«Абайтану» пәні бойынша лекция тезистері



1-лекция. Алғашқы Абайтанушылар.
Жоспары:
1. Ә. Бөкейханов мақаласы.
2. К. Ысқақов мақаласы.
Лекция мақсаты: Ақын өмірбаяны туралы алғашқы мақалалармен таныстыру.
Лекция мєтіні (қысқаша) Ә.Бөкейхановтың мақаласы - Семейде шығатын «Семипалатинский листок» газетінде жарияланған азанама. 1907 жылы мақала Орыс Географиялық қоғамының жазбаларында қайта жарық көреді. Мақала Абай өмірі туралы біршама жүйелі мәлімет беретін еңбек. Кейінгі еңбектерде айтылатын көп дерек тұңғыш рет осы мақалада жазылған. Абайдың әке жағы мен шеше жағы таратыла әңгімеленеді. Шеше жағынан сөзге бейімділік дарығаны айтылады. Білімге сусау, алғашқы, кейінгі үш-төрт жылдағы оқуы, ел ісіне араласуы, орыс достарымен кездесіп, шынайы білімге ұмтылғаны, ізденіс әрекеттері, рухани толысуы, ақындыққа бет қоюы, кейінгі қайғылы халі, қазасы - түгел сөз болады. М.Әуезов өмірбаянында осылар негіз ретінде алынып, толықтырыла жетілдіріледі. Ә.Бөкейханов мақаласындағы Абайға берілген баға мынадай: «Өлеңдерінен көрініп тұрғандай, Абай асқан поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы болды». Ә.Бөкейханов Абайдың табиғат туралы өлеңдерін жоғары бағалаған.
Екінші мақала Кәкітай Ысқақов тарапынан Абай жинағына арнап жазылған. Ә.Бөкейханов мақаласы мен бұл мақала арасында дерек ортақтығы көп. Олардың негізі бір екені анық байқалып тұрады. Сірә, осыны о баста Кәкітай жазған болу керек. Ол профессор Т.Кәкішев жазғандай, Абай жанында жүрген, ақын өмірінен көп хабардар болған. Кәкітай мақаласы Ә.Бөкейханов мақаласынан көлемдірек. Ә.Бөкейханов Абай өлімі туралы жаза келіп, ақынның табиғат туралы өлеңдерінің көркемдігін, жалпы Абайдың асқан поэтикалық қуаттың иесі екенін айтумен аяқтаса, Кәкітай мақаласы бұдан әрі жалғаса түседі. Кәкітай Т.Кәкішев жазғандай, Абай өмірімен етене таныстығын байқатады. Ақын өмірі мен ойынан белгі ретінде оның «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін келтіреді. Абайдың өлең жазудан өзге уақытта жастармен отырып, олармен қозғайтын әңгімелерінен хабардар етеді. Кәкітайдың осы сөзі Абай болмысының, оның танымын, поэзиясы мен қарасөзінің мазмұнын танытуда мәні зор: «...Жас жеткіншектер ортасында өзге ел сөзі, шаруа сөзі сөйленбей, өзінің білгенін, сезгенін айтып, адамның адамшылығы қандай мінезбенен түзеледі, қандай қылықпен бұзылады, ғылымды қайдан іздеу керек, өмірді қалай кешірсе жөн болады, бұрын қандай ғалымдар
өткен, олардың артықша айтқан сөздері қандай, әйтеуір нетүрлі насихатпен болсын жастарға ғибрат болып, адамшылығын түзер деген сөзді айтып отырудан қанша уақыт болса да, еш жалықпай, ынталы көңілмен бек рахаттанып айтып, ұқтырып отырушы еді». Бұл Абайды артықша жақсы білетін Кәкітайдың сөзі. Оның Абайды етене жақсы біліп, ақын туралы мақаланы әуелі өзі жазғаны оның мына сөзінен де байқалады: «Бұл уақытта бір адам әншейін шаруа жайынан, ел жайынан сөз сөйлесе, бек ренжіп, ашуланып қалушы еді». Абайдың өмірдегі тірек етіп ұстанған басты қағидасын да айта кетеді: «Абайдың өміріндегі ең жақсы көретіні таза көңіл мен достық еді».

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Абайтану пәні бойынша лекция тезистері

1-лекция. Алғашқы Абайтанушылар.
Жоспары:
1. Ә. Бөкейханов мақаласы.
2. К. Ысқақов мақаласы.
Лекция мақсаты: Ақын өмірбаяны туралы алғашқы мақалалармен таныстыру.
Лекция мєтіні (қысқаша) Ә.Бөкейхановтың мақаласы - Семейде шығатын
Семипалатинский листок газетінде жарияланған азанама. 1907 жылы мақала
Орыс Географиялық қоғамының жазбаларында қайта жарық көреді. Мақала Абай
өмірі туралы біршама жүйелі мәлімет беретін еңбек. Кейінгі еңбектерде
айтылатын көп дерек тұңғыш рет осы мақалада жазылған. Абайдың әке жағы мен
шеше жағы таратыла әңгімеленеді. Шеше жағынан сөзге бейімділік дарығаны
айтылады. Білімге сусау, алғашқы, кейінгі үш-төрт жылдағы оқуы, ел ісіне
араласуы, орыс достарымен кездесіп, шынайы білімге ұмтылғаны, ізденіс
әрекеттері, рухани толысуы, ақындыққа бет қоюы, кейінгі қайғылы халі,
қазасы - түгел сөз болады. М.Әуезов өмірбаянында осылар негіз ретінде
алынып, толықтырыла жетілдіріледі. Ә.Бөкейханов мақаласындағы Абайға
берілген баға мынадай: Өлеңдерінен көрініп тұрғандай, Абай асқан
поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы болды. Ә.Бөкейханов
Абайдың табиғат туралы өлеңдерін жоғары бағалаған.
Екінші мақала Кәкітай Ысқақов тарапынан Абай жинағына арнап жазылған.
Ә.Бөкейханов мақаласы мен бұл мақала арасында дерек ортақтығы көп. Олардың
негізі бір екені анық байқалып тұрады. Сірә, осыны о баста Кәкітай жазған
болу керек. Ол профессор Т.Кәкішев жазғандай, Абай жанында жүрген, ақын
өмірінен көп хабардар болған. Кәкітай мақаласы Ә.Бөкейханов мақаласынан
көлемдірек. Ә.Бөкейханов Абай өлімі туралы жаза келіп, ақынның табиғат
туралы өлеңдерінің көркемдігін, жалпы Абайдың асқан поэтикалық қуаттың иесі
екенін айтумен аяқтаса, Кәкітай мақаласы бұдан әрі жалғаса түседі. Кәкітай
Т.Кәкішев жазғандай, Абай өмірімен етене таныстығын байқатады. Ақын өмірі
мен ойынан белгі ретінде оның Өлсем орным қара жер сыз болмай ма? өлеңін
келтіреді. Абайдың өлең жазудан өзге уақытта жастармен отырып, олармен
қозғайтын әңгімелерінен хабардар етеді. Кәкітайдың осы сөзі Абай
болмысының, оның танымын, поэзиясы мен қарасөзінің мазмұнын танытуда мәні
зор: ...Жас жеткіншектер ортасында өзге ел сөзі, шаруа сөзі сөйленбей,
өзінің білгенін, сезгенін айтып, адамның адамшылығы қандай мінезбенен
түзеледі, қандай қылықпен бұзылады, ғылымды қайдан іздеу керек, өмірді
қалай кешірсе жөн болады, бұрын қандай ғалымдар
өткен, олардың артықша айтқан сөздері қандай, әйтеуір нетүрлі насихатпен
болсын жастарға ғибрат болып, адамшылығын түзер деген сөзді айтып отырудан
қанша уақыт болса да, еш жалықпай, ынталы көңілмен бек рахаттанып айтып,
ұқтырып отырушы еді. Бұл Абайды артықша жақсы білетін Кәкітайдың сөзі.
Оның Абайды етене жақсы біліп, ақын туралы мақаланы әуелі өзі жазғаны оның
мына сөзінен де байқалады: Бұл уақытта бір адам әншейін шаруа жайынан, ел
жайынан сөз сөйлесе, бек ренжіп, ашуланып қалушы еді. Абайдың өмірдегі
тірек етіп ұстанған басты қағидасын да айта кетеді: Абайдың өміріндегі ең
жақсы көретіні таза көңіл мен достық еді.
Бақылау сұрақтары:
1. Ә.Бөкейханов Абайдың ақындығы туралы не айтады?
2. К.Ысқақов мақаласының ерекшелігі.

2- лекция. Таќырыбы: Абай мұрасын тану әрекеті.
Жоспары:
1. Қазақтың бас ақыны.
2. М.Дулатовтың мақаласы.
Лекция мақсаты: Ақын Абайды таныту талабымен таныстыру.
Лекция мәтіні (қысқаша) Бұл мақала Қазақ газетінің 1913 жылығы екі
санында жарияланған. Мақала туралы М.Мырзахметұлы: ...тарихи мән-мағынасы
зор, ұлы ақын мұрасын ғылыми тұрғыдан танып білу және де Абай мұрасын
халыққа насихаттау ісіне бастама болуымен де ерекшеленеді деп баға береді.
А.Байтұрсынов мақала басында-ақ Абайды қазақтың бас ақыны деп жазады.Ол
өз сөзін осындай жоғары бағалаумен бастайды. Сол кездегі А.Байтұрсынов
мойындауы бүгін де өзгерген жоқ: Онан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ
баласында біз білетін ақын болған жоқ. А.Байтұрсынов Абайдың өз кезіндегі
әйгілі, көпке мәлім ақын болғандығын жазады. Бұл көбіне ақын сөзі басылым
көруіне байланысты делінеді. Абай көптің көңілінен орын алған
ақын.А.Байтұрсынов мақала басында осы жағын баса айтады. Ақын өлеңдерімен
ол ең алғаш 1903 жылы танысқан. Сондағы әсері: оқып қарасам, басқа
ақындардың сөзіндей емес, олардың сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде
жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, керең.
Байқағанымыз - Абай болмысы бөлек ақын, әрі бөлектігі, даралығы сонша
үлкен. Бұл ақынның мейлінше жетіле өскенін байқатады.Абайда мазмұн, ой
басым.Ойында тереңдік көп. Әдетте үйреншікті нәрсе көңілге тез қона кетеді.
Ал жаңалық, әсіресе өресі биік бөлек ой тыңдаушыға жеңіл жете қоймайды.
А.Байтұрсынов Абайға қатысты осындай ой өрбітеді. Абайды ұғудың қиындығын
оқырман жүз жылдан кейін де сезініп жүр. Біз әлі де ақын Абайды біршама
танысақ та, ойшыл Абайды жете білмей келеміз. А.Байтұрсынов мұны сол кезде-
ақ жазып кеткен: Кей сөздерін ойланып, дағдыланған адамдар болмаса, мың
қайтара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынасында айтылғанын біреу баяндап
ұқтырғанда ғана біледі. Осы орайдағы автор түйіні: Абай сөздері жалпы
адамның түсінуіне ауыр екені рас.Автордың әр сөзі мәнді, керекті. Ол бұл
ауырлық Абайдың айта алмауынан емес, оқушы өресінің төмендігінен екенін
баса айтады.
Абайды танудың тағы бір тың қыры - оның өз ойын ақиқат деңгейіне
жеткізе терең айтуында екен: Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін,
тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Ал терең ой мен ақиқатты
білу, тану әркімнің деңгейіне сай нәрсе емес. А.Байтұрсынов мұны да айтады.
Абай сөзі оқушыларына сын екенін жазады. Абай сөзі заманындағы ақындардың
сөзінен үздік артық.
А.Байтұрсынов Абай туралы терең ойлы толғанысын осы арада үзе тұрып,
оның өмірінен мәлімет беруге ауысады. Ұлы атасы Ырғызбай қолбасы, батыр,
әрі ел ағасы, биі болыпты. Ол Түркістанда тұрған туыстарын Торғай өңірі
арқылы Шыңғыс тауына бастап барады. Қонысқа кең, малға жайлы болуын
ойлағаны айтылады. Кіші атасы Өскенбай ел ішінде әділ би атанған. Әкесі
Құнанбай қарадан сұлтан болған қазақтың бас адамдарының бірі болған. Шеше
жағының әзіл-қалжынға бейім, сөзге ұста болғаны аталады. Бұдан әрі нақты
өмір деректерін келтіреді. Бүгінде біз білетін деректер жайы айтылады.
Бірақ сол кез үшін бұл жаңалық болған. Абай нәр алған қазақтың рухани
қазынасы сөз болады. Абай өз өмірінде атаның баласы емес, адамның баласы
болғанын түйін етіп жазады. Абай шын қадірін білген кісіге өлеңнің қасиетті
екенін ұққан, білген адам. Өлеңін де сондай биік деңгейде таныта алған.
Абай өлеңге төр түгіл, тақтан орын берген. А.Байтұрсынов Абайда өлеңге
қажетті ой шеберлігі, сыншылық, білімнің - үшеуі де барлығын айтады.
Абайдың үлгілі, жаңашыл ақын екендігі де айтылады.
Абай мақаласы көрнекті ақын, жазушы, қоғам қайраткері, айтулы
журналист Міржақып Дулатов тарапынан Абайдың қайтыс болуына 10 жыл толуына
байланысты жазылған. Мақала 1914 жылы Қазақ газетінің 23 маусымдағы 67-
ші санында жарияланған.
М.Дулатов мақаласын Бүгін атақты қазақ ақыны марқұм Абай
Құнанбаевтың апатына 10 жыл толды деп, жазылу себебін айта отырып
бастайды. Мақала ерекше тебреніс, зор шабытпен жазылған. Автордың ақын
туралы құрметі өте жоғары. Абайдың ойдағыдай шығармалары жарияланып, мерей
тойы аталып, көңілдегідей насихатталмай келгеніне өкініш білдіреді. Өзге
жұрттар мұндай ақыны болса төбесіне көтергендей болар еді деген ойын
байқатады. Елі туғанына сүйсініп, өлгеніне тегіс күйінер еді. Абайға
деген құрметі әр сөзінен байқалып тұрады. Қазақ әдебиетінің атасы
хакімінде тарихта аты алтынмен жазыларлық Абай ақынның өмірден өз
деңгейінде даңқы, атағы, шығармалары танылмай, елеусіз өтіп кеткеніне
өкініш білдіреді. Қазақы қамсыздығымызға налығандай кейіп танытады. Ең
басты мәселе Абайдай атақты ақынымызды қадіріне жетіп, тиісті деңгейде
насихаттай алмағандық болады. Өзі Абай өлеңдерінің жазбасын ең алғаш 1904
жылы Омскіде А.Байтұрсыновтан көргенін жазады. Ол кезде А.Байтұрсынов та
Абайды көрмеген, кездестірмеген. Күзде кездеспек болады, бірақ үлгермейді.
М.Дулатов Абай туралы 1905 жылы және кейін де Ә.Бөкейханов тарапынан
жазылғанын, 1909 жылы кітабы шыққанын мәлімет ретінде хабарлайды. Автор
ақын туралы қайта-қайта тебіреніп, жоғары бағасын беріп отырады: Абай
секілді атымен қазақ халқы мақтанарлық ақынымыз.... Абай өзін насихаттауды
қаламағанын осы мақаладағы А.Байтұрсынов сөзінен ұғамыз. М.Дулатов та
халқымыздың бұндай адамның қадірін білмеуін айтып қана өтеміз деп,
ақынның ел игілігіне, рухани жетілуіне жұмсалмай келгеніне реніш білдіреді:
Абай сынды ақынның қадірін білмеу қазақ халқының зор кемшілігін көрсетуге
толық жарайды. Абай туралы айта отырып, ел, ұлт болып қалу қамын да жейді.
Абайды білу, Абайды ұмытпау қазақ халқына ауадай қажет екендігін жазады.
Нағыз әдебиеттің Абайдан басталатынын түйіп айтады: Әдебиетіміздің
негізіне қаланған бірінші кірпіш Абай сөзі, Абай аты болуға керек, Абайға
шейін қазақта қолына алып оқырлық шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір
нәрсе болған жоқ еді.Абайдың бізге қымбаттылығы да сол...Ең жоғары ардақты
орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз -
Абай. М.Дулатов Абайды орыс әдебиетінің басы Ломоносовпен қатар қояды.
М.Дулатов Абайды еске алу, Абайды ұлықтау жолында Семейліктердің
мұрағат дайындау ісін, ақын туралы әдеби кеш өткізгенін ризашылықпен еске
алып жазады. Семейдегі осы жылы 26 қаңтарда сондағы оқыған жастар мен
Орыс География қоғамы көмегімен өткен әдеби кеш, ондағы Назипа Құлжанованың
ақынды насихаттаудағы ізгі әрекеті қуанышпен аталады.
Автор осындай мерекелі күнде Абайдай қараңғы заманда шырақ жаққан
басшының аты , терең мағыналы асыл сөзі мәңгілік жасауын тілейді.
М.Дулатовтың мына сөзі қазіргі Абайтану қалпын танытқандай көреміз:
Зәрредей шүбә етпейміз, Абайдың өткен күнінен қанша алыстасақ, рухына
сонша жақындармыз. Шынында Абайдың өлгеніне 100 жыл өтсе де, ақын сыры
бізге жете танылмай, ақын болмысын білуге деген тілегіміз артып келеді.
Автор халық пен Абай қатынасын, Абай құрметінің шексіз өсетінін
көріпкелдікпен болжағандай жазып кеткен: Сол күндерде Абай құрметі күннен-
күнге артылар... Халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар.
Бақылау сұрақтары:
1. А.Байтұрсынов Абаймен кездескен бе?
2. М.Дулатов Абайды кіммен қатар қояды?

3- лекция. Тақырыбы: Екеудің мақалалары.
Жоспары:
1. Абайдың өнері һәм қызметі.
2. Абай әдебиеттің басшысы.
Лекция мақсаты: Ж.Аймауытов пен М.Әуезовтың ақын туралы алғашқы
мақалаларымен таныстыру.
Лекция мәтіні (ќысқаша) Абайдың өнері һәм қызметі деген мақала
Абай журналының 1918 жылғы екінші санында Екеу деген бүркеншік атпен
басылым көрген. Зерттеушілер пікірі бойынша Екеу деп мақалаға қол
қойғандар - Ж.Аймауытов пен М.Әуезов.
Мақала ә дегеннен-ақ терең білім, зор шабытпен жазылғанын байқатады.
Өмірбаян дерегінен басталып, ақын туралы жүректен шыққан зор баға айтылады.
...Тұншықан елге дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға, надандық - аждаһаны
өртеуге құдай жіберген хақиқаттың ұшқыны Абай туды. Мақала мазмұны
шешендік оралымдармен көмкеріліп берілген. Авторлар ақын өмірбаянын жай
баяндамай, көркем шығармадағыдай бейнелі, мәнді, дәмді етіп, суреттей
жеткізеді. Ақынның жайсыз жағдай, ғылымсыз, тәрбиесіз ортада айналсоқтап,
адымын жаза алмай келгенін баса айтады.
Авторлар Абай сөзіне баға беріп, былай дейді: Абайдың ең бір артық,
өзгешелігі заманының ыңғайына жүрмей, өзінің өздік бетін мықты ұстап,
ақылға, ақтыққа көңілдің шабытына билетіп, көз тұндырарлық кемшілік, міннің
ортасында туып, ортасында жүріп, үлгілі жерден өрнек алып келген кісідей
ашық көзбен қарап, барлық мінді мүлтіксіз суреттеуі шарықтап жүріп, қылт
еткенді көретін қырағы қырандай сыншылдығы...Абайдың қиялы шалымды, ойы
терең, ақыл білімнің һәр тарауынан көкірегінде асыл қазынасы көп, сол көп
қазынаны барлық ырғағы, нәзік сипаты мен қазақтың ұстармаған, ысылмаған
жуан тілімен биязы қып шығаруы, әрі ақындығы, қыз тілді шешендігі.
Авторлардың ақынды жете тануға талаптанғаны анық байқалады. Олар Абайды
өзіндік болмысы бар, шыншыл, сыншыл ақын деп біледі.Абай парасатты һәм
білімді ақын. Ол көп ақындардай барымен базарлатып жүрген ақын емес, ол
ізденімпаз, ойшыл ақын. Екеу, Абайдың әдеби тілді қалыптастыруда, тілдің
көркемдік қызметін өсірудегі өлшеусіз еңбегін көре білген. Бұл мақалада
ақын шығармалары жанрлық жағынан да анықталған. Екеу Абайдағы мораль,
пәлсапа жөніндегі шығармаларын алдымен атайды. Көңіл күй лирикасы мен
сатирасын да жіктеп көрсетеді. Абай ақындығының көркемдігі (суретшілдігі),
сыншылдығын да назардан тыс қалдырмаған. Абайдың керемет аудармашылық
қабілетін де таңырқай атайды. Бұл сипаттар Абайға ғана тиесілі екенін баса
айтады. Екеу ары қарай аталған тақырып, жанр ішіндегі мәселелерді сөз етуге
көшеді. Екеу Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі тереңдік пен пәлсапа туралы
біршама тоқтаңқырайды: Ахлақ, адамшылық, дін, халықтың мінезі, неше түрлі
хақиқаттар туралы жазылған сөздері Абайда пәлсапа қуаты барлығына үлкен
дәлел. Екеу ақындағы қуатты көркем сезім, сыншылдық пен суретшілдік туралы
түйіндеулерін нақты мысалдармен тамсана сөз етеді. Абайдың кейде анайы,
дөрекі айтып жіберетінін А.Байтұрсынов жазып еді. Бұл мәселеге Екеу де
назар аударыпты. Екеу жоғарыдағы жіктеулеріне жеке-жеке тоқталып
қарастырады. Ақынның аудармашылығы туралы: Кейбір орыс өлеңдерін қазақ
тіліне аударғандарын өзінің тың өлеңдерінен артық деуге болады дейді. Екеу
қазақтың тілін кедей, дөкір дей отырып, сондай тілмен-ақ мағыналы, терең,
тілге жеңіл аударма жасаған ақын ұсталығын өздері тамаша етіп мойындайды.
Ақын аудармаларының ерекшелігі туралы айта келіп, тағы да ақын шеберліне
айналып соға береді: Кейбір переводын орыстың өз өлеңінен асырып, түрлеп
жіберген. Екеудің ақын тіліне қатысты түйіндері де олардың ерекше
ізденгенін байқатады. Өзіне дейінгі А.Байтұрсыновтың ақын өлеңдерін ұғудың
қиындығы жөнінде айтқан пікірін қайталағандай болады. Бұл бір жағы қайталау
да емес, ортақ ақиқатты айту: Тілі ұғымды, қысқа, аз сөзге көп мағына
сиғызғыш, өрнекті, дәлшіл, күйлі, таза һәм анық келеді, тілі терең
мағыналы болғандықтан, жұрттың көбіне ұғымсыз ауыр жерлері де болады.
Абайдың қазақ әдебиеті мен тіліне сіңірген еңбегі айрықша зор. Осы
орайда Екеу әуелі қазақ тілін анық түрлеп, өрнектеп, керекке жаратып,
түзеген - Абай дейді. Екеу Абай шығармаларындағы жүйелі адамгершілік
ілімнің барын сол кезде-ақ байқағанға ұқсайды. Олар Абайға дейін мінезді
суреттеп, мәнді айтып, адамшылдыққа жөн сілтеген ақындар болмағанын
жазады. Абайға дейін сөз қадірі төмен болғанын айтады. Екеу Абайды
білімді, дана ақын деп бағалағандай болады. Абай арқылы ақындық
әлеуметтік зор құралға айналғанын байқаймыз. Екеу Абай артықшылығын оның
ақындығы күшті, әрі ақылы асық болып, өлеңді қадірлі өнер дәрежесіне
көтергендігімен байланыстырады. Абай өзіне дейінгінің озығын алып дәстүр
жасағанын, кейінгілердің Абай дәстүрмен жүріп келе жатқанын жазады:
Кейінгі жазушылардың бәрін Абай өзіне еліктетіп, соңынан ертіп, шәкірті
қып әкетті. Абай дәстүрінің ұзаққа жетерін Екеу әбден болжаған:
...еліктеу бірталай заманға шейін бармақ.
Адамгершілік, толық адам танымы - Абай шығармаларының өзегі. Мұны
М.Әуезовтер сол кезде-ақ байқап, ол туралы қайта айналып жаза береді:
Абайдың пайдасыз сөзі жоқ.Ахлақ, адамшылық туралы айтқан терең мағыналы
үлгілі сөздері көпшіліктің мінезін тәрбиелеп, ақыл көзінің ауданын
кеңейтпек. Абай сөздері тыңдаушысын тереңдік пен әрнәрсенің өзегіне
үңілдіретін сипатқа ие. Абай сөздері өзі ғана терең, сыршыл болып қоймай,
оқырманын да биік болмысқа тәрбиелейді: ...сөздері адамның ақылын ішіне
үңілтіп, жанымен сырластырып, ұғып оқып түсінгендердің сезімін
тәрбиелемек. Сөйтіп Абай сөзі тыңдаушысына шексіз пайдалы. Екеу кейінгі
кемелді кезеңде айтылар көп түйінді тұжырымды ертеде-ақ айтып қойыпты.
Тыңдаушы танымы өскен сайын Абайдың да бағасы артарын, ақын сөзі
тыңдаушысынан асып, ертерек айтылып қойғанын да Екеу жақсы байқапты. Олар
Абай сөзінің зор игілікке айналарына сенімді: Марқұм атамыз! Қазақ
халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты.
М.Әуезовтың Абай - әдебиеттің басшысы атты үзінді мақаласы оның
Қоңыр деген бүркеншік атпен 1922 жылы Шолпан журналының 4-5 санында
басылым көрген Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі деген еңдегінен алынған.
Ол еңбек негізі қазақ әдебиетінің тарихын тану мақсатында жазылған. Ал ол
тарихта Абайдың алар орны өзгеше.М.Әуезов Абайды: Қазақтағы суретті, сұлу
сөздің атасы деп біледі, екіншіден, Абай өлеңдерінде тереңдік пен білім
басым.М.Әуезов Абайдың тіл қасиеті мен көркін жасаудағы еңбегін тағы да
қадап айтады. Қазақ тілін кеміте, кішірейте отырып, қасиетін де көтере
мадақтайды. Абай жаңа әдебиеттің басында тұрған тұлға. Ол туралы М.Әуезов:
...оның орнында қазақ өмірінің кем-кетігін түсінген көзі ашықтық бар,
дәлдеп ауруын тауып, емін айтқан ширақтық бар деп жазады. Абай өлеңдері
өмірге жанасымды дәлдік, шыншылдығымен ерекшеленеді. Ақынның өзіндік беті,
бағыты туралы М.Әуезов: ...Ол ашық тілек, айқын ұғымның, здоровый
реализмнің сарыны деп жазады. Мақала түйіні де осы.
Бақылау сұрақтары:
1. Екеудің Абай мұрасының жан-жақты сипаты туралы айтқаны.
2. М.Әуезов Абайдың қазақ әдебиетіндегі орны туралы.

4- лекция. Тақырыбы: Абайдағы толық адам танымы.
Жоспары:
1. Адамгершілік - дәстүрлі ілім.
2. Абайдың толық адам танымы.
Лекция мақсаты: Ақындағы жүйелі, қалыпты адамгершілік ілімімен таныстыру.
Лекция мәтіні (қысқаша) Адамгершілік - барлық қаламгерлерге ортақ
тақырып. Әйтсе де сол қаламгерлердің бәрі де бұрыннан айтылып келе жатқан
дәстүрлі тақырып - адамгершіліктің өзіндік жүйесін, қалыбын, танымын жасай
бермеген. Абайдың өзге ақын-жазушыдан бөлек болатын жағдайы да осы адам
болу мен адамгершіліктің жүйелі жолын, өзіндік танымын жасай білуімен
байланысты. Ол адамгершілікті көркемдік тұрығыда суреттеумен шектелмей, оны
ілім, таным, ойшылдық деңгейіне көтере жырлайды. Абай негізін Аристотель
қаласа да шығыста әл-Фараби бекіте түскен ғылымдар жүйесіндегі практикалық
философия тұрғысында толғанады. Практикалық филолсофия мемлекет пен жеке
адамның игілігі мен бақытын, кемелділікке жетуін сөз ететін саясат пен
этиканы қамтиды. Ұлы ойшыл әл-Фараби Философияны үйренуден бұрын нені білу
керектігі туралы трактатында әртүрлі пікірлерді айта келіп, этиканың
қасиетін көре білген Теофрастың да б.э.д. 371-286 ж.ж. көзқарасын
келтіреді: ...Теофрастың жолын ұстанғандар этикадан бастау керек деп
санайды, өйткені мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға да қолы
жетпейді дейді. Аьай да - этикалық мәселені, мораль философиясын тереңдеп
сөз еткен ғалым, ойшыл, ақын. М.Әуезовтың Ол адамгершілікті, моральдық
философияны барлық жайдан жоғары қойды деген ойы ақын танымен терең
танудан туған. Абай үшін ақындық мұрат емес, оның ақындығы - адамгершілік
танымының құралы ғана. Ол белгілі бір адамгершілік қасиеттерді іш тартып
қана қоймай, сонымен бірге адамгершіліктің адам болу мен кісіліктің өзі
тапқан қалыбын, жүйесі мен жолын жасайды. Адам тану мен адамгершіліктің
мәніне, сырына үңіле түседі. Қайтсем адам атын асқақ,асыл етем деп шарқ
ұрады. Жалпы, діни-философиялық ойдың даму тарихында адам ұғымының алатын
орны орасан десек те, оны белгілі бір жүйеге түсіріп, тиянақты түсіндіруге
көш басы болған философ - Сократ. Абайдың толық адам танымы туралы сол
Сократтан басталатын Платон, Плотиндердегі сүюді сүйеніш, тірек еткен адам,
қытайлардың дао іліміндегі әбден жетілген адам (совершенно мудрый человек)
шығыс ойшылдары мен суфизмдегі камили инсан мен бенделіктің кәмалаттығына
ұмтылған адам және Ирандағы жәуанмәртілікпен сабақтасып, туыстасып жатады.
Абайдың адамгершілікті жырлаудағы ең басты жаңалығы да осы. Абайдағы
адамгершілік мәселесі құбылыс ретінде толық адам арқылы көрініп, ең түпкі
мәні махаббат пен әділет, ізгілікке дейін дамып, ұштала түседі. Абайда
толық адамның мәні мен негізіне үңілген белгілі бір жүйе бар. Сол жүйені
мынадай күйде көруге болады:
а) толық адам: ақыл, қайрат, жүрек;
ә) ақыл, жүрек;
б) жәуанмәртілік: ақыл, рақым, әділет;
в) жүрек: әділет, рақым, т.б.
г) әділет;
д) сүю;
е) ізгілік, қайырымдылық-бақыт.

Абайдық адам болу жайындағы жүйелі танымы Қартайдық, қайғы ойладық,
ұйқы сергек өлеңінен басталады.
Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек.
Шыға ойламай, шығындап қылық қылмай,
Еріншек өздігінен көпке көнбек.
Ақынның сөз қолданысында Ер сөзі көбінесе кісілікті кісі бейнесінде
келеді.
Ал кісілікті кісі ақын армандаған толық адам ұғымымен төркіндес. Мұны ақын
өлеңдерімен үңіле оқывған оқырман өзі де байқай алады. Осы бір ғана
шумақта кісілікті кісінің әдемі-ақ бейнесі берілген. Әрбір сөзді ерекше
електен өткізіп айтатын ақынның бойды жеңбек тіркесінің мән-жайы орта
ғасырдағы шығыс ойшылдары мен ақындарында молынан сөз болған. Олардың
ойынша, адам болудың жолына түскен кісі ең алдымен тәндік тілегін тежеп,
жанының зиянды құмарын шектей білуі керек. Абай бойды жеңбек деп осыны
айтып отыр. Ақын өлеңіндегі көпке көнбек сөзінің де тарата түсуді
тілейтін төркіні бар. Ол көпті көбінесе тобыр, ақылсыз, надан кейпінде
суреттейді. Керісінше, жеке адамның көш бастаушы көсемдігіне ерекше көңіл
бөледі. Әл-Фараби де жеке адамның, бас әкімнің тұлғасына назарын көбірек
аударып, олардың адамгершілігі мен білімділігі қоғамда қайырымдылықты
жүзеге асырудың негізгі шарты деп білген. Мұндай таным Жүсіп Баласағұнда да
бар. Абай - осы таныммен жете таныс ақын. Оның ойынша, әрбір адам өзін тану
арқылы үнемі адамдығын жетілдіру жолында жүрмек. Ал бар ақылы көзінде
тұратын ақымақтың тірлігі - өмір арнасында ақылсыз, ойсыз аға беру,
өлгенше көкірек көзі ашылмай қалғып өту. Ақын өлеңдері мен қарасөздерінде
таным жайын көп айтады. Шыға ойламай, шығында қылық қылмай жүрген
надандардан кісінің мәртебесін артық ететін де - осы таным мәселесі.
Абай үнемі ебін тауып кісінің адамгершілігін ұштай түсумен болады.
Адамзат тірілікті дәулет білмек,
Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек.
Ақынның өзі айтқандай, адамда екі түрлі қуат бар: жан қуатымен ақыл
таппақ та, тән қуатымен мал таппақ, еңбек етпек. Ақын екеуінің де
адалдықпен болғанын қалайды. Және осы ойының жүйелі түрде қалыптасқан таным
екенін кейінгі өлеңдерінде сапалы өсудегі қайталауымен дәлелдеп отырады.
Ақын толық адам туралы танымын өмірінің соңына дейін алып барады. 1902 жылы
жазылған Тоты құс түсті көбелек атты мәні терең өлеңінде тағы да осы үш
қасиеттің тұтастығын танығандай боламыз:
Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек.
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
Ақын шығармаларымен біршама таныс оқырман екінші жолдан жүректі,
үшінші жолдан қайратты, соңғы жолдан, өзі де айтып тұрғандай, ақылды оп-
оңай аңғара алады. Адамзат үшін қажет үш қасиеттің осы шумақтағы бөлінбес
бірлігін кездейсоқ құбылыс дей алмаймыз. Абай адам бойындағы барлық асыл
қасиеттер мен қабілеттерді бір орталыққа біріктіріп, оларды өзі таныған үш
қасиет арқылы толық адам бойына жинақтайды. Ақыл,қайрат, жүрек үшеуінің
бір кеудеден табылып,одан толық адам туатын танымы - ұлы ақынның зор
табысы
Баќылау сұрақтары:
1. Адам болмысы туралы.
2. Толық адам мәні жайында.

5- лекция. Тақырыбы: Абайдың балалық, жастық шақтағы өлеңдері.

Жоспары:
1. Ақынның он үш жастағы екі өлеңі мен жиырмадан асқандағы Әлифби өлеңі.
2. Сап-сап, көңілім өлеңі.
3. 1882 жылдың туындысы - Қансонарда өлеңі.
4. Қақтаған ақ күмістей өлеңі.
Лекция мақсаты: Ақынның алғашқы өлеңдерімен таныстыру.
Лекция мәтіні (қысқаша) Абайдың толық жинағы 1858 жылы жазылған екі
өлеңнен басталады. Біріншісі Йузирәушан, екіншісі Фзули, Шәмси.
Бұлардан соң 1864 жылы жазылған Әлифби өлеңі бар. Ақынның он үш жас пен
он сегіз, он тоғыз жастар арасында тудырған шығармалары осы. Бұл өлеңдер
тұсында айқын байқалатын ерекшелік - шығыс ақындарының үлгісінде
жазылғандықтары. Әйелдің сұлулығын бейнелеген Йузи - рәушан деген өлеңде
жас Абай анық еліктеуші ақын екендігін көрсетеді. Бұнда қыздың көзі гәуһәр,
бетінің ұшы лағыл тастай қып-қызыл, тамағы қардан бетер, қасын құдіреттің,
жаратушының қолы шеккен. Және өзі дүние жүзіндегі сұлулардың раһбары -
көсемі, басшысы. Абай шығыс ақындарының бар үлгісін түгел меңгерген.
Теңеулері шектен асқан әсірелеуді көрсетеді. Өмірге, шындыққа жанаспайтын
орасандық шығыс поэзиясының көп ғасырлық дағдысы еді.
Әлифби өлеңінде шығыстық ерекшеліктердің барлығын өз бойынан
көрсетумен бірге, ол поэзиядан бөлегірек, оқшауырақ тұрған айқын өзгешелік
те бар. Бұл ретте өзге жайларды қойып, өлеңнің соңғы екі жолын еске алсақ
та болады.
Үтір мен асты-үстілі жазуда бар,-
деп келіп, Абай сүйікті сұлуға арналған хаттың ең соңында нақтылы тілек
айтады. Шығыстық шер сөздер қосып, ғашық-мағшуқ жайларын тал бойы ұйып
жырлаған сияқтанып, отырып, Әлифбиөлеңінің ақырында Абай сезім, сана
жағынан жаңағы шығыстық сарыннан өз басының сау екенін танытады, сергек
екенін байқатады. Абай Әлифби өлеңінің әр жолын араб алфавитінің ретімен
түзеді.
Бұлардан соңғы Абайдың жас шағынан бізге жеткен, жылы белгісіз
өлеңі Сап,сап, көңлім. Жігіттік, жастық мінездеріне арналып айтылғанмен,
Абайдың бұл өлеңі жоғарғы тексерілген жолдардың барлығынан мүлде басқаша.
Ең әуелі оқушыға салғаннан айқын көрінетін өзгешелік бұл өлең таза қазақ
тілінің өзімен жазылады. Бұндағы ойлар мен сезімдер, жас жігіттің өзіне де
өзі, құрбы тұрғыластарына да арнаған тоқтау сөзі, сын, толғау сияқты. Ең
әуелі бұл өлеңде Абай қазақ әдебиетінен бөлек үлгіге еліктеуді өзіне енді
лайық көрмеген сияқты. Өз өмірінің шындығы бұл жырда аса айқын
қонымдылықпен айтылады.
Ұзақ өлеңнің көркем жолдарында ел жігітінің тіршілігінен тысқары
тұманды, оқшау хал де, теңеу де жоқ. Қыз аңдыған жігіттің түнде жортқан,
жеңіл-жеңсік қуған әдеті өзгеге де ой түсіреді. Бұл өлеңде жасанды теңеулер
жоқ. Қайта қазақтың шешен, орамды, терең, мәнді сөздерін қолданады.
Өмірдің өткел кезеңінде тұрған, ой түскен жас орынсыз деген
мінездер, істер жайын көп сұрақтармен баяндайды. Тыңдаушысын ойландырып,
өзіне ақыл салып айтады. Опасыз, тұрақсыз, тынымсыз жортуылдан қайту керек
дегендей, тасқындаған көңілді ауыздықпен шаужайлағандай болады. Сап,сап,
көңлім деген сабырдың, тыйылудың сөзін үнемі қайталап отырады. Айтпақ
жайын әдейілеп, көп қайталап, осы өлеңді жазудағы мақсатын, ойын ерекше
нықтай түседі. Опасыз жас болмау керек, таңдап сүйген біреуі ғана бар, тең
сезімге табынған жақсы жастың адамгершілік пен махабатты қабыстырамын деген
ниеті көрінеді. Абайдың жас шағындағы өлеңдерінің қорытындысы есепті болған
Сап,сап, көңлім енді жақын шақта реалист сыншы және шыншыл ақын боп
қалыптанатын Абайдың алдағы өрісін аңғартады.
Йузи - рәушаннанбастап, осы соңғы екі өлеңге шейін жеткен Абайдың жас
ақындық жолы бар екені ап-айқын сезіліп тұр. Оның басы - жеңіл, сыртқары
еліктеуден басталып, соңғы кезеңі -ойы да, көркі де өсіп, пісіп қалған
болашақ ойшыл, сыншыл ақынның іздену, өсу кезеңін көрсетеді.
Сап, сап, көңлім 1865-1870 жыл аралығында жазылса, Қансонарданы
жазғанша, арада он бес жыл өтеді. 1882 жылғы өлеңінде Абай мүлде басқаша,
өзгеше көркемдікке жеткен, шеберленген, және әсіресе ақындық мәдениеті
жоғарылап, қалыптанып қалған ақын болып көрінеді.
1882 жылдағы Қан сонарда сияқты өлеңмен бастап, нені көріп, нені
сезініп, нені жыр етіп толғанса, бәрінде де әр дәрежеде реалистік
шеберлікті танытады. Өлеңнің өрнегімен ізденгіш жаңалықтары соныдан соныға
түсіп, үдеп, өсіп отырады. Осы өлеңдегі табиғат көріністерін, өз сезімін
және аңшылықтың қызулы, қызғылықты сәттерін сипаттағанда Абай өзінің жаңаша
қалыптанған ақындық мәдениетін танытады. Бұл реалист ақын болғанда, орыс
классик поэзиясының реалистік традицияларын өз бойына мол сіңіріп, жақсы
меңгерген суретші ақын боп көрінеді. Бұндағы көретініміз қазақ халқы мекен
еткен қысы қарлы табиғат. Бүркіт салуға салт атқа мініп шыққан анық
қазақтың аңшылар тобы. Ермек үшін еңбек еткен ширақ, сергек, қажырлы әрекет
үстіндегі адамдар. Көпшілік елдерде, бұл замандарда қолданбайтын бүркіт
аңшылығы суреттелмек. Осы адам тобының мінездері, аңшылықтағы тәсіл-
тәжірибелері әр алуан динамикалық кесек әрекеттері толып жатқан ұсақ машық-
мерзімі тұтас қазақтың өзіне тән тіршілігі боп шығады.
Сөйтіп, барлық фактілердің, жеке көріністердің баршасы нағыз қазақтың
өзіне тән шындықтарымен қалыптанудың үстіне, тұтасымен алғанда, осы өлең
зор мәдениетті, ірі суретші тудырған шығарма екенін танытады. Қазақтың
Абайдан бұрынғы поэзия үлгілерінде де тау анық реалистік дәодік болмысымен
суреттелмейтін.
Абайдың пейзажы, тауы шығыс ақындарының тұманды тұспалына да
соқтырмайды.
Екінші айқын бір жаңалық белгісі- тауды және барлық пейзажды тек сол
тау үшін, пейзаж үшін ғана алмайды. Адамның іс-әрекеттерін, тартыс-талабын,
неше алуан мінездерімен араластырып арнаулы қарым-қатынаста, шарпысу
қалпында алады. Адамның да іс-әрекетін, сезімін тегіс табиғат ортасында
береді. Шығарманың өзі сюжетті, оқиғалы поэма, баллада үлгісінде жазылмаса
да бар өлеі бастан-аяқ динамикалық суреттерден құралады.
Абай осы өлеңде өзі айтатын жайларды аса жақсы біліп, оны үлкен дәлшіл
шындықпен жырлайтындығын танытады.
Абайдың ендігі көпке мәлім елеулі бір өлеңі - Қақтаған ақ күмістей.
Бұл өлең 1884 жылы жазылған. Өлеңнің тақырыбы қазақтың бой жеткен қызының
сырт көрінісін, пішін, мүсін келбетін суреттеуге арналады. Жас атаулы
қызығарлық, сүйсініп тамаша етерлік ерекше сұлу қызды сипаттайды. Бұнда
сұлу әйелді сипаттауда ең алғашқы жолдан бастап, айқын сезілетін
тәртіптілік бар. Әуелі қыздың пішінін айтады. Келісті біткен маңдайынан
бастап көзіне, қасына тоқтайды. Одан ары мұрнын, бетін атай келіп, аузына
ауысады. Сұлу тісін, бұлбұл үнді күлкісін айтып, аузына аз аялдап, содан
ары мойнына, тамағына тоқтайды да, осыдан ары ұлы мүшесіне, жауырыны,
иығына, бойына ауысады. Жазба ақын фольклор үлгісінен бөлек, ерекше планмен
жазып отырғанын аңғартады. Абай бұл тұста өзінше үлгі көрсетеді. Ол-
сұлудың сыртқы портретін береді. Абай бұнда жанды, тірі адамды бейнелеудің
орнына жансыз сурет беріп отырған сияқты. Суретшінің қағазға түсіріп
отырған портреті айқынырақ сезіледі. Әсем сұлудың сырт көркімен қатар
сезімін, ақыл-мінезін, адамдық ішкі дүниесін беруді ақын ескермейді.
Паспорттық сипаттау жасайды.
Өлеңнің алғашқы күшті бөлімі сипаттау болады да, екінші бөлімі көпке
мәлім, орташа шындықтарды ақсақал ортасының ауызымен санап, ақыл-өсиет етіп
айтуға ауысып кетеді. Әуелде іш пен мінез жоқ, тек сырт болса, кейін сырт
жоқ, тек мінез аталады.
Баќылау сұрақтары:
1. Ақынның алғашқы өлеңдеріндегі шығыстық белгілер.
2. Ақын өлеңдеріндегі шынайлық көріністері.

6- лекция. Тақырыбы: 1885-86 жылдары жазылған өлеңдері.
Жоспары:
1. 1885 жылдың өлеңі - Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
2. Өнімді еңбек еткен 1886 жыл туындылары.
Лекция маќсаты: 1885-86 жылдары жазылған өлеңдерін тақырыптық-идеялық
тұрғыдан таныстыру.
Лекция мәтіні (қысқаша): 1885 жылы туған Жасымда ғылым бар деп дейтін
өлең Абайдың сол 1880 жылдардың бас кездерінде, ақындық еңбек жолында әр
алуан түрде ізденіп жүргенін көрсетеді. Ізденуші Абай, ең алдымен, өзін
жаңа үлгідегі ақын етуге жәрдемші болатын ғылымның жайын сөз етеді. Жасында
оқыған оқуын, ғылым екн деп танымайды. Ең алдымен, білім ал! дегенде
орыс халқының шын зор өнерін үйрен дейді. Сонымен танысып, өсіп бол да,
халқыңа пайдалы басшы боп қызмет ет! деген ұлы жол тартады. Қызмет қылып
шен алуды енді Абай қасиет емес мін санайды. Көлемі аз ғана өлең болса да,
Жасымда ғылым бар деп- Абайдың бұл уақытқа шейін жазған өлеңдерінен мүлде
бөлек.Енді өзі бірталай оқып, өсіп, бар өмірін қайта ойланып, қатты сынап,
мінеп өткен ойшыл ақынды көреміз.Білген сайын жеткеніне місе қылмай
азсынып, зор ғылымға ұмтылғанын байқаймыз. Өзінің арманымен іздеп тапқанын
болашақ буыннан шығатын қазақ жасына ағалық өсиетпен ұғындырғысы келеді.
Анық үлкен жолды іздеп табуда өз басының кешіккендік өкінішін айтып отырып,
сол жастарды ойландырмақ .Тура жолға ерте күннен, жас шағынан түссе екен
деп баулымақ болады.
Бұл шығарма енді халықтық, адамгершілік, ағартушылық жөнінде үлкен
қияға қарай жол тартқан жаңа ақынның ашық бейнесін көрсете бастайды. Осы
жылдарда Абай анық қалыптанған реалистік ақын болумен қатар, өзі суреттеп
отырған ортада сан түрлі адамдардың ішкі сырын, мінез әрекеттерін де ірі
шеберлікпен ашатын психолог ақын болады. Өз заманындағы әлеуметтік
ауыртпалықтарға ем іздеуші қайраткер туады. Әсіресе халқының қалың
көпшілігі болған, орта шаруаның жоқшысы, жаршысы бола бастайды. Сонымен,
Абайдың ендігі еңбегі, әрбір өлеңі анық еңбекші халық үшін істелген
қамқорлық, қайраткерлік, азаматтыққа ауысады. Әрбір көркем терең ойлы
шығармасы әлеуметтік тартыстың үлкен бәр құралы тарихтық акт есебінде туып,
қалыптанып отырады. 1886 жылдың тағы бір шығармасы Қалың елім, қазағым,
қайран жұртымды ақын өз халқының сол кездегі тарихи трагедиясын айта кеп
дерттенеді. Жоғын жоқтап, мұңын мұндап отырғаны қалың елі, қазағы. Оны
қайран жұртым деп, бар жанымен ынтыға сүйеді.
1886 жылдың сыншылдық, қоғамшылдық тақырыпқа арналған өлеңдерінің
қатарында Адасқанның алды жөн деген бір өлең бар. Бұнда да өзі көрген
кемшілікті, мінді мінездерді үлкен турашылықпен қатты сынап, шенеп айтатын
ақын көрінеді. Тек бұл өлеңде сынайтыны, ащы мысқыл үлгісінде қатты мінеп
сөйлейтіні алғашқы көп өлеңдердегі болыстар, атқамінерлер, қанаушылар тобы
емес, ел ішіндегі еңбексіз өмір кешетін жалқаулар болады. Абай заманындағы
қазақтың көшпелі ауылында болған жалқаулық, еңбексіздік ең алғаш өлеңмен
сөз қылы бастайды.
1886 жыл тудырған өлеңдердің тақырыбы әр алуан екенін көрсететін бір-екі
өлең аттың сыны мен жазға арналған өлеңдер. Бұл шығармаларында Абайдың
суретші-реалист ақын есебіндегі шеберлігі көрінеді.Аттың сыны- жаратылыстың
жанды бір бейнесі болған бәйге атқа арналған өлең.
Қақтаған ақ күмістей деген өлеңінде онша орынды болмаса да, мұнда
қолмен қойғандай, барлық сыны сырт сымбатынан көрінетін көліктің жайын Абай
кекілі, құлағынан бастап түгел толық баяндап шығады. Бәйге аттың мүсінін
сынап сануда Абай үлкен білімділік, байқағыштық танытады.Ол әрі шебер ақын
болудың үстіне аса білгір саятшы, атсейіс сыншы боп шығады. Бұнда және де
шындықтан тыс, хиялды теңеулер жоқ.Қонымсыз романтика, тұманды теңеулер
сияқты болмыстан сырт, жалған жамаулар жоқ. Өте нақтылы, шыншыл, дәлшіл
үлгіні көрсететін, реалистік шеберлікпен толық шыққан көркем шығарма
болады. Мазмұнында ат жайын аса білгірліпен дәл айтуды мақсат етіп алған
шығарма өлеңдік құрылыста, сөздік байлықта, ақындық орамды шешендікте де
бір тегіс, тұтас келісімді танытады. Абайдың жаратылыс келісін, көркін
суреттеген шебер жырының бірі- табиғат жайына арналған Жаз. Жалпы
алғанда, Абай жылдың төрт меззгілін бір жылда емес, бірнеше жыл бойында
жазады. Сол өлеңдерінің алғашқысы осы- Жаз. Жаз өлеңінде сахарадағы
ауыл тіршілігін, көшіп-қонып жатқан көрінісін сипаттауда сол ауылдағы
әралуан топтар арасындағы қайшылық, қарсылықтар көрінбейді деуге болады.
Ақын және де нақтылы, анық шындық халдерді көп теріп, шығармасын өте
жанды, мол әрекеттерге толтыра жазады. Және ешбір көрініс-қимылда болмыстан
тыс көмескілік, тұманды тұспаушылдық жоқ. Ең әуелі жас шалғынды, бәйшешегі
толықси өсіп тұрған соны қонысты алады. Сол араға жеткен малдың ішінде,
әсіресе, қалың топ жылқының ен суға, мол шалғынға емін-еркін араласқан
күйлі кезін көрсетеді. Әлі үйін тігіп, жайғасқан ауыл жоқ.Жанды-жансыз
табиғат арасында шұбартқан суретті өз қимыл-қозғалыстсрмен толықтыра
түседі.Сәнін молайтқан адам тобының әр алуаны көрінеді. Үй тігіп жатқан қыз-
келіншек, ат үстінде мал ішін аралап жүрген ауыл иесі үлкендер аталып
өтеді.Содан жұмыс үстінде жүрген шешелерді жағалаған жас балалар, тынымсыз
шабуылмен күнұзын салпылдап еңбек еткен жалшылар көрінеді; өзен бойында құс
салып жүрген жас аңшы бозбалалар да ақынның көзіне түседі.Бай ауылына
жағынышты,жалынышты тынымсыз көрші малай, қартаң ақсақал да өз әрекетімен
аталып өтеді. Осылайша үлкен ретпенен көп өмір көрінісін аз өлеңнің ішіне
тығыздап сиғыза білген ақын, негізінде реалистік пейзаж беріп отыр.
Табиғаттың белгілі көрінісіне, мезгіліне адамның әрекетін мол араластыра
біледі. Аз адам емес, ауылда тіршілік еткен кәрі-жастың, бай мен малайдың,
қолы бос бозбаланың- бәрін де тізіп өтеді.
Өлеңнің ішінде жанды тіршілік, қайнар қызу мол болғандықтан түрі
менен өлшеу ұйқастарында да аса жанды, қызулы жүрдектік бар.
Бақылау сұрақтары:
1. Абайдың білім алудағы мақсаты туралы.
2. М.Әуезовтың аттың сыны мен қыз көркі туралы өлеңдерге берген бағасы.

7- лекция. Тақырыбы: Өнімді еңбек еткен 1886 жылғы туындылары.
Жоспары:
1. 1886 жылғы жастарға арнап жазған өлеңдері.
2. 1886 жылғы көңіл-күй лирикасы.
Лекция мақсаты: 1886 жылғы өлеңдерін жанрлық, мазмұндық жағынан талдау.
Лекция мәтіні (қысқаша) Абайдың бір топ өлеңі жастарға арналған,
Интернетта оқып жүр, Ғылым таппай мақтанба, Жігіттер, ойын арзан,
күлкі қымбат, Бір дәурен кемді күнге деген шығармаларының бәрі де -
өсиетші, сыншы ұстаз ақынның дас буынға арнап айтқан сөздері. Солардың
ішінде, әсіресе Абай шығармасына үлкен жаңалық қосатын өлең - Интернетта
оқып жүр. Бұл өлеңде сыншылдық та көп, қоғам үшін қамқорлық озғын ой да
мол. Абай сол жастарға: Сен арман еткен чиновник пен адвокаттарды Толстой,
Салтыков-Щедриндер қандайлық масқаралап, әшкерелеп, сорақы кескіндерін
әйгілеп бергенін ойлаңдар! Ойлана түсіп жиреніңдер, қашыңдар!-дейді. Бұнда
анық, айқын түрде патшалық кеңсесінен қаш!-дейді. Ол арада өмір кешсең,
залалды адамның бірі боласың. Елі-жұртыңнан лағынат аласың деген ой
байқалады. Бұның орнына :
Алыс та болса іздеп тап,
Кореннойға кіруге...
Абайдың түсінігіндегі коренной адам - оның арман еткен азаматы.
Жастарға арналған өсиет өлеңінің ой жағынан көрнекті біреуі - тағы осы
жылда туған Ғылым таппай мақтанба Ел ішіндегі жас желеңге Абайдың әсіресе
көп ой қорытып айтқан мағыналы және програмдық бір өлеңі осы деуге болады.
Бұнда Абай адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың
талпынатын арманы - ғылым дейді. Сол ғылымға талпыну жолында өзі үгіттеп,
тәрбиелемек болған жастарды айналадағы көпшіліктің сорақы, бұзық
мінездерінен жирентіп өсірмек. Кейінгі өсетін жас буынға сол мінездер бес
дұшпан деп танылу керек. Ал, осыған қарсы ғылым тапқан жас болса, ірі
адамгершілікке ие болсын, азамат деп айтарлық ар иесі болсын. Ол мағынадағы
қасиетке жетуге талпыну керек .Сондықтан, ойы жетіп, адамдығы өскен жас
өзінің досы деп бес асылды таңдасын дейді. Гуманист Абай, ағартушы, әлеумет
ағасы болған ақын сол бес нәрсені санағанда, ең алдымен талапты айтады.
Сонан соң еңбек, терең ой, қанағат, рахым деген сияқты арлы адамгершіліктің
сипаттарын санайды.
Жас буынға осы жылда арналған сөздің бірі - Жігіттер, ойын арзан деген
ұзақ өлеңі. Ішіне тіршілік шындығы, күндегі өмір куәліктері көп кірген ұзақ
өлең болғанымен, бұл соңғы шығарма жастарға арналған жаңағы екі өлеңнен
идея жағынан төменірек түседі. Онда қазақ жастарының сауығына, үй іші
тіршілігіне, бір-бірімен кездескен мәжіліс ермектеріне көп көңіл бөле
отырып, ақынның әсіресе мән беріп айтатын ойы - достық жайында. Бұндағы
үгіттеп отырған оқушылары да бала жастар емес, жігіттікке, үй іші
тіршілікке, кісілікке ілініп қалған өскелең жастар. Солардың арасында
қиянатсыз достық айтумен өз ұғынуындағы адамгершілік, адалдық мінездерді
жол етіп ұсынады. Алдыңғы ата, әке, буындарының мінезіндегі боямалық,
жалған татулық, қиянаткерлік атаулыдан сол аталардың нәсілдерін
сақтандырмақ болады.
Тақырып, сезім сарыны бөлегірек шығатын бірнеше өлең - Абайдың өзіндік
көңіл-күйлері. Өз басының мұңшыл, сыншыл ойларына арналады. Бұл қатарға :
Көңілім қайтты, Патша құдай, Көкпайғадеген өлеңдер қосылады.
Сыншыл ойдың иесі әлеуметтік пайдалы еңбектің өзінің ендігі тірлігіне
мақсат, мұрат етіп алған ақын жұртына етіп жүрген еңбек қызметі туралы
күдікті, мұңлы ойларды да ойлай жүреді. Әсіресе, өзінің күнделік өмірі мен
тағдырын байланыстырған құнарсыз ортадан көрген опасыздық, қиянаткерлік
жайларын жыр ете бастайды. Дұшпан ғана емес, доспын деген талайдан да сол
күнделікті тірлігінде сан түрлі қиянат көреді. Етіп жүрген еңбегінен
түңілмесе де жаңағы топтан түңіліп оқшаулана бастайды. Ойлы жалғыздың
бітімсіз, сыншыл уайымы тәрізді сөздері шығады.
Қорыта айтқанда, ендігі Абай көп қырлы, терең сырлы үлкен әлеуметтік
идеяны жыр қылған ұстаз ақын болады. Шығармаларының бәрі де өзі өмір кешкен
ортаның дәл сол тарихтық нақтылы дәуірдегі дәлме-дәл болмысымен, күнделікті
шындығымен нық байланысты болады. Және қай жайды жырласа да сыншы шебер
реалист боп жазады. Жаңа арманмен өзгеше ақындық үлгі көрсетіп, соны
стильдің шебері болып қалыптана береді.
1887 жылдың үлкен өлеңі үшеу-ақ. Оның екеуі - Сабырсыз, арсыз,
Көжекбайға дегендер - ел ішінің содыр-сойқанды, бұзық тобына арналған.
Өткен жылғы көп шығармаларының тақырыбы қайталап, өскелеңдеп кеп тағы
жаңа шығармалар туғызады. Бұлардан бөлек, жаңа жылдың, ерекше жаңа, бұрынғы
кезде Абайдың өзі де, өзге қазақ ақындары да айтып көрмеген тақырыптағы ең
бір терең көркем шығармасы- Өлең -сөздің патшасы болады. Алғашқы аталған,
бұрынғы, белгілі тақырыпты тың өлеңдерімен қайталаған шығарманың екеуі де
ұзақ өлеңдер. Солар сияқты үшінші өлең де аса терең мағыналы болумен бірге,
ұзақ жырдың бірі болып шыққан.
...Сабырсыз, арсыз, еріншек
Көрсе қызар жалмауыз.
Сорлы қазақ сол үшін,
Алты бақан ала ауыз,-
деп басталатын өлең елдің сорына біткен қу мен сұмның неше алуан жексұрын,
жиренішті кескінін бейнелейді. Бұл өлеңде біз ел бүлдірушінің тағы да тың
әрекетін көре түсеміз. Бұндағы атқамінер, Абайдың бұрынғы суреттеген
қанаушы топ өкілдерінен, қосымша сорақы сипаттармен толыса түседі. Ызалана
түскен ақынның ашу тілі ширығып, өткірлене береді. Тынымсыз бүліктің бір
алуан портретін қапысыз түгел түсіреді. Және бір Көжекбай емес, көп
Көжекбайдың психологиясынан жиынтық бейне туғызып,жинақы бейне жасайды.
Бұл аталған екі өлең бұрынғы тақырыпты тың дәлелдермен, дерек,
әрекеттермен байытады.Аты аталып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
М.Әуезовтің Абайтануға қосқан үлесі
“Сиер” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Әкімшілік басқару бойынша дәрістер
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ” пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Әдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосқан ғалымдар
Қ.Мұхамедхановтың зерттеу-мақалалары
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Пәндер