Нашақорлық - қылмыс бастауы



Мазмұны:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ТАРАУ.
1.1 Нашақорлық . өлім тұзағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Нашақорлық . қылмыс бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Нашақорлық . бәленің белгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ІІ ТАРАУ.
2.1 Нашақорлық . адамның тәуелділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Нашақорлық — ұлт тамырына балта шабу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ІІІ ТАРАУ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: әртүрлі қоғамдағы адамдардың есірткіге құмар болуы мен олардан туындайтын зардаптар мәдени құндылықтар мен ахлақтың құлдырап, қоғамдық қылмыстардың өрістеуіне себеп болған жағдайларды өрбіту.
Өткен 25 жыл бойы Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ Басқармасының орталығы мен әлемнің әртүрлі елдерінде өтетін әрі халықтардың бұл құбылыспен күресу жігерін көрсететін нашақорлық пен есірткі контрабандасымен күресу мәселесіне арналған халықаралық конференциялардың куәсі болдық.
Тақырыптың мақсаты: Осы салада ағарту жолдары арқылы нашақорлықтың алдын алу, нашақорларды қоғамға қайтару жолындағы ақпарат құралдардың рөлі, есірткі өндіретін заңсыз егістіктерді жою, есірткі контрабандасымен айналысатын арналарды залалсыздандыру, елдердің нашақорлық пен есірткі контрабандасымен күресу саласындағы әріптестіктері сынды жобалар әртүрлі елдерде талқыланып, іске асырылады. БҰҰ-ның жариялаған мәліметтері бойынша, осы кезде дүниежүзінде есірткінің әр түрін, атап айтқанда марихуана, героин, кокаин, опиум және тағы да басқа түрлерін пайдаланатын 200 миллионнан артық нашақор бар. Алаңдататын мәселе, есірткі пайдаланатындардың жастарының төмен болуы мен жастар мен жасөспірімдердің есірткіге бейім болуы болып табылады. Мәліметтер бойынша, әртүрлі елдерде пайдаланатын есірткі мөлшері өсіп, расында есірткі мафиясы жаңа құрамдар шығаруда. Күн сайын әртүрлі химиялық құрамдарды пайдалану арқылы есірткінің жаңа жасанды түрлері психотроптық дәрі атауымен есірткі нарығында таралуда. Олардың кейбіреулерінің зияны бұрыннан танымал табиғи есірткілермен салыстырғанда күштілеу әрі көптеген мәселелер тудырады. Жасанды есірткіге тәуелді адамдарды емдеу де қиындау. Есірткі мафиялары «олар есірткі емес, қиындық тудырмайды» деген үгіттерімен адамдарды пайдалануға тартады.
Тақырыптың зерттеу обьектісі: Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қол жеткізген нәтижелері, көбінесе халықаралық есірткі бизнесімен күрес саласындағы шет мемлекеттердің арнайы қызметтерімен және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесуінің арқасында. Мәселен, Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің және Өзбекстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметімен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасынан Ресей Федерациясына есірткі құралдарының контрабандалық тасымалымен айналысатын трансұлттық есірткі қоғамдастығының қылмыстық қызметін анықтау және жолын кесу мақсатында «Стрела» деген шартты атаумен көп бағыттағы операция өткізілді. Операция кезеңдерінің бірін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан тарапынан Өзбекстан-Қазақстан-Ресей бағыты бойынша халықаралық бақылаудағы героиннің 70 кг-нан астам ірі партиясын жеткізу қамтамасыз етілді. Осындай, есірткі бизнесіне қарсы Ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізген күрес шараларының қатарына, Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып жүзеге асырған Сафари операциясын жатқызуға болады, бұл операцияның нәтижесінде Нигериялық азаматтардан тұратын есірткілік топ ұсталып, тиісті жазасын алған болатын. Есірткі тасымалдаушылардың негізгі каналы ТМД елдерінің шекарасынан өтетіндігіне байланысты Қазақстан, Тәжікстан және Ресей ішкі істер министрліктері жыл сайын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды контрабандалық жеткізудің жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастырып отырады. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге және дайындауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметтерін анықтау және жолын кесу мақсатында жыл сайын «МАК» жедел-профилактикалық операциялар жүргізіледі. Үстіміздегі жылдың 25 мамырынан бастап 15 қыркүйегіне дейін «МАК-2009» Жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында 363 есірткі қылмысы мен құқық бұзушылық анықталды. Есірткі заттарын өткізетін 19 нүкте жойылып, есірткі заттарының заңсыз айналысы саласындағы жасаған қылмыс бойынша 79 адам ұсталды.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І ТАРАУ.
1.1 Нашақорлық - өлім тұзағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Нашақорлық - қылмыс бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Нашақорлық - бәленің белгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ІІ ТАРАУ.
2.1 Нашақорлық - адамның тәуелділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Нашақорлық -- ұлт тамырына балта шабу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ІІІ ТАРАУ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..17
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 8

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: әртүрлі қоғамдағы адамдардың есірткіге құмар болуы мен олардан туындайтын зардаптар мәдени құндылықтар мен ахлақтың құлдырап, қоғамдық қылмыстардың өрістеуіне себеп болған жағдайларды өрбіту.
Өткен 25 жыл бойы Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ Басқармасының орталығы мен әлемнің әртүрлі елдерінде өтетін әрі халықтардың бұл құбылыспен күресу жігерін көрсететін нашақорлық пен есірткі контрабандасымен күресу мәселесіне арналған халықаралық конференциялардың куәсі болдық.
Тақырыптың мақсаты: Осы салада ағарту жолдары арқылы нашақорлықтың алдын алу, нашақорларды қоғамға қайтару жолындағы ақпарат құралдардың рөлі, есірткі өндіретін заңсыз егістіктерді жою, есірткі контрабандасымен айналысатын арналарды залалсыздандыру, елдердің нашақорлық пен есірткі контрабандасымен күресу саласындағы әріптестіктері сынды жобалар әртүрлі елдерде талқыланып, іске асырылады. БҰҰ-ның жариялаған мәліметтері бойынша, осы кезде дүниежүзінде есірткінің әр түрін, атап айтқанда марихуана, героин, кокаин, опиум және тағы да басқа түрлерін пайдаланатын 200 миллионнан артық нашақор бар. Алаңдататын мәселе, есірткі пайдаланатындардың жастарының төмен болуы мен жастар мен жасөспірімдердің есірткіге бейім болуы болып табылады. Мәліметтер бойынша, әртүрлі елдерде пайдаланатын есірткі мөлшері өсіп, расында есірткі мафиясы жаңа құрамдар шығаруда. Күн сайын әртүрлі химиялық құрамдарды пайдалану арқылы есірткінің жаңа жасанды түрлері психотроптық дәрі атауымен есірткі нарығында таралуда. Олардың кейбіреулерінің зияны бұрыннан танымал табиғи есірткілермен салыстырғанда күштілеу әрі көптеген мәселелер тудырады. Жасанды есірткіге тәуелді адамдарды емдеу де қиындау. Есірткі мафиялары олар есірткі емес, қиындық тудырмайды деген үгіттерімен адамдарды пайдалануға тартады.
Тақырыптың зерттеу обьектісі: Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қол жеткізген нәтижелері, көбінесе халықаралық есірткі бизнесімен күрес саласындағы шет мемлекеттердің арнайы қызметтерімен және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесуінің арқасында. Мәселен, Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің және Өзбекстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметімен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасынан Ресей Федерациясына есірткі құралдарының контрабандалық тасымалымен айналысатын трансұлттық есірткі қоғамдастығының қылмыстық қызметін анықтау және жолын кесу мақсатында Стрела деген шартты атаумен көп бағыттағы операция өткізілді. Операция кезеңдерінің бірін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан тарапынан Өзбекстан-Қазақстан-Ресей бағыты бойынша халықаралық бақылаудағы героиннің 70 кг-нан астам ірі партиясын жеткізу қамтамасыз етілді. Осындай, есірткі бизнесіне қарсы Ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізген күрес шараларының қатарына, Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып жүзеге асырған Сафари операциясын жатқызуға болады, бұл операцияның нәтижесінде Нигериялық азаматтардан тұратын есірткілік топ ұсталып, тиісті жазасын алған болатын. Есірткі тасымалдаушылардың негізгі каналы ТМД елдерінің шекарасынан өтетіндігіне байланысты Қазақстан, Тәжікстан және Ресей ішкі істер министрліктері жыл сайын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды контрабандалық жеткізудің жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастырып отырады. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге және дайындауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметтерін анықтау және жолын кесу мақсатында жыл сайын МАК жедел-профилактикалық операциялар жүргізіледі. Үстіміздегі жылдың 25 мамырынан бастап 15 қыркүйегіне дейін МАК-2009 Жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында 363 есірткі қылмысы мен құқық бұзушылық анықталды. Есірткі заттарын өткізетін 19 нүкте жойылып, есірткі заттарының заңсыз айналысы саласындағы жасаған қылмыс бойынша 79 адам ұсталды.
Сонымен қатар, жыл сайын өткізілетін Барьер, Көбік, Трасса, Допинг, Арна, Тосқауыл және Игла профилактикалық сипаттағы республикалық операцияларымен қатар, Ішкі Істер Министрлігі және Кеден Бақылау Комитеті бірлесе отырып Қазақстан аумағында Канал атты халықаралық операциясын өткізуді ұйымдастыратын еді. Бұл операция Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусия, Қырғызстан және Тәжікстан құқық қорғау органдары мен арнайы қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін, ал осы жылдан бастап есірткіге қарсы Канал профилактикалық операциясы тұрақты жұмыс істейтін жобаға айналды.

НАШАҚОРЛЫҚ - ӨЛІМ ТҰЗАҒЫ
Наркомания деген термин гректің сөзінен шыққан, norko- есінен айырылып қалушылық, mania-құмарлық деген ұғымды білдіреді. Қазақша нашақорлық деп аталып жүр. Нашақорлық адамның тек іш-құрылысын ғана емес, жүрек және қан тамырлары, жүйке, асқазан мен ішек жолы, эндокрин жүйесі, бауыр т.с.с. бүкіл ағзаны зақымдайды.
Нашақорлық өсуі- бұл әлемдегі медициналық-әлеуметтік проблемалардың ең ауыры болып табылады. Біздің елімізде де есірткі медициналық жолмен емес, жеке адамдардың көзсіз құмарлығын қоздыру арқылы пайдалану қауіпін күннен күнге күшейтуде. Біріккен ұлттар ұйымы сарапшыларының есебі бойынша Қазақстандағы есірткі заттарды пайдаланушылар 250 мыңға жеткен. Есірткіге тәуелділердің жасы 7-ден 49-ға дейін. Есірткіге тәуелді жандардың өмір жасы күрт қысқарады. Бір жыл ішінде әрбір есірткіге тәуелді адам кем дегенде 10 кісіні өзіне тартады.
Жастар ортасында есірткі пайдалану белсенді түрде сәнге айнала бастады.
Нашақорлық барлық қылмыс пен қатыгездiктiң, мейiрiмсiздiктiң негiзi. Елiмiздiң экономикасы артқан сайын, есiрткiмен күрес қарқынды жүргiзiлуде. Қазiргi таңда нашақорлар бүкiл қоғамымыздың қаупiмен қасiретi болып асқынып барады.
Адамдарға көбiнесе өскен ортасы мен айналасындағы адамдар ықпал етедi. Ол ортадағылар көргенде, тәрбиелi отбасынан шыққан неғұрлым сауатты, ерiк-жiгерi мол, өрескел-ерсi iстерден бойын аулақ ұстайтын, қамқорлыққа бой алдырмайтын жандар болса мұндай ортаның адамдары есiрткi атаулыдан әрдайым аулақ жүредi.
"Есiрткiге құмар адамдар - ол ауру адамдар. Есiрткiнiң дәмiн татып, оның бiр сәттiк алдамшы ләззатқа бой алдырып, тәуелдi болып, нашақор атанған адамдар, ақыл-ой, сана-сезiм, ар-ождан, намыс-ұят секiлдi адами қасиеттерден жұрдай болып, өзi түскен шыңырайдан шығатын күнi қайрат таба алмайды. Осындай жаман әдеттер расында халқымыз, ауру қалса да, әдет қалмайды" - деп көрсеткен.

НАШАҚОРЛЫҚ - ҚЫЛМЫС БАСТАУЫ
Нашақорлық - барлық қылмыс пен қатыгездіктің, мейірімсіздік пен дінсіздіктің негізі. Еліміздің экономикасы артқан сайын, есірткімен күрес қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл дертке шалдыққандардың басым көпшілігі жастар. Яғни, нашақорлардың 60 пайызын бірнеше рет көзге түскен жастар құрайды. Ал, жасырын түрде есірткі қолданып жүрген жастар қаншама? Осы қасіреттен талай жастар жас ғұмырларын азаппен өткізіп қана қоймай, көктей солып, жарқын өмірлерімен мезгілсіз қоштасуда. Қазіргі таңда нашақорлар тек олардың ата-аналары мен туысқандарына ғана емес, бүкіл қоғамымыздың қаупі мен қасіреті болып, асқынып барады.
Адамдарға көбінесе өскен ортасы мен айналасындағы адамдар ықпал етеді. Ол ортадағылар көргенді, тәрбиелі отбасынан шыққан неғұрлым сауатты, ерік-жігері мол, өрескел - ерсі істерден бойын аулақ ұстайтын, құмарлыққа бой алдырмайтын жандар болса мұндай ортаның адамдары есірткі атаулыдан әрдайым аулақ жүреді.
Есірткіге құмар адамдар - олар ауру адамдар. Есірткінің дәмін татып, оның бір сәттік алдамшы ләззатына бой алдырып, тәуелді болып, нашақор атанған адамдар ақыл-ой, сана - сезім, ар-ождан, намыс-ұят секілді адами қасиеттерден жұрдай болып, өзі түскен шыңыраудан шығатын күш - қайрат таба алмайды. Осындай жаман әдеттер хақында дана халық Ауру қалса да әдёт қалмайды десе, Әл-Фараби Ауру, жаман мінез - құлық -рухани кесел деп көрсеткен.
Есірткі пайдаланатың тұлғалар жас ерекшілігіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді:
1-ші топты 14-20 жас аралығындағы тұлғалар құрайды, олардың психологиялық ерекшіліктері балалық шақтан өткен соң сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне бейімделе алмау салдарынан есірткі заттарды пайдалану болып табылады. 2-ші топты 20-30 жас аралығындағылар құрайды, мұндай адамдарға материалдық және әлеуметтік жоспарлардың тым баяу жүзеге асырылуына наразылық білдіру тән. 3-ші топқа 30-50 жас аралығындағы жасы келгендер кіреді, олар сырт көзге табысты адам ретінде көрінуі мүмкін, алайда өмірге көңілі толмау, қатты дағдарысқа ұшырау салдарынан есірткі заттарын қолданады.
Нашақорлық, маскүнемдік, карта басқа да құмар ойындарға әуестенушілік адамды жан мен тән жағынан бірдей азғындататын қылықтар. Есірткі пайдалану салдарынан адамның тұрмыстық және қаржылық жағдайы төмендейді. Есірткіні қолдану барысында ағзаның барлық органдары мен жүйесі зақымданады: орталық жүйке жүйесі бас миының қызметінің бұзылуына әкеледі, осыдан ашушаңдық, ұйқысыздық, бас аурулары пайда болады. Есірткісіз -тұра алмай, аз мөлшердегі есірткіге ақша табу үші қылмыс әлемінің қара жолына қалай түскендерін өздері де аңдамай қалады. Мен қызмет ететін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық - атқару жүйесі комитеті басқармасының ЖД 1582 мекемесінде 272 жаза өтеуші Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259 бабымен сотталғандар, яғни көпшілік тілімен айтқанда, есірткі заттарды пайдаланғандар, сатып - тасыған адамдар. Өз бетімен емделе алмайтындарға сот үкімі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 93-бабы және Қазақстан Республикасы Кылмыстық-атқару кодексінің 1б-бабы бойынша 6 айға мәжбүрлеп емдеу тагайындайды.
Түзеу мекемесі қызметкерлерінің міндеті - бас бостандығынан айырылған адамдардың бұзылған психологиясын қалпына келтіру, қылмысына жауапкершілігін арттырып, түзелу жолына түсуіне көмектесу. Сотталғандармен жұмыс істеу оңай емес. Олардың мінез-құлықтары сан алуан. Есірткіге әуестенгендер ішінде тәрбиеге көнбей, қанша жерден қоғамнан оқшаулап, тар қапаста ұстаса да, қанға сіңіп, дағдыға айналған дерттің құмарлық шеңгелінен оңайлықпен құтыла алмайтындары да бар. Бірақ, қателігін түсініп, есірткісіз жаңа өмірге талпынушылар саны да көп. Сотталғандармен жүргізілген әңгіме барысында, олардың есірткіге құмарланып, тәуелді болу жолдары әр қилы, біреулер шетелдік кинолар мен түнгі компьютер клубтарында, сауықханаларға барып, еліктеу, әуестену арқылы бой алдырса, енді біреулері күнделікті әлеуметтік - тұрмыстық жағдайларының нашарлауын сылтау етіп алға тартады, келесі біреулері өз ортасы мен отбасында орын алған келеңсіз жайттар мен келіспеушіліктен іштей күйзеліске түсіп, соны ұмыту үшін есірткі пайдаланғанын айтады. Ал, енді біреулері бір мезгіл тынығып, көңіл көтеру үшін кішкене мөлшерде есірткі пайдаланғанның зияны жоқ деп есептегендер. Бұл, әрине қате пікір. Есірткіні бір рет пайдаланып, дәмін татқан адам оны міндетті түрде тағы да қолданады. Бара-бара тәуелді болып, қалай нашақор болғанын білмей қалады. Мысал, келтіретін болсақ сотталған А. Абдиев толық материалдық жағдайы өте жақсы жанұяда өскен. № 45 мектеп-гимназиясында білім алған, мектепте жақсы оқыған бос уақытында өзінен үлкен көрші балалармен араласып, бір рет қызығушылықпен есірткінің дәмін тартып көрген, екінші рет жолдастары көндірген, соңында есірткі алу үшін ұрлық жасап түрмеге түскен. Осы сияқты мысалдар көп.
Есірткіге әуестенушіліктің бір тамыры - СПИД дертіне ұшырауға әкеледі. Мекемеде жазасын өтеп жатқан СПИД ауруымен ауыратын сотталғандардың көбісі - әбден есірткі ауруына шалдыққан адамдар. Есірткіге тәуелділер тек өзі ғана емес, өзі түскен шыңырауға өзімен қоса тағы да бірнеше адамды қоса ала кетеді. Адам жалғыз өзі адаспайды. Адасудың қауіптілігі сонда, әр адам адасқан кезде өзінің адасуын айналасындағыларға да таратады - деп ұлы философ Сенека айтып кеткен. Сондықтанда өмірде өз жолынан адасқандарға қол ұшын беріп, қолдау көрсетіп, көмектесейік.

Нашақорлық - бәленің белгісі...
Ең бастысы - балалардың ержету шағында оларды көзден таса қалдырмау қажет, толғандырып жүрген жайларына зейін қойып, ынта-ықыластарына ден қою және олар тарапынан туындаған кез-келген мәселеге назар аудару керек. Сіз мынаны есте сақтауыңыз қажет, балалардың есеюі екі негізгі кезеңнен өтеді.
Бірінші кезең - 12-15 жасында жас жеткіншек-тер өзінің ортасында мықты байланыс таба бастайды, үйде аз болады және Сізбен байланысты азайтады. Олар өздерін қоршаған шынайылықпен түйісіп, негізгі өміршеңдік бағдарларды табуға әрекеттенеді.
Екінші кезең- 15-18 жасында есеюдің алғашқы белгілері басталады. Бұл өзін таныту мен сенімділікке қол жеткізу кезеңі. Осы жаста да жастар ата-анасының қолдауын, көмегін және түсіністігін қажет етеді. Есіңізде болсын, балалардың есірткі мәселесіне деген қарым-қатынасы көбіне Сіздердің араларыңыздағы қарым-қатынастарыңызға байланысты болады. Қорыта айтқанда, балалар тарапынан есірткі мәселесі бойынша қабылданып жатқан шешімдер Сіздердің қарым-қатынастарыңызбен тікелей байланысты және көбіне Сізге деген құрмет дәрежесі арқылы анықталады.
Бұл тақырыптан үрейленіп, өзіңізді ыңғайсыз сезінуіңіз мүмкін. Бірақ, есірткі проблемасынан құтылып алған дұрыс! Сондықтан, балаңызбен бұл жөнінде міндетті түрде сөйлесіңіз! Есіңізде болсын, Сіздің балаңыз ұдайы таңдау жасайтын жаста. Бұл жерде баланың өз ойына жетекшілік жасап, мүмкін болатын қауіптерді білуі екіталай. Сонымен, өзіңіздің қымбатты ұлыңызбен немесе қызыңызбен бұл әңгімені қалай бастаған дұрыс болар еді?
Бірінші кезекте Сіздің балаңыз мектепте немесе ортасында кімдермен араласатыны, есірткі қолдану жағдайы кездесті ме деген ақпаратты біліп алуға тиіссіз. Әңгімелесуді бастамас бұрын балаңызға қоятын сұрақтарға дайын болу үшін Сіз есірткінің зияндығы жайында біліп алғаныңыз жөн. Бұл туралы ақпараттар бүгінде өте көп.
Бірінші кезекте көңілді, әрі ашық болғаныңыз мақұл! Егер Сіз балаңызбен ашуланып, қысым жасай отырып әңгімелесетін болсаңыз, онда ол ашылмай, Сіздің барлық айтқандарыңызға көніп отырабереді, бірақеш нәрседеұқпайды.
Сіз балаңызға ерте ме, кеш пе біреудің оған дәмін татып көру үшін есірткі ұсынатындығын айтуыңыз қажет. Осылайша, балаңыздың күлкісін келтірмей немесе наразылығын тудырмай-ақ Жоқ деп айтуды үйрету міндетіңіз болып есептеледі.
Айналасындағылар тарапынан есірткінің дәмін татып көруге қысым көрсету, мәжбүрлеу, үгіттеу жөнінде болуы мүмкін үсыныстарға бас тарту-дың мүмкін болатын жағдайларын балаңызбен бірге талқылаңыз, мысалы:
- Сен бала емессің (шикі, апасының баласы)!
Бірнәрсенің дәмін татып көргің келе ме?
- Қалайсыңба?
- Зеріктім! Жүр, көңіл көтерейік және т.б.
Сіздің балаңызға жауаптардың әртүрлі нұсқаларын ұсыну қажет, мысалы:
Жоқ, рахмет, қолданбаймын! Ата - анам мені үнемі тексереді! Болмайды. Ауырып жүрмін. Келесі жолы жәнет.б.
Егер балаға қысым көрсетіліп жатса, онда ол қысымның бағытын өзгертіп мынадай сөздермен ұсынысжасағаны жөн: Егер сен маған нағыз дос болсаң (ақылды жігіт), мені келеңсіз жағдайға қалдыратын нәрсені істеуге итермеле-меген болар едің!. Мұндай ұсыныстардан бас тартуы үшін балаңыз ашуға мінбеі^, керісінше, сабырлы, сенімді әрі баяу сөйлескені мақұл.
Балаңызды сенімді, сабырлы түрде бас тартуға жаттықтырыңыз. Сенімді түрде бас тарту дағдысы балаңызға кез-келген қысым мен мәжбүрлеу жағдайларында пайдасын тигізеді және ол алдағы өмірінде міндетті түрде керек болады!

ІІ ТАРАУ. 2.1 Нашақорлық - адамның тәуелділігі
Күн сайын әртүрлі химиялық құрамдарды пайдалану арқылы есірткінің жаңа жасанды түрлері психотроптық дәрі атауымен есірткі нарығында таралуда. Олардың кейбіреулерінің зияны бұрыннан танымал табиғи есірткілермен салыстырғанда күштілеу әрі көптеген мәселелер тудырады. Жасанды есірткіге тәуелді адамдарды емдеу де қиындау. Есірткі мафиялары олар есірткі емес, қиындық тудырмайды деген үгіттерімен адамдарды пайдалануға тартады.
Жыл сайын 26-шы маусымда дүниежүзінің әртүрлі елдері Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ Басқармасының (UNODC) ұранымен есірткімен күресу күнін атап өтеді. Осы күні есірткі саласындағы дағдарыстар туралы айтумен қатар әртүрлі елдердің осы саладағы мәселелерді шешу жолдарына да көңіл бөлінеді. Бұл күн есірткіні өндіру, тарату және пайдаланудың нәтижелері туралы еске салып, үкіметтерден осы үлкен қоғамдық мәселені шешуге шаралар қолдануды талап етеді.
Нашақорлық бүгінгі таңда адамзатты алаңдататын, әлемдік деңгейге көшкен проблемалардың бірі. Құқық қорғау органдарының нашақорлық дертін алдын алуға бағытталған шараларының жүргізілуіне қарамастан, бұл дертке ұшыраған адамдардың, сондай-ақ есірткіге байланысты қылмыстардың саны жылдан жылға өсіп келеді. Есірткіге байланысты қылмыстарды бір сөзбен наркобизнез немесе наркомафия деп айтуға болады, өйткені нашақорлық дерті ең алдымен есірткіні өндіруден және оны заңсыз тасымалдаудан, сатудан бастау алады. Есірткі бизнесімен әлемнің іргелі елдерінің барлығы күресуде және ешбір ел халықаралық бірліксіз есірткі бизнесіне қарсы күресте айтарлықтай табысқа жете алмайды. Сондықтан есірткі бизнесімен күресті күшейту мақсатында арнайы халықаралық ұйымдар жоспарларын, тапсырмаларын қабылдауда және жүзеге асыруда. Өз кезегінде ол, әр елде құрылған есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеттерін, ұйымдарын, мекемелерін бірігіп жұмыстануына әкелуде.
Қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы біздің республикамызға есірткі бизнесімен күресу үшін қаражат бөлуде, өйткені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нашақорлық пен маскүнемдік
Отбасы жағдайын әлеуметтік - психологиялық анықтау
Қазақстан жастар арасындағы девианттық мінез-құлық
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
Әлеуметтік-психологиялық құбылыстар
Қиын балалардың ерекшеліктерін психологиялық және педагогикалық тұрғыдан анықтау
Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудің мәселелері
Суицид мәселесі, оның қоғам өміріне зардаптары
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАР
Пәндер