Халықтардың ұлы қоныс аударуы


Халықтардың ұлы қоныс аударуы
«Жоғарыда зеңгір көк, төменде қара жер жаралғанда, олардың екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласына менің ата-бабаларым үстемдік құрған дүниенің төрт бұрышы оларға дүшпан болған. Әскер құрып, жорыққа аттанып, олар дүниенің төрт бұрышын түгел бағындырған. Олар кемеңгер де ержүрек қағандар болған. Олардың қызметіндегілер де білгір, ержүрек болса, балалары да халықпен ынтымақты болған. Олар мемлекетті ұзақ басқарып тұрғандығы да содан».
Дана Тоныкөктің ескерткішінен. 716 жыл.
Көшпелілердің негізгі мекені солтүстікте Сібірдің қалың ормандарынан оңтүстікте биік тау жоталарына дейін, шығысында Хинган тау шоқыларынан батысында Орал тауы, Жайық, Сырдарья өзенімен шектеседі. Бұл әрине ылғи да осылай болмаған. Көшпелілер иелігінің Солтүстік батысы Дунайдан да ары асып, Оңтүстік батыста Амударья өзенінен әрі өтіп, мемлекет құрған кездері, оңтүстікте қазіргі Қытай жерлеріне дейін қоныстанған кездері болған. Ал, негізгі шекара Орал, Жайық, Сырдарья шегі мыңдаған жылдар бойы көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің басты шекарасы болып, осы шекараның шығыс беті Ұлы Дала деп аталды.
Ұлы Даланың негізгі иесі түріктер десек, түрік әлемінің алтын бесігі атанған Алтайды жан-жақты зерттеген академик А. П. Окладников бастаған ғалымдар Алтай тұрғындары жасап, пайдаланған тас құралдардың жасын екі жүз мың жыл деп анықтапты. Осы екі жүз мың жыл ішінде Ұлы Дала перзенттері ақыл-ой, қабілеті дамуымен қатар, сан жағынан да өсіп-өніп, көбейе беріпті.
Өздерін ақсүйек санайтын Еуропа елдері - Ари әулетіне жататын француз, неміс, италияндықтарда әлі жазу-сызу болмай тұрғанда, орыс, славяндықтар әлі де қауымдық дәуірде өмір сүріп жатқанда, Ұлы Далада түркілердің жазуы, жоғары мәдениеті болғаны дәлелденген шындық. Ал, түркілердің төл жазуы қашан пайда болғаны әлі анықталған жоқ. Шумерлер мен хаттардың, маялықтардың өркениетін есепке алсақ, түркі халықтарының өркениетінің басы б. д. д. мыңдаған жылдарға кетеді.
Көшпенділер алғашқы болып металл өңдеуді, темір қорытуды игерді.
Көшпенділердің қолынан шыққан теңдесі жоқ асыл бұйымдар кейіннен «скифтердің аң стилі» деген ерекше атауға ие болып, әлем халықтарын таңдандырумен келді.
Олардың байлығы, сән-салтанаты ұстанған бұйымдары мен киген киімдерінен де көрінетін. Орта ғасырлардағы ата-бабаларымыздың ұлттық киімдері мен басқа отырықшы халық өкілдерінің ұлттық киімдерін салыстырып көрсеңіз, кімнің қалай өмір сүргенін көресіз.
«Геродот пен Фукидиттің замандасы Лесбостан шыққан Гелланик «Скифтер» атты еңбегінде «Темірді ойлап тапқан скифтер» деп көрсетеді. Алғашқылардың бірі боп скифтердің дәстүрі мен тұрмыс-салтын үлгі тұтып, мадақтаған да осы адам» - деп көрсетеді Б. Н. Греков. Грек тарихшысы Геродот өзінің атақты «Тарихында» былай дейді: «Сонымен өмірге қажеттінің бәрі скифтерде бар», «Барлық халықтардың ішінде тек скифтер ғана қажетті өнерге ие. Олар еліне шабуыл жасаған бірде-бір жауды тірі жібермейді, егер, өздері мүмкіндік бермесе, оларды ешкім де қуып жете алмайды. Скифтердің не қалалары, не бекіністері жоқ қой, өздерінің үйлерін өздерімен алып жүреді. Барлығы атты садақшылар, жер жыртумен емес, мал шаруашылығымен айналысады, олардың үйі киіз».
Атақты грек географы Страбон өзінің География атты еңбегінде: «Қымыздан ішімдік жасайтын скифтер әділетті» «Шынында да, біз скифтерді ең ақкөніл, айлакерліктен неғұрлым алыстау, сонымен қатар, неғұрлым үнемшіл және бізге қарағанда, неғұрлым тәуелсіз деп есептейміз».
Страбон «скифтердің бірбеткейлігі туралы үнділерде, вавилондықтарда, парсылардың хабарламалары мен египеттердің ертегі, нақылдарында жеткілікті айтылған», деп көрсетеді.
Ұлы Дала перзенттерінен гректердің арасында болған екі-ақ адам туралы тарихта мәлімет бар. Олардың біріншісі - Тоқсары.
Тоқсары шамамен б. д. д. VІІ ғасырдың басында дүниеден өткен. Тоқсары Грек еліне келгенде, жасы отыздар шамасында болатын.
«Тоқсары Скифияға қайтып оралмаған, ол Афинада қайтыс болды, кейіннен ұлттық қаһарман ретінде танылды. Элладалықтар оған жат елден келген Балгер-әулие ретінде жыл сайын құрбандық шалады». Лукиян, «Скиф және қонақ».
Лукиянның «Тоқсары мен достық» атты еңбегінде «Біз жақсы адамдарға арнап құрбандық шаламыз. Солардың құрметіне орай ас беріп, той жасаймыз. Себебі, өлі разы болмай, тірі жарымайды. Әрине, мәселе тек оларда ғана емес, біз өлген адамдарға құрмет ете отырып, тірілерге олардың жақсылықтарын уағыздаймыз. Сондықтан да, тірі жүргендердің көпшілігі соларға ұқсап, артына жақсы сөз, өшпейтін із қалдырғысы келеді» - дейді Тоқсары Әулие.
Тарихтан бізге жеткен, эллада еліне екінші болып аяқ басқан көшпенділер өкілі-Анақарыс данышпан. Анақарыс шамамен б. д. д 620-555 жылдары өмір сүрген. «Анақарыс - аңызға айналған скиф, өзінің Грецияға жасаған саяхаты кезінде даналығымен даңққа бөленді және Солонның ықпалымен өмірін философия ғылымына арнады», - дейді Платон. «Ол скифтер мен эллиндықтардың дәстүрін, өмірді жеңілдетудің жолдары туралы жазды және әскери айла-тәсіл жөнінде сегіз жүз өлең шығарды. Ерекше шешендігімен көзге түсті, «скифтік сөйлеу мәнері», - деген мәтел оның осы қасиетіне байланысты қалыптасқан», Д. Лаэртский. Гередот пен Страбон «жеті ғұламаның бірі» деп мойындаған Анақарыс туралы Диоген «кеменің зәкірі мен дөңгелекті ойлап тапқан -Анақарыс» деп мойындаса, Страбон өзінің әйгілі «География» атты еңбегінде: «Эфор Анахарсисті данышпан деп атайды, ол өзінің шексіз адалдығымен, тазалығымен және ақылдылығымен жеті данышпанның бірі болды». Анахарсис ұста көрігін, екі табаны бар зәкірді және құмыра жасауға арналған дөңгелек жозыны ойлап тапқан дегенді айтады», - дейді. Бұлардан көрініп тұрғандай, сол кездері Еуропаның ең дамыған елі атанған гректерді көшпенділерден барған екі-ақ адамның өзі - бірі балгерлік ілімімен мойындатса, екіншісі шешендігімен, ақылымен таң қалдырыпты.
Гректер Анақарысты дөңгелекті, кеменің зәкірін, ұста көрігін және құмыра жасауға арналған дөңгелек жозыны ойлап тапқан дегенді айтады. Ал шын мәнісінде Анақарыс оларды ойлап тапқан жоқ. Бұл бүйымдарды Ұлы Дала ұлдары одан әлдеқашан бұрын ойлап тауып, пайдаланып жүрген, Анақарыс тек соларды гректерге үйретуші болды.
Анақарысты туған еліне қайтып оралғаннан кейін жақын бауыры патша Савлийдің атып өлтіргенін, гректер Анақарыстың ата-баба дәстүрін, дінін өзгерткеніне байланысты деп түсіндіреді. Ол да дұрыс шығар. Оған қоса, Анақарыс ғұламаның гректерге скиф елінің ғылым-білім, өнердегі жетістіктерін, әсіресе, скифтердің әскери айла-тәсілі жөніндегі құпияларын (сегіз жүз өлеңмен жазылған) нағашы жұртына (Анақарыстың шешесі грек қызы болған) үйретуін «сатқындық» деп бағалауы да мүмкін-ау деген ой келеді. Гректердің арасына келген екі- ақ скиф гректерді мұнша таң қалдырса, нағыз ортасы бұл кезде қандай деңгейде еді.
Гректер ұста көрігін енді көріп жатса, бұл кезде Алтайда болат қорытатын пештерді ойлап тауып, болатты күнделікті өмірде қолданып жатқан болатын. Қытай ғалымы Цзя-и-дың «Синь-шу» атты еңбегінде «ғұндардың әрбір үш адамының бірі сарбаз, тіпті, адамы да, ат-көлігі де «сауытты» деген дерек бар.
Хуань Куаньның «Темір мен тұз туралы ой» атты еңбегінде б. д. д. 81 жылы Қытай ханының ордасында Ғұн мен Қытай арасындағы сауда-саттық, темір, тұз сияқты шикі затты қалай тасымалдау жайы талас болғанын айтады.
Болат қару-жарақ, тұрмыстық заттар көшпелілерге басқа халықтар алдында көптеген артықшылықтар берді.
Болат ауыздық, даланың қайсар тағасы жылқыны қолға үйретуге түркіге мүмкіндік берсе, темір үзенгі түрік жауынгерлеріне ат үстінде ұршықша үйірілуіне мүмкіндік берді. Табиғаттың тұнығын кешіп өскен түркі жауынгерінің бұла күші, ақылы, өз заманында теңдесі жоқ болат қару-жарақ, астындағы желдей жүйрік тұлпар түрік әскерін өз заманында теңдесі жоқ күшке айналдырды.
Олардан қорғану үшін қытайлар сан мыңдаған адамның өмірін азапқа сала отырып, мыңдаған шақырымға созылған «Ұлы Қытай қорғанын» салды, ал шығыс Рим империясы Константинопольді айналдыра жаңа Феодосия қорғанын соқты.
Қоныс аударулардың қазіргі ғылымға белгілі басы бағзы замандарда Қиыр Шығыстағы Беринг жер мойнағын басып өтіп, кейін Америка материгі атанған құрлықты бағындырғаннан басталады екен. Профессор Әділ Ахметов «Азиядан Америкаға адам баласының қоныс аударуы дүркін-дүркін болғандығын, яғни бірінші рет 40-35 мың жыл бұрын, екінші рет 28-25 мың жыл бұрын және үшінші рет 14-10 мың жыл бұрын қоныстанғанын аңғаруға болады», - дейді.
Американың байырғы тұрғындарының түрік нәсілдес екенін олардың қайратты түзу қара шаштары, сақал-мұрттары мен денеге бітетін түктерінің біршама сирек болатындығынан, қоңырқай түстерінен, қоңыр көздерінен, шығыңқы жақ сүйектерінен және күрек тістерінен анық байқауға болады. Сосын Азияда да, Америкада да жергілікті халықтардың жас нәрестелерінің жамбастарында ғылымда «Монғол дағы» деп аталатын көкшіл дақ болады. Бұл дақ басқа халықтарда жоқ.
Осы Америкалық майя, кечуа, сиу секілді бірнеше тайпаның кезінде көне қыпшақ диалектісінде сөйлегенін ғалымдар дәлелдеп берді. Осы Түрік тектес Америкалық Үндістердің Еуропадан қоныс аударушылар барып, Американы жаулап алғанға дейін жасаған өркениеті таң қаларлық. Олар салған ғажайып құрылыстар мен майялықтардың математика, астрономия, астрология саласындағы жеткен жетістіктерін түсіну қазіргі заманның компьютерлерін пайдаланатын ғалымдарға да ауыр тиіп отыр.
«Еуропа орта ғасырларда қара түнек замандарды басынан кешіріп жатқанда, майялар адамзат өркениетінің керемет үлгісін жасап үлгеріпті». Джордж Стюарт Ұлы Дала перзенттерінің қоныс аударуларының екінші бөлігі б. з. д. VІ-V мыңжылдықта Солтүстіктің (Сібірдің) қалың ормандарының күнгей бетін жиектей өтіп, Азиядан Еуропаға қоныс аударыпты. Кейін угор, фин, лит, эст, венед, кельт, викинг деп аталған халықтар Скандинавия түбегі, Балтық бойы, Шығыс Еуропа елдері халықтарының негізін құруға қатысқаны, ал кельттердің б. д. д. І-мыңжылдықтың ортасында бүкіл Галлияны иемденіп, VІ-ІІІ-ғасырларда қазіргі Испания, Британия, Солтүстік Италия, Оңтүстік Германия, Чехия және Венгрияның бір бөлігіне қожалық жүргізгені тарихтан белгілі.
Шығыстан Батысқа, Жайық-Еділ арқылы Еуропаға қоныс аударуды түркі нәсілдес ғұндар жалғастырды.
Бір кезде мұқым Азияны дүр сілкіндірген ғұндар ақыры төртке бөлініп тынды.
1) Сәнбиліктерден ойсырай жеңілген ғұндардың бір бөлігі сәнбилерге бағынып, олармен араласып, нәтижесінде сәнбилердің тілі түріктеніп кетті.
2) Екінші топ Ұлы Қытай қорғанының екі жағында орналасып, Қытаймен араласқа түсті.
3) Неғұрлым қатты шапқыншылыққа ұшыраған тобы Тарбағатайға қоныс аударып, Жетісуді мекендеп, кейін өзінің ерлікке толы жорықтарымен бүкіл Азияны таң қалдырды.
4) Ғұндардың ең ержүрек жаугер тобы Қазақстанның кең даласын көктей өтіп, жаңа қоныс іздеп, Еділ мен Жайықтың арасына беттеді. Б. д. д 36 жылы Талас жерінде ғұндардың ең соңғы тәңір құты Шөже қайтыс болғаннан кейін ғұндардың Батыс тобы өздерінің жолындағы ауарларды жылы орнынан үдере көшірді. Қарсы алдындағы угрлар мен сарматтарды ығыстырып, болгарлармен келісіп, ақыры Еділ мен Жайықтың арасына сыналай кірді. Осы арада орнығып, күш жинаған ғұндар 200 жылдан соң, нағыз құдыретті күшке айналды.
Ғұндар туралы алғашқы дерек 160 жылы жазылған. Дионис Перигет «Ғұндар Каспий теңізінің айналасындағы скифтердің жерін қоныстанған, Арал теңізінің маңында көшіп жүреді», - деп жазады. Ал Птоломей (175-182 жылдар арасында) «Ғұндар - Қара теңіздің жағалауындағы бастарнамдер мен роксолондар арасында тұрады», - деп жазады.
Осы кезде ғұндар жергілікті халықтармен (әсіресе, угрлармен) араласқа түсті, угрларға кең тараған сармат мәдениетін қабылдады, сөйтіп болгарлар мен хазарлардың ата-бабасының тілі қалыптасты. Бұны чуваш тілінен де көруге болады. М. И. Артомонов, «Хазар тарихы».
ІV ғасырдың 70-жылдарында ғұндардың батысқа жорығы басталды. Бұл кезде Каспий жағалауы мен Дон өзенінің арасын аландар мекен ететін. Ал, Дон мен Дунайдың арасын, мұқым Украйна жерін готтар мекен етіп отырған. Олардың алғашқы құрбандығы Азау жағалауындағы аландар болды. Аландардың тек бір бөлігі ғана (осетиндердің ата-бабалары) Солтүстік Кавказ тауына тығылды. Баламер бастаған гүндердің алғашқы шабуылынан (371ж) соң-ақ готтар ыдырап, кейбіреулері гүндер жаққа өтті, біразы 376 ж. Шығыс Рим империясының шекарасына қарай босты. Готтар көршісі анттарды талқандады. Бірақ бір жылдан соң Баламер готтарды қайта талқандап, осыдан бастап готтар гүндердің қарамағына көшті, Аттила өлгенше гүндерге адал қызмет етті. Бұдан кейін гүндер Қара теңіздің жағалауы, Боспор патшалығының бай қалалары, Сирия мен Кападокияны, Кавказ тауының айналасын бағындырды.
Ғұндар шығыс Рим империясына жиі-жиі шабуылдап, барымталап тұратын. Олардан қорғану үшін 413 жылы Константинопольді айналдыра жаңа Феодосия қорғанын соқты, сөйтіп Дунайдағы бекінісін нығайтты. 430 жылы Византия ғұндарға алым-салық төлеуге мәжбүр болды және оның мөлшері жыл сайын өсе берді. Ақыры Рим императоры Паннония провинциясын халқымен қосып Руғилаға (ғұн патшасы) бодандыққа берді. Бұл кейін Хунгария-Венгрия мемлекетінің құрылуына негіз болды. Руғила 433 ж. қайтыс болды. 447 ж. Аттила бастаған ғұндар Византияға жаңа шабуыл жасады. Балқан түбегін талқандап, астанаға қатер төнді. 448 ж. келісім бойынша теңіз жағалауындағы Дакия түгелімен ғұндардың иелігіне көшті. Дунайдың орта ағысына қоныстанған ғұндар Орталық және Шығыс Еуропадағы ұлан-байтақ империя құрды. Ғұндар Римнің қос империясы бірдей есептесуге мәжбүр болған қуатты әскери саяси күшке айналды. Ғұндар мен Батыс Рим империясының арасындағы соғыс Херсонес қаласының жанында өтті. Аттила Рим әскерін тас-талқан етті.
Қалада жұқпалы індет бар дегенді естіген Аттила Римге кірмей қаланы айналып өтті. Амалы таусылған Римдіктер 448 ж. елші жіберіп, ғұндардан алым-салық төлеп құтылмақ болды. Әрі Еділге у беріп өлтіруді ойластырды. Бірақ бұл ойлары іске аспады. 451 ж. соғыс қайта тұтанды. Аттила бастаған ғұндар Рим империясының әскерін Каталуна жазығында талқанын шығарды. Тарихи ұлы шайқаста өлгендердің саны 165 мың адамға жетті. Ғұндар солтүстік Италияның бірнеше қалаларын тонап, талқандап кетеді. Бірақ та Апеннин түбегінен ғұндардың өзі кетті, себебі бұл кезде ол жерде аштық пен індет жайлай бастаған еді. Кей тарихшылар Еділге Рим епископы келіп, қалаға кірмеуін сұранды деген дерек келтіріледі. Осымен Рим империясы құлады. Қаншама халықтар еркіндік алды. Ғұн мемлекетінің “құдай патшасы” Еділ батыр 453ж таңсәріде әйелдің қолынан қаза тапты. Аңғал батыр ақыры аярлықтың құрбаны болды. Еділден кейін ғұн державасы екіге бөлінді. Шығысы Хазар хандығы, батысы Хунгария (Паннония мен Қара теңіз жағалауы) орталығы Рим қаласы болатын Уархан қағанаты деп аталатын екі мемлекет пайда болды. Уархан қағанаты ІX ғасырға дейін өмір сүрді. Кейін Византия империясын алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етті. Әсіресе, Баян ханның тұсында қайта дәуірледі.
Уархан қағанаты құрамындағы герман тайпалары Франк королі Ұлы Карлдің қол астына жасырын өтіп кетуге тырысты. Содан барып, 791 ж. Франк пен Уархан әскері кескілескен шайқасқа шықты. Ғұн қағанаты ойсырай жеңілді де, бірте- бірте тарих қатпарына сіңіп кетті. Хунгария (Венгрия), Түркия мемлекеті мен болғарлар, ауарлар, ғағауыздар ғана түркі тілін сақтап қалды. Олардың біразы батыс Түрік қағанаты мен Шыңғыс ханның тұсында солардың әскеріне қосылып, Еділ бойына қайтып оралды.
Ұлы Дала перзенттерінің қоныс аударуының үшінші бағыты оңтүстік батыс арқылы Азияға бағытталды.
Орман халықтары аталатын фин-угор тайпалары солтүстік бағытпен Еуропаға өтсе, дәл осы кезде оңтүстік бағытпен Батысқа қарай қозғалғандардың көшін бастап, атақты шумерлер Кіші Азияға енеді. Олар сол бетімен тарихқа танымал талай оқиғаның куәсі болған әйгілі екі өзен Евфрат пен Тигрдің арасына барып қоныс тебеді. Осылайша Шумерліктер кейін Алдыңғы Азия өркениетінің негізін қалайтын мемлекет құрды.
Түрік тектес халықтардың Кіші Азияға қоныстануы мұнымен аяқталған жоқ.
Грек, не Грекия деген атау атымен жоқ, б. д. д ІҮ-ІІІ мыңжылдықта Кіші Азия, яғни, қазіргі Түркия жері экономикасы мен мәдениеті шарықтап гүлденген өлке болды. Осы кезеңде бұл топырақта хатт атты халық жасады. Олар алтын, күміс, қола, мыс өндіруді өзгелерден көп бұрын игерді. Хаттар ежелгі заман иероглиф жазуын қолданып, кейін аккад жазуына көшеді. Патшалықтың астанасы Хаттустан табылған жазба құжаттар арасында хаттардың ежелгі мифтарының сақталуы айрықша маңызды болды. Олар прототүрік тілінің кавказдық бұтағы абхаздық тіліне өте жақын болып шықты.
Тарихы б. д. д ІV- ІІІ мыңжылдықтарға кететін алғашқы хаттар туралы археологиялық айғақтар аз болмағанымен, жазба деректер шектеулі.
Есесіне осы топырақта б. д. д XVІІІ-XVІ ғасырларда пайда болған алғашқы, XV ғасырға жататын ортаңғы, XV- XІІІ ғасырларды қамтитын соңғы хетт патшалықтарының тарихы біршама жақсы түзілген.
Олар құрған прототүрік мемлекеті “Хатти” деп аталады. Хаттар өздерінің өркендеген кездерінде Сирияны, Вавилонды (1595ж), Евфраттың оң жағалауы мен терістік Месопотамия хурриттерін тізе бүктіреді. Алайда, сыртқы жаулардың дамылсыз шабуылынан 1200 жылдар шамасында әлеуетті хатти ыдырау сатысына еніп, мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты.
Кейін гректеніп кеткен прототүріктік эолий тайпасының ұлы ақыны Гомер жырлаған “Илиада” эпосына негіз болған Троя кесапаты тап осы кезеңге тура келіп, Ұлы Хатт-хетт патшалығының жойылу салдарына сәуле түсірді.
1250 жылдары гректер қамал қала - Трояны жаулап алған. Шаһар қабырғалары құлап, өртке шалдыққан. Троя ерлері ерлікпен қаза тауып, әйелдері ахей мен данай гректеріне құл болып, Приам патшалығы күйрейді. Асылы бұл гректердің Кіші Азияға алғаш аяқ басуы. Бірақ жаңа өлке оларға баянды болмады. 1100 жылдар шамасында солтүстік батыстан баса-көктеп енген жабайы дорый тайпасы микен өркениетін тып-типыл етіп, гректерді 400 жылға кері шегеріп тастады. Жазу-сызуды ұмытқан қараңғы ғасыр басталды. Осы кезде Троя қаласы екінші рет өртеніп, 400 жылдай құлазыған елсіз мекенге айналды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz