Діннің пайда болуы туралы конценциялар


- ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1 тақырып
Кіріспе
- Дін
- Діннің пайдалары
- Діннің пайда болуы туралы теориялар
4. Дінтану ғылымы
- Дін түрлері (Діндердің классификациялануы)
1. Дін
Адам өмірге келгенде оны әке-шешесі, жақындары немесе өмір сүрген ортасы міндетті түрде бір сенім бойынша тәрбиелейді, өcіреді. Ол да өзінен кейінгі Ұрпақтарын сол сенім бойынша тәрбиелеп, осылай дін Ұрпақтан-Ұрпаққа жалғасады. Тарих бойында дін ауыстыратын қоғамдар да, адамдар да кездеседі, бірақ адам баласы діннен мүлдем қол үзіп кетпейді.
Адамзаттың өткен тарихына көз жіберсек, дінсіз, ғибадатханасыз (храм) не халық, не қауым, тіпті қоғам болмаған. Сондықтан ежелгі адамдардың дінсіз өмір сүрмегенін, өмірлерін бір сенім бойынша жалғастырғанын білеміз.
Қазіргі кездегі әлем халықтары түрлі діндерді ұстанады және діндерінің сенімдері, алға қойған мақсаттары әртүрлі. Осыған орай әлем діндерінде бір жүйелі сенім болмағандықтан, жалпылама дінге "адамның бір нәрсені қасиетті күш деп сенуі" деп анықтама беруге болады. Демек, дін дегеніміз - сенім. Себебі діндердегі ғҰрыптар, рәсімдер, әмірлер мен тыйымдар осы сенімге бейімделеді.
Дін мәдениет, философия, психология, социология т. б. ғылымдармен тығыз байланысты. Тіпті ғылымдардың барлығы діннен шыққан десек те артық етпес. ¤йткені ежелгі дәуірлерде ғылым салалары адамзатқа беймәлім болғанда адамдар бір наныммен өмір сүрді. Ал бҰл дін болып табылады. Виктор Кузин "барлық нәрсе діннен шыққан" деп осы пікірімізді қуаттайды.
Дiн - “жаза”, “сый”, “үкiм”, “есеп”, “бас ию”, “ғибадат”, “заң” және “жол” т. б. мағыналарға сәйкес келетiн араб тiлiнен енген сөз. Ал дiн ұғымына келер болсақ бүгiнгi күнге дейiн адам баласы бір тоқтамға келмеген. ¤йткені жер бетіндегі түрлі сенімдегі дін иелерінің (теолог) өз дініндегі сеніміне байланысты немесе діннің түрлі ғылымдармен тығыз байланысты болғандығынан түрлі ғылым иелері түрліше анықтама беріп келеді және дін жайлы анықтамалардың саны да өте көп.
Негізінде түрлі сенімдегі жер бетіндегі діндерге ортақ анықтама жасау үшін діннің қарастыратын аумағын анықтап алу керек. Оған тарих, философия, діндер тарихы сияқты ғылым салаларының тигізер пайдасы орасан зор. Сонымен қатар діни өмірдің күнделікті тҰрмыстағы рөлі де дінге нақты анықтама жасауға көмектеседі. Діни өмірдің негізі адам түсінігінде түрлі сипатта кездесетін қҰдай сеніміне сүйенеді. Яғни, адамның бір дін бойынша өмір сүруі, оның қорқынышы мен дәрменсіздігінен немесе сенім арту мен сүйіспеншілігінен табиғат заңдылығынан тыс, шексіз қҰдірет иесі болған абсалютке, яғни қҰдайға байлануынан туындайды. Ал қҰдайға байлану - адамның рухани дүниесі мен жаратушысына бет бҰруына, жаратушысына шексіз мойын Ұсынуына және оған мән беруіне байланысты.
Дегенмен бүгінгі заманымыздағы батыстық дін зерттеушілерінің көпшілігі жеке адамды, оның діни дүниетанымын, діни сезімін, дiни әрекетiн немесе қоғамдағы діннің рөлін негізге ала отырып, діндерге былай анықтамалар берген:
Дін - қасиеттінің тәжірибесі. (Рудольф Отто)
Діннің негізі шексіз сенім арту сезімінен тҰрады. (Шлейермахер)
Ал мҰсылман оқымыстылары дінге ҚҰран Кәрім мен ислам сенім негіздеріне сүйене отырып көптеген анықтамалар жасаған. Солардан мысал ретінде Сайд Шәриф Жүржанидің: " Дін ақыл иелерінің пайғамбарлардың баяндаған ақиқаттарын қабылдауға шақыратын илаһи заң ", - деген анықтамасы мен Имам Ғазалидің: "Дін - Аллаһ пен адам арасындағы байланыс " - деген танымын айтуға болады.
Бүкіл діндерде бар ортақ элементтер: табиғат заңдылығынан тыс, адам қҰдіреті жетпейтін бір күшке сену (қҰдай, періште, жын, т. б. ), қасиетті мен қасиеті жоқты ажырата білу (ғибадат, рәсім-ырымдар), қағазға түсірілген немесе ауызша тараған мәтіндер (қасиетті кітаптар, ахлақи (моральдық) қағидалар), сезімдер (қорқу, сенім арту, т. б. ), адамзаттан тыс дүниемен байланыс жасау (уаһи, пайғамбар, дҰға, жалбарыну, т. б. ) өмір мен о дүние сенімі, Ұйым қҰру (бауырластық, тариқат, т. б. ) .
2. Діннің пайдалары
Адам "дене " (тән) мен "рух" (жан) деген екі жаратылыстың бірігуінен тҰрады. Егер адам денесіне керек қажеттіліктермен (тағам, сусын, киім-кешек, ауа) қамтамасыз етпесе, дененің өмір сүруі тоқтайды. Сондықтан әрбір адам денесін денеге қажет нәрселермен қамтамасыз ету керек екендігін біледі.
Ал дін - рух, көңіл азығы. Сондықтан бір адамның толық бір бүтін адам болуы үшін дін керек. Егер адам діннің азамзатқа қажеті жоқ деп түсінсе, өзі де ешбір дінді Ұстанбаса, ол адам жарым жан адам іспетті рухани дүниесі кедей, азғындаған адам болып табылады және ол адамнан түрлі қылмыстар мен күнәлі істер күтуге болады. Ал дін болса, адамның кез келген қылмысқа баруына тосқауыл болады, рухына моральдық азық болады.
Дін дегеніміз - сенім. Осы сенім бойынша өмір сүретін адам ауыр қылмыстар мен күнәлі істерге бармайды. ¤йткені дүние жүзіндегі діндердің қайсы бірін алып қарасақ, оның ешбірі жеке адамға, қоғамға зиян беретін жолдарға баруға тыйым салады. Тіпті дін - адамның көңіліндегі, жүрегіндегі көңiл, жүрек кiрлерiнен тазалаудың негізгі қҰралы.
Дін адам психикасындағы үрей, қорқыныш, қайғы, үмітсіздік сияқты кейде адамның басына келетін қиыншылық жағдайда көмек береді. Яғни, адам осындай қиын жағдайларда өз сеніміндегі қҰдіретті қҰбылысқа жалбарынып, көңілін орнына түсіреді, руханият дүниесі тыныштық табады.
Сонымен бірге дін қоғамның тәртіпті, бақытты болуын қамтамасыз етеді. ¤йткені дінге шын сенген адам жаманшылыққа бармайтыны сияқты, дін мықты қалыптасқан қоғамда да қылмыстар мен күнәлі істер кездесе бермейді және ол қоғамның болашағынан үлкен үміт күтуге болады. Ал дін мен рухани байлығы әлсіреген қоғамдардың Ұзақ өмір сүруі өте сирек. ¤йткені ол қоғамда діннің әлсіреуі адамдардың азғындауына, бір-біріне деген мейірімсіздігіне, олардың түрлі қылмыстар мен күнәлі істерге баруына жол ашады және қоғамды дінсіз, қоғамдық тәртіп қҰралдарымен жөнге келтіру өте қиын. Ал дін адамның жүрегінде орын тепкендіктен, дін арқылы қоғамдағы адамдарды тәртіпке келтіру соншалықты қиыншылық туғызбайды және жоғарыда баяндағанымыздай, дүниедегі діндердің ешбірі адамдардың жаман жолдарға баруына жол бермейді. ¤йткені қоғамдық тәртіп қҰралдары адамның сыртқы көрінісіне назар аударса, дін адамның сыртқы көрінісіне, әрі ішкі дүниесіне де көңіл бөледі.
Сол діндердің бірі ислам діні адамның ақылын, Ұрпағын, намысын, дінін және мүлкін қорғауға бағытталған. Ислам діні бойынша адамға немесе қоғамға пайдалы нәрселер «халал» немесе «парыз», ал керісінше зиянды нәрселерге тыйым (харам) салынған.
3. Діннің пайда болуы туралы конценциялар
Ислам сенімі бойынша діннің қҰрушысы - Аллаһ. Алғашқы адам адамзаттың атасы, әрі алғашқы пайғамбар - Хазіреті1 Адам. Оған білдірілген дін - бір Аллаһқа мойын Ұсынатын тәухид (бір Аллаһ сеніміне негізделген) діні. Аллаһтың барлығы, бірлігі, заты мен сипаттары тҰрғысынан оның кемелдігі мен пайғамбарлық, ахирет сенімі тәрізді негізгі итиқади (сенім) шарттары бүкіл илаһи (қҰдайдан келген) діндерде өзгермейтін принциптер ретінде орын алады. Осыған байланысты ислам сенімі бойынша Хазіреті Адамнан Хазіреті МҰхаммедке дейінгі бүкіл пайғамбарлардың уағыздаған хақ (шын) діндердің ортақ аты - ислам. Бірақ, тарих бойындағы заманның түрлі ағымынан адамдар хақ діннен алыстап, өз ақыл-ойларынан жаңа бір сенім қалыптастыра бастаған. Аллаһ та оларға Адам пайғамбардан қалған негізгі сенімге сендіру немесе жаңа бір шариғат түсіру үшін пайғамбарлар жіберіп отырған.
Дегенмен батыстық дін зерттеушілері ХүІ ғасырдан бастап алғашқы қауымдық қҰрылыстың өмірі мен діндеріне назар аудара бастады. Ал ХүІІІ ғасырдан бастап діннің пайда болуы турасында жоғарыда баяндалған қасиетті кітаптардағы мәліметтерден тыс археологиялық, антропологиялық және палеонтологиялық зерттеулердегі қол жеткізген мәліметтердің нәтижесінде біршама теориялар пайда болған. ХІХ ғасырдың орталарында О. Конт пен Л. Бачнер негізін қалаған позитивистік-материалистік тҰжырыммен қатар, Ч. Дарвиннің 1859 жылы жарыққа шыққан «табиғи сҰрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы» атты еңбегіндегі «адамның тегі маймыл тектес» деген көзқарасы, діннің пайда болуы жайындағы қасиетті кітаптардағы “адамды қҰдай жаратты” деген пікірге қарсы жаңа ой туғызды.
Э. Б. Тайлор 1861 жылы «алғашқы мәдениет» атты еңбегінде дін анимизмнен (рухқа табыну) шыққан деген пікірді жақтады. Оның көзқарасы бойынша алғашқы адамдар әрбір дененің рухы болғанына сенген. Алғашқы қауымдағы адамдар арасында өлген адамның рухы - түс, елес сияқты жағдайларда адамның көзіне көрініп, адамның жаны өлгеннен кейін де араларында жүре береді деген сенімді туғызған. Осының нәтижесінде рухтар тірі адамды қорғап-қолдайды деген сенім қалыптасып, ата-баба рухына табыну культіне, яғни “анимизм” сенімінің тууына жол ашқан. Кейінгі замандарда осы рухтар адам түсінігінде жаңбыр, от, бҰлақ жел т. б. табиғат күштерін басқаратын қҰдайларға айналып, политеистік (көп қҰдайшылдық) сенім пайда болған. БҰл да қоғамдағы адам сенімі дамуының нәтижесінде бір қҰдай сенімінің (монотеистік) тууына жол ашқан, - дейді.
Х. Спенсер де алғашқы адамдар ата рухтарына табынды деген көзқарасты қолдаса, Ж. Фрэзер дінді сиқырдан шыққан деген пікірді ортаға тастады. Фрэзердің пікірі бойынша алғашқы адамдар сиқыр арқылы басқа нәрселерді өз пайдасына асыруға тырысып, осының нәтижесінде дін пайда болған.
Тотемшілдік теорияның белсенді қорғаушысы В. Р. Смиттің көзқарасы бойынша алғашқы қауымдағы тайпалар өздерін белгілі бір жануар не өсімдікпен туыс санаған (тотем) және тотемдеріне қҰрмет ретінде туындаған табыну немесе қҰрбан шалу сияқты діни рәсімдер осы түсініктен пайда болған.
Діннің пайда болуын тотемизмге негіздеушілердің көрнекті өкілдерінің бірі З. Фрейд «Тотем және табу» атты кітабында дінге тотемизм тҰрғысынан психоаналитикалық түсінік беруге тырысты.
Социолог Э. Дюркгеймнің «Діни өмірдің қарапайым формалары (1912ж. ) » атты кітабындағы діннің пайда болуы жайлы көзқарасына қарағанда діннің негізі - бір нәрсені қасиетті санау, бҰл да қоғамдық ортаға байланысты. Қасиеттілік - қоғамдағы адамдардың қасиетті санағанында жатыр. БҰл пікір қазіргі кездегі қоғамдағы діни өмірдің рөліне байланысты дін социологтарының көпшілігі қолдайтын көзқарас болып табылады.
М. Мюллердің пікірі бойынша дін адамның табиғат қҰбылыстарынан қорқуынан шыққан. БҰл көзқарас «натуризм» деп аталады. Натуризм - адамның қоршаған ортаға табынуы немесе табиғат қҰбылыстарын қҰдай ретінде санауы деген сөз. Осы көзқарасты қолдаған М. Мюллер индуизмнің қасиетті кітаптары Ведаларды дәлел ретінде келтіреді. Ведалардағы қҰдай есімдері «агни» - от, «диаус» - аспан табиғат қҰбылыстарының аттарына Ұқсас келеді. Демек, М. Мюллердің пікірі бойынша алғашқы қауымдық қҰрылыста адамдар табиғат қҰбылыстарынан қорыққан, сосын оған табына бастаған.
Діннің пайда болуы жайында жоғарыда баяндалған көзқарастарға қарсы алғашқы қауымдық монотеизм (прамонотеизм) теориясы да бар. БҰл теорияға қарағанда адамзаттың ең ескі діні - тек тәңіршілік сенімге негiзделген дін.
Тайлордың анимизм теориясына алғаш қарсы шыққан шәкірті - А. Ланг оңтүстік-шығыс Австралияның алғашқы қауымдары діндері жайындағы соңғы мәліметтерге сүйеніп, оларда ешқандай анимизм сенімі кездеспейтіндігін, керісінше бір қҰдай сенімі екендiгiн дәлел ретінде келтіреді.
4. Дінтану ғылымы
Қазіргі кездегі ғылымдар өздерінің зерттеу объектісіне байланысты бөлінеді. Дінтану ғылымы да діндер дарихы, дін феноменологиясы, дін социологиясы, дін психологиясы сияқты ғылым салаларын қамти, жеке бір ғылым саласы ретінде қалыптасқан. Кейбір ғылым иелері бҰған дін философиясын да қосады, тіпті дін этнологиясын да дінтану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады.
Дінтану ғылымы ХүІІ ғасырдан бастап Англия, Франция және Алманияда діндерді ғылыми тҰрғыдан зерттеудің нәтижесінде жеке бір ғылым ретінде қалыптасты. Әсіресе, ХІХ ғасырда діннің мәнін рационалды түрде түсіндірудің нәтижесінде дінтану ғылымы ерекше даму жолына түсті.
Діндердің принциптерін, олардың пайда болуы мен дамуын, дҰға оқу, қҰрбандық шалу, қҰдай түсінігі, ғибадат, діни рәсімдер сияқты діннің қҰрылысын, діннің қоғамдағы рөлін, маңызын, жеке адамның психикасына әсерін, діннің дәстүрмен, мәдениетпен байланысын т. б. зерттеу - дінтану ғылымының үлесінде.
Дінтану ғылымы жоғарыдағы мәліметтерді зерттегенде психология, социология, мифология, этнология немесе этнография, археология, өнер тарихы, фольклор, философия, мәдениеттану, филология, лингвистика ғылымдарымен тығыз байланысты.
Дін - жеке адамның әрекетімен, қоғаммен, мәдениетпен т. б. байланысты ауқымды бір қҰбылыс. Сондықтан оны ғылыми тҰрғыдан зерттейтін дінтану ғылымы өз ішінен бірнеше ғылым салаларына бөлінеді:
Діндер тарихы . Тарих және филология ғылымдарының зерттеу әдісі арқылы діндердің пайда болуы мен дамуындағы сенім, ғибадат, ахлақ т. б. негіздерін қамти тарихи тҰрғыдан зерттейтін дінтану ғылымының бір саласы - діндер тарихы. Сондай-ақ діндер тарихы діндер арасындағы байланыстарды, олардың Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып зерттейді.
¤лі немесе күнімізде өмір сүріп жатқан діндердің тарихи дамуын, атақты тҰлғаларын, принциптерін, ғибадаттарын, ахлақтарын және рәсімдерін, ағымдарын, діни топтарын зерттеу - діндер тарихының негізгі тақырыбы болып табылады. Ал мақсаты - діннің пайда болу себептерін, тарихтағы немесе қоғамдағы орны мен пішімін объективті түрде түсіндіру. БҰл ғылым саласы дін социологиясы, дін психологиясы, дін феноменологиясы сияқты ғылым салаларымен тығыз байланысты.
Дін психологиясы. Дін психологиясы - психология және дінтану ғылымдарына қатысты болғанымен, өзіне қатысты зерттеу алаңы, тақырыптары, мақсаты бар жеке ғылым саласы.
Дін психологиясының қарастыратын мәселесі - адам рухындағы түрлі себептермен пайда болған діни өмір мен діни әрекеттер болғандықтан, діни сенімдер, діннің адам әрекеттеріне әсері, күдік осы ғылым саласының зерттеу алаңына кіреді.
Дін философиясы. Дін философиясы дінді философиялық тҰрғыдан қарастырады. Зерттегенде ешбір діни сенім мен идеяға сүйенбей, бәрінен ақылды жоғары қояды. БҰл салада қҰдай сеніміне ақыл арқылы тҰжырым жасап, қҰдайдың барлығына байланысты дәлелдерді сынайды немесе қабылдайды. Оларға ақыл арқылы анықтама береді.
Дін социологиясы. Дін социологиясы дін мен қоғам қатынастарын, діни топтарды, қоғамдағы діннің рөлін зерттейді. БҰл ғылым саласы діннің мемлекетке, Ұлтқа, жанҰяға байланысты жақтарын, діни тақырыпта ортаға шыққан әлеуметтік мәселелерді қарастырады.
Дін феноменологиясы . Дін феноменологиясы өзіне керекті мәселелерді діндер тарихынан алады. Бірақ бҰл ғылым саласы дінді тарихи тҰрғыдан емес, жүйелі қарастырады. Діндегі дҰға оқу, қҰрбандық шалу, қҰдай түсінігі, діндердің дүниетанымы, о дүние, қҰлшылық қағидалары, діни символдар сияқты діннің негізгі көрінісін дін феноменологиясы зерттейді.
Дін этнологиясы. Дін этнологиясы - діни культті, әдет-ғҰрыпты және салт-дәстүрлерді, қоғамның діни, мәдени элементтерін зерттейтін сала.
5. Дін түрлері (Діндердің классификациялануы)
Қазіргі кездегі дін зерттеушілері, этнолог-теологтар, социолог және дін тарихшылары әлемдегі діндерді географиялық аймағын, діндердің халықтар арасына таралу барысын және діндердің сенімі мен қҰрылысын негізге ала отырып көптеген сыныптарға бөлген. Мәселен, дін социологы Ж. Ваш діндерді қҰрушысы бар (буддизм, жайнизм, конфуцианизм т. б. ) және дәстүрге негізделген (индуизм, синтоизм, тәңiршiлдiк) діндер деп бөлсе, А. Шиммель алғашқы қауымдық (тайпалық) діндер (га, маори, аину, инка), Ұлттық діндер (иудаизм\яһудилік, индуизм, жайнизм, конфуцианизм т. б. ) және әлемдік діндер (буддизм, христиан және ислам) деп бөледі. Сонымен қатар діндерді сеніміне байланысты политеистік (көп тәңіршілдік: синтоизм, ежелгі грек, ежелгі рим діндері), монотеистік (бір тәңіршілдік: ислам, яһудилік (иудаизм) ) деп бөлгенімізбен, бҰл барлық діндерді қамти алмайды. ¤йткені әлемде қҰдай сенімі кездеспейтін діндер (буддизм, жайнизм) де бар.
Тағы да діндерді халықтың этникалық орналасуына байланысты былай сыныптауға болады:
- Орта Шығыс немесе Семит діндері: яһудилік (иудаизм), христиан және ислам;
- үнді діндері: индуизм, буддизм, жайнизм, сикхизм;
- Қытай-жапон діндері: конфуцианизм, даосизм, синтоизм.
Ал мҰсылман ғалымдары ҚҰран негізі бойынша діндерді илаһи немесе хақ (Аллаһтан келген: яһуди, христиан және ислам) және адамдық немесе бос (адамдардың өздері шығарған: буддизм, индуизм, конфуцианизм т. б. ) діндер деп екі топқа бөлген. Ал илаһи діндердің өзін негізі бҰзылған (яһуди, христиан) және негізі бҰзылмаған (ислам) деп екіге бөледі.
2 тақырып
Ислам дінінiң пайда болуы және Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. )
- Арабстанның дiни және әлеуметтiк жағдайы
- Ислам діні
- Хазірет МҰхаммед пайғамбардың өмірі
- Ахмет Ясауидің Диуани Хикметтегі хазіреті Мұхаммед жайлы толғауы
1. Арабстанның дiни және әлеуметтiк жағдайы
Жаңа эраның үІ ғасырында әлем өркениеті қҰлдыраған және қҰл иеленуші қоғамның гүлденіп тҰрған дәуірі болатын. үстемтап өкілдерінің әлсіздерді қанау, оларды қҰлдыққа түсіріп, адам хҰқығының аяққа тапталу кезеңін бүкіл әлем басынан кешіріп жатқан-ды.
Ал Арабстан түбегіне келсек, саяси, географиялық және сауда-саттық жөнiнен маңызы зор едi. Арабтар шөл далада тайпа-тайпаға бөлінетiн, бір-бірімен дау-жанжалды, қанды соғыстарды басынан кешіріп жатқан болатын. Наным-сенiм мәселесiнде анархия белең алып надан арабтар адамның ақылына сыймайтын небiр сенiмерге нанған.
Халықтың бiр бөлiгi ештеңеге сенбейтiн, тек осы өмiрдiң қызығын тамашалап қалуды көксейтiн. Ал келесi бiр бөлiгi Аллаһқа, бiр жаратушының бар екендiгiне сенетiн, бiрақ адамдар арасынан пайғамбар шығатынына иланбайтын. Пайғамбар тек перiштелерден ғана шығуы мүмкiн, - дескен. Ендi бiреулерi пұттарға табынатын. Халықтың ең көп бөлiгiн құрайтындар да осылар болды.
Арабстанның қараңғылық дәуiрiнде саяси тәртiп, қоғамдық бiрлiк мүлдем жоқ едi. Халықтың басым көпшiлiгi көшпендi тұрмыс кешкен. Ру-руға бөлiнiп, әр ру өзiне тән тәртiбiн, дәстүрiн ұстанған.
Аталмыш қоғамда адамгершiлiк атауы жойылған, нәпсiқұмарлық шегiне жеткен және құмар2, зинақорлық3, маскүнемдiк, зұлымдық өтiрiк-өсек кең етек алған болатын.
Әлi жеткен әлсiзге әлiмжеттiк жасап, ұрып соғатын, ойына келгенiн орындататын. Адамдар мал тәрiздi базарда сатылатын.
Шөл далада мекен еткен арабтардың көбiсi қыз бала дүниеге келсе сұмдық санайтын. Әйелi босанған сәтте нәресте қыз болса, ешкiмге тiс жарып айтпастан, көрсетпестен тiрiдей көмiп тастайтын.
Ислам дiнi таралмастан бұрын Арабстанда шешендiк өнерi шырқау шегiне жеттi. Бұл мәселеде дүниежүзiнде оларға тең келер халық та жоқ-тын. Шайыр, өлең дегенде надан араб iшкен асын жерге қоятын. Шайырлар керемет құрметке бөленетiн.
Сол заманда Араб түбегінде Мекке, Тайф, Ясриб сияқты қалалар орналасқан. Мекке қаласы Еуропаны, Азияны және Африканы байланыстыратын керуен жолының қақ ортасында орналасқан үлкен сауда қаласы еді. Онда арабтың ҚҰрайш деген тайпасы өмір сүрді. ҚҰрайштар: Умаййа, Нәуфәл, Зуһра, Тайм, Адий, Махзум, Әсәд, Жумх, Сахм, Хашим деген тармақтарға бөлінеді.
Меккеде хазіреті Ибраһим мен хазіреті Исмайл пайғамбардың тҰрғызған Қағба орналасқан. Жәһилие (надандық) дәуірінде арабтар осыған қажыға келетін. Бірақ арабтар қағбаны бҰттарға толтырып, оларға да табынатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz