Қожа Ахмет Ясауи



Қожа Ахмет Ясауи өмірбаяны
Қожа Ахмет Йасауи ескерткіші.
Қожа Ахмет Ясауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Ханизидің «Жеваһирул-Әбрар-мин Әмважил-Биһар» атты кітабында Ахмет Ясауидің туған жері толық таратылып былайша жинақталды: Ахмет Ясауи Түркістан өлкесіндегі Ақсу уезіне қарайтын және Ақсудан 176 шақырым қашықтықтағы солтүстік шығысында орналасқан Сайрам қаласында туған. Ахмет Ясауидің қай жылы туылғаны анық белгілі болмаса да, өмір сүрген уақыты шамамен X ғасырдың (Хижра жыл санауы бойынша) орта тұсына сәйкес келеді деп жорамалдай аламыз. Ахметтің әкесі Шайық Ибраһим Сайрамның ең атақты ғұламаларының бірі болған, ол ұстазы Мұса шайықтың қызы Айшаға (енді бір деректерде Қарашаш делінеді) үйленген және одан Гауһар Шаһназ есімді қыз бен одан он жастай кіші Ахмет дүниеге келген. Өз аты – Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Иасауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ, нақтылық үшін айтсақ, Иасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда, Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптенбалауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфаһан, Бағдад шаһарларынан ұстаздар жалдап үйретеді.
Ата-анасы баласын Бұхарадағы медресеге оқуға жіберген. Жастайынан әкесінен айырылған Ясауи Бұхарада Жүсіп Хамаданидің мүриді болады. Осымен оның білім алуы тамамдалып, сопылықтың «ақиқатты тану жолына»үйрету хұқығына рұқсат – «иршад» алып Ясы қаласына келеді. Ақынның туған жылы дәл айқын емес, ал 1166 жылы қайтыс болған. Зерек баланы атақты сопы Арыстан Баб өзіне шәкірттікке алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А.Ясауи. Диуани хикмет. Алматы. 1993 жыл.
2. «Ай, заман-ай, заман-ай». «Жазушы». 1991 жыл.
3. Аға Ахмед Әли Ахмед.Рисала Теране. Калькутта. 1867 жыл.
4. Ә.Нысанбаев, Ғ.Есімов. Қазақ философиясы және оның проблемасы. 1992 жыл.
5. W. Bartold. Turkestan down to the Mongol invаsion. шығарма.
6. Иасауи Қ.А. Хикмет жинақ. Алматы: ЖШС «Жалын», 1998.
7. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. – Алматы: Рауан, 1995.
8. Жолдасбекұлы М., Салғараұлы Қ., Сейдімбек А. Елтұтқа. – Астана:
KUL TEGIN, 2001.
9. Қазақтар. ІІ том. Тарихи тұлғалар. – Алматы: «Білік», 2003.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи
Қожа Ахмет Ясауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша
орыны бар ұлы ақын. Ханизидің Жеваһирул-Әбрар-мин Әмважил-Биһар атты
кітабында Ахмет Ясауидің туған жері толық таратылып былайша жинақталды:
Ахмет Ясауи Түркістан өлкесіндегі Ақсу уезіне қарайтын және Ақсудан 176
шақырым қашықтықтағы солтүстік шығысында орналасқан Сайрам қаласында туған.
Ахмет Ясауидің қай жылы туылғаны анық белгілі болмаса да, өмір сүрген
уақыты шамамен X ғасырдың (Хижра жыл санауы бойынша) орта тұсына сәйкес
келеді деп жорамалдай аламыз. Ахметтің әкесі Шайық Ибраһим Сайрамның ең
атақты ғұламаларының бірі болған, ол ұстазы Мұса шайықтың қызы Айшаға (енді
бір деректерде Қарашаш делінеді) үйленген және одан Гауһар Шаһназ есімді
қыз бен одан он жастай кіші Ахмет дүниеге келген. Өз аты – Ахмет, есімінің
алдындағы қожа мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай
берілген атау, ал соңындағы Иасауи ақынның қай жерден шыққандығын
көрсетеді. Бірақ, нақтылық үшін айтсақ, Иасы қаласы оның туған жері емес,
жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен
жері. Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда, Ахметтің әкесі өз
заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптенбалауса, бүлдіршін Ахметке
араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфаһан, Бағдад шаһарларынан ұстаздар
жалдап үйретеді.
Ата-анасы баласын Бұхарадағы медресеге оқуға жіберген.
Жастайынан әкесінен айырылған Ясауи Бұхарада Жүсіп Хамаданидің мүриді
болады. Осымен оның білім алуы тамамдалып, сопылықтың ақиқатты тану
жолынаүйрету хұқығына рұқсат – иршад алып Ясы қаласына келеді. Ақынның
туған жылы дәл айқын емес, ал 1166 жылы қайтыс болған. Зерек баланы атақты
сопы Арыстан Баб өзіне шәкірттікке алады.

Жеті жаста Арыстан Бабқа қылдым сәлем...
Осы халде мың зікірін қылдым тәмем...
Құрма беріп, басымды сипап назар қылды...
Мектеп барып, қайнап толып, тасыдым, міне, –

деп жазады бұл туралы кейін Ахмет Йасауи.
Арыстан Баб дүниеден өткен соң, ол Бұхара қаласына барып, Жүсіп
Хамаданидің діни медресесінде оқиды. Мұны тамамдаған соң, біраз жыл сонда
(Хамадани қайтыс болған соң) қалып, медресені басқарады. Бұдан соң ол
сопылық жолдың ащы-тұщысын да татып, хақ дидарына ғашық болған ғаріптерімен
көптеген қалаларды аралайды [1,12].
Тағы бір деректе жас Ахметтің зеректігі мен алғырлығына қызыққан бір
ғалым Иранға алып келіп оқытқан деген де сөз бар. Шығыстың дін орталықтары
мен ірі-ірі қалаларын, тұрмысы мен кәсіп тіршілігін көзбен көрген жас жігіт
өзінің білімі мен түсінік танымын кеңейтеді, өмірге деген өз көзқарастарын
қалыптастырады.
Ахмет он алты жасында-ақ болашақ ақын шығыс поэзиясын, әдебиетін,
фәлсафасын жетік меңгереді. Он жеті жасқа толған соң, ақын туған жері
Түркістанға оралады. Он жеті жасынан бастап өзі өлең жаза бастайды. Өз
жырларын Шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шайырлар секілді
араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Ахмет
ел ішінде әділдігімен де аты шыққан адам [3,74].
Қожа Ахмет Иасауидің екі ұлы, екі қызы болыпты. Бір ұлы Ташкент
қаласында жерленген. Ал екінші ұлын аңыздарға қарағанда, Сүйір деген егін
еккен ел қастықпен өлтірген делінеді. Бір қызының аты – Жамал, екіншісі –
Гауһар. Гауһардың күйеуі - Әли қожа. Осылардан тараған Иасауи әулеті екі
жүзге жетсе керек. Академик В.А.Гордиевскийдің жазуына қарағанда, Қожа
Ахмет Иасауидің ұрпақтары Заравшан өңірінің Жабу, Тоғайкөл, Тоқшы деген
қыстақтарында тұрып, өздерін қожамыз деп санайтын әулеттен ғана қыз
алысып, ыз беріскен көрінеді

Ясауидің сопылық жолы
Біз Ахмет Ясауидің алғашқы сопылық тәрбиені әкесі Ибраһим мен анасы
Қарашаш Анадан алды деп білеміз.Ясауи мәдениеті тұрғысынан Ибраһим шайх
қаншалықты маңызды болса, Қарашаш Ана да соншалықты маңызды.
Әзрет Сұлтанның бойындағы құпия күшті оятуғасебеп болған жеті жасында
Ясауиді тапқан Арыстан Баб болатын. Арыстан Баб Ясауиге болмыстың ең
тұңғиығынан сүзіп алынған Мұхаммедтің Құттыхикметінен үлес береді.Оның
хикметтерінде Арыстан Баб туралы жиі кездеседі. Бұдан да Арыстан Бабтың
Ясауиге деген ықпалының қуатты болғандығын көруімізге болады. Ол Арыстан
Бабтың тәрбиесінде хәл ілімінің тәлімін алып, кейінгі пірлерінен де
діннің сыртқы ақиқатын үйренген тәрізді. Яғни, қал, мантық,калам және
т.б.ғылымдарын ұлы фахреддин Разиден, сопылық ілімді де Жүсіп Хамаданиден
алған.
Ахмет Ясауидың сопылық дүниетанымының ерекшелігі мен өскен ортасын түсіну
үшін оның хикметтеріне үңілу керек. Оның хикметтерінен Ясауи жолының
бастауын тікелей Қасиетті Құран мен Алланың елшісі Хз. Мұхаммедтің
хадистерінен алғандығын көреміз. ОЛ алғашқы хикметтерінде-ақ “Талитерге дүр
мен жаухар шаштым міне” деп, Құран мен хадистің мәнін ақтарған.
Ахмет Ясауидің “пір мұған ” яғни, жол көрсетушісі, “Аты көркем, өзі көркем
Мұхаммет” болатын.
“Бихамдуллах пир-и мұған май ішкізді,
Пир-и мұған Хақ Мұстафа бишек білгін”.
Оның хикметтері Хз.Мұхаммедке деген мақтауларға толы екендігін айтуымыз
керек. Хз.Мұхаммедке Миражда да серік болған, кейіннен “Тәңіадің арыстаны”
атанған Али болса Қожа Ахмет Ясауидің қолдаушысы:
“Миражда да жар болған шер-и Худа Алидур”.
“Қожа Ахметке қолдаушы Шер-и Худа Алидур”.
Арыстан Баба – Қожа Ахмет Ясауиге Хз.Мұхаммедтің аманатын тапсырушы
ұстазы. “Хақ Мұстафаның аманаты”-Аллаға барар жолдың бағыты анықтайтын
негізгі қуат көзі.
Зиннун Мысри да Ислам сопылық дүниетанымындағы ең атақты суфилердің бірі.
Хикметтерде “Хақ жолында болды Зиннун Мысри” деп Йасауи атамыз оны
танытып өткен.
Маруф Кархи бұл да сопылықтағы ең мәшхүр әулиелердің бірі. “Маруф
сияқты бұл жолдарға қадам бассаң”, -деген хикметтерде , ол ірі
ұстаздардың қатарында айтылады. Маруф өз әкесін мұсылмандыққа
шақырған адам. 815 жылы Бағдатта қайтыс болған.
Ибрахим Етхемнің Аты хикметтерде Жиі кездеседі. Балхтың сұлтанының
баласы болатын. Тағын, байлығын тастап Алла Жолына түсті. Бұл да
сопылық тарихындағы ең ірі тұлғалардың бірі. 782 жылы қайтыс болған.
“Алла зікірі көңілдерге шаттық берер ,
Балхты тастап , аба киген Етхемдей ер”,
“Шын ғашықтар жанынан кешер,
Етхем Сияқты таратып шашар малын да,
Дүние Мен ақыретті жоқ Санап Етхем Сияқты”.
Бишри Хафи 890 Жылы Қайтыс БОлған суфи.
“Суфи керек ішін тазалап саф қылған,
Құлдық қылып, Бишри Хафи секілді”
Баязид Бистами де 848 жылы қайтыс болған суфи. Оның аты
хикметтерде көп ұшырасады:
“Баязиттей ғашық бол, дүниеден өт”,
“Баязиттей түнде тұрып , көңіліңді аш”.
“Шайх Баязит жетпіс рет өзін сатты”.
Ал, Хасан Басир үшін хикметте аз және саз айтыдған:
“Нәпсіні тепті, жоқ етті Хасан Басри”. Хасан Басри 728 Жылы қайтыс
болған суфи.
Жунайд Бағдади 910 жылы қайтыс болған. Ол туралы Хикметте:
“Тура болған, саф болған Жунайд, Шибли”;
“Жуанайд сияқты шөлді кезіп, дертті бол”.
Шибли 945 жылы қайтыс болған. ОЛ туралы:
“Шиблидей ғашық болып, зікір салсам”, - дейді.
Соңында Мансұр Ал-Халлаж. ОЛ –Хикметте Арыстан Бабадан кейін ең көп
аты аталған әулие.
“Мансұрай боп, басты қойып ғашық дарына
Заты ұлы Ием, сыйынып келдім саған”
“Мансұрдай боп жаннан кешіп, дарға қойсам
Дар үстінде жаннан кешіп “Хақпын”демес”.
“Тариқаттың базарынан нәсіп алсам,
Мансұрдай боп, “Ана-ал-Хақ” деп жолға түссем”.
“Ла-Ла”деп, илла Аллаға тұтқын бол,
Мансұрдай боп “Анна-ал-хақты” ізде,
“Мансұр айтар: “Ана-ал-хақ”, ерендердің ісі деп,
Молдалар айтар: дұрыс емес, көңіліне кірбең кеп”.
“Шайх Мансұр өз басын дарда көрді,
Нұрға толды, Хақ Дидарын онда көрді”.
“Жағамды ұстап, Хазретіңе сыйынып келдім,
Ғашықтық есігінде Мансұрдай болдым, міне”.
“Ғашық Мансұр “Ана-ал- Хақты” тілге алды,
Жәбірейіл келді, “Ана-ал-Хақпен бірлікте” деді”.
“Ана-ал-Хақтың” мағынасын надан білмес,
Дана керек бұл жолдарға нағыз мерттер.
“Біле алмады молдалар “Анна-ал-Хақтың” мағанасын,
“Қал ” иелеріне “Хал ілімінен Хақ нәсіп бермеді”.
Шайх Мансұрдың “Ана-ал-Хақ” дегенінде үлкен мән бар. “Диуани
Хикметтегі” Ясауи жолына қарасаңыз, Қасиетті Құраннан, Хз. Мұхаммед
Пайғамбардан, Али Шерден, Мансұрдан және Арыстан Бабадан бері келе
жатқан Сара жолды көруімізге болады.
Міне, Қожа Ахмет Ясауи жолы- осы сопылық жол.
Ясауидің өмірі мен шығармашылығы VIII-XIII ғ.ғ.
аралығында Мұсылмандық Ренессанстың (қайта өрлеу) шағылған сәулесі
(Н.Конрад) деп аталған ерекше кезеңде өтті. Үнді және Орталық Азия
әлемінде бұл көрсетілген кезеңінде әдебиет пен ғылымның, мәдениет пен
өнердің, философиялық ой-пікірдің дамуына тікілей әсер еткен ақыл ой
төңкерісі болды. Мұсылмандық Ренессанс атақты ақын, ғалым, философ, ойшыл
Рудаки, Әл-Фараби, Фирдоуси, Ибн Сина, Баласағұн,А.Ясауи,Омар Хайям, Махмұт
Қашқари, Ахмет Югнеки сынды даналар тобын берді. Аталғандар ішінде Ясауидің
алатын орны айрықша. Ясауи дүниетану жағынан сопылық бағытта.
Ахмет Яссауидің ашқан және аштырған теккелері, жетілдірген мүридтері мен
алып ерендері арқылы Орта Азиада және Волга жагалауындағы кең өлкеде өмір
сүрген, түріктер арасында бірлікті, турік ислам гасавпуф әдебі мен
негіздерін уйретуде "бірлік бар жерде тірлік бар" екенін дәлелдеген. Ахмет
Яссауи, адамды жетістікке жеткізу мақсаты.мен иршадтарын, сөздерін,
пікірлсрін ислам дінінің негіздерін және өзі кұрған тарикаттың әдебі мен
рүкіндерін үйрету мақсатында халық әдебиетінің алып, буын өлшемімен таза,
халықтың өз тілі түрік тілінде өлең жолдарын жазған.
Хикмет деп аталатын бұл өлендері манайындағы мүридтері
арқылы кағазға түсіріп, колдан қолға, ауыздан ауызға, ұрпақган ұрпаққа,
шәкірітері мен доруіштері арқылы алыстағы көшпенді түріктерге де жеткен.
Кейін бұл хикметгер жинақгалып, "Диуани Хикмет" атымен қолжазба шығармалары
дүниеге келді. Құран Кәрімде "Хикмет" сөзі ақыл, білім, магрифат, хаклқат
деген мағыналарға келеді және Аллаһ қалаған қулына осындай құндылықтарды
бере отырып, оны жоғарғы ұлы дәрежеге жеткізетінін хабарлайды. Ахмет Яссауи
де осындай ұлы орынға жеткен Аллаһ достарының бірі.
хабарлайды. Ахмет Яссауи де осындай ұлы орынға жеткен Аллаһ достарының
бірі.
Диуани Хикметге Аллаһка ғашықтық, Құдайдың бірлігі, шексіз құдіреті, даңқы
мен рақымдылығы, Хз .Мұхамметтің шариғаты мен сүннеті, зуһд және тақуа,
ислам ахлақы, ислам аңыздары, құлшылық және ахирет әмірі, қияметтің
жағдайы, жаннат пен жаһаннамды суреттеу ислам сопыларының киссалары, зікір,
қылует, Яссауи тарикатының әдебі мен негіздеріне қатысты тақырыптар
баяндалады.
Диуани Хикметте Қудайды адамды ең жақсы болмыс етіп жаратканы, бүкіл
кемшіліктеріне қарамастан, оны жер бетіндегі өзінін халифасы еткені
баяндалады. Онда адамнын адамгершілігнің пайда болуында және дамуында
негізгі рөл ойнайтын элемент адамның өзімен, коршаған ортасымсн, адамдармен
және Аллаһпен болған қатынасына байланысты болғанын түсіндіреді. Бұл үшін
адамның алдын өзін тануы үшін күреске тусуі керек.
Өзін білген хақты білер, Құдайдан қорқып ынсапқа келер.
Диуани Хикметте шексіз барлыққа жетуде нәпсіден бас тартпастан Хаққа
жетудің жолы жоқ екенін түсіндіреді.
Құл Қожа Ахмет нефсини тифтим, нсфеини нифтим, Айдын қийин жананымны излеп
таптым.
Диуани Хикметке нәпсі жолына кірген адамның жаман болатынын, нәпсінің
етегін ұстап кеткендердің адасатынын және Хакты іздеуде ұлкен кедергілерге,
душар болатынын түсіндіреді. Нефс иолыға қирген киши рузуа болур.
Иолдын азып тозуп, гумрах болур, Иатса капса шайтан биле хамрах
болур.
Нефсини типкил, нефсини типкил ей бедкирдар,
Диуани Хикметте Хз.Пайғамбар шаһи нурдан бір нүр және кайрымды адам болып
суреттеледі.
Диуани Хикметте адам өз менменшілдігін жойып, жаннан (нәпсі) өзінен
бастартуылы ұсынады.
Диуани Хикметте дүкен, базар, сауда сияқты сөздерді сүйіспсншілікпен
байланыстырады. Ғашық базары, ғашық дукені және ғашық саудасы сияқты
белгілермен адам суйіспеншілігі Аллаһ сүйіспсншілігімен негізделеді. Яғни
Аллаһ ризашылығын алу үшін суйіспеншілік саудасын жасасаныз.
сүйіспеншілікпен туып, сүйіспеншілікпен өссеңіз, сонда сүйіспеншілігіңіз
қандай жақсы болар еді - дейді.
Диуани Хикмегге адам құдайга жету үшін, өз непсінін елтіру, сол арқылы
Хақка жетуге болатынын үйретеді. Хақ тағала мен тікелей бір вуслатқа,
мушаһедеге жетудің жолдары менмендікті жойып, онын орнына жананнан, өзінен
бас тарту керек екендігін ұсынады.
"Диуани хикмет" кітабындағы "зікір" сөзі – құдайды мадақтап айтылатын
өлеңдер.
Арыстан Баб (тегі араб) қожалар дәстүрімен мұсылманшылықты насихаттаған
аса ірі сопы болумен бірге, араб, парсы тілдерін жетік білген, оны сүйікті
шәкіртіне үйреткен. Ұстазы жеті жасында қайтыс болып, одан сопылық қызмет
етуге тәбәрік (бата) алған Ахмет Йасауи он жасынан он жетіге дейін
тақуалықпен өмір сүріп, пәк тіршілігімен, әулиелік қасиеттерімен, ізгілікті
істерімен аты шығып, ел аузына ілінеді. Бұл жылдары шет жерлерде мұсылман
ілімін оқып жетік меңгерген ол он жеті жасында Арыстан бабтың нағыз жолын
жалғастырушы ретінде елге танылып, Түркістанға қайта оралады.
Алайда Арыстан Бабтың нағыз орнын басуға лайықты болу үшін және сопылық
қызметке білімінің әлі де жеткіліксіз екенін біліп, ол 1110 жылы жиырма
жеті жасында сол кездері білім ордасы болған Бұқар (Бұқара) қаласына оқуға
аттанады. Онда атақты ғұлама мектеп жетекшісі Хамаданиді өзіне "пірім" деп
таниды ("пір" – парсы сөзі, жетекші деген мағынаны береді).

Мен жиырма жеті жаста пірді таптым...
Мен жиырма сегіз жаста ғашық болдым...
Отыз төртте ғалым болып, дана болдым...
Отыз бесте мешіт кіріп, дәурен сүрдім...
Отыз алты жаста болдым сақып кемел..., –

дейтін "Хикмет" жолдарында Йасауидің Хамадани мектебінде "ғашық", "ғалым",
"сақып кемел" сияқты ілім сатыларын, лауазымдарын меңгергені туралы
айтылады. Сөйтіп, ол отыз алты жасында сақып кемел болып, Хамадани
мектебінің сопылық оқуын толық аяқтайды, өзіндік мектеп ашуға хұқысы бар ең
жоғарғы лауазымға ие болады, 1119-1120 жылдары Түркістанға оралады.
Йасауи – өз заманының өкілі. Оның өскен ортасы, тәлім-тәрбиесі ислам
діні болып, діни-философиялық дүниетанымы ислам аясындағы сопылық ілім
негізінде қалыптасты. Сопылық идеялар ислам дінінің мазмұнын әр халықтың
өзіндік болмысымен, тұрмыс-салтымен үндестіруді уағыздады, ортақ мүдделерді
біріктіре отырып, оларды мұсылмандық жолға бағыттады. Яғни, сопылық ілімде
мұсылман діні жергілікті халықтардың дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, сенім-
нанымдарын, бұрыннан қалыптасқан діндерін жатсынбай өз бойына сіңіре
отырып, оларды бұқара халыққа мұсылмандық қалыпта ұсынып отырды. Осындай
діни философияның бір мектебін қалаған Қожа Ахмет Йасауи сопылық ілімнің
түркілік дәстүріне алғаш жол салды. Йасауи салған сопылықтың түркілік
дәстүрі түркілердің ежелгі шамандық нанымы мен ислам дініндегі аскетизмін
ұштастырды, сөйтіп, ежелгі салт-жораларға мұсылмандық сипаттар берілді:
киім үлгілері, бақсылық сарнау мәнерімен айтылатын зікірлер (яғни зікірлер
айту кезінде бақсылар бұрынғы бақсылық кереметтерін, әуен, қимыл-
әрекеттерін қолдана береді), құрбандық шалудағы жергілікті әдет-ғұрыптың
сақталуы (мысалы, күннің жаууы үшін тәңірден жауын сұрап, құрбандық шалу,
т.б.).
Йасауи өзінің сопылық ілімін түркі тілінде жүргізді. Құран тілі, яғни,
араб тілі Алла Тағала белгілеген тіл деп, сондықтан ислам дінін тек осы тіл
арқылы ғана тануға болады деген догманы (бұлжымас қағиданы) жақтаушыларға
қарсы тұра білген Ахмет Йасауи сопылық әдебиетті түркі тілінде жазып
таратты. Ахмет Йасауи айтуында, дүние жүзін жаратушы Алла тілдердің әр
түрлі болуын да жаратқан. Сондықтан Алла құдіретін мойындауда тілдердің әр
түрлі екенін, мойындау керек. Адам қай тілде Алламен сөйлессе де адал
көңілден, ақ ниеттен шыққан сөз өзінің мұсылмандық мәнін жоймайды.
Сондықтан ислам дінінің мазмұнын түркі тілінде айту күпірлік емес, қайта
Хаққа бастар жолбасшының парызы деп түсіндіреді.
Өркениетті ірі ұлттар қоғамдық өмірдің белгілі бір салаларында
елеулі жетістікке жеткен.Мәселен,ағылшындар – экономикада,ежелгі гректер –
эстетикада, римдіктер – заң саласында, еврей мен арабтар– дінде,
француздар - әдебиетте, немістер – музыкада ерекше көріне білген. Ал
түркі тарихына назар аударар болсақ, ол басынан аяғына дейін гуманизм
мен парасаттылық үлгісімен сипатталған. Міне, сондықтан да
болар Ясауи үшін адамгершілік пен имандылық идеяларын іздеу, адамды
жетілдірудің жолдарын табу негізгі мақсат болған.Құдайды, яғни
Ақиқатты тану негізінен этикалық акт деп атауға болады. Ясауидің
қоғамдық-саяси және әлеуметтік дүниетанымының негізінде де этикалық
идеялар жатыр. Оның пікірінше, кез-келген саяси және қоғамдық қызмет
имандылық, әділеттік, даналық, мейірімділік тағы басқа сияқты моральдық-
адамгершілік принциптерге негізделуі тиіс. Ясауидің мораль мен
сопылықты біртұтас етіп қарастыру идеясы парсы сопысы Фарид ад-дин
Аттаридың Сопылық – бұл адамгершіліктің бір түрі деген
қағидасымен сәйкес келіп тұр. [3.139]
Қожа Ахмет Ясауидің түркі тарихындағы маңызы тек бес-он бөлім немесе
бірнеше том тасаввуфтық өлеңдер жазған ертедегі бір ақын болуында емес,
исламның түркілер арасында тарала бастаған алғашқы күндерді тұңғыш рет
сопылық ағымның негізін қалай отырып, рухтарға ғасырлар бойы билік,үкім
жүргізуінде. Одан бұрын түркілер арасында сопылық ағымға кірген адам жоқ
емес тұғын. Бірақ олар ұлы ислам орталықтарында Иран мәдениетінің әсерінде
қалып ирандалып кеткен, не болмаса жаңа діннің жаппай таралуы үшін үлкен
түркі топтары арасына кіріп, ұмытылып кеткен, іштерінен ешқайсысы өздерінен
кейін мәңгі жасап жалғаса алатындай күшті еш нәрсе қалдыра алмаған еді. Ал
Қожа Ахмет Ясауи күшті тұлғасымен түркілер арасында ғасырлар бойы өмір
сүрген үлкен бір тариқат құрды. Бұл тариқат – түркі тарапынан және
түркілер арасында құрылған алғашқы тариқат болған. Міне, соған байланысты
Ахмет Ясауиді зерттеу арқылы түркі тасаввуфының (сопылығының) ең ескі және
ең негізгі (асыл) бөлігін зерттеген боламыз.
Шайқының ой пікірімен толып жетілген және үлкен ғалым болған Қожа Ахмет
Ясауи Ясыға оралған сол пікірлерді таратып және аз уақыттың ішінде үлкен
табысқа жетеді. Исламды жаңадан қабылдаған қарапайым діни және парасат,
адамгершілік негіздерін түсіндіріп, дұрысырақ айтсақ, діни және
адамгершілік насихатын жүргізген сопылық бұл ағымның табысы табиғи нәрсе
еді. Әсіресе Ахмет Ясауи (халыққа түсінікті тіл және үйреншікті әдеби
қалыптармен үндеу салатын.Сондықтан табысы арта түсті.) Ахмет Ясауидің
сопылық өлеңдерін қамтитын әйгілі шығармасы Диуани хикмет деп аталды.
Өйткені ол өлеңдердің әрқайсысы өз алдында бір хикмет (даналық). Анадолы
түркілерде, бұл түрдегі сопылық өлеңдер қалай Аллаһи деп аталса, Шығыс
түркілерінде Ахмет Ясауидің және сол стильде өлеңдер жазған басқа
дәруіштердің шығармалары хикмет деп аталады. Осы есептен Диуани хикмет
тек қана Ахмет Ясауидің өлеңдер жинағына тән емес екендігі, тіпті бұл
атаудың кейіннен берілуі әбден мүмкін. Одан бұрынғы ғасырлар жайында
қолымызда нақты дерек болмағанымен шамамен Х ғасырдан бері мұндай өлеңдерге
хикмет аты берілгенін анық білеміз,-дейді түрік ғалымы Көпрүлү. [4.167]
Түркі әдебиеті дүниеге әкелген шығармалар арасында Диуани хикметтің
көп жағынан алғанда үлкен мәні бар:
1) Ахмет Ясауи ХІІl ғасырда қайтыс болғандықтан, бұл шығарма Ислам Түркі
әдебиетінің Құтадғу Біліктен кейінгі ең ескі үлгісі болып табылады.
Тілдік және әдеби шығармалар, туындалар өте аз болған дәуірге жататын
мұндай шығармалардың тілі жағынан болсын, әдебиет тарихы тұрғасынан
болсын құнды болуы өте табиғи нәрсе.
2) Ескі халық әдебиетінің көптеген элементтерін ала отырып ислам рухын
сол элементтер арқылы, яғни екі ұлттық түрлер, пішіндер мен ырғақтар арқылы
жеткізген алғашқы шығармалар болу тұрғысынан да Диуани хикметті сопылық
түркі әдебиетінің ең ескі және ең маңызды жәдігері деп есептеуіміз керек.
Міне,Диуани хикметті осы тұрғыдан алғанда ертеден бері шығыстанушылардың
назарын аударып келген және қазірге дейін жеткілікті зертелмегенімен бөлек-
бөлек, жеке дара кейбір зерттеулер жүргізілген, тіпті кейбіреулері болса
жарияланып, батыс тілдеріне аударылған.
Ясауидің басты еңбегі Диуани хикметті рухани және гуманистік бағытта
жазылған Ясауи хикметтерінің және өз басының түркілерге кеңінен танымал
болу себебі – ол ұстамдылыққа және өзін-өзі жетілдіруге шақыратын құнды
этикалық идеялар көтереді.[5.53]
Қапалы жанды көрсең, бол сен оның елшісі, Мен мойынсұнбайтындардың
белгісін табуға тырыстым, Еліктесең-пайғамбарға (елікте), жетімдерді
ұмытпа т.б.
Бірде Қожа Ахмет Иассауи Сайрамда (Испиджаб) тұрған кезінде үйден
далага шықса, атасы Ибраһим шайх шұқшиып жер шұқып отыр екен. Ата, не
істеп отырсыз? — деп сүрағанда: — Е, балам, егістікті жекелеп отырмын —
деп жауап береді. Ой, ата-ай, соған да уақыт жұмсап, әуре боласыз ба, бір
ауыз сөзбен бітрмесіз бе? — дейді. Ондай қолымнан келмейді, қолыңнан
келсе, жасай ғой, - дейді. Сонда жас Қожа Ахмет тұрып: Жегенің жерге қал,
бөтенің бетке шық,-деген екен.
Дәрет алып келген атасы қайран қалып: Е, балам, екі қошқардың басы бір
казанға сыймайды дегендей, енді бұл жерден не сен, не мен кетуім керек, -
депті. Сонда Қожа Ахмет тұрып: Сіз жасыңыз келген ағасыз, мен жаспын, мен
кетейін, - деген екен. Сонымен, ақ түйеге мініп, жүріп кетеді Сондағы ойы
- осы ақ түйе қай жерге барып шөксе, сол жерге қоныс тебу. Сейтіп, ақ түйе
шөккен осы Түркістан жері оның мекен-жайына айналады. Арада біраз уақыт
өтеді. Бір күндері Қожа Ахмет ата-анасына сәлем беріп қайту үшін Сайрамға
келеді. Дем алып, тыныстаған соң, атасы сөз қозғап: Иа, қарағым, қайда
болдың, қай жерге қоныс тептің?
— деп сауал береді. Сонда ол: Ақ түйем Тұрінстан шаһарына шөкті, - деп
жауап берген екен. Сол жер мына қазіргі Қожа Ахмет Иассауи ғимараты
жайласқан жер. Сонда атасы тұрып: Балам, сен сол жердің халқымен
сұхбаттастың ба, не байқадың? дегенде, Иә, ата, сухбаттастым, бәрін де
білемін, бірақ соны біле тұра, мен сол жерге қоныс тебуге бел байладым,-
деп жауап береді. Баласын сынамақ болған Ибраһим шайх: Иә, не байқадың,
айтшы, - дегенде, жас Қожа Ахмет былай жауап берген екен: Ол жердің халқы
арқаңнан қағып тұрады, аяғыңнан шалып тұрады. Сонда мұны естіген атасы,
баласының зеректігіне риза болып: Иа, балам, дұрыс айтасың, бірақ соны
біле тұрып, неге қоныс тептің? дегенде: Жақсыны жолға салу оңай, жаманды
да жолға салып көрейін, - деген екен.
Қожа Ахмет 63 жастан кейін хилуетке кірген және қалған өмірін сонда
өткізгені белгілі. Көп мәліметтерге қарағанда, ол жуз жиырма бес жыл өмір
сүрген болса, соның ішінде алпыс екі жыл өмірін сол жер астында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Яасауи
Қожа Ахмет Ясауи ілімі
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салынуы
Яссауи мұрасы
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Қ.А.Ясауидің өмірі. Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Түркі пәлсапасы
Ясауи ілімі
Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Пәндер