Макет



Мазмұны


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 1 Көлемді макеттеудің өткендегі тәсілдері және оны
көркем . сурет жүйесінде моделдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Қағазбен жұмыс істеу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.1 Материалдар мен құрал . жабдықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
2.2 Қағаз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.3 Умаждау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
2.4 Бүгу және бұжырлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
2.5 Үзу және кесу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.6 Үлкен формаларды желімдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
3 Жаттығуларды орындаудың тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3.1 №1 жаттығу. Макет жасау техникасындағы негізгі жұмыс ... ... . 8 тәсілдері
3.2 №2 жаттығу. Еркін пластикаға негізделген рельеф ... ... ... ... ... .. 9
3.3 №3 жаттығу. Көлемді констрккцияларды пішіндеу ... ... ... ... ... ..9
3.4 №4 жаттығу. Геометриялық денелерден жасалған көлемді . жазықтықтың композициясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
3.5 №5 жаттығу. Күмбездер мен қабыршықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
3.6 №6 жаттығу. Каркасты . өзекті жүйені макеттеу ... ... ... ... ... ... ..10
4 Курс жұмысын орындау алдындағы дайындық жүмыстары ... ... 11
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
А қосымшасы. Қағаз жазықтығын диагональды . қатпарлап бөліктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Б қосымша. Тік бұрышты қималы қатпарлар ... ... ... ... ... ... ... ...16
В қосымша. Үшбұрыштың қималы қатпарлар ... ... ... ... ... ... ... .17
Г қосымша. Қима сызығы бойымен біріктірілген қатпарлар ... ...18
Д қосымша. Көлемді күмбезді конструкция ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Е қосымша. Модуль элементтерінің негізіндегі күмбездер ... ... .20
Ж қосымша. Көлемді күмбезді конструкция ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
З қосымша. Модуль элементтерінің негізіндегі күмбез ... ... ... ..22
И қосымша. Көлемді жұлдызшалы конструкциясы ... ... ... ... ... .23
К қосымша. Көлемді шатырлы конструкцияның моделі ... ... ... ..24
Л қосымша. Қатпарлы конструкцияның макеті ... ... ... ... ... ... ... .25
Макеттеу – оның графикалық (жазықтықтың) бейнелеуден өзгешелігі – материалды модел түріндегі форманың туындысы және ол өзінің көлемді түрін айқын көрсетіп, елестетеді.
Ірі құрылымдарды салу кезінде кіші масштабтағы оның формасының көшірмесін орындаған мысалдары бізге сәулет өнерінің тарихынан белгілі. Болашақтағы құрылымдардың детальдарын және кеңістіктік шешімдерін көрнекті етіп көрсету үшін олардың көлемді моделдеріне соңғы жылдары тағы да қызығушылық пайда болды.
Сондықтан, сәулетші, дизайн – студенттеріне графикалық дайындықпен қатар көлемді моделдеу дағдысын дамыту керек етеді.
Макеттеуді дағдылауын дамытудың практикалық сабақтары «Сәулеттік графика және композиция I», «Сәулеттік графика және макеттеу» пәндерінің алғашқы этаптары болып табылады және оларды бірінші курстың бірінші және екінші семестрлеріне кіргізілді.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда архитектураны оқытуда макеттеуді қолдану шекарасының және мүмкіншіліктерін қарастырады. Қағазбен, құрал – жабдықтармен, материалдармен және желімдердің түрлерімен жұмыс істеудің жаттығу әдістерін ұсынады.
Студенттерді практикалық сабақтарда макет жасауды үйретуді – курс өзіне мақсат қояды.
Жаттығулар мен курс жұмыстарын орындау кездерінде осы әдістемелік нұсқау студенттерге көмек көрсетіп, орындау тәсілдерін практикада үйренулеріне көмектеседі.
Әдебиеттер

1 Абдрасилова Г.С. Макетирование. – Алматы: КазГАСА, 1996. -25 с.
2 Авдотьин Л.Н. Технинеские средства в архитектурном проектировании. – М.: Высшая школа, 1986. -311 с.
3 Бархин Б.Г. Методика архитектурного проектирования. –М.: Стройиздат, 1969. – 220 с.
4 Кринский В.Ф. и др. Введение в архитектурное проектирование. – М.: Стройиздат, 1974. -174 с.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Сәулет және дизайн кафедрасы

Сәулетші мамандығы студенттерінің Сәулеттік жобалау негіздері пәнінен
сәулеттік ордерлердің графикалық және курс жұмыстарын орындауға арналған

Макет

Павлодар

УДК 72.04 (07)
ББК 85.11Я7
Қ23

Пікірсарапшылар:

- Мустафин Д.Б. – сәулетші, Қазақстан
сәулетшілер одағының мүшесі, ПАВЛОДАРЭКСПЕРТИЗА мекемесінің директоры.

- Кудерин М. Қ: – т.ғ.к., доцент.

Қайырбеков У.И.
Қ23 Әдістемелік нұсқау. Макеттеу. – Павлодар, 2005-25 бет.

Әдістемелік нұсқауда макетті орындау тарихынан мысалдар келтірген
және қазіргі уақыттағы оның алатын орнын көрсеткен. Макетті орындау
техникасының мүмкіндігін және материалмен жұмыс істеу әдістері
қарастырылған. Макеттеудің дағдысын дамыту үшін, жаттығулар әдістері
қарастырылған.

© У.И. Қайырбеков, 2005
©С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2005
Кіріспе

Макеттеу – оның графикалық (жазықтықтың) бейнелеуден өзгешелігі –
материалды модел түріндегі форманың туындысы және ол өзінің көлемді түрін
айқын көрсетіп, елестетеді.
Ірі құрылымдарды салу кезінде кіші масштабтағы оның формасының
көшірмесін орындаған мысалдары бізге сәулет өнерінің тарихынан белгілі.
Болашақтағы құрылымдардың детальдарын және кеңістіктік шешімдерін көрнекті
етіп көрсету үшін олардың көлемді моделдеріне соңғы жылдары тағы да
қызығушылық пайда болды.
Сондықтан, сәулетші, дизайн – студенттеріне графикалық дайындықпен
қатар көлемді моделдеу дағдысын дамыту керек етеді.
Макеттеуді дағдылауын дамытудың практикалық сабақтары Сәулеттік
графика және композиция I, Сәулеттік графика және макеттеу пәндерінің
алғашқы этаптары болып табылады және оларды бірінші курстың бірінші және
екінші семестрлеріне кіргізілді.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда архитектураны оқытуда
макеттеуді қолдану шекарасының және мүмкіншіліктерін қарастырады. Қағазбен,
құрал – жабдықтармен, материалдармен және желімдердің түрлерімен жұмыс
істеудің жаттығу әдістерін ұсынады.
Студенттерді практикалық сабақтарда макет жасауды үйретуді – курс
өзіне мақсат қояды.
Жаттығулар мен курс жұмыстарын орындау кездерінде осы әдістемелік
нұсқау студенттерге көмек көрсетіп, орындау тәсілдерін практикада
үйренулеріне көмектеседі.

1 Көлемді макеттеудің өткендегі тәсілдері және оны көркем –
сурет жүйесінде моделдеу

Сәулеттік жобалаудың көлемдік – жазықтықтық көп бейнелі
формаларының проблемаларын тек қана графика тәсілімен шешу жеткіліксіз.
Жобалау нысандарының күрделі жазықтық және көптеген көлемдерін
қарапайым графика тәсілімен орындау методы нақтылы көрнекті нәтиже
бермейді. Сондықтан графикалық тәсілмен қатар оған көмек ретінде, әрбір
өткен кезеңдерде сәулетшілер, көлемді макет үлгісіндегі формаларды
қолданды.
Ренессанс дәуірінің ұлы шебер – сәулетшілері өздерінің
творчествалық жұмыстарында жобаланатын құрылымдардың көлемді моделдерін
кең түрде қолданды. Оны өзінің Истории архитектуры атты еңбегінде О.
Шаузи былай дейді: Исполнение зданий обыкновенно поручалось по конкурсу...
Единственное средство, которым конкуренты могли сделать их мысль доступной
всем, состояло в материализации ее каким – либо способом: они передовали ее
насколько можно с помощью рельефа. Так именно были исполнены проекты купола
собора Санта Мария дель Фьоре во Флоренции. Также известно, что на
окончательных проектах Собора святого Петра в Риме остановились после
обсуждения их по модели .
Архитектуралық жобалау үшін моделдің маңызы туралы Ж. А. Альберти
өзінің Десять книг о зодчестве атты трактатында XV ғ.
30 жылдарында былай депті: я всегда хвалю древний обычай зодчих вновь и
вновь обдумывать... все сооружение и отдельные размеры его частей не только
на чертеже и рисунке, но и в моделях и образцах, сделанных из досок или
чего – нибудь еще, и прежде чем приступить к чему – нибудь из того, что
требует издержек или заботы, исследовать это. При изготовлении моделей
представляется прекрасный случай видеть и обсудить... число и порядок
частей, поверхность стен... В них можно беспрепятственно добавлять,
убавлять, обновлять и переиначивать, чтобы все было правильным и приемлемым
.
XIX ғ. Петербургте әсем ғимараттарды салу кезінде кең түрде
масштабты моделдер қолданды. Үлкен масштабты (1:100) Исаакиевский
соборының, Фонды биржасының және Смольный соборының модельдері осы күнге
дейін Россияның Сурет Академиясында сақталуда. Модельдерде ғимараттардың
ішкі және сыртқы детальдарын, қолданған материалдарының фактураларының
бейнелерін толық көрсетілген.
Өткен ғасырдың атақты сәулетшілері – Мис ван дер Рое, Гропиуса
жобаларында макеттерді қолданған.
Көлемді макеттеудің ролі қазіргі уақытта да жоғары, себебі макет
сәулеттік композицияны жан – жағынан және әртүрлі жарықпен тексеруге
мүмкіншілік беруінің арқасында, біз жобаланған нысанның формсын тұтастай,
нақтылы көреміз.
Қазіргі кездегі практикада жобада макеттің келесі түрлері
қолданады: кіші масштабты жобалар үшін (М 1:200 - деталды жоспарлау үшін, М
1:1000 немесе 1:500 – тұрғын ауданды орналастыру жобасы үшін); нысанның
ішкі сәулеттік көлем – жазықтығының шешімі (М 1:200, 1:100 және басқ.);
архитектуралық – конструкциялық шешімдері (конструкцияның ішкі және сыртқы
бір – бірімен байланыстары); ішкі кеңістіктің (интерьердің) ; конструкция
мен детальдардың фрагменттері.
Жобалаудың барлық этаптарында графикалық эскизден тыс жұмыс
макеттерінің варианттық шешімдерін орындау шығармашылық ізденіс болады.
Студенттің мінезіне жұмыс макеті белсенді ізденіс тұрғыдан әсер беріп қана
қоймай, оның барлық элементерін бір – бірімен салыстыру, барлық көру
нүктелерін тексеру және ең бастысы – оның ішкі және сыртқы кеңістіктерінің
салыстырмалығын тексеріп, анықтайды. Макеттеу студенттердің көру түйсігінің
мүмкіншілігін арттырады және шешімінің дұрыстығын анықтап, ойын нақтылы
көрнекті етіп жеткізеді.
Жоғары талаппен орындалған макет диплом жұмысының тақырыбын, идеясын
одан әрі көрнекті етіп, тұтас көруге мүмкіндік береді.
Мысалы, оқушылар Сарайы, туристік орталық кешендері – архитектура
мен ландшафтың байланыстарын ашады және күрделі ұйымдастырылған жүйедегі
компонент түріндегі жеке ғимараттарды студентердің тәрбие тұрғысынан
түсінуіне ықпал жасайды (1 сурет).
Клуб, мектеп, кинотеатр сияқты жеке нысандардың макеттерін орындау
курс жұмыстарын көлемді – жазықтықта ішкі архитектуралық бейнесін іздеуге
көмектеседі және студенттердің құрылымды үш өлшеммен көруіне түсінік береді
(2 сурет).
Архитектуралық пластиканы сезу және көруді макеттеу тәсілімен
үйретеді. Төменгі және жоғарғы курстарда қолданатын көлемді – кеңістіктік
моделдеу тәсілі тапсырманы осы тәсілмен орындауды жүктейді және әр
деңгейдегі - ең қарапайымнан (жайпақ, модульді) күрделіге дейіңгі
(жазықтықтық) жаттығулар әр түрлі макеттерді орындауды қарастырады.

1 сурет - 1200 келушілерге арнаған Оқушылар сарайы. Макет.

2 сурет - Сәулет мектебі. Макет.

Мамандықтың төменгі және жоғарғы курстарында әрбір курс жұмысы мен
жобасын орындау үшін макет техникасын орындау жаттығуларын керек етеді.
Аяқталған жобаның құрамына демонстрациялық макет те кіреді.

2 Қағазбен жұмыс істеу тәсілдері

2.1 Материалдар мен құрал - жабдықтар
Макеттеу техникасын орындау жұмысы үшін міндетті түрде келесі
материалдар мен құрал – жабдықтар керек:
- ватман, торшон түріндегі сызу қағаздарының беттері;
- арнаулы кесуге арналған пышақ;
- қайшы;
- фаскасы бар сызғыш (темір сызғыш та жарайды);
- ПВА, резина желімдері (резина желімі ақ түсті болғаны дұрыс);
- қатты қарындаш.

2.2 Қағаз
Қағаз материалының сапасы әр түрлі заттарды жасау үшін шексіз
жағдайлар туғызады. Біз үшін қағаздың сапасы көлемді модел жасау үшін тек
қана материал ретінде қажет.
Қағаздың сортын анықтаған соң, оны орынды жұмыста қолданады.
Әрбір жағдайларда қағаздарды қолдану сферасы тек қана оның құрылысына ғана
байланысты емес, сонымен қатар жасалған моделдің жарыққа әсері де
қарастырылады. Фактурасы ірі түршіктерден жасалған макет көптеген ұсақ
көлеңкелердің арқасында салмақты болып көрінеді. Көлемді моделдер жасау
үшін тегіс бетті қағаздар ыңғайлы. Оларды бүгуге , кесуге, бүктеуге және
желімдеуге ыңғайлы.

2.3 Умаждау
Тегіс қағаздың беті практика жүзінде жарықты біркелкі
шағылыстырады. Горизонталды орналасқан жағдайда тіпті де байқалмайды.
Умаждалған қағазды алайық. Макеттің бетінің фактурасын көрсету
үшін умаждалған қағазды қолдануға болады. Ол үшін газетке пайдаланатын және
папирусты қағаз сорттарын қолдануға болады. Осындай қағаздарды тегіс бетті
қағаздарға желімдегенде – ол декоративті және көлемді болып көрінеді. Осы
қасиет моделге тура жарық түсіргенде байқалады.
2.4 Бүгу және бұжырлау (гофрирование)
Қағазды алдын ала сызылған сызықтар бойынша бүгу немесе
бұжырлағанда оның салмақ көтеру қасиеті артады және оған нақтылы мінездеме
береді. Алдымен қағаздың бетіне керекті сызықтарды сызған соң, оны өткір
құралмен (пышақпен) аздап тіледі. Тілікті сыртқы бет жағынан істеген дұрыс
, яғни қағазды қай жаққа бүктеленетінін біліп барып қана тілген дұрыс.
Осыны ескермегенде қыры түзу болмайды.
Бетті бұжырлау кезінде, ең бірінші бір жағын тіліп алып
бүккенсоң, орталарын келесі жағынан тіліп бүккен дұрыс. Өлшемдерінің
дәлдігіне, бұрыштарының түзулігіне өте көңіл аудару керек.
Қағазды бүгу және бұжырлау арқасында күрделі композицияларды
орындауға болады. Осылай, ойланып және дәл орындаған моделді пішу арқасында
көп нәтижелерге жетуге болады.

2.5 Үзу және кесу
Қағазды үзу және кесу кезінде беттің жаңа мінездегі үлгісі пайда
болады. Осындай қағаз беті кеңістігімен, мәнерлігімен және композициялық
толықтығымен әсер береді. Қағазда фигураларды кесіп, (үшбұрыштар, шеңбер,
рамалар) бүгу арқылы жасалған моделдердің жалпы мінездемелері жарықтың түсу
бұрышына байланысты өзгереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анықтама конфигурация объектісі
Цилиндр мен өзегі бар поршеннен тұратын құрылыс
Кеңістікті жобалау. Көркем конструкциялау
Электрондық басылымдардың ерекшелігі
Corel Draw графикалық редактор
Microsoft Word –мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік
Баспа өнiмдерiн дайындауда қолданылатын программалар
CorelDraw 11
Карталардың авторлық түпнұсқалары
Кесте режимінде мәліметтерді енгізу және түзету
Пәндер