Қол сүйектері. Аяқ сүйектері



Жоспар:
1. Қол. аяқ сүйектеріне жалпы шолу.
2. Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын сүйектері.
3. Аяқ сүйектері, құрылысы, ерекшеліктері.
Қол және аяқ қаңқасы сүйектері сырттай ұқсас көрінгенімен атқаратын қызметіне қарай, пішіні және мөлшері жағынан айырмашылықтары болады. Қолдың сүйектері аяқ сүйектеріне қарағанда жіңішке, әрі жеңіл және бір-бірімен өте қимылдағыш буындар арқылы байланысқан болып келеді. Себебі қол эволюция барысында нағыз еңбек құралына айналған. Ал аяқ сүйектері – дененің тірегі, соған орай аяқ сүйектері салмақтырақ, жуан және буындары орнықты болады.
Қолдың қаңқасы атқаратын қызметіне қарай иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын қаңқасы болып екіге бөлінеді. Ал, аяқ қаңқасы жамбас белдеуі және аяқтың еркін қозғалатын сүйектері болып олда екі бөлімнен тұрады.
Иық белдеуіне екі бұғана және екі жауырын сүйектері жатады. Бұғана немесе көтеге сүйек дене мен ішкі төстік және сыртқы торшалық ұштан тұрады.
Бұл сүйектің үсті тегіс, ал астыңғы жағы бұлшық еттер мен сіңірлер бекінетін болғандықтан бұдырлы болып келеді. Сүйектің пішіні S әріпі сияқты иілген болады. Бұғана иық белдеуін көтеріп қолдың еркін қимылдауына жағдай жасайды.
Жауырын кеуденің сыртын ала ІІ-ІІІ қабыртқалар тұсында орналасқан жалпақ үш бұрышты жұп сүйек. Қабыртқаның беті ойыстау, арқа беті дөңестеу келеді.
Жауырынның ортаңғы, артқы, үстіңгі төстері, төменгі –жоғарғы, сыртқы қалың бұрыштары болады. Сыртқы бұрышында бұрыш ойығы орналасады. Ол ойық жауырынның мойны арқылы жауырынның басқа бөліктеріне бөлініп тұрады. Жауырынның үстіңгі жағы мен жауырын мойны мен ойығы арасында құс тұмсық өсінді болады.
Арқалық бетінде өте жақсы дамыған жауырын қыры бар. Ол жауырынды жауырын жотасының астыңғы және үстіңгі шұңқырларына бөледі. Жауырын қырының қалыңдау ұшы торша өсінді немесе акромион деп аталады.
Қолдың еркін қозғалатын қаңқасына тоқпан жілік, шыбық және шынтақ сүйектері, қолбасы сүйектері жатады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қол сүйектері. Аяқ сүйектері.
Жоспар:
1. Қол- аяқ сүйектеріне жалпы шолу.
2. Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын сүйектері.
3. Аяқ сүйектері, құрылысы, ерекшеліктері.
Қол және аяқ қаңқасы сүйектері сырттай ұқсас көрінгенімен атқаратын қызметіне қарай, пішіні және мөлшері жағынан айырмашылықтары болады. Қолдың сүйектері аяқ сүйектеріне қарағанда жіңішке, әрі жеңіл және бір-бірімен өте қимылдағыш буындар арқылы байланысқан болып келеді. Себебі қол эволюция барысында нағыз еңбек құралына айналған. Ал аяқ сүйектері - дененің тірегі, соған орай аяқ сүйектері салмақтырақ, жуан және буындары орнықты болады.
Қолдың қаңқасы атқаратын қызметіне қарай иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын қаңқасы болып екіге бөлінеді. Ал, аяқ қаңқасы жамбас белдеуі және аяқтың еркін қозғалатын сүйектері болып олда екі бөлімнен тұрады.
Иық белдеуіне екі бұғана және екі жауырын сүйектері жатады. Бұғана немесе көтеге сүйек дене мен ішкі төстік және сыртқы торшалық ұштан тұрады.
Бұл сүйектің үсті тегіс, ал астыңғы жағы бұлшық еттер мен сіңірлер бекінетін болғандықтан бұдырлы болып келеді. Сүйектің пішіні S әріпі сияқты иілген болады. Бұғана иық белдеуін көтеріп қолдың еркін қимылдауына жағдай жасайды.
Жауырын кеуденің сыртын ала ІІ-ІІІ қабыртқалар тұсында орналасқан жалпақ үш бұрышты жұп сүйек. Қабыртқаның беті ойыстау, арқа беті дөңестеу келеді.
Жауырынның ортаңғы, артқы, үстіңгі төстері, төменгі - жоғарғы, сыртқы қалың бұрыштары болады. Сыртқы бұрышында бұрыш ойығы орналасады. Ол ойық жауырынның мойны арқылы жауырынның басқа бөліктеріне бөлініп тұрады. Жауырынның үстіңгі жағы мен жауырын мойны мен ойығы арасында құс тұмсық өсінді болады.
Арқалық бетінде өте жақсы дамыған жауырын қыры бар. Ол жауырынды жауырын жотасының астыңғы және үстіңгі шұңқырларына бөледі. Жауырын қырының қалыңдау ұшы торша өсінді немесе акромион деп аталады.
Қолдың еркін қозғалатын қаңқасына тоқпан жілік, шыбық және шынтақ сүйектері, қолбасы сүйектері жатады.
Қары бөлігі. Тоқпан жілік - іші қуыс, ұзын жілік сүйегі жіліктің ортаңғы бөлігі денесі немесе диафиз, проксимальды және дистальды бастары болады. Жіліктің жоғарғы бөлігі жұмыр, төменгі бөлігі үш қырлы. Проксимальды эпифизі торша шар тәрізді жұмыр. Оны жіліктің басы деп атайды. Жіліктің басындағы үлкен және кіші төмпешіктердің алдыңғы жағында анатомиялық мойны болады. Бұл төмпешіктердің әрқайсысынан төмен қарай үлкенқыр және кішкене қыр созылып шығады. Екі төмпешіктердің ортасына төмпешік аралық теріге орналасады. Сүйектің эпифизінен диафизіне өтетін жіңішкелеу жері хирургиялық мойны деп аталады.
Тоқпан жіліктің төменгі ұшы жалпайыңқырап имектеу келген айдаршаға айналады. Оның ортасында шынтақ сүйегі шығыр тәрізді буын беті болады. Оның үстінде тән ойығы, ал артында үлкен шынтақ ойығы орналасады.
Шар тәрізді буын беттің үстінде шыбық ойығы жатады. Сонымен бірге дистальды басында ортаңғы және сыртқы айдаршаүсті төмпешіктері болады.
Білек сүйектеріне шынтақ пен шыбық сүйектері жатады. Шыбық сүйектің жоғарғы басы цилиндр тәрізді. Ол тоқпан жіліктің буын бетімен буын ойығы арқылы беттескен. Шеңбер тәрізді буын беті шынтақ сүйегімен буындасады.
Бастан сәл төмен жілік мойны болады. Төменгі ұшы жалпақ шынтақ сүйекпен буындасатын ойығы, ал сырт жағында біз тәрізді өсіндісі болады.
Шынтақ сүйектің басында жарты ай секілді үлкен шығыр ойығы болады. Ол тоқпан жіліктің шығыр тәрізді буын бетімен буындасады. Ойықтың жоғарғы жағы шынтақ өсіндісі, ал төменгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы
Тірек-қимыл жүйесі,жас ерекшелігі туралы ақпарат
Бас сүйек қаңқасы
Баланың аяқ киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар жайлы мәлімет
Көкірек қуысының сүйектері
Қанқа сүйектерінің жастық ерекшеліктері
Тірек - қимыл жүйесінің дамуы
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Үлкен асықты жілік жоғарғы ұшы жуан төменгі ұшы бар жіңішке түтікті сүйек
Тірек-қимыл жүйесінің анатомиясы, физиологиясы мен гигиенасы. Жас ерекшеліктері
Пәндер