Қоқыс қалдықтарын өңдеу



ЖОСПАР:

КІРІСПЕ
І.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОҚЫС ҚАЛДЫҚТАРЫН ӨҢДЕУ
1.1.ҚАЛА ЭКОЛОГИЯСЫНА КІМ КІНӘЛІ ?
1.2.ӨНЕРКӘСІПТІК ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР
1.3.ҚОҚЫСҚА КӨМІЛГЕН ТАБИҒАТ
1.4.РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ ПУНКТЕРІНЕ ЖІКТЕУ

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап алға басуы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда. Бұл жәйтті Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде атап өткені мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау мәселелерін алдағы уақытта нығайта беру алға тартылды.
Біз қазақ жерінің кеңдігін, оның орасан зор байлығын, әсем табиғаты мен жағымды ауа райын мақтан етеміз. Ал, оның ішінде Алматы облысы орналасқан, ежелден жер жәннаты – Жетісу атанған өлкенің орны өз алдына бір төбе.
Жетісудың табиғатын аялап, оның байлықтарын қаз-қалпында сақтап, қолдан келсе, көркейтіп отыру – баршаға ортақ парыз екені анық. Бұған тікелей жауап беретін мемлекеттік деңгейдегі құзырлы мекемелер жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі – Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Басқарманың басты міндеті – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі біртұтас мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу және салалық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бұл бағыттағы қызметін үйлестіріп, табиғатты тиімді пайдаланудың бірқатар түрлеріне лицензиялар беру. Сонымен бірге, жердің, судың, ауаның ластануына жол бермеу шараларын қарастырады. Аймақтарда экологиялық сараптама жүргізеді және экологиялық аудит жасауға құқылы.
Үстіміздегі жылғы белгіленген жұмыстарды бас¬қар¬ма қызметкерлері биыл қабылданған Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің баптары негізінде жүргізуде. Басқармадағы инспекциялық жұмыстардың барлығы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғат қорғауды бақылау комитетімен келісілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Өткен мерзім ішінде қоршаған ортаны қорғау нысандарына 688 тексеру жасалып, 10 миллион 213 мың теңгенің айыппұлы салынды. Басқарманың мемлекеттік экологиялық сараптама бөліміне 865 құжат түсіп, оның 796-ы қаралды.
Сонымен бірге, облыс көлемінде қоршаған орта туралы халық арасында экологиялық білім беру, насихаттық жұмыстарды жүргізу, тұрғындардың экология жөніндегі танымын кеңейту, бұл бағытта үкіметтік емес, қоғамдық саяси, жастар ұйымдары¬ның, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мүмкіндігін пайдалануға баса назар аударылып отыр. Мәселен, Текелі және Талдықорған қалаларында үкіметтік емес, жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен үш мәрте экологиялық сенбілік өткізіл¬ді. Бүкілдүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты дәстүрлі облыстық экологиялық форум болып, оған 600 адам қатысты.
Қоршаған ортаны қорғау жөнінде 7 дөңгелек үстел өткізіліп, 38 лекция оқылды, 13 семинар ұйымдастырылды. Санитарлық тазалық айлығы қураған ағаштарды кесу, орнына ағаш егу және басқа да науқандық жұмыстар кезінде басқарма қызметкерлері 25 экологиялық рейдке қатысты. Экологияға байланысты тұрғындардан 112 өтініш түсті. Оның 111-і қаралып, қанағаттанарлық жауап берілді. Басқарманың қызметіне және өткізілген шаралар жөнінде газеттерге 80 мақала жарияланып, телеарналардан 19 телебейне көрсетілді. Сол секілді, дәстүрлі “Іле – Балқаш” регатасына арналған шаралар да өз нәтижесін беріп келеді.
Тікелей министрліктің ұсынысымен аймақтар¬дағы басқарма басшыларының экологиялық мәселе¬лер жөніндегі есебін тыңдау дәстүрге айналды. Осы кездесулердің пәрменділігі қандай? Енді осыған тоқтал¬ғанды жөн көріп отырмын. Басқосуларда жергі¬лікті тұрғындар, табиғат пайдаланушылар, үкі¬меттік емес ұйымдардың, жастар және саяси партия¬лар өкілдері аймақтардағы экологиялық проблемалар жөнінде нақты мағлұмат алды және олардың қорша¬ған ортаны қорғау жөніндегі ой-пікірлерін тыңдауға мүмкіндік жасалды. Табиғат ресурстарын пайдалану
Қолданылған әдебиеттер:

1. Экология негіздері Ж.Ж.Жатқанбаев
2. Экология Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатова
3. Экология. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы
А.Жақбасова, Г.Саинова
4. Алматы ақшамы. №8. 20.01.07
5. Алматы ақшамы. №9. 23.01.07

ЖОСПАР:

Кіріспе
І.Негізгі бөлім
ҚОҚЫС ҚалдықтарЫН ӨҢДЕУ
1.1.Қала экологиясына кім кінәлі ?
1.2.өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар
1.3.Қоқысқа көмілген табиғат
1.4.Радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму пунктеріне жіктеу

қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап алға басуы
қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда.
Бұл жәйтті Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында басым бағыттардың
бірі ретінде атап өткені мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау
мәселелерін алдағы уақытта нығайта беру алға тартылды.
Біз қазақ жерінің кеңдігін, оның орасан зор байлығын, әсем табиғаты мен
жағымды ауа райын мақтан етеміз. Ал, оның ішінде Алматы облысы орналасқан,
ежелден жер жәннаты – Жетісу атанған өлкенің орны өз алдына бір төбе.
Жетісудың табиғатын аялап, оның байлықтарын қаз-қалпында сақтап, қолдан
келсе, көркейтіп отыру – баршаға ортақ парыз екені анық. Бұған тікелей
жауап беретін мемлекеттік деңгейдегі құзырлы мекемелер жұмыс істеп жатыр.
Солардың бірі – Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Басқарманың басты міндеті – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі біртұтас
мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу және салалық бағдарламалардың
орындалуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бұл
бағыттағы қызметін үйлестіріп, табиғатты тиімді пайдаланудың бірқатар
түрлеріне лицензиялар беру. Сонымен бірге, жердің, судың, ауаның ластануына
жол бермеу шараларын қарастырады. Аймақтарда экологиялық сараптама
жүргізеді және экологиялық аудит жасауға құқылы.
Үстіміздегі жылғы белгіленген жұмыстарды басқарма қызметкерлері биыл
қабылданған Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің баптары негізінде
жүргізуде. Басқармадағы инспекциялық жұмыстардың барлығы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің Табиғат қорғауды бақылау комитетімен келісілген
жоспарға сәйкес жүргізілуде. Өткен мерзім ішінде қоршаған ортаны қорғау
нысандарына 688 тексеру жасалып, 10 миллион 213 мың теңгенің айыппұлы
салынды. Басқарманың мемлекеттік экологиялық сараптама бөліміне 865 құжат
түсіп, оның 796-ы қаралды.
Сонымен бірге, облыс көлемінде қоршаған орта туралы халық арасында
экологиялық білім беру, насихаттық жұмыстарды жүргізу, тұрғындардың
экология жөніндегі танымын кеңейту, бұл бағытта үкіметтік емес, қоғамдық
саяси, жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің
мүмкіндігін пайдалануға баса назар аударылып отыр. Мәселен, Текелі және
Талдықорған қалаларында үкіметтік емес, жастар ұйымдары өкілдерінің
қатысуымен үш мәрте экологиялық сенбілік өткізілді. Бүкілдүниежүзілік
қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты дәстүрлі облыстық экологиялық
форум болып, оған 600 адам қатысты.
Қоршаған ортаны қорғау жөнінде 7 дөңгелек үстел өткізіліп, 38 лекция
оқылды, 13 семинар ұйымдастырылды. Санитарлық тазалық айлығы қураған
ағаштарды кесу, орнына ағаш егу және басқа да науқандық жұмыстар кезінде
басқарма қызметкерлері 25 экологиялық рейдке қатысты. Экологияға байланысты
тұрғындардан 112 өтініш түсті. Оның 111-і қаралып, қанағаттанарлық жауап
берілді. Басқарманың қызметіне және өткізілген шаралар жөнінде газеттерге
80 мақала жарияланып, телеарналардан 19 телебейне көрсетілді. Сол секілді,
дәстүрлі “Іле – Балқаш” регатасына арналған шаралар да өз нәтижесін беріп
келеді.
Тікелей министрліктің ұсынысымен аймақтардағы басқарма басшыларының
экологиялық мәселелер жөніндегі есебін тыңдау дәстүрге айналды. Осы
кездесулердің пәрменділігі қандай? Енді осыған тоқталғанды жөн көріп
отырмын. Басқосуларда жергілікті тұрғындар, табиғат пайдаланушылар,
үкіметтік емес ұйымдардың, жастар және саяси партиялар өкілдері
аймақтардағы экологиялық проблемалар жөнінде нақты мағлұмат алды және
олардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ой-пікірлерін тыңдауға мүмкіндік
жасалды. Табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі қолданыстағы заң талаптары
бойынша түсініктемелер берілді. Қазіргі кезде облыстың аудандары мен
қалаларында басқарманың 18 мемлекеттік өкілетті инспекторы жұмыс істейді.
Инспекторлардың халықпен байланысын нығайту, экология жөніндегі жергілікті
проблемаларды талқылау және нақты шараларды айқындау мақсатында олардың
аудандар мен қалалардағы есебі тыңдалды.
Алайда, мемлекет тарапынан қоршаған ортаны қорғауға осындай заңдық негізде
бақылау жұмыстары жүргізілгенмен, табиғатты пайдалануда қамқорлық емес,
қорқаулық көзқарастың жойыла қоймағанын мойындауымыз керек. Мәселен,
Қапшағай қаласындағы бұрынғы “Вимпекс” арақ зауытының қалдықтары ауаны
ластап, қала тұрғындары мен демалушыларға қиындық келтіруде. Сондай-ақ, Іле
ауданындағы “Филипп Морис Қазақстан” серіктестігі де өндіріс қалдықтарын
жасырын сақтап, қоршаған ортаға мол зиян келтіргені анықталды. Алматы
қаласына таяу орналасқан Қарасай, Іле және Талғар аудандарының экологиялық
жағдайы баса назар аударуды қажет етеді. Тау аймақтарының бірқатар көрікті
жері аталған аудандарға қарайды. Аудандар территориясындағы шатқалдардың
орманы оталып, беткейі түзетіліп, шағын тау өзендері бойына зәулім үйлер
салынып, оның айналасы дуалдармен қоршалып жатқаны жасырын емес. Кез келген
тексерушіні жолата қоймайды. Олардың қарулы күзетшісі және бар. Сән
салтанатты сауналар мен моншалардан шыққан лас су тау өзендеріне құйылып
жатыр. Осындай нысандарға уақтылы экологиялық сараптама жасап, заңдық
тексеру жүргізу мүмкін болмай отыр.
Қазіргі кезде ірі елді мекендерде тұрмыстық қалдықтарды сақтау жөніндегі
мәселелер күн тәртібіне қойыла бастады. Мәселен, Талдықорған қаласындағы
тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтауға арналған полигон әлі күнге шешілмей
келеді. Бір таңқаларлығы сол, оған жыл сайын жергілікті бюджеттен мол қаржы
бөлініп игерілгенімен, ешқандай нәтиже жоқ. Полигонның қазіргі жағдайы
экологиялық-санитарлық талаптарға сай келмейді. Ол Қаратал өзені ғана емес,
Балқаш көліне де қауіп төндіруде. Сонымен бірге, облыс орталығының
маңайындағы елді мекендерде қалдықтарды сақтау жайы да сын көтермейді.
Басқармаға қарасты арнайы жабдықталған топырақ, су және атмосфералық ауаға
сараптама жасау жөніндегі зертханалардың қорытындысына сүйенсек, облыстың
экологиялық жағдайы тұрақты деп баға беруге болатындай.
Алайда, облыстың бүгінгі өсу, өркендеу және даму қарқыны қоршаған ортаны
қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, елді мекендерді көркейту,
көріктендіру бағыттарында бірқатар мәселелерге назар аударуды қажет етуде.
Мысалы, Талдықорған қаласынан жылына 100 мың тонна, Қапшағай қаласынан 30
мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Соны өңдейтін зауыт салудың
уақыты келген сияқты. Алакөл, Балқаш көлдерінің тазалығын сақтауға
мемлекеттік қолдау көрсетілуі керек. Оған Шығыс Қазақстан, Қарағанды
облыстарының да ортақ көзқарасы, көмегі болуы тиіс.

1.1.Қала экологиясына кім кінәлі?

Алматы қаласының экологиясы мен ауасының ластануына тұрғындардың өздері
кінәлі. Себебі "Медеу" мемлекеттік табиғи паркі шахар азаматтарының қала
тазалығына немқұрайлы қарауынан жапа шегуде, - дейді мамандар. Табиғи
паркте әрбір екі аттам жерде қоқыс салатын жәшіктер қойылғанына қарамастан,
өзен маңындағы күл-қоқыстан көз сүрінеді. Ал бұдан өзен саласы ластанып
жатыр.

2008 жылдың аяғында Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу
зауытын салу жоспарлануда

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. 2008 жылдың аяғында Астанада
қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Бұл
туралы бүгін Астана әкімшілігіндегі экологиялық қоғамдық тыңдауда қала
әкімінің орынбасары Сансызбай Есілов мәлімдеді, деп хабарлайды
Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сансызбай Есіловтің ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта қатты
тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыты құрылысының жобасы
қарастырылуда. "Егер біздің осы жоба бойынша инвесторлармен жасап
жатқан келіссөздеріміздің барлығы табысты болса, онда осы жылы
Софиевский тасжолында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу
зауытының құрлысы салына бастайды",- деп нақталап өтті ол.

Өз кезегінде, Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық
басқармасының бастығы Мұрат Рахымбергенов әкімшіліктің зауыт құрылысы
жобасының бірнеше үлгісінен қатты тұрмыстық қалдықтардың 80 пайызын
қайта өңдеп, 20 пайызын көмуді қарастыратын жоба таңдап алғандығын
айтып өтті.

Сонымен қатар, Сансызбай Есіловтың сөздеріне сүйенсек, Астана қалалық
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасына өндіріс
қалдықтарын басқару бағдарламасын әзірлеу тапсырылды. "Қала
кәсіпорындарындағы қуат үнемдеу технологияларын енгізу және олардың
қалдықтарды өз бетінше қайта өңдеу жөніндегі іс-қызметіне жағдай жасау
қажет",- деп қосты шенеунік.

"Қазіргі уақытта Астанада қаланың коммуналдық қалдықтарын басқару
жүйесі жоқтың қасы",- деді С. Есілов. Ол "қолданыстағы тұрмыстық
қалдықтарды сақтау, пайдаға асыру және қайта өңдеу жүйесі қаланың
табиғи ортасының ластануына әкеп соқтыратындығын" атап өтті.

Әкімшіліктің ақпараттарына сүйенсек, Астананың қаласының қоқыс
алаңында 15 млн текше метрдей қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып
қалған.

Қайта өңдеу технологиясынсыз өндірістік қалдықтың қоршаған ортаға келтірер
залалы шексіз. Керісінше, жағдайда ол стратегиялық жағынан маңызды шикізат
көзі болып табылады. Алдымен сөз зиянды өндіріске жататын улы қалдықтар
жайында. Оны айту үшін амалсыз қалта телефонның нөміріне ұқсайтын цифр
тіліне жүгінуге тура келеді. Мәселен, Балқаш металлургия комбинаты
тәулігіне 3,7 тонна мышьякты қалдық есебінде шығарады екен. Бір жылда бұл
сан шамамен 1100 тоннаға дейін өседі десек, табиғатқа қаншалықты зиян келіп
жатқанын өзіңіз шамалай беріңіз. Оған еліміз аумағында 56085, 1 мың
текшеметрді құрайтын уран өндірісінің қалдығы жатқанын қосыңыз. Ол аз
болса, 24890, 34 гектар аумақты алып жатқан 21815439,05 мың текшеметрді
құрайтын көмір қалдығы тағы бар. Оны да көпсінбесеңіз, 9225, 73 гектарды
алып жатқан 2512240, 27 мың текшеметр түсті металл қалдығын қосып қойыңыз.
Осылайша, бүгінде Қазақстанда 20 миллиард тонна қатты қалдық қаттаулы тұр
десек болады. Қалдық сұйық, газды және қатты болып бөлінеді. Оқымыстылардың
пікірінше, ең зиянды улы қалдыққа газды және сұйық қалдықтар жатқызылады.
Ал қоршаған ортаны қалдықпен ластауда бірінші орынды жылу энергетика саласы
алса, екінші орында – тау-кен – металлургия кешені тұр. Елімізде айнала
оршаған ортаны улап жатқан өнеркәсіптік қалалардың көшбасшысы ретінде
жылына 800 мың тонна антигидрид – қалдық шығаратын Балқаш қаласын батыл
атауға болады. Сондай-ақ өнеркәсіптік қалдыққа толы жерлерге бірінші
кезекте Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан
облыстары жатады.
Енді өнеркәсіптік қалдыққа қатысты қайта өңдеу технологиясы қаншалықты іске
асуда дегенге келсек, бұл орайда зардапты зияндылығы аздау қара
метталлургия қалдығын жол құрылысына пайдаланатын кәсіпорындарды, яғни Ақсу
және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарын бірінші кезекте ауызға аламыз. Сондай-
ақ өндіріс қалдықтарын игеруде Минералдық ресурстарды кешенді өңдеудің
Ұлттық орталығының да атқарып жатқан игі істері баршылық. Керісінше, түсті
металлургия қалдықтарын өңдеу ісі өрге басар емес. Минералдық байлықты
кешенді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс қалдықтарының мәселелері
Аймақтағы тұрмыстық қалдықтарды тиімді өңдеу жолдары
Экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау үшін, қалдықтар жүйесін жан-жақты зерделеп, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру
ҚТҚ сыныптамасы
Тұрмыстық қалдықтар сипаттамасы
Қатты тұрмыстық қалдықтар
Шыны қалдықтарын сұрыптау
Пластик қалдықтардың түрлері мен таңбалануы
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын азайту»
Нағыз тұрмыстық қалдықтар
Пәндер