Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануын бақылау жүйесі. Тіршілік аясы және оның ластануын алдын алу


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
I-Тарау Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануын бақылау жүйесі.
- Аймақтың табиғат райы және әлеуметтік - экономикалық ерекшеліктері мен оның тазалығын сақтау
II-Тарау. Тіршілік аясы және оның ластануын алдын алу.
2. 1 Табиғат қорларын пайдалану.
2. 2 Ауаның ластануы.
2. 3 Судың ластануы
2. 4 Су көздері. 1-кесте
2. 5 Жердің ластануы
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Барлық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен ұшста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, онымен жуынамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды.
Биосфера - түрлі тірі организмдер мекен ететін жердің үстіңгі қабаты мен судан, өзендер мен көлдерден, теңіздер мен мұхиттардан, яғни жердің асты - үстіндегі су мен будан және 2-3 шақырымға дейінгі тереңдіктегі жер қойнауынан тұратын нәзік қана өмір әлемі. Сондай-ақ ауа 12-15 шақырым биіктігіне дейінгі аралықты қамтитын және тропосфера деп аталатын төменгі қабаты да осы тіршілік аясына кіреді. Биосферадағы тепе-теңдік, ондағы заттық және күш қуаттық алмасулар, онда тұрушы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруінің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда тіршілік аясының аумағы бірнеше кеңейе түсуде.
Табиғи орта миллиардтаған жылдарғы даму барысында қалыптасқан өте күрделі құрылымды жүйе. Оның құрылымды бөліктеріне ұсақ организмдер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жан-жануарлар, адамзат, топырақ, қызу, жарық, басқа ғаламшарлар, жұлдыздар, түрлі тартулы күштері, магнит пен электр өрістері жатады.
Тірі табиғат пен тірі емес табиғат өзара тығыз байланыста болады. Бұл байланыс бірінші кезекте атомдардың ары бері сапырылысуы, яғни заттар мен күш қуат түрлерінің шексіз айналымға түсіп, табиғатта үнемі қайтадан таралып тұруы түрінде көрінеді және оның өзі тіршілік етушілердің ат салысуымен жүзеге асырылады.
Адам табиғаттың сан-алуан кен байлықтарын пайдалана, өңдей отырып, оларды түрлі қалдықтар түрінде кері қайтарады. Яғни, адам мен табиғат арасында белгілі бір алмасу орнайды. Осы қатынас барысында заттардың табиғатта таралуы мен шоғырлануы елеулі өзгеріске ұшырайды. Әрине, ол заттардың үнемі қозғалыста болып, бір орыннан екінші орынға жылжып отыруы табиғи жайт. Алайда адам қатысында бұл қозғалыс шапшаң түрде өтетін болады. Аз уақыт ішінде заттар мен атомдар бір жерде азайып, екінші жерде күрт көбейе түседі. Заттардың бірі тарыдай шашылып кетіп, екіншісі шоғырлана бастайды. Мысалы: адам кеніштердегі миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан қандайда қазбаны аз жылдың ішінде-ақ әлде бір затқа айналдырып, жер жүзіне таратып жібереді. Немесе ол кенді өңдеп, пайдаға жаратамын деп жүріп сол өңдеген жердің маңайына ауасын, суын, табиғатында екінші бір заттардың шоғырлануын туғызады. Бұған қоса адам өте көп мөлшерде түрлі жанғыш заттар бөлінетін күш-қуаттарын пайдаланады. Оларды тіршілік аясының әр тұсына немесе одан тыс жерлерге жинақтап, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын тудырады.
Ал осның бәрі адамның ішіп - жеуге байланысты қажеттіліктерін ғанғ емес, бірінші кезекте күннен күнге еселей өсіп бара жатқан әлеуметтік тұтыныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Ғаламшардың тіршіліктік қорлары мен көздері адамның тамақ ішіп тірі жүруі, өмір сүруі үшін қажет болса, жер қойнауындағы кендер мен қуат қорлары адамның, қоғамның алуан түрлі тауарлық өндірістерінің көзі болып отыр.
Қоршаған ортаның ластануы.
Соңғы елу жылдағы ғылыми-техникалық төңкеріс ықпалымен өндіріс технологиялардың күрт дамуына орай бірнеше жүздеген мың жаңа химиялық, табиғатта бұрын болмаған, өз бетінше тумаған жасанды заттар шығарылып, жан-жақты қолданылу үстінде.
Қоршаған ортадағы улы заттар үлесінің тынымсыз артып отыруы ең әуелі адамның өзіне ауыр, денсаулығына жүк болады. Мұнан соң ауыл шаруашылығы өнімдері мен дақылдарының сапасын аздырып, түсімділігін төмендетеді. Ормандар мен су қоймаларының қуатын әлсіретіп, құнарлығы төмен жаңа жерлерді айналысқа түсіру қажеттілігін туғызып, оларды өңдеуге кететін шығын мөлшері артады.
Өзендер мен көлдерге мұнай және оның түрлі өкілдері органикалық улы заттар құйылады. Мұның бәрі де біз өмір сүріп отырған ортаның тазалығын төмендетіп, адам денсаулығына қауіп төндіреді. Сндай-ақ былғанған ауа мен судың, ластанған топырақтың мұндай кері әсерлері бүгінгі күнмен бітпейді. Олар кен қазу жұмыстары тоқтағаннан кейінде, ұзақ уақыт бойы сақтала береді.
Табиғатты сақтаудың экологиялық тұрғысы адамның жер үстінде, қазір де, болашақта да қайғы-мұңсыз, аман-есен жайлы өмір сүруін тікелей қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Бұл үшін өсімдік пен жан-жануарлар дүниелерінің жойылып кетпей, табиғатпен тұтаса өмір сүруіннің негізгі сақталуы шарт. Халықтар санының артып, өсімдік жамылған жер қыртысының азаюы және көптеген кен байлықтары қорының шектеулі болуы бұл мәселені айрықша назарда ұстауды талап етеді. Бұл үшін адам тұрғылықты даму тұжырымын сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де мойндап, оны тікелей ұстануы, айналасындағылырды осыған көндіре білуі қажет.
I-Тарау Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануын бақылау жүйесі.
- Аймақтың табиғат райы және әлеуметтік - экономикалық ерекшеліктері мен оның тазалығын сақтау
Алматы облысы 1932 жылы құрылған.
Облыс орталығы - Талдықорған қаласы.
Аумағы 224 мың шаршы км.
Елді мекендер саны 836
Халқы 1558, 2 мың адам
Ауылдық, кенттік және қалалық округтер саны
274 Тығыздығы 7 адам/шаршы км.
Астана қаласына дейінгі қашықтық 1480 км
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Облыс республиканың оңтүстік-шығысында орналасқан, шығысында - Қытаймен, онтүстігінде - Қырғыз республикасымен, солтүстігінде - Шығыс Қазақстан облысымен, солтүстік батысында - Балқаш өзенімен, батысында - Жамбыл облысымен шектес жатыр.
Облыста 16 аудан, облыстық бағыныстағы 3 кала бар. Барлығы 274 әкімдік, олардың ішінде - 16 аудандық, 10-қалалық, 14-кенттік, 234-ауылдық әкімдіктер бар. Аудандары: Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Еркелді, Жамбыл, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Жаркент, Раймбек, Сарқант, Талғар, Ұйғыр, Іле, Қапшағай, Талдықорған, Текелі аймақтары енеді.
Облыс аймағының аумағы 224, 0 мың шаршы км яғни еліміздің 8, 2% бөлігін иеленген облыс жерінің мөлшері бірқатар шетел мемлекеттерінің мәлелен Болгарияның ( 110, 9 мың км^2), Албанияның (28, 7 мың км^2), Грецияның (131, 9), Бельгияның (30, 5), Испанияның (102, 2) және т. б. аумағынан әлденеше асып түседі. Халқы 100-ден астам ұлттар мен халықтардан тұрады. Олар: қазақтар, орыстар, ұйғырлар, немістер, корейлер, әзірбайжандар, татарлар, украиндар, түріктер, күрдтер және т. б. ұлттар. Халқының саны 1558 мың, оның 440 мыңы қалада, 1118 мыңы ауылда тұрады.
Алматы облысының табиғат жағдайы әртүрлі. Таулы-дала аймақтарында дәндік, техникалық және көкөніс дақылдары егіледі. Бақ отырғызу, жүзім шаруашылығы және сүттік ірі қара шаруашылығы кеңінен дамыған. Бұл жерде негізгі жер қорлары топтастырылған. Бұл аймақ суармалы және суарылмайтын жер шаруашылығы үшін ең қолайлы болып табылады.
Фауна жануарлар мен құстардың биологиялық түрлерінің көптігімен ерекшеленеді: мүйізділер, аңдар, дала және суға жүзетін құстар.
Іле Алатауының орталық бөлігінде 1935 жылы құрылған Алматы мемлекеттік қорығы орналасқан. Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында 1996 жылы құрылған Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағы, облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде (Кербұлақ және Панфилов аудандары) - «Алтын-Эмель» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан.
Облыста санаторийлер, демалыс үйлері мен аймақтардың кең жүйесі бар, сондай-ақ термальды су кездері, емдік-балшықты көлдер жеткілікті.
Облыс өзендері - Іле ( ұзындығы 811 км ), Қапшағай су қоймасы - 1155 шаршы км көлеммен салынған, Қаратал (390 км), Ақсу (316 км), Лепсі (417 км) - ішкі Балқаш - Алакөл бассейніне жатады. Ірі өзендері - Балқаш, Алакөл және Сасықкөл.
Табиғатының шекарасы. Алматы облысының аумағы сотүстігінде Балқаш қаласы арқылы Сарыарқаның оңтүстік сілемдерімен, солтүстік-шығысында Тарбағатай жотасымен, барлық мойлы тауларымен, Шығысында Жетісу қақпасы, Борохоро Боротола жоталары арқылы Қытаймен, оңтүстік-шығысында солтүстік Тянь - Шаньның Кетпен жотасымен және Күнгей Алатауымен, оңтүстікте Іле, Теріскей Алатауларымен және оңтүстік батысында Шу-Іле тауларының Жетіжол және Кіндіктас тауларымен батысында Жусандала үстірті арқылы Шу, Іле тауларының Айтай т. б. аласа тау аңғарларымен шектеседі. Солтүстік-батысында Балқаш көлі арқылы Бетпақдаланың Қиыршыңтасты шөлді шөлейтті өңіріне ұласады.
Жетісудың кең аумағы және тауларының биіктігі әр түрлі болуы оның климаты мен ландшафтарының да түрліше қалыптасуына ықпал етті.
Топырағы мен өсімдік дүниесі. Облыстық топырақ және өсімдік жамылғылары тік белдемдікке байланысты қалыптасқан. жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгік, сораң, сексеуіл, көктемде эфемир өсімдіктері басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлер астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі, бос далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал оданда жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы өседі. Биік тау альпілік шалғынын өлең шөп, алтай қоға жайы, тастесер т. б. өсімдіктер басым. Бұл өңір облыс малшыларының жазғы жайлауы.
Жануарлар дүниесі. Жазық жерінде қара құйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден: ондатр т. б. Таулы бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс, арқар, тау ешкі, марал, аққұлан, бұлғын; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға т. б. мекендейді.
Облыста 2 мемлекеттік қорық (Алматы, Алакөл) және 2 ұлттық табиғи бақ (Іле Алатауы және Алтынемел) жұмыс істейді. Қорықтардың жалпы аумағы 504, 3 мың гектар, оның ішінде 89, 7 мың гектар жерді орман, 79, 8 мың жерді шабындық және 44, 5 мың гектар жерді су айдыны алып жатыр.
Облыстың табиғи бақтары мен қорықтары жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бай. Қорықтарда 600 бас сібір тау ешкісі, 550 бас елік және 35 бас қабан бар. Мұнда жануарлардың сирек кездесетін түрлерінен Тянь-Шанның сұр аюы, марал, қар барысы сақталған.
Ұлтық бақтардағы маралдар саны-45, 9%, Елік-29, 4%, таутеке-54, 4%, жайран-16-9%, құлан-45, 9%, қар барысы-13, 6% - ке артқан. Сонымен қатар, бұл аймақта аю, қабан, арқар да кездеседі.
Қорықтар мен ұлттық бақтар құстарға өте бай. Алакөл қорығы сирек кездесетін әдемі қызғылт бірқазан, бүйра бірқазан, аққу мекен етсе; Алтынемел ұлттық бағында грифті, бүркіт, қарақұтан, балобандар; Іле-Алатауында сақалдылар тұқымдастарына, құр, қырғауыл; Алматы қорығында - ұлар, көкқұс бар.
Облыстағы аң аулайтын аумақ 30 млн. гектарды құрайды, олардан 15 млн. гектар жер нақты пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Бекітіліп берілген аң аулау мекендерінің 10713, 1 мың гектарды немесе 71, 9 % аң аулау қондырылғылармен жабдықталған.
Облыс аймағында табиғаттың сыйыда аз емес, сондай табиғи ескерткіштер Панфилов ауданындағы «Ән салушы құм төбелер», Ұйғыр ауданындағы Шарын шетенді орман, Райымбек ауданындағы Көлсай көлі мен Шарын шатқалы өзінің сұлулық жағынан Калифорния шатқалына сай келеді . . .
Экономикасы. Жалпы өңірлік өнім 2005 жылы 290, 5 млрд. теңгені, өсу қарқыны 2000 жылға қарағанда - 263, 4%-ды, тұрғындардың жан басына шаққанда - 181, 9 мың теңгені құрады.
Бәсекеге қабілетті экономика құруға және тұрғындар өмірінің сапасын арттыруға бағытталған 22 өңірлік бағдарлама жүзеге асырылуда.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауыл шаруашылығына қомақты мемлекеттік қолдау көрсетудің арқасында ауылшаруашылығы өнімдері өндірісін арттыру және ауылдағы тіршілік жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға жағдай жасалды.
Агроөнеркәсіп кешенін қалыпты дамытудың 2006-2010ж. ж. арналған Бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші жылы аяқталды. .
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі өндірісінің өсімі 4, 8 млрд. теңгені құрап, 117, 3 млрд. теңгеге жетті.
Егіс алаңдарының оңтайлы құрылымдары қалыптасып, 885, 2 мың гектарды құрады, бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығы алқабының 5, 4% құрайды.
Бюджеттік мүмкіндіктердің кеңеюіне қарай ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау мөлшері кеңейе түсуде. Мал шаруашылығын дамытуға (1 шартты мал басына есептегенде) республикалық бюджет қаржысынан бөлінетін мемлекеттік қолдау деңгейі 1, 4 есеге артып, 944 теңгені, өсімдік шаруашылығын дамытуға (егіс алқабының 1 гектарына есептегенде) - 1, 6 есеге артып, 1603 теңгені құрады. Бүтіндей алғанда аграрлық секторды дамытуға 5, 7 млрд. теңге бағытталған, бұл 2005 жылдың деңгейінен 1, 6 есеге артық.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының көптеген түрлері бойынша облыстың үлес салмағы республикада ең жоғары болып отыр. Өткен жылдың деңгейіне қарағанда дәнді дақылдар өндірісінің көлемі - 2, 5%-ға, күріш - 12, 6%-ға, қант қызылшасы - 10, 6%-ға, майбұршақ - 22%-ға, күнбағыс - 37%-ға, картоп - 2, 0%-ға, көкөніс - 2, 1%-ға артты.
Мал мен құстың барлық түрінен бас саны 3-тен 29 пайызға, мал шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша өндіріс 3-тен 12 пайызға дейін өсті. Облыс бойынша сүт сауу өнімділігі 3, 5%-ға, жұмыртқа өнімділігі - 4, 5%-ға, әрбір қайдан қырқылған жүн - 2, 6%-ға артты.
Бройлерлік құс шаруашылығын ынталандыру мақсатында құрама жем құнын субсидиялау жөніндегі жаңа бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Бұл құс еті өндірісін 14 пайызға көбейтуге мүмкіндік берді.
Облысқа 2007 жылы республикалық бюджеттен 2, 2 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферттер мен субсидиялар бөлінді.
Ауыл тұрғындарына шағын несиелер беру бағдарламасы жақсы нәтижелер берді, 1879 отбасы 243, 0 млн теңгенің шағын несиелерін алды, бұл өткен жылдан 1, 6 есеге көп.
2007 жылы ауыл шаруашылығында жеміс-көкөкністің және сүт өнімдерінің тереңдете өңделуін қамтамасыз ету, оларды өңдеудің үлес салмағын арттыру басымды бағыттар болып табылады.
Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру және оларды өсірудің озық технологиясын енгізу есебінен өсіру міндеттері қойылып отыр.
Ол үшін ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерге элиталық тұқымның, минералдық тыңайтқыштардың құны 40 пайызға арзандатылып, лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылады.
Мал шаруашылығында саланың сапалық көрсеткіштері бірінші кезекке қойылады. Орта және ірі тауар өндірушілер мен қайта өңдеушілер арасынан сүт өңдеу жөніндегі қауымдастықтар немесе кооперативтер құру жұмысы жалғастырылатын болады.
Бұрынғыдай селекциялық асыл тұқымдандыру жұмысын одан ары жетілдіруге, малдардың генетикалық қорын сапалық жақсартуға айрықша көңіл бөлінетін болады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, өңдеу, сату және сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп, ол үшін дайындау - сату кооперативтерін дамытуға, оларға (серіктестерге) жеңілдетілген әдіспен несие беру жолымен ауыл шаруашылығы құрылымдары бірлестіктерін ынталандыру жөніндегі бюджеттік бағдарлама ескерілген. Қазіргі кезде Ауыл шаруашылығы министрлігінің келісімін алған 12 дайындау кооперативтері жұмыс істеуде, олар ауыл шаруашылығы құрылымдарына 621, 7 млн теңгеге несиелер беруге құқысы бар.
Облыс орталығында, Алматы және Қапшағай қалаларында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, оған облыстың барлық өңірлері қатысты. Жалпы алғанда облыс бойынша жәрмеңкелерде 206, 2 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі сатылды, бұл 2005 жылғы деңгейден 28, 2 млн. теңгеге артық.
Облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің мамандандырылған коммуналдық базары ашылды, оның негізгі мақсаты- заман талабына сай сауда құрылымдары арқылы, делдалдарсыз, ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты түрде сатылуына жағдай жасау, тауар өндірушілердің, сатушылардың және тұтынушылардың өзара мүдделілігі механизмін қалыптастыру болып табылды. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 100, 6 млн теңге бөлінген болатын.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіпте, Алматы облысының индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру товар өнімі өндірісінің қалыпты артуын қамтамасыз етеді.
Өнімнің облыстық көлемінің 3, 9% және 82, 4% көлеміндегі үлесі тиетін өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары өнеркәсіп өндірісінің арта түсуіне айтарлықтай әсер етті.
Ұлттық экономикада Алматы облысы жүзім шараптарын, қант, солод, крахмал, темекі өнімдерін және электрлі аккумуляторлар шығару жөніндегі жетекші өндірушілер болып отыр.
Азық-түлік өнімдерін, тұрмыстық химия товарларын, құрылыс материалдарын, медициналық дәрі-дәрмектер өндіруде және электр энергетикасы объектілерінің құрылысында индустриялық-инновациялық бағдарламаның 35 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда.
Өнеркәсіпті дамытуға 2006 жылы 22, 1 млрд. теңге немесе облыс инвестициясының жалпы көлемінің 23, 6% салынған.
Өңдеу өнеркәсібіне 16, 9 млрд. теңге салынған. Бұл 2005 жылғы деңгейге қарағанда 102, 9%-ды құрайды.
2006 жылы жалпы құны 4, 3 млрд. теңгелік 4 ірі жоба аяқталған. Олар: «Үркер Косметик» ЖШС-і, «Нұрмай» ЖШС-і, «Казсиликон» ЖШС-і және «Казцинк-Гранит» ЖШС-і.
«Қазақстан дамыту банкі» АҚ-ы «Шарын өзеніндегі Мойнақ ГЭС-і құрылысы» жобасының бірінші кезеңін қаржыландырады, қарыз қаражаттары есебінен «КазРосбройлер» ЖШС-і тауық фабрикасының құрылысы жүргізілуде. «Берикап Казахстан» және «Гранита Плюс» ЖШС-терінің жобасы өз қаражаттары есебінен жүзеге асырылуда.
Табиғи шырындар және минералды сусындар шығару жөніндегі «Голд Продукт» АҚ-на, құрылыс және қаптау кірпіштерін шығару жөніндегі «Тұлпар» ЖШС-не, құрылыс кірпішін шығару жөніндегі «Новая строительная инициатива» ЖШС-не, «Silc city 3 D construcshion» ЖШС-ң табиғи тастардан және басқалардан қаптау плиткаларын шығару жөніндегі пенополистероль панельдері заводына өндіріс қуаты енгізілген.
Өнеркәсіпте 72 жаңа объектіні іске қосу есебінен 2869 жаңа жұмыс орны құрылып, 26 жұмыс істеп тұрған өндіріс орны кеңейтілген, қарап тұрған 3 кәсіпорынның қызметі жаңғыртылған.
«Құрылыс материалдары» кластерін дамытудың мастер-жоспары әзірленіп, бекітілді.
Салада құрылыс индустриясының жалпы саны 6000-нан астам адам жұмыс істейтін 161 кәсіпорны жұмыс істейді. Олар негізгі құрылыс материалдары мен конструкцияларының 41 түрін шығарады, тағы да жаңа 9 түрін шығару игерілді. Оларды облыстың, Алматы мен Астана қалаларының құрылыс кешендері тұтынады.
Облыстың 60 кәсіпорны ИСО 9000, 14000, OHSAS 18000 сериясындағы сапаның халықаралық жүйесіне сәйкестік сертификатын алды. Оның 50-і өнеркәсіп орындары (олардың 19-ы ауылшаруашылығы өнімдерінің өңдеуімен айналысады) .
2007 жылы өнеркәсіпті дамытудағы басымды бағыттар болып табылатындар:
Отандық және шетелдік инвестициялар легінің өңдеу өнеркәсібіне, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге құйылуын қамтамасыз ету;
Іле, Жамбыл аудандары мен Қапшағай және Талдықорған қалаларында индустриялық аймақтар қалыптастыру үшін инженерлік-дайындау алаңшаларын құру.
2006 жылға қарағанда 2007 жылы өнеркәсіп өндірісінің өсуін 8%-ға қамтамасыз ету, 3000-нан астам қосымша жұмыс орнын құру белгіленді.
Энергетика кешенінде су және жел электр станциялары (Іле өзеніндегі қуаттылығы 49 МВт, Кербұлақ ГЭС-і, Көксу өзеніндегі ГЭС-тің каскады және Жоңғар қақ пасындағы жел электрстанциясы) құрылысының перспективалық жобаларын жүзеге асыру облыстың энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін болады.
ИСО сериясындағы сапа менеджменті жүйесін облыстың тағы 52 кәсіпорнында соның ішінде: 2007 жылы - 12 кәсіпорнында енгізу жоспарлануда.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
2006 жылы қайта бағалауды ескере отырып негізгі капиталға тартылған инвестициялар 104, 9 млрд. теңгені немесе 2005 жылдың деңгейіне қарағанда 101, 3 %-ды құрады.
Негізгі капиталға тартылған инвестициялар динамикасы
(млрд. тенге)
Инвестициялардың негізгі көлемі - 60, 3 млрд. тенгесі немесе 57, 5 %-ы кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғындардың өз қаражаты есебінен игерілді. Жергілікті бюджеттен 4, 4 млрд. тенге немесе 4, 2%, республикалық бюджеттен - 12, 9 млрд. тенге немесе 12, 3% игерілді. Шетелдік инвестициялар 16, 9 млрд. тенге немесе 16, 1%-ды, басқа қарыз қаражаттары - 10, 4 млрд. тенге немесе 9, 9%-ды құрады.
Инвестицияның салалық құрылымдарында құрылыс пен жылжымайтын мүлікке байланысты операциялар - қатыстырылған инвестициялардың жалпы көлемінің 28, 3%-ы, көлік пен байланыстың - 25, 5%-ы, өнеркәсіптің - 23, 6%-ы тартымды күйінде қалып отыр.
Экономика салалары бойынша негізгі капиталға тартылған инвестициялардың үлес салмағы
Шетелдік инвестициялар есебінен Атасу-Алашанькоу қазақстан-қытай құбыры Ақтоғай-Достық учаскесінің құрылысы аяқталды. Жамбыл ауданындағы «Рубироз Агрикол» ЖСШ-ң ет өңдеу жөніндегі өндірісін құру жобасы жүзеге асырылуда.
«Контакт-тур» ЖШС-ң «Шыбынсай» тау шаңғысы курорты мен «Казмунайгаз» СҮ-і санаторийінің құрылысы аяқталуға таяу. 2006 жылдың қорытындысы бойынша жобалар бойынша тиісінше 1265, 4 млн. теңге және 1753, 4 млн. теңге игерілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz