Отбасында педагогикалық процестерді ұйымдастырудың теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6-7
І ОТБАСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Отбасындағы балалар тәрбиесі . . . 8-10
1. 2 Отбасындағы этнопедагогикалық тәрбие . . . 10-13
1. 3 Отбасы мен мектептің ынтымақтастығының түрлері . . . 10-12
ІІ ОТБАСЫ МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМНЫҢ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ РОЛІ
- Отбасылық және қоғамдық тәрбие . . . 16-18
- Отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланыс . . . 19-26
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27-28
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29-30
V. ҚОСЫМШАЛАР . . . 31-32
КІРІСПЕ
Зерттеу мақсаты: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерін теориядлық жағынан негіздеп және қарым-қатынаста орын алатын қақтығыс жағдайлардың теріс әсерін төмендету жолдарын анықтау.
Зерттеу обьектісі: отбасына психологиялық қызмет көрсету.
Зерттеу пәні: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерінің ерекшелігін зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер де, отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың демократиялық стилі үлкендер жағынан дұрыс бағытта қолданылса, қарым-қатынастың әлеуметтік-моральдық деңгейінің ерекше түрі - құрбы-құрдастық және достық қатынас маңызды роль атқаратындығын ескеріліп, оған қолдау көрсетілсе, онда отбасында тұлғааралық қатынасты дұрыс қабылдау орын алады.
Зерттеу міндеттері
1. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері туралы ғылыми - теориялық әдебиеттерге талдау.
2. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау.
3. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың ерекшеліктерін айқындау экспериментін жүргізу.
4. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық көрсеткіштерін коррекциялау жаттығуларын пайдалану.
5. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері бойынша жүргізілген зерттеулерді қорытындылау, психологиялық ұсыныстар жасау.
Зерттеу әдістері: 1. Теориялық, әдістемелік әдебиеттерді және құжаттарды талдау әдісі. 2. Айқындау және қайта құру эксперименті. 3. Психодиагностикалық әдістемелер: «Отбасылық қобалжуды анықтау» сұрақна масы. “Ата-ана мен бала өзара қатынасы”, “Рене Жиль ” әдістемесі, “Қажеттілік базасы” әдістемесі, «Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау», ПЭА (түсіністік, эмоционалдылық және беделдік) сауалнамасы.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері - отбасы тұлғааралық қарым-қатынас қалыптасуына берілген теориялар, пікірлер мен тұжырымдар (А. Г. Харчев, Б. Г. Ананьев, В. В. Драгунова, И. С. Кон, Э. Берн және т. б. ), психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғааралық қатынас қалыптасуы жайлы Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, З. Г. Ананьев, Д. Б. Эльконин т. б. ғалымдардың еңбектерінде қалыптасқан психикалық даму теориялары, жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген В. В Драгунова, И. С. Кон, В. В. Столин қағидалары, Э. Берннің трансактілік талдауы, С. М. Жақыповтың, Қ. Б. Жарықбаевтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет тұжырымдары, жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық зерттеулердің теориялық негізі мен мәнділігін (С. М. Жақыпов, Қ. Б. Жарықбаев, В. К. Шабельников, Ж. Ы. Намазбаева) құрайды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: зерттеуде отбасы құндылығы және сапалары эмоционалды, когнитивті және мінез-құлықтық деңгейде ерекшеліктері көрсетілген. Алынған мәліметтер: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері, отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас процесіне психокоррекциялық жұмыстар жүргізу жолдары жүйелі түрде талданған.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық процесінің аспектілерін анықтауға пайдаланылатын әдістер қазақ тіліне аударылып, осы ортаға бейімделіп қолданылды, нәтиже көрсеткіштері тепе-тең деңгейде мәселені қарастыруға әкеледі. Зерттеу көрсеткіштері мен қолданылған психокоррекциялық әдістемелер психолог әрекетінің құрылымы мен стратегияларын әсерін жоғарылатуға әкеледі.
Зерттеу кезеңдері.
Зерттеу үш кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде тақырып анықталып, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер талданды, библиография тізілді, зерттеу мақсаты, міндеттері, объектісі мен пәні айқындалады. Екінші кезеңде жинақталған материалдан теориялық тұрғыдан талдау жасалынып, курстық жұмыс жазщылды, зерттеу базасында айқындау эксперименті жүргізілді және отбасына кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды. Үшінші кезеңде зерттеу барысында анықталған психодиогностикалық көрсеткіштерге сәйкес психокоррекциялық жұмыстар, түзету жаттығулары, тренинг сабақтары, психологиялық кеңес беру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар жасалынады.
Зерттеу базасы Оңтүстік Қазақстан Облысының «Қазақстан Психологтар Қауымдастығы» ассоциациясында, 15 отбасы (бақылау тобы) мен 16 отбасы (тәжірибе тобы) балалары алынды.
І ОТБАСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІ
Отбасы -неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э. Г. Юстицкий В. В., 1990) . Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А. И өз зерттеу жұмысында .
Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э. Фромм және ресейлік ғалым М. И Лисина ол өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С. М. Жақыповтардың қойылған мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік берілді.
Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелнрі арасындағы бірлескен әрекет пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді.
А. Б. Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып табылады: «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады.
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г. М. Свердлов және В. Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
Э. К. Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады:шаруашылық-экономикалық, генеративті тәрбиелік, мәдени, репродукциялық. С. Д. Лаптеноктың пікірінше, (1967) отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық -тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады.
70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б. П. Парыгин, А. Г. Харчев. Ол әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді» деген тақырыптарда С. Голод, З. Янкова т. б. зерттеді.
З. И. Файнбург «отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы, отбасының тұрақтылық жағдайы туралы Ю. Г. Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және А. М. Уматинов және т. б. зерттеді.
Айдарбеков Қ. А. «отбасындағы ішкі қарым-қатынас жүйесінде жасөспірімдердің өзіндік санасының диологиялық құрылымдардың дамуы» атты зерттеу жұмысында жасөспірімдік кезеңдегі өзіндік сана дамуының ерекшеліктерін және бүкіл тұлға дамуының ауытқу өзгешеліктерін тудыратын факторларды зерттеуге арналған.
Өткізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша жасөспірімдердің дамуы кезіндегі орталық тұлғалық жаңа құрылымы өзіндік санасының диалогиялық құрылымдары екені туралы болжам өзінің растаулығын алып қойылған. Дәл осы жасөспірімдердің дамуы кезіндегі тұлғалық жаңақұрамының талдауы жастағы тапсырмаларды өнімді атқаруға қамтамасыз ететін функционалды механизмдерінің деңгейіне жеткізілген. Ішкі жанұяның құндылықтарды өсіп келе жатқан буынға берілуіне, дамуына және сақтандыруға бағытталған, және отбасында белгіленген оның мүшелерінің арасындағы коммуникативтікпен эмоционалдық қарым-қатынастардың үлгілері бойынша үйлестірілетін, отбасындағы жүргізетін бірлескен іс-әрекет жасөспірімдерде өзіндік санасының диологиялық құрылымдар дамуының негізгі көзі болып келеді.
Психологиялық ілімдер жүйесіндегі басты орынды таным үрдісі алады. Адамдардың қарым-қатынас жасау кезінде бір-бірін тану мәселелері бойынша ғылыми пікірталасты үйымдастырушы және оның бастамашысы А. А. Бодалев болған еді. Оның тікелей басшылық етуімен 1970, 1973 жылдары ленинград қаласында «Адамдарарасындағы қатынастар дамуы мен қарым-қатынас формаларының әлеуметтік-психологиялық және лингвистикалық сипаттамалары» және «қарым-қатынас теориялық және қолданбалы психология симпозиумдары өткізілді .
Отандық психологтардың көбісі мысалы: Д. Б. Эльконин, Т. В. Драгунова жеткіншектік жастың жетекші іс-әрекеті ретінде қарым-қатынасты келтіреді. Жеткіншек жаста қарым-қатынастың ерекше орнын дәлелдей келе, В. В. Давыдов өз пікірін ұсынды: «жеткіншектік кезең адамда қарым-қатынасты құраушы тәртіптер мен ережелердің қалыптасу кезеңі».
Ал В. В. Бушельяның пікірі де қызықты мазмұн алады: «жеткіншектік кезең үшін бала-құрдас қатынасы жетекші орын алады, ал ересек бала қатынасы жетекші орын алмайды (1988) . Жеткіншектік жастың өзара қарым-қатынас типін қолдай отырып, Я. Л. Коломинский және А. Березовин мынадай пікірін ұсынады: «баланың шағын ортасы негізгші екі әлеуметтік-психологиялық астарлы жүйе бірлігінен тұрады алғашқысында бұл «ересек бала» қатынасындағы астарлы жүйе, белгілі - бір кезеңде бұл жүйеге «бала-бала» қатынасындағы астарлы жүйе бастапқы жүйе орын алады. Дәл осы жүйеде қарым-қатынасқа қажеттілік пайда болып, дамуға түрткі алады, ол тұлғааралық қатынастардың негізінде жатыр.
И. С. Кон құрдастарымен қарым-қатынасқа сілтей отырып, «құрдастарымен қарым-қатынасты» бұлайша түсіндіреді.
-ақпараттардың маңызды каналы;
-бұл ерекше іс-әрекет түрлнрі мен тұлға аралық қатынастар;
-бұл эмоциялық қатынастың ерекше түрі (1980) .
Л. Н. Десев (1965) жеткіншектің сынып ұжымындағы құрдастарына деген қатынасына зерттеу жүргізді. Оның анықтауынша, жеткіншек өз құрдасының бойындағы жоғары адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайды. А. В. Петровский сонымен қатар мынаны ескертеді, «жеткіншектер жақсы жолдас болуға даяр әр бейім келетін құрдастарын бағалайды. Жомарттылық бастауыш мектеп кезеңіндегідей, тұлға аралық таңдаудың жетекші негізі болып қала береді» (1987) .
Жеткіншектердің бесінші бөлігі құрдастарымен қақтығыстардың болуымен сипатталады, қақтығыстың жағдайдан дұрыс түрде шыға білмеуімен байқалады. Құрдастарымен қарым-қатынаста ұмтылыс пен қақтығыстық жағдайлардан шыға білмеуі арасында қарама-қарсылық туындайды деп көрсетті Шалғынбаев Т. «Дезадапциялық мінез-құлықы бар жеткіншектердің жеке тұлғалық қасиеттері мен тұлғааралық қатынастарының ерекшеліктері және оларды реабилитациялық жұмыста қолдану» атты зерттеу жұмысында .
Шужеваева А. И. пікірінше «көптеген қақтығыстар, эмоциялық қызбалық, шапшаңдық, агрессия мен жағымсыз жақтардың көрінуі, мйірімсізділік арқылы пайда болатын көптеген қақтығыстар балаларды келісімге келуге іскелік, жағымды әрі түсіне алатын бола білуге, құрдастарымен серіктестік қарым-қатынасқа түсе білетін іскерліктерге арнайы ққыту жағдайында шешілуі мүмкін. Баланың әлеуметтік дамуы ата-аналармен құрылатын дамушы жағдапймен анықталады. Жас ерекшелік құрылымдар сенімді кезкпен қалыптаспайды [21, 10] .
Жеткіншектердің мінез-құлқын өзіндік реттеу механизмдері танымдық іс-әрекеттер мен байланысты, зейіннің көлемі, интенсивтілігі, орнықтылығы арқылы зерттеу барысында мына жағдайлар анықталды:жеткіншектердегі қалыптасқан ерік күші мінез-құлықтағы ішкі субьективті позициямен байланысты болады және өзіндік реттелуге әсер етеді. Эмоциялық өзара қатынас мінез-құлыққа әсер етсе де субьективті көз-қарасқа келгенде қақтығыс екінші орынға түседі, олардың әсері сол ұстанған көз-қарасы арқылы сындырмауы деген пікірде Күнсләмова Т. К.
1. 2 ОТБАСЫНДАҒЫ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ
Жеткіншектердегі өзіндік бағалау, өзіндік реттелу және эго күйдің белсендірілуі мен агрессиялықтың өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг негізінде зерттеу» жұмысында .
Отбасы қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсінстік, бірінің екіншісіне бойсынуы, бірінің екіншісін құптауы сенімді қарым-қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі әр тұлғаның мейлі балалары, мейлі ересектері болсын, иағлұмат байлығы (информационное богатство) болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығыуы ықтимал. Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе, мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелеріне қарым-қатынас арқылы біріктіретін, өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды сфера мақсаты. Отбасын материалдық қамсыздандыру мақсатындағы бірлесіп еңбек ету, нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарым-қатынас алдымен, отбасы иелері әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса, соның өзі балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл анасы мен қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын ас маңызды қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар тарапынан дәлелденген.
Қарым-қатынас барысындағы біреудің екінші бір адамға әсерін, не болмаса өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі сипатта болғанымен, ішкі тетіктері (механизмдері) адамның психикалық ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық жорығы, жүріс-тұрысына тікелей, жанама, сөз арқылы әсер ету болып саналады.
Жоғарыда айтылып кеткендей отбасындағы, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас түрін қарастырамыз. Яғни жас ерекшелік жағынан жеткіншек пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас.
Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасыуында маңызды кезең болып табылады. Дәстүрлі түрде бұл кезең тәрбиелік қатынасқа қиындықтар тудырытын кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесінде жеткіншектерді зерттеумен байланысты мәселелер кешеніне көп көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі деңгейде және мазмұнда болады. Осы жас кезеңдегі даму көздері, жағдайлары және механизмдерін танып білу тұтастай дамудағы онтогенетикалық заңдылықтарды ашуға негіз бола алады. Қазіргі кездегі зерттеулер жеткіншектік жастың ерекшеліктері мен қасиеттері жайлы үлкен материалдар жинақталды, ол өз кезегінде осы маңызды психикалық кезеңнің ерекшеліктерін қазіргі қоғамның жағдайларында зерттеуге қажетті базаның пайда болуына ықпал етті. Мәдениеттің нақты-әлеуметтік шарттарына, дәстүрлеріне сәйкес бұл өтпелі кезең әртүрлі мазмұнда әрі, әртүрлі ұзақтықта орындалуы мүмкін. Қазіргі таңдағы қоғам жағдайларына сәйкес бұл кезең шамамен 10-11 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, балалардың мектептегі орта буында оқуымен сәйкес келеді.
Жеткіншектік жас кезеңнің психологиясы тақырыбы әрдайым өзекті болып табылады. Бірақ жеткіншектердің әрбір ұрпағы осы кезеңді басынан өткізеді және де қоғам дамуының тарихи жағдайларына сәйкес өз мәселелерін өз бетінше орындауға тырысады.
Жеткіншектік кезеңді М. Мұқанов баланың дамуындағы ерекше орны бар «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген деп көрсетті. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған.
А. Г. Ковалев дағдарыс кезі жеткіншектің жасына орай келмейді, онымен үлкендер арасындағы қатынастың бұзылуынан пайда болды дейді. Осылай деу дағдарыс кезі жеткіншекте тіпті кездеспей, ол сергелдеңге ұшырамауы мүмкін. Демек, жеткіншектің үлкендермен қатынасы жақсы болып келсе, онда дағдарыс кезі кездеспейді. Осы пікірге түгелдей қосылу қиын: біріншіден, дағдарысқа үшырайтын үлкендер емес, жеткіншектің өзі. Екіншіден дағдарыс үлкендердің оған қатынасына риза болмаудан кездессе де, мұның өзі тек 11-16 жас арасында болып отыр. Егер А. Г. Ковалевтың айтқаны дұрыс болса, дағдарысқа ұшырау 7-10 немесе 16-18 жастарда да кездесуі ықтимал болар еді.
Жеткіншек үлкендерден өзінің есейгенімен, өзбетілігімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен, орындағысы келеді. Осыған әуелгі кезде туған-туысқандары қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын себебі, баласына сенім білдіргісі келмегенен емес, оны «бала» деп бәлендей істі не тапсырманы бүлдіріп алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей отыр», - дейді. Егер осындай қатынас көп созылса, жеткіншек пен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік туып, бала ызаланып, ерегесуге, не негативті халде болып, үлкендер не айтса да соны орындамауға тырысады.
Екі арадағы қайшылықты кім жеңеді деугенде, жеткіншектің талабы жаңа болғандықтан, сол жеңеді деуге болады. Осындай екі арадағы түсінбеушілікті неміс психологы К. . Левин «ойлық бөгет» деп атаған. Мұны солай деуінің себебі жеткіншек пен үлкендер арасында түсінбеушілік болып, бөгет салынған соң, енді үлкендердің сөзіне құлақ аспайды. Сондықтан жеткіншекке тіл алдыру үшін алдымен сол бөгетті жою керек, ал бөгетті жою оңай емес.
Жеткіншектің үлкендерді түсінбеуі, кейін оны жан-жалға, не сергелдеңге апарып соғады. Мұндай оқиғалар, әсіресе қалалық жерлердегі семьяларда жиі кездеседі. Көпшілік жұрттың мақсата үлкендердің абыройын төкпей, тіпті осылардың өзі жауапты болғанда да, қайткенде де арашалау болып табылады.
Жалпы алғанда жеткіншектің үлкендерге қоятын талабын түгел қате деуге болмайды: біріншіден, үлкендер өзінің өмір баяанын мысал ретнде келтіріп, «біз жас кезімізде мынадай болып едік. . » деп, өзі сол кезде қандай болса, баласы да сондай болуы тиіс десе, қателескен болар еді. Себебі үлкендердің жас кезі мен жеткіншектің қазіргі жас кезіндегі жағдайлар мен талаптар бір емес. Екіншіден, бір кісінің үйренген, не қиыншылықты жеңуге қолданған тәсілдерді өзгелердің игілігіне барлық жағдайда сіңе бермейді.
Бала ересектермен қарым-қатынастың белгілі бір кезеңінде жағымды эмоциялық қатынаста тапшылықты сезінсе немесе осындай қатынаста қандай да, бір ауытқулар байқалса, оның дамуында тежеушілік пайда болады. Бұл Н. М. Аксаринаның, Е. К. Когбериннің т. б. зерттеулерінде дәлелденді.
Жеткіншекте ересектер тобына өтуге және үлкендердің балаларда жоқ кейбір артықшылықтармен пайдалануға деген ұмтылысы болады. Алайда ересектер оны әлі қабылдамағандықтан ол топтар арасындағы жағдайда болып шығады. Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин қоғамда балалар тобы мен ересектер тобының қатаң бөлінуіне және жеткіншектер топтарының аралығындағы жағдайда болатын кезеңнің ұзақтығына байланысты етіп қояды. Левиннің жеткіншектің «өз орнын таппауы» туралы идеясын қазіргі уақытта Д. Коулмен және басқа шетел пстхологтары дамытуда. Олар жеткіншектердің ерекше бір «суб мәдениеті» бар дегенді, яғни ересектер қоғамында жеткіншектер қоғамы бар дегенді айтады. Инфармацияның орасан зор тасқыны, көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының мүмкін салдары ретінде балалардың дербестіке ерте жетуі, жолдастармен қарым-қатынастың жедел дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.
Жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі және әрбір бағыттың көптеген түрлері болуы мүмкін. Мәселен, қайсыбір «интелектуал» үшін өмірде ең басты кітап пен білім болады, қалғанының бәрін де ол әлі «нәресте» десе енді бір нағыз «интеллектуал» үйде электроника туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен әуестенсе де, сабақты түк бітірмейді, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданып, өмірдің мәнінен бастап ең шебер шаштараз туралы мәселеге дейінгі барлық жайлар жөнінде әңгімелесуге болатын ересек жасөспірімдермен сөйлескенді артық көреді:үшінші бір «интелектуалды» ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді, ал қыздарға келгенде, осы қыздардың пікірінше, өзін балаша ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын үйпалап кетеді. Бір өлшем ұқсас осы үш вариантта ересектіктің дамуы әр қилы болады да, бұл орайда мазмұны әр түрлі өмірлік игіліктер қалыптасады: біреу үшін маңыздылық енді бірге құны жоқ. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және әлеуметтік негіздері қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Жасөспірімдік шақта олардың қалыптасуы жалғасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz