік және басқа жалпы
теориялық түсініктер, ең алдымен әлеуметтік басқару ғылымының
түсініктері қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде басқару әр тұрлі белгілері бойынша бірнеше түрге
бөлінеді: қоғамдық өмірдегі салаларға байланысты: тұтас қоғамды басқару,
экономикалық басқару, элеуметтік басқару, саяси басқару, рухани-
идеологиялық басқару.
Қоғамдық қатынастардың құрамына байланысты: қоғамның экономикалық
(тұтынушьшар мен өндірушілер арасындағы байланыс), әлеуметтік (білім беру,
денсаулық сақтау салаларының қызметін пайдалану барысында туындайтын
қатъшастар), саяси және рухани дамуын басқару.
Басқарудың қоғамдык кұбылыстарды қамту көлемі мен сипатына байланысты:
қоғамды басқару, мемлекетті басқару, ұлттың экономиканың өрістері мен
салаларын басқару, кәсіпорын, ұйымдарды. фирмаларды басқару және т.б.
Мемлекеттік басқарудың өзіне ғана тән ерекшеліктері оны басқа басқару
түрлерінен ерекшелеп тұрады. Ондай ерекшеліктер үшеу. Мемлекеттік
басқаруда, осы аталған басқару тү-рін жүзеге асыратын оның субъектісі —
мемлекет. Мемлекет анықтамаларының айырмашылығына және оның көп қырынан
көрініс табуына қарамастан барлық зерттеуші-ғалымдар бір ауыздан онда
шоғырланған билік күшін атап өтеді. Мысалы М.Вебер: Мемлекет дегеніміз
адамдардың тиімді күш қолдану арқылы екінші бір адамдарға үстемдік етуі-
деп жазған. Қоғамда адамдардың тәртібінің дұрыс болуын қамтамасыз ететін
және оған мәжбүрлеу арқылы қол жеткізетін мемлекеттік кұрылым туралы пікір
калыптасты. Қазіргі заманғы философиялык энциклопедияда мемлекет
адамдардың біріккен іс-әрекеттерінің нәтижесінде, үкімет қызметінің
нәтижесінде үнемі өзгеріп отыратын, қандай да бір салада коғамдық істерді
тәртіпке келтіретін ұстемдік құрылымы ретінде түсіндіріледі. Осыдан
мемлекеттің мемлекет болып табылатындығы да, оның қоғамдық құрылымдардан
айырмашылығы да сол, онда адамдарға қатысты мемлекеттік билік шоғьфланған
жэне ол қоғамда жүзеге асады. Ал билік өзара байланысты біддіреді, оның
процесі кезінде адамдар материалдық, ақпараттық және басқа себептермен өз
еріктерімен немесе күш қолдану арқылы басқалардың үстемдігін, сондай-ақ
мақсатты, нормативті нұсқауларды мойындайды, солардың талаптарына сай іс-
әрекеттер жасайды, өз өмірлерін кұрады. Мысалы: отбасында да, адамдар
тобында, , сол сияқгы салт-дәстүрде, қоғамдық пікірде де билік болады,
бірақ бұлардың бәрін біз мемлекеттік басқарумен салыстыра алмаймыз. Өйткені
мемлекеттік билік құқықтық негізделген, ал оны жүзеге асыру күштеу
құралдарына ие болып отырған мемлекеттік аппарат күшінде. Сондықтан
мемлекеттік басқаруда оның басқарушылық әсері мемлекеттік билікке сүйенеді
және сол аркылы қамтамасыз етіледі. Ал бұл жәй тілек, ниет, ұран емес,
керісінше баскару мақсаттарына, ондағы ұйымдастырушылық серпілістерге және
бекітілген реттеушілік нормаларға сөзсіз қол жеткізуге, жүзеге асыруға,
орындауға ба-ғыттайтын күштеп көндіру механизмі. Осыдан мемлекет қандай,
оның мақсаты не және сол мақсаттарға қалай кол жеткізу керек деген тағы
басқа көптеген тарихи мәнге ие болатын, шешімін табу адамзатты өзінің даму
кезеңінен бастап толғандырьш жүрген мәселелелер туындайды.
Мемлекеттік басқарудын екінші ерекшелігі оньщ барлың қоғамға, тіпті одан
тыс, мемлекеттің халықаралық саясатын жүргізу шеңберінде басқа адамдардьщ
қоғамына таралуы. Көп жағдайда бұл тезис мемлекет адамдардың барлық іс-
әрекеттеріне араласады, олардың өзара қарым-қатынастарын басқарады деген
сияқты түсінбеушіліктер тудырады. Тек тоталитарлық мемлекет қана осыған
ұқсас істерді жасауға тырысты, оның өзінде де қоғамға мүлтіксіз бақылау
орнатуға мүмкіндік болмағандықтан оны жүзеге асыра алмады. Қоғамда
әрқашанда аз да болса еркіндік болады. Мемлекет пен қоғамның өзара
байланысының қалыпты варианты адамдардың қоғамдық іс-әрекеттеріне еркіндік,
өзін-өзі басқару, дербестік тән екендігін көрсетеді. Бірақ осы еркіндіктін,
дербестіктің, өзін-өзі басқарудың шегі коғамдық институттармен қатар
мемлекетпен де анықталады. Тек мемлекет қана адамдардың қоғам өмірінің
барлық саласындағы іс-әрекетінің негізгі жалпы ережелерін зандар арқылы
белгілейді және оларды қатан сақтауды өзінің билік күшімен қамтамасыз
етеді. Кей жағдайда мемлекет міндетті түрде еркіндікке қарсы турады және
басқару тек қана шектеулер, тыйым салу, жазалау алып келеді деп саналады.
Және мемлекет қоғамдық процестерді неғұрлым аз басқарса, қоғам мемлекеттен
еркін болса, солғұрлым адамдарға да жақсы болады және қоғамдық проблемалар
тез шешімін табады деп саналады. Алайда үлкен тарихи тәжірибе әділдік заң
арқылы, идеалды заң негізінде, құқық негізінде жүзеге асу керек деген
қорытынды жасалынған. Адамның еркіндігі оның өзі өмір сүріп жатқан
мемлекетте кабылданған заңдар іс жүзіне асырылған кезеңнен басталады.
Сонымен, қоғам, адамдар мемлекетке қарсы күрес жүргізбей, құқықтық-
демократиялық мемлекет үшін күресу қажет. Еркіндікке мемлекетпен бірге,
оның көмегімен қол жеткізген жөн. Мемлекеттік басқарудың барлық қоғамға
таралу проблемасы мемлекеттің қоғамның қандай да бір саласынан кетуімен,
саланы басқаруды тоқтатуымен, кез келген процестерді ұйымдастырудан бас
тартумен шектелмейді. Бәрі де қоғамның даму жағдайымен, оның өзін-өзі
объективті реттеуіне және басқаруына, адамдардың нақты тәртіптеріне
байланысты. Оның үстіне қоғамньң әрбір саласы мен адамдарды тәртіпке
келтіру, ерік пен іс-әрекет бостандығы мемлекеттік баскарудың жалпыға
міндетті және заң жүзінде бекітілген тәртіп ережелерін (нормаларын)
қаншалықгы қатаң сақгай алатындығымен тікелей байланысты. Болашақта да
мемлекеттік баскару өзінің бүкіл қоғамға әсер ету қасиетін сақтай алады деп
ұйғаруға негіз бар. Бірақ оның әсерінің ауқымы, терең тамыр жаю, сипаты мен
мазмұны бүкіл қоғамның даму жағдайына қарай үнемі өзгеріп отырады. Сонымен
бірге ол өзінің ұйымдастырушылық, реттеушілік және мақсатты бағытгалған
әсерін тигізетін процестермен, құбылыстармен, катынастармен өзара
байланыста болуға бейім.
Мемлекеттік басқарудың өзіне тән үшінші ерекшелігі. Мемлекет күрделі және
көпқырлы қоғамдық кұбылыс бола отырып және басқару субъектісі ретінде
басқаруға жүйелілік сипат береді. Басқарудың басқа түрлеріне қарағанда
мемлекеттік басқару бұл ерекшелігінсіз жүзеге аспайды.Онда миллиондаған
адам,көптеген мемлекеттік органдар және басқа құрылымдар, ал құрылымдарда
лауазымды тұлғалар жұмылдырылған. Мемлекеттік басқаруда әр түрлі
материалдық, қаржылық және интеллектуалдық ресурстар мен ауқымды ақпараттар
қолданады. Ол басқарушылық шешімдер мен ұйымдастырушылық амалдардан тұрады.
Егер әрбір лауазымды тұлға өзінің қызметін Крымов мысалындағыдай аққу,
шортан, шаян құсап атқарса, осындай басқарудың нәтижесінде қоғамда қандай
бейберекет орнайтынын елестету қиын емес. Сол себепті мемлекетгік басқару
үшін жүйелілік ерекшелігі үлкен мәнге ие болады. Осы ерекшелік қана оған
қажетті келісімділікгі, ұйлесімділікті, белгілі мақсаткерлікті, тиімділікті
береді.
Сонымен қорыта айтқанда мемлекеттік басқаруды былай деп анықгауга болады:
мемлекеттік басқару — бұл мемлекетгің адамдардың қогамдық іс-әрекеттерін
тәртіпке келтіру, сақтау немесе қайта құру мақсатында өзінің билік күшіне
сүйене отырып практикалық, ұйымдастырушылық және реттеушілік әсері. Әрине,
күрделі қоғамдық құбылыстың кез келген анықтамасы шартты сипатқа ие және
шектеулі болады, себебі берілген сипаттамаларға кейбір элементтердің енбей
қалуы мүмкін. Мемлекеттік басқарудың ұсынылып отырған анықтамасының
ерекшелігі оньвд жүйелі ұйымдасқан субъект ретінде басқарушы әсерді
қабылдайтын адамдардың қоғамдық өмірін, мемлекет пен қоғамды
байланыстыратын басқару әсерін біріктіруінде. Ол өз кезегінде мемлекеттік
басқаруға әр қырынан теориялық сипаттамалар беруге, түсінуге және тәжірибе
жүзінде колдануға мұмкіндік береді.
1.2.Мемлекеттік саясаттың субъе ктілері мен
объектілерінің жүйесі
Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе
мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі
болып табылады. Оны шешу - мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект
қатынастарын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді.
Бұл мәселеде ешқандай проблема жок тәрізді: басқару субъектісі—мемлекет, ал
объектісі—қоғам. Бірақ бұлай қорытынды жасау асығыстық. Осы жерде мемлекет
деген түсінікті анықтап алу қажет (өйтені мемлекет ұғымына әр түрлі
анықтама беруге болады): субъект ретінде біз мемлекетті немесе адамдардың
саяси одағын қарастырамыз ба, әлде саяси-құқықтық институт ретіндегі
мемлекетті қарастырамыз ба? деген орынды сұрақ туындайды. Соңғысын, яғни
саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті біз басқару субъектісі ретінде
қарастырамыз.
Жалпы, кім басқаруга тиіс деген сұрақ ежелден келе жатыр. Бұл сұрақты
ертедегі грек философы Платон қойған. Демократияны жақтаушылар халық
басқаруға тиіс деп санаса, элитарлық демократияның өкілдері басқару
міндетін жүзеге асыру үшін арнайы дайындықтан өткен элитаны басқару
субъектісі деп білді. Авторитарлық режимді қорғаушылар мемлекет пен қоғамды
тандаулы тұлғалар - көсемдер мен лидерлер басқару керек деп есептейді.
Мемлекеттік басқару теориясында субъект түсінігі біржақты емес. Сондықтан
саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі, лауазымды қызмет
субъектісі тусініктерін ажыратып алу керек. Оларды ажырату шарттары
мынадай: мемлекеттік билікке қатысына қарай және басқару функциясын жүзеге
асыру сипатына саясат субъекгісі деп мемлекеттік биліктің бірден-бір
бастауы болып табылатын және тікелей немесе өкілдері (мемлекеттік биліктің
заң шығарушы органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары) арқылы
өзінің билігін жүзеге асыра отырып, мемлекет пен қоғамды басқаруға
қатысатын субъектіні айтамыз. Оган халык, оны құрайтын әлеуметтік топтар
(халықтың көрнекті өкілдері, еңбек ркьімдары, қоғамдық саяси ұйымдар және
тағы басқа қоғамдык бірлестіктер) жатады. Олар тікелей немесе өз өкілдері
арқылы маңызды саяси мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысады. Билік
кұрылымдарының өкілдерін сайлау жәке референдум - осындай шешім қабылдаудың
негізгі процедуралары болып табылады.
Мемлекеттік басқару субъектісі - билікті жүзеге асыруға және қоғамдық
процестер мен мемлекеттің жеке қызметін тікелей басқаруға конституциялық
өкілеттігі бар мемлекеттік билік оргаңдары. Билік күші мен занда
бейнеленген қоғамнын еркіне сүйене отырып, олар әр түрлі деңгейдегі
мемлекеттік шешімдерді әзірлейді және қабылдайды, олардьщ орындалуын
ұйымдастырады және бақылайды. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен бірлестіктер
мемлекеттік басқару субъектісі құрамында бола отырып, мемлекеттік
инстшуттар жузеге асыратын болжамдар мен шешімдер жобасын, саяси
бағдарламаларды әзірлеуге катысады. Көптеген негіздемелер бойынша бөлінетін
саяси басшылық пен әкімшілік басқару инсппуттары мемлекеттік басқару
субъектілері болып табылады.
Мемлекеттік басқару субъектілері: 1)мемлекеттік билік түрі бойынша, 2)
билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай, 3)қызмет саласына қарай,
4) басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, 5) құрамына қарай
бөлінеді.
Мемлекеттік билік түрі бойынша — бұл зан шығарушы, атқарушы және сот билігі
субъектілері. Олардың әрқайсысы басқару жүйесінде белгілі бір функцияларды
орындайды. Өкілетті органдардың заңдарды әзірлеуі мен кабылдауы мемлекеттік
басқару жүйесіндегі негізгі функциялардың бірі. Заң мемлекеттік билік
құрапы және қоғамдық қызмет пен қоғам мұшелеренің арасыңдағы, олардың
мемлекетпен өзара қарым-қатынастарын формальды реттеуші. Заңдардың
әрекеттілігі оның орындалуында. Атқарушы билік субъектісі билік жургізу
функциясын басқарушылық іс-әрекетпен үйлестіреді. Мысалы:Үкімет заңдарды
орындауға, сонымен қатар нақты, коғамдык маңызды кызмет түрлерін
жоспарлауға, шешімдерді жүзеге асыруға, олардың орындалуын ұйымдастыруға
жэне бақылауға міндетті. Оның күрамына билік кұрылымдарымен катар
шаруашылық кызметті, халыққа білім беруді, ғылымды, денсаулық сақтауды,
мәдениетті және тағы басқа салаларға әкімшілік басқару мен саяси жетекшілік
ететін органдар кіреді.
Сот билігі субъектісі басқару процесінін ажырамас элементі болып табылатын
сотта іс жүргізу арқылы әділ сот функциясын жүзеге асырады.
Билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай: орта-лык, аймақтық және
жергілікті басқару органдары болып бөлінеді. Олардың өзара қарым-
катынастары қызмет саласы мен өкілеттітінің, яғни билік жүргізу мен басқару
әрекеттерін жүзеге асыруға қатысты құқықтары мен қызметтеріне байланысты
анықталады.
Қызмет саласына қарай — экономиканы, элеуметтік саланы, мәдени өмірді,
әскери кызметті, халықаралық істерді басқаруды жүзеге асыратын аталған үш
деңгей субъекгілері.
Басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, құралына қарай: саяси
басшылық, әкімшілік-мемлекеттік, экономикалық және тағы басқа болып
бөлінеді.
Құрамына қарай: ұжымдық (мысалы,заң шығарушы билік органы) және жеке
(басқарушы тұлғалар) субъектілер болып белінеді.
Мемлекеттік басқару субъектілерінің қызметі бірнеше белгілермен
сипатталады: а) заңмен ретгеледі,ресми руқсат етілген эдістермен жүзеге
асады; ә) атқаратын қызметтерінің сипатына сай болып табылатын белгілі
қызмег түріне құқығы бар; б)субъектілер мемлекет алдында жауапты, қандай да
бір күштердің әсерінен тәуелсіз.
Формальды ережелерден тыс ірі қаржы-өнеркәсіптік капиталдың, әскери-
өнеркәсіп кешенінің, саяси элитаның мүдделерін білдіретін лоббистік топтар
(заң шығарушы инстшуттардың жанында) жұмыс істейді. Мысалы, АҚШ-да
конституциялык билік пен басқару органдарынан баска үш негізгі
конституциялық емес: саяси, экономикалық және әскери билік институттары
бар. Осы институттардың жетекшілері мемлекеттік билік жүйесінде әміршілдік-
стратегиялык кызмет атқарады. Сонымен бірге теледидар мен радионың, жалпы
бұқаралык ақпарат құралдарының рөлін атап өткен жөн.Лауазымды қызмет
субъектісі- мемлекеттік қызметтің лауазымды тұлғалары, саяси жетекшілер,
әкімшілік басқару лауазымды тұлғалары. Олар мемлекеттік шешімдерді
әзірлеуге, қабьшдауға және орындауға жауашы. Мемлекеттік билік органдары
мен лауазымды тұлғаларын субъект ретінде бөлу ел Констатуциясында
көрсетілген. Лауазымды тұлғалар бір жағынан мемлекеттік басқарудың біріңғай
субъектілеріне кіреді, ал екінші жағынан оның функциясы айрықша
болғандықтан жеке, бөлек субъект ретінде бөлінеді. Онда билік жүргізу мен
басқару өкілеттігі ұштастырылған - мемлекеттік орган өкілеттігі мен жеке
кәсіпқойлық аспектісі және ұжымдық орган қызметінің нәтижесіне жеке басынын
жауапкершілігі.
Саясат субъектісі, мемлекеттік басқару оубъектісі және лауазымды
қызмет субъектілерінің сипатталға н айырмашылықтары салыстырмалы
Мемлекеттік билік пен басқару жүйесінде олардың рөлдері жекелеген
аспектілерде ұштасып жатады және сәйкес келеді деп айтуға болады.
Мемлекеттік басқару органдары өздерінің функцияларын халық жиындарыиың,
әлеуметтік топтардың, жалпы қоғамдастықтың атынан әрекет жасайтын саясат
субъектілерінің мүдделерін баламалы тұрде білдірген жағдайда табысты атқара
алады. Мемлекеттік аппарат қызметтерін халық жиындары калай қабылдап
жатқанын унемі бақылап отырғанда, басқарылатындардың талап-тілектері мен
үміттері басқарушылардың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келген жағдайда
ғана тиімді жұмыс істей алады. Олар саясат субъектілерінің қолдауына
сүйенсе, олардын тәжірибелері мен ой-пікірлерін қабылдап және қолданса,
қалын көпшіліктің ұғымды ұсыныстарын басқару шешімдерін дайындағанда
ескерсе жоспарланған нәтижелерге қол жеткізеді. Өз кезегінде кез келген
лауазымды тұлғаның бір жагынан, мемлекеттік орған анықтап берген өкілеттік
шеңберінде ғана әрекет етуі, екінші жағынан мемлекет пен қоғам мүдделеріне
қызме етуі өзінің функциясын жүзеге асыруының кепілі болып табылады. Осы
талаптарды ұштастыра отырып іс жүзінде орындау әркімнің қолынан келе
бермейтін жағдай.
Мемлекеттік басқару субъектілері ұжымдық немесе жеке болсын өзінің
анықтамасына сәйкес келетін қасиетгерді бойына жинақгаған кезде ғана ол
басқару субъектісі болып табылады. Бұл қасиеттерді келесі топтарға жіктеуге
болады: дамыған саяси және құқықтық сана мен дара сана; мемлекеттік басқару
және қазіргі заманғы
менеджмештің теориясы мен практи касын білу; ұйымдастырушы лык қабілет;
әлеуметтік өмірге белсене араласу мен басқару ісін жүзеге асыра алатын
тәжірибенің болуы. Осы аталғандардың бәрі кәсіптік қасиеттер болып
табылады. Мемлекеттік басқару субъектісі үшін басқару процесінің бағыты мен
мазмұнын, сондай-ақ оның қоғам үшін саяси және басқа салдарларын анықтайтыт
ұлттық-мемлекеттік мүдделер мен мақсаттарды түсіне білу үлкен мәнге ие.
Субъектілердің басқару ісіндегі қызметтері ұғымды болуы ұшін ол қүкықгық
жағынан камтамасыз егілуі, заңмен белгіленген нормаларга сәйкес болуы
керек. Бұл шенеуніктердің өздеріне талап қоя білуін — заңға жаңа көзқарас
қалыптастыруын білдіреді. Мемлекеттік баскарудың ғылыми негізделуі
мемлекеттік қызметкерлердің онын теориясы мен практикасын білуі мен өз
білімдерін қызмет барысында қолдана алуына байланысты. Эмпирикалық тәжірибе
мен қисынды ой басқарудың тек дәстүрлі түріне ғана негіз болса да, ұғымды
басқаруға негіз бола алмайды. Мемлекеттік басқарудың тиімді субъектісі деп
басқарушыларға тек биліктік күшімен емес, езінің беделімен,
белсенділігімен, мемлекеттік орган шешетін мақсаттар мен міндеттердің
маңыздылығы және тартымдылығымен әсер ететін ұжымдық және жеке жетекшіні
айтамыз. Егер басқару шылық іс-әрекеттің мақсаттары мен бағдарламалары
басқарылатындарға түсініксіз болса, олардың мұқгаждыктары мен
қажеттіліктерінен туындамаса, онда оны ұтымды басқару деп ашу қиын.
Жоғарыда аталған мемлекеттік баскару субъектілеріне тән қасиеттердін
қалыптасуы және іскерлік белсенділігі ынталандыруларға байл-анысты. Осыған
орай М.Вебер мемлекеттік аппаратты іс-әрекет етуге ынталандыратын
материалдық мүдде мен әлеуметтік құрмет деп айтқан. Алайда, басқарушылардың
кызмет атқаруына түрткі болатын негізгі себептер мұнымен шектелмейді. Оған
жеке мүддемен қогамдық мүдделердің қабысуы, халықтың белсенділік танытуының
көптеген саяси-әлеуметтік себептері кіреді.
Мемлекеттік басқару объектісі де терең талдауды қажет ететін
проблема.Объектінің шегін анықтау - пікірталас тудыратын мәселе болып
табылады. Басқаша айтқанда, мемлекеттің басқарушылык ықпалы бүкіл қоғамға
тарай ма, белгілі бір шегі бар ма? деген сұрак туындайды. Классикалык
либерализм ұстанымы бойынша мемлекеттік баскару объектісінің шеңбері
шектеулі.. Либералдар демократияның дамуьша қарай қоғамньщ мемлекеттік емес
сферасы кеңейеді жэне мемлекетгің адамдардьщ іс-әрекеттеріне тікелей әсер
ету кеңістігі азаяды деп санайды.
Сонымен классикалық либерализм көзқарасы бойынша мемлекеттік басқару
объектісі қоғамдық өмірдің саяси-кұқықтық сферасымен шектеледі.
Мемлекеттің басқару объектісін түсінудің басқа жолы - этатизм
тркырымдамасы. Осы тұжырымдама бойынша мемлекеттік басқару барлық қоғамға
таралады деп қарастырылады. Ол тоталитарлык жүйеде жүзеге асты. Эгатизм
мәні — коғамды мүлтіксіз бакылау, саяси және әкімшілік қызметті қоғам
өмірінің барлық сфераларынан басымдығы, мемлекет пен қоғам аракатынасы
мәселелерінің жасанды түрде алнып тасталынуы мемлекет пен қоғам арасында
ешқандай проблема жоқ дегенді білдіреді.
Кейбір теоретиктердің пайымдауьшша әміршілдік-әкімшілік жүйеде мемлекет
халықтан талап етті, бақылады, концлагерлер мен абақтыларга отырғызды,
тыйым салды және тағы басқа да қалың көпшілікке қарсы бағытталған іс-
әректтер жасады.Тоталитарлық жүйеде мемлекет әрқашанда қоғамнан басым
болды, ал қоғам өз кезегінде мемлекетке мүлтіксіз бағынды. Осының
нәтижесінде
халық мемлекетті адамдардан оқшау және тәуелсіз болатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz