Пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ

Кішібаева Д. Ж. - п. ғ. к., доцент; Божбанбаева З. Ж. - аға оқытушы;

Оспанов С. - магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)

Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін, олардың жекелеген сапаларын дамыту қажет деп білеміз. Оның ішінде: зердесін, эмоция мен сезімдерін, өзіне деген сенімділігін, өзін жақсы көруді, дүниеге көзқарасын, дербестігін, ынтасын дамыту. Педагог-психологтардың (оның ішінде Л. С. Выготскийдің) еңбектеріне талдау жасаудың негізінде ақыл-ойдың дамуының екі жолын атап көрсетуге болады. Оның біріншісі, қол жеткен даму - онда оқушы тапсырманы өз күшімен орындайды. Екіншісі, ең жақын даму аймағы - педагог тапсырманы күрделендіріп, мәселені шешуге бағыттайды. Бұл жолдың екеуінің де өзіндік орны ерекшеліктері бар. Біріншісі, оқушының талпынысынан, ұмтылысынан, ішкі мотивінен туындаса, екіншісі, сыртқы мотив арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың мынадай жолдары белгілі: әңгімелесу, топ серуенге шығу, тәжірибелік жұмыстар, техникалық құралдарды пайдалану, танымдық есептер құрастыру және оны шешу, сөз жұмбақтар, ребустар, метограммаларды құрастыру және шешу, практикалық жұмыстар жүргізу. Бастауыш сыныпта пәнаралық байланыстағы мақал-мәтелдерді оқушының шығармашылығын дамытатындай етіп пайдаланудың төмендегідей жолы бар:

- тақырып мазмұнына сай мақал-мәтел айтқызу;

- оны өз сөзімен, ойымен дәлелдету;

- көрініске қарап мақал-мәтел айту;

- табиғатқа сай мақал-мәтел құрастыру;

- суреттерге қарап мақал-мәтел айту.

Осының нәтижесінде оқушының сөз саралауы, ізденімпаздығы, тапқырлығы, нақты ой болжауы - тіл байлығы артады

Зерттеу жұмысы барысында пәнаралық байланыс оқу материалдары негізінде түзілетін (немесе түзетін) білімдер мен іскерліктерді, педагогикалық-ғылыми зерттеу материалдары (В. А. Бухвалов, А. Т. Рыбкин және т. б. ) және оқу бағдарламалары негізінде айқындалды (оқу пәні бағдарлама 1-4 сыныптар үшін) .

Мысалы, 1-сыныпта оқушылардың меңгеру тиіс пәнаралық оқу іскерліктері (немесе оны жалпы оқу іскерліктері деп те қарастырады)

- сабақ тақырыбын және кітаптағы тапсырма нөмірін таңдау;

- минутына 40 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;

- минутына 4-5 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;

- ережелер көмегімен терминді есте сақтау;

- мәтіндегі сұрақтарға жауап табу;

- ауызша және жазбаша мәтінді біргелікте өзгерту және толық-тыру;

- дене, зат және моделді салыстыру және классификациялау;

- табиғи денені және құбылысты бақылау;

- шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін біргелікте қолдану;

- ұйымдасқан және үнемді жұмысты ұйымдастыру;

- өзінің жұмысына бақылауды орнату;

- сабақтың жоспары бойынша өзінің іс-әрекеті нәтижесін талдау.

Ал енді 2-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу іскерліктері

- минутына 60-70 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;

- минутына 6-8 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;

- терминдер мен мәтіндерді ережелер көмегімен есте сақтау;

- мәтіндегі бастыны бөліп алу;

- ауызша және жазбаша мәтінді біргелікте өзгерту және толықтыру, құрастыру;

- дене, зат және моделді салыстыру және классификациялау;

- табиғи денені және құбылысты бақылау;

- тапсырманы орындау үшін ережені таңдау;

- шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін біргелікте қолдану;

- денелер, материалдар мен суреттердің композициясын құрастыру;

- жұмыстағы пайдаланған әр түрлі материалдардың қасиеттерін есепке алу;

- әр түрлі құралдарды тапсырма мазмұнына сәйкес пайдалану;

- критерилер бойынша өзінің іс-әрекеті нәтижесін бағалау.

Сондықтан 3-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу іскерліктері мыналардан тұрады:

- минутына 70-80 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;

- минутына 10-12 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;

- терминдер мен мәтіндерді ережелер көмегімен есте сақтау;

- мәтіндегі бастыны өзбетінше бөліп көрсету және оны схема, кесте, конспекті түрінде әзірлеу;

- ауызша және жазбаша мәтіндерді өзбетінше өзгерту, толықтыру және құрастыру;

- құбылыстар мен оқиғалар үшін себеп-салдарлық байланыстарды анықтау;

- тапсырманы орындау үшін ережені біргелікте әрекет ету;

- жұмысты ұйымдастыру дағдыларын жүзеге асыру;

- шығармашылық тапсырманы орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін өзбетінше қолдану;

- зерделеуі қажет сабақ тақырыптары сұрақтарын құрастыру.

Соңында 4-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу іскерліктері:

- минутына 90-100 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;

- минутына 13-15 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;

- ережелер көмегімен терминді және мәтінді есте сақтау;

- мәтіндегі бастыны өзбетінше бөліп көрсету және оны схема, кесте, конспекті түрінде әзірлеу;

- ауызша және жазбаша мәтіндерді өзбетінше өзгерту, толықтыру және құрастыру;

- заңдылықтарды, дәлелдемелерді, жалғанға шығаруларды анық-тау;

- тапсырманы орындау үшін ереже алгоритмін біргелікте құрастыру;

- шығармашылық тапсырманы орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін өзбетінше қолдану;

- өзбетінше жұмысты орындау, олардың нәтижелерін талдау және бағалау.

Жоғарыда берілген пәнаралық оқу іскерліктері - қазіргі уақытта жас мұғалімдер үшін оқу-тәрбие процесінің нәтижесінде ескеретін іс-әрекеттер.

Оқу іскерліктері, біріншіден, оқыту мазмұнын құраушы элементтің бірі болып табылады; екіншіден, оқушының шығармашылық іс-әрекетінің негізі ретінде қарастырылады.

Сондықтан да оқыту процесін ұйымдастыруда басшылыққа алатын құжаттардағы, бағдарламалық материалдардағы қарастырылған іскерліктерді талап етілген деңгейде меңгермеу кейінгі оқу жылында оқушылардың үлгермеушлігіне негіз болады. Ал, пәнаралық байланыс тұрғысынан оқу іскерліктерін меңгермеу оқушының шығармашыл тұлға болып қалыптасуына кері әсерін тигізеді деп білеміз.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін оқу материалдарының дамытушы құрылымы айқындалуы тиіс. Оқу материалдарының дамытушы құрылымы - бұл ұғымдар арасындағы өзара байланысты міндетті бөлумен қарапайымнан күрделіге ретті мазмұндалуы. Сабақта жаңа оқу материалдарын оқып-үйренуде оқушылар ғылыми немесе мәдени зерттеу үрдісінде ертеректе зерделенген ұғымдар қалай жаңа білімдер мен таным әдістері шығарылғанын көретіндей етіп тұрғызу қажет. Кез келген жүйенің даму үрдісі - бұл оның пайдалы функциясының артуы. Ғылыми білімдердің дамуы - бұл теория мен әдістердің функциональдық тиімділігінің жоғарылау үрдісі. Үрдістер диалектика заңдылықтары негізінде жүзеге асырылады:

Сондай-ақ мұғалім оқушылардың пәнаралық байланыс оқу іскерліктерінің даму деңгейін анықтаумен, оқушыларда қажетті дамымаған пәнаралық іскерліктерді дамыту үшін сабақ конспектілерінде педагогикалық тапсырмалар көлемін реттеуі тиіс.

Пәнаралық байланыстың атқаратын функцияларын анықтау жөнінде көптеген зерттеулерді айтуға болады. Мәселен, О. Мұсабеков пәнаралық байланыстың функцияларын оқыту процесіне ықпалы бойынша айқындайды:

1 Ойын дамытуға ықпал етеді;

2 Берік білім алуға көмектеседі;

3 Оқыту үрдісін жеделдетеді;

4 Дербестігін және танымдық белсенділігін дамытуға ықпал етеді;

5 Мұғалім жұмысының әдістемесін жақсартады.

Зерттеуші мұғалімдердің пәнаралық байланысты пайдалану мақсаттарын айқындаған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Пәнаралық байланыстардың функциялары
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының ең басты мәселелерінің бірі
Пәнаралық байланыстың оқушы құзыреттілігін арттырудағы рөлі
Бастауыш сынып жастағы оқушыларды оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру мәселелері
Қазақ тілін оқытуда пәнаралық байланыстың орны
Пәнаралық байланыс функциялары
Пәнаралық байланыс ұғымы
Биология сабағында пәнаралық байланыс
Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz