Дүние жүзіндегі демографиялық жағдай


Дүние жүзіндегі демографиялық жағдай
Жер шарында халықтардың саны тез өсіп жекелеген халық көп қоныстанған аймақтардың экологиялық жүйелеріне түсетін ауыртпалықты жоғарылатып отыр. Сондықтан, адамдар экологиясы қазіргі демографиялық жағдай және қалалардың тез өсуі қоршаған ортаға қандай ықпал жасайтынын жан-жақты зерттеп, қажетті ұсыныстар жасауы тиіс.
Демография деп халықтың құрам санының өсуін зерттейтін ғылым саласын айтады. Демографиялық зерттеулер халықтың санын қалай өсуде, орналасқан жерлері, құрамы (қоғамдық топтар, ұлты, тілі, жасы, жынысы, білімі, мәдениеті, мамандығы, т. б. ), оның өзгеру себептері мен қорытындыларын, әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерін қамтиды. Осындай зерттеулерге сүйеніп қоғамның өркендеуін, негізгі бағыттарын және уақытын анықтауға болады.
Қазіргі қалыптасқан демографиялық жағдай бүкіл әлем жұртшылығын алаңдатуда. Өйткені біздің ғасырдың ортасында дүние жүзінде «демографиялық жарылу» деп аталатын құбылыс болды. Бұрын адамдар саны мың жылда екі пайызға көтерілсе, ХХ ғасырдың 60-80 жылдарының өзінде жыл сайын осы мөлшерде өсті.
Халық санының өсуі қазіргі таңда ғылыми-техниканың црогресс дәуірінде медицинаның жетістіктері табиғи сұрыпталуды шектеп, денсаулығында ақауы бар болып келген сәбилердің де өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Бірақ, бұл көбінесе дамыған елдерге тән.
Біріккен Ұлттар Ұйымының тапсырысымен жүргізген Р. Дюба, С. И. Брук және Вилькокс зерттеулерінен Дүние жүзі халқының санының өсу көрсеткішін көруге болады.
Кесте 2 - Дүние жүзі халқының санының өсу көрсеткіші
Дүние жүзі халқының саны
(миллион)
Халықтың жыл сайын өсу мөлшері мұнан 1000 жыл бұрын пайыздың оннан бір бөлігіне де жетпейтін болса, ХХ ғасырдың екінші жартысында 1, 7-2, 0 пайызға жетті.
Әрине халықтың өсуі әлемнің әр түпкірінде бірдей болған жоқ. Батыс және Оңтүстік Европа елдерінде Австралия, Жаңа Зеландия мен Жапониядағы соңғы 40 жылда халық саны аз өссе Дания, Швеция, Ұлыбритания, Австрия, Белгия, Люксембург, Швейцария, Эстонияда халық саны өскен жоқ, ал кейбіреуінде кеміп кетті.
Дамыған елдердің халқы аз өскенмен планета тұрғындарының саны дамушы елдердің әсіресе Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін тәуелсіздік алған мемлекеттердің халқы есебінен тез өсіп көбеюде. Жыл сайын халық саны 78-80 миллионға көбейіп, 2000 жылы 1 миллиардтан астам өссе оның 56 % Азияға, 25% Африкаға, 11% Оңтүстік Американың үлесіне келеді.
Екінші көңіл аударарлық мәселе - бұл халықтың құрамында қартайған кісілердің көбеюі. Палеолит және неолит дәуіріндегі қазбалардан орташа жас ұзақтығы 20-50 жас екені белгілі болған. Алғашқы қауымдық құрылыс қартсыз қауым болған. Ал қазіргі таңда жанұядағы балалар саны тым азайып барады. Және экономика мен ғылымның өркендеуіне, денсаулық орындарының жұмысы жақсаруына байланысты ересек адамдардың өлімі азая бастады. Қарт адамдардың үлесі өскен сайын жалпы халықтың да жасы ұлғая түседі.
XIV ғасырда Англияда адамдардың орташа жасы 17 жас болған - бұл «қара өлім» (чума) дәуірі еді. XVII-XIX ғасырда статистикалық мәліметтер бойынша бельгицтердің орташа жасы 32 жас, голландықтардікі - 34, ағылшындардікі - 33, неміс, шведтер - 33-35 жасты құрды.
1800 жылы АҚШ халқының орташа жасы 32, Ресейде (1897) - 31, 4 жас болды.
1950 жылы жасы 65-тен асқан қарттардың үлесі 7, 6 %, 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 28 % болса, 1980 жылы қарттардың үлесі 11, 4% -ке дейін көбейіп балалардың үлесі 3%-ке дейін кеміді. Ұлыбритания мен Швецияда қазіргі кездің өзінде қарттардың үлесі 16, 2%, балалардың үлесі 20% ғана.
Орта есеппен адамның ғұмыры дүние жүзінде 59 жыл болса, дамыған елдерде 70 жылға жетті. Қазақстанда қазіргі таңда ерлердің орташа жасы 59, 8, әйелдердікі 71, 3 жасты құрайды. Біздің мемлекетіміздің әр төртінші тұрғыны - бұл 16 - 29 жас аралығындағы - жас адам (бұл жастағылар 3490, 6 мың, яғни халқымыздың 23, 3% құрайды) .
Әр мемлекет өз ерекшеліктерін ескеріп демографиялық саясат жүргізеді. Франция мен Шығыс Европа елдері сәбилердің көбірек болуын көздеп мемлекет тарапынан жаңа туған бала үшін ата-анасына жәрдем беріп, анасы 3 жыл бойы жұмыс істемей баласын бағуға ақылы демалыс алады. Біздің елімізде де қазір мемлекетіміздің тарапынан мұндай шаралар қолға алынуда. Қазақстан Республикасы жанұялар көп балалы болуға, адамдардың ғұмырын ұзартуға бағытталған саясатты қолдайды. Бізде әрбір 1000 адамға жыл сайын орта есеппен 16-17 адам қосылады, бұл дүние жүзіндегі жоғары көрсеткіштердің бірі. Баланы үйде тәрбиелеуге 1, 5 жыл бойы ақылы демалыспен мемлекеттік жәрдем көзделген.
Қытай, Үндістан сияқты мемлекеттер баланың санын өсірмеуге тырысады. Бір жанұяда 1-2 артық бала болуына тыйым салынған.
Дамыған елдерде 1000 адамға есептегенде жыл сайын 6-7 кісі өлсе, дамушы елдерде 10-12 кісі өледі. Өкінішке орай, 80 жылдан бастап Қазақстанда да кісі өлімі көбейіп келеді. Қазір 1000 адамға есептегенде жыл сайын 10, 8 адамға жетті. Әрине, кісі өлімінің көбеюі қарттардың үлес салмағының өсуіне байланысты екені шындық. Дегенмен, соңғы кезде орта жастағы адамдар көп өлетін болды. 1960 жылмен салыстырғанда 40 жасқа дейінгі кісілердің өлімі 19%-ға, 50 жасқа дейінгілердің өлімі 29%-ға көбейді. Мұның басты себебі жастар арасында маскүнемдікпен нашақорлықтың кең өріс жайуы. Егер соңғы деректерге сүйенсек, республика бойынша ерлердің 57%, әйелдердің 34%, жас өспірімдердің 40% шылым тартса, ересек адамдардың 55% үнемі арақ ішеді. Мектеп оқушыларының 29, 5% нашақорлыққа ауызданған. Ал экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20% себеп болып отыр. Осы әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда 10 мыңнан астам жетім, 4 мыңнан аса дене бітімі мен ақыл-есі кем балалар барын, әр үшінші сәби өлі немесе кемтар болып өмірге келетінін, балалар үйіндегі балалардың 85% тірі жетімдер екенін көреміз.
Б. Урланистің есебі бойынша ер адамдардың тең жартысы маскүнемдіктен қайтыс болады екен.
БҰҰ-ның мәліметтеріне қарағанда (құжат Е/CONF -76/19) дүние жүзінің халқының саны 100-120 жылдан кейін 10, 5-11 миллиардқа жетіп, онан әрі өспей тұрақтайтын көрінеді. Адамдардың орташа ғұмыры 78-79 жасқа жетеді. Бір жанұяда екі баладан болып, басқаша айтқанда бар халықтың орны толып отырады.
БҰҰ 1984 жылы тамыз айында Мехико қаласында өткен конференцияда барлық елдерді дүниежүзінің халқының санын тұрақтандыруға, адамдардың абыройы мен бостандығын сыйлауға қолда бар мүмкіншіліктер мен техникалық прогресс жетістіктерін пайдаланып, қоршаған ортаны сақтауға әлеуметтік өзгерістерді қолдауға бағытталған саясатты жүргізуге шақырды.
Демографияда халықтың ұдайы өсуі деген ұғым бар. Ұдайы өсім 3 түрлі болады. Егер ата-аналардың жасына дейін өскен балалардың саны олардың санымен бірдей болса - онда жай ұдайы өсім болып саналады. Егер балалардың саны олардан артық болса кеңейтілген ұдайы өсім, кем болса - тарылған ұдайы өсім болады. Жай ұдайы өсім - бұл соңғы шек, онан әрі халықтың саны қысқарып, ол халық (ұлт) біртіндеп жойыла бастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz