Орталық жүйке жүйесінің туралы



1. Ми бөлімдері және оның құрылысы.
2. Сопақша ми, оның рефлекторлық және автоматикалық орталықтары.
3. Мишық және оның құрылысы.
4. Үлкен ми сыңарларының негізгі эволюциясы.
ОЖЖ-сі дегеніміз адам мен омыртқалы жануарлар жүйкесінің жұлын мен мидан құралған бөлімі. Ол жеке торшалардың, ұлпалардың, мүшелердің қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. ОЖЖ-сі ішкі және сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру арқылы организмді қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына бейімдейді, жеке мүшелер мен бүкіл организмнің күрделі әрекетін басқарып, түрлі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.
Орталыққа тепкіш өткізгіш жалдар сыртқы немесе ішкі орта әсерін қабылдайтын рецепторлардан импульстерді мидың әртүрлі құрылымдарына жеткізеді. Оларға жіңішке және сына тәрізді шоғыр, латеральдық және вентральдық жұлын-таламустық жол, дорсальдық және вентральдық жұлын-мишық жолы жатады.
Жіңішке және сына тәрізді шоғырлар (Голл және Бурдах жолы) жұлындық түйіндердің сезімтал нейрондарының өсінділері болып табылады, үлпекті талшықтардан құралады, Қозу импульсін 60-100 н/сек. жылдамдықпен өткізеді. Бұл шоғырдын қысқа аксондары өз сегменттерінің мотонейрондарымен және аралық нейрондарымен синапстық байланыс түзеді де, ұзын аксондар сопақша миға бағытталады. Жол жөнекей ұзын аксондар жұлынның жоғарырақ орналасқан сегменттеріне тармақтар бере отырып, сегментаралық байланыс түзеді.
Жіңішке шоғыр талшықтары арқылы дененің артқы бөліктері мен аяқтардан, ал сына тәрізді шоғыр арқылы- дененің алдыңғы бөліктері мен қолдардан (алдыңғы аяқтардан) келетін импульстер өткізіледі Аталған шоғырлар талшықтары жұлынды бойлай өз жақтауымен сопақша мидағы Голл және Бурдах ядроларында аяақталады. Осы жерде
олар екінші нейронмен синапс түзеді. Ал, екінші нейрон аксондары осы сопақша ми деңгейінде айқасып қарсы бетке өтеді де, таламустың арнаулы ядроларында аяқталады. Осы жердегі үшінші нейрон өсінділері үлкен ми жарты шарлары қыртысының IV- қабатының нейрондарында аяқталады. Жалпы бұл жол арқылы тітіркендіргіштердің әсер еткен аумаған, олардың мерзімдік сипатын ажыратуға мүмкіндік беретін айқын сигналдар өткізеді.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Орталық жүйке жүйесі.
Лекцияның жоспары:
1. Ми бөлімдері және оның құрылысы.
2. Сопақша ми, оның рефлекторлық және автоматикалық орталықтары.
3. Мишық және оның құрылысы.
4. Үлкен ми сыңарларының негізгі эволюциясы.
5. Лекцияның мақсаты:Студенттерге ортаңғы ми құрлымдары және олардың қызметі мен таныстыру.
Лекцияның мазмұны: Жұлынның өрлеу жолы, немесе орталыққа тепкіш жолының қызметімен жіктелуі.
1. Үлкен ми жарты шарлары қыртысының қызметі.
2. Сопақша мидың қызметі.
3. Артық ми құрлымдарының қызметі.
4. Мишық оның құрлысының ерекшелігі.
5. Аралық ми таламус әр түрлі эфферентті жүйелердің импульстер коллекторы.
6. Ортаңғы ми құрлымдары және олардың қызметі.
ОЖЖ-сі дегеніміз адам мен омыртқалы жануарлар жүйкесінің жұлын мен мидан құралған бөлімі. Ол жеке торшалардың, ұлпалардың, мүшелердің қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. ОЖЖ-сі ішкі және сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру арқылы организмді қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына бейімдейді, жеке мүшелер мен бүкіл организмнің күрделі әрекетін басқарып, түрлі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.
Орталыққа тепкіш өткізгіш жалдар сыртқы немесе ішкі орта әсерін қабылдайтын рецепторлардан импульстерді мидың әртүрлі құрылымдарына жеткізеді. Оларға жіңішке және сына тәрізді шоғыр, латеральдық және вентральдық жұлын-таламустық жол, дорсальдық және вентральдық жұлын-мишық жолы жатады.
Жіңішке және сына тәрізді шоғырлар (Голл және Бурдах жолы) жұлындық түйіндердің сезімтал нейрондарының өсінділері болып табылады, үлпекті талшықтардан құралады, Қозу импульсін 60-100 нсек. жылдамдықпен өткізеді. Бұл шоғырдын қысқа аксондары өз сегменттерінің мотонейрондарымен және аралық нейрондарымен синапстық байланыс түзеді де, ұзын аксондар сопақша миға бағытталады. Жол жөнекей ұзын аксондар жұлынның жоғарырақ орналасқан сегменттеріне тармақтар бере отырып, сегментаралық байланыс түзеді.
Жіңішке шоғыр талшықтары арқылы дененің артқы бөліктері мен аяқтардан, ал сына тәрізді шоғыр арқылы- дененің алдыңғы бөліктері мен қолдардан (алдыңғы аяқтардан) келетін импульстер өткізіледі Аталған шоғырлар талшықтары жұлынды бойлай өз жақтауымен сопақша мидағы Голл және Бурдах ядроларында аяақталады. Осы жерде
олар екінші нейронмен синапс түзеді. Ал, екінші нейрон аксондары осы сопақша ми деңгейінде айқасып қарсы бетке өтеді де, таламустың арнаулы ядроларында аяқталады. Осы жердегі үшінші нейрон өсінділері үлкен ми жарты шарлары қыртысының IV- қабатының нейрондарында аяқталады. Жалпы бұл жол арқылы тітіркендіргіштердің әсер еткен аумаған, олардың мерзімдік сипатын ажыратуға мүмкіндік беретін айқын сигналдар өткізеді.
Латеральдық жұлын-таламус жолы ауырсыну және температуралық әсерлерді, ал вентральдық жұлын-таламус жолы - тактильдік (жанасу) әсерді өткізеді. Кейбір деректерге қарағанда бұл жолмен проприо- және висцерорецепторларда туындаған импульстер де өткізіледі. Қозу толқынының өту жылдамдығы 1-30 мс құрайды. Бұл жолдың бастапқы талшықтары не өздері енген сегментте аяқталады, не айқасып, қарсы бетке өтіп, не өздері жұлынға енген жағымен бірнеше сегментті бойлай өрлеп, қарсы беттегі нейрондармен жалғасады. Бұл нейрондардан басталған аксондар көру төмпегінде (таламуста) аяқталады. Таламус нейрондарының аксондары үлкен ми жарты шарлары қыртысыңда аяқталады. Жұлын-таламус жолы арқылы тітіркендіргіштердің сапалық сипаты жайлы ақпарат алынады.
Дорсальдық жұлын-мишық жолын немесе Флексиг шоғырын, жұлынның дорсальдық мүйізінде орналасқан нейрондар аксоны құрайды. Бұл жол талшықтары айқаспай өз беткейімен мишыққа барады, қозу импульсін 110 мс жылдамдықпен өткізеді. Бұл жолмен аяқ - қол еттері мен буын байламдары рецепторларынан тарайтын импульстер өткізіледі.
Вентральдық жұлын-мишық жолы, немесе Говерс шоғыры, жұлынның дорсальдық мүйізіндегі нейрондар аксондарынан құралып, импульстерді 120 мс жылдамдықпен мишықтың дененің қарсы беткейіндегі жартысына жеткізеді. Бұл жол сіңірден, тері мен ішкі рецепторлардан тараған импульстерді өткізеді, дене қимылдарын қамтамасыз етіп, дене кейпін бақылауға мүмкіндік береді.
Ми жарты шарлары мидың ең жоғары және филогенездік тұрғыда ең жас бөлімі. Сыртынан ол жалпы қалыңдығы 1,5-4,5 мм шамасын құрайтын сұр затпен қапталады. Оны үлкен ми қыртысы деп атайды. Ми қыртысы мидың ең күрделі құрылымы, ол түрлі сенсорлық тітіркеністерді қабылдап, өңдеп, әрекеттерді қалыптастыратын сигналдарды тудырады, организмнің күрделі мінез-қылығын үйлестіріп, бағыттап отырады.
Морфологиялық тұрғыдан ми қыртысы орасан көп (12-18 млрд.) нейрондардан, олардың өсінділері мен синапстардан, нейроглия торшаларынан құралған. Ми қыртысын құрайтын нейрондар пішімі мен қызметіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олардың бірін пирамидалық торшалар құрайды. Олар ми қыртысы беткейінде вертикаль (тігінен) орналасады және үшбұрыш пішіндес келеді. Бұл торшалардан жоғары қарай Т-тәрізді тармақталған дендрит, ал төменгі табанынан аксон басталады да, ол ми қыртысының басқа аймақтарына бағыталатын, немесе қыртыстан басталатын, төмендеу жолына қосылады.
Қыртыс нейрондарының келесі тобын майда жұлдызша торшалар құрайды. Олардың өсінділерінен қыртыстық байланыстар түзеледі.
Нейрондардың үшінші тобын шүйкелі (ұршық тәрізді) торшалар түзеді. Олардың аксондары горизонтальды не тік бағытта жайылады. Аталған нейрондар топтарының денесі мен өсінділері белгілі ретпен орналасады да, ми қыртысын алты горизонтальды қабатқа бөледі. Олар сыртқы молекулалық қабат, сыртқы дәнді қабат, сыртқы пирамидалық торшалар қабаты, ішкі дәнді, ішкі пирамидалық торшалар қабаты және әртекті (полиморфты), немесе шүйкелі, торшалар.
Анатомиялық тұрғыдан ми қыртысы төрт бөлікке - маңдай, төбе, шүйде және самай, бөлінеді. Бұл бөліктердің әрқайсысы сезімтал, (проекциялық) және жалғастырушы аймақтарға бөлінеді. Ми қыртысының арнаулы афференттік жолдар тірелетін жерлерін сезімтал (проекциялық, сенсорлық) аймақ дейді. Оларға соматосенсорлық (төбе бөлігінде), көру (шүйде бөлігінде), есту (самай бөлігінде) дәм сезу (төбе бөлігінде) аймақтары жатады.
Жалғастырғыш (ассоциативтік) аймақтар үлкен ми жарты шарларының маңдай, самай, төбе, шүйде бөліктерінде орналасады. Бұл аймақтар импульстерді не сезімтал аймақтардан, не басқа жалғастырғыш аймақтардан қабылап отырады.
Ми қыртысының қозғағыш аймақтары бұлшық ет әрекеттерін басқарады. Олар алдыңгы орталық иірімде және ми қыртысынын медиальдық беткейінде орналасады.
Сопақша ми - ми сабағының (бағанының) маңызды құрылымдарының бірі. Ми сабағы деген атпен сопақша ми, көпір, ортаңғы және аралық ми құрылымдарын біріктіреді. Ми сабағының ішінде тармақталған тор түрінде торлы құрылым, немесе ретикулярлы формация, орналасады.
Адам мен барлық омыртқалы жануарларда сопақша ми жұлынының жалғасы болып табылады, сондықтан онда жұлынға тән қарапайым сегменттік сипат сақталады, Сопақша миға да жұлын тәрізді рефлекстік және өткізгіштік қызмет тән.
Сопақша мида нейрондар шоғырланып, ерекше құрылым - ядролар пайда болады. Ядролар әр түрлі рефлекстік қызметтердің орталығы болып табылады. Сопақша ми жұлын мен өз ядроларынан басталатын ми жүйке тамырлары арқылы дененің барлық бөліктерімен байланысады. Он екі жұп ми жүйке тамырларының сегіз жұбы (V-ХІІ) осы сопақша мидан бастау алады. Олар үштармақ, әкеткіш, беттік, есту, тіл-жұтқыншақ, кезеген, қосымша және бұғақтық (тіл асты) жүйке тамырлары. Сопақша мида тыныс алу, жүрек қызметін реттеу орталықтары, тамыр қозғағыш орталық, көмірсулар алмасуын реттеу, ему, шайнау, сілекей бөлу, жұту, қарын, ұйқы безі сөлін бөлу орталықтары, жөтелу, тушкіру рефлекстерінің орталықтары, Дейтерс ядросы және басқа тірішліктік маңызы зор орталықтар орналасқан. Сонымен қатар, сопақша мида бас еттерінің, көздің, ішкі құлақ шытырмағының (лабиринтінің) афференттік жүйкелерінің орлалықтары орналасады.
Сопақша ми вегетативтік қызметтер мен қанқа еттері тонусын реттеуге қатысады. Бұлшық ет тонусын реттеуде Дейтерс торшалары маңызды рөл атқарады. Сопақша ми мен ортаңғы ми арасын тіліп, Дейтерс торшаларының қызыл ядромен байланысын үзсе, жануарларда децебрациялық сіреспе (ми сіреспесі) деген атпен белгілі құбылыс байқалады. Мұндай жағдайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық жүйке жүйесін әлсірететін заттар
Орталық тежелудің рефлекторлық механизмдері
Шартсыз рефлекстердің классификациясы
Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері
Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері
Жүйке жүйесінің дамуы
Жасуша денесі
Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы
Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым
Психиканың жалпы сипаттамасы
Пәндер