Қазақстан мемлекетінің саяси дамуы


Ж О С П А Р
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ САЯСИ ДАМУЫ
1. 1 ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері және Конституциясы . . . 5
1. 2 Егемен Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі . . . 9
1. 3 Қазақстан - 2030 және еліміздің әлеуметтік дамуының даңғыл жолы . . . 10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ2. 1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуы . . . 12
2. 2 Қазақстан Республикасының діни және мәдени дамуы . . . 16
2. 3 Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы . . . 19
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 28
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін баянды етті. Қазақстан мемлекетінің егемендігі мына белгілермен сипатталады: Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Қазақстанның аумағы бес мемлекетпен: Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, Қызғызстанмен және Түркменстанмен шектес.
Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Мемлекетіміздің аумағына басқа мемлекеттің қол сұғуы агрессия деп аталады. Агрессияны халықаралық құқық айыптайды. Конституцияда жарияланғандай, Қазақстан басқа мемлекеттермен тату көршілік, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу, бірініші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді. Республикаға қарсы агрессия бола қалған күнде немесе сырттан тікелей қауіп төнсе, Президент республиканың барлық аумағында немесе кейбір жерлерде соғыс жағдайын енгізіп, ішінара немесе жалпы әскерге шақыруды жариялайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заң бойынша біздің мемлекет өз аумағын құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде өз қарулы күштерімен қорғайды. Республика шекарасын Қазақстанның шекара әскері күзетеді, ол республика тұтастығына қандай болсын қарсы әрекетке тойтарыс беруі қажет, адамдарды қылмыстық әрекеттерден қорғауы тиіс. Қоғамда өтіп жатқан процестер мен мемлекет қызметінің бағытына сәйкес бұл факторлар мемлекеттегі дағдарыс пен тұрақтандыруға жауап береді. Соңғы жылдары экономика саласында көп деңгейлі меншік жүйесі қалыптасып, шаруашылықтың барлық элементтерін қамтитын жаңа құрылымының қалыптасу процесі жүріп жатыр. Өндірісте экономикалық саясат, құрылымдық саясат жүргізу, айырбасты дамыту, өндіріс технологияларын жаңарту, сауда - бұның барлығы мемлекеттің міндеті болып табылады. Жұмысы әдістер мен жұмыс жасауында және мемлекеттік ұйымдастырушылық пен реттеу функцияларын көрсетілген процестерге ендіру болып табылады. Бірінші орынға монопольді мемлекеттік жоспарлау кезеңінденгі мемлекет функциялары мен басқарудың командалық әдістері шығады. Ең алдымен есептеу, бақылау, экономика мен шаруашылыққа анализ жасау функцияларын ұйымдастырады. Ал белгілі бір тарихи немесе әлеуметтік жағдайдағы бар модельдерді көшіріп алып қайталауға жол берілмейді.
Егемендіктің маңызды белгісі - онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілдік орган - Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент екі палатадан: Мәжілістен және Сенаттан тұрады. Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Ал Сенат депутаттарының басым көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындайды. Мемлекеттің басшысы-Президентті азаматтар сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық буындарының келісіп қызмет істеуін қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің көлемінде атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол атқарушы органдардың жүйесін басқарады. Атқарушы органдардың жүйесіне жататындар-министрліктер, мемлекеттік комитеттер, коммиссиялар, бас басқармалар және жергілікті атқарушы органдар - облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, селолық әкімшіліктер. Атқарушы органдардың өкілеттіктері зандарда және арнаулы ережелерде анықталады.
Ерекше құқық қорғау органдары бар, олар - соттар, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура. Олардың ішкі құрылымы, өкілеттіктері арнаулы зандарда анықталады.
Егенмендіктің тағы бір маңызды белгісі - өз азаматтығының болуы. Азаматтыққа байланысты мәселелер Конституцияда, азаматтық туралы заңда, Президенттің заң күші бар Жарлықтарында қарастырылған. Азаматтық - адамдардың мемлекетпен тұрақты саяси және құқықтық байланысының жағдайы. Мұндай байланыстан мемлекет пен азаматтардың өзара құқықтары мен міндеттері келіп туады. Мемлекет, оның органдары азаматтарға ол құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы үшін қажетті жағдай жасауы керек. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылган болса, лауазым иелері, заң қорғайтын органдар кінәлілерді тиісті жауапқа тартады. Азаматтың міндеттері - Конституцияны, зандарды сақтау, мемлекеттік тілді, барлық ұлттардың тілдерін, әдеттерін, дәстүрлерін құрметтеу, еліміздің экономикалық қуатын күшейту.
Егемендіктің тағы бір маңызды белгісі - басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау қабілеттілігі. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі. Көптеген шет мемлекеттермен елшілік қатынастарын жолға қойды. Олармен саяси, экономикалық, мәдени, т. б. мәселелер бойынша халықаралық шарттар жасасты. Сол мақсатпен Қазақстан Республикасының Конституциясы Президентке, Парламентке және Үкіметке қажетті өкілеттіктер берді.
Олар Қазақстанның дамуының тарихи жолдарын бейнелейді. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиісті. Заңдарда оларды пайдалану тәртібі белгіленген.
Қазақстан мемлекеті ежелгі қазақ жерінде құрылды. Демек, қазақ ұлты осы аумақта бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этнос болғандықтан, мемлекеттің сол ұлттың атымен аталуы табиғи және занды жағдай. Қазақ тілі - бірден - бір мемлекеттік тіл. Басқа ұлттардың тілдерін кемсітуге жол берілмейді. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін - өзі басқару органдарында ресми түрде қолданылады.
Бақытымызға орай Қазақстан қазіргі өтпелі кезеңнің қиындықтарына, қарама-қайшылықтарына қарамастан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы ішінде тыныштығын, бейбіт тіршілігін сақтап келе жатқан бірден-бір ел.
Демек, бұдан шығар қорытынды: қазір бізге көсегесі көгерген, іргелі өркениетті ел, өзгелермен терезесі тең қуатты біртұтас халық болуды қамтамасыз ететін пәрменді идеология ауадай қажет-ақ.
1 ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ САЯСИ ДАМУЫ
1. 1 ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері және ҚР-ның Конституциясы
КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бұлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы улкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелді: Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. «Мұндай заңды көп ұлтты Қазақстан халқы көптен күткен еді, - деп мәлімдеді республиканың халық депутаты С. Сартаев, - егер де оны біздің халқымыздың көптеген ұрпақтары жақындата түсті десем, ақиқатқа қарсы айтқан болмас едім. Тәуелсіздік үшін күрес үздіксіз дерлік жүргізіліп келді».
Қабылданған құжаттың 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық, унитарлық және құқықтық мемлекет деп анықтама берілген. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толық жүзеге асырады, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізеді, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық қағидалары негізінде құрады. Қазақстан аумағы біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғылмайтын болып табылды.
Заңның 2-бабында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстығына, шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, кәсібіне, тұрған жеріне қарамастан барлық құқықтар мен міндеттерді, бостандықтарды пайдалана алатыны атап көрсетілді. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі республика азаматтары болып табылады. Республика аумағынан кетуге мәжбұр болған және басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері азаматтары болған мемлекеттің заңдарына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының азаматтығын да қоса алу құқығы берілді. Республика аумағынан жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру, басқа да адамгершілікке қайшы акциялар барысында қашып шыққандар мен олардың ұрпақтарының елге оралуына қолайлы жағдайлар жасалды.
Мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі қазақ ұлты және Қазақстанда тұратын басқа ұлттар мен ұлт өкілдері мәдениетінің қайта өрлеуі мен дамуына қамқорлық жасау болып табылады. 3-бапта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы анықталды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінің басшысы - Президент болып табылады. Республика мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері анықталған 4-баптa республиканың тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес келетін және меншіктің барлық түрлерінің көпқырлылығы мен теңдігіне негізделген дербес экономикалық жүйесінің болатыны атап көрсетілді. Жер мен оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи байланыстар, ғылыми-техникалық және экономикалык мүмкіндіктер Қазақстан Республикасының меншігіне жатады.
Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі, ол өзінің тәуелсіздігін қорғау мен ұлттық мемлекеттілігін нығайту шараларын қабылдайды. Республиканың ажырамас құқығын құрайтын мәселелерді шешуге кез келген сырттан қол сұғушылық оның мемлекеттік тәуелсіздігіне нұқсан келтіру ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік рәміздері - Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң тарихи маңызды құжат және егеменді, демократиялық қоғам қалыптастырудың негізі болып табылады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңды қабылдау жөніндегі хабарды республика халқы қуана қарсы алды. 1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні болып жарияланды. Бұл күн 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алудың бес жылдығымен тұспа-тұс келді. Алматыда өткен митингіде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, академик С. Зиманов, желтоқсан оқиғасына қатысқандар, алыс және жақын шет елден келген қонақтар сөз сөйледі. «1986 жылы желтоқсанда екі күш - жас, қатайып үлгермеген демократия мен тоталитарлық жүйе қақтығысты, - деді митингіде сөз сөйлеген М. Шаханов. - Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген демократиялық бой көрсетулер болып өтті, тоталитарлық жүйе күйреді. Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттердің қатарынан өз орнын алуында 1986 жылғы желтоксанның баға жетпес сіңірген еңбегі бар».
Көп ұзамай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің жетекші елдері таныды. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Республика өзіне Ұйымның Жарғысын бұлжытпай орындау міндеттемесін алды. Қазақстан адам құқығының БҰҰ ортақ декларациясымен бекітілген құкықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындай отырып, дүниежүзілік қауымдастыққа лайықты түрде қосылуға ұмтылатынын, алған міндеттемесін мұлтіксіз орындайтынын нық мәлімдеді.
1992 жылы каңтарда Қазақстан өзінің тұңғыш алтынын шығарып, мемлекеттің алтын қорын жинауды бастады.
Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен 1992 жылғы қаңтарда Ішкі істер әскері құрылды. Армия қатарына шақырылған жастар Қазақстан аумағында әскери борышын өтеу мүмкіндігіне ие болды. Бұрын, ұзақ жылдар бойы «эксаумақтық» қағида бойынша әскерге шақырылғандар туған жерінен неғұрлым алыс аумақтарда қызмет етуге тиіс болатын. 1992 жылы тамызда Республика Президенті әскери қызметшілер үшін әскери анттың жаңа мәтінін бекітті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік рәміздерін қабылдауды талап етті.
1992 жылы 4 маусымда Жоғарғы Кеңестің сессиясы республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Сол жылғы 11 желтоқсанда Республика Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды.
1936 жылы бекітілген Қазақ КСР-інің мемлекеттік туы мен елтаңбасында Кеңес елінің идеологиялық бағытын (тап күресі, «кеңес» халқының бірлігі, коммунизм идеясын дүние жүзіне тарату) бейнелеген және республиканың этникалық-мәдени ерекшелігін ескермеген рәміздер енгізілген еді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Тудың ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Тік бұрышты көгілдір матаның ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Бірыңғай көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Күн - уақыт, замана бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікте қалыктаған қыран ҚР-ның еркіндік сүйгіш аскақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін паш етеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі - шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ - мемлекеттің түп негізі - отбасының бейнесі. Шаңырақ - күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ - киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар - дала дүлдүлі, ер-азаматтың сәйгүлігі. Ол жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, қажырдың, тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Ол - өлмес өмірдің бейнесі. Бес бұрышты жұлдызгербтің тәжі іспетті.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары - Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.
Мемлекеттік Ту мен Елтанба жөніндегі арнайы заңда Қазақстан Республикасының азаматтары және Республика аумағындағы басқа да азаматтар Ту мен Елтаңбаны құрметтеуге міндетті екендігі атап көрсетілді. 1992 жылы маусымда «Қазақстан Республикасы Әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заң, кейіннен - әнұран мәтіні қабылданды.
Ал 2006 жылы қабылданған қазіргі әнұран сөзінің авторлары Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Халық арасында ыстық ықыласқа, сүйіспеншілікке бөленген Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әні XX ғасырдың ортасында, Хрущевтің әкімшілік реформалары кезінде шыққан. Бұл ән Қазақстан тұтас ел және жерінің бір шөкімін де өзгеге бермейді деген өжет дауылпаз ұран. «Менің Қазақстаным» әнінің рухы жаңа заманда Жаңа Қазақстанды орнатып жатқан халқымыздың рухани талап-тілегіне толық сай келеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны - Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдар өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады.
Ел рәміздерін қабылдау - аса маңызды тарихи оқиға болды. Көп жылдар бойы Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатын анықтау мүмкіндігінен айырылған еді. Енді жаңа рәміздерді қабылдау тарихи сахнаға жаңа мемлекеттің, жаңа бейбітшілік сүйгіш державаның шығуын білдірді.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі елдің Негізгі Заңын - тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясын қабылдады. Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық қазақстандықтар еңбегінің жемісі болып табылады. Бұл маңызды құжаттың жобасын талқылау барлық жерде азаматтардың, әр түрлі саяси партиялар мен қозғалыстар өкілдерінің жиналыстарында, баспасөз беттерінде, теледидар мен радиода жүргізілді. Талқылау барысында бір-біріне мүлдем қарама-қарсы көзқарастар да айтылды. Азаматтар мен заңгерлер талқылау барысында көптеген ескертулер мен толықтырулар енгізді. Жаңа Конституцияның ерекшелігі - оның Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың ажырамас бөлігі деп жариялауы еді. Осылайша Қазақстан халықаралық нормалар мен демократиялық және құқықтық мемлекет құруға бағыт алғанын барша әлемге жария етті.
Қазақстан Республикасының осы, алғашқы Конституциясы 4 бөлімнен, 21 тараудан тұрды. Конституцияның құрамдас бөлігі Қазақстанның қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жағдайларына арналған тарау. Өтпелі кезеңнің мақсаты бұрынғы және жаңа конституциялық заңдылыққа, мемлекет пен оның органдары менинституттарына қатысты кейбір жағдайларын байланыстыру, үйлестіруге тиіс болды. Конституция баптарының көпшілігі - Отанымызда ұлтаралық жарасымдылықты сақтауға арналған. Онда Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының тең құқықтылығын қамтамасыз ететіні мәлімделді. Сондықтан да Негізгі Занның ең басты назар аударған нысаны - адам және оның өміріне байланысты мәселелер болды. Елдегі атқарылатын істердің бәрі Заң бойынша тек азаматтар мен қоғамның мүдделеріне сай жүргізілетін болып белгіленді. Қазақстандық және кеңестік іс- тәжірибеде тұңғыш рет адам құқығы мен бостандығының басымдылығы танылып, Қазақстан халқы дүниежүзілік қауымдастықтың ажырамас бөлігі екендігі бекітілді. Конституцияда тілге байланысты проблемалар өз шешімін тапты. Конституция бойынша республикадағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ал орыс тілі - ұлт- аралық қатынас тілі деп жарияланды. Мемлекет өз тарапынан ұлтаралық қатынас тілін, олардың еркін қолданылу салаларын сақтау мен олардың еркін дамуына кепілдік берді. Мемлекеттік тілді немесе ұлтаралық қатынас тілін білмеушілік себептері бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге тыйым салынды. Конституцияның тілдер жөніндегі баптары дүние жүзі, сонымен бірге ТМД елдерінің ішіндегі неғүрлым демократияшыл баптар болып табылады.
Негізгі Заңда Қазақстан Республикасының жері біртұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды деп атап көрсетілді. Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі Қазақстан халқы екендігі жарияланды. Мемлекеттік билік Конституция және республика заңдары негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Конституцияның орындалуына Республика Президенті кепіл болады.
Конституцияның тұтастай тараулары мен баптары азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, қоғамға, оның негізгі құрылымына, отбасына, қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіруге арналды.
Бұған әр адамның өмір сүру, меншік иесі болу құқығы, жиналыстар өткізу, бірлестіктер құру құқықтары жатады. Қазақстан азаматтары Конституцияны, республика заңдарын сақтауға, әрбір адамның ар-намысын, абыройын құрметтеуге тиіс. Бұған қоса республика азаматтары мемлекеттік рәміздерді - Елтаңба, Ту, Әнұранды қастерлеуге тиіс. Отанды қорғау - әрбір азаматтың абыройлы борышы. Республика азаматтары заңмен белгіленген салықтар мен алымдарды төлеуге міндетті.
Үшінші бөлім мемлекет пен оның органдары мен институттарының құқықтық нормаларын айқындауға арналған. Төртінші бөлім Конституцияны сақтау кепілдіктеріне, Конституцияның тұрақтылығын қамтамасыз ету және оның ережелерін қорғауға арналған. Оқиғалардың бұдан кейінгі даму барысы көрсеткендей, республика Парламентінің Қазақстан Конституциясын қабылдауы тарихи маңызы бар оқиға болды. Конституция мемлекеттің өркениетті дамуының негіздерін қалап қана қоймай, адам құқықтарын қорғау ісінде сенімді кепілге айналды. Осы аса маңызды құжатты қабылдау арқылы Қазақстан әлемнің тарихи сахнасына тағы бір демократиялық мемлекеттің шыққанын мәлімдеді.
1. 2 Егемен Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі
Тәуелсіз мемлекетке айналған Қазақстан, отаршылдық езгіге түскен соңғы 200 жылдан астам уақыттан кейін Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткізуге мүмкіндік алды. Құрылтайға түрлі кезеңдерде Отанынан кетуге мәжбұр болған дүние жүзінің 30 елінен келген қазақтар қатысты. Мұндай жиынды өткізу өз отандастарының алдында кешігіп болса да атқарылған гуманизмнің жоғарғы көрінісі болды. Отандастар әр түрлі жағдайларға байланысты, негізінен мемлекет тарапынан жасалған күш көрсетудің нәтижесінде, туған жерлерін тастап, шет елдерді мекендеуге мәжбұр болған еді. Қазақстаннан тыс жерлерде қоныс аударушылар кемсітушілікке де ұшырап, көптеген қиыншылықтарды бастарынан өткізді. Қонақтардың арасында кернекті діни қайраткерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер мен студенттер болды. Құрылтайға көптеген елдерден, оның қатарындағы үлкен қазақ диаспорасы бар Ресейден, Өзбекстаннан делегациялар келді. Құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, көрнекті ақын және қоғам қайраткері О. Сүлейменов, Түркиядан келген дінтанушы ғалым Халифа Алтай, Ресейден келген қонақ Аман Төлеев т. б. сөз сөйледі. Қоғам күштерін барынша жұмылдыру мен халықтар достығын нығайтуда 1992 жылғы желтоқсанның ортасында өткен Қазақстан халықтарының форумыүлкен рөл атқарды. Форумда интернационализм, тату көршілік қатынастарды дамытудың қағидалары жаңа тұрғылардан қарастырылды. Өзінің форумда сөйлеген сөзінде Н. Ә. Назарбаев Қазақстанды мекендеген халықтардың ұлттық келісім саясатын бекем және ақырына дейін жүргізетініне, олардың мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлерін дамыту үшін сенімді құқықтық кепілдіктерді құрудың қажеттігіне ерекше тоқталып өтті.
1993 жылдың соңы Қазақстанда Кеңестердің жаппай өзін-өзі таратуымен де есте қалды. Кеңестер көп жылдар бойы КОКП-ның өз билігін жүзеге асыруға пайдаланған шымылдық-пердесі болды. КОКП тарап, басқару жүйесі негізінен аудандық, қалалық, облыстық әкімшіліктер болып құрылған соң, Кеңестер өздерінің бұрынғы мазмұнынан айырылды. Көптеген Кеңестерде айтарлықтай елеулі жұмыстар жүргізілмеді, сан мыңдаған депутаттар корпусы немен айналысуын білмеді. Сондықтан «Кеңестерге не істеу керек?» деген сұрақ қоғамның кең топтарының арасында айтыс-тартыс нысанына айналды. Кеңестердің өзін-өзі тарату идеясы туындады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz