1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың сол кездердегі баспасөздегі көрінісі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I 1921.1922 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚТЫҢ СОЛ КЕЗДЕГІ БАСПАСӨЗДЕГІ КӨРІНІСІ
1.1 Өзімдікі деген де өгіз қара күшім бар,
Өзгенікі деген де... онда менің не ісім бар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.2 Алтын, күміс тас екен,
Арпа.бидай ас екен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
II КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСПАСӨЗГЕ ҚОЙЫЛҒАН ЦЕНЗУРА
2.1 Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.2 Екі елі ауызға төрт елі қақпақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 64
КІРІСПЕ

Менiң бұл бiтiру жұмысым 1921-1922
және 1931-1933 жылдардағы ұлт саясатының
бұрмалануына байланысты аштан қырылған
ата-бабаларымыздың рухына арналады.

Бiтiру жұмысының өзектiлiгi. Бүгінгі таңда біз қазақтар 10 миллионнан әрең асып отырмыз. Егер қазақ даласында алапат аштық болмағанда біз 32 млн болып отырар едік дейді Мұхтар Шаханов ағамыз, ал осы саланы терең зерттеп жүрген адамдардың бірі Мектептегі Аманқос ағамыз радиода сөйлеген сөзінде тіпті 50-60 млн-ға жетіп қазақтың кең байтақ даласында балпаң басып жүрер едік дейді. Біз үшін 50-60 млн түгілі 32 млн-ның өзі арман болып тұрған жоқ па? Сонау өз баласының етін жегізген аштық қазақты сан жағынан да, рухани жағынан да аздырды. 1921 жылғы аштықтағы адамдарды көрген Ахаң(Ахмет Байтұрсынов): «Аштықтан адамның тәні азып еді, жаны да азып, ес кетіп, адамгершілік жоғалып, адам хайуаннан да жаман болып кетті» деп еді-ау. Қойша қыратындай қазақ Құдайға, Кеңес Өкіметіне не жазып еді? Осы секілді сан мыңдаған сұрақтарға жауап табу үшін сол кездерде халықтың көзі, құлағы һәм тілі болып тұрған баспасөзге жүгіндім. Біраз сұрақтардың жауабы табылып, шындықтың пердесі түріле бастағандай. Қазақ тарихын жасауда дерек көзіне айналып отырған басылымдар «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Известия» газеттерінің материалдарына сүйене отырып ұлтымыздың аштан қатуының себебін, салдарын анықтауға тырыстым. Нәтижесі (аштық салдарының емес, зерттеудің) жаман емес сияқты. Кеңес өкіметі тарихты бұрмалады, өз қылмыстарын жарияға жар салатын деректердің көзін құртты, кейбірін жасырып тастады. Қазақ тарихының шындығын ащы болса да, тырнақтың ұшындай болса да сол замандағы баспасөз материалдары арқылы қалпына келтіруге үлес қосу – осы жұмысыма артылған жүк еді. Оның өзектілігі де осында жатыр деп ойлаймын.
Бiтiру жұмысының мақсаты. Бітіру жұмысымның мақсаты аштық жылдарында жарық көріп тұрған газет материалдарына сүйене отырып тарих шындығын ашу, ең болмаса сол шындыққа соқпақ салу. Үндістанның Лайпорт Рей деген атақты революционері «Бақытсыз Үндістан» атты кітабында: «Ке-келген ұлт үшін дүниедегі ең зор бақытсыздық – басқа бір ұлттың тепкісіне түсу» деген екен. Ал біз тепкіде аз жыл болған жоқпыз. Кейінгі ұрпақ, қоғамның санитарлары – журналистер тарих шындығынан хабардар болуы керек. Ол болашақ үшін өте қажет. Егер аштық болмаған да мүмкін біз тәуелсіздікті он, тіпті жиырма-отыз жыл бұрын алар ма едік. Сонда біздің тіліміз жетімсірей, рухымыз асқақ болар ма еді деген сауалдар менің шамшырағым, ал тарих шындығының бір кебежесін ашу менің мақсатым болды.
Бiтiру жұмысының нысаны. Бітіру жұмысы «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Известия» басылымдарының материалдары негiзiнде жазылып шықты. Бар салмақ та ондағы материалдар мен авторларға түсті.
Бiтiру жұмысының ғылыми-әдiстемелiк негiзi. Бiтiру жұмысы жоғарыда атап өткен газет материалдары мен тарихшы Талас Омарбеков пен жазушы Смағұл Елубаевтың кітаптарындағы деректерге сүйене отырып жазылды.
Бiтiру жұмысының жаңалығы. Ашаршылық тақырыбы тарихшылардың зерттеу нысанына айналса да, журналистердің қаламының ұшына іліге қойған жоқ. Дерек іздесек те сол тарихшылардың еңбегіне сүйенеміз. Кеңес заманында жазылған тарих - басшылар жаздырған диктант. Егер сол диктант пен баспасөз материалдарын салыстыра отырып қарасақ, ақиқаттың да ауылы алыс болмас еді. Журналистер мен тарихшылар бірлесе жұмыс істеу әдісін қолдансақ тарихтың сандығын аққу, шортан, шаянша жан-жаққа тарпас едік.
Тәжiрибелiк құндылығы. Журналистика факультетінің студенттері 20-30 жылдардағы қазақ баспасөздерін қарастырғанда, Қазақстандағы сауатсыздықпен күрес, мәдени даму жай ғана айтылып, баспасөздегі ашаршылық мәселесін айналып өтеді. Оған материалдардың аздығы қол байлау. Менің бұл еңбегім осы саладағы теңізге тамған тамшыдай болса да, біраз дүниені қамтыды.
Зерттеу әдiсi. «1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың сол кездердегі баспасөздегі көрініс»і тақырыбын ашу барысында талдау, саралау, салыстыру әдiстерi қолданылды.
Бiтiру жұмысының құрылымы. Бiтiру жұмысы кiрiспеден, негiзгi бөлiм, екi тараудан, қорытынды, сiлтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады. Жалпы көлемi 65 бет.
Бiтiру жұмысының мазмұны. Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, мақсат-міндеттері айқындалса, бірінші тарауында «өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, өзгенікі дегенде онда менің не ісім бар» деген принципті ұстанған «Известия» газеті мен ашыққандарға қалай көмек берсем деп шырылдағын «Ақ жол», «Еңбекші қазақ» газеттерінің материалдары талданады. Екінші тарауда 1932 жылдары баспасөз аштық туралы жұмған аузын неге ашпады деген сұрақтарға жауап ізделінді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. – Алматы, Мектеп, 1981.
2. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – Алматы, Қазақ мемлекет баспасы, 1964.
3. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2000.
4. Қазақстан тарихы, очерктер. – Алматы, Дәуір, 1994.
5. Қызылдар қырғыны. – Алматы,
6. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. – Алматы, Білім, 2004.
7. Мұртаза Ш. Қызыл жебе, II том. – Алматы, Жазушы. – 1996.
8. Шоқай М. Таңдамалы, I том, – Алматы, Қайнар. – 1998.
9. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, Жалын – 1991.
10. Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. – Алматы, Санат. – 1997.
11. Омарбеков Т. Зобалаң. – Алматы, Санат. – 1994.
12. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-1995жж.). – Алматы, Рауан. – 1996.
13. Богданов Б., Вяземский Б. Журналист анықтамалағы. – Алматы, Мектеп. – 1978.
14. Кенжебаев Б., Қожакеев Т. Қазақ совет баспасөзі тарихынан. – Алматы. – 1962.
15. Қазақ журналистикасының тарихы. Бағдарлама. – Алматы, Рауан. – 1996.
16. Ыдырысов Т. Баспасөз – өмір айнасы. – Алматы, Қазақстан. – 1977.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика факультеті

Журналистика тарихы кафедрасы

АЛДАБЕРГЕНОВА Жанна Жайлаубайқызы

1921-1922 ЖӘНЕ 1931-1933 ЖЫЛДАРДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚТЫҢ СОЛ КЕЗДЕРДЕГІ
БАСПАСӨЗДЕГІ КӨРІНІСІ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Ғылыми жетекшісі - ф.ғ.к., доцент МЕКТЕПТЕГІ А.
Ресми сарапшысы - т. ғ. к., Жұлдыз журналы редакторының орынбасары
ҚОЙШЫБАЕВ Б.

Журналистика тарихы кафедрасының
2007 жылғы ... ... ... ... . мәжілісінде
талқыланып, қорғауға жіберілді.

Кафедра меңгерушісі ... ... ... ... ... ... ... .. проф. ҚОЗЫБАЕВ С.Қ.

Мемлекеттік емтихан комиссиясының сараптауына қабылданды
Диплом қорғау күні: 2007 жылғы 14 маусым.

Комиссия хатшысы ... ... ... ... ... ф.ғ.к., доцент ШЫҢҒЫСОВА Н.Т.

Алматы, 2007
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I 1921-1922 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚТЫҢ СОЛ КЕЗДЕГІ БАСПАСӨЗДЕГІ
КӨРІНІСІ
1. Өзімдікі деген де өгіз қара күшім бар,
Өзгенікі деген де... онда менің не ісім
бар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2. Алтын, күміс тас екен,
Арпа-бидай ас
екен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... . 16
II КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСПАСӨЗГЕ ҚОЙЫЛҒАН ЦЕНЗУРА
1. Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ
қалмасын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2. Екі елі ауызға төрт елі
қақпақ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...50
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 58
СІЛТЕМЕЛЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... . 64

КІРІСПЕ

Менiң бұл бiтiру жұмысым 1921-1922
және 1931-1933 жылдардағы ұлт саясатының
бұрмалануына байланысты аштан қырылған
ата-бабаларымыздың рухына арналады.

Бiтiру жұмысының өзектiлiгi. Бүгінгі таңда біз қазақтар 10 миллионнан
әрең асып отырмыз. Егер қазақ даласында алапат аштық болмағанда біз 32 млн
болып отырар едік дейді Мұхтар Шаханов ағамыз, ал осы саланы терең зерттеп
жүрген адамдардың бірі Мектептегі Аманқос ағамыз радиода сөйлеген сөзінде
тіпті 50-60 млн-ға жетіп қазақтың кең байтақ даласында балпаң басып жүрер
едік дейді. Біз үшін 50-60 млн түгілі 32 млн-ның өзі арман болып тұрған
жоқ па? Сонау өз баласының етін жегізген аштық қазақты сан жағынан да,
рухани жағынан да аздырды. 1921 жылғы аштықтағы адамдарды көрген Ахаң(Ахмет
Байтұрсынов): Аштықтан адамның тәні азып еді, жаны да азып, ес кетіп,
адамгершілік жоғалып, адам хайуаннан да жаман болып кетті деп еді-ау.
Қойша қыратындай қазақ Құдайға, Кеңес Өкіметіне не жазып еді? Осы секілді
сан мыңдаған сұрақтарға жауап табу үшін сол кездерде халықтың көзі, құлағы
һәм тілі болып тұрған баспасөзге жүгіндім. Біраз сұрақтардың жауабы
табылып, шындықтың пердесі түріле бастағандай. Қазақ тарихын жасауда дерек
көзіне айналып отырған басылымдар Ақ жол, Еңбекші қазақ, Известия
газеттерінің материалдарына сүйене отырып ұлтымыздың аштан қатуының
себебін, салдарын анықтауға тырыстым. Нәтижесі (аштық салдарының емес,
зерттеудің) жаман емес сияқты. Кеңес өкіметі тарихты бұрмалады, өз
қылмыстарын жарияға жар салатын деректердің көзін құртты, кейбірін жасырып
тастады. Қазақ тарихының шындығын ащы болса да, тырнақтың ұшындай болса да
сол замандағы баспасөз материалдары арқылы қалпына келтіруге үлес қосу –
осы жұмысыма артылған жүк еді. Оның өзектілігі де осында жатыр деп
ойлаймын.
Бiтiру жұмысының мақсаты. Бітіру жұмысымның мақсаты аштық жылдарында
жарық көріп тұрған газет материалдарына сүйене отырып тарих шындығын ашу,
ең болмаса сол шындыққа соқпақ салу. Үндістанның Лайпорт Рей деген атақты
революционері Бақытсыз Үндістан атты кітабында: Ке-келген ұлт үшін
дүниедегі ең зор бақытсыздық – басқа бір ұлттың тепкісіне түсу деген екен.
Ал біз тепкіде аз жыл болған жоқпыз. Кейінгі ұрпақ, қоғамның санитарлары –
журналистер тарих шындығынан хабардар болуы керек. Ол болашақ үшін өте
қажет. Егер аштық болмаған да мүмкін біз тәуелсіздікті он, тіпті жиырма-
отыз жыл бұрын алар ма едік. Сонда біздің тіліміз жетімсірей, рухымыз асқақ
болар ма еді деген сауалдар менің шамшырағым, ал тарих шындығының бір
кебежесін ашу менің мақсатым болды.
Бiтiру жұмысының нысаны. Бітіру жұмысы Ақ жол, Еңбекші қазақ,
Известия басылымдарының материалдары негiзiнде жазылып шықты. Бар салмақ
та ондағы материалдар мен авторларға түсті.
Бiтiру жұмысының ғылыми-әдiстемелiк негiзi. Бiтiру жұмысы жоғарыда атап
өткен газет материалдары мен тарихшы Талас Омарбеков пен жазушы Смағұл
Елубаевтың кітаптарындағы деректерге сүйене отырып жазылды.
Бiтiру жұмысының жаңалығы. Ашаршылық тақырыбы тарихшылардың зерттеу
нысанына айналса да, журналистердің қаламының ұшына іліге қойған жоқ. Дерек
іздесек те сол тарихшылардың еңбегіне сүйенеміз. Кеңес заманында жазылған
тарих - басшылар жаздырған диктант. Егер сол диктант пен баспасөз
материалдарын салыстыра отырып қарасақ, ақиқаттың да ауылы алыс болмас еді.
Журналистер мен тарихшылар бірлесе жұмыс істеу әдісін қолдансақ тарихтың
сандығын аққу, шортан, шаянша жан-жаққа тарпас едік.
Тәжiрибелiк құндылығы. Журналистика факультетінің студенттері 20-30
жылдардағы қазақ баспасөздерін қарастырғанда, Қазақстандағы сауатсыздықпен
күрес, мәдени даму жай ғана айтылып, баспасөздегі ашаршылық мәселесін
айналып өтеді. Оған материалдардың аздығы қол байлау. Менің бұл еңбегім осы
саладағы теңізге тамған тамшыдай болса да, біраз дүниені қамтыды.
Зерттеу әдiсi. 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың сол
кездердегі баспасөздегі көрінісі тақырыбын ашу барысында талдау, саралау,
салыстыру әдiстерi қолданылды.
Бiтiру жұмысының құрылымы. Бiтiру жұмысы кiрiспеден, негiзгi бөлiм, екi
тараудан, қорытынды, сiлтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен
тұрады. Жалпы көлемi 65 бет.
Бiтiру жұмысының мазмұны. Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың
өзектілігі, мақсат-міндеттері айқындалса, бірінші тарауында өзімдікі
дегенде өгіз қара күшім бар, өзгенікі дегенде онда менің не ісім бар деген
принципті ұстанған Известия газеті мен ашыққандарға қалай көмек берсем
деп шырылдағын Ақ жол, Еңбекші қазақ газеттерінің материалдары
талданады. Екінші тарауда 1932 жылдары баспасөз аштық туралы жұмған аузын
неге ашпады деген сұрақтарға жауап ізделінді.

Осыдан он алты жыл бұрын қолымызға қонған баққа бiреулер бөркін лақтыра
қуанса, бiреулер күдiкпен қарады. Өйткенi бұл егемендiк - жарты ғасырдан
астам уақыт бiреудiң әй дегенiмен қадам басып, қой дегенiмен тiзгiн
тартып келген халықтың асау тайға тақым басқанымен бiрдей едi. Қайратың мен
күшiң жетпесе ерден бiр-ақ сәтте аунап түсесiң. Ал бiздiң қайратымыздың
қажалып, күшiмiздiң сарқылуы үшiн сол кездегi басқарушы ұлт аз нәрсе
жасаған жоқ. Ғылым тiлiнде бiр ұлттың екiншi бiр ұлтты құртуға, жоюға
бағытталған әрекетiн геноцид деп атайды. Өздерiн өзгелерден тым артық
көретiн немiстердiң еврей халқына жасаған қастандығына, байлық, атақ құмар
европалықтардың үндiстерге жасаған озбырлығына, ата-бабасының өшiн алғысы
келген орыс халқының Орта Азияны мекендеген көшпендiлерге жасаған
жақсылықтарына бiр-ақ сөзбен геноцид деген анықтама беруге болады.
Сауаттылығы мен көрегендiгi өздерiнен артық ұлтты немiс ұлтжандылары ауыл-
ауылымен өртеп жiберсе, ал үш ғасыр бойы айдауында келген елдi Патшалы
Ресей, одан кейiнгi КСРО аз қырғынға ұшыратқан жоқ. Сол қырғындардың ең
сорақылары өткен ғасырдың еншiсiнде. 1916 жылдың 25 маусымындағы Патша
жарлығы, 1921-1922 жылдардағы ашаршылық, күштеп ұжымдастыру (оның соңы
1932жылғы ашаршылыққа ұласты), 1937-1938жылдардағы қазақтың бас көтерер
азаматтарын қойша қыруы, бас-аяғы елу жылдың iшiнде Қанжығалы Бөгенбай,
Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек батырлардың, Керей,
Жәнiбек, Абылай хандардың, бүкiл халықты аузына қаратқан Төле, Әйтеке,
Қазыбек билердiң ұрпақтарын алдағы бiр ғасырда да еңсесiн көтерместей етiп
тұралатып тастады. Ең сорақысы, осы қырғынның бәрiне қазақтың өзiн
кiнәлады: бiр тудың астында өмiр сүредi екенбiз, 18-41 жас аралығындағы
азаматтардың орыс әскерiнiң қалқаны болмаса адамдыққа жатпайдыға санады,
1921-1922 жылдардағы аштыққа ауа райы кiнәлi, 1932 жылғы аштыққа ұжымдасу,
отырықшылық дегеннен мүлдем бейхабар қазақтың өзi жауапты, ал репрессияға
ұшырағандардың барлығы - елге iрiткi салушылар. Өзге түгiлi өзiмiз де дәл
осылай ойлап келдiк емес пе? Мен бұл ғылыми жұмысымда 1921-1922, 1932
жылдардағы ашаршылықтың себебi - ауа райы, елдегi қиын жағдай немесе
байқаусызда кеткен қателiк емес, бiр империяны билеген адамдардың жұртын
жұтып, жерiн иемденсем деген арам пиғылы екенiн сол кездерде халықтың естiр
құлағы, көрер көзi, айтар аузы болған газет материалдарына сүйене отырып
дәлелдеуге тырысамын.
Қазақ даласында жүргiзiлген жаппай ұжымдастыру, отырықшыландыру және
кәмпеске науқанының салдары қазақ жерiне үлкен қоғамдық-экономикалық және
әлеуметтiк өзгерiстер әкелгенi, тiптi ашаршылыққа ұрындырғаны тарихымыздан
жақсы белгiлi. Осынау асыра сiлтеушiлiк – 30-жылдар басындағы ашаршылық
сияқты ауыр қасiретке апарып ұрындырды. Бұл кезең халқымыздың тарихындағы
ең ауыр трагедиялардың бiрi екендiгi туралы тек соңғы 10-15 жылдың
көлемiнде ғана ашық айтыла бастады. Өйткенi бұл ақтаңдақ кезең жарты
ғасырдан астам уақыт бойы айтуға, жазуға, зерттеу нысаны болуға рұқсат
етiлмеген тақырып ретiнде жабық болып келдi. Екi елi ауызға төрт елi қақпақ
жабылмайтын заман туғанда ызғары әлi де ұмытыла қоймаған осынау бiр
аласапыран кезең туралы анығын бiлiп, ақиқатына жету тек тарихшылардың ғана
мiндетi емес, кез-келген уақытта, кез-келген жағдайда қаламын қарулай
бiлген журналист қауымның да мiндетi. Тарихшының объектiсi - өткен шақ,
журналистiң - объектiсi бүгiнгi күн десек қатты қателескен болар едiк.
Партия өзінің өрескел қателіктерін бетіне басатын ақтаңдақтардың
ізін жасыруға тырысты. Тарихшылардың екі елі аузына төрт елі қақпағын қойса
да, сол кездерде шығып тұрған баспасөзге, оларды басқарып отырған қазақ
зиялыларының басын кессе де тілін кесе алмады. Өткен ғасырдың жиырмасыншы
жылдары жарық көрген Ақжол, Еңбекші қазақ, орыс басылымдарынан
Ташкентте шығып тұрған Известия газеттерінде 1921 жылғы аштық туралы
жазылған дүниелердің өзі біршама. Ақжол газетінде Ашыққандар үшін
деген айдармен М. Дулатовтың, Ғ. Қаналиннің, Т. Ибраһимовтың, Шамғали деп
қол қойған Шамғали Сарыбаевтың проблемалық материалдары жарық көрсе,
Еңбекші қазақта Жөнеу деген лақап атпен Аманғали Сегізбаевтың, А.Ш
деген бүркеншік есіммен берген (Кім екені белгісіз) автордың ашыққан елден
жіберген хабарлары, аштықтан қалай құтылсақ болады деген мақсаттағы
проблемалық мақалалары жарияланған. Міне осы материалдарға сүйене отырып,
сол кездегі жағдайды, аштықтың себебін, оның салдарын, зардабын анықтауға
болады. Себебі баспасөзде жарияланған материалдарға, цифрларға қарап
тарихшыларымыз, демографтарымыз шешімін таппай жүрген көп күрмеудің шетін
шығаруға мүмкіндік туады. Бір жағынан алып қарар болсақ, бүгiнгi таңда
орын алып отырған рухани, демографиялық, тiптi саяси проблемалардың тамыры
барып сол нәубет заманының тасына тiреледi. Халқымыздың бiр күн ашыққаннан
қырық күн ақыл сұрама деген сөзі бар, осы мақалды алға тартар болсақ, онда
айналасы он жылдың iшiнде екi бiрдей алапат аштықты басынан өткiзген
халықтың қашан есiн жинап, оң-солын тануға шамасы келетiнiн есептей
берiңiз. Баспасөз материалдарын талдамас бұрын ең алдымен ашаршылыққа себеп
болған жағдайлардың бетін ашып алайық. Халықтың үштен бiр бөлiгi (кей
деректерде тең жартысы) қырғынға ұшырағын бұл нәубеттiң себебiн тарихшы
ғалым Талас Омарбеков: Қазақстандағы 1921-1922 жылғы ашаршылық шындығына
келсек, ауа райы, құрғақшылық емес, өздерi өкiметтi бiр түнде басып алған
соң, көп кешiкпей-ақ азамат соғысы тұтанатынын, ал одан шаруашылық
күйзелiп, халық аштан қырылуы мүмкiн екенiн бiле тұра, қатерлi бағыттарынан
қайтпай қойған большевиктер және олардың партиясының бiржақты саясаты
кiнәлi 1 деп түсiндiрсе, ал 1932 жылғы ашаршылықтың себебiн публицист
Сапабек Әсiпов анықтау үшiн Коллективтендiру саясатыда сен орыс, сен
қазақ, сен армян демей, жалпыға бiрдей жүргiзiлген жоқпа едi?
Коллективтендiру зардабын шекпеген облыс, өлке, республиканы iздеп табу
қиын екенi рас. Бiрақ Қазақстандағыдай соғыссыз қырғын ешқайда болған жоқ.
Сол бiр нәубет туралы сөз бола қалғанда, ашаршылықтан адамы көп қырылған
жалғыз Қазақстан емес, Украина да көп шығындалды ғой дейтiндер бар. Ол рас,
бiрақ, Украина халқы дәл Қазақстандағыдай жаппай қырылған жоқ. Аштан өлген
адамдардың саны бiршама анықталған деректерге қарағанда 8-9 проценттен
аспайды. Ендеше қазақтың елден ала бөтен, осынша зор қырғынға ұшырауының
себебi не? 2 деген сауалды қоя отырып, оған 1920 жылдардың аяғы мен 30
жылдардың басында ҚазЦИК-тiң хатшысы болған, 1937 жылы халық жауы атанған
А. Асылбековтың сөзiмен жауап бередi: Тағы бiр мәселе, бұл қазақ кадрларын
тұрақтандыру мәселесi жөнiнде. Менiң ойымша, шындығында ешқандай
тұрақтандыру болған жоқ. Қазақстанды орыс басшылары басқарып келедi, толық
дайындығы бар қазақ басшылары елдi басқарудан шеттетiлуде, тұрақтандыруды
бетке ұстап, бұрынғы саясат жалғасып келедi... 3.
Сонау хандық дәуірден бері белең алып келе жатқан билік үшін туған
бауырын да бауыздай салатын әдетіміз өткен ғасырдың жиырмасынша жылдарында,
қазаққа басшы қою кезінде аяғымызға тұсау болған жоқ па? Содан кейін
таласқанға тас та жоқтың кебін киіп билікті өз қандасынан қызғанған
пысықайлар 1919 жылдың жазында Коммунистiк партияның Орталық комитетi мен
Халық комиссарлары Кеңесi, ВЦИК Қазревком құрамын бекiткен кезде билiк
тiзгiнiн бейтарап ұлт қолына тапсырды да жiбердi 4. Бертіндегі, 1986
жылы қазақ жастарының Әр ұлтты өз басшысы басқарсын деп шырылдағандағы
мақсаты не деп ойлайсыз? Әрине басқа ұлттың баласы білімсіз, ел басқаруды
білмейді деуден аулақпыз, бірақ сол басқарудың ар жағында ұлтқа, халыққа
деген жанашырлық, ұлтты сүю деген мәселе тұр емес пе?! Қазақ ұлтының
билігінің тізгінін бейтарап ұлтқа ұстатудың соңы оңайға соққан жоқ. Сол
1919 жылы Қазревком төрағалығына Ә. Жангелдин тағайындалса, кейін оны бір
қазақ ауыстырып, елді қазақтың басқаруы дәстүрге айналса, 1932-1933 жылғы
ашаршылықтың, 1937 жылғы қанды қырғынның, 1986 жылғы жауыздықтың болмауы да
мүмкін еді. Біз Жангелдинге қарсы емеспіз. Үш жүзге бөлінеміз ғой.
Басымыздың бірігуі қиын. Бейтарап бастық керек деп көсемдік көрсетіп, сөз
бастаған адамның кім екенін табу қиын. 5 Қазақ өз ішінен шыққан осындай
көсемдердің кесірінен қанша рет қан қақсады. Бұл жолғы көсемшілдіктің
соңы бiр ұлттың тең жартысының бұратылып аштан қырылуына, зиялылардың
жазықсыз жала жабылып атылуына әкеп соқты. Өйткенi өз ұлтының iшiнен шыққан
басшы ғана халқына жаны аши алады, ал сырттан келген басшылардың
жақсылықтарын тарих та, қазақ та ұмытқан емес.

I 1921-1922 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚТЫҢ СОЛ КЕЗДЕРДЕГІ
БАСПАСӨЗДЕГІ КӨРІНІСІ

1.1 Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар,
Өзгенікі дегенде... онда менің не ісім бар.
(Известия газетінде ашаршылық мәселесінің көтерілуі)

Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 1921 жылы Қазақстанда ғана емес,
Ресейдiң орталық аймақтарында да азық-түлiк жетiспеушiлiгi сезiлiп, үлкен
империяның жалауының астына кіретін біраз халық аштықтың зардаптарын татып
жатты. Бірақ дәл қазақтай қырғынған ұшыраған ешқайсысы жоқ. Өйткені
орталыққа жағдайды түсіндіріп, көмек сұрайтын өз арасынын шыққан басшысы
болды. 1921 жылы Мәскеу қаласы мен губерниясының хатшылары мен РКП-нiң
жауапты өкiлдерiнiң мәжiлiсiнде Лениннiң азық-түлiк салығы жөнiндегi
баяндамасында жұмысшы топ билiкке келгелi берi мұндай аштықты, азық
жетiспеушiлiктi басынан өткiзбегенiн айтып, бұл жағдайға ерекше тоқталады
6. Көсемнiң осы баяндамасы Известия газетiнiң беттерiнде На помощь
голодающим секiлдi айқайлаған айдарлар, көлдей-көлдей материалдардың
жариялана бастауына түрткі болды. Сол жылдардағы Известияның беттерін
парақтап отырсаңыз, газеттің бісмілласы Волға маңындағы ашыққандарға көмек
қолын созайық деген ұрандармен басталғанын байқау қиын емес. Газеттің
құдіреттілігін Ахаң дәл тапқан ғой, баспасөзде жарияланған жаныңды
түршіктірер мақалалар мен жарты әлемге жар салған ұрандарға құлақ түріп,
қой өзге ұлт болса да обал ғой, барымызбен бөлісейік деген қазақ аз
болған жоқ. Оны да сол газеттің беттерінен білеміз. Мәселен, ашығып жатқан
орыс бауырым үшiн деп 200 000 пұт астық және 7 000 000 рубль ақша жинап
берген Шымкент уезiнiң халқын жарайсыңдап мақтады, өзгелерге үлгі етті
7.
1921жылдың 19 шiлдесiнде Түркiстан Орталық Атқару Комитетiнiң орталық
Ресейдегi ашығып жатқан елге көмек беру жөнiндегi орталық комиссиясының
алғашқы бас қосуы өтедi. Онда Дубинский жолдас ашыққандарға жан-жақты көмек
ұйымдастыру жолдарына ерекше тоқталады. Ташкентте, Түркiстан
республикасының барлық аймақтарында облыстық және уездiк комиссия арқылы
ерiктi түрде ақшалай, азық-түлiк және заттай көмек жинауды ұйымдастыру
қажет екенiн, бұл iс-шараны ұйымдастыру кезiнде митинг, концерт, лекция
сияқты үгiт-насихат шараларының болуын, әсiресе баспасөздiң бұл шараға
белсене араласуы керек екенiн қадап айтады 8.
Баспасөз әрқашан да үгiт-насихат құралы болып келді емес пе?
Известияның бас редакторы В. Юдовский өз материалдарын, тіпті бір газетті
үгіт-насихат емес, талап ету құралы ретінде пайдаланғанын аңғару қиын емес.
Орталық Ресейдiң бiрнеше губерниялары жұтқа ұшырап отыр, егiндiктер қурап
қалды, аштық күннен күнге өршiп келе жатыр, жұмысшылар мен шаруалар ашығып
отыр дей келе: Туркестан в этом году не может пожаловаться на неурожай.
Было бы преступлением, если бы рабочие и крестьяне Туркестана не пришли на
помощь своим голодающим братьям... 9 деп, көмек қолын созбау қылмыспен тең
екенiн айтады. Юдовскийдің бұл сөзін қазақшаға аудармай, айтылған сөзінің
зілін сезіну үшін сол күйінде беріп отырмын. Бұдан кейін де В. Юдовскийдің
біраз материалдары жарық көрген. Солардың бірінде ол Біздің азық-түлік
комитетінің (Известия газеті Ташкент қаласында шығып тұрғандықтан, біздің
деп отырғаны Түркістан республикасы болуы керек) алдында зор міндет тұр.
Олар енді Түркістанның жұмысшыларымен қоса, орталық Ресейдегі ашыққандарды
да асырауы қажет. Бәрі де азық-түлік фронты үшін деген ұранның дәл
бүгінгідей маңызы болған емес 10. Соғыс фронтына (1916 жылғы 25 маусым
жарлығы) адамын беріп үйреніп қалған қазаққа қолындағы нанын беру қиын
болыпты ма?!
Қазақ қолындағысын берді, бергіздірді. Өйткені олардан Волга маңында
ашығып жатқан орыс ағайындар үшiн жылу жинауды талап еттi: Сыр-
Дарьинский областной совет союза работников земли и леса постановил –
предложить служащим и рабочим произвести добровольное отчисление недельного
пайка, а тем кто пайка не получает, - недельного заработка в пользу
голодающих Поволжье и др. места 11.
Жоғарыда Ресейдің орталық аймағы ашығып жатыр деп жарты әлемге жар
салды дегенімізде, ауыспалы емес тура мағынасында қолданған едік. Өйткені
оған Известияның №166 санындағы шетелдерден келген көмек туралы ақпарат
себеп болды: Помощь извне
Ганновер 23. Германский красный крест организован Особый комитет помощии
голодающим России.
Рига 20. По сведениям из Лондона, в Англии организуются комитеты помощи
голодающим России.
Берлин 23. Германский министр иностранных дел Розен уведомил нашего
предстовителя в Берлине, тов. Колпа о решении германского провительства
принять участие в оказании помощи голодающему населению России. В первую
очередь, Германия намеревается отправить в Россию лекарства.
Христиания 21. Норвежское правительство внесло в парламенте предложение об
оказании помощи голодающим России. Предпологается предоставить России
соленую рыбу и жиров на сумму 700 тысяч крон даром 12
Мені таңқалдырған қызық жағдай, өкіметтің органы болса да Известия
Ташкент қаласында шығып тұрды емес пе, онда бұл газеттің сонау Ресейдің
орталық аймақтарында болып жатқан ашаршылықтан хабары болғанда неге дәл
түбіндегі Торғай, Ырғыз бен Ақтөбеде ашығып жатқан халық туралы білмей
қалды? Бейтарап ұлттың өзге елдің жерінде жүрсе де өз ұлтының ғана сойылын
соғатын баспасөзінің негізі мүмкін дәл сол жылдары қаланған болар.
Дегенмен де Известияда қазақты есіне алған бір адам болды. Ол – С.
Мендешев еді. Республикалық Орталық Атқару Комитетiнiң төрағасы әрi аштарға
жәрдем ұйымдастыру комиссиясының бастығы С. Меңдешевтiң Известияның 1921
жылғы №180 санында жариялаған Кырғыз (Қазақстан) республикасының
ашыққандарына көмек беріңдер деген хатында ...Аштық Торғайдың, Ырғыздың,
Темірдің, Ойылдың көшпелі аудандарында қысты күні-ақ қатты сезілген.
Қазіргі күні ашаршылық Ақтөбе губерниясына, Орал облысынының Елек, Жымпиты,
Гурьев уездеріне жайылды. Енді Орынбор губерниясы мен Бөкей облысына аштық
қаупін төндіріп тұр. Шексіз далада ата-анасыз балалар қаңғып жүр. Далалық
жерден күн көру үшін тамақ іздеп босып кетті, қалаларда, теміржол
станцияларында туыс-туғандары тастап кеткен балалар, қарттар төгінді лас
қоқыстарды ақтарып, талғажау болатын дәм іздеуде. Қазақ халқы үшін қол ұшын
беріп, көмектесіңдер 13 деп қазақ халқының да жағдайы мәз емес екенiн,
олар да көмекке зәру екенiн жеткiзуге тырысты. С. Мендешевтің айтуы бойынша
Қазақстандағы аштық белгілері 1921 жылдың қысынан бастап біліне бастаған,
ал Ақжол, Еңбекші қазақ газеттері бетіндегі материалдарға қарап
көмектің 1921 жылдың аяғына қарай беріле бастағанын байқауға болады.
Өйткені көмектің берілгендігі туралы материалдардың көбі 1922 жылдың
үлесінде. Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, өзгенікі дегенде, онда
менің не ісім бар деген позицияны ұстанған Известия газетінің біраз
материалдарына тоқталып өттік, енді қазаққа шын жанашыр басылымдар Еңбекші
қазақ пен Ақжол газеттеріне тоқталайық.

1.2 Алтын, күміс - тас екен,
Арпа-бидай - ас екен.
(Ақжол және Еңбекші қазақ газеттеріндегі аштық тақырыбы)

Қазақтың аузынан шыққан әрбір мақал-мәтел, қанатты сөз белгілі бір
оқиғаға немесе жағдайға байланысты шығып отырған. Алтын, күмістің тас
екеніне, ал бір уыс арпа мен бидайдың жүрек жалғар ас екенін осынау аштық
кезінде кез-келген мойындаған еді. Жаңа экономикалық саясатқа көшу кезінде
қазақтың басынан өткен аштық туралы қазақтың баспасөзі не жазыпты?
Ақжолдағы ашаршылық проблемасын көтерген мақалаларды талдамас
бұрын, газеттің өзіне қысқаша тоқталып кетсек: 1920 жылдың 18 сәуірінен
шілденің 27-іне дейін Ташкент қаласында қазақ тілінде Жаңа өріс газеті
шығып тұрған болатын. Ал, Ақжол болса сол басылымның заңды жалғасы еді.
Жаңа өріс – қырғыз-қазақша жетісіне екі рет шығатын сыпайы тілдегі саяси
әрі шаруашылық газеті деп аталды. Басылым материалдары халықты негізінен
еңбекке, игі тіршілікке шақырды. Оның бар-жоғы 14 нөмірі жарық көрді. Ал,
сол жылдың 7 желтоқсанынан бастап оның орнына Ақжол газеті Қырғыз
газеті деген атпен шыға бастады. Орташа таралу тиражы 1800. Алғашқы
редаторы – С. Қожанов. Басылымның ішкі хабарлар, сыртқы хабарлар,
сауатсыздықты жою жайынан, әйел теңдігі, жарнама, партия тіршілігі, партия
талаптары, шаруашылық жайынан деген бөлімдері болды. Сонымен бірге, 1921-
1922 жылдардағы аштық мәселесін жиі көтеріп, жағдайға жарық түсіріп,
баяндап отырған да осы Ақжол газеті болды. Жоғарыда айтып өткеніміздей
жауапты, яғни бас редакторы С. Қожанов болғанымен, шығарушылары жиі өзгеріп
отырған. Мәселен, 1921 жылы № 120 санында жауапты редактор деп С.
Қожановтың аты жазылса, 1921 жылдың №121-125, 1922 жылдың №126-136
сандарында шығарушысы С. Оспанов болған. 1922 жылы Нәзір Төреқұловтың,
Санжар Асфендияровтың, қайтадан Сұлтан Қожановтың редактор болғанын
байқаймыз.
Енді тікелей мақалаларға көшейік, сонымен 1921 жылы Ақжол газетінде
жарық көрген материалдардан біздің қолымызға түскені Ашыққандар үшін
деген (айдар орнына да жүрген) тақырыппен 12 желтоқсан күні Қазақстан елші
мекемесіне Киселев, Щастнев жолдастардың Қазақстаннан келген 1 193 аш
баланы барып көргені туралы материал. Балаларда еш оба жоқ. Иығына iлген
бiр-бiр шоқпыты бар. Көйлек киiмiнiң жоқтығынан бейiттi құрту мүмкiн емес:
балаларға төсек-жайма берiлмесе өлiмнiң өрши беретiн түрi бар. Жұқпалы дерт
күштi 14 деген жолдардан ашыққан уездің балаларын аман алып қалу үшін
басқа жаққа (поезбен қайда алып кетіп бара жатқандары бізге меймәлім,
материалда көрсетілмеген) алып кетіп бара жатқандығын түсінуге болады. Екі
№ 203 және № 142-нші пойыздарға 1 193 баланы бөліп отырғызған. Бұл балалар
аштықтан бір бұратылса, екінші жағынан киім-кешектің, төсек-жайманың
жетіспеуі, жұқпалы аурулардың кесірінен балалардың ажал құшып жатқандығын
жазылған. Бұл балалардың поезда бір күн емес, екі күн емес бір айдан астам
уақыт келе жатқанын келесі жолдардан білуге болады: Балалардың түрi өтi
жүдеу. Азықты баста 15 күнге деп алып шыққанымен де, жолда бiр айдай тамақ
берiлмеген Ташкентке жеткенше 203-ншi поездағы 710 баланың 107-сi өлген.
Тамақ өте кем берiледi, кей тамақтар тiптi берiлмейдi. Берiлгенi де түгел
желiнбейдi. Ет бұл уақытқа шейiн берiлмеген. Басқа поезда 560, екiншi
поезда 203 бала бар. Жолшыбай тағы да тамақсыз қалмас үшiн, мұнан былай
жүретiн жолына деп арнап азық беру қажет 15. Ал бұл жолдардан аш-
жалаңаш балалардың тағы да жол жүретінін аңғарамыз. Авторы белгісіз бұл
материалда сонымен қоса поездың комиссиялары мен дәрігерлерінің сөздерінен
көшiру-қондыру мекемесiнiң қолында жетерлiк азық жоқ екені, сол үшiн бұған
аштарға жәрдемшi кiндiк комиссиясының араласуы, яғни: кетейiн деп тұрған
203 поезға күнiне 18-20 путтай пiскен нан, қайнаған су да 2-3 күнде бiр
берiледi екен, күнiне ең болмаса бiр стакан ыстық шай берілуі керек
екендігі айтылған 16. Бізді мазалаған бір сұрақ бұл балалар қайдан шықты,
қайда бара жатыр, не үшін оларды бір айдан астам уақыт бойы пойызбен көшіп-
қондырып жүр. Аштықтан құтқарам деп жүріп, онсыз да бір поездағы 107 баланы
өлтіріп алды емес пе? Бұл да бір сол кезеңнің жауапсыз қалған мың сұрағының
бірі.
Ақжолдың сол санында жарық көрген тағы бір материалдың бірі Аш
губернияларға азық-түлік жіберіледі деп аталады. Онда Халық азық-түлiк
комиссариатының және кiндiк ұйымының соңғы хабарларына сүйене отырып, қазан
және қараша айларында Астрахан губерниясына, Башқұртстан Республикасына,
Қазақ Республикасына, Самар губерниясына және тағы басқа губерниялар мен
облыстарға қанша азық-түлік жібергені айтылған. Оқырмандарға салыстырып
отыруға жеңіл болу үшін кесте түрінде берейік. 1-кесте 17.

Аш губернияларға жіберілген азық-түлік көлемі
1-кесте
Жәрдем жіберілген аймақтар Қазан Қараша айындағы
айындағы көлемікөлемі(пұт)
(пұт)
Саратов губерниясына 136 мың 700 22 мың
Самар губерниясына 128 мың 200 22 мың
Татар Республикасына 120 мың 780 22 мың
Қазақ Республикасына 87 мың 550 19 мың 520
Сiбiр губерниясына 80 мың 500 15 мың
Немiс ортақшыл ұйымына 40 мың 750 7 мың
Чуваш облысына 38 мың 900 10 (мың)
Башқұртстан Республикасына 27 мың 240 8 мың
Астрахан губерниясына 19 мың 350 6 мың
10.Уфа губерниясына 13 (мың) -
11.Маринский облысына 9 мың 520 3 мың

Бір қараған да Қазақстанға көмек аз берілмегендей, керісінше жәрдем
берілген он бір аймақтың ішінде төртінші орында тұрғанын байқаймыз. Тырнақ
астынан кір іздегеніміз емес, бірақ шындықтың аты шындық қой. Жоғарыда
Шымкент уезі халқының сол жылдың жазында орталық Ресей губернияларының
ашыққан халқына деп жіберген 200 000 пұт астық, 7 млн. рубль көмек
жөнелткені туралы айтқан болатынбыз. Біріншіден, бұл тек қана Шымкент
уезінен жиналған жәрдем (Қазақстанның басқа аймағынан жиналған көмектерді
қоспағанда). Енді мына жағдайға қараңыз, дәл қазақтай қырылып жатпаған
Ресейдің орталығына шамамен тамыз айында көлемді жәрдем жөнелтілсе, одан
кейін қазан, қараша айларында елмен бірге тағы да елдікінен көлемді азық-
түлікті тағы жібереді. Оған шет елдерден келіп жатқан көмекті қосыңыз. Бұл
бейтарап ұлттан азық-түлікті қызғанғаным емес, Орталықта отырған
басшылардың аштық зардабын тартып отырған елдерге азық-түлікті әділ
үлестірмегеніне ашуланғаным. Дегенмен де қазақтың үштен бірі қырылғанына
қарағанда, ашаршылықтың зардабын қазақтан көп тартқан халық жоқ сияқты.
Ашыққан елдің бір үзім нан іздеп босқынға айналып жатқанын көрсететін
тағы бір материал Ғ. Қаналин мен Т. Ибраһимовтікі. Олардың бұл еңбегін жол-
жөнекей очерк десек те болады. Онда Орал облысы, Темір уезінен 18 қараша
күні Түркістанға жөнелтілген 856 аш босқынның жол бойы көргендері жазылған.
Әдеби-көркемдік жағынан аса бір құнды болмаса да, деректілігі жағынан
таптырмас дүние. Бұл материалда 856 ашқұрсақ адамның 18 күн Қарағандының
боранында қалғандығы, кісілердің бірінің аштықтан өліп қырылғандығы,
екіншілерінің суықтан жатқан күйінде (96 адам) вагонда қатып қалғандығы
туралы баяндалады. Ақырында Жорынға тиiстi құрбандықтарымызды берiп
бiтiргеннен кейiн, 24-ншi қаңтарда Жорыннан шығып Жемге келдiк. 3 күн жемде
тұрып бiр уақыт Шалқарға келдiк. Шалқарға келiп арзаншылықты көргеннен
кейiн, әкемiз базардан келген балаша қуандық. Шалқардан өткеннен кейiн жол
бойындағы станцияларда, баяғы 17-18-ншi жылғы ашаршылықтан шұбырып, бiздiң
жаққа барғандардың бiразын көрдiк. Бұлар бiздi күтiп қарсылау үшiн
қойындарын ашып, құшақтарын жайып тұрған кiсiдей болып көрiндi. Ақылдарын
айтты. Соны жолдағы асханалардың астарын iшiп отырып, Ташкентте бiздердi
аштарды таратып тұратын банкет әр жаққа тарата бастады 18. Авторлар
Ташкентке келгеннен кейін ашаршылыққа ұшыраған 12 баланы арнайы орындарға
жайғастырғандарын айтады. Сол балалардың тізімі мен олардың қайда
орналасқаны туралы мағлұматты да қоса береді:

Сан Балалар аты һәм Қай уезд Қай болыс Нешiншi ауыл
фамилиясы
1 Күндебай Таспанов Темiр Темiрорқаш 4
2 Жақым Жалабаев -- -- 1
3 Қойшыбай Иманғазин -- -- --
4 Елауес Аманов -- -- --
5 Iзбасар Мақанов -- -- --
6 Төлеген Шындауилов -- -- 5
7 Ғабдiл Халықов -- -- 1
8 Жопар Қолбасов -- Жемтемiр 3
9 Қапан Қолбасов -- -- --
10 Тәңiрберген Балантаев -- Жембайсары 4
11 Ғұбайдулла Балантаев -- -- --
12 Төлеуғали Тәшiмов -- Жемоғажар 3

1922 жылғы алғашқы айларындағы деректерге сүйенер болсақ, Қазақстанның
барлық 4 миллион 854 мың 751 жанынан 1 миллион 465 мың 753 адамы аштық
зардабын тартып жатқан едi. 19 Оған назар аударған басшылар болды ма?
Керiсiнше, аштан қырылып жатқан қазақтан жылу жинай бастады емес пе?
Бүкiлодақтық Орталық Атқару Комитетi Қазақстандағы ашыққандарға жеткiлiктi
көмек көрсету былай тұрсын, қайта қазақтың қолындағы бар астығы мен малын
салық салып жинап алу нағыз сорақы қылмыстың дәл өзi емес пе? Келесi
келтiретiн дерек соның айғағы: 1922 жылы егiлген егiннен жиналған 54
миллион 734 мың 449 пұт астықты, оған қосымша 417 миллион пұт астықты
салық деп тартып алынған. 20 Самара губерниясында халық өлместiң
қамымен шөппен қоректенiп, қайың жапырақтарынан нан пiсiрiп жей бастады деп
дабыл қаққан Өкiмет тышқан аулап жан баққан, тiптi өз баласының етiн жеуге
дейiн жеткен, аштан қатып жатқан қазақтар жайында қалай ғана бiлмей қалды
екен?
20-жылдардағы аштықта күштеп жолынан тартып алу оқиғаларынан гөрi,
жоғары да айтып кеткендей үгiт-насихат арқылы өз еркiмен жылу жинатқызып,
салық төлету жиi кездестi. Бiрақ, аштық қазақ даласының көп аймағына
жайылып үлгергендiктен, қазақ үшiн өзгенi қойып өз қарнын тойдырудың өзi
қиямет-қайымға айналды. Сондықтан да Өкiметтiң ендi бiр ауық Қазақстан
аштарына да назар аударуға мәжбүр болды. Сол кездердегi цифрларға қарап, ол
көмектiң мардымсыз болғанын аңғару қиын емес. (2,3-кесте) 21

Елде азамат соғысы басталып, аласапыран кезеңде кеңес өкiметiнiң
халық шаруашылығына қарайлауына мұршасы да келмегенi анық. Сондай-ақ кеңес
өкiметi саяси науқандарды, жаңа экономикалық саясатты жүргiзуде жергiлiктi
халықтың жағдайымен санаспай, жалаң ұран мен өрескел қателiктерге жол
бердi. Ал мұның өзi зор ауыртпалықтар әкелдi. Бұл уақытта Ресейдiң
Астрахань, Царицын, Саратов, Самар, Сiбiр, Уфа губернияларында, Едiл
бойында ашаршылықтың кең құлаш жайғанын ескерiп, Қазақстанның орталықтан
көмек күтуiнiң қисыны жоқ екенiн ұлт зиялылары жақсы түсiндi дейдi тарих
ғылымдарының кандидаты Сәбира Иманбаева 22. Сондықтан халыққа жанашыр
зиялы топ қазақты бұл апаттан құтқару шараларын қарастырды. Қырылып жатқан
елдi ажалдан құтқару көп көмектi қажет еттi, зиялылар үшiн ашаршылықпен
алысудың қасында өзге жұмыстың бәрi саяси мәнiн жоғалтқан едi. Қазақ
халқының басына төнген бұл нәубет туралы М. Дулатов, Ж. Аймауытов бастаған
ұлт зиялылары ойласа келiп, елдi апаттан сақтап қалу үшiн сенiмдi
азаматтарды елге шығарып, шаруасы күйлi елдерден жылу ретiнде мал жию керек
деген шешiмге тоқтап, өздерi де осы жұмысқа кiрiседi. Осы мақсатпен ұлт
зиялылары 1922 жылы 9 наурызда Семей қаласында бас қосып, жиналыс өткiздi.
Жиналысқа М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Ғаббасов, Сәтбаев, Тұрғанбаев,
Нұралин, Д. Сарсеков, Д. Ысқақов, Есенғұлов, Жиенғалиев, Мұздыбаев тағы
басқалар қатысты. Жиылыс бастығы Ж. Аймауытов, хатшысы Сарсеков болды.
Қаралған басты мәселе Ашыққан елдерге жәрдем беру шарасы туралы өрбiдi.
Бұл жөнiнде М. Дулатов баяндама жасады. 23 Баяндамасында ол Қазақстанда
Семей губерниясынан басқа губерниялар аштық құшағында екендiгiн, ашыққан
елдердiң қайғылы халiн, аштықтан құтқаруға өкiмет жәрдемi жетпейтiндiгiн,
қиындығын, ел қырылып жатқанда бiр губениядағы iспен ғана шұғылданып отыру
жаны ашымағандық, азаматтық борышын атқармағандық, тарих алдында үлкен
қылмыс екендiгiн баса айтты. Жиналғандар М. Дулатовтың ұсынысын дұрыс деп
танып, өздерiнiң тарапынан шұғыл шара қолдану керек деп шешiп және жағдайды
өзгертудi сұрап, орталық өкiметке телеграмма жiберуге қаулы қабылдайды.
Қаулының мазмұны төмендегiдей: Қазақстанның кең даласында елi бытыранды,
жерi темiржолдан шалғай болғандықтан, қазiргi хүкiметтiң аштар комитетi
арқылы берген жәрдемi қазақ халқын аштықтан құтқаруға анағұрлым жетпейдi.
Мүмкiн емес. Сондықтан қазақ халқына жәрдем беру шарасы басқаша болуы
керек. Қазақ жиылысының пiкiрi бойынша ол шара: қазақтың мiндеттi
қызметкерлерi билейтiн айрықша жәрдем комитетiн ашу, комитет мүшелерi һәм
тiленген қазақ азаматтары елге шығып, жұртты көмек беруге үндеп, барлық
халықтың осы жұмысқа кiрiстiру, өз еркiмен беретiн жәрдемiн жиюға, яғни
сауындай, астықтай көлiктей һәм басқа түрлерi Жиналған нәрселердi ашыққан
елдерге төтесiнен қырмен жеткiзу. Аш халықты керуен жасап, Қазақстаннан
Түркiстанның тоқ губерния, уездерiне көшiру.
Үстiмiздегi жалпақ ел апатқа ұшырап, күйзелiп жатқан ауыр жылда
еңбекшiл қазақ азаматтары атқа мiнбей тек жатуды әлеумет алдында зор қылмыс
деп бiледi. Сондықтан кiндiк өкiметтен тезiрек рұқсат өтiнедi:
1. Семей губерниясында қазiргi аштар комитетiнен басқа, ашыққан елге
өз тұсынан жәрдем беретiн айрықша қазақ комитетiн жасауға;
2. Ол комитеттiң iс қылатын ауданы Семей, Ақмола һәм ашыққан
губерниялар болуға;
3. Бұл жолда қызмет қылуға тiленген яки қазақ жиылысы керектi деп
тапқан азаматтарды партия һәм совет қызметтерiнен босатуға.24
Мiне, осы шешiмдi ұлт зиялылары басшылыққа алып, жұмыс
жүргiзетiндерiн, рұқсат келiсiмен бұл шараға кiрiсетiндерiн айтып: Тарих
алдында азаматтық борышын мойнынан түсiргендерiн бiлдiрiп, ендiгi жұмыс
кiндiк рұқсатына байлаулы. Кiндiк рұқсат бермесе, тарих алдында бiз жауапты
емеспiз, кiндiктегi азаматтар жауапты - деп ой қорытып, тұжырым жасайды.
Сөйтiп, 10 наурызда бұл телеграмма губерниялық атқару комитетi арқылы
төмендегi мекен-жайларға жiберiлдi:
1. Орынбор, Қазақстан Кiндiк Атқару Комитетiне
2. Қазақстан аштарға жәрдем берушi Кiндiк Комитетiне
3. Мәскеу, Ресейлiк Кiндiк Атқару Комитетiне
4. Руссиялық аштарға жәрдем берушi Кiндiк Комитетiне.
Игi бастаманың жақтаушылар көп кiдiрмей-ақ ел аралауға аттанды. Өрттей
шарпып келе жатқан нәубеттiң зор күшiн аштықтан аман халыққа түсiндiрiп,
олардың бергенiн алып аш ауылдарға жеткiзiп жатты. Осынау сауапты iстiң
басталғанынан құлағдар болғандар жәрдем жинаушыларды күтпей-ақ туыс-
туғанынан азын-аулағын жинап, терiп өздерi әкеп берген жағдайлар да
кездескен. Мәселен, Ақжол газетiнiң 1922 жылғы № 204 санында аталмыш
жылдың 17-ншi маусымында Алма-Ата уезi Қызылбөрiк волысының азаматы Iлияс
Дәулетбеков өзiнiң 7-8 тумаларынан һәм өз жанынан Қазақстан, Башқұртстан
аштарына 25 жылқы және 116 қой, ешкi аралас уақ мал жәрдем еткенi, өзiнiң
тұрған елiне аштардың хал-жайын түсiндiрiп және 13 сиыр, 70 қой және бiр
жылқы аштар пайдасына жиып бергенi, бұл айтылған малды қалаға Алма-Атаға
өзi айдап келiп, бiрнеше күн шөп сатып алып, бағып-қағып, 40 миллионға жуық
ақшасы шығып, уездiк аштарға жәрдем жию комиссиясының қолына тапсырғаны
туралы Шамғали деп қол қойған Шамғали Сарыбаевтың Мiне жомарт! деген
заметкасы жарияланады 25.
Біз жоғарыда айтып кеткен М. Дулатовтың ашаршылықтан аман елді-
мекендерді аралап, жәрдем жию ұсынысы қабыл болысымен, біраз азаматтар ауыл-
ауылға аттанады. Міне, соған орай газеттiң осы санында Қазақ, Башқұрт
Республикаларының аштарына жәрдем жинау үшiн арналған екi жетiлiктен 1-
шiлдеге дейiн түскен дүниелердiң есебi кесте түрiнде берiлген (4-кесте)
26. Онда Жетiсу, Сырдария, Самарқан облыстары мен Ташкент қаласы бойынша
қанша қаражат, астық, ұсақ-iрi мал, мата-киiз жиналғаны туралы цифрлар
келтiрiлген. Бұл берiлiп отырған мағлұмат 1-ншi шiлдеге дейiн келген
телеграммалардан алынған, сондықтан да әлi есептелмеген дүниелер бар екенi
ескертiлген. Барлық түскен дүниенiң жүзден 40 процентi башқұрттар
пайдасына, 60 процентi қазақтар пайдасына деп бөлiнген екен. Кестеден
байқағанымыздай наурыз айының аяғынан 1-шілдеге дейін Сырдария, Жетісу,
Самарқан облыстары мен Ташкент қаласынан біраз уездерінен барлығы 157 415
сом ақшалай, 610 пұт астық, 25 түйе, 308 жылқы, 389 ірі қара, 9231 ұсақ
мал, 30 алабан, 2 қапшық және 3 киіз жиналған. Жиналған заттарға қарап өз
жағдайы да мәз емес халық барын аямаған секілді. Бірі қолында бар малының
біреуін жетектетіп жіберсе, бірі төсеген киізіне дейін берген көрінеді.
Міржақып бастаған топ елге жәрдем жинауға шыққанына қарап өкімет мүлдем
шара қолданбады деп айта алмаймыз.

Бірақ олардың көрсеткен көмегі ашыққан елдің санынан 5-6 есе, кей
уездерде тіпті 10 есе аз еді. Мәселен, Ақжол газетінің 1922 жылғы № 152
санында Орал губерниясындағы аштықтың мөлшері көрсетілген. Онда Орал
уезіндегі ашыққан ересек адамдардың саны 64 071 болса, 59 966 бала аштықтан
бұратылып жатқан. Яғни барлығы 124 034 адам Орал уезінің өзінде аштық
зардабын тартып жатса, жәрдем комиссиясының оларға желтоқсан (1921жылдың)
айында жіберілген сыбағасы 16 000 ғана (5,6-кестелер) 27. Төмендегі
кестелерге қарап, көрсетіліп жатқан көмектердің өзі ашығып жатқан 2
миллионға жуық қазаққа қарлығаштың қанатымен су сепкендей ғана, мың адамға
бір үзім нанды бөліп бергендей ғана болды десек те болады.
М. Дулатовтар бастаған жәрдем жинау шарасы әркезде де нәтижелі,
табысты болды деп те айта алмаймыз. Халықтың барлығы өз ерiктерiмен малын
айдап, қап бидайын арқалап осыным - аштарға жәрдем болсын деп ойлаған
жоқ. Өйткенi бай, жуандардың iшiнде аштықтың не екенiн бiлмейтiн, басқа
бiреу аштан бұратылып жатса да тықшан мұрнын қанатпайтындар да болған.
Бұлай пайымдауымызға М. Дулатовтың аталмыш газеттің № 204 санында жарық
көрген Ашыққан елге жәрдем қайткенде мол жиналады? 28 мақаласы себеп
болды. Онда халықтың аштыққа, қырғынға ұшырап жатқаны айтылып, жазылып
жатқанын, осы апаттан құтылғанша баспасөз атаулылардың ашыққан халықтың
жайын түсiндiрiп басы аман елдердi жәрдемге шақырып, дамылсыз үгiттеуге
мiндеткер екенiн баса айтады. Сонымен қоса, ...ел-елге кiсi шығып газетте
жарияланған жоба бойынша мал жинауға кiрiскелi отыр. Бiрақ осы мал, осы
жәрдем қайткенде ойыдағыдай тез һәм толық жиналады?

Әңгiме осында деп ұлт үшiн ұлық бастаманың нәтижесi үшiн де абыржиды.
Жасалған жоба бойынша жиырма қарадан бiр қара алсақ, сонда жәрдем
жинайтын азаматтар кез-келген ауылдың, кез келген бiр үйiне ат үстiнен
сөйлес қылып, бiздiң мынадай жобамыз бар. Жиырма малының бiреуiн бересiң.
Мына жақта бауырлардың қырылып жатыр дегенге, әлгi кез-келген бiр шеткi үй
iрiкпей-сөкпей бар малын ортаға салып, жиырмадан бiрiн Мә! деп ұстата
бере ме? Жоқ. Желкесiн қасып, жерге қарап, бәз берудiң орнына сөз бере ме?
Бұл айтқанының қайсысы болатыны кiмде-кiмге белгiлi. Мұнымен жұмыс бiтпейдi
екен дедiк те. Не болмаса, болыс, ауылнайларға келiп: Қолымызда пәлен
бұйрық бар. Айда, тез малыңның есебiн бер, тоқтаусыз жәрдемiңдi жина,- деп
құртамыз ба? Сонда болыс, ауылныйлар ап-анық есеп көрсетiп, оп-оңай, түп-
түгiл мал жинап бере қоя ма? Бере қою қолдарынан келе ме? Ал, бұда қиын
екен дедiк те, малы бар ауылдардың үстiнен түсiп, мылтық атып, шаңырағына
қобыз тарттық, қолынан болмаса, жолынан алатын болдық. Сонда мән-жайға
түсiнбеген көршi ауылдар өзге елдер малдарын сай-салаға, тау-тасқа айдай
қашпай ма? Бұ да қиын. Қош, осы айтқанының бәрi де қиын, бәрi де қорқыттың
көрi болды. Ендi қайттық? деп бiр шеше алмас қиындыққа жолыққанын жасыра
алмайды. Өйткені бір дүрбелеңнен кейін бір дүрбелеңді басынан өткізген
қазақ ауылдарының жүрегі шайлығып қалған болатын.
Мұның жолы мынау, - дейді М. Дулатов – Қазақтың жақсысы да атқа мiнгенi,
жаманы да атқа мiнгенi көп шаруа. Көп момын, надан, соқыр дүниеден
хабарсыз. Бұлар мұрнының үстiне, көзiнiң алдында тұрғаннан басқаны, онан
алысты көрмейдi, онан арғыға ойы да, ақылы да жетпейдi. Осы надандығынан,
осы соқырлығынан көрiп те келедi. Азапты шегiп те келедi. Ал атқа
мiнгендер, ел билегендер, жуан атаның тұқымдары, болыстары, билерi,
мырзалары жоғарғы қара бұқараға қарағанда көздерi ашық, көңiлдерi тетiк.
Алыс жағынан, жақсы-жаманнан хабардар, айтқанға түсiнгiш, айтқызбай да
бiлгiш қара халықтың обалына да, сауабына да ортақ осылар. Бұлар түзулiкке
басталса, елге келер пәле жоқ. Бұлар көре бiле өз пайдалары үшiн мал басын
қорғауға кетсе, қашанда болса елдiң сорын сорпадай қайнататын осылар,
қазақтың жақсысы да жаманы да атқа мiнгендер дейтiн себебiмiз осы дей келе
қай заманда да халықтың тағдыры ел бастаған басшы, билердiң қолында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың сол кездердегі баспасөздегі көрінісі жайлы
Ашаршылық жылдарындағы баспасөздер
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
Аштықтың ауыр зардаптары
1922 жылдардағы ашаршылықтың шығу себептері
1921 - 1922 жылдардағы аштық
Ашаршылықтың халық демографиясына салдары
Бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен
Ашаршылық жылдары жазылған хаттар мен құжаттар
Ашаршылықтың демографиялық салдары
Пәндер