Оқушылар ұжымын қалыптастыру
Ұжым дегеніміз – бір мақсат көздеген бірнеше адамнан құрылған топ.
Ұжымда жеке адамның жан-жақты дамуына жақсы жағдайлар жасалады.Бұл туралы А.С.Макаренко былай деген: «Егер балалар ұжымының нағыз ұйымы болса, онда ғажайып нәрселер жасауға болады».
Нағыз топтасқан ұжымға мынадай сипаттар тән:
- идеялық-нысаналық;
- оның іс-әрекетін жалпы ұйымдастыру;
- оқушының өзара тығыз әрекет етуі;
- жеке мүшелеріне жекелеген талаптар қою.
Жақсы ұйымдасқан ұжымның маңызды белгісі:
- дені таза;
- қоғамдық пікір;
- сенім;
- жоғары талап.
Сондай оқушылар ұжымы толық қалыптасуы үшін оған:
- игі дәстүр;
- перспектива қою;
- сергек көңіл-күй;
- жоғары тәртіп орнату;
- сын мен өзара сынды дамыту керек.
Мұндағы педагогтың міндеті – оқушылардың бір-бірімен араласуын
ұйымдастыру, олардың өзара дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру.
Топта өз-өзінен шағын топтар (микроұжымдар) пайда болатыны аз емес. Мұнда Ө.О.Ш. сол шағын топтардың жұмысын орта мақсатқа бағыттау керек. Осы топтағы оқушылардың жалпы топтық, жалпы мектептік істерден тыс қалмауына ұмтылу керек. Ұжымның өсу және даму процесінде онда топ пен мектеп өмірінің маңызды мәселелері жөнінде немесе оқушылардың ісін бағалауда қоғамдық пікір қалыптасады.
Топтасқан ұжым қоғам пікірінің ұшы мен әр оқушыға оның мінезі мен тәртібі мен игілікті әсер жасайды. Оқушылар жолдастарының пікірін бағалайды, олардың кеңестерін тыңдайды. Әрине қоғамдық пікірдің барлығы жақсы роль атқара бермейді. Мысалы, кейбір топ тәртіп бұзатындарды бүркемелейді, жасырады. Ұжым өз ішінде байсал сын, өзара сын оның мүшелерінің теріс қылықтары ұжым болып айыптау бар жағдайда ғана тәрбие берудің қуатты құралына айналады.

Ұжымда жеке адамның жан-жақты дамуына жақсы жағдайлар жасалады.Бұл
туралы А.С.Макаренко былай деген: Егер балалар ұжымының нағыз ұйымы болса,
онда ғажайып нәрселер жасауға болады.

Топта өз-өзінен шағын топтар (микроұжымдар) пайда болатыны аз емес.
Мұнда Ө.О.Ш. сол шағын топтардың жұмысын орта мақсатқа бағыттау керек. Осы
топтағы оқушылардың жалпы топтық, жалпы мектептік істерден тыс қалмауына
ұмтылу керек. Ұжымның өсу және даму процесінде онда топ пен мектеп өмірінің
маңызды мәселелері жөнінде немесе оқушылардың ісін бағалауда қоғамдық пікір
қалыптасады.
Топтасқан ұжым қоғам пікірінің ұшы мен әр оқушыға оның мінезі мен
тәртібі мен игілікті әсер жасайды. Оқушылар жолдастарының пікірін
бағалайды, олардың кеңестерін тыңдайды. Әрине қоғамдық пікірдің барлығы
жақсы роль атқара бермейді. Мысалы, кейбір топ тәртіп бұзатындарды
бүркемелейді, жасырады. Ұжым өз ішінде байсал сын, өзара сын оның
мүшелерінің теріс қылықтары ұжым болып айыптау бар жағдайда ғана тәрбие
берудің қуатты құралына айналады.
Оқушылардың тұлғасын зерттеуде қолданылатын негізгі әдіс-
тәсілдер
Тәрбиелік дәрежесін анықтау әр түрлі тәсілдерді қолданған жағдайда
ғана мүмкін. Қандайда бір тәсіл арқылы оқушы мінезі мен тәртібінің
ерекшелігін білу тәрбие саласындағы оның білімін, бейімділігі мен
дағдыларын анықтау мүмкін емес. Оқушының мінез-құлқын түрлі жағдайда
бақылау арқылы танысуға болады. Оқушы араласатын адамдар, мұғалімдер, ата-
аналар, көршілері, сыныптас достары т.б. пікірлерінің де маңызы бар.
Кейде материалдарды түрлі құжаттары (жеке іс, сынып журналы,
кітапхана формуляры) арқылы алуға да болады. Сонымен оқушыларды зерттеудің
мынадай негізгі тәсілдері бар:
1. Алдын ала танысу
2. Бақылау
3. Табиғи эксперимент
4. Оқушы әрекетінің нәтижелерін талдау
5. Әңгімелесу
6. Анкета
7. Шығарма жазу
8. Социометриялық әдіс
9. Дербес мінездемелерді жинақтау
10. Оқушының тұрмыс және тәрбие жағдайларын зерттеу.
1.Алдын ала танысу – тәжірибелі өндіріс шебері жаңа топтар жұмысқа
кірісе отырып топпен және әрбір оқушымен дербес танысады.
Алдын ала зерттеу ең алдымен оқушылардың жеке іс-қағаздарымен танысуды
(жеке іс, журнал, табель т.б.) қажет етеді.
2.Бақылау – оқушының мінез-құлқын табиғи жағдайда сипаттайтын тәсіл.
Бұл әдістің педагогикалық құндылығы оқушының нақты іс-әрекетін, қылығын,
қарым-қатынасын бақылауға мүмкіндік беретіндігінде.
3.Табиғи эксперименттің ерекшелігі оның зерттеуді арнайы
ұйымдастырылған жағдайды жүргізуді көздейтіндігінде. Эксперимент арқылы
оқушының тәрбиелілік дәрежесін анықтау оңай, себебі оқушыны өмірдің сан
алуан жағдайында өзін ұстауын, белсенділігін, мінезін анықтауға болады.
4.О.Ә.Н.Т. – бұл тәсіл оқушылар туралы айтылған пікірге емес, олардың
мектептегі және үйдегі істері, жұмыс нәтижелері, (үлгерімі, шығармашылығы,
спортпен айналысуы, еңбекке араласуы) бойынша түсінік алуға мүмкіндік
береді.
5.Әңгімелесудің көмегімен тәрбие саласындағы білімді, мінез-құлық
ерекшеліктері ережелердің бұзылу себептерін анықтауға болады. Өзін-өзі
оқушының мұғалімдермен , ата-аналарымен әңгімелесуі оқушы тәрбиесінің
дәрежесі туралы құнды материал береді.
6.Анкеталар – адамгершілік ұғымдары мен түсініктерді, айналаға деген
қарым-қатынасты анықтауға, ынта мен бейімділікті зерттеуге көмектеседі.
Анкеталар арқылы оқушылардың белгілі құбылысқа қарым-қатынасын, сол
туралы шындықты бейнелеу, нақтылаудың маңызы зор.
7.Шығарма жазу – оқушылар өмріндегі әр түрлі құбылыстар жайлы
қоғамдағы қарым-қатынастар туралы өз ойын қарым-қатынасын шығармада айқын
бейнелейді. Шығарма жаздыру арқылы тіл байлығын, сенімін, дүниетанымын,
білімін бақылаймыз.
8.Социометриялық әдіс ұжымды зерттеуде оның ішінен белсенділерді
тағайындауда, ұжымдағы достық қарым-қатынасқа дейін анықтауда ерекше
пайдалы әдіс. Осы әдіс арқылы оқушылар топтағы белсенді беделді құрбыларын
іріктеп көрсетеді және топ ұжымының қаншалықты дәрежеде қалыптасқандығын
бейнелейді.
9.Дербес мінездемелерді жинақтау ө.о.ш. – оқушының тұлғасын зерттеуде
олардың ата-аналарынан, мектептегі ұстаздарынан, көршілерінен, достарынан
т.б. оқушы туралы мәлімет. Алған мәліметтері арқылы оқушының тәрбиелік
дәрежесіне баға береді.
10.Оқытушының бала тәрбиесінде оқушының тұрмыс жағдайының да мәні
ерекше. Ө.О.Ш. топтағы іс-әрекетінде кемшілігі бар оқушылардың отбасымен
байланысып олардың тұрмыс жағдайын зерттейді. Отбасындағы оның тұрмыс
салтындағы кемшіліктерін анықтап балаға тәрбиелілік ықпал жасаудың жаңа
әдістерін ойластырады, оқушыға психологиялық-педагогикалық жағдай жасайды.
Кейде оқушының ата-анасына педагогикалық көмек көрсетеді.
Ө.О.Ш. – оқушылар ұжымын ұйымдастырушы және тәрбиелеуші
Ұйымшыл, жұмысқа қабілетті, әрекетшіл ұжым қалыптастыру ұзақ та
күрделі өздігінен жетілмейтін үрдіс. Кәсіптік техникалық мектептерде
оқушылар ұжымын қалыптастырудың өзіне тән қиындықтары болады. Себебі мұнда
кейбір өмірлік тәжірибелері әр түрлі жағдайда қалыптасқан жасөспірім қыздар
мен жігіттер әр жақтан келеді. Олардың өмір тәжірибелері мен тағдырлары әр
түрлі болады. Оқушылар ұжымын қалыптастыру мен жетілдіру жұмысын өндіріс
шебері топ жетекшісімен тығыз байланыста жүргізеді.
Оқушылар ұжымының қалыптасуы мынадай негізгі сатылардан өтеді:
1. Ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы) мұнда әлі толық
белсенділері анықталмаған, топты Ө.Ш. басқарады. Ө.О.Ш. осы кезінде
оқушылардың тәртібі мен қызметін анықтайтын талаптарды белгілейді.
2. Топ белсенділері тағайындалады. Белсенділер тек педагогтың
талаптарын қолдап қоймай ұжымды басқара бастайды. Осы кезінде
белсенділер жұмысына көп көңіл бөледі.
3. Ұжым толық қалыптасады. Ө.Ш.-ң тиянақты басшылығының арқасында топ,
ұжым мүшелеріне талаптар қойып, оның дұрыс орындалуын бақылайды.
Осы кезеңінде өзін-өзі басқару жетіле түседі.
Ө.О.Ш. оқушылар ұжымын қалыптастыру мен жетілдіруде оқушылармен
әңгімелесу, оларды бақылауды педагогикалық жағынан ұжымды ұйымдастыру
керек. Ө.О.Ш. өз тобының оқушыларын танып білуде мына жағдайларды ескереді:
- оқушылардың идеялық саяси бағыттылығы;
- оқушылардың қызығушылығы мен қабілеті;
- оқушылардың ұжымға және өзіне қарым-қатынасы;
- оқушылардың ерік сапалары;
- оқушылардың сезімталдығы;
- оқушылардың ақыл-ойының дамуы.
Ұжымды қалыптастырудың ең бір жауапты кезеңі – ұжым белсенділерін
тағайындау. Белсенділер – бұл оқу шеберінің оқушыларды оқыту мен
тәрбиеленуінің барлық әрекетіндегі негізгі көмекшілері (топ басшысы, оқу
секторы, тәрбие секторы, тазалық секторы т.б.).
Белсенділердің құрамына кіретін оқушылардың жақсы ұйымдастырушылар
болғаны абзал. Олардың бойында ұйымдастырушылық, тапқырлық, жолдастарымен
жақсы қарым-қатынас, ұжымды қызықтырып жетелейтін, жауапкершілікті
сезінетін қасиеттері болуы керек.
Ө.О.Ш-ның тәрбие жұмысындағы негізгі бағыты
Тәрбиенің мақсаты мемлекеттің қажеттілігінен туындайды. Тәрбие
үрдісінің негізгі мақсатының бірі – тұлғада қоғамдық бағалы сапаларды
қалыптастыру мен оның қызметі мен қарым – қатынасын жетілдіру болып
табылады. Қоғамдық пайдалы қызмет тәрбие үрдісінің негізі ретінде оқу мен
еңбекті қамтиды. Оқушылар әр түрлі қоғамдық пайдалы жұмыстарға араласып,
қоғам өмірінде өзінің әлеуметтік орнын сезінеді, өзінің қоғамға
қажеттілігін біледі. Ғылыми әдістемелік әдебиеттер мен О.Ш-ның тәрбие
жұмысына сүйене отырып, білікті жас жұмысшылардың мынадай негізгі сапаларын
анықтаған:
1. - Саяси идеялық тәрбие сипаты
- Елдің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жұмысшы ролін білу
- Жұмыс сапасын жетілдіру
- Еңбекті тиімді, жылдам, сенімді орындау.
2. – Еңбек тәрбиесінің сапасы мен сипаты
- Еңбек пен еңбек адамдарына тең құрмет
- Еңбекте шығармашылық, белсенділік көрсету
- Еңбектегі ынта, жауапкершіліктің болуы
- Өз міндетін сезіну, өз жұмысының нәтижесіне деген жауапкершілігі.
3. – Адамгершілік сапалары
- Өмірдегі белсенділік, қоғамдық міндетке сапалы қатынас жасау
- Еңбек пен тәртіптегі саналылық
- Ұжымшылдық, жолдастық, өзара көмек, үлкенге құрмет, гуманизм
- Қоғамдық тәртіп бұзушыларға ымырасыздық
- Шындық, өзіне талап қою, жинақылық пен қарапайымдылық
- Алға қойған мақсатына бағыттылығы, соған жету үшін өз еркін билей
алуы.
Ө.Ш-ді тәрбиелеу
Кәсіптік оқыту шеберінің тәрбиелік қызметі күрделі әрі сан қилы. Ол
оқу жоспарының, оқу бағдарламаларының орындалуын және тәрбие жұмысының
дұрыс іске асуын қамтамасыз етеді. Жан-жақты жетілген және техникалық
білімді, кәсіби шеберді дайындау үшін шебер өзі де сондай қасиеттерді
игеруі және оларға үлгі болуы керек. Сондықтан кәсіптік оқыту шеберіне
мұғалім әрі тәрбиеші ретінде өте жоғары талаптар қойылады:
1. Шебердің идеялық саяси дайындығы мен сенімінің болуы. Барлық
кезде Ө.О.Ш. берілетін ғылыми білімдердің дұрыстығына
оқушылардың сенімін қалыптастыру керек. Және ол ішкі саяси
халықаралық жағдайлардан хабардар болып оқушылардың
сұрақтарына жауап бере алу керек. Сондықтан Ө.О.Ш. тұрақты
түрде саяси білімін жетілдіріп, ғылым, техника саласындағы
жаңалықтармен қаруланып отырады.
2. Кәсіби шеберлігінің болуы. Шебердің кәсіби шеберлігі тек
бағдарлама ғана емес оның оқушылардың атқаратын кәсіби және
тәрбиелік істерімен де тығыз байланысты. Ө.О.Ш. – оқушылардың
техникалық шығармашылық үйірмелеріне жетекшілік етеді,
мұғалімдер мен бірге бағдарламалап оқыту құралдарын
құрастырады, басқарады. Сонымен бірге шебер слесарлық,
электромонтаждық жұмыстарды орындай алуы және практикалық
электротехниканы, электрониканы, радиотехниканы, жарық
техникасын білуі және жобалау аппаратуралары мен техникалық
оқу құралдарын іске қоса алу керек.
3. Педагогикалық шеберлігінің болуы. Оқыту шебері тек кәсіптік
дағды мен іскерлік қана емес педагогикалық білім, жас
ерекшелігі мен педагогикалық психологияны білгені абзал. Оның
мінезінде ұстамдылық, төзімділік, сабырлық, шыншылдық,
адалдық,мейірімділік сияқты қасиеттері болуы керек.
4. Моральдік беделінің болуы. Егер педагогта саяси идеялық
моральдің коммуникативтік сапалары болмаса, ол оқушылардың
алдында кеңес беру, талап қою, бақылау сияқты беделділерді
игеруге мүмкіндігі болмайды. Шебер моральдік тазалығымен,
жоғары мәдениетімен, тәртібімен, ісіндегі үлгісімен сипатталуы
керек.
5. Тәрбие үрдісінде шығармашылық қатынас жасау. Тәрбие үрдісіне
шығармашылықпен қарай отырып, оқу шебері оны ұйымдастыру
формаларын түрлендіріп, жаңалықтар енгізіп отырады. Әрбір
тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда шебер оның мазммұнын тиянақты
ойластырып, заман талабына сай жаңалықтармен қаруландырып
отырады. Тақырыпты жасағанда оқушыларды қызықтыратын солардың
көкейінде жүрген түйткілдерді ашатын жағдайларды жасайды.
Тәрбие жұмыстарын кәсіптік мектептерден кездесу, сұхбат,
саяхат, пікір-сайыс, конференция т.б. формаларды өткізудің
маңызы зор.
Тәрбие заңдылығының сипаттамасы
Тәрбие мәнін анықтайтын белгілері болады.
Ең алдымен оның тәрбие мақсатына бағытталған ықпал көптеген жағдайларға
байланысты қиындай түсетін өте күрделі диалектикалық сипатының болуы.
Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар:
- әр түрлі жердің мектеп, көше, отбасы т.б. бала табиғатына
үйлеспеуі;
- әр баланың өзіне тән жинақталған тәжірибесі мен көзқарасы, ынта-
ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы.
Тәрбиенің мынадай негізгі заңдылықтары бар:
1. Тәрбие қоғам мұқтаждығы мен жағдайына байланысты.
Неғұрлым қоғамның әлеуметтік-экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір
талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне адамгершілік
қасиеттерінің дамып қалыптасуына жиі әсер етеді.
2. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі.
Оқушының тұлғасының дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің рөлі зор. Іс-
әрекет барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар:
- Қарым-қатынас белсенділігі
- Таным белсенділігі
- Өзін-өзі тану белсенділігі.
3. Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынасының шешуші рөлі.
Тәрбие оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты іс-әрекеттің бірнеше
түрі бар. Олар:
- ойын
- оқу
- еңбек
- спорт
- көркемдік
- қоғамдық-саяси т.б.
Осы іс-әрекеттер барысында балалардың ақыл-ойы дұрыс, дүниеге көзқарасы
дамиды. Мінез-құлық және эстетикалық қасиеттері қалыптасады.
4. Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке
алу. Тәрбие беруден балалардың жас және жеке ерекшеліктері
ескерудің мәні зор. Себебі берілетін тәрбие, ұғым баланың жасына
лайықталып жасалуы керек. Сонымен бірге баланың мінез-құлқындағы
өзіндік ерекшеліктері мен типтерін темперамент түрлерін ескере
отырып тәрбие әдістерін түрлендіре пайдаланудың мәні ерекше.
5. Педагогикалық процестегі ұжым мен адамның өзара байланысы. Көрнекті
педагогтар Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский ұжымдық
қатынастарды қалыптастырудың басқа да заңдылықтарымен тығыз
байланыста болады. Бірақ шебердің тәрбие жұмысы өз қызметінің
сипатына қарай өзіндік ерекшеліктерімен көрінеді. Сондықтан
шебердің тәрбие жұмысының қағидалары екі топқа бірігеді.
Тәрбие үрдісінің негізгі қағидалары
1. Жалпы педагогикалық қағидалар
2. Кәсіпке тәрбиелеу қағидалары
Жалпы педагогикалық қағидалар мыналар:
1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы.
Тәрбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру
міндеті қойылады. Кез келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының
идеялық өмірін байытумен, олардың санасын ғылыми білімінің дұрыстығына
сендіруімен айқындайды.
Әрбір тәрбие жұмысының көзделген мақсаттары болады. Мақсатсыз тәрбие
нәтиже бермейді.
2. Тәрбиенің өмірмен, еңбек пен қоғам құрылысының практикасымен
байланыс қағидасы.
Бұл қағиданың мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани
қатынастарын, өмір шындығын тәрбие ісінде қолдану болып табылады. Осы
қағиданы жүзеге асыру оқушыларды өмірге, еңбекке, мамандықты саналы
таңдауға дайындаудың алғы шарты болады.
3. Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу.
А.С.Макаренко ұжымды адамның бір тұтас түрлі сапалары қалыптасатын
гимнастика залы деген. Сондықтан педагогика ғылымы да оқушылардың топтық,
ұжымдық өмірін олардың әлеуметтік, қоғамдық белсенділігімен жауапкершілік
сезімдерін қалыптастырудың міндетті шарты деп қарайды.
4. Жеке дара ерекшелігін ескеру қағидасы.
Жеке дара ерекшелігі дегеніміз – адамның физиологиялық, психологиялық
айырмашылықтары мен оның жасы және өмір тәжірибесі. Оқушыны тәрбиелеуде
олардың кейбіреуін тәртіпке шақыруға, кейбірін ізеттілікке тәрбиелеуге,
кейбірін сабырлылыққа шақыруға тура келеді. Бұл көбінесе олардың бұған
дейінгі тәрбиесімен тығыз байланысты.
4. Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсетілетін
құрметтің бірлігі қағидасы.
А.С.Макаренко былай деген екен: Егер біреу менен педагогикалық тәжірибенің
мәнін қысқаша ғана формуламен қалай анықтар едіңіз деп сұраса мен оған
мүмкіндігінше талап қой және құрмет көрсет деймін.
Кәсіпке тәрбиелеу қағидалары:
1. Тәрбиенің кәсіби бағыттылық қағидасы.
Өндіріс оқыту шебері – оқушыларды тәрбиелеуде олардың кәсіп иелері
екенін ескеріп тәрбиелік іс-шараларда кәсіпке сай тақырыптарды қамтиды.
Оқушылардың өз кәсібінің қыр-сырын меңгеруге үйретіп, сол кәсіпке деген
қызығушылығы мен құрмет сезімін қалыптастыруды көздейді.
2. Кәсіптік еңбекке негіздеу қағидасы.
Тәрбие процесінде болашақ жұмысшылар мен еңбеккерлерді кәсіптік
еңбекке дайындау мен тәрбиелеу көзделеді. Оқушылардың еңбекке деген орынды
көзқарасын қалыптастыру, еңбекті құрметтеу, оның нәтижесінен рахат алу
сияқты қасиеттерге тәрбиелеу керек. Сонымен бірге оқушылардың қоғамдық
пайдалы, өнімді еңбекті орындауға ынтасын арттырудың мәні ерекше.
К.Т.М. – оқушыларының жас ерекшелігі
Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңде балалар сырт пішімі жағынан
да мінез-құлқы жағынан да ересектерге ұқсамайды. Олар әлі де көп ойнап көп
жүгіреді, тентектік жасайды, әр түрлі салада белсенді ынтасымен жақсы көруі
де, қарым-қатынасы да тұрақсыз, басқаның ықпалына оңай көнгіш келеді.
Ересектік сезім дене дамуымен жыныстық толысудағы өзгерістер нәтижесінде
болады. Жеткіншек бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды.
Ол үлкендердің өзін бақылағанына, кішкене бала секілдендіріп қамқорлық
жасағанға, пікірімен санаспағанға ренжіп қарсылық көрсетеді. Ол өзінің
қадір-қасиетін сезіне бастайды, өзін кемсітуге төзбейді. Егер ересектің
өзі жеткіншектердің талаптарын ескеріп, оған деген қарым-қатынасын қайта
құрса тәрбие нәтижелі болады. Егер ересек адам жеткіншекке деген көзқарасын
өзгертпесе онда тіл алмау, қарсыласу әрекеттері пайда болады. Мұндай жағдай
сақталатын болса, қарсыласу бүкіл жеткіншектік кезеңге созылып әдетке
айналады. Егер ересек пен жеткіншек арасындағы қарым-қатынас мазмұнды,
достық, ынтымақ, өзара сыйластық, сенім, көмек нормаларына сәйкес құрылса,
онда олардың қарым-қатынасында қиыншылықтар болмауы мүмкін.
Ынтымақ процесінде ересек адамдар жеткіншекті әр түрлі істерде
көмекші жолдас жағдайында санаса, олардың қарым-қатынастары нәтижелі
болады.
Жеткіншектер ересектердің сыртқы белгілеріне қатты еліктейді. Мысалы,
темекі тарту,карта ойнау, сөйлеу мәнері, киіну, сән т.б. Олар көшеден,
кинодан көргендеріне еліктейді. Ұлдар арасында күштілігімен, батылдығымен,
спорттық іскерліктерімен көзге түсетін құрдастары үлгі болады. Сонымен
бірге осы кезеңде жолдастармен, достармен қарым-қатынастар ролі ерекше
мәнге ие болады.
Нағыз дос тауып, оған өзі де жалғыз дос болу - әрбір жеткіншектік
жастағы ұлдың да, қыздың да арманы.
Тәрбие үрдісінің өлшемі
Тәрбие нәтижелерін дұрыс, объективті түрде бағалау үшін оқушылардың
тәрбиелік дәрежесі дегенді қалай түсіну керектігін және осы дәрежені
бағалау өлшемдері қандай екендігін білуіміз керек. Өйткені тәрбие
нәтижелері оқушылардың адамгершілік қасиеттері мен санасында, тәртібінде
болып жатқан өзгерістерден көрініс табады.
Оқушының мінез-құлқын өлшеп бағалау өте қиын. Бұл үшін оның тұрақты
әдетін, икемділігі мен дағдысын білу керек.
Кейбір жағдайда сыртқы мінез-құлық ішкі жағдайларды білдіре бермейді.
Кейде ол шынайы тебіреністен керісінше болып жатады. Мысалы, жеткіншектер
мен жасөспірімдер өздері іштей ұнататын оқушы қыздарға шектен тыс дөрекілік
көрсетіп, әдепсіздікке жол береді.
Тәрбиелік дәрежесі күн сайын, сағат сайын тексеріледі.
Тәрбиелік дәрежесін дұрыс бағалау дегеніміз – мінез-құлыққа өмірдің
әр түрлі жағдайларында сабақта, сабақтан тыс уақытта, қоғамдық пайдалы
еңбекке, оқушылардың тәртібіне объективті баға беру.
Оқытудың нәтижесіне қарағанда тәрбиенің нәтижесін тексеру мен бағалау
өте қиын.
Білім дәрежесін анықтау бағалау үшін оқушыларға сұрақтар қоюға,
бақылау, диктант жаздыруға болады. Мұндай жолмен тәрбие дәрежесін анықтау
мүмкін емес.
Өлшем дегеніміз – шама, белгілі адамның тәрбиелілігінің басты өлшемі:
оның іс-әрекеті, сөзі мен істі үйлестіре білу шеберлігі.
Әдебиеттерде және тәрбиелеу практикасында тәрбиелілік дәрежесін
бағалауды мынадай топтарға бөледі:
1. Жоғарғы топ -өз мінез-құлқына қойылатын талаптарды ойдағыдай
орындайтын барлық әрекеттері үлгілі болатын оқушылар.
2. Орта топ – қойылатын талаптарды әрқашан орындай бермейтін
әрекетінде ала-құлалық көрсететін оқушылар.
3. Төмен топ – талаптарды жиі бұзатын, өз міндетін орындамайтын
оқушылар.
Тәрбие үрдісінің бағдарламасы
Шебердің негізгі міндеті – сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
және топ оқушыларының кәсіптік мектеп көлемінде өтетін барлық оқу-тәрбие
жұмыстарына араласуын қамтамасыз ету. Мұндай жұмыстардың мақсаты біріншіден
топ оқушыларының ұжымын жалпы мектеп ұжымымен белсенді араласуына жағдай
жасау. Топ ұжымы мектепішілік өмірмен араласа отырып дамиды және мектептің
жалпы міндеттерін біледі. Сыныптан тыс жұмыстың екінші мақсаты: оқушыларды
сабақта және сабақтан тыс уақыттарда бірігуге үйрету. Оқушылардың сабақтан
және сыныптан тыс әрекеттері тек терең білім беруге ғана жағдай жасамайды,
сонымен бірге практикалық қоғамдық саяси дағдыларды қалыптастыруға ықпал
етеді.Олардың бойында техникаға, өнерге, спортқа деген ынтасын арттырады.
Өндірістік оқу жүйелері сыныптан тыс тәрбие жұмысын оқу тобының сынып
жетекшісімен тығыз байланыса отырып жүргізеді. Топтың сыныптан тыс тәрбие
жұмысына жатақхана тәрбиесі оқушылардың қоғамдық ұйымдары, оқушылардың ата-
аналары, базалық мекемелердің қызметкерлері кеңінен тартылады. Кәсіптік
мектептерде жалпы мектептік кешенді тәрбие жұмысының перспективалық
жоспарлары жасалады. Ол бір жылдық мерзімді қамтиды. Кәсіптік мектептің
тәрбие жұмысының перспективалық жоспары негізінде сынып жетекшісі мен оқу
шебері топтың бір жылдық перспективалық жоспарын жасайды және оларды
ұйымдастыру формаларын түрлендіру жолдарын қарастырады.
Перспективалық жоспардың негізінде айлық жоспарлар жасалады. Мұнда
тәрбие жұмысының мазмұнымен өтілетін уақыты және нақты орындаушылар
белгіленеді.
Тәрбие жұмысының ағымдағы жоспарында мынадай шаралар қарастырады.:
- топтың жиналысын өткізу (күн тәртібі міндетті түрде көрсетілуі
керек)
- еңбек ардагерлерімен алдыңғы қатардағы кәсіпкерлермен кездесулер,
лекциялар ұйымдастыру.
- Саяси хабарлар өткізу
- Ұжым болып кино, театр, туристік жорықтарға бару
- Тақырыптық кештер, викториналар ұйымдастыру
- Спорт жарыстары мен техникалық көркем өнер шығармашылығын
ұйымдастыру
- Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу
- Топ белсенділерімен жұмыс жүогізу.
- Мерекелік қабырға газеттерін шығару
- Топ оқушыларының кәсіптік мектепшілік шараларға қатысуын қамтамасыз
ету (Баяндамалар дайындау, диспут, конференцияларға қатысу)
- Ата – аналар мен ұйымдастырылатын жұмыстар (ата – аналар
жиналыстары, ата – аналардың үйіне бару лекциялар және т.б.)
Оқу топтарындағы тәрбие жұмысын есепке алу қадағалау жоспарлау
Мектеп практикасында тәрбиелілік дәрежелері және нәтижелері әлі
жеткілікті есептеліп бағаланбайды. Тәрбие процесін үйлесімді жүргізу көп
жағдайда тәрбиелеуге, топтың тәрбиелік дәрежесін ескеріп отыруға және
осының негізінде тәрбие процесін жетілдіруге байланыстырылады. Тәрбие
жұмысы нәтижелерін есептеу мен бағалаудың мынадай формалары бар:
1. Тәртіпті бағалау – мектеп жарғысында тәртіптің мынадай үш бағасы
енгізілген Үлгілі, Қанағаттанарлық, Қанағаттанғысыз оқушының
тәртібіне баға қою жөніндегі нұсқауда оқушылар тәртібін бағалаудың
негізгі өлшемдері көрсетілген. Мұндп еңбекке деген көзқарасқа,
қоғамдық өмірге және қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, мектеп пен
көшедегі тәртіпке оқушылар ережесін орындауға ерекше көңіл бөлінген.
2. Оқушылардың педагогикалық мінездемесі: тәрбие нәтижесі педагогикалық
мінездемелерден көрініс табады. Мұнда оқушының тәрбиелілік дәрежесіне
жинақталған түрде баға беріледі. Мінездеме жазғанда мынадай
мәселелерді қамту керек:
- Оқушының жалпы даму дәрежесі
- Оның ынтасы мен бейімі
- Саяси дамуы
- Үлгерімі, белсенділігі
- Ыждағаты мен тәртібі (мінез – құлқы)
- Қоғамдық пайдалы қызметке қатысуы
- Моральдық ерік жігері
- Кәсіптік бағыттылығы
- Дүниетанымы
- Эстетикалық дамуы, талғамы
- Денсаулық жағдайы
Педагогикалық мінездеме мінез – құлықтың тек сыртқы көрінісін ғана
бейнелеумен шектелмейді. Мұнда оқушының ішкі дүниесін сипаттау және
тәртібінің ерекшеліктерінің айқын ашу маңызды.
Мінездемені жазу мен талқылауға оқушылар ө.о.ш, тәрбиешілер, сынып
жетекшісі қатыстырылады.
3. Тәрбиеші күнделігі: тәжірибелі мұғалімдер мен өндіріс шеберлері
күнделік жүргізеді. Мұнда жұмыс нәтижелері есептеліп қана қоймай
сонымен бірге оған талдау жасалады, топтағы кемшіліктерді жою жолдары
көрсетіледі. Ө.О.Ш әрбір оқушы туралы білгенінің бәрін есіне сақтай
алмайды. Мұндайда оған күнделік көмектеседі. Сонымен тәрбие жұмысын
ұдайы есептеумен бағалау тәрбие жүйесінің ең қажетті буыны болып
табылады.
Топтың тәрбиелік жоспарын құру
Ө.О.Ш оқу жылының басында топ жетекшісімен бірге топтың тәрбие
жоспарын жасайды. Жоспар жасауда мынадай жағдайларды ескеру керек:
- Тәрбие жұмысының өткізілу формаларын түрлендіруді ескерту;
- Тәрбие бағыттарының тұлғаға ықпал етуінің өзара қатынасын ескеру;
- Мерекелік, даталы күндерді белгілеу, соған тақырыпты сәйкестендіру;
- Демалыс кезеңдерін есепке алу
Топтың тәрбиелік іс – шараларының перспективалық жоспары.
Айлар 1- ші апта 2- ші апта 3- ші апта 4- ші апта
Қыркүйек 1 қыркүйек Демалысты Дені саудың Топ жиналысы
Білім күні қалай жаны сау Мектеп
(Тағылым өткіздің (сайыс) ережесімен
сағаты) (әңгімелесу) танысу
(дөңгелек
үстел)
Қазан Ұстаздық Табиғат жан Өнерлі өрге Қазақстан
еткен саясы жүзер (Өнер Республикам
жалықпас (Саяхат) сайысы) менің
(Мерекелік (мерекелік
кеш) бағдарлама)
Қараша Топ жиналысыҚалталы Мамандығым Құқықтың
(Бүгінгі білімболудың мақтанышым бұзылу
ертеңгі құпиясы (Дебат) жолдары
байлығымыз) (Пікір талас) (Кездесу
сұхбат)
Желтоқсан 1 –ші Қыршын кеткенТоп жиналысы Қош келдің
желтоқсан СПИДерлер – ай Жаңа жыл
– ке қарсы (Еске алу (маскарад
күн кеші) кеші)
Қаңтар Демалыс Демалыс Топ жиналысы Қыс кереметі
(шығарма жазу)
Ақпан Кәсіп түбі Махаббат Шынықсаң шымырТоп жиналысы
нәсіп (сайыс)мәңгі ертегі боласың
(тақырыптық (спорттық
кеш) жарыс)
Наурыз Бір тал Анадан асқан Ұлыстың ұлы топ
кессең он тал асыл жоқ күні жиналысы
ек (сенбелік)(пікір – (мерекелік кеш)
сайыс)
Сәуір Сәуір болмай Табиғатты Топ жиналысыҚалауын тапса
тәуір болмас аялайық қар жанады
(ашық сабақ) достар (пікір сайыс)
(саяхат)
Мамыр Бұлақ көрсең Жеңіс күні Тазалық Топ жиналысы
көзін аш (кездесу) иманның
(ашық сабақ) жартысы
(сенбілік)
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары
Күрделі де көп қырлы тәрбие жұмысы әр түрлі формалардың көмегімен
жүзеге асырылады. Олар өзгермей серпінді келеді. Оларды таңдау тәрбие
жұмысының мазмұнына оқушының жас шамасына педагогтың шеберлігіне және
тәрбие процесі өтетін басқа жағдайларға да байланысты.Тәрбиені
ұйымдастыру формасы деген көп жағдайда қамтитын кең мағыналы ұғым. Ол
тәрбие қызметін ұйымдастырумен байланысты нақты процестерді белгілеу үшін
қолданылады. Егер тәрбиеші ұйымдастырудың формасын жалпы түрінде
қарастыратын болса, онда олар тәрбиешілермен тәрбиеленушілер арасындағы
қарым-қатынастарды белгілейді.
Форма ұғымы заттың, процестің ұйымдасу әдісін білдіреді. Қазіргі
кезде педагогикалық әдебиеттерде тәрбие формаларын екі топқа біріктіреді:
1. Ұйымдастырылуына қарайды:
- жаппай
- бұқаралық
- топтық
- үйірмелік
- жеке-дара
2. Ықпал етуіне қарай:
а) сөздік (саяси хабарлар, жиналыстар,лекциялар, кездесулер т.б.);
ә) практикалық (жарықтар,экскурсия,олимпиада,конку рс,сайыс т.б.);
б) көрнекілік (музейлер, көрмелер, залдар, қабырғалар, галереялар,
кітаптар көрмесі т.б.).
Тәрбие практикасында, сөздік-практикалық және көрнекілік формалар
тығыз астасып жатады. Мысалы, саяси хабарларда оқырмандар конференцияларын
өткізу, практикалық істермен байланысты .
Тақырыптық кештерді ұйымдастыру
Кәсіптік мектептерде тақырыптық кештерді өткізудің тәрбиелік мәні
зор. Тақырыптық кештер мазмұны мен жанырына қарай:
- Портрет кеші
- Репортаж кеші
- Әңгіме кеші
- Ритуал кеші
- Мерекелік кеш
- Саяси кеш
- Әдеби кеш т.б. болып бөлінеді.
Тақырыптық кештер оқушыларды байқағыштыққа, оптимистік көңіл-күйге
бөлейді, сол қаралып отырған мәселенің мән-мағынасын ұғынып білуге, жүйелі
ойлап айтып беруге дағдыландырады.
Кәсіптік мектептер оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріп, тақырыптық
кештердің мазмұнын оқушыларды қызықтыратын мәселелермен байланыстырған жөн.
Кештің тақырыбын таңдаған оларды толғандыратын жағдайларды есепке алу
керек. Тақырыптық кештерді уақыт проблемаларына, мамандық таңдауға да
арнауға болады. Кештерді үлкен аудиторияларда, залдарда өткізген дұрыс.
Себебі мұндай кештерге бір ғана емес бірнеше топты қатыстыру керек. Кешті
ұйымдастырғанда мына жағдайларды ескеру керек:
- кеш өтілетін орынның таза, жарық, тартымды болуы;
- кешке арналған көрнекіліктермен о.т.қ.-ның тақырыпқа сай жинақталуы
мен сұрыпталуы;
- кештің сценариінің мазмұнының тақырыпқа сай құрылуы, онда әр түрлі
ойын, сахналық көрініс, ән, жыр, формаларының кезектесіп келуі;
- кештің тақырыбын алдын ала хабарландыру.
Тақырыптың сценариі:
Кештің тақырыбы: Өрле,өрле Наурыз төрле.
Кештің мақсаты: Оқушыларға Наурыз мерекесінің мәнін, мағынасы туралы ұғым
беру, олардың бойында елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімі мен өз елінің
салт-дәстүрін сақтау мен құрметтеу, дәріптеу қасиеттерін қалыптастыру.
Кештің құрал-жабдықтары: Қанатты сөздер
1. Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
2. Наурыз – жыл басы
3. Армысың – Наурыз құт-береке мерекесі
4. Гүлдер, шарлар
5. О.Т.Қ. – құралдары
Кештің қысқаша жоспары:
1. Кештің ашылуы
2. Қонақтарға сөз беру
3. Күй Адай
4. Топтар дайындаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz