Неке - отбасы қатынастарының құқықтық табиғаты


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Неке - отбасы қатынастарының құқықтық табиғаты

1. 1. Неке-отбасы қатынастарының түсінігі, элементтері . . . 5

1. 2. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері . . . 21

ІІ. «Неке және отбасы туралы» заңы бойынша неке шарты.

2. 1. Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарын құқықтық реттеу . . . 25

2. 2. Неке шарты бойынша ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары . . . 31

ІІІ. Неке және отбасы құқығы бойынша отбасы мүшелерінің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау.

3. 1. Ата-аналардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттері . . . 34

3. 2. Ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелерінің кейбір мәселелері. . 43

3. 3. Некені жарамсыз деп тануға негіз болатын жағдайлар . . . 54

Қорытынды . . . 64

Қолданылған әдебиеттер . . . 60

К І Р І С П Е

Ата Заңымыз Конституцияның 1 бабында көрсетілгендей . . . «мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. » Біздің дінімізде адамды Алла тағала жаратқан тіршілік иелерінің ішіндегі ең қасиеттісі деп санайды. Сондықтан оның жанын, ақылын, ар-намысын, ұрпағын, мал-мүлкін қорғау туралы заңдарды Құран жолымен қалыптастырып бекіткен. Соның ішіндегі баса назар аударатыны - ұрпақ қамы, нәрестенің таза жолмен дуниеге келуі, жаны, тәні, дені сау болып, алаңсыз, мұңсыз өсуі үшін ақ некемен үйленуді бұйырған.

Отбасы қоғамнан оны қоршаған ортадан алшақтанып өмір сүрмейді. Отбасылық орталықты заңды және жеке тұлғалармен байланыстыру тұғырына жетпеген мәселелерді шешуге негіз болады. Олардың арасындағы қатынаста тек заң ғана емес, мораль да әрекет етеді. Бұл міндеттерді шешу тек қана құқықтық нормаларды қолданумен байланысты емес, сонымен қатар оларды білу және басқа да біліктіліктің орын алуы.

Отбасы - бұл әр түрлі байланыстармен біріктірілген ұжым. Олардың кейбіреуі сезіммен байланысса, ал келесілері адамгершілік немесе материалдық, кейде іскерлік тәртіпте байланысады. Қоғамдық бағалылық жүйесінде отбасының алатын орны ерекше. Отбасы құқықтық нормалармен көрсетілген өзара құқықтар мен міндеттердің бастамасын құрайтын адамдар тобы.

Отбасының беріктілігі, отбасына бекітіліп берілген міндеттерді орындау қабілеті қоғамның дұрыс дамуына да септігін тигізері сөзсіз. Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы заңының 1-бабында, отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдауын басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.

Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар және адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да осында.

Сонымен бірге жеке қатынастардың айырмашылығы жөнінде сөз қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірдей құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О. С. Иоффе атап көрсеткендей, жеке отбасы қатынастарына жататын заңды тұрғыда нормалаудың объективтік мүмкіндіктері белгілі бір дәрежеде шектеулі болады да, сырттай бақылаудың ырқынан шығып кетеді.

Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипаты да неке-отбасы қатынастарының ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу, бала асырап алушы мен асырап алушының арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынастарында өзара сенім болмаған жағдайда немесе оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды неке және отбасы туралы заң нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады.

Бұл жұмыстың өзектілігі отбасы құқығы, отбасының беріктілігі еліміздің дамуына, көркеюіне септігін тигізеді. Сонымен қатар отбасының құқықтық негізде бектілуі, қоғамдағы белгілі бір мүдделерді қорғап, оның жүзеге асырылуына маңызды әсер етеді.

Жұмысты орындау барысында неке және отбасы қатынастарын реттеуші заңдарға шолу жасалып, осы саладағы арнайы әдебиеттер қолданылды.

Дипломдық бітіру жұмысының мақсаты, Қазақстан Республикасының Неке және отбасы заңдары бойынша неке қатынастары қалай реттеледі және некеге тұру тәртібі қалай болады, осыларды ашып көрсету болатын, Өйткені неке қатынастарына әрбір азамат заңгер болсын болмасын, өмірде барлық азаматтардың неке қатынастарын айналып өте алмайды. Сондықтан әрбір азамат өзінің некелік қатынастары қандай жағдайда заңды болатынын білу керек және некені заңды негізді түрде сақтай білу керек деп ойлаймын.

Сондықтан осы бітіру жұмысымда некеге отыру тәртібі және отбасы ұғымы, қағидалары, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде неке шарты бойынша құқықтары мен міндеттерін қарастырдым.

Сонымен қатар, неке қандай жағдайда жарамсыз болады, қандай жағдайда некені заң бойынша тоқтатуға болатынын неке және отбасы заңының баптарына сүйене отырып, жан-жақты түсінік беруге тырыстым.

Дипломдық жұмыс үлкен үш тараудан тұрады. Әр тарау тармақша бөлімдерге бөлінген. Соңында қорытындыланып, қолданылған әдебиеттермен бітеді.

І. Неке - отбасы қатынастарының құқықтық табиғаты

1. 1. Неке-отбасы қатынастарының түсінігі, элементтері

Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ;

Неке-отбасы қатынастарының маңызы мен ерекшелігін анықтау үшін, алдымен неке және отбасы ұғымдарын талқылау қажет.

Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.

Отбасы құқық қатынастары отбасы құқықтық нормаларының реттейтін қоғамдық қатынастарына әсер ету негізінде пайда болады. Отбасы құқық қатынастарының пайда болуы аталған қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың қабылдануы; құқықтық нормаларда қарастырылған құқықтар мен міндеттерді алып жүре алатындай мүмкіндік беретіндей субъектілерге құқық қабілеттілікті анықтау; аталған құқақ қатынастарының пайда болуын байланыстыратын заңды айғақтардың болуы арқылы ерекшеленеді.

Жоғарыда аталып кеткен ерекшеліктерді отбасы қатынастарының алғышарттары деп қарастырамыз, яғни, қалыптық алғышарт, құқық субъектілік алғышарт заңды - нақты алғышарт.

Отбасы қатынастары барлық құқықтық қатынастар секілді үш элементтен тұрады: субъект, объект және мазмұны. Субъектілер отбасы мүшелері және олардың құқық қабілеттілігімен әрекет қабілеттілігі арқылы төменіректе қарастырылады. Объект мәселесі құқықтық қатынас субъектілерінің әрекетінің бағыты. Мазмұны - отбасы мүшелерінің немесе отбасы - неке қатынастарына қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері.

Отбасы және неке заңдары құқық және әрекет қабілеттілікке анықтама бермейді. Бұл ұғымдарды саралау отбасы құқында құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік түсініктерін пайдалануға мүмкіндік еберді. Әрекет және құқық қабілеттілік Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде қарастырылған.

Құқық қабілеттілік дегеніміз - азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті. Құқық қабілеттілік барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Азаматтық құқық қабілеттілікгі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.

Ал, әрекет қабілеттілік - азаматтың өз әректтерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі.

Әрекет қабілеттілік кәмелетке толғанда (18 жас) толық көлемде болады.

18-ге дейін некелесуге рұқсат етілген жағдайда, 18-ге толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлемде әрекет қабілеттілігіне ие болады.

Азаматтық әрекет қабілеттіліктің өзгері отбасы қатынастарына тікелей әсер етеді. Азаматтық әрекет қабілеттілікті шектеу немесе одан айыру отбасылық құқық қабілеттің шектелуіне немесе әрекет қабілеттіліктен айырылуға әкеліп соқтырады. Аталған құқықтық құбылыстардың байланыстылығы отбасы және әрекет қабілеттіліктің бір ұғым екендігінің дәлелі.

Бұл мәселе бойынша заң әдебиеттерінде әр түрлі көзқарастар бар. Я. Р. Веберс: азаматтық және отбасы құқындағы әрекет және қабілеттілікті зерттеуге байланысты жазылған арнайы монографиясында, отбасы құқығына сәйкес келетін азаматтық-құқықтақ категорияны механикалық ауысу процесін қолдануға болмайды. Бірақ, автор бұл ұғымдар бір-біріне жақындығы сонша, оларды бірге қарастыру керек, яғни бір зерттеу еңбектерінде.

Я. Р. Веберс отбасылық құқық қабілеттілікті “отбасы және неке заңдарымен көрсетілген мүліктік құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болуды және отбасылық-құқықтық актілерді заңға сәйкес жасау қабілеттілігі” деп анықтайды.

Бұл берілген анықтама сәтсіздеу берілген анықтама. Құқық қабілеттілік мазмұнына “актілер жасау” қабілеттілігін кіргізуге болмайды.

Біріншіден, егер өз әрекеттерімен жасау қабілеті туралы сөз қозғалса, бұл құқық-қабілеттілік емес, әрекет-қабілеттілік элементі. Егерде абстрактілік мүмкіндік туралы болса, онда неге тек акт туралы сөз қозғалып отыр?

Юридикалық әрекеттер жасау құқық қабілеттілікке кірмей ме. “Заңға сәйкес сөзі де артық, себебі ешкім заңның талаптарына сәйкес келмейтін құқықтар мен міндеттерге ие бола алмайды. Отбасы құқында субъектілер неке және отбасы заңдарында көрсетілген құқықтармен міндеттерге ие болуы даулы мәселе. Азаматтық құқықта құқықтар мен міндеттерге заңда көрсетілген немесе көрсетілмеген реттуге ие болған құқықтар мен міндеттер заңға қайшы болмаса болғаны.

Отбасы заңдары отбасылық құқықтар мен міндеттердің тізімін бермейді, сондықтан “заңмен тікелей тиым салынбағанның бәріне рұқсат” қағидасына сәйкес отбасы құқықында да заңда тікелей көрсетілмеген құқықтарға ие болуға болады.

Қорытындысында - бұл мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілеттілігі деген анықтамаға тоқталамыз. Нәтижесінде азаматтық-құқықтық анықтама қалады.

Сонымен, отбасылық құқыққабілеттілік азаматтық секілді және жеке мүліктік емес құқықтар міндеттерге ие болу қабілеттілігі. Отбасылық құқыққабілеттілік азаматтық қарым-қатынас секілді туған кезде пайда болады және белгілі бір жолға жеткен кезден оның шеңбері ұлғаяды. Құқыққабілеттілік мазмұнына пайда болған субъективтік құқықтар мен міндеттер кірмейді.

Отбасы құқында көптеген құқықтық мүмкіндіктер, атап айтқанда, некеге тұру, бала ғып асырап алу, қамқоршы және қорғаншы болып тағайындалу қабілеттіліктері белгілі бір жасқа толғанға дейін субъектінің өзі арқылы да, заңды өкілдерінің әрекеттері арқылы да жүзеге асырылмайды.

Бұл элементтер отбасы құқыққабілеттілік құрамында туған кезден бола ма не белгілі бір жасқа толғаннан кейін бола ма деген сұрақ туындайды.

Рясенцев В. А. туған кезден бастап пайда болады деп қарастырады.

Басқа тұлғалардың көмегі арқылы құқықты жүзге асырудың мүмкінсіздік мәселесі тек отбасы құқығының мәселелсі емес, азаматтық құқықтың да мәселелсі. Азаматтық құқықта кейде техникалық заңды өкілдерінің көмегі арқылы жүзеге асырылмайтын әрекеттер де кездеседі. Мысалы, әрекет қабілетсіз, өзі де, өкіл арқылы да өсеит қалдыра алмайды, тапсырма шартында сенім алушы бола алмайды т. б. Барлық жағдайда да, егерде қатынас жеке басымен тығыз байланыста болса, әрекет қабілеттілігі болмаса, орны толтырылуы мүмкін емес отбасы құқында құқық қабілетті шектеуге бағытталған актілерді жасауға жалпы заңдық тыйым салу жоқ.

Тек, неке шартының мазмұнына әрекет қабілеттілік тек құқыққа қабілеттілікті шектейтін жағдайлар енгізілмейді деп көрсетілген.

Я. Р. Веберс азаматтық категориядағы әрекет қабілеттілікті отбасына қолдануға болмайды, себебі азаматтық әрекет қабілеттілік мазмұны мен құрылымы мүліктік сипатта, мүліктік мәмілелерді жасауға, деликтілік міндеттемелердің пайда болуына байланысты құқықтар мен міндеттерді туғызады.

Бірақ азаматтық құқықта да, отбасы құқында да мүліктік және жеке мүліктік құқықтар пайда болуы үшін және жүзеге асырылуы үшін әрекет қабілеттілік керек.

Отбасы құқында әрекет қабілеттіліктің болуы әр кезде қажетті емес отбасы қатынастарына қатысу үшін. Мысалы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста бір тарап әрекет қабілетсіз болуы мүмкін.

Толық әрекет қабілеттілік 18 жастан пайда болады. Заң неке жасын екі жылға төмендеткен жағдайда, некеге тұрған кезден бастап толық әрекет қабілеттілікке ие болады.

Кейбір мемлекеттерде эмонсипация нормалары қолданылады. Мұндай мемлекеттерде, мысалы Францияда кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның некеге тұруы эмонсипация ретінде бағаланады.

Азаматтық құқық шеңберінде, ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттеріне жауап бере алмайтын не басқа алмау әрекет қабілетсіздікке әкеледі. Және ол отбасылық әрекет қабілетсіздікті жоғалтуға әкеліп соқырады .

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табылады. .

Отбасы - қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді, қорғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекетте белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуінен және сондай-ақ қоғамның мүдделерінен туындайды. Сондықтан отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау қажет.

Отбасы құқығы бойынша неке-бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.

Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілеріндегі жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке - отбасы заңдарының негіздерінің бірі болып табылады. Бұл мән-жайдың ерекше маңызы бар. Ерлі- зайыптылардың заңдық құқы мен міндеттері неке АХАЖ - да тіркелгенен кейін ғана ерлі - зайыптыларды қорғау туралы міндеттеме алады, оларды ерлі-зайыптылар ретінде таниды, сондай - ақ бұл отбасыға қамқорлық көрсетеді. 1

Ар-намыс бостандығы жағдайында адамдар діни рәсімдерді, әдет-ғұрыптарды сақтай отырып, діни мекемелерде некеге тұра алады. Қазақстан Республикасының Заңы мұндай некеге тыйым салмайды. Бірақ мұндай некенің заңды күші бар деп есептелмейді. Бұл, тараптар арасында егесулер туа қалған жағдайларда олардың некелік құқықтарының мемлекетік органдарда танылмайтығын білдіреді. Қазіргі күндері діни некені көп жұрт түсінбей жүр. Көбінде жас жұбайлар мемлекеттік неке сарайында некелерін қидырады да, осымен іс бітті деп Алла алдындағы некелерін қидыруды ұмытып кетеді. Дамыған шет елдерде некенің қиылар ең маңызды орны-мешіт, шіркеу секілді ғибадат орындары болады. Бізде жастар түгілі үлкен кісілердің өздері де бәлкім дінді түсінбегендіктен болар, діни некеге мән бермейді.

Мемлекеттік орында неке қидырып, неке куәлік, құжат алуы екі жасқа міндетті. Бұл күнделікті қоғамдағы өмір үшін азаматтық құқықтарын қорғайтын заңды құжат ретінде қажет. Ал Исламда, шариғат бойынша неке-екі дүниенің куәсі болып табылады. Екі жастың біріне бірі Алла алдында серт беріп, бір-біріне адалдықтары бекітіледі2.

Соңғы кездері некені түсініп, бұрын некелерін мемлекеттік органдарда қидырған ерлі-зайыптылар арада неше жыл уақыт өтсе де Алла алдындағы адал некелерін куәландыру үшін мешітке келіп, некелерін қидырып жатады. Негізінде некені Исламның қасиетті орны болған мешітке қидырған үлкен сауапты да пайдалы болады. Мұның мәнісі - жастардың Алланың алдында дінімізге, өзінің болашақ өмірлеріне, имандылыққа және тағы басқа ізгіліктерге көзқарасы нығаяды. Ал некені мешітке қидыруға мүмкіндік жоқ жерде үйлерінде қидыруға болады. Аллаға шүкір, мешітке неке қидыруға келіп жатқан жаңа қосылған жас жұбайлар да аз емес, жылдан жылға бұл көріністің молая берері айқын.

Исламда екі жастың көңіл жарастырып, ақ некемен қосылуына, шаңырақ көтеруіне Адам өмірінің бір маңызды бөлігі ретінде қарастырып, үлкен мән беріледі. Пайғамбарымыз Мұхаммед с. ғ. с өзінің заманында үйлену тойларына барып, қатысқаны тарихтан жақсы мәлім. Пайғамбарымыз үйлену шараларына ең болмаса бір қой шалыңыз. Деген ұлағатты хадисін еске алсақ, оның үйленіп той жасауға улкен мән беріп, қолдағаны айқын сезіледі.

Жоғарыдағыларды негізге ала отырып, отбасы - қоғамның ең басты ұясы болғандықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайтынын, қолда бар мүмкіндігіне қарай көмектесетінін, кім-кімнің болса да заңсыз араласуына тыйым сала отырып, қорғайтынын, ол үшін некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі талаптар қоя отырып, тек сол талаптар орындалған жағдайда ғана мемлекет неке отбасына қамқорлық жасау туралы өзіне міндеттеме қабылдайтынын білдік. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуінен және т. б. сондай-ақ қоғамның өнегелі отбасы-игілік негізі мүдделерінен туындайды. Сондықтан отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау керек. Бұл шарттар Исламда шариғат заңы бойынша неке қию шарттары деп аталады.

Некеге отырғандардың ақыл есі дұрыс, балиғат жасына жетуі. Қазақстан Республикасының заңы бойынша некеге отыру жасы ерлер мен әйелдер үшін - 18 жас болып белгіленген. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. 3

Неке жасын кеміту туралы өтінішті тұрмысқа шығатын қыздың өзі жазу керек. Мұндай өтінішті ата-аналары, қамқоршылары да жаза алады, бірақ олар үшін қыздың өзінің келісімі керек.

Некеге тұру жасын қысқарту туралы мәселені жергілікті әкімшілік шешеді. Әдетте толық қабілеттілік 18 жастан басталады, яғни құқықтық қатынасқа өз еркімен тұру және өз әрекетіне өзі жауап беру болады. Алайда некеге 17 жастан тұру рұқсат етілсе, отбасылық қатынаста толық қабілеттілік некеге 18 жасқа дейін тұрумен басталады. Бұл, атап айтқанда, ерлі-зайыптылардың бала тәрбиесіндегі, мүлікті пайдаланудағы, отбасылық өмірдегі басқа да мәселелерді шешудегі құқықтары мен міндеттерінің теңдігін білдіреді.

Шариғат бойынша да заңымыз бойынша да екі жастың өз еркімен келісуі. Сөз жоқ, неке әйел адам мен ер адамның екі жақты өзара келісімімен қиылады. Тек мәжбүрлеусіз неке ғана заңды деп есептеледі. Егер кімде кім әйелді некеге отыруға мәжбүрлесе, онда мұндай әрекет қылмыс деп есептеледі. Мәжбүрлеу әр түрлі, ұрып соғу, денеге жарақат салу, бостандығынан айыру, қорқыту, бопсалау және тағы басқа нысанда көрінуі мүмкін.

Халықтың, қоғамның бүгіні мен болашағы отбасы тағдырымен, олардың игіліктерімен тығыз байланысты. Сондықтан заң некеге отырған адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше талап қояды. Заң бойынша некеге отыратын адамдар медициналық тексеруден өтуге тиісті. Олар медициналық - генетикалық және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консултация беру мен тексеруді мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелері және некеге тұратын адамдардың екеуінін келісімімен ғана жүргізіледі.

Некеге тұратын адамдардың тексерудің нәтижелері медициналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеру өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша неке шарты
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық ортақтасқан және жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Отбасы және неке ұғымдарының анықтамасы
Отбасы құқығы түсінігі
Неке және отбасы. Некені тоқтату
Некені тоқтану мәселелері
Неке - отбасы қатынастарын құқықтық реттеу
Неке шартының түсінігі және маңызды шарттары
Алиметтік міндеттемелерді құқықтық реттеу
Отбасылық құқықтың жалпы мінездемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz