Марқакөл қорығының физикалық-географиялық жағдайы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
1 МАРҚАКӨЛ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1. Марқакөл қорығының физикалық.географиялық орны ... ... ... ... ... .5.6
1.2. Марқакөл қорығының жер бедері мен ауа.райы ... ... ... ... ... ... ... ...6.8
2 МАРҚАКӨЛ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫ
2.1. Өсімдіктері әлемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.20
2.2. Жануарлар дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.21
2.3. Марқакөл қорығының болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22.23
2.4. Қазақстанда қорық ұйымдастыру ісінің болашағы ... ... ... ... ... .23.27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30.31

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Қорық дегеніміз не?Марқакөл қорығының құрылуындағы мақсаты қандай? Марқакөл қорығының физикалық-географиялық ерекшелігі қандай?Марқакөл қорығындағы ерекше қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктері дүниесі қандай? Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы қандай?
Мемлекеттік табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондары, реликтілерді, ғылыми зерттеулерге, білім беру – ағарту ісіне, туризмге және рекреацияға арналғанобьектілер ретінде эколигиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.
Қорықтар – бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағына шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тиым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы-географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. бұл жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді.
Қазақстанда әр жылдары ұйымдастырылған « Ақсу – Жабағылы » (1926), « Марқакөл » ( 1934), « Наурызым » (1959), « Барса-келмес » (1939), « Қорғалжын » (1968) және « Марқакөл »(1976), Үстірт (1984), Батыс Алтай (1992), Алакөл (1998) қорықтары бар.
Осы орайда Қазақстан қорықтары республикамыздың табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отырғандығын айта кетпеске болмайды.
Қорықтардың басты мақсаты – табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығыны туралы көптеген отандық ғалымдар, сонымен қатар шетелдік ғалымдар өз еңбектерін арнаған. Олар: А. Ш. Молдабергеновтың «Атамекен» еңбегінде, «Қазақстан қорықтары» атты кітаптың І томында Марқакөл қорығының физикалық – географиялық ерекшелігі туралы баяндалған.
Менің курстық зерттеу жұмысымның мақсаты: Марқакөл қорығының физикалық – географиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Қорық дегеніміз не?
2. Марқакөл қорығының құрылуындағы мақсаты қандай?
3. Марқакөл қорығының физикалық-географиялық ерекшелігі қандай?
4. Марқакөл қорығындағы ерекше қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктері дүниесі қандай?
5. Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы қандай?
Зерттеудің әдіснамалық негізі: А. Ш. Молдабергеновтың «Атамекен» еңбегі, «Қазақстан қорықтары» атты кітаптың І томы бойынша.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Марқакөл қорығының физикалық – географиялық ерекшелігін анықталып,Марқакөл қорығы туралы қазақ тіліндегі әдебиеттер қатары толықтырылды.
Зерттеудің практикалық мәні: Марқакөл қорығындағы жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап қалуға және дамытуда қажетті практикалық құрал болып табылады.
Курсттық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымшадан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Н. Н. Березовиков «Марқакөл қорығы» - Алматы 2000, 101-115 беттер
2. Қ 18 «Қазақстан қорықтары» Т. 1 –Алматы, «Санат», 2008. – 339-349 беттер
3. А. Ш. Молдабергенов «Атамекен» - Алматы 1983, 167-174 беттер
4. Ә.С. Бейсенова «Экология» Алматы 2000, 154-166 беттер
5. Ғ.С. Гарапова, Н.М. Жақанбаева «География» Алматы 2007,114-116 беттер
6. Ұ. Есназарова «Қазақстанның физикалық географиясы» 2 Алматы 002,245-247 беттер
7. Н.В. Нелина «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары» Алматы 2004,104-110 беттер
8. Т.Байболат, Р.Н.Кенжебаева «География» Шымкент 2005,24-28 беттер.
9. «Энциклопедия для детей» Алматы 1997,3-5 беттер
10. Ә.С.Бейсенова «Қазақстанның географиялық атласы» Алматы 2005,3-20 беттер.
11. Егеменді Қазақстан 2005-2006,№1235 11.05.24.№4377 12.06.28.
12. М.К.Нұрмағанбетов «Жер судың аты,тарихтің хаты» Алматы 2003,5-15 беттер.
13. «География және табиғат» 2006,№6

Аннотация
Курстық жұмыста Марқакөл қорығының физикалық-географиялық ерекшелігін,
климаты, жер бедері, табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік
ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат
кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтадым.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Курстық жұмыс 31 беттен
құралған.
І Тарауда Марқакөл қорығының физикалық-географиялық орны, Марқакөл
қорығының жер бедері мен ауа-райын айқын көрсеттім.
ІІ Тарауда Өсімдіктері әлемі , Жжнуарлар дүниесі Марқакөл
қорығының болашағы , Қазақстанда қорық ұйымдастыру ісінің болашағы
туралы ашық айтылды.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
1 Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының физикалық-географиялық жағдайы
1.1. Марқакөл қорығының физикалық-географиялық орны
... ... ... ... ... .5-6
1.2. Марқакөл қорығының жер бедері мен ауа-райы
... ... ... ... ... ... ... ...6-8
2 Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы
1. Өсімдіктері әлемі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...9-20
2. Жануарлар дүниесі

... ..20-21
3. Марқакөл қорығының болашағы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22-23
2.4. Қазақстанда қорық ұйымдастыру ісінің болашағы
... ... ... ... ... .23-27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 29
Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...30-31
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Қорық дегеніміз не?Марқакөл қорығының
құрылуындағы мақсаты қандай? Марқакөл қорығының физикалық-географиялық
ерекшелігі қандай?Марқакөл қорығындағы ерекше қорғауға алынған жануарлар
мен өсімдіктері дүниесі қандай? Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы қандай?
Мемлекеттік табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи
эталондары, реликтілерді, ғылыми зерттеулерге, білім беру – ағарту
ісіне, туризмге және рекреацияға арналғанобьектілер ретінде
эколигиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік
қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.
Қорықтар – бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы.
Қорық аймағына шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен
құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю
және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін
әрекеттерге тиым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды
шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге
болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол
аймақтың ландшафтылы-географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет.
бұл жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуынсыз табиғи
жағдайда өтеді.
Қазақстанда әр жылдары ұйымдастырылған Ақсу – Жабағылы (1926),
Марқакөл ( 1934), Наурызым (1959), Барса-келмес (1939),
Қорғалжын (1968) және Марқакөл (1976), Үстірт (1984), Батыс Алтай
(1992), Алакөл (1998) қорықтары бар.
Осы орайда Қазақстан қорықтары республикамыздың табиғат байлықтарын қорғау
ісіне орасан зор үлес қосып отырғандығын айта кетпеске болмайды.
Қорықтардың басты мақсаты – табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы
тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау,
табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы
адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау
үшін аса қажет.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығыны туралы көптеген отандық
ғалымдар, сонымен қатар шетелдік ғалымдар өз еңбектерін арнаған. Олар: А.
Ш. Молдабергеновтың Атамекен еңбегінде, Қазақстан қорықтары атты
кітаптың І томында Марқакөл қорығының физикалық – географиялық ерекшелігі
туралы баяндалған.
Менің курстық зерттеу жұмысымның мақсаты: Марқакөл қорығының
физикалық – географиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Қорық дегеніміз не?
2. Марқакөл қорығының құрылуындағы мақсаты қандай?
3. Марқакөл қорығының физикалық-географиялық ерекшелігі қандай?
4. Марқакөл қорығындағы ерекше қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктері
дүниесі қандай?
5. Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы қандай?
Зерттеудің әдіснамалық негізі: А. Ш. Молдабергеновтың Атамекен еңбегі,
Қазақстан қорықтары атты кітаптың І томы бойынша.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Марқакөл қорығының физикалық –
географиялық ерекшелігін анықталып,Марқакөл қорығы туралы қазақ тіліндегі
әдебиеттер қатары толықтырылды.
Зерттеудің практикалық мәні: Марқакөл қорығындағы жоғалып бара жатқан
жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап қалуға және дамытуда қажетті
практикалық құрал болып табылады.
Курсттық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
қосымшадан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Марқакөл қорығының физикалық-географиялық жағдайы
1.1.Марқакөл қорығының физикалық-географиялық орны
Марқакөл мемлекеттік қорығы 1976 жылы 4 тамызда Шығыс Қазақстан
облысының Күршім ауданы территориясында бірегей Марқакөл көлі мен
қоршаған ландшафтың қорғау мақсатында құрылды. Қорықтың қазіргі көлемі
75048 га, оның едәуір бөлігін (46045га) Марқакөл көлі су айдыны алып жатыр.
Құрғақ жері екі бөлімге: оңтустік –шығыс жағалауы мен Азутау жотасының
сотүстік баурайы, Топалевка өзені аңғары мен Күршім жотасының су айрығы
бөлігі бөлінген.Қорық көлемі 2221 га қорғалатын аймақпен қоршалған. Демелу
шараларын іске асыру үшін көл айдынының шығыс бөлігінен көлемі 1500 га
аймақ спорттық және әуесқой балық аулауына бөлінген. Қорықтың орталық
бөлігінен географиялық координаты -49 16 солтүстік ендік солтүстік ендік
және 86 37 шығыс бойлық. Орталық үй жайы Урунхайка елді мекенінде
орналасқан.
Қорық жері Оңтүстік Алтай тауында орналасқан, ол Оңтүстік Сібірдің
Таулы-тайгалы ландшафтысының оңтүстік-батыс шеті болып табылады.Физикалық-
геогграфиялық аудандастыруына сәйкес Алтай таулы облысының оңтүстік Алтай
провинциясына жатады. Марқакөл қорығы құрылғаннан бергі 30 жылда бірегей
табиғат бірлестігін зерттеу мен қорғау жөнінде елеулі жұмыстар атқарылады.
Осы уақыт аралығында қорық қызметкерлері омыртқалы жануарлар фаунасы есебін
алды, жоғарғы өзекті өсімдіктересебі аяқталуға жақын, көл гидробилогиясы
едәуір жақсы зерттелді.140-тан астам ғылыми еңбектер жарық көрді,оның
ішінде бір монография бар. Зерттеу материалдарынан екі кандидаттық жұмыс
қорғалды.Көпжылдық қорғау шаралары нәтежиесінде марқакөл майқабы мен
хариусы, марал, бұлан, қара дегелек, балықшы тұйғын, аққұйрық су бүркіті
мен басқа жануарлар папуляциялары қалпына келді. Шаруашылық пайдаланатын
аймақта өсетін үшжапырақ субеде, жапырақсыз орашық, жатаған ақүрпек пен
балтық сүйсіні түрлеріне қарағанда, қорық жеріндегі сирек кездесетін және
құрып кету қаупі бар өсімдік түрлері жағдайы енді қауіп тудырмайды. 2005
жылы қорық шекарасын кеңейту жөніндегі көптен күткен жоба жұмысы
жүргізілді, оған Тихушка мен Қалжыр өзендері аңғары арасындағы Күршім
жотасына жақын баурайы мен Марқакөлдің солтүстік және батыс жағалауы
кіреді.Жан аямай қорғау нәтежиесінде қорық ормандары өрт пен кесуден
сақталды, шалғындар өзінің көп гүлдері және ашық бояуларымен көз тартады,
ал Марқакөл біздің жеріміздегі ең таза және әдемі көлдердің бірі болып
қалады.
Марқакөл – Алтайдың ең ірі су қоймасы,ол теңіз деңгейінен 1500 метр
биіктікте әдемі тауаралық шұңқырда орналасқан.Көл сопақша созылған
пішінді және солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып
жатыр. Оның ұзындығы 38 шақырым,енінің ең кең жері 19 шақырым,жаға
сызығының ұзындығы 106 шақырым,тереңдігі 24-27м. Көл шұңкыры қоршаған
жоталардан : Күрішім-слтүстікпен батыстан,Азутау-оңтүстік пен шығыстан,
Сорвенковский – солтүстік – шығыстан пайда болған. Жоталардың теңіз
деңгейінен биіктігі 2000-3000 м. Ең биік жер - Ақсу-Бас.
Көлдің пайда болуы альпі тектоникалық айналымның төрттік
дәуірдегі мұздық кезеңінің бірімен байланысты. Сол кездегі көтерулер
мен төмен түсулер нәтижесінде қазіргі жоталар мен тауаралық
шұңқырлардың қатпарлы жүйелері қалыптасқан, олар кейін мұздыққа
айналған. Осы мұздықтар ізі Күршім жотасы ұшында жақсы байқалады.[2]
1.2.Марқакөл қорығының жер бедері мен ауа-райы
Марқакөлдің батыс, солтүстік және солтістік-шығыс жағалауы
ені 1-2 шақырым көл маңы шалғынды жазықтық болып табылады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағалау жолағы салыстырмалы
жіңішке,өйткені Азутау жотасы көлге дерлік тығыз тіреліп
орналасқан.Жота баурайынан төмен түскен сілемдер көл ішіне кіріп,
мүйістер түзуі тән. Жаға жолағы онша тілімденбеген, ирек, тек кей
жерлерде ішке еніп тұрған мүйістер мен шағын шығанақтар бар.Көл
жағалары көбіне лай, батпақты, ұсақ жұмыр тасты, тасты-тау, жынысты
үлкен домалақ тасты және құмды жерлер кезектесіп отырады.Жағаны
бойлай батпақты қайыңдық және шыршалық өлкелер, томарлы
батпақтар,шалғынды және шалғынды-бұталы кеңістіктер созылып жатыр.
Қорғалатын аймақ шекарасында, Марқакөл жағасында төрт үлкен елді
мекен сақталған. Олар – Урунхайка, Матабай, Төменгі Еловка және
Жоғарғы Еловка. Мұнда жергілікті халық тұрады және қорық кордоны
орналасқан.
Көлді қоршап тұрған жоталардың тайгалы баурайлары салыстырмалы
тік жарлы , түбінен тасқынды өзендер мен жылғалар ағып өтетін
аңғарлар мен шексіз ормандардың бөліну оларға тән. Ормандарда балқарағай
басым, тек солтүстік баурайларында қалың самырсынды-балқарағайлы екпе
ағаштар кездеседі. Қарақат, таңқурай, үшқат және тобылғының биіктігі
екі метр қалың өскен тоғайларынан тұратын, өтуі қиын биік шөптер
ормен үшін тән жағдай.
Жотаның су айрықтарын суальпі мен альпі шалғындары,мүкті-
қыналы,бұталы және тасты тундра алып жатыр. Тау шыңдары-әдеттегі
тақыр тастар үшін тау жынысты үлкен домалақ тастар. Олар жиі
үлкен көлемді жерді алып жатады. Күрішім жотасының солтүстік-шығыс
бөлігінде қарлы шың құздар бар. Олар үлкен тік жарлы сайларға
тілімделген және олардың түп жағында тоған тәрізді альпі көлдері
бар.Сорвенский және Азутау шыңдары тегістеу келген, күмбез тәрізді.
Марқакөл көліне су 95 әр түрлі су көзінен келіп құяды.
Едәуір ірі өзендер – Тополевка, Төменгі Еловка, Матабай, Жиренька,
Шалғай және Жоғарғы Еловка, Тихушка, Матабайка мен Тығыз кілт. Бұлар
кәдімгі тау өзендері, салыстырмалы жіңішке тасты арналы, ені 2-5 м,
және өз сағасында атырауға ұқсас қиякөлең-қырықбуынды салдар түзеді.
Қара Ертіске құйылатын, тек бір ғана өзен- Қалжыр ұзындығы 128
шақырым Марқакөлден басталады.
Көлдер қыста катады,6 қарашадан 4 желтоқсан арасында,орташа 20
қарашада мұз катады. Қалжыр өзеннінің қайнар козі ғана қатпайды,
онда көк ала үйрек, айдарлы сүңгуірлер мен үлкен бейнарық
қыстайды.
Кейбір өзендер арналарында Тополевка, Урунхайка шағын жылымдар
болады. Көлдерде мұз жарылуы орташа 9 мамырда, ал муздан толық
босауы 27 мамырда жүреді.
Ауа райы қатаң континентальды, қысы қары көп әрі қатаң және жазы
қоңыржай әрі ылғалды. Марқакөл ауданы Қазакстан мен Алтайдың ең
салқын жері. Тәуліктік орташа температура 0-тан жоғары 162 күнге,0-
тан төмен 203 күнге созылады. Аязсыз кезең ұзақтығы -60-70 тәулік.
Жазда температура 29-қа дейін көтеріледі. Қыста қатты аяздар болып,
температура – 45-қа төмендейді, кейде тіпті -53 болады. Желтоқсан,
ақпанда бірнеше апта бойы температура -35-40-тан түспей тұрып алады.
Қазан басында алғашкы қар түседі. Қар жабыны әдетте қарашаның
бірінші жартысында,ал кейбір 1984 жылы қазанның екінші, үшінші
онкүндігінде тұрақталады. Қар 110-170 күн жатады. Қар жабынының орташа
тереңдігі 87 см, қардың ең қалың кезеңі наурыздың бірінші,
екінші онкүндігінде байқалады, яғни осы кезде қар көп түседі.Кей
жылдары 1984-1985 ж. қар 150-200 см-ге дейін түседі. Әсіресе 1996,
1997,.1998, 2000,2001 жылдары қыста қар өте көп түсті, Марқакөл елді
мекендеріндегі үйлердің шатырына дейін қар көміп қалды. Қар әдетте
көл жағалауларында мамырдың бірінші онкүндігінде,ал тау су
айрықтарында мамырдың соңы мен маусымның басында ериді. Мамырдың
екінші жартысында 1983, 1984 және тамыздың үшінші онкүндігінде 1978,
1979 қар жауып,қатты сықтардың болуы жиі кездеседі.
Марқакөл қорығында төрт табиғи аймақта алты табиғи белдеу:
нивальды (қарлы) белдеу, альпі тундралы-шалғынды аймақта альпі-
тундралы және субальпі белдеулері, таулы-орманды аймақта таулы-
тайгалы белдеу, таулы-далалы-орманды аймақта таулы-орманды-далалы және
таулы-шалғынды далалы белдеу орналасқан.[1]
Климаты континенталды, қары қалың, қысы қатал, ал жазы
қоңыржай жылы болады. Марқакөл- Қазақстанның ең суық ауданы: ең төменгі
температурасы – 55 градусқа дейін төмендейді (Орловка ауылының маңайы). Бұл
жерде Оңтүстік Алтайдағы жылдық ең төменгі орташа температура тіркелген (-
4.1 градус), қаңтарда орташа температура 25.9 градус болғанда, шілде айының
ең төменгі орташа температурасы 14.1 градус. Жазда температура 29 градусқа
дейін көтерілсе, қыста -40-44 градусқа, кейдк – 53 градусқа дейін
төмендейді. Күндік орташа температура 0 градустан жоғары деңгейде 162 күн,
ал 0 градустан төмен деңгейде 203 күн тұрады. Аязсыз кезең- 60-70 күн.
Урунхай ауа- райын болжау жөніндегі постың деректері бойынша көпжылдық
орташа температура 0 градустан жоғары деңгейге ауысатын күн- 5 мамыр.
Жылдық жауын- шашын мөлшері 321- ден 731- ге дейін ауытқиды. Айлық
абсолютті ең жоғарғы жауын- шашын мөлшері 110-120- ға дейін жетуі мүмкін.
Жылдың суық кезінде (15 қазаннан 5 мамырға дейін) 230-266 мм жауын- шашын
жауады. Алғашқы қар қазан айының бірінші онкүндігінде байқалады. Тұрақты
қар жамылғысы қараша айының бірінші онкүндігінде, ал кей жылдары қазанның
аяғында қалыптасады. Қардың орташа қалыңдығы 40-70 см, ал кей жылдары 150
см- ге жетеді. Қар 160- 170 күн жатады. Өзен жағалауларында қар әдетте
мамыр айының бірінші онкүндігінде, тауда- мамыр айының аяғында- маусым
айының басында кетеді. Қар мамыр айының екінші онкүндігіне дейін жаууы,
кейде тіпті тамыз және қыркүйек айларында басталуы мүмкін.
2 Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы
2.1.Өсімдіктер әлемі
Марқакөл шұңқыры ландшафттысы флораға бай, жоғарғы өзекті
өсімдіктердің 1000-дай түрі, сонымен қатар ағаштың 12 түрі мен
бұтаның 22 түрі бар. Мұнда Қазақстан қызыл кітабына енгізілген,
құрып кету қаупі бар және сирек кездесетін 15 өсімдік түрі-
таңдамалы қылтанақ, дала және кәдімгі таушымылдық, сібір хандығы,
қар дәуаяғы, алакүлте, қызғыл семізот, қызғалдақ, алтай рауғашы,
мақсыр марал тамыры, секпіл шолпанкебіс, сабақсыз тегіс тұқым,
жапырақсыз орашық, альпі дифазиаструмы, алтай таутобылғысы, Фукс
сүйсіні, бұйра лалагүл кездеседі. Қорықтың Алтай – Саян аймағы
Зәузат қорығының эндемиттік түрлерін сақтауда маңызы зор. (Алтай
сабынкөгі, шашылған шегіргүл, Алтай бәрпісі, ұқсас қазтамақ)
Марқакөлдің су және су маңы өсімдіктері жоғарғы су
өсімдіктерінің 30 түрінен тұрады. Жағаны бойлай қошқыл айрауық,
қамыс тәрізді субидайық, торсылдақ пен қиякөлең өседі. Таяз суларда
өзен қырықбуыны, май қоға, жүзгіш жебежапырақ, келтебас, кәдімгі
утамыр, үшқұлақ пен кіші балдыршөп өседі. Шөгінді мүйізжапырақ және
әр түрлі шылаң түрлері кең таралған. Олар жаздың екінші
жартысында таяз сулы аймақта суға батып өсетін өсімдіктерге бай
кең жолақты түзеді, мұнда көптеген суда жүзетін құстар мекендейді.
Көл жағалауында қияқкөлеңді томарлы батпақтар, ал Жиренька мен
Тихушка өзендері сағасында су үсті қияқ-қырықбуынды кілемі
кездеседі. Таулы-тайга белдеуінді (1450-1500м), жоталар баурайында
сібір балқарағайы басым, орманкөлемінің 61%-ын жауып жатыр. Шілік
тоғайды қотыр қайың мен сібір шетені, сонымен қатар бұталардың
қалың тоғайы – қызыл қарақат, таңқурай, алтай үшқаты, қоңыр итмұрын,
орта тобылғы құрайды. Кәдімгі тарғақшөп пен иван-шайдан тұратын
биік шөптер жақсы дамыған, ал жылға жағалауларында әдетте Лобель
тамырдәрі тоғайлары әдеттегідей. Сайдың солтүстік беткейлерін сібір
самырсынынан тұратын қылқанжапырақты тайгалар алып жатыр. Балқарағай,
самырсын, қайың мен шетен анда-санда аралас екпе ормандар түзеді.
Күршім мен Қара Қабы өзендерінің жоғары ағысында өсетін самырсын
қарағай ормандары қорық жеріндек кездеспейді. Қарағайдың жекелеген
ағаштары (сібір қарағайы) Азутау жотасының тек солтүстік
баурайларында ғана, мысалы, Матабайка өзені сайында кездеседі. Осы
сібір түрі таралуының ең қиыр оңтүстік нүктесі болып табылады.
Субальпі белдеуі (1900-2000м) үшін әдемі субальпі шалғындары тән.
Олардың құрамында қияқкөлең мен Фролов және жалпақжапырақты шұбаршөп
биік шөптері, мықсыр маралтамыры, түстіксібір қазтамақ, іріжапырақ
сарғалдақ және т.б. басым.
Жотаның су айрықтарын альпі шалғындары мен тау тундралары
алып жатыр. Шалғындарда қияқкөлең мен астықтұқымдастар басым.
Олармен салыстырғанда безді шемішгүл, түйежапырақ көкгүл, сарғыш
еңлікгүл, түктесін эритрихум және басқа ашық түспен гүлдейтін биік
тау өсімдіктері қою көк түсімен ерекшеленеді.
Орманды дала белдеуі қорық жерінде 1300 – 2600 м биіктік
аралығында өтеді. Оның төменгі етегінде жапырақты ағаштар мен
бұталар өседі. Олардың көпшілігі жабайы жеміс ағаштары. Бұл
белдеудегі ормандардағы негізгі ағаш түрлері – алма, өрік, долана,
көктерек, тал. Бұталармен топтаса қарақат, итмұрын және ұшқат
ұшырасады.
Қорықта жапырақты орман тұтасып жатпай, ойдым-ойдым болып, өзен
аңғарларында, тау жоталарында кездеседі. Мәселен, жабайы алма бағы
1700 м биіктікке дейінгі тау қыраттарының етегінде жазық ойпаттарда
көбірек өссе, өрік биікте таудың, күнгей беткейінде орналасқан.
Көктерек жоталардың солтүстік және шығыс беткейлерінде көбірек
болады. Жалпы жабайы жеміс ағаштарының алып жатқан аумағы 157
гектардай. Жеміс бақтары, негізінен, Талғар өзендерінің бойын алып
жатыр. Алма ағаштарының биіктігі 7 – 8 м, ал өрік 5 – 7 метрдей
келеді. Көгеріп, жапырақ жайған кәрі ағаштар арасынан жаңа өсіп
келе жатқан жас өркендерін де жиі көз шалады. Алатауға сән беріп
тұрған қылқан жапырақты ормандар 1400 – 2800 м биіктікте орналасқан.
Ормандағы ежелгі ағаш түрі – Тянь-Шань немесе Шренк шыршасы. Тянь-
Шаньның қылқанды шыршасы – көне дәуірден біздің заманымызға дейін
жеткен асыл қазына. Оның қоры тек қана Қырғызстан мен Қазақстан
тауларында сақталған. Шырша ормандарының жалпы көлемі 500 мың
гектар деп шамаланса, оның 300 мың гектары біздің республиканың,
200 мың гектары Қырғызстанның тау беткейлерінде. Марқакөл қорығында
орман көлемі 6084 гектардай жерді алып жатыр. Қорық қызметкерлері
121 гектар орман ағашын қолдан отырғызды. Шырша орманның су
балансын сақтауда, топырақ қорғауда, селді тасқынға қарсы күресу
ісінде атқаратын рөлі зор. Әдетте, шырша ағашы таудың солтүстік
беткейінде өседі. Таудың шығыс және батыс беткейлерінде ол сиректей
түсіп, оңтүстік жағында мүлде кездеспейді десе де болады.
Сондықтанда тұтас шырша орманы алқаптары тауымызда сирек
кездеседі, көбінесе, ойдым-ойдым шағын учаскелерге бөлініп кетеді.
Шырша өте баяу өсетін, қалыптасуы үшін көп жылдарды керек ететін
ағаш. Міне, бұл айтылғандар қорық территориясында шыршаны көбірек
өсіріп, оынң өсу қалыптасу процестерін зерттеу және оны басқа да
тау қияларында көбейтудің негізін жасау қажеттілігін көрсетеді.
Марқакөл қорығында шырша орманның, көлемі 5,3 мың гектардай
болады.[5]
Алтай шыршасының жоғарыда келтірілген артықшылығымен қатар
эстетикалық маңызы ерекше. Таудың теріскей жаығнда өскен шырша
орманы саялы келеді де, олардың арасынан шетен (рябина), тал,
ұшқат және қара ырғыз (кизельник), бүлдірген өседі. Бұл ағаштардың
кепкен жемістері осында қыстап қалатын құстар мен аңдар үшін жақсы
азық болып табылады.
Айта кететін бір жай, көне дәуір куәсі болып саналатын бұл
ағаштар тек Марқакөл қорығында ғана қорғалып қоймай, сонымен қатар
Түрген маңында да қамқорлыққа алынған. Шырша орманның су режимін
бірқалыпты сақтауда, топырақтың құрылымын жақсартуда, сел тасқынына
қарсы күресуге ерекше маңызды екендігін ескере отырып, Қазақстан
Үкіметі Шығыс Қазақстан облысындағы Оңтүстік – Алтай орман
шаруашылығына қарасты Табиғат ескерткіші деп жариялады. Онда орман
шаруашылығы жұмыстарының қатаң тәртібі белгіленді. Осы шаралар
негізінде сирек кездесетін орман алқабын толық сақтау қамтамасыз
ететілетін болсын деп атап көрсетілген.
Орманды дала белдеуінің ашық алаңдарында шабындық – көкмайса
шөптер де өседі. Таудың салқын самалды қыраттарында боз, бетеге,
қара-басшалғын бетеге, жусан сияқты өсімдіктер жайқалып, жақсы
өседі. Сондай-ақ бұталы ағаштар арасында тау таспасы, қозы құлақ,
Тянь-Шань еркекшөбі, ширатылған қоңыраубас, шабынды қоңырбас,
аюбалдырған, тағы басқа балауса шөптер көктемде қаулап шығып, тау
беткейін көкорай шалғынға айналдырады.
Марқакөл қорығының қылқан жапырақты орманының жоғарғы жағын
субальпі белдеуі алып жатыр. Белдеу теңіз деңгейінен 2600 – 3000 м
биіктікте орналасқан. Бұған тән өсімдік – биіктігі 0,5 – 1,0 м болып
өсетін арша. Бұл бұталы ағаш таудың күнгей беткейін ала 700
жылға дейін жасайды. Алыстан қарағанда, тау беткейінде тұтаса өскен
аршалар жайып қойған жасыл кілем түрінде әсер қалдырады. Субальпі
арша тоғайының тау топырағын бекітуге және оның тіршілігі үшін
маңызы зор. Бұл маңда біршама шырша, ұшқат, қандыағаш ұшырасады.
Шөптектес өсімдіктерден қазтамақ, манжетка, ботакөз, тау қарамығы
немесе самалыдқ шермеңгүлділер басым. Субальпі шабындық ароасында
тасты жерлер, шыңдар жиі кездеседі.
Альпі белдеуі 3000 – 3600 м биіктікте орналасқан, одан әрі
қар мен мәңгі мұз орын тебеді. Бұл өңір көлемінің 70 – 80
процентін қой тастар мен құздар алып жатады. Ондағы құздардың
жарылуынан, бұзылуынан пайда болған тасты шөгінділер үнемі
қозғалыста болады да, шөп өспейді. Альпі белдеуінде көбіне
доңызсырт шөптері өседі, аздап дәнекті шөп түрлері кездесіп қалады.
Бұдан қорықтың әр белдеуінде ауа райына байланысты әр алуан
өсімдіктер өсетіндігін көреміз.
Қорық жерінде Марқакөлге тән ландшафт пен өсімдік түрлерінің барлық
дерлік алуан түрлілігі кездеседі. Мұнда жонның сазды-тасты жерлерінде
бұйырғын ақ жусанмен (төменгі жерлерде), сонымен қатар түйесіңір мен бұталы
шырмауық араласып өскен. Тақырлы сортаңдарда бұйырғынға мортықмен кермегі
орналасқан. Марқакөл алдындағы ізбестің жалаңаштанған жерінде
түйесіңір мен шырмауықтан басқа, қараған мен итсигек, ал жусанды –
сораңды жабында біржылдық астық тұқымдастар – шығыс мортығы мен арпа
ғана өседі.
Ылғалдылығы жоғары сазды жерлерде ылғал сүйгіш астық
тұқымдастарынан ажырық, қазоты, қамыс өседі. Кей жерлерде жантақ
пен кендір, қарасексеуіл ағашының нағыз тоғайлары көзге түседі,
көбіне жиде, жыңғыл аласа бұталар түрінде, лианамен шырмалған
түйешырмауық пен жібілген көп кездеседі.
Марқакөл өсімдіктері алуан түрлі, оның етегінен басына қарай
ауысып отырады, ал өсімдік құрамы жон жынысына байланысты.
Марқакөлның батыс бөлігіндегі жыраларда жыңғыл мен астық
тұқымдастар, қамыс, алабұта қатысқан мезофильді сәйкес өсімдіктер
кездеседі. Бұлақтар маңында жиі қамыс қопасы өседі, олар адам
бойынан едеуір ұзын болады.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағы Оңтүстік Алтай таулы
және орманды- шалғынды дала аймағының орманды- шалғынды дала орташа және
биік таулы геоботаникалық ауданының шегінде жатыр. Қазақстанның оңтүстік
далалары, Орта Азияның жартылай шөлейттері және Оңтүстік Сібірдің тайга
ормандарының шекералас болуы, таулы жер бедері, әртүрлі климаттық жағдайлар
қорықтың өсімдіктер әлемінің өзінше ерекше және бай болуына әсерін тигізді.
Қорықта 1000 аса жоғары сатылы өсімдіктер, оның ішінде 12 түрлі ағаш және
22 түрлі бұта бар. Шөптесін өсімдіктер ішінде көпжылдық өсімдіктер басым
болып келеді.
Қорықтың өсімдіктер әлемінен 14 экологиялық топты атауға болады. Мезофит
тобы көп, өсімдіктердің жақсы білінетін биік таулы белдемі психрофиттердің
санының көп болуына себебін тигізеді. Өсімдіктер әлемініңде гидрофиттер мен
гигрофиттердің болуы ірі су қоймасының ашылуымен байланысты. Петрофиттер
жартастың жалаңаштануымен, а ксерофиты және мезофиты- оңтүстік далалы
беткейлермен ұштастырылады.
Қорықта таралу аумағы қорықпен ғана шектелген өсімдіктердің
жергілікті түрі жоқ. Бірақ мұнда алтай рауғашы, алтай уқорғасыны, қызғылт
семізот- алтынтамыр, қазоты сияқты алтайлық жергілікті түрлер өседі.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы аумағында 5 биіктік өсімдік белдемі
байқалады:
1. Шалғынды дала
2. Таулы- тайгалы
3. Субальпілік
4. Биік таулы
5. Егіндік
Шалғынды дала белдемі- теңіз деңгейінен 1450-1600 метр
биіктікте, жиматарғақ, түлкіқұйрық, шалғындық атқонақ, құрғақ айрауық және
басқа астық тұқымдас әртүрлі шөптері бар көлдің жағалау жолағымен ұштасады.
Шөп жамылғыларында жіңішке жапырақты күреңот, Лобель тамырдәрісі, көкшіл
сұр қоянбұршақ, тілік балдырған, кәдімгі маралоты және басқа өсімдіктер
кездеседі. Шөптің биіктігі 0,5- 1 метр. Қалың бұталарды татар үшқаты,
орташа тобылғы, тікенекті итмұрын құрайды. Оңтүстік беткейлерде кәдімгі
бетеге, шалғындық атқонақ, дала қоңырбасы, будан бөзкілем, коптамырлы
сарғалдақ және басқа өсімдіктердің бетегелі- шалғынды топтары таралған.
Таулы беткейлерде тошала, сібір бөріқарақаты, жуалар- қыржуа, желілік және
қызғалдақ тәрізді, алтай рауғашы өседі. Көктемде оңтүстік беткейлерде дала
шұғылығы, алтай шырышы, ашық құндызшөп және ала күлтелі қызғалдақ гүлдейді.
Таулы- тайгалы белдемде- теңіз деңгейінен 1450- 1900 метр
биіктікте балқарағайлы орман көбірек. Негізгі орман құрайтын түр- сібір
балқарағайы. Қорықта балқарағайлы орманның 19 түрі бар. Олар қорық
аумағының 20%-н алып жатыр және орманды аймақтың 61 %-н құрайды.
Балқарағайлардың орташа жасы 160 жыл, ағаштың орташа биіктігі 20-30 метр.
Ағаш құрамын құрауға қотыр қайың, бірен- саран сібір самырсыны қатысады.
Орман маңында татар бөріжидегі, Мейер қарақаты, кәдімгі таңқурай, орташа
тобылғы, тікенекті итмұрынның қалың бұталары өседі. Шөп жамылғыларында
жиматарғақ, жіңішке жапырақты күреңот, кәдімгі сәлдегүл және басқалар бар.
Ылғалды жерлерде Лобель тамырдәрісі өседі. Қалың шөптің биіктігі 1-1,5
метр, қалың шөп жамылғысы 80- 90%- ды құрайды. Солтүстік беткейлердің
жоғарғы бөлігінде балқарағай, қотыр қайың, көктерек пен сібір шетені
араласа орналасқан сібір самырсынынан тұратын күңгірт қылқанды орман кең
тараған. Таза самырсын ормандары азғантай жерді- бар- жоғы 1%- ды алып
жатыр және тік солтүстік беткейлердің жоғарғы бөлігінде орналасқан.
Ағаштардың негізгі құрамын сібір самырсыны құрайды, ал сібір шетені, қотыр
қайың толықтырады. Ағаштардың биіктігі 20-25 метрге жетеді, орташа жасы 90-
100 жыл. Ағаштың ұшарбастарының жанасу көрсеткіші 0.8-0.9. Орман
маңайындағы бұталар нашар дамыған және оны алтай үшқаты және мейер қарақаты
құрайды. Сирек және аласа шөп жамылғысы (жабылуы 15-20%) қияқөлең, ақ гүлді
қазтамақ, ботагөз, көк сұр қоянбұршақтан тұрады. Жасыл мүктер қалың жамылғы
құрайды. Орманның жоғарғы шекараларында (1900 метрден жоғары) тасты
беткейлерде сібір самырсыны жатаған болады. Марқакөл көліне құятын
өзендердің алабында және оның жағалауында таулы- алапты шыршалы ормандар
кең тараған. Негізгі орман құрайтын ағаш сібір шыршасы және оған сібір
майқарағайы, сібір самырсыны, қотыр қайың қосылады. Ағаштардың биіктігі 20-
30 метр. Мұнда әрдайым қаракөлеңке, дымқыл және тыныш. Топырақты күрең-
жасыл мүктер, қияқөлең, қыналар, қырықбуындар мен сушырмауықтар жауып
жатады. Құлаған ағаштар (жел құлатқан, дауыл құлатқан) ағаштар көп.
Орманның маңы онша өспеген, қара және Мейер қарақаты, алтай ұшқаты
кездеседі. Ағаштардың бұталарынан түтеленген сабалақ сұр қыналар салбырап
тұрады. Бұл ормандардан әдемі солтүстік орхидеяларын: жапырақсыз орашық, үш
сыздық маржантамыр, Фукс және балтық сүйсіндерін көруге болады. Марқакөл
мемлекеттік табиғи қорығының аумағы арқылы самырсын қарағайының оңтүстік
таралу шекарасы өтеді. Сондықтан ол бұл жерде сирек.
Субальпілік белдем- теңіз деңгейінен 1900- 2000 метр биіктікте,
биік шөпті альпі шалғындарымен танымал. Шөптің қалыңдығы 50 см- ден 100 см-
ге дейін, топырақты жабуы 70- 80%. Осы жерге тән өсімдіктер: ірі жапырақты
сарғалдақ, оңтүстік сібір тиынтағы, ақ гүлді қазтамақ, Флоров шұбаршөбі,
жалпақжапырақты шұбаршөп, әртүрлі жапырақты тікенқурай, сафлор тәрізді
рапонтикум және басқалар.
Биік таулы белдем- теңіз деңгейінен 2000- 3000 метр биіктікте, бұл
белдеуге альпі шалғындығы мен тау тундрасы аймағы кіреді. Аласа шөпті альпі
шалғындығы өте әдемі. Астық тұқымдастар мен ашық көгілдір теңбіл
қияқөлеңдердің арасынан шөмішгүл, ірі гүлді жыланбас және ірі жапырақты
шерменгүл, ашық қызыл сары алтай күнгелдісі, сары сарғалдақ, алтай
шегіргүлі мен ашық бұтақты көкнәр, оңтүстік сібір тиынтағы және қандыгүл
көзге түседі. Бұлардың бәрі 10 см- ден 20 см- ге дейін ғана болатын аласа
шөптер.
Тауға қарай биіктей түскен сайын өсімдіктер де климаттың қатал
жағдайына сай бейімделе өседі. Олар жерге төселіп жабыса түсіп жастықша
тәрізді әртүрлі форма құрайды.
Биік таулы тундра- альпі шалғындығынан жоғары басталады. Қорықта
арасында алтай шегіргүлі, алтай сарғалдағы және басқалары бар мүгі, қынасы
басым мүкті- қыналы тундра, дөңгелек жапырақты қайың мен ергежейлі талдары
(0,5 метрден 1,0 метр биіктікке дейін) бар бұталы (аласа қайыңды) тундра,
арша теңбілдері бар шөптесін тундраның әртүрлі құрылымдары кең тараған. Су
айырықтарда таулы тундра тараған. Өсімдіктер жаппай жамылғы құрамайды,
шығыр тасты және тасты учаскелердің арасында теңбіл- теңбіл болып
орналасады. Мұнда төрт тұқымды семізот, сібір тасжарғаны, әсем кесте жусан,
сібір тасшүйгіні өседі.
Егіндік белдемі- 3000 метрден жоғары, Күршім жотасын алып жатыр. Жоғары
өсімдіктер жоқ. Тастар мен жартастардан аздаған қыналарды байқауға болады.
Марқакөл табиғи қорығындағы суда өсетін өсімдіктерді айтсақ, Марқакөл
көліндегі суда өсетін жоғары өсімдіктердің 30- дан аса түрін атауға болады.
Жағалау белдеуін қамыс тәріздес субидайық, қарақошқыл айрауық, торсылдақ
қияқ, мұрын қияқ, батбақ зиягүлі, бірдей түлкіқұйрық және басқалары
құрайды. Таяз суда өзен қырықбуыны, батбақ келтебасы, жалпақ жапырақты
қоға, улы утамыр, кіші балықот өседі. Тереңірек жүзгіш жебежапырақ, үш
құлақты балықот, масақты егеушөп аймағы басталады. 0,5- 1,0 метр тереңдікте
қос мекенді самалдық кең тараған. 1-1,5 метр тереңдіктен қамтыма сабақты,
жүзгіш, жылтыр шалаңдардың, шоқ болбырдың таралу аймақтары жақсы байқалады.
Көл айдынының барлық жерінде батырылған мүйізжапырақ кең тараған. Қорықта
азықтық, дәрілік, тағамдық, балшырындық, техникалық, эфир майлы өсімдіктер
түрлерінің көбі өседі.
Мұнда әртүрлі дәрежедегі Қызыл кітаптарға енгізілген
өсімдіктерден қар дәуаяғы, сібір қандығы, сафлор тәрізді рапонтикум (марал
тамыры), дала шұғылығы, қызғылт семізот (алтынтамыр), алтай рауғашы,
әртүрлі жапырақты қызғалдақ, сабақсыз бипан, жапырақсыз орашық қорғалады.
Қорықта Алтай жергілікті түрлерінен жіңішке жуа, алтай рауғашы, ашық
құндызшөп, ғажап тегеурінгүл, алтай уқорғасыны, алтай сарғалдағы және ірі
жапырақты сарғалдақ, суық семізот, сабақсыз бипан және қазоты өседі.
Қорық аумағында көптеген бағалы түрлер: марал тамыры, алтынтамыр,
тиынтақ, дала шұғылығы, кәдімгі сәлдегүл немесе кәдімгі шұғылық, жұқа
жапырақты бадан, алтын шоқсары, кәдімгі киікоты, шілтер жапырақты шайқурай,
қара жидек, итбүлдірген (қызылжидек), итмұрын және басқа да өсімдік түрлері
өседі.
Алтайда дәрі-дәрмек алынатын өсімдіктердің көптеген түрлері
кездеседі. Олардың бастылары долана, итмұрын жемістері және кәдімгі
киікоты, тасшөп (чабор). Осындай адам денсаулығына қажетті шикізат
беретін өсімдіктер қорын, оладың биологиялық ерекшеліктерін терең
зерттеу де қорық қызметкерлерінің абыройлы міндеті.
Қорық өсімдіктер әлемі бай және алуан түрлі. Оның флорасында
жоғарғы өсімдіктердің 1000 тарта түрі бар. 50 түр сирек кездеседі,
оның 26 түрі Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.[2]
Фауна және жануарлар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz