Тіліктер



Пневмотаратушы
ТІЛІКТЕР
ҚИМАЛАР
Қималардың түрлері
Шығарылған элементтер
Аксонометриядағы тіліктер
Көрнекті, аксонометриялық көріністер
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Пневматаратушы ауаны жұмыс бөлшектерге таратады. Автомобильдің тежеу жүйесінде қолданыла алады.
Жұмыс принципі: I тесік арқылы ауа 0.008-0.01 Па қысыммен беріледі. Плунжерге(11) басқанда клапан(4) ашылады да ауа плунжердің шлицтері арқылы II тесікке өтеді. Плунжерді жіберген кезде клапан(4) жабылады да жұмыс зонасына (II тесік) ауа бармайды. Қолданылған ауа жұмыс зонасынан шлицтер мен плунжердегі қуыс арқылы III тесікке отеді де атмосфераға шығады.




ТІЛІКТЕР
Тілік – бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған нәрсенің кескіні. Тілікте қиюшы жазықтықта пайда болғанды және оның артында орналасқанды көрсетеді. (1-сурет).












1-сурет
Егер нәтижесінде нәрсе құрылымын түсіну қиынға түспесе қиюшы жазықтықтың артындағының бәрін кескіндемеуге де болады. Керек жағдайда қиюшы ретінде цилиндірлік бетті де қолдануға болады. Бет жазықтықпен беттескенше жазылады, ал тіліктің үстіңгі жағына - «жазылу» белгісі қойылады.
ҚИМАЛАР
Қима – нәрсені бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигураның кескіні. Қимада нәрсенің қиюшы жазықтыққа тиістісі ғана көрсетіледі.
Кескіндер (көріністер, тіліктер, қималар) саны неғұрлым аз, бірақ белгілеулерді, таңбаларды, жазуларды қолданғанда нәрсе жөнінде толық мағлұмат беретін болуы керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Нәби Ы. «Сызба геометрия және инженерлік графика». Алматы. «Мектеп» 2005 ж.
2. Левицкий В.С. «Машиностроительное черчение». Москва. «Высшая школа» 1988 г.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
СОДЕРЖАНИЕ

Пневмотаратушы
ТІЛІКТЕР
ҚИМАЛАР
Қималардың түрлері
Шығарылған элементтер
Аксонометриядағы тіліктер
Көрнекті, аксонометриялық көріністер
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Пневмотаратушы

Пневматаратушы ауаны жұмыс бөлшектерге таратады. Автомобильдің тежеу
жүйесінде қолданыла алады.
Жұмыс принципі: I тесік арқылы ауа 0.008-0.01 Па қысыммен беріледі.
Плунжерге(11) басқанда клапан(4) ашылады да ауа плунжердің шлицтері арқылы
II тесікке өтеді. Плунжерді жіберген кезде клапан(4) жабылады да жұмыс
зонасына (II тесік) ауа бармайды. Қолданылған ауа жұмыс зонасынан шлицтер
мен плунжердегі қуыс арқылы III тесікке отеді де атмосфераға шығады.

ТІЛІКТЕР

Тілік – бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған нәрсенің
кескіні. Тілікте қиюшы жазықтықта пайда болғанды және оның артында
орналасқанды көрсетеді. (1-сурет).

1-сурет
Егер нәтижесінде нәрсе құрылымын түсіну қиынға түспесе қиюшы
жазықтықтың артындағының бәрін кескіндемеуге де болады. Керек жағдайда
қиюшы ретінде цилиндірлік бетті де қолдануға болады. Бет жазықтықпен
беттескенше жазылады, ал тіліктің үстіңгі жағына - жазылу белгісі
қойылады.

ҚИМАЛАР

Қима – нәрсені бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан
фигураның кескіні. Қимада нәрсенің қиюшы жазықтыққа тиістісі ғана
көрсетіледі.
Кескіндер (көріністер, тіліктер, қималар) саны неғұрлым аз, бірақ
белгілеулерді, таңбаларды, жазуларды қолданғанда нәрсе жөнінде толық
мағлұмат беретін болуы керек.

Қосымша және жергілікті көріністер
Егер кейбір көрініс бас кескінмен (көрініспен немесе тілікпен)
проекциялық байланыссыз орналасса немесе одан басқа кескіндермен бөлініп
тұрса, онда проекциялау бағытын нұсқамамен көрсетеді де, нұсқаманың үстіне
бас әріпті жазып, сол әріппен кескінді белгілейді. (2-сурет. Г мен Д
көріністері).

2-сурет

Егер нәрсенің кейбір бөлігінің тұрпаты мен мөлшері негізгі
көріністердің бәріне де бұрмаланып кескінделетін болса, онда ол бөлікті
проекциялар жазықтықтарына параллель емес қосымша жазықтықтарға
проекциялайды.
Қосымша көрініс сызбада үлкен әріппен белгіленуі керек, ал нәрсенің
оған байланысты кескінінің үстіңгі жағында қарау бағытын көрсететін тиісті
әріптік белгіленуі бар нұсқама қойылуы керек. (3-сурет).

Егер қосымша көрініс негізгі кескінмен проекциялық байланыста
орналасса, онда нұсқама мен белгілеу жазылмайды.
Нәрсе бетінің шектелген бөлігінің кескінін жергілікті көрініс дейді.
Ол ирек сызықпен шектеледі немесе шектелмейді. Жергілікті көріністі қосымша
көрініс сияқты белгілейді.

Тіліктердің түрлері
Қиюшы жазықтықтың горизонталь проекциялар жазықтығына қарағанда
орналасауына байланысты мынадай тіліктер болуы мүмкін:
- Горизонталь тіліктер – қиюшы жазықтық горизонталь проекциялар жазықтығына
параллель орналасады.
- Вертикаль тіліктер – қиюшы жазықтық горизонталь проекциялар жазықтығына
перпендикуляр орналасады. Егер вертикаль тілікті қиюшы жазықтық фронталь
проекция жазықтығына параллель болса, фронталь, ал қиюшы жазықтық профиль
проекциялар жазықтыған параллель болса, профиль деп атайды.
- Көлбеу тіліктер – қиюшы жазықтық горизонталь проекциялар жазықтыған
көлбеу келеді. Көлбеу тілікті бұрып кескіндеуге болады. Бұл жағдайда оның
белгісіне тиісті бұрылу таңбасын қосады.
Тіліктерді қиюшы жазықтықтардың санына байланысты былай бөлінеді:
- қарапайым тіліктер – қиюшы жазықтық біреу болса;
- күрделі тіліктер – екі және одан да көп қиюшы жазықтық болса.
Егер күрделі тілікті қиюшы жазықтықтар параллель орналасса сатылы,
ал қиюшы жазықтықтар өзара қиылысса сынық деп атайды.
Сынық тілікті орындағанда қиюшы жазықтықтарды шартты түрде бір
жазықтықпен беттескенше бұрады, ал бұру қарау бағытымен дәл келмеуі мүмкін.

Егер беттескен жазықтықтар негізгі проекциялар жазықтықтарының
біреуіне параллель жағдайға келсе, онда сынық тілікті тиісті көріністерінің
орнына орналастыруға болады. Қиюшы жазықтықты бұрғанда оның арт жағында
орналасқан нәрсе бөліктерін бұрмайды.
Тетікбөлшектің тек қана бөлек алынған шектелген жеріндегі пішінін
анықтау үшін жұмыс атқаратын тілікті жергілікті деп атайды. Көріністе оны
не ирек сызықпен, не іркісінді жіңішке сызықпен шектейді. Бұл сызықтар
кескіннің басқа сызықтарымен беттеспеуі керек.
Көріністің бөлігін оған сәйкес тіліктің бөлігімен біріктіруге рұқсат
етіледі. Олар бір-бірінен ирек немесе іркісінді сызықпен межеленеді. Егер
көріністің жартысы мен тіліктің жартысы біріктілетін болса, онда бөлетін
сызық ретінде симметрия өсі алынады.
Жалпы жағдайда тіліктің белгіленуіне мыналар кіреді: қиюшы жазықтық
орнының сілтемесі – қию сызығы, проекциялау бағытының мегзері – бастапқы
және соңғы сызықшаларға тірелетін нұсқамалар және қиюшы жазықтық пен
қиманың белгіленуі – А-дан бастап, біреуінде қалдырмай және қайталамай,
орыс әліпбиінің үлкен әріптері арқылы көрсетілуі.

Қималардың түрлері

Тіліктің құрамына енбейтін қималарды шығарылған және беттестірілген
деп бөледі. Шығарылған қималар жиірек қолданылады, оларды көріністің
үзілген жерінде де орналастыруға болады.
Шығарылған қиманың қарамын тұтас негізгі сызықпен, беттестірілген
қиманың қарамын – тұтас жіңішке сызықпен кескіндейді, ал беттестірілген
қима орналасқан жердегі кескін қарамын үзбейді.
Егер беттестірліген немесе шығарылған қима симметриялы кескін болса,
онда қиманы әріптермен, нұсқамалармен белгілемейді.
Үзік бөліктерінің аралығында орналасқан немесе симметриялы емес
беттестірілген қималар үшін нұсқамалар мен қию сызығын жүргізеді, бірақ
оларды әріптермен белгілемейді.
Жалпы жағдайда сызбаларда қиюшы жазықтықтың орнын және қиманың
жоғарғы жағындағы жазуды тіліктер үшін көрсетілгендей етіп көрсетеді.
Шығарылған қиманы сызба өрісінің кез келген жерінде орналастырады.
Қажетті жағдайда оны тиісті белгімен толықтырып бұрып кескіндеуге болады.
Егер қиюшы жазықтық тесікті немесе шұңқырды шектейтін айналу бетінің
өсі арқылы өтсе, онда қимада тесіктің немесе шұңқырдың кемерін толық
көрсетеді.
Егер қима бөліктерге бөлініп қалатындай болып шықса, онда тілікті
пайдаланған жөн.

Шығарылған элементтер

Шығарылған элемент деп нәрсе әдетте үлкейтілген масштабта орындалған
және негізгі кескінде жоқ егжей-тегжейлері көрсетілген қосымша кескінін
атайды. Негізгі кескіннен мазмұны бойынша оның айырмашылығы болуы мүмкін.
Шығарылған элементті қолданғанда тиісті жерді көріністе, тілікте
немесе қимада тұтас жіңішке тұйық сызықпен (шеңбермен, сопақшамен және
т.б.) көзге түсіріп қояды да, оны шығарма-сызықтың сәкісіне жазылған үлкен
әріппен немесе үлкен әріптің араб сантаңбасымен тіркесі арқылы белгілейді.
Шығарылған элемент кескінінің жоғарғы жағында тиісті белгілеу мен кескін
масштабы көрсетіледі.

Аксонометриядағы тіліктер

Бұйымның ішкі пішінін көрсету үшін оның аксонометриялық кескінін
салу кезінде тіліктерді пайдаланады.
Тіліктерді бұйымды координаттар жазықтықтарына параллель екі немесе
үш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АККУМУЛЯТОРЛАР
Толқын өткізгіш - коаксиалды ауысу
Қазіргі сызуларға қойылатын талаптар
Өлшеу аспабына арналған болаттар
Тілік нәрсенің бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған кескіні
Құрастыру сызбасы
Жасалған бұйымдар мен конструкторлық құжат түрлері
Омыртқалардың құрылысының жастық ерекшеліктерін анықтау
Сызуды оқыту әдістемесінің жүйесі
Мыстың касиеттері мен қолданылуы
Пәндер