Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының анализі
- Тамақтық интоксикациялар.
- Кәсіби және тұрмыстық аурулар
- Бактериалды тамақтан улануларды алдын алу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Өнеркәсіп қауіпсіздігін басқару жүйесі (ӨҚБЖ) келесі маңызды міндеттерді шешеді:
- өнеркәсіп қауіпсіздігі (бұдан әрі - ӨҚ) талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- жұмыс өндірісінің қауіпсіздік ахуалына ықпал ететін бұзушылықтардың туындау жағдайлары мен себептерін айқындау;
- ӨҚ ахуалына, соның ішінде тиісті сараптамаларды жүргізуді ұйымдастыру жолымен талдау;
- ӨҚ ахуалын жақсартуға және үшінші тұлғаларға, қоршаған ортаға тигізетін нұқсандардың алдын алуға бағытталған шараларды әзірлеу;
- заңдармен және басқа нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген ӨҚ талаптарының сақталуын бақылау;
- қауіпті өнеркәсіп объектілеріндегі (бұдан әрі - ҚӨО) апаттардың, дау-жанжалдардың алдын алуға және олардың зардабын оқшауландыруға және жоюға дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды үйлестіру;
- ҚӨО қолданылатын техникалық құрылғылардың уақытылы сынаудан өткізуді және техникалық куәландыруды бақылау;
- технологиялық тәртіптің сақталуын бақылау.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының анализі
Есептеу орталығы және оператордың бөлмелері бір-бірінен бөлек орналасқан, ал қондырғыдан ара-қашықтық 50 м.
Есептеу және өлшеу техникалары қондырылған бөлме қауіптілігі жоғары категорияға жатады. Есептеу орталығы бөлмесінде шу деңгейінің шамасы 85-90 Дб-ге жетеді, бұл СанПиН N 1. 01. 004. 01 талабын жоғарылатады. Ашық ток жүргізілген бөлімдер - қауіпті аймақтар. Техникалық құралдардың қоректену кернеуі - 220 В, қысқа тұйықталған- ток - 60 А, грунттың меншікті кедергісі - 45x10 Ом/смесь.
Адам денсаулығына әсер ететін негізгі факторларға мыналар жатады:
1) жұмыс орнын күндізгі және түнгі уақыттарда жарықтандыру;
2) жылдың жазғы уақытында бөлме ішіндегі артық жылу;
3) адамның электр тоғымен зақымдану мүмкіндігі;
4) өрт шыққан кезде кұю және уланып қалу мүмкіндігі;
5) шу, зиянды заттар.
Санитарлы - гигиеналық шаралар
Кәсіпорында жұмысшыларға емдеп-сақтандыру қызметін кәсіпорынның санитарлық бөлімі іске асырады. Медициналық қызметкер жұмысшыларға жүйелі бақылау өткізіп, кезеңді медидциналық байқау жүргізеді. Осындай байқаулардың негізінде санитарлы-гигиеналық және емдеп-сақтандыру шаралары көзделеді. Санитарлы мәдениет пен тазалықты бақылау сақтандыру жұмысының маңызды жағы болып табылады. Санитарлық ағарту мен эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуі.
Бактериалды тамақтық токсикоздар дегеніміз - шынайы токигендерді (экзотоксиндерді) өндіретін тірі микробтардың кейбір түрлерімен тұқымданған асты пайдаланғаннан кейін туындайтын аурулар. Микробты тамақтық токсикоздарды мынадай жағдайлар туындатуы мүмкін: а) тірі микробтар және олар өндірген токигендер құрамында бар азық-түліктер; б) құрамында тек бактериялы токсиндер (мұндай жағдайларда микробтар азық-түліктерде болмайды, олар әр түрлі себептермен жойылған) бар азық-түліктер; в) құрамында тек вегетативті немесе споралық формадағы тірі микробтар (токсиндер әр түрлі себептермен азық-түліктерде құралмаған, оларды микробтар организм тіндерінде өндіреді) бар азық-түліктер. Микробты тамақтық уланулар тірі қоздырғыштар болмай, тек олардың токсиндері болған жағдайда да туындауы мүмкін. Сырқат организмге тірі микроб енуінен туындаған жағдайда, вегетативті немесе споралық формада болса да, сырқаттың негізгі синдромын тірі қоздырғыш емес, оның токсині туындатады. Типті бактериялы токсиндарға жеткілікті дәрежеде зерттелген, ботулинус таяқшасы тудыратын тамақтан улануларды және стафилакоккты этиологиялы тамақтан улануларды жатқызуға болады.
Тамақтан уланулардың көзі болып , экзотоксин (энтеротоксин деп аталады) өндіретін және жедел гастроэнтерит қүбылысын тудыратны патогенді стафилококктар саналады, яғни тамақтан улануларға стафилококктардың энтеротоксиндік штамдары себепші болып саналады. Кейінгі кезде стафилококкты энтеротоксиндердің 4 типтері анықталады: А, В, С, Д. Энтеротоксиндердің штамдары былайша ерекшеленеді: 1) жоғарғы белсенділікпен; 2) адам мен қоян қанының плазмасы коагуляциялауға қабілеттілігімен; 3) қояндар эритроциттеріне қарсы гемолитикалық қасиеттерге ие (олардың бұл қасиеттеріне стафилококктардың патогенділігін анықтау негізделген) .
Тамақтық азық-түліктердің стафилококктарымен тұқымдануын дәлелдеудің көздері болып адамдар мен жануарлар саналады. Негізгі көзі болып адамдар саналады. Себебі олар әр түрлі тамақтық азық-түліктермен неғұрлым жақын жанасады. әсіресе әр түррлі мүшелерінде, әсіресе терісінде, іріңді сырқаттары бар адамдар ерекше қауіпті. Патогенді стафилококктардың адамдар үшін резервуары болып жоғарғы тыныс жолдары саналады.
Тамақтық азық-түліктердегі стафилококктардың екінші бір маңызды көзі болып жануарлар саналады. Қазіргі уақытқа дейін маститпен ауырған жануарлардан алынған сүттен туындаған тамақтық стафилококкты токсикоздардың мол көлемі суреттелген. Әсіресе қазіргі кезде диагностикаға қиын тиетін, созылмалы, жасырын формадағы маститтермен сүттің ластануы өте қауіпті.
Ет жануарлардың ішек стафилоккогымен ет өңдеу кәсіпорындарында ветеринарлық ережелер бұзылған жағдайда тушаны бөлшектеу процесінде тұқымдануы мүмкін.
Кәсіби және тұрмыстық аурулар
Кәсіби аурулар- белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 - 20 мин), техникалық шараларды іске асыру - Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 - 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеум. қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді
Стафилококкты этиологиялы тамақтан уланулардың пайда болуының неғұрлым жиі кездесетін көзі ретінде тағамдық азық-түліктердің ішкеннен кейін бірінші орынға сүтті және сүтті тағамдарды қоюға болады. Ет және ет тағамдары екінгші орын алады (олардың үлесіне тамақытқ стафилококкты интоксикациялардың 30% көбі келеді) . Өсімдік негізді азық-түліктер (макарон және жарма өнімдері, картоп езбесі) үшінші орын (8-17%) алады стафилококкты интоксикациялардың туындауында. Стафилококктардың көбеюі үшін жайлы орта болып қүйма креммен дайындалған кондитерлік өнімдер де есептеледі. Бұл өнімдер тамақытқ стафилококктық токсикоздар пайда болуында үлкен үлес қосады (15%-ке дейін қосады), ал қазір біршама аз (6-10%) .
Стафилококкты интоксикациялардың клиникасы әр түрлі болып келеді. Бұл сырқаттардың сипатты ерекшеліктері болып инкубациялық кезеңі қысқа (2-4 сағат) . өте сирек жағдайларда ол 30 минутқа дейін қысқарады немесе 6 сағатқа ұзарады.
Температура, негізінен, қалыпты немесе субфебрильді.
Стафилококкты токсикоздарда неғұрлым жиі кездесетін симптомдар лоқсу және құсу, олар жиі қайталанып ұзаққа созылады. Зардап шеккендердің көбісінің бастары аурады, қалтырайды, тері қабаттары бозарып, іштері аурады. Төс сүйегі астының ауруы өте қатты және бұрап аурады. Аурудың мұндщай ьсипатта болуы басқа интоксикациялармен токсико инфекцияларда кездеспейді. Зардар шеккендер бастың айналуына, іш қатуына шағымданады. Бірақ іш қату көп жағдайда болмауы мүмкін. Көптеген науқастарда аяқ-қолдары, саусақтарының еріндерінің цианозы байқалады. Асқазан-ішек өзгерістері тұрғындарда көптеген науқастарда интокицияның жалпы өзгерістері байқалады: көп мөлшерде тері бөлінеді (суық), бұлшық еттердің әлсіздігі, беттің бозаруы, тыныс алудың жиілеуі. Ауыр жағдайларда мына сиптомдар басым болады: ауыздық кебуі, жүрек соғуының бәсеңдеуі, дірілдеу, есінен айрылу, нәжісте қан немесе шырыштың болуы. Негізінен сырқат жедел жүреді, ауыр жүруі сирек. Жекелеген адамдарда ғана болады.
Стафилококкты интоксикация диагнозы мынадай негізде қойылуы керек:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz