Ауыл шаруашылықты өндiрiсiндегі фермерлік шаруа қожалықтары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
5
:
КІРІСПЕ . . .:
5:
: 1.
КІРІСПЕ . . .: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДIРIСIНІҢ НЕГІЗГІ БУЫНЫ ФЕРМЕРЛІК ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТIК САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ТЕОРИЯЛАРЫ
5: 10
:
КІРІСПЕ . . .:
5:
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .: Ауыл шаруашылықты өндiрiсiндегі фермерлік шаруа қожалықтары және олардың экономикалық мәнi мен ерекшелiктерi. .
5: 10
: 1. 2
КІРІСПЕ . . .: ҚР ауылшаруашылығы өндірісіндегі субьектілерді мемлекеттік салықтың реттеудiң теориялары
5: 23
: 1. 3
КІРІСПЕ . . .: Ауыл шаруашылығы өндірісіне және фермерлік шаруа қожалықтарына салық салудың әлемдік тәжірбиелері . . .
5: 32
: 2.
КІРІСПЕ . . .: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНДЕГІ ФЕРМЕРЛІК ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ МЕН ТАУАР ӨНДIРУШIЛЕРIНЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ТӘРТIБI ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI ……. .
5: 40
:
КІРІСПЕ . . .:
5:
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы өндірісіндегі фермерлік шаруа қожалықтары мен тауар өндiрушiлерi үшін арнайы салық режимін қолдану тәртiбi және оның ерекшеліктері . . .
5: 40
: 2. 2
КІРІСПЕ . . .:

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы тауар

өндiрушiлерiнiң салықтың түсiмдерiн талдау. .

5: 56
: 2. 3
КІРІСПЕ . . .:

Оңтүстiк Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы

тауар өндiрушiлерiнiң салық түсiмдерiн талдау . . .

5: 66
: 3.
КІРІСПЕ . . .: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНДЕГІ ФЕРМЕРЛІК ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ МЕН ТАУАР ӨНДIРУШIЛЕРI ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖИМI МЕХАНИЗМIН ЖЕТIЛДIРУ ЖОЛДАРЫ . . .
5: 69
:
КІРІСПЕ . . .:
5:
: 3. 1
КІРІСПЕ . . .: Ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi үшiн жер салығын салу жүйесiнiң бiрыңғай нормасын қалыптастыратын базаны белгiлеудiң әдiстемелiк бағыттары . . .
5: 69
: 3. 2
КІРІСПЕ . . .: Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң салық жүктемесiн бағалау және оны басқа экономика салалармен салыстыру
5: 74
: 3. 3
КІРІСПЕ . . .: Фермерлік шаруа қожалықтарындағы салықтық мәселелер және оны шешу жолдары . . .
5: 81
:
КІРІСПЕ . . .:
5:
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ.
5: 85
:
КІРІСПЕ . . .:
5:
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. .
5: 89

КIРIСПЕ

Ұйымдық формаларын құру, мықты меншік иелері мен өз еңбектерінің нәтижесіне максималды түрде мүдделі, жерге толық қожайын тұлғалар тобының қалыптасуы мен өсуіне алып келуге тиіс басқа елдер тәжірибесі мен экономикалық ақыл-ойға сайып, меншік формаларын өзгерту жолымен құрылымдық қайта құру жүзеге асырылады.

Бұл жағдайда ауылшаруашылығын реформалаудың ең басында-ақ саны жағынан әрдайым өсіп отырған шаруа қожалықтарына үлкен үміт артылған.

Ауыл шаруашылығына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Біздің алдымызда дағдарыс салдарын еңсеру және келесі экономикалық өсуге әзірлену жөнінде үлкен міндеттер тұр. Қазірдің өзінде біз қабылдағанның бәрі - бұл бүгінгі дағдарыс туындатқан ағымдағы проблемаларды шешу. Агроөнеркәсіптік кешен туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз. Сондықтан да біз тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, тамшылап суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін ұйымдастыру, ауылшаруашылық техникаларын жинау жөніндегі өндірістерді құру, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымы және оны терең қайта өңдеу секілді экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға шешім қабылдадық. Құрылыс үшін басқа да маңызды жобаларды қарастыру керек. Бұл Көксарай су қоймасын, басқа да ірі ирригациялық нысандарды салуды жалғастыру. Қызылқұм массивінде 60 мың гектар суармалы жерді игеру мақсатын алға қойғанбыз. Бұл бізге осы дағдарыс жалғасқан жағдайда тұрақтылыққа деген сенімділік береді» деп айта кетті [1] .

Шаруа қожалықтарының саны өсіп отырғанына қарамастан, ауылшаруашылығының бүкіл өнімінің жалпы көлеміндегі олардың үлесі 5-6%-дан аспайды.

Шаруа қожалықтарының фермалары мен алқаптары өнімділігінің төмендігі олардың көпшілігіне өнімді өндіруге кеткен шығынды жабуға мүмкіндік бермейді. Экономикалық тоқырау және шаруа қожалықтарының қаржылық жағдайының нашарлығы олардың көбінің жыл сайын өзін-өзі жоюының негізгі себебі болып отыр.

Шаруа еңбегінің өнімділігі жоғары болмай тұр, фермерлерге жеткілікті түрде бөлінген жер бөліктері бос жатыр.

Фермерлік шаруашылықтардағы мұндай жағдайдың негізгі себебі, өз меншігіндегі айналымдық материалдық және қаржы құралының жетіспеуі, материалдық-техникалық және жем-шөптік базаның нашарлығы, ескірген технологияны пайдалану, ауылда қажетті өндірістік және әлеуметтік инфрақүрылымның дамымауы, бұл агротүзілімдерге тиісті мемлекеттік қолдаудың болмауы.

Шаруашылық секторының қайта келуі шаруашылықтардың материалдық-техникалық және әлеуметтік базасының нашарлығымен ғана емес, ауылшаруашылық жетекшілері мен мамандарының қиыр көзқарастар нүктесі бойынша, кешендік ғылыми жасалымдардың жоқтығымен де тежеліп отыр.

Шаруа қожалықтарының тиімді қызмет атқаруы әртүрлі елдер аймағында оларды жетілдіру, дамыту, ерекшеліктері мен экономикалық шарттардың болашағы Қазақстанның қазіргі заманғы аграрлы нарығы тепе-теңсіздікпен, отандық өнім сапасының төмен және бағалардың жоғарылығымен, ауылшаруашылық өндірісі, өнім өңдеу және көтерме сауда саласында бәсекенің жоқтығымен сипатталады. Мұндағы жалпы халық шаруашылығын, соның ішінде аграрлық секторды реформалаудың негізгі мақсаты ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін көтеру, оның көлемін ұлғайту, өнім сапасын жақсарту және оның өзіндік құнын әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті деңгейге дейін төмендету, халықты азық-түлік өнімімен, өнеркәсіпті шикізатпен толық қанағаттандыру болып отыр.

Тәжiрибеде орын алған республиканың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн жыл сайынғы қарыздар мерзiмiн ұзарту мен жою түрiндегi мемлекеттiк қолдау бағдарламасы алғашқы кезде кәсiпорындарды қолдап, соңғы нәтижеде кредиторлық қарыздардың пайда болу себептерiн жоя алмады. Бұл жағдай, салық төлеушiлерге деген тең емес қатынасқа әкелiп соқты. Олардың бiреулерi, нарық жағдайында өмiр сүруге тырысып, өндiрiстi тиiмдi дамытудың жолдарын, өнiмдi өткiзу нарықтарын, өз беттерiмен тауып бюджетке қарыздарын өтедi, бiрақ соңғы нәтижеде бюджетке және басқа да мемлекеттiк қорларға қарыздары жойылып отырған басқа кәсiпорындарға қарағанда тиiмсiз қаржылық жағдайда болды.

Отандық ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiн қолдаудың басқа тәсiлдерiн пайдалану қажеттiлiгi туды. Ауылшаруашылық секторының дамуы басым болып табылды және сондағы саланы ынталандырушы салық саясатын, салық жеңiлдiктерiн қоса, пайдалану арқылы қолдау ұсынысы түстi.

Бұндай тәсiлдердiң бiрi-экономиканың аграрлық саласының субьектілерін, фермерлік шаруа қожалықтарын жанама қаржылық қолдау механизмi болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өндiрiсi мен оның дамуы, тұрақты жұмыс iстеуi-өз кезегiнде, барлық жеңiл және тамақ өнеркәсiптерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiне мүмкiндiк беретiн шикiзат базасын дайындайды. Бұл мемлекеттiң экономикалық шаруашылықтың көтерiлуiне даңғыл жол ашады. Сондықтанда мемлекет үшiн ауыл шаруашылығын тиiмдi жол мен дамыту, оның әлсiз жақтары мен негiзгi өндiрiсiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiн ынталандыратындай салық саясатын, оны жүзеге асыру механизмдерiн iске қосу өз деңгейiнде тек ауылшаруашылығы үшiн ғана емес, бүкiл ел экономикасына жаңа серпiн берер едi.

Көптеген жылдар бойы өнiмдi еңбекке ынталандыру тетiктерiн жете пайдаланбағандықтан аграрлық салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бiрден бiр жолы, осы салада кешендi экономикалық реформа жүргiзу едi. Бұның жүзеге асырылу барысын талдайтын болсақ, жалпы мемлекет нарықты қатынастарға өткеннен берi толық барлық салаларға қажеттi заңдар мен заң актiлерiн қабылдады.

Ауыл шаруашылығына қатысты «Жер туралы», «Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы», «Жеке кәсiпкерлiк туралы», «Шаруа (фермер) қожалығы туралы», «Салық және бюджетке төленегiн басқада мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) заңдар қабылданды. Бұл қабылданған заңдар ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң бiршама негiзгi мәселерiн шештi десекте, бүгiнгi таңда, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде әлi көп мәселер шешудi қажет етедi. Сол мәселенiң бiрi мемлекеттiң салық саясатын жүргiзудегi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң ерекшелiгiн ескере отырып, оларды ынталандыру шаралары десекте болады.

Менiң дипломдық жұмысымның тақырыбы «Фермерлік шаруа-қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолдану тәртібі». Жұмыстың негiзгi мақсаты мен мiндеттерi - қазiргi кездегi ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi фермерлік шаруа қожалықтарында қолданылып отырған салық жүктемесi мен салық алу әдiстерiнiң ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi орны мен рөлiн зерттеу, негiзгi мәселерi мен факторларын анықтап, олар үшін тиiмдi салық салу әдiстерiн анықтау, және әлемдегi оның жетiлдiрiлген озық жолдарын ұсыну. Жұмыстың бiрiншi бөлiмiнде жалпы ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегі фермерлік шаруа қожалықтарының даму ерекшелiгiмен олардың экономикалық мәні, Қазақстан Республикасындағы қазiргi кездегi ауыл шаруашылығы өндiрiсiне салық салу мәселелерi қаралады; ал екiншi бөлiмде ҚР қазiргi ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi мен фермерлік шаруа қожалықтары үшін арнайы салық режимі қолдану, негізгi төлейтiн салықтары мен төлемдерiнiң тәртiбi және ерекшелiктерi, олардың негiзгi түсiмдерiне, талдау жасалып, факторлары анықталады. Статистикалық мәлiметтер көрсетiледi. Үшiншi бөлiмде Арнаулы салық режимiн жетiлдiру жолдары мен салық механизмiнiң ауыл шаруашылығы, өндірісін дамытуға, фермерлік шаруа қожалықтары тиімді дамытудың лы негiзгi ұсыныстар мен қортындылар берiлген.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектiлерi ҚР мен Оңтүстiк Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы субъектiлерiнiң, фермерлік шаруа қожалықтарының ақшалай қаражат қорлары мен табыстарының қозғалысы, бөлiнуi талданады.

Дипломдық жұмыста статистикалық мәлiметтер баспа материалдары және басқа негiзгi ақпарат көздерiнiң мәлiметтерi қолданылды.

1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДIРIСIНІҢ НЕГІЗГІ БУЫНЫ-

ФЕРМЕРЛІК ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ

МЕМЛЕКЕТТIК САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ТЕОРИЯЛАРЫ

  1. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегі фермерлік шаруа қожалықтары және олардың экономикалық мәні мен ерекшеліктері

Ауылшаруашылығы құрылымдарының ішінде негізгі тауарөндірушілер болып шаруа қожалықтары болып табылады және ол аграрлық экономикада ерекше орын алады.

Фермерлік шаруашылықтардың аграрлық құрылымы туралы экономист-ғалымдар әртүрлі көзқараста қалып отыр. Мысалы, В. Д. Мартыновтың пікірінше "Қазіргі аграрлык сектордағы ферма - негізгі ауылшаруашылық бірлік болып табылады және оның әрекет ету принциптері ауылшаруашылық өндірісінің ерекшелігіне барынша толық жауап береді"- деп есептейді [2, 64] .

Кейбір ерте басылымдарда фермер шаруашылықтарының көлемі де үлкен теориялық таластар тудырды. Мысалы, А. Чаянов 1925 жылы былай деп жазды: "егер біз құрылымы бойынша күрделі шаруа қожалығының құрамына мән беріп қарасақ, бірқатар салалар үшін оның ірі формасы тікелей көп пайда келтіретініне оңай көз жеткізе аламыз"[3, 16] .

Шаруа қожалықтары дегеніміз - ауыл шаруашылығын бірлесіп жүргізетін тұлғалардың отбасылық және еңбек бірігуі. Шаруа қожалықтарының мақсаты - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және тарату, сауда қызметін көрсету негізінде отбасының игілігін қамтамасыз ету. Шаруа қожалықтарын ұйымдастырудың және қызметінің экономикалық, құқықтық және әлеуметтік негіздері ҚР-ның “Шаруа қожалықтары туралы” заңы (1990 ж. ) мен агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі басқа да заңдық және нормативтік құжаттармен анықталады.

Шаруа қожалықтары өз қызметінің бағытын, өңдірістің құрылымы мен көлемін, өнімді өткізу арналарын өз бетінше анықтап, өзіне қызметті бірігіп жасау жөнінде әріптестерді таңдап, өндірістік процесті өзі ұйымдастырады. Шаруа қожалықтарын ұйымдастыру кезінде аймақтық ерекшеліктері мен шаруашылық жүргізудің әлеуметтік-экономикалық жағдайын есепке алу керек.

Шаруа қожалықтары қызметінің негізгі прициптері келесідей болып табылады:

1. Шаруашылық қызметті бірігіп шүргізуді шешкен адамдардың (отбасы мүшелері, туысқандар, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылар) ерікті түрде бірігуі.

2. Ол өзіне берілген жерді мақсатына сәйкес тиімді пайдалануға оның құнарлығын арттыруға, жерді қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруға және өндірістің табиғатты қорғайтын технологиясын қолдануға міндетті.

3. Өндірістің бағытын, құрылымы мен көлемін еркін тандау және қызметін толық өз бетінше жүзеге асыру.

4. Мемлекттік, кооперативтік және басқа да кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен және азаматтармен барлық өзара қарым-қатынас келісім-шарттық негізде жүргізіледі.

5. Өндірілген өнімге және алынған табысқа меншіктің толық құқы, оларды өз қалауынша пайдалану.

6. Өз міндеттемелері бойынша қызметтің түпкі нәтижелері үшін толық жауапкершілік.

Шаруа қожалықтарының ұйымдық тәсілдері иеленуші мүшелердің құрамына байланысты төмендегідей үлгілерде болады:

1. Жеке азаматтар жеке қызмет тәртібімен жүргізетін шаруа қожалығы;

2. Бір отбасылық шаруа қожалықтары. Мұнда толық жұмыс уақытында бір отбасының мүшелері ғана еңбек етеді;

3. Көп отбасылық шаруа қожалықтары. Мұнда туысқандық байланыстары бар бірнеше отбасының мүшелері еңбек етеді;

4. Шағын ауыл шаруашылық кооперативінің түрінде құрылатын бір пікірлес қызметшілердің тікелей шаруа қожалықтары;

Егер әлемдік тәжірибеге сүйенсек, шаруа қожалығы келесідей сипаттамалық қасиеттерге ие болуы қажет. Біріншіден, белгілі бір меншік қатынастарының салдары болып табылатын, өндірістік-шаруашылык еркіндікте көрінетін экономикалық оқшаулану. Фермер (толық заңды меншік иесі немесе жалгер) өндіріс құралдарымен пайдалануға ғана емес, сонымен қатар, оларды иемдену мен жұмсауға да құқылы. Екіншіден, бұл құқықтар: өндірістің мазмұны мен құрылымын, өндіріс процесін ұйымдастыруды, экономикалық пайданы көздеп өздігінше өнім өткізу нарығын, алынған табысты (салығын алып тастап) тұтыну мен өндірісті кеңейтуге бөлу. Үшіншіден, фермер экономикалық серіктестерін және олармен өзара қатынас формаларын таңдауда еркін. Меншік иесі болу статусы, сонымен қатар, фермердің қызметінен тыс әртүрлі өндірістік әкімшілік араласуларды алып тастайды. Төртіншіден, бүкіл әлемдегі фермерлік шаруашылықтардың ең маңызды сипаты, барлық қалған жоғарыда көрсетілген белгілерінен жоғары тұратын, оның заңды тұлға статусы.

Фермерлік шаруашылықтардың көлемі бойынша да елдерде айырмашылық бар. АҚШ-та ХХ-ғасырдың соңында бір фермаға орта есеппен 180 га-қа жуық өңделген жерден келді, дәл осы көрсеткіш Ұлыбританияда -65 га, Швеция, Дания және Францияда -27-30 га, ГФР, Нидерландыда, Бельгия, Испания және Финляндияда - 12-16 га, Греция, Португалия және Италияда 4-6 га, Жапонияда - 2 га-дан аз тиді.

Ферманың негізгі бөлігі жекеменшік жерде жүргізіледі. Ауылшаруашылығында пайдаланылған жер көлемінің жалпы жалға алынған жерден үлесі АҚШ-та - 44%, ГФР, Ұлыбритания, Нидерланды және Швецияда -34-38, Дания мен Италияда - 20 %-қа жуықты кұрады.

Сонымен қатар, Францияда жалгерлік негізде шаруашылық жердің 52 %-ы, Бельгияда - 70 %-ы өңделеді.

Фермерлік шаруашылықтардың өмір сүру негізі жер иеленушілер мен олардың жанұя мүшелері болып табылады. Ауылшаруашылық өндірісінде еңбекпен қамтылғандардың жалпы санындағы жалдамалы жұмысшылардың үлес салмағы АҚШ-та 35 %-дан, Ұлыбританияда - 33%, Данияда, Франция мен Нидерландыда - 14-15 %, ГФР, Италия, Бельгия, Норвегия, Финляндия, Швейцария, Австрия, Португалия және Испанияда 3-6%, Греция мен Ирландияда - 1 %-дан аспады.

Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы жағдайында бәсекелестік күрестің күшеюі фермерлік шаруашылықтар санының бірден қысқаруына ықпал жасай отырып, өндірістің шоғырлануына алып келеді. XX ғасырдың 80-ші жылдардың соңына қарай озық дамыған елдерде, 50-ші жылдардағы әрекет етуші әрбір 2-3 фермадан 1-і сақталды.

Батыстың барлығына дерлік елдерінде салыстырмалы түрде фермалардың шағын топтары басым болды.

АҚШ-та фермерлік шаруашылықтардың 19%-ы тауарлық өнімнің 75%-ын камтамасыз етті. Батыс Еуропа елдерінде көп жағдайда фермалардың 10-15%-ы барлық ауылшаруашылық өнімдерінің 45-55%-ын нарыққа жеткізіп отырды.

Өндірісте озат фермалар елдегі орташа есептегіден үлкен көлеммен және жоғары экономикалық қуаттылықпен айырмашылық жасайды.

Осылай, АҚШ-та жоғарыда айтылған ірі көлемді фермалардың әрқайсысына орта есеппен 640 га, Ұлыбританияда - 170 га-дан жоғары, Еуропаның көптеген елдерінде 80-100 га-дан өңделген жерден тиді.

Қазақстанда шаруа қожалығының классификациясы мен өндірістік типтендірудің әдістемелік принциптерін жасау мәселелерін шешу олардың пайда болуы мен қалыптасуы тек олардың әлемдік қауымдастықтың жетекші аграрлық аймақтарында фермерлік шаруашылықтарды типтендірудің шетелдік тәжірибелері және республиканың аграршы ғалымдары өткізген зерттеулердің үйлесуінде ғана мүмкін, осы екі түрлі бағыт ұштасуында шаруа қожалығының қалыптасу ерекшеліктерін есепке ала отырып, олардың классификациясы мен өндірістік типтендіруіне барынша жалпы көзқарастарды анықтауға болады. Ғылыми әдебиетте ауылшаруашылық кәсіпорнының өндірістік типі деп жер өңдеу және мал шаруашылығы жүйелерінің жалпы маңызды сипаттары, сонымен қатар салыстырмалы түрде нақты аумақ, аймақ, облыс, ауданға тән әрекет етудің біртекті табиғи және экономикалық шарттарымен ерекшеленетін және белгілі бір ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін біртекті шаруашылықтар жиынтығы түсініледі. Өндірістік типтендіру іс жүргізіп отырған ауылшаруашылық кәсіпорындарының әрекет етуінің заңдылықтарын тек үйренуге және қорытындылауға ғана емес, сонымен бірге болашаққа тиімді жағдайларды анықтауға да мүмкіндік береді.

Шаруа қожалығын басқару және оны реттеу жүйесіне келетін болсақ, бүгінгі күні ғалымдар мен нақты осы кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан мамандар арасында осы мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар пайда болып отыр. Оларды топтастырсақ мынадай қалыптасқан топтарды анықтауға болады.

Бірінші - шаруа қожалықтары тек қана жеке меншіктегі шағын отбасылық фермерлер. Екіншісі - шаруа қожалықтары тек қана ірі, мамандандырылған меншік түрі әр түрлі болатын кәсіпорындар. Үшіншісі - жеке меншік немесе акционерлік шағын және орта кәсіпорындар. Төртіншісі - негізінен бұрынғы ауылшаруашылық мамандарынан тұратын топ өкілдері - ұжымшарлық және кеңшарлық өндірісті қайта қалыптастыру арқылы ұжымдық меншік негізінде қайта құрылған өтпелі кәсіпорындар.

Шаруа қожалықтары 2000 жылдың 1 қаңтарында 64, 6 мың шаруашылықты, 120-дан астам шаруа қожалықтарының ассоциациясын қамтитын, орталықта және облыстар мен аудандарда (КазАгро) Қазақстан фермерлерінің ұлттық федерациясы сияқты қалыптасқан ұйымдық құрылымы бар аграрлык экономиканың еркін, ұсақтауарлы секторы ретінде қалыптасқан.

Қазақстан тәжірибесінде шаруа қожалықтарының еркін қалыптасуының әртүрлі нұсқалары пайдаланылды.

Бірінші нұсқа бойынша жеке жанұя немесе кеңшар жұмысшыларының тобы (бригада) жерді және басқа да өндіріс құралдарын: ғимаратты, техниканы, малды жалға мердігерлікке алады. Ары қарай бұл жалгерлік ұжым жеке қаржысы, шаруашылық-есеп табысы есебінен немесе шаруашылықтың - жалға берушінің кепілдік міндеттемесіне берілетін банк несиесінің көмегімен өндіріс құралдарын жеке меншікке иелену және мүлікті біртіндеп сатып алу жолымен шаруа қожалығына айналады.

Екінші нұсқа бойынша шаруа қожалықтары еңбек ұжымының мүшелері арқылы кеңшарлар, ұжымшарлармен еңбек қатынастарын тоқтатып, одан өзінің жер үлесі мен мүліктік пайын алу жолымен құрылады. Мұндай жол мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру кезеңінде кеңінен тарады.

Үшінші нұсқа бойынша шаруа қожалықтары арнайы жер қоры немесе миграциялық қорға жеке қаржылары мен банк несиелері есебінен қала және басқа да ауыл тұрғындары құрды.

Төртінші нұсқа - жеке қосалқы шаруашылықтарды интенсивті дамыту және оны біртіндеп тауарлы шаруа қожалығына айналдыру. Бұл кезде бір мезгілді ірі капитал шоғырландыру (жұмсау) қажет болмайды. қаржыландырудың негізгі көзі азаматтардың жеке қаржылары болып табылады.

Қазақстанда 2005 жылдың басына қарай шаруа қожалықтарының келесідей құрылымы қалыптасты. Оларға 27, 8 млн. га жалпы жер көлемі бекітілді, олардан ауылшаруашылығында пайдаланатын - 26, 9, оның ішінде 3, 9 млн. га шабындық (14%), 21 млн. га жайылым (75, 5%) . Онда 331, 6 мың адам, оның ішінде 35, 6 мың немесе 9, 3% жалдамалы жұмысшылар еңбек етеді. Шаруа қожалықтарының көпшілігі біржанұялы, және 63%-ды құрайды, 2-3 жанұялылар - 27, 0, көпжанұялылар - 10%.

Орта есеппен бір шаруа қожалығына 434, 0 га ауылшаруашылық жерлері, оның ішінде 61, 0 га шабындықтан, 0, 5 трактор, 79 шартты қой басынан келеді және 3-тен астам жұмысшымен қамтылған. Шаруа қожалықтарының 55% егін шаруашылығымен, басым көпшілігі астық өндірумен, 19 - мал шаруашылығында және 25% аралас бағытта. Шаруа қожалықтарында республикада 5, 0% ірі қара мал, 17, 0 - қой мен ешкі және 1, 0% шошқа өсірумен айналысады. Шаруа қожалықтарының рөлі сүт - 4, 7%, ет - 5, 8, жұмыртқа - 12% өндірумен шұғылданады.

Астық өндіруде олардың үлесіне 15, 8%, көкөніс - 11, 4, шитті мақта - 30, 9, қант қызылшасы - 24, 5% көлемінен тиеді. Оның үлесінде ең салмақтысы темекі жапырағын өсіруде - 54, 4% және бақшалық өнімдер - 29, 0%. Егістік құрылымында аса үлкен үлесінде дәндік дақылдар алады (76, 2%), жем-шөп өндіру үлесіне егістік алаңының тек 16, 4% ғана тиеді. Фермерлік мал шаруашылығы әлі де жеке үй жанындағы шаруашылық деңгейінде ғана дамып отыр. Бір шаруашылыққа есептегенде 2-ден 60 басқа дейін ірі қара мал, 4-тен 258 басқа дейін қой, 2-ден 12-ге дейін шошқа, 1-ден 12 басқа дейін жылқыдан келеді. Шаруа қожалықтарының саны өсу карқынына қарамастан, олардың жалпы өнімінің көлеміндегі үлесі 5%-дан аспайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану жағдайында агроөнеркəсіптік кешенін дамытудың экономикалық рөлі
Қазақстан Республикасының ауылшаруа-шылық өндірісі
Аграрлық өндіріс пен агробизнестің экономикалық мазмұны мен табиғи ерекшеліктері
Агроөнеркәсіп пен агробизнес интеграциясы
Шаруа қожалықтарының даму концепциялары
Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру жұмыс жобасы
Нарық жағдайындағы шаруа қожалықтар
Заңды тұлғаларға салық салу
Шаруа (фермер) қожалығының құрылу тәртібі және ерекшеліктері
Ортақ меншік саласында пайда болатын қоғамдық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz