Ауыл мектебі оқушыларының агроэкологияльіқ дүние танымын қалыптастыру


М А 3 М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 3
1 АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АГРОЭКОЛОІИЯЛЬІҚ ДҮНИЕ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Оқушылардың жалпы экологиялық және агроэкологиялық мәдеииетінің негіздері және тарихи зерттелу жағдайы . . . 9
1. 2 Ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық мәдениетін қалыптастырудағы этномәдени құндылықтарының тәрбиелік мәні . . . 23
1 БӨЛІМ БОЙЫНША ТҰЖЫРЫМ . . . 39
2 АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДҮНИЕ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
2. 1 Ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық үлгісі . . . 40
2. 2 Ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық дүниетанымын қалыптастыру кезеңдері мен нәтижелері . . . 52
2 БӨЛІМ БОЙЫНША ТҰЖЫРЫМ . . . 66
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 68
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. 2010 жылы "Ауыл мектебі" бағдарламасы қабылданып, ауыл мәдениетін көтеру үшін пәрменді іс- шаралар белгіленді. Бағдарлама ауыл білімінің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беріп, полуфункционалдық және интегративті білім беру қызметтерін сипаттайтын оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуімен байланысты болады. Бұл бағдарламада жана мектеп түрлерін дамытуды қарастыру ұсынылды, мысалы "мектеп- кітапхана-мәдени орталық", "мектеп-балабақша", "мектеп- агробиолаборатория", "мектеп-ауылшаруашылық кешені", "мектеп-өндіріс серіктестігі" және олар оқушыларға қосымша білім алу бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік береді.
Бұл жөнінде 2005 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» және - жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» атап көрсетілген.
Ауыл мектептерінің желісі Елбасының Қазақстан халқына "Ауылға айрықша назар аударылады" жолдауынан бергі уақытта едәуір кеңейді. Кез-келген дамыған елдерде де, ең алдымен ұлттық ғылым мен мәдениетті дамыту үшін, ауыл мектептеріне көп көңіл бөледі. Кезінде бұл мәселе төңірегінде Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаевтар салмақты пікір айтқан.
Шағын жинақталған мектептердегі оқыту проңесін ұйымдастыру мәселесі қазақ тілінде жазылған Ж. Аймауытовтың "Комплекспен оқыту жолдары" атты кітабында айтылған. Ал ғалыми-әдіскер Ғ. Бегалиев шағын жинақталған ауыл мектептерінің өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Зерттеушілер назарынан ауыл мектептерінің жеке проблемалары да тыс қалмауда. Нарыктық экономикаға бейімделу мәселелерін С. Хозе, В. А. Яковлев көтерсе, агротехникалық білім мен біліктілікті қалыптастыру қажеттілігі жөнінде Л. Бохан, Э. Д. Гусева, Л. З. Красновский, Н. Б. Османова, ауыл мектептеріндегі сабақ тиімділігін арттыру (З. Бейсенбаев), осы үлгідегі мектептер үшін мұғалімдер дайындау (Ғ. З. Әділғазинов), жазбаша шығармашылыкқа негізделген тіл дамыту әдістемесін жасау (Н. М. Сламбекова) мәселелері жеке дербес объект ретінде қарастырылған.
Көптеген авторлардың еңбектерінде білім берудің неғұрлым маңызды бөлігі ретінде окушыларға экологиялық тәрбие берумен байланысты аспект атап көрсетіледі (М. А. Лигай, Г. Ф. Суворова, Г. С. Петрищева) .
Қарастырылып отырған проблеманың ғылыми тұрғыдан дамып, қалыптасуына қазақстандық ғалымдардың да қосқан үлесі ерекше. Әсіресе Ә. С. Бейсенова, Н. С. Сарыбеков, К. Ж. Жүнісова, Ж. Ж. Жатқанбаев, Ә. Б. Бірмағанбетов, К. А. Сарманов, М. Н. Сарыбеков, А. Болтаев, Ж. Б. Шілдебаев, Б. В. Мұқанов, К. А. Аймағанбетова, М. Ж. Жапбасбаев, Е. А. Ахметов, С. Орынбеков, Ү. Ә. Есназарова, Д. Жангельдина, В. М. Назаренко, К. Ж. Бұзаубақова, С. Қоңырова т. б. еңбектері экологиялық білім мен тәрбие беру проблемасының әр түрлі аспектілеріне арналған.
Сонда да болса жүргізілген талдаулардың нәтижесінде және қазіргі мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын зерттеудің қорытындысында ауыл мектебі оқушыларына экологиялық тәрбие беру мәселесі ғалымлар назарынан әзірше шет қалып отырғанына көзіміз жетті. Ғылыми ізденістердің саңқырлылығына карамастан педагогикалық әдебиеттерде ауыл оқушыларында агроэкологиялық мәдениетті қалыптастыруға деген кешенді қадам байқалмайды. Дегенмен де XXI ғасырда проблеманы философиялық тұрғыдан ұғыну (В. С. Библер, Б. С. Гершунский), адам мәдениетін қалыптастыру мәселесін өткір проблема етіп қояды. Жалпы мәдениеттің маңызды бөлігі болып табылатын агроэкологиялық мәдениетті қалыптастыруға ауылды жерлерде белгілі бір жағдайлар бар. Бұл туралы 2011 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім Академиясында қабылданған экологиялық білім бағдарламасынын "Экологиялық білім беруді ұйымдастыру және басқару" деп аталатын бөлімінде аймақтық және жергілікті деңгейде экологиялық білім беру жүйесін жасау керек деп атап көрсетілген, бірақ әлі күнге дейін оны қалыптастырудың ғылыми негізі жасалынбаған.
Оның үстіне ауыл мектептерінің практикасын, ауыл өмірін зерттеп. талдау да ауыл мектебі оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруде қала мектептерімен салыстырғанда айырмашылық бар екенін, кемшіліктер де жеткілікті екенін, ауыл мектебі мұғалімдері экологиялық білім мен тәрбие беруде жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере бермейтіні, тіпті ауыл мектептерінде экология пәні жүрмейтіндігіне көзіміз жетті, бұл бір жағынан болса, екінші жағынан ауылда тұратын ұлт өкілдерінің дені қазақтар. Егер жоғарыдағы аталған экологиялық білім бағдарламасын негізге болсақ, онда әр түрлі ұлт өкілдерінің экологиялық бағыттағы салт-дәстүрлерін, экологиялық бағытпен қарым-қатынасын ескере отырып, саясаттан тыс экологиялық мінез-құлқының қалыптасуына жәрдемдесу керек делінген, қазіргі кезде бұл да ескерусіз қалып отырған жағдайдың бірі. Осылардың бәрі ауыл мектебі оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруде өзіндік ерекшеліктері бар екендігін көрсетіп, ғылым мен шын реалды өмірде қайшылықтар болуына байланысты, қайшылықтардың шешімін табу мақсатында, ауыл мектебінің оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруде аймақтың және жергілікті жердің ерекшеліктерін ескеретін болсақ, яғни біріншіден табиғаты, климаты, экологиясы және ауыл шаруашылығы, екіншіден ауылда тұратын ұлт өкілдерінің дені қазақтар болғандықтан, табиғатты қорғап, аялауда саясаттан тыс қазақи мінез-құлық қалыптастыруға негіз болатын ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып "Ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық дүниетанымын қалыптастыру" деген проблеманы зерттеу жұмысымыздың тақырыбы етіп алдық.
Зерттеу мақсаты: Ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық дүниетанымын қалыптастыру үрдісін теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.
Зерттеу міндеттері:
- ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық дүниетаным қалыптастырудың мәнін, моделін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу;
- ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық дүниетанымын қалыптастырудың негізгі моделі жасалып және оның компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін айқындау;
- ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық дүниетанымын қалыптастыру мақсатындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың мазмұндық мүмкіндіктері мен бағыт-бағдарын ауылшаруашылығы материалдары негізінде анықтау;
- ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық дүниетанымын қалыптастырудың нәтижелілігі тәжірибелік-педагогикалық тексерістен өткізіліп, қорытындысын шығару, ғылыми-әдістемелік нұсқаулар ұсыну.
Зерттеу объектісі: Ауыл мектептері оқушыларының агроэкологиялық мәдениеті.
Зерттеу пәні: Ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық дүниетанымын қалыптастыру процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: ауыл мектебі оқушыларының өзін қоршаған ортаға, ауылына, табиғатқа деген аялы сезімін арттырып, туған жерінің табиғатын қорғап, дала шаруашылығын мәдени тұрғыдан көркейтуге деген іс-әрекетін, яғни агроэкологиялық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік туады, егерде:
- ауыл мектептері оқушыларының "агроэкологиялық дүниетанымы" ұғымының теориялық мәні айқындалса;
ауыл мектебі оқушылары «агроэкологиялық тәрбие мен дүниетанымы» ұғымын дұрыс түсініп, оның әлеуметтік-қоғамдық мәнін дұрыс бағалай алса;
- ауыл мектебі оқушыларына агроэкологиялық білім және тәрбие беруде аймақтың және жергілікті жердің ерекшеліктері, дәлірек айтқанда табиғаты мен шаруашылықтары ескерілетін ғылыми-әдістемелік нұсқаулар жасалса;
- ауыл мектептері оқушыларын агроэкологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу үрдісі бүкіл оқу-тәрбие жұмысын қамтитын негізгі компонентер, өлшемдер, көрсеткіштер белгісі ауыл шаруашылығында, шаруа қожалықтарында, іскер орталарда жалғасын тауып, іс-әрекетке ұласса -онда, ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық дүниетанымын қалыптастырудың тиімді жолдары анықталып, жүйелік және іс-әрекеттік аспектілері жүзеге асырылады.
Жетекші идея: ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық дүниетанымын қалыптастыру мақсатында ауыл мектебі орналасқан жердің экологиясы мен шаруашылығын ескере отырып оқу және тәрбие жұмыстарымен үйлесімділік жүйеде жүргізу оқушылардың ауыл туған өлке, табиғатын қорғауға, аялауға деген экологиялық мәдениеттілігін арттырады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: "Адам- табиғат-қоғам" жүйесінің даму заңдылықтары, философиялық, мәдениеттану, педагогикалық, психологиялық гуманистік бағыттағы қонцепциялар (Ы. А. Бердяев, Б. С. Гершунский, В. В. Розанов, К. Роджерс, В. А. Сухомлинский), психологтар мен педагогтардың оқушылардың ерекшелігі және оны қалыптастыру проблемалары жөніндегі қонцепциялар (Б. Г. Ананьев, Л. С. Выготский, О. С. Гребенюк, С. Л. Рубинштейн) .
Зерттеулер оқушыларға экологиялық тәрбие берудің жетекші қонцепцияларына иек артады (И. Д. Зверев, Н. Н. Моисеев, Г. Ф. Суворова, И. Т. Суравегина), агроэкология төңірегіндегі зерттеулер (В. А. Вронский, В. Тишлер, Г. Л. Тышкевич, Н. А. Уразаев), Ю. А. Конаржевскийдің, М. М. Поташниктің, П. И. Третьяковтың басқару қонцепциялары.
Зерттеудің көздері: Президент Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасы, Білім беру туралы Қазақстан Республикасының заңы, Білім беру министрлігінің экологиялық білім және тәрбие беру жөніндегі тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалары, этнопедагогтар мен этнопсихологтардың, экологтардың ғылыми зерттеу жұмыстары және зерттеліп отырған мәселеге байланысты қазақстандық және шетел ғалымдарының - философтардың, тарихшылардың, педагогтардың, психологтардың қазақ халқының шаруашылығы, рухани мәдениеті жөніндегі еңбектері.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектеріне, Қазақстан Республикасының ресми материалдарына, тұжырымдамалар мен бағдарламаларға теориялық тұрғыдан талдау жасау, ауыл мектептеріндегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау, окушылар, ата-аналар арасында сауалнама жүргізу, педагогикалық бақылау, әңгімелесу (ата-аналармен, мұғалімдермен, окушылармен, ауыл ақсақалдарымен), ұсынылып отырған әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін, тәжірибесін жұмыс барысында тексеру, жиналған материалдарды өңдеу.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең : әдіснамалық, ғылыми, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалынды. Зерттеудің тақырыбы белгіленіп, теориялық негізі анықталды. Экология, экологиялық мәдениет, агроэкология, агроэкологиялық мәдениет, халық тағылымы жөнінде ғылыми материалдар сұрыпталды. Жұмыстың ғылыми аппараты айқындалды.
Екінші кезең Негізгі теориялық ойларды анықтау мақсатында іс- тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық дүниетанымын қалыптастыру мақсатында ауылдың аймақтық, шаруашылық ерекшелігіне байланысты білім деңгейлері, оны күнделікті іс-әрекетінде ұтымды пайдалану жолдары қарастырылды. Таңдаулы курстар, факультативтік сабақтар, сыныптан тыс, мектептен тыс агроэкологиялық жұмыстардың бағдарламалары жасалынып, өмірге енгізілді, оны іс-әрекетпен, шаруашылық түрлерімен байланыстыру жолдары қарастырылып экологиялық тәрбие беруге ынталандырудың экономикалық механизмі жасалынды.
Үшінші кезең: педагогикалық тұрғыдан жиналған материалдарға жүйелі талдау жасалынып, сұрыпталды. Зерттеу жұмысымыздың нәтижелілігі тексерілді, ғылыми болжамдар дәлелденді. Тұжырымдар жасалынып, ұсыныстар берілді.
Зерттеудің практикалық мәні:
- ауыл мектебі окушыларының агроэкологиялық мәдениетін қалыптастыруда бастауыш сынып оқушылары үшін "Адам және табиғат" үйірмесінің жұмыс жоспары жасалынып жүзеге асырылды;
"Агроэкологиялық дүниетаным" факультативтік курсының бағдарламасы жасалынып, ауыл мектептерінде жүзеге асырылды;
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық дүниетанымын қалыптастырудың мәні және теориялық моделінің негіздемесі;
- ауыл мектебі окушыларының агроэкологиялық дүниетанымын анықтайтын негізгі компоненттері, өлшемдері және көрсеткіштерінің мазмұндық сипаттамасы;
- ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық дүниетанымын қалыптастыру мақсатында ауыл шаруашылығына байланысты табиғатты қорғау идеясына негізделген этномәдени құндылықтардың тәрбиелік мүмкіндіктерінің мазмұндық сипаттамасы.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі зерттеудің мақсаты мен міндеттерінің ғылыми аппаратқа сай болуымен, зерттеу әдістерінің, тәжірибе-эксперимент жұмыстарының жоспарлы және жүйелі іске асуымен, ұсыныстардың жалпы білім беретін ауыл мектептерінің іс- тәжірибелеріне енгізілуімен, сондай-ақ зерттеудің негізгі мәселелері мен нәтижелері ғылыми-практикалық қонференцияларда талқылануымен қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге енгізу:
Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, әдіснамалық негіздері, зерттеудің кезеңдері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу базасы, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі, қорғауға ұсынылатын қағидалар сипатталады.
"Ауыл мектебі оқушыларының агроэкологнялық дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздері" атты бірінші бөлімде оқушыларға жалпы экологиялық білім мен тәрбие беру негіздері мен тәжірибелері және тарихи даму жағдайлары қарастырылып, үкімет құжаттарына, тұжырымдамаларға сипаттама беріледі. Ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық дүниетанымын қалыптастыру үрдісінің ерекшеліктері теориялық жағынан негізделіп, халықтык құндылықтар негізінде экологиялық тәрбие берудің тарихи-педагогикалық ерекшеліктеріне сипаттама беріліп, оның ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық дүниетанымын қалыптастыру мүмкіншіліктері анықталды.
"Ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық дүниетанымын қалыптастырудың тәжірибелік-педагогикалық жүйесі" атты екінші бөлімде ауыл мектебі оқушыларының агроэкологиялық білім мен тәрбие алудағы бүгінгі жағдайы сипатталып, зерттеліп отырған проблеманың мазмұны мен негізгі жолдары қарастырылады. Ауыл мектептерінде оқыту процесінде және сыныптан тыс жұмыстарда агроэкологиялық дүниетанымын қалыптастырудағы экологиялық жұмыс түрлері, тәрбиелік-танымдық іс-шаралар бағдарламасының мазмұны мен әдістемесі ұсынылып, сынақтан өткізіліп, нәтижелері тексеріліп, ұсыныстар берілді.
Қорытындыда зерттеу тақырыбынын көкейкестілігімен байланысты зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалып, ғылыми- әдістемелік ұсыныстар берілді.
Қосымшада ғылыми зерттеу жұмысына қолданылған анкеталық сауалнамалар, кейбір бағдарламалардың үлгі-жоспары берілген.
1 АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- 1 Оқушылардың жалпы экологиялық және агроэкологиялық мәдениетінің негіздері және тарихи зерттелу жағдайы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың ұсынған 2050 Қазақстан-стратегиялық бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл болінгенін атап өткен жөн. Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын. Аталған құнды құжаттарды басшылыққа ала отырып кез келген мұғалім өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне сай жүргізуі тиіс. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. [1] . Бұл мақсатқа жету үшін жас ұрпақ табиғатты қорғаудың ғылыми негізін игеріп, меңгеруі қажет.
Жалпы үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) «Адам және биосфера» деи аталған бағдарламаны қабылдаудан басталады [2] . Онда алғаш рет халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалып, экологиялық тұрғыдан кең сипатталған болатын. Ал 1971 жылы Швейңарияда Еуропалық қонференция өткізіліп, онда айнала қоршаған табиғи орта және табиғат қорғау мәселелері қарастырылды. 1972 жылы Стокгольмде қоршаған ортаны қорғау жөнінде көпшілікке білім беру туралы қонференция болды. 1977 жылы Тбилиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам шешімдер қабылдап, оның ғаламдық стратегиялық жоспарларын бекітті. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982ж), Беч (1983ж), Мәскеу (1987ж) т. б. қалаларда өткен қонференцияларда жалғасын тапқаны мәлім.
1998 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім және тәрбие берудің ұлттық бағдарламасында": "Қоғамның іргелі құрылымынан қолдау тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды - XXI ғасырдың азаматын қалыптастырады және аса күрделі, әрі шиеленіскен әлеуметтік-экологиялық жағдайда іс- әрекет жасауға үйретеді", - делінген [3] .
Қазақстан Республикасында экологиялық білім берудің тұжырымдамалық негізіне өркениетті елдің өзін-өзі қолдап тұрақты дамуының тұжырымы жатады. Бұл тұжырымның негізі Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырған қоршаған орта және даму "РИО-92" қонференциясында қабылданды [4] . Тұрақты дамудың негізгі ережелерін Біріккен Ұлттар Ұйымы комиссиясы әзірлеп, оны 1993 жылы Сан- Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттері басшыларының бас қосқан қонференциясында мақұлдады.
Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты - ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде окушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен карайтын құндылықты, мінез-құлықты, іс-әрекетті қамтамасыз ету.
Егер оқушыларға жалпы экологнялық білім мен тәрбие берудің тарихи даму жағдайына назар салсақ экологиялық білім берудің теориялық негіздері орыстың табиғат зерттеушілері әрі көрнекті педагог ағартушылары В. Белинский, А. Герцен, Н. Чернышевскийдің есімдерімен тығыз байланысты. Одан соң А. Бекетов, К. Тимирязев, Д. Кайгородов т. б. ғалымдар табиғатты зерттеу мен қорғау туралы мәселелерді көтерді.
XX ғасырдың орта шенінде педагогтар В. Натали, Н. Верзилин, В. Корсунская т. б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып оқытуды ұсынған.
1947 жылдардың өзінде-ақ көпшілікке экологиялық білім беру бұрынғы КСРО бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Белоруссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт-Петербург т. б. ) «Биосфера», «Экология», «Табиғат қорғау» сияқты экологиялық курстар оқу жоспарларына енгізіліп, оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог-ғалымдар И. Зверев, С. Дрябь, Н. Суравегина, А. Захлебный тағы басқалар халықтық оқу жүйесіне экологиялық білім берудің сан қырлы теориялық-тәжірибелік негіздерін ұсынды.
Білімнің барлық салалары сияқты экология да үздіксіз дамып келді, бірақ ол бұдан бұрын бірде тез, бірде баяу дамып, ғылыми мәнге ие болмады. Егер тарихқа жүгінетін болсақ, экология дербес ғылым ретінде шамамен 1900-шы жылдардан бастап қолданыла бастайды. «Экология» терминін 1869 жылы неміс биолоғы Эрнест Геккель ұсынған болатын. Экология сөзбе-сөз аударғанда тіршілік мекені туралы ғылым дегенді білдіреді. Эрнест Геккель «Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді-жануарлардың оны қоршаған органикалық және органикалық емес ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз»-деген анықтама берген [5] . Экология ғылымына берілген көптеген анықтамалар бар. Мысалы, ағылшын экологы Ч. Элтон «Экология - бұл ғылыми-табиғи тарих, жан-жануарлардың экономикасы мен социологиясына байланысты» - десе, Америка ғалымы Х. Б. Одум «Экология табиғаттың структурасы мен функциясын зерттейтін сала» - дейді.
Отандық экологтардың бірі А. С. Данилевский: «Экология экологиялық жүйелердің құрылымы мен қызметі туралы және олардың гомеостазисін қамтамасыз етуші механизмдер туралы ғылым» деп анықтама берген.
Атақты эколог И. Д. Зверев «Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты оқушылардың қоршаған ортаға жауапкершілік пен іскерлік қатынасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми білімдер, көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру» - деп көрсетеді [6] .
Ал үлкен кеңес энциклопедиялық сөздігінде: «Экология - өсімдік пен жан-жануарлар организмдерінің қарым-қатынасы мен олардың іске асыратын қоғамдастықтарының өзара және қоршаған ортамен байланысы» - деген анықтама берілген.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде «Экологиялық білім беру деп жеке адамның ғылыми-білімдер жүйесі мен практикалық іскерлігін, өзін- өзі ұстау, қызмет істеуге байланысты бағдар алатын игіліктерін, қоршаған әлеуметтік табиғи ортаға жауапкершілігін қалыптастыратын, білім, тәрбие беру, дамытудың үздіксіз процесі» - делінген. Экология түсінігі өте ауқымды, сондықтан кай қырына баса мән берілуіне қарай, оның анықтамаларының тұжырымдалуы да өзгеріп отырады. Жалпы алғанда эколог-ғалымдардың экологиялық білім беру мәселесі туралы түсініктерінде бір-бірінен кереғар алшақтық байқалмайды.
Дегенмен осы заманғы зерттеушілердің басым көпшілігі экология- организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп есептейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz